Банкілік операциялар


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Банкілік операциялар. КУРСОВАЯ

Жоспар

Кіріспе

1. Несиелік операциялар.

2. Банктердің бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары.

3. Валюталық операциялар.

4. Банкілік шот шарты.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Капитал нарығында банктер делдалдық қызмет атқарады, яғни, бір тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарта отырып оларды қажетсінетін басқа тұлғаларға береді. Алайда банкілік несие қарыз алушылар үшін несие алудың жалғыз ғана түрі емес. Банкілік істің теориясы мен практикасы банкілік несиелік операцияларды екі түрге беледі: ақшалай ссуда және банктің несие беру жолымен клиенттің төлемақысына кепілдік беру міндеттемесі.

Ақшалай ссуданы банк қарыз алушыға уақытша белгілі бір мерзімге береді. Ссуда ақша формасында қайтарылатын болғандықтан мұндай банкілік операциялар ссудалық деп аталады.

Кепілдік операциялар барысында банк қарыз алушыға ақшалай ссуда бермейді тек оның әр түрлі себептерге байланысты өзнің міндеттемесін атқара алмай қалған жағдайда белгілі бір төлемақысып төлеуге міндеттенеді. Мұндай операцияларға авальді және акцепті несиелеу жатады. Акцепті операциялар барысында клиенттің міндеттемесі бойынша клиенттен ақша алған банк ақы төлейді. Авальді операция кезінде борышқор банкрот болып қалған жағдайда ғана банк борышты өтейді.

Банктің қарыз алушыға қарызыңды төлеймін деген шартты уәдесінің өзі соңғыларға үшінші тұлғалардан қарыз алу мүмкіндігін береді. Ол қарызды қайтару банктің клиент алдындағы міндеттемесімен қамтамасыз етіледі. Кепілдік банкілік операцияларға қарағанда ақшалай ссудалардың маңызы зор.

Экономистер несиелік операцияларды несие беруші мен қарыз алушының арасында болатын қарыз алушыға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақша қаражаттарының белгілі бір мөлішерін беру жөніндегі қатынастар, - дейді. Банкілік несиелік операциялар актив және пассив бөлінеді. Пассив операцияларда банк қарыз алушы ретінде болады. Бұл дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың банкке депозитке ақша қаражаттарын салуы, сондай-ақ банктердің банқаралық несие алу жөніндегі операциялары. Актив операцияларда банк қарыз беруші ретінде болады. Мысалы: басқа банктердегі депозиттер, клиенттерге және басқа банктерге берілген ссудалар.

Актив несиелік банкілік операциялардың түрлері банкілік салым шарты, банкілік заем шарты секілді және тағы да басқа әр түрлі азаматтық-құқықтық институттармен көрсетіледі. Несиелік қатынастар банктердің қатысуымен ғана пайда болмайды. Коммерциялық несие товарды өткізу жөніндегі нақты мәмілемен байланысты және сатушы сатып алушының төлем ақы төлеуін кепіліге қалдырғанда немесе сатып алушы сатушыға аванс түрінде төлем жүргізгенде пайда болады. Жоғарыда айтылған жағдайларда заем міндеттемелері сатып алу-сату шартымен, товармен қамтамасыз ету шартымен қамтылады. Ұйым заем шарты ретінде рәсімдеп қайтарымдылық шартымен ақша қаражаттарын басқа ұйымға бере алады. Банк және банкілік қызмет туралы заң банкілік операцияларға салымдарды тарту және несие беруді жатқызады. Банкілік операцияларды іске асыру үшін лицензия алу міндетті.

1. Несиелік операциялар.

Азаматтық заңдар негізі бойынша борышқор төлем төлеу қабілеті жоқ деп танылса, ол несиені қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған жағдайда, сонымен қатар, шартта көрсетілген басқа да жағдайларда несие бермеу мүмкіндігі көзделген.

Несиелік шарт шынайы-нақты болып табылады, яғни, шартқа отыру үшін банктің несие беремін деген келісімі, сондай-ақ қарыз алушыға ақшаны аударуы қажет. Мысалы: заем беру туралы шарт бойынша банк аталған мөлшер шамасында несие беруге міндеттенеді. Ал іс жүзінде қарыз алушыға белгілі бір мөлшердегі сомманы берген сәттен бастап заем шарты жасалды деп саналады.

Несиелік шарттың құқықтық табиғатын зерттеушілердің еңбектерінде несиелік шарт әрі нақты, әрі консенсуальді болады деген пікір де көздеседі. Шарттың нақтылығы заем шартының түрі ретіндегі құқықтық табиғатымен байланысты. Басқа жағынан алғанда, егер, кәсіпкерлік қызмет атқаратын тұлға немесе банк тараптар келіскен мерзімде, мөлшерде және шарттармен несие беруге міндеттенсе шарт консенсуальді болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда несие беруге міндеттенген тұлға шартты орындауға мәжбүр етуі мүмкін. Осы айтылған көзқараста аса маңызды бір жай ескерілмейді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаның несие беремін деген міндетін көздейтін шарт мәні жағынан несиелік шарт деп есептелмейді. Ал заем шартының мазмұны оның консенсуальді шарт екендігін көрсетеді.

Егер алдын ала шартты қарапайым заем шартымен салыстырғанда консенсуальды болып табылатын несиелік шарттың ерекше бір түрі деп тұжырымдайтын болсақ, онда несиелік шарттың тараптарының құқықтары мен міндеттері шартқа отыру сәтінен бастап пайда болады. Іс жүзінде қарыз алушының барлық міндеттері банктен ақша қаражатын алған уақыттан бастап пайда болады.

Тараптар несие беру туралы алдын ала шарттарда осындай несиелік шарттардың барлық жағдайлары жөнінде келісіп алады. Банкілік операциялардың несиелік және басқа да түрлерінің жеке-сенімділік сипаты клиенттің несиені үшінші тұлғаларға кепілге беруі туралы банкке талап қою құқығын аустыра алмауының негізгі себебі болып табылады. Сондықтан практикада несие беру туралы шарттың текстінде клиентке несиені алуды басқа тұлғаға тапсыруды тыйым салатын шарттарды енгізу міндетті деп көрсетеді.

Шетелдік банкілік тәжірибе мен батыс заңдарының несиелеудің өзіндік ресми-құқықтық принциптері бар. Егер тұлғаға немесе кәсіпорынға банкілік несие қажет болса ол үшін ауызша немесе жазбаша формада несие шартын жасау қажет. Несиені алуға арыз бергеннен кейін банк қарыз алушының несие қабілеттігін және төлем қабілеттігін тексереді. Бұл несие шарты мен несиені қамтамасыз ету туралы шартты жасау үшін керек. Несие қабілеттігін тексеру жеке немесе заңды тұлғаның несиені қайтара алады ма және проценттерді уақытында банкке төлеу мүмкіндігі бар ма деген сұрақка жауап береді. Басқаша сөзбен айтқанда жоспарланып отырған несиелік шарттан максимальды табыс алуға бола ма?

Кәсіпорын тапсырған көптеген құжаттарды талдау оның төлем қабілеттігі туралы және осы несиелік мәміле банк үшін тиімді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Төлем қабілеттігін тексеріп болғаннан кейін банк несиелеуге келісім береді. Онда төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:

- несиенің түрі, мөлшері және мерзімі;

- несиені қамтамасыз ету;

- несиені тапсыру формасы;

- проценттердің және басқа да комиссиялық шығындардың мөлшері.

Несиені қамтамасыз етудің банктің несиелік операцияларында маңызы зор. Себебі ол банктің табысын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге қарыз алушының несиені қамтамасыз етуі банкілік активтердің сақталуының кепілі үшін қажет. Практикада несиелік қамтамасыз етудің манызды түрлеріне кепіл, кепідік құнды кағаздарды кепілдігі және тағы басқалар жатады.

Несиелік шарттың тараптары, мазмұны және формасы. Заңды және жеке тұлғаларды нарықтық экономика кезінде банктің несиелеуін ұйымдастырудың ерекшелігі - әрбір несиелік мәміленің шарттық сипаты болып табылады. Банк пен қарыз алушының арасында жасалған несие шарты несиелік мәміленің құқықтық және экономикалық жағдайларын анықтайды.

Несиелік шарт осы шарттағы барлық тармақтардың орындалуы тараптар үшін міндетті болып табылатын құқықтық құжат.

Несиелік шарт бойынша банк немесе басқа несиелік ұйым (несие беруші) қарыз алушыға шартпен көзделген мөлшерде және мерзімде ақша қаражатын беруге міндеттенсе, қарыз алушы алған ақша соммасын уақытында қайтарып, тиісті процентін төлеуге міндеттенеді.

Несиелік шарт құқықтық құжат ретінде осы несиелік шарт бойынша тараптардың арасында туындайтын сұрақтардың барлығын реттейді. Несиелік шартта тараптардың атауы, шарттың күшінің мерзімі, несиелік мәміленің пәні мен жағдайлары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, міндеттемелерді орындаудың құқықтық кепілдіктері бекітіледі. Соңғы аталғандарға мыналар жатады: қарыз алушының құқықтық формасы, несиені қайтаруды қамтамасыз етудің әдістері, міндеттемелерін бұзған жағдайда тараптарға қолданатын санкциялар, несиелік шартты бұзуға әкеліп соғатын жағдайлар.

Қарыз алушының құқықтық формасы, біріншіден, оның әрекет қабілеттілігін растау үшін, екіншіден, қызмет нәтижесі үшін жауап беретін тұлғаларды анықтау үшін маңызды. Бұл ереже әсіресе банктің клиентін банкрот деп жариялағанда актуальді.

Қарыз алушының міндеттемелерін шарттың жағдайларын сақтау үшін клиенттің несиені мақсатына сай пайдалануды қамтамасыз ету міндеті, несиені уақытында және толығымен өтеу міндеті, банкілік бақылауды іске асыруға қажетті құжаттарды тапсыру секілді алғышарттардың болуы да растайды.

Несиелік шарт жазбаша формада жасалады. Оған осындай шарт жасауға өкілдігі бар тұлғалар қол қояды. Қол қоюшы тұлғаның өкілдігі тиінсінше сенім хатпен куәландырылуы керек. Жазбаша формасы сақталмай жасалған шарт заңсыз деп танылады.

Құқықтық тұрғыдан алғанда несиелік шарттың бірқатар ерекшеліктері бар. Өзінің құқықтық табиғаты жағынан несиелік шарт тараптардың ойлары мен сол ойларды орындауды біріктіреді. Ой жөнінде айтар болсақ несиелік шартта банк белгілі бір шарттармен несие беретіндігін, қарыз алушы оны белгіленген уақыт мерзімі аяқталған соң қайтаруға дайындығын білдіреді. Ойларын іске асыру банктің несие беруімен және қарыз алушының оны уақытында процентімен қайтаруын көздейді. Қарыз алушының несиені қайтару жөніндегі нақты міндеті несиені алғаннан кейін ғана пайда болады. Ал шартқа қол қою ақша алғанға дейін жүзеге асырылатындығы белгілі.

Егер шартқа қол қою мен несиені алу арасында уақыт кезеңінде несиені қайтарып алудың мүмкіндігінің жоқтығын растайтын мән-жайлар анықталса, егер мұндай жағдай шартпен көзделген болса, банк шарттың күшін жоюға құқылы.

Несиелік шарттың келесі ерекшелігі банктің несиелік операцияларының жеке сенімділік сипатта болуынан туындайды. Клиенттің несие сұрап берген өтінішіне келісім беру қарыз сұраушының несие қабілеттілігілі тексеруге негізделеді. Сондықтан клиент өзіне қатысты несиені алуды басқа тұлғаға тапсыра алмайды. Атаулы принциптік ереже банкілік заңдармен көзделмегендіктен ол несиелік шарттарда бекітілуі қажет.

Несиелік шарттың ерекшеліктерінің бірі - формальді түрде тараптар құқықтық жағынан тең болғанымен іс жүзінде тараптардың бірінің басымдылығын мойындау. Бұл жеке тармақтар бойынша банктің клиентке экономикалық жағынан негізделмеген өзінің шарттарын ұсынуынан көрінеді. Әңгіме банкті тәуекелден қорғайтын жайлар туралы емес, банкке белгілі бір пайда әкелетін жайлар туралы болып отыр. Банк несиелік мәміленің экономикалық шарттарын дифференциациялау жолымен несиелік тәуекелден сақтау механизмін қамтамасыз етеді. Тәуекелден сақтаудың неғұрлым кең тараған әдістеріне: несие үшін жоғарылатылған төлемақы бекіту, несиені қайтару үшін кепілдіктерді қолдану, қарыз алушының және кепілге салынған мүліктің қаржылық жағдайын бақылауды ұйымдастыру жатады.

Мазмұны мен формасы жағынан кез келген несиелік шарт төмендегі негізгі төрт принцике негізделеді: мықты құқықтық негіз, мемле жасаудың еріктілігі, тараптардың біріне-бірі деген мүдделілігі, мәміленің шарттарының келісілуі.

Несиелік мәміленің құқықтық негізін банкілік қызмет саласына жататын заңдар мен басқа да құқықтық және жалпы шаруашылық маңызы бар нормативті актілер құрайды.

Өкінішке орай, қазіргі кезде аталған құқықтық негіз заң актілерінің саны жағынан да, олардың сапасы жағынан да толық жетілмеген. Шаруашылық, қаржылық және банкілік құқықтарының көптеген нормаларының жетілдірілмеуі, банктер мен олардың клиенттерінің сот органдарымен арақатынасындағы тәжірибенің, заң кадрлары мен қызметкерлерінің жеткіліксіздігі оған дәлел.

Несиелік шарт жасаудың еріктілігі клиенттің несиені қай банктен сұрау еркіндігін ал, банктің сол клиентпен несиелік шартқа отыру мүмкінідігі туралы сұрақты шешуін білдіреді. Тараптардың екеуі де шарттық қатынастарға ерікті түрде түседі.

Тараптардың бір-біріне мүдделі болуы несиелік мәміленің шарттарын келісудің мүмкіндін білдіреді. Тараптардың әр қайсысы өзінің мүддесін қанағаттандыратындай тиімді вариантты табуға тырысады.

Несиелік шарттың мазмұнын қалыптастыру барысында негізгі және қосыміна мән-жайларды ескеру қажет.

Негізгі мән-жайларға несиелік шартты жасау мүмкіндігін анықтайтын мән - жайлар жатады. Олар: тараптардың атауы, шарт мерзім, шарттың пәні мен мөлшері, несиені беру және өтеу тертібі, несиені пайдаланғаны үшін төленетін ақы деңгейі, несиені қайтаруды қамтамасыз етудің әдістері, тараптардың жауапкершілігі.

Банк атқаратын міндеттер қатарына: шартпен көзделген мөлшерде, түрде және белгіленген мерзімде несие беру жатады. Осы міндетін орындамаған жағдайда банктен клиенттің пайдасына айыппұл өндіріліп алынады. Сонымен бірге, қарыз алушының несиені қайтарып бере алмайтындығы туралы мән-жайлар анықталса, банктің несие беруден толығымен немесе ішінара бас тарту құқығы да шартта бекітілуі мүмкін.

Клиенттің құқықтарының шеңбері кең. Олар несиені мақсатты пайдалануды, сондай-ақ, несие мен тиісті проценттерді уақытында және толығымен қайтаруды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан клиентінің міндеттері несиелеудің принциптерін, ережелерін және шарттарын орындаумен тікелей байланысты. Клиенттің міндеттерін былайша топтауға болады: а) жалпы сипаттағы; б) қаржылық жағдайдың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге жататын; в) банкке тапсырылатын есепке қатысты міндеттер.

Жалпы сипаттағы міндеттер клиенттің несиені мақсатты пайдалануын; негізгі қарызын уақытында қайтару және несиені толығымен пайдаланбаған жағдайда банкке хабарлап отыру; клиентке берілген несиеге қатысты цессия қолданбау; банкті ескертпей өзінің құқықтық формасын өзгертпеуді қамтиды.

Клиенттің қаржылық жағдайдың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қатысты міндеттері несие қабілеттігінің белгілі бір нормативтерін сақтауды білдіретін тармақтарда көрсетілуі мүмкін. Мысалы: өтеу коэфиценті, өзіндік айналымдық қаражаттармен қамтамасыз ету коэфиценті. Аталған коэфиценттердің нормативтерінің деңгейі клиенттің халық шаруашылығының белгілі бір саласына қатыстылығымен, осы көрсетіштердің жағдайымен, саланың және кәсіпорынның даму перспективасымен шартталады.

Клиенттің банкке тапсыратын есебінің жағдайына қатысты міндеттері банктің несиені қайтаруға бақылау жүргізуді ұйымдастыру формалары мен есептің жай-күйіне байланысты.

Клиенттің есеп жүргізу деңгейінің банк үшін маңызы зор. Сол себепті, қарыз алушының берген есебіне қатысты күдік туған жағдайда банк оны аудиторлық тексеру жүргізуге және тексерудің нәтижесін өзіне тапсыруға міндеттей алады.

Банкке тапсырылатын есептің құрамына: баланстар, балансқа косымша құжаттар, несие қабілеттілік көрсеткіштерін және ақша ағымын талдап, есептеу үшін қажетті мәліметтер, баланстың жеке баптарының түсініктемесі, кепілге салынған мүліктің құрылымы мен құны туралы мәліметтер және т. б кіреді.

Тараптардың жауапкерішілігі деп аталатын алтыншы бөлімде тараптардың шарт ережелерін бұзу жағдайлар және тиісінше қолданылатын санкциялар бекітіледі. Бұл бөлімде тараптардың міндеттерін белгілейтін тармақтарға сілтеме болуы керек және тараптар шартты бұзған жағдайларда қолданылатын санкциялар анықталуы қажет.

Шарттың қосымша мән-жайлары бөлімінде қажет болған жағдайда алғашқы бөлімдерде көзделмеген шарттар белгіленуі мүмкін. Олар: мөлшері мен мерзімін көрсете отырып міндетін жедел депозит құру; несиелеудің алғашқы бекітілген шегін немесе несиелеу линиясын өзгерту тәртібі; несиелік шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі және т. б.

Сегізінші бөлімде дауларды шешу тәртібі көзделген және ол тараптардың өзара претензияларын қарау уақытын белгілей отырып дауды келіссөздер арқылы шешуді және келіссөздер нәтижесінде өзара тиімді келісімге келмеген жағдайда сотқа жүгінуді қамтиды.

Несиелік шарттың тоғызыншы бөлімі шарттың заңды күшінің мерзімін, яғни, басталуы мен аяқталуын бекітеді.

Соңғы, оныншы бөлім тараптардың құқықтық мекен-жайлары: почталық адресі, есептік немесе қорреспондеттік шоттары, телефоны, факсы жазылып, өкілдігі бар тұлғалар қол қойып, мөр басылады.

Жоғарыда келтірілген шарт жобасы ғана. Ол берілетін несиенің, мөлшеріне, түріне және мерзіміне қарай, клиент пен банктің несиелік қатынастарының тұрақтылығына, оның осы банкте есептік шотының болуына, банктің клиент туралы ақпаратының жеткіліктілігіне, оның қаржылық жағдайына байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін.

2. Банктердің бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары.

Бағалы қағаздар рыногындағы банкілік операциялардың түрлері.

Бағалы кағаздар рыногында банктер бағалы кағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы қағаз дегенімз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.

Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес “бағалы кағаз” ұғымы бәрінен бұрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, бағалы кағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтық қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы кағаздар тапсыруды және тиісті құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың мақсимальді деңгеіндегі мүліктік құқықтардың айналымын қамтамасыз ететін құқықтық механизмінің қажеттілгі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену, пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық ресурстардың ролін атқарады.

Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке зат ретінде - бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне өз бетінше мешік объектісі бола алатың сатуға, сатып алуға, кепілге беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік; жылжыымайтын мүлікке - акция, ипотекалық куәлік; өнімге - коносамент, фьючерлі контракт, товарлық опцион; ақшаға - облигациялар.

Бағалы қағаз - ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы кағазды иеленушіге беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын немесе ақшасын сол бағалы кағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда ғана бағалы кағазға ауыстырады.

Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз - өзінің ерекше рыногында -бағалы кағаздар рыногында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та, ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни физикалық товар немесе қызмет болып табылмайды.

Бағалы қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге етуі кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады.

Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер болсақ, төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз -мүліктік объекитіге қатысты, материалдық та, материалдық емес те тәсілдермен расталуы мүмкін, сонымен қатар, азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі ретінде бола алатын құқық.

Заңмен бағалы қағаздардың мынадай түрлері бекітілген:

1. Акциялар.

2. Облигациялар.

3. Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзіретіне ие болатын құжаттардың басқа да түрлері.

4. Құнды қағаздар.

5. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы аумағында өкілді орган бекіткен тәртіпте айналымға жіберілген, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары.

6. Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен танылған басқа да түрлері.

Бірақ бағалы қағаздарды осылайша бөлу жалпы сипатка ие, себебі, біздің мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары ретінде қаралатындарын ғана калдыра отырып, төлам құжаттарын (чеқ вексель, банкілік сертификаттар және т. б. ) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады.

Корпоративті бағалы қағаздар - мемлекеттік емес заңды тұлғалар шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар) .

Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық.

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз -иесіне акционерлік қоғамның табысының бір бөлігілі дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның мүліктерінің бір бөлгін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы бағалы қағазға тән белгісі - оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-мамырда шыққан “Шаруашылық серіктестіктері туралы” заң күші бар Жарлығы акциялардың екі түрін жей және басымдылығы бар акцияларды шығару мүмкіндітін бекіткен.

Дүние жүзілік практикада туынды бағалы қағаздардың мынадай түрлері белгілі:

1) . Опцион.

2. Фьючерс.

3. Варрант.

4. Депозиттік қолхаттар және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударым берушінің банкісінің делдал банкке тапсырыс беруі
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
Казкоммерцбанктегі жүргізілетін қызметтер
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Банк құқығы
АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz