Жеке тұлғаның құқықтары және оларды қорғау механизмдері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМДЕРІ

1. 1 Халықаралық құқықтағы жеке тұлғалар құқықтарының халықаралық стандарттары . . . 5

1. 2 Жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері . . . 9

2 ТАРАУ. ӘЛЕМДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Еуропа мемлекеттеріндегі жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы . . . 20

2. 2 Мұсылман мемлекеттерінің құқықтық жағдайы . . . 35

2. 3 Латын Америка және Африка елдеріндегі құқықтық жағдай . . . 46

3ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМДЕРІ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы . . . 53

3. 2 Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау механиздері . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

БИБЛИОГРАФИЯ . . . 77

ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМДЕРІ . . . 78

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі қазіргі кезде орын алып жүрген жеке тұлғаның, яғни адамның құқықтары мен бостандықтарының құқықбұзушылығын көрсетіп, оның болдырмаудағы институттардың рөлінде жатыр.

Жеке тұлға құқығы өзінің әлеуметтік, ұлттық және азаматтық құрамына қарамастан көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі конституцияларының ірге тасын қалады, яғни бекітіліп, кепілдік алып, мемлекет тарапынан қорғалатын жағдайларға ие болды. Мемлекеттердің басым көпшілігінің адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауы қазіргі қоғамдық қозғалыс (социоцентристіктен антроцентристікке) бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Жеке тұлға құқығы қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің бел ортасында тұр, кез келген жаһандық мәселе адам құқығы нысанында болады немесе адам құқығы оның мақсаты және әрекет ету объектісіне айналады. Адам құқығы мен бостандықтары әлеуметтік тәжірибе мен саяси ойлаудағы көзқарастар мен бағыттардың маңызды басымдылығының бірі болып табылуы қажет.

Осылайша, зерттеудің тақырыбын таңдауды келесі себептермен түсіндіруге болады:

Біріншіден, жеке тұлғаның құқықтары қазіргі уақытта халықаралық стандарттарға сай қорғалмайды;

Екіншіден, қазіргі таңда көп адамдар өз құқықтарын білмейтіндіктен, құқықбұзушылыққа тап болады;

Үшіншіден, әлемдегі басқа елдердің құқықтық жағдайын біліп, талдауы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - әлем елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қорғау механизмдерін зерттеу.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді атқару қажет:

  • Жеке тұлға ұғымын ашу;
  • Жеке тұлғаның халықаралық құқықтағы алатын орнын көрсету;
  • Еуропа елдеріндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайын бағалау;
  • Мұсылман елдерінің жеке тұлға рөлін анықтау;
  • Латын Америка және Африка елдеріндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайын танып білу;
  • Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларға қарсы құқық бұзушылықты көрсетіп, қорғау механизмдерін зерттеу.

Қазіргі әлемдік қауымдастықтың дамуы адам құқығы мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек екендігін анықтап отыр. Жеке тұлға құқығы мен бостандығының заңдылық тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т. б. жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шарттары болып табылады. Жеке тұлға құқығы, оның қамтамасыз етілуі - әлемдік тұрақты даму стратегиясының маңызды факторы болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемелекет дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.

Жеке тұлға институтының қоғамда пайда болуы мен қалыптасуын ғылыми зерттеу дәрежесін отнадық және шетел ғалымдарының еңбектерінен көруге болады. Бұл мәселеге Қазақстанда ТА. Ағдарбеков, М. Т. Баймаханов, С. С. Қ. Амандықова, Башимов, С. З. Зиманов, С. Өзбекұлы, З. Ж. Кенжалиев, А. К. Мұхтарова, Ғ. С. Сапаргалиев, С. Н. Сәбiкенов, Н. А. Шайкенов, С. А. Табанов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған қайнар көздер тізімдерінен тұрады.

1 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМДЕРІ

1. 1 Халықаралық құқықтағы жеке тұлға құқықтарының халықаралық стандарттары

Жеке тұлға ұғымын қарастырар алдында алғаш рет Рим құқығында пайда болған «тұлға» терминін талдап көрейік. Тұлға деп Рим құқығында жеке адамдар мен топтар, басқаша айтқанда заңды тұлғалар танылды. Техникалық термин «тұлға» яғни persona (лат тілінен аударғанда-маска) құқық қабілеттілікті ерекшелендіру кезінде қолданылатын абсрактілі термин. Тұлға және меншік-азаматтық құқықтағы белсенді және бәсең бастаулар. Шынымен, сонау Рим заңгерлері біз қолданып жүрген барлық құқықтар тұлғаға қатысты не болмаса меншікке қатысты пайда болады деп айтқан. Рим құқығы тұлғаны үздіксіз үш мәртебемен байланыстыра отырып; status liberitas, яғни адам еркін (құл емес) болуы, status civitatis, яғни ол азаматтық мәртебеге ие болуы, status familiae, басқа тұлғаның билігіне бағынбауы деген үш мәртебеге сәйкес тұлғаның құқықтық жағдайын анықтаған.

Қазіргі азаматтық құқық адам құқықтарының теңдігін негізге ала отырып, мұндай айырымдарды білмейді бірақ тұлғаның азаматтығына, жасына, отбасылық жағдайына қарап ерекшелейді.

Г. Ф. Шершеневич былай жазған «Жеке тұлға-бұл адаммен сәйкес келетін құқық субьектісі . . . ». Сонымен қатар Савиньи құқық субъектісі ретінде еркіндік қабілеті бар тұлғаларды және субъективті құқық- бұл индивидтің еріктілігінен- туындайтын ұғым. Гельдер бұл тұжырымды құқық субьектісі ретінде әрекет қабілетті адамдарды тану керек деп анығырақ толықтырған.

Рим құқығында да, феодализм кезіндегі цивилистикалық доктриналарда да, «құқық субъектісі» және «тұлға» терминдері сәйкес келмеген, себебі құлдар құқық субъектілігіне ие болмаған және jus civile құқығының да, jus gentium құқығының да субъектісі болып саналмады, ол жай ғана меншік ретінде қарастырылды.

Д. Н. Бахрах осы тақырыпты терең зерттей отырып субъектілерді дифференциациялау керек деп ұсынды. Оларды КСРО-ның азаматтары, шетелдіктер және апатридтер деп бөлу керек деді. Сонымен қатар, құқық салаларының айырмашылығын олардың субъектілерінен де көру керек дейді.

Құқық субъектісі ретінде абсрактілі, жалпы барлық құқық салаларына тиесілі, саласына қарай құқықтар мен міндеттерге ие тұлғаны (жеке немесе заңды тұлғаны) түсіну керек. Қазіргі шарттарда құқық субъектісі және тұлға ұғымдарын бөлек қарастыру мүмкін емес. Чезаре Санфиллино «объективті құқықтардың адресаты болатын екінші жақтан құқық субъектіліктің иегері болатын субъектінің заңи атауы «тұлға»» деп айтады.

Атақты француз цивилисті Жюллио де ла Мораньдер «Тұлғалар бұл құқықтың субъектілері; белсенді субъектілер, егер олар құқықтардың иемденушілері болса, мысалға кредитор. Бәсең субъектілер, егер құқық оларға қатысты жүзеге асырылып отырса. Құқық субъектісі болып азаматтық құқықтық қатынастарға түсуге азаматтық жағдайы және қабілеті бар адамдар табылады. »

Азаматтық құқықтың субъектілік мәселесін зерттей отырып М. К. Сулейменов «құқық объективті түрде азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын анықтайтын нормалардың жиынтығы» бірақ құқық ұғымымен «құқық субъектілік», тұлғаның құқық субъектісі бола алу қабілеті ретінде, «құқық қабілеттік», «әрекет қабілеттілік» терминдері субъективті түрде байланысты.

Құқық субъективті түрде - құқықтық қатынастардың элементі. Құқықтық қатынас болмаса құқық та болмайды. «Құқық субъектісі» және «құқықтық қатынастар субъектісі» ұғымның арасындағы айырмашылық даулы мәселе. «Құқық субъектісі» ұғымы «құқықтық қатынастар субъектісінен» әлдеқайда кеңірек. Мысалы, жаңа туған бала құқық қабілетті тұлға деп есептеледі, бірақ құқықтық қатынастардың субъектісі бола алмайды, себебі ол құқықтық қатынастарға түсіп отырған жоқ. Құқықтық қатынастардың қатысушысы болу қабілеті - бұл құқықтармен міндеттерді жүзеге асыра алу қабілеті. Бұл қабілет тұлғаның азаматтық жағдайына байланысты, ол бір елдің азаматы болып табылады ма, әлде шетелдік пе, ол кәмелеттік жасқа толды ма, толмады ма, оның отбасы жағдайы қандай деген мәселелерге байланысты.

Р. О. Халфинаның ойы бойынша «құқықтық қатынастардың қатысушы» құқық субъектісі ұғымынан тар. Бұл екі ұғым, әр түрлі құқықтық мағыналары бар бөлек терминдер. «Жеке тұлға» - заңды тұлғаға (қоғамдық құрылыс) қарағанда, құқық субъектісінің индивидуалдылығын айқындайтын арнайы термин. Мәні бойынша заңда қолданатын «жеке тұлға», «адам», «индивид» атауларының мағынасы бір. Индивид - бұл өзгеше психофизикалық ерекшеліктерге ие адам. Жеке тұлғалар қатынастарға - тұлға, адам және қоғам ретінде түседі. Жеке тұлғалар және олар құрған қоғам, белгілі бір құқықтық қатынастың қатысушысы болуына жол беретін әртүрлі құқықтық мәртебеге ие болады.

Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын, олардың нақты бір мемлекеттегі құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін сол мемлекеттің ұлттық заңнамасы қолданылады. Мысалы, халықаралық жеке құқықта шетелдік азаматтарының азаматтық-құқықтық жағдайына, сонымен қатар азаматтығы жоқ және босқындарға басты назар аударылады.

Жеке тұлға құқығы мен бостандығының заңдылық тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т. б. жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шарттары болып табылады. Жеке тұлға құқығы, оның қамтамасыз етілуі - әлемдік тұрақты даму стратегиясының маңызды факторы болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемелекет дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.

Әлемдік көлемде таралып жатқан саяси процесстер («әлемдік социалистік жүйенің» құлдырауы, ядролық соғыс қаупі, жаңа әлемдік тәртіптің орнауы, жаһандану) әлемдік саясаттың жаһандық сипатын, оның жекелеген адам тағдырына, өміріне, құқығы мен бостандығына әсерінің зор екенін көрсетіп отыр. Әлемдік жаңа саяси нақты жағдайларға сәйкес адам құқығы мен бостандығын барынша толығырақ жүзеге асыру мәселесі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Күштеу мен наша сату, халықаралық терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар және т. б. қауіптер жекелеген адамның саяси мәртебесіне нұқсан келтіру жағдайларына орын берді, яғни әлемдік саясат көлемінде адам құқығына қатысты немқұрайлы қатынастарға жиі жол берілді.

Жеке тұлға құқығын қамтамасыз ету құралдары ретінде практикада қолданысқа түскен әр түрлі жолдар, суверенитетті шектеу және «гуманитарлық интервенция» әлемдік қауымдастық тарапынан біркелкі бағаланбады және белгілі бір дағдарыстық ахуал тудырды (әсіресе Косово мен Ирактағы оқиғаларға қатысты) . Жеке тұлға құқығы - әлемдік қауымдастықта немесе белгілі бір мемлекет ішіндегі саяси және әлеуметтік - экономикалық процесстер нәтижесінде пайда болған өзінің ішкі қайшылықтары бар, оны әлі де жетілдіруді талап ететін, ашық жүйе. Жеке тұлға құқығы жүйесіндегі аталмыш қайшылықтарды шешу, әлемдік жаһандану мен халықаралық-саяси қарама-қайшылықтар жағдайында адам құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету маңызды ғылыми талдауды қажет етеді.

Өкінішке орай, жеке азаматтарға қатысты алғанда адам құқығы мен бостандықтарының бұзылуының көпшілігі барлық құрылықтарда мемлекеттарапынан болып отыр (азаматтық, сөз және өз пікірін білдіру бостандығы, ұйымға бірігу бостандығы, жеке басқа қол сұғылмаушылық құқығы т. б. ), соның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар, қоғамдағы әртүрлі экономикалық және саяси күштердің күресі. Адам болмысындағы көптеген маңызды сұрақтардың шешімін таппауы, тұтастай алғанда мемлекеттердің әлеуметтік, саяси және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды бұзуы мен аяқ асты етуі - қазіргі кезеңнің нақты көрінісі міне осындай.

Қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыстар мен ағымдардың пайда болуы адам құқықтары мен бостандықтарының үздіксіз дамуына, адам құқықтары мен бостандықтарының мазмұнын кеңейтуге ықпал етеді. Ғылыми - техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған мәселелер, соның ішінде биология мен генетика, жаһандық ақпараттану, экология және биоресурстар жекелеген адамның мүддесін білдіретін саяси шешімдер қабылдауды талап етеді. Адам құқықтары мен бостандықтар аясының, мазмұнының, жүзеге асырылу мүмкіндіктерінің кеңеюі осы бағыттағы мемлекеттік сяасаттың жүзеге асырылуын қажет етеді. Сондықтан адам құқығы көзқарастары, әлемдік саясаттың және халықаралық әрекеттер мен әлемдегі көптеген мемлекеттердің сыртқы саясатының басты бір реттеуші күші бола отыра әлемдегі құқықтық, саяси, адамгершілік және әлеуметтік жаңа көзқарасын қалыптастыруды талап етеді. Адам құқығы мен бостандығы мәселесі аталмыш саладағы ахуалдардың шиеленісуіне байланысты ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде әлеуметтік практиканың барлығында ерекше маңызға ие болады.

Жеке тұлға құқығы мен бостандығы көпқырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан-жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Әр түрлі әлемдік көзқарастарға, әдістемелік тәсілдер мен саяси ұстанымдарға негізделген адам құқығы мен бостандығын елестету қоғамдағы адам құқығы туралы ұғымдар нысандарының жиынтығын береді. Адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.

Қазіргі кезеңдегі зерттеушілердің басым көпшілігі адам құқықтары мен бостандықтарын тек қана адамның мемлекетпен қатынасы деп пайымдайды. Бұл аталмыш құқықтардың тігінен әрекет етуі деп аталады. Адам құқығының адамдар арасындағы қатынасқа қатысты әдістемесі мен терминологиясын (бұл құқықтардың көлденең әрекет етуі деп аталады) практикада қолдану өз нәтижесін бермеді. Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз дейді М. Новицкий. Жалпы алғанда, құқықтар мен бостандықтарға қатысты жағдайлардың барлығы адамның үкіметпен тығыз байланысы негізінде іске асырылады, және бұл аталмыш қатынастардың үш түрлі жолдарының пайда болуына әсерін тигізді. Қоғамдық қатынастардың қалыптасуы адамның үкіметпен қатынасының қандай жолды таңдап алуына байланысты болады. Бірінші тәсілге сәйкес алғашқы үкімет адамдарға белгілі бір құқықтарды береді. Екінші тәсіл үкімет пен халық арасындағы қоғамдық келісім (шын мәнінде конституция нысанындағы) сипатында іске асырылады. Үшінші тәсілге сәйкес табиғи және ажыратылмайтын құқықтарға ие болған адамдар мемлекетті құру мен билікті қалыптастыру мәселесін шешеді, яғни адамдар өмірін жақсартуды негізгі міндет етіп қояды. Үшінші тәсіл өкіметтің тек қана заңмен рұқсат етілген әрекеттерді ғана іске асыруын, ал адамдардың заңмен тиым салынбаған әрекеттің барлығын жасай алуын қарастырады. Жеке тұлға құқығы көзқарасының мәні де осында.

Құқықтар мен бостандықтардың қазіргі көзқарастары адам құқықтарының қорғалуының әр түрлі аясында мемлекетте міндетті заңдылық нормаларды қалыптастыруда жалпы танылған халықаралық актілерде нақты бейнеленеді. Бұл халықаралық-құқықтық актілер әртүрлі мәдени және тарихи жағдайларды мойындаған мемлекеттің адам құқығын қорғаудың ең төменгі деңгейдегі үлгісін құрайды. Белгілі бір деңгейде анықталған адам құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы - бұл әртүрлі елдерде өзіндік нәтижеге ие болған саяси күрестердің жемісі. Құқықтар мен бостандықтардың құрамы қоғамның әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени даму деңгейіне, саяси тәртіпке, қоғамдық - саяси күштердің орналасуына сәйкес толықтырылып отырады. Әлемдік қауымдастықтың (БҰҰ, Еуропа Кеңесі басқа да аймақтық жүйелер аясында) адам құқығының жекелеген елдерде әлемдік стандартын құрастыруы сол елдің өзіне тән адам құқығына қатысты көзқарасының қалыптасуына, саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдайының, мәдениетінің, дәстүрінің даму деңгейін көрсететін өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының құрамын кеңейтуге ықпалын тигізеді. Егер мысалы, еуропалық мәдениетте көптеген жағдайда жеке тұлғаға артықшылықпен қарайтын либералдық үлгі орын алған болса, ал шығыстық мәдениетте адам құқығы толықтай қоғам мен мемлекеттің мүддесіне бағындырылған. Сондықтан, әлеуметтік практикада адам құқығы кез келген қоғамдық жүйеге жұмыс істейтін және біркелкі болуы тиіс емес. Жеке тұлға құқығына қатысты жаңа қоғамдық құбылыстардың пайда болуы, адам құқығы туралы ағымдардың өзіндік талқылануы, «адам құқығы» ұғымы көлемінің ұлғаюы адам құқығы туралы ой-пікірлерге өзгерістер енгізуді ғана емес, сонымен бірге оның ары қарай ғылыми зерттелуін де қажет екендігін көрсетіп отыр.

1. 2 Жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

Қазіргі кездегі жеке тұлға құқығын қорғаудың халықаралық жүйесі үш деңгейден тұрады: халықаралық, аймақтық және ұлттық. Жеке тұлға құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері Біріккен Ұлттар Ұйымымен, БҰҰ Жарғысымен және адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен астасып жатыр. Соңғысы саяси беделінің жоғарлығы сонда, оның қағидалары әлемдегі көптеген елдердің конституцияларына енгізіліп, адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастыруға, халықаралық саясат пен халықаралық қатынастардың дамуына маңызды әсер етті. Халықаралық құқық және сонымен бірге саясаттың дамуы ауқымды саяси ынтымақтастыққа талпынуға жол ашып отыр. БҰҰ халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін ғана емес, сонымен бірге оның механизмдерін, халықаралық құқықтық актілердің заңдылық күшіне енудегі қажетті органдардың жүйесін де құрып берді. Әлемдік өзгерістерге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігі туындады, яғни БҰҰ адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық саясат пен мемлекетаралық ынтымақтастықта басты бағыттаушы орталық болып табылуы тиіс.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам құқығы саласында халықаралық ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) негізін қалады. 1945 жылы 26 маусымда әлемдік 50 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Жарғысын қабылдау үшін Сан - Францискоға жиналды. БҰҰ-ң Жарғысы - аталмыш халықаралық ұйымның құрылу тәртібі мен әрекет етуін реттейтін, мемлекеттердің адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негізін қалайтын маңызды құжат. БҰҰ-ның мақсаты Жарғының 1 бабында анықталған, ол - адам құқығы мен баршаға ортақ негізгі бостандықтарды сыйлауды дамыту және мадақтауда мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. БҰҰ-ң орталығы Америка Құрама Штатының Вашингтон қаласында орналасқан. Бұл қалаға барлық БҰҰ-ға мүше елдерінің өкілдері БҰҰ Бас Ассамлеясына қатысу үшін жыл сайын жиналады.

Жарғының 55- бабында БҰҰ -ға мүше мемлекеттердің «нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды жалпы сақтау мен сыйлау барлығына ортақ» халықаралық құқықтық міндеттері анықталған, яғни БҰҰ-ның Жарғысы нәсіл, жыныс, тіл, дін тәрізді қаналуға жатпайтын төрт қағидаға басты мән бере отырып баршаның тең құқылығын орнатады. [1] 1-ші және 55-ші баптарда көрсетілген жағдайлар адам құқығы саласындағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің құқықтық негізін құрайды және бұл ынтымақтастықтың бағытын анықтайды. Жарғы БҰҰ мүшелеріне адам құқығы саласы бойынша міндеттемелерді жүктейді. Сол себепті БҰҰ Жарғысы адам құқығы мен бостандығы саласында тәуелсіз мемлекеттер мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтудың негізгі саяси және заңдылық іргетасы болды.

Жеке тұлға құқығы саласындағы халықаралық ынтмақтастық төмендегідей бағыттарды белгілейді:

  • адам құқығы саласы бойынша халықаралық құқықтық актілерді құрастырып, қабылдау;
  • мемлекеттердің ішкі заңдылықтарын қабылданған құжаттарғасәйкестендіру;
  • анықталған міндеттемелерді нәтижелі түрде жүзеге асыру мақсатында мемлекеттердің ынтымақтастығы;
  • міндеттемелердің орындалуын халықаралық бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асырудағы мемлекеттердің ынтымақтастығы (адам құқығы бойынша қабылданған келісімдерді жүзеге асыруда арнайы халықаралық органдардың құрылуына ықпал ету) .

Адам құқығына қатысты БҰҰ Жарғысының шарттары кейінірек әртүрлі халықаралық құжаттармен нақтыланып, дами түсті. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ аясында көптеген халықаралық құжаттар қабылданды, соның ішінде адам құқығын қорғаудың әр саласы бойынша мемлекеттердің әрекет етудегі міндетті заңдылық нормаларын қалыптастыратын келісім шарттар, конвенциялар мен пактілер де бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтар мен бостандықтарды қорғау механизмдері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Арнайы педагогиканың ғылыми және этникалық негіздері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік – құқықтық мемлекеттің белгісі ретінде
Қазақстан Республикасы және ЕҚЫҰ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz