Дербес эем-нің элементтік базасы туралы



Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-алабаяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын.
ENIAC электронды-есептеуіш машинасы - Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания университетінде жасалды. ENIAC - соғыстық мақсатта қолдану үшін, екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен екі айдан кейін дүниеге келді. ENIAC-тың ұзындығы 30 м, көлемі 85 м3, ал салмағы 35 тоннаға дейін жететін. Ол 17 468 вакуумды шамнан, 7 200 кристал диодтардан және 4 100 магниттік элементтерден тұрды.
Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы - МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары - БЭСМ (Большая электронная счетная машина) пайда болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең қуатты компьютерлердің қатарында болатын.
Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылды.

Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы  жазған EDVAC машинасы туралы
алдын-алабаяндамасында электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың
жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы  EDVAC
(Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-тың
ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде
емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен
оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын.  
  ENIAC электронды-есептеуіш машинасы - Америка Құрама Штаттарының
Пенсильвания университетінде жасалды. ENIAC - соғыстық мақсатта қолдану
үшін, екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен екі айдан кейін дүниеге келді.
ENIAC-тың ұзындығы 30 м, көлемі 85 м3, ал салмағы 35 тоннаға дейін жететін.
Ол 17 468 вакуумды шамнан, 7 200 кристал диодтардан және 4 100 магниттік
элементтерден тұрды.
   Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы - МЭСМ (Малая электронная
счетная машина) және 1952 жылдары - БЭСМ (Большая электронная счетная
машина) пайда болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей
Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең
қуатты компьютерлердің қатарында болатын.
   Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды
шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын
пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше
тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан
аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен
перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми
есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар
машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл  өте қиын іс болғандықтан
программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын.     
 
       ІІ кезең (1955-1965 жылдар)
   Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш
машиналары 50-жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1959 жылдан бастап
жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМ-дер дүниеге келді.
Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын,
олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал
бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы секундына 200 мың
операцияға дейін артып, ішкі жадының  көлемі де бірінші кезеңнің
компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Бұл компьютерлердің
жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер мен магниттік
ленталар қолданыла бастады.   Осы кезеңнен бастап Фортран, Алгол секілді
алғашқы программалау тілдері пайда болып, программалау  тілдері әлдеқайда
түсінікті, қарапайым және қолайлы бола бастады.     
 
       ІІІ кезең (1965-1980 жылдар)
    1958 жылы америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып
ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға ондаған, кейін жүздеген 
электронды схемаларды орналастыруды үйренді. Бұларды интегралды схемалар
(ИС) деп атады. Интегралды схемалардың пайда болуы компьютерлік техниканың
дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды схемалар компьютерлердің
жылдамдығын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн операциядан жоғары),
оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен өлшенетін болды,
компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болды. Осы
кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты. Бұрынғы ЭЕМ-дер тек
күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық мақсатта қолданылса,
ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында: зауыттарда, білім беру
мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т.б жерлерде қолданыла бастады.
Паскаль, Си, Бейсик секілді жоғары дәрежелі программалау тілдері осы
кезеңде пайда болды. Программалау ісі білім беру мекемелерінде кеңінен
оқытыла бастады. Алғашқы мәліметтер базасы, жасанды интеллект жүйелері,
автоматтандырылған жобалау жүйелері т.б.  пайда болды.
 
     IV кезең (1980 жылдан бері қарай)
  Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл
компьютерлер үлкен  ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан
болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап
тапқанын мәлімдеді. Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды
схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды.
Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард
операцияға дейін арттырды. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте
сақтау құрылғыларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі
– микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді. Үлкен интегралды схемалармен немесе
микропроцессормен жұмыс жасайтын қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV
кезеңіне жатады. Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес
компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда
болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив
Возняк ойлап тапты. 

Apple-1 дербес компьютері 

   Қазіргі дербес компьютерлер дисплей, жүйелік блок, пернетақта секілді
көптеген құрылғылардын тұрады және алғашқы пайда болған дербес
компьютерлерге мүлдем ұқсамайды десе де болады. Қазіргі дербес
компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы да осыдан отыз жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Қазіргі кездегі дербес компьютерлер
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу машиналарының даму бағыттары
Компьютерге информация енгізу құрылғылары
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Aлгоритмдік тілдер туралы мәліметтер. ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
Есептеуіш машинаның тарихы
ЭЕМ даму тарихы
Орталық процессордың құрылымы мен ұйымдастырылуы
Машинаны ұйымдастыру: фон Нейман принципі, басқарушы құрылғы, команда жүйелері мен команда типтері
Пәндер