Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Жоспар:
Кіріспе
Банктер: туындау . тарихи даму кезендері, түрлері
1 Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі
1.1 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері
1.2 Банктік заңнама міндеттері: Ұлттық Банк және Қазақстан Даму банкі заңнамалары
2 Банк жүйесіндегі коммерциялық банктер және олардың ұйымдастырылу принциптері
2.1 Банк қызметінің құқықтық нысандары
2.2 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу
Қорытынды
Банктік құқықтық негіздерінің қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері

Банктер: туындау - тарихи даму кезендері, түрлері
Нарықтың даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе аркылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.
Банктердің алғашкы қалыптасып, даму кезендері, олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.
Ең алғашкы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға колайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осыңдай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII - XXVII ғғ. Мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын, соңдай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзделгенін дәлелдейді.
Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс аясындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі италян тілінде «вансо» - ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын (дық) деген мағынада түсіңдірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентарий, менсарии, трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя каласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын.
Дүние жүзіндегі елдердің банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенеттен сауда жасайтын Британ банкі, теңіз саудасына арналған Пруссия банкі, Париж есепке алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей мәнет канцеляриясы деген және т.б. аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттық Банкі, Бельгияның Ұлттық банкі, Италияның ұлттық банкі, АКЩ орталық банкі – Федералдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б. елдердің Ұлттық немесе орталық банктері жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына карай: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; кооперативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк, коммерциялық банк, жинақ банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну кредиті банкі, мемлекетаралық банк және т.б. банктер түрінде сипат алады.
Банктер алғашқы кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай-ақ сақтау, есепке алу, есеп айырысу және айырбас операцияларын жүзеге асырған. Кейіннен осы әрбір тарихи кезеңдерде заем операцияларын, салым операцияларын, ақшалай есеп айырысу және төлем операцияларын, ақша белгілерін эмиссиялауды жүргізген.
Бүгінде банктер эмиссиялық, депозиттік, төлемдік, кассалық, лизингтік, трасталық, факторингтік, валюталық және т.б. операцияларды тиісті заңнама мен лицензиялар негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Банктер негізгі аспектілеріне орай ақша сақтайтын орын; кредиттік мекеме, ұйым; коммерциялық ұйым; экономикалық басқару органы; дилерлік-делдалдық ұйым; биржалық агент; кредиттік кәсіпорын; заңды тұлға; тек банктік қызметті (операциялар мен мәмілелерді) жүзеге асыратын кредиттік ұйым; мекеме деп және т.б. сипатта аталуы мүмкін.
1987-1983 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы «Мемлекеттік банк»), акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі (бұрынғы «Өнеркәсіпқұрылыс банкі»), акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы «Агроөнеркәсіп банкі»), акционерлік-коммерциялық банк Әлем банк (бұрынғы «Сыртқы сауда банкі»), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы «Жинақ банкі», кейіннен «Халықтық банк» деп аталды) жұмыс істей бастады.
1993 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдануына сәйкес барлық ақционерлік-коммерциялық банктер ақционерлік банктер ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің, 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы Жарлығына орай «Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк», «Мемлекеттік Даму банкі», сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ындағы Жарлығы бойынша «Мемлекеттік медетші банк» құрылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. “Банктік құқық”, С.М.Найманбаев, “Алматы-Жеті жарғы”
2. “Қазақстанның Даму банкі туралы” 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
3. “Қазақстан Республикасының банк құқығы”, Л.Давыдова, Д.Райманов, “Алматы-Жеті жарғы”
4. “Банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жинағы. “Алматы-Юрист-2005”
5. “Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар”, Көшенова Б.А. “Алматы – Экономика – 2000”
6. “Банковское право”, Тедеев А.А., “ЭКСМО” – 2005
7. “Банковское дело”, Жарковская Е.П., “Омега-Л”-2005
8. “Международное банковское право”, Ерпылева Н.Ю., “Дело” - 2004
1. “Банктік құқық”, С.М.Найманбаев, “Алматы-Жеті жарғы”
2. “Қазақстанның Даму банкі туралы” 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
3. “Қазақстан Республикасының банк құқығы”, Л.Давыдова, Д.Райманов, “Алматы-Жеті жарғы”
4. “Банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жинағы. “Алматы-Юрист-2005”
5. “Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар”, Көшенова Б.А. “Алматы – Экономика – 2000”
6. “Банковское право”, Тедеев А.А., “ЭКСМО” – 2005
7. “Банковское дело”, Жарковская Е.П., “Омега-Л”-2005
8. “Международное банковское право”, Ерпылева Н.Ю., “Дело” - 2004
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Жоспар:
Кіріспе
Банктер: туындау - тарихи даму кезендері, түрлері
1 Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі
1.1 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері
1.2 Банктік заңнама міндеттері: Ұлттық Банк және Қазақстан Даму банкі
заңнамалары
2 Банк жүйесіндегі коммерциялық банктер және олардың ұйымдастырылу
принциптері
2.1 Банк қызметінің құқықтық нысандары
2.2 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу
Қорытынды
Банктік құқықтық негіздерінің қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері
Кіріспе
Банктер: туындау - тарихи даму кезендері, түрлері
Нарықтың даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік-
экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк
жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе аркылы мемлекеттің қаржы,
ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі
банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары
банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.
Банктердің алғашкы қалыптасып, даму кезендері, олардың банктік істері
мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих
бетінде із қалдырғаны белгілі.
Ең алғашкы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға
колайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осыңдай операциялар біздің
эрамызға дейінгі XXVIII - XXVII ғғ. Мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал
көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген
тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру
операциялары заңмен реттеліп отырғанын, соңдай-ақ ақша қаражаттарын
сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзделгенін дәлелдейді.
Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет
болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің
сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне
банктік іс аясындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар
мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. Банк сөзі италян тілінде вансо -
ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын (дық) деген мағынада түсіңдірілген.
Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму
кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентарий, менсарии,
трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк Банка ди Сан Джорджо
Италияның Генуя каласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік-есеп айырысу
институты ретінде құрылған болатын.
Дүние жүзіндегі елдердің банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенеттен
сауда жасайтын Британ банкі, теңіз саудасына арналған Пруссия банкі, Париж
есепке алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей мәнет канцеляриясы деген
және т.б. аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық
Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттық Банкі, Бельгияның
Ұлттық банкі, Италияның ұлттық банкі, АКЩ орталық банкі – Федералдық
резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б. елдердің Ұлттық немесе орталық
банктері жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына карай: мемлекеттік банк;
жеке меншік банк; акционерлік банк; кооперативтік банк; муниципалдық банк;
аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен
қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк,
коммерциялық банк, жинақ банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі,
консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну
кредиті банкі, мемлекетаралық банк және т.б. банктер түрінде сипат алады.
Банктер алғашқы кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай-ақ
сақтау, есепке алу, есеп айырысу және айырбас операцияларын жүзеге асырған.
Кейіннен осы әрбір тарихи кезеңдерде заем операцияларын, салым
операцияларын, ақшалай есеп айырысу және төлем операцияларын, ақша
белгілерін эмиссиялауды жүргізген.
Бүгінде банктер эмиссиялық, депозиттік, төлемдік, кассалық, лизингтік,
трасталық, факторингтік, валюталық және т.б. операцияларды тиісті заңнама
мен лицензиялар негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар коммерциялық
ұйымдар болып табылады.
Банктер негізгі аспектілеріне орай ақша сақтайтын орын; кредиттік
мекеме, ұйым; коммерциялық ұйым; экономикалық басқару органы; дилерлік-
делдалдық ұйым; биржалық агент; кредиттік кәсіпорын; заңды тұлға; тек
банктік қызметті (операциялар мен мәмілелерді) жүзеге асыратын кредиттік
ұйым; мекеме деп және т.б. сипатта аталуы мүмкін.
1987-1983 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда
1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы Мемлекеттік банк), акционерлік-
коммерциялық банк Тұран банкі (бұрынғы Өнеркәсіпқұрылыс банкі),
акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы Агроөнеркәсіп
банкі), акционерлік-коммерциялық банк Әлем банк (бұрынғы Сыртқы сауда
банкі), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы Жинақ банкі,
кейіннен Халықтық банк деп аталды) жұмыс істей бастады.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы және
Қазақстан Республикасындағы банктер туралы Қазақстан Республикасы
заңдарының қабылдануына сәйкес барлық ақционерлік-коммерциялық банктер
ақционерлік банктер ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы
Президентінің, 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы
Жарлығына орай Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк, Мемлекеттік Даму
банкі, сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ындағы Жарлығы бойынша
Мемлекеттік медетші банк құрылды.
1. Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі
Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік
қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің
мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.
Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет
қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін,
қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге,
кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-
экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын тиісті
заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық, актілерге сәйкес жүзеге
асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше,
корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге
бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде
көрініс тауып отыр.
Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін
қамтамасыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму
банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысы жинақ банкі жұмыс
істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу,
кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірыңғай саясатын
жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығынын ақша
қаражаттарымен камтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды
жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша
айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру;
негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты
халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар,
вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық
операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер,
заңға тәуелді нормативтік-құкықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге
асырады.
Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат
салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге
де қаржылық құралдар жатады.
Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер
негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін
коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға - банк
түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.
Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні
конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құкық арқылы
көрініс табады. Әкімшілік - рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау
банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.
Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің
өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.
Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық
банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше - корпоративтік
экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге
бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің
қаржылық ресурстарын кальптастыруға және оларды басқаруға (тиімді
пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар
мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге
асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері
болып табылады.
Банктік қызметтің және банк жүйесінің айтарлықтай ерекшеленуі және
жаңаша дамуы, ұлттық қаржы рыногының оның ішінде ақша, алтын және валюта
рыноктарының халықаралық стандарттарға сай құрылуы, коммерциялық банктердің
операциялық қызметтері ауқымының ұлғаюы, қоғамдық банктік қатынастардағы
мемлекет пен жеке меншік-корпоративтік субъектілері мүдделерін камтамасыз
ету мәселелері сондай-ақ т.б. экономикалық-басқарушы мән-жайлар банктік
құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан қалыптасуын негіздеді.
Демек, банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы
банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің
экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит (оның
ішінде валюталық) саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған құқықтық
реттеу пәніне, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық актілерде
бекітілген ереже-принциптеріне, арнайы заңнамалық және заңға тәуелді
нормативтік банктік кұқықтық актілерден тұратын кқайнар көздеріне
байланысты ұтымды көрініс тауып отыр.
Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етуге
ат салысады және рыноктық үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін
қалыптастырады.
Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іс пен банктік
қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды
реттейді.
Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік кызмет барынша пайда
табуға бағытталған, тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде,
жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып
табылады.
Банк жүйесінде, банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын
қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық,
валюталық, кедендік және т.б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы
орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу
әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру аркылы кешенді
құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.
Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу әдісі банк жүйесінің жұмыс
істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын
аралас қоғамдық банктік (қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық және
т.б.) қатынастарды реттейді.
Кешенді құқық саласы банктік құқық заңи біртұтас құқықтық құрылым
болып табылады.
Демек, банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік
секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және
коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттік жеке меншік-
корпоративтік шаруашылық субъектілерінің кредиттік, ақшалай, инвестициялық-
қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық — жанама және
әкімшілік - тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында ұйымдастырушы-
нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік
операциялар мен өзге де банктік іс-әрекеттер барысында туындайтын қоғамдық
банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін
есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құралым болып табылады.

Банктік құкықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның
тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және
жүзеге асыру, банктердің және басқа да қатысушылардың құқықтық мәртебесін
белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау -
бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін
заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық
қатынастар құрайды.
Банктік құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастар өздеріне тән
мынадай белгілерімен ерекшеленеді:
1) олар Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Даму Банкі жүзеге
асыратын банктік операциялардың және мәмілелердің барысында туындайды;
2) олар коммерциялық банктердің лицензияланған операциялары мен
мәмілелеріне байланысты туындайды;
3) олар жүйелі, мақсатты әрі тұрақты сипатта болады;
4) олар банк жүйесін және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
барысында туындайды;
5) олар мемлекеттің қаржы, ақша-кредит және инвестициялық саясаты
ұстанымдарын іске асыру барысында туындайды;
6) олар мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкінің
кредиттік-қаржылық және әкімшілік қызметінің нәтижесінде туындайды;
7) олар Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің коммерциялық банктердің
қызметін ұйымдастыруы, бақылауы және лицензиялауы барысында туындайды;
8) олар Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму банкінің
мемлекеттік қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және бөлуге, мемлекеттің
алтын-валютаактивін қалыптастыруға байланысты туындайды;
9) олардың объектілеріне ақшалар, бағалы кағаздар, валюталық
құндылықтар және банктік құпия режимімен қамтылған ақпараттар жатады;
10) олардың ішінен банктік шот ашу, есеп айырысу, депозит тарту,
инвестициялау, банктік кредиттеу операцияларына және бағалы кағаздарды
эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады;
11) олардың жүйесі банктік және өзге де заңнамалық актілерге,
лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық
банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сәйкес
қалыптасады;
12) олар қаржылық инструменттер айналымынан пайда алу барысыңда
туындайды;
13) олар негізінен сенімгерлік сипатта болады.
Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін құрайтын оның қатынастарды
құқықтық реттеу барысында пайдаланылатын заңи тәсілдер мен құралдар және
амалдар жиынтығы ретінде көрініс табады.
Банктік-құқықтық реттеу әдістері банк жүйесіндегі және банктік қызмет
ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негізінде, қоғамдық
банктік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне-
маңызына, банктік құқықтық санкциялардың мән-жайына және т.б. элементтерге
сай қалыптасады.
Банктік құқық ауқымында мемлекеттік өктем-әмірлі-императивтік әдіс,
қос (не одан да көп) тарапты-келісімді немесе шартты-диспозитивтік әдіс,
сондай-ақ банк жүйесінің, банктер меи олардың клиенттерінің және банктік
қызметтің қайсыбір мәселелеріне тікелей қатысты императивтік және
диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерінің аса қажетті жекелеген ұстанымын
біріктіретін кешенді әдіс пайдаланылады.
Императивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі тиісті заңнамалық
актілердегі мемлекеттің әмірлі өктем талабын бұлжытпай орындау
(орындатқызу) арқылы жүзеге асырылады.
Диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі қоғамдық банктік
қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін, міндеттемелерін
тиісті заңнамалық актілер және тараптардың арасында жасалған банктік
шарттар негізінде регламенттеу барысында қолданылады.
Кешенді банктік-құқықтық реттсу әдісі негізінен қоғамдық банктік
катынаска қатысушылардың экономикалық-қаржылық және өзге дс мүдделерінің
тендестірілімдігін көздеу, олардың банктік кызметінің тиімділігін және
мемлекеттің (оның уәкілетті органдарының) өктем нұсқамаларын орындау
еріктілігі дәрежесін айкындау тұрғысынан жүзеге асырылады.
Демек, императивтік және диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу
әдістерінің өзара байланысы мен бірыңғайлығы негізінде кешенді банктік
құқықтық реттеу әдісі құрылады. Банктік құқықтың кешенді әдісі банк
жүйесінің жұмыс істеуі барысында қоғам мен мемлекеттің және жекеше -
корпоративтік субъектілсрінің мүдделерін ұштастыруға, сондай-ақ қаржылық
инструменттер козғалысына байланысты қоғамдық банктік қатынастарды реттеуге
ат салысады.
Банктік құқықтың жүйесі оның ішкі нысанын (құрылымын) білдіреді.
Банктік құқық жүйесінің негізгі белгілеріне оның құқықтық нормаларының
біртұтастығы және бірыңғайлығы, сондай-ақ оның құқықтық институттарының
өзара байланысы, өзара шартталынғандығы және келісімділігі жатады.
Банктердің валюталық операцияларын құқықтық реттеу сияқты ірі
функционалдық институттар құрайды.
Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және
жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ
банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік
қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға
тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек,
банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы (нақтылы) нысандарының жүйесін
көрсетеді.
Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының
Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер,
заңға тәуелді нормативтік банктік-құқықтық актілер, халықаралық банктік
құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық
Кенестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, каулылары жатады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, құрамында банктік құқықтың
нормалары бар нормативтік құқықтық актілер банктік құқықтың қайнар көздері
болып табылады.
Банктік құқық ғылымы банктік құқықтың құқық саласы ретінде дамуы, оның
экономикалық-қаржылық мән-жайы, атқаратын рөлі, реттеуші әлеуетінің маңызы
жөніндегі білім, теориялық ереже, ұғым-тұжырым, ой-пікірлер, идеялар
жүйесін білдіреді.
Банктік құқық ғылымы құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың ағымдағы
мәселелері мен іргелі проблемаларын ғылыми зерделеу-зерттеуге ат салысады.
Банктік құқық ғылымының құрамына:
- банктік құқық ғылымының принциптері;
- банктік құқық ғылымының функциялары;
- банктік құқық ғылымының пәні;
- банктік құқық ғылымының әдіснамасы;
- банктік құқық ғылымының жүйесі;
- банктік құқық ғылымының библиографиясы сияқты элементтер қосылады.
Банктік құқық ғылымының принциптері құқық саласы банктік құқықты
ғылыми зерттеу және экономикалық мазмұнды банктік операциялар мен қоғамдық
банктік қатынастардың құқықтық аспектілерін ғылыми зерделеу барысында
басшылыққа алынатын негізгі ережелер — бастаулар болып табылады.
Банктік құқық ауқымындағы ғылыми зерттеулер мен зерделеулер осы
банктік құқық ғылымының принциптеріне сәйкес жүргізіледі.
Банктік құқық ғылымының принциптері ретінде объективтілік;
дәйектілілік; шынайылылық; жүйелілік; тарихилық; теория мен практиканың
бірыңғайлығы принциптерін атап көрсетуге болады.
Банктік құқық ғылымы өзіне тән талдамалы (аналитикалық), сынау
(критикалау), конструктивтік, норма жасаушы, банктік заңнама нормаларына
түсінік және түсіндірме беру, оқу-дәріс беру функцияларын жүзеге асырады.
Банктік құқық ғылымының пәніне құқық саласы банктік құқық және банктік
заңнама жөніндегі ілім жүйесі жатады. Бұл ретте банктік құқықтың құқық
саласы ретінде дамуының, банктік-құқықтық реттеу дамуының үрдістеріне және
банктік заңнама проблемаларына аса көңіл бөлінеді.
Банктік құқық ғылымының пәні құқық, саласы банктік құқықтың жүйесіне
қоса:
- банктік құқықтың принциптері;
- банктік құқықтың әдістері;
— банктік құқықтың қайнар көздері;
- банктік құқықтың нормалары;
- қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу практикасын талдау;
- құқық колдану және құқық шығару практикасы;
— ұлттық банк жүйесінің тарихи дамуы;
- банктік заңнаманың тарихи дамуы;
- банктік құқық, банк жүйесі және банктік заңнама дамуының үрдістері;
- рыноктық үлгідегі банк жүйесін құру, банктік заңнаманы жетілдіру
саласындағы шет мемлекеттердің тәжірибелері сияқты бөлімдерді қамтыды.
Банктік құқық ғылымының әдіснамасы өз пәнін танып-білу және ғылыми
нәтиже алу мақсатында осы ғылымда пайдаланылатын зерттеу принциптері мен
әдістері болып табылады. Демек банктік құқық ғылымының әдіснамасына банктік
құкықтың пәнін танып-білу үшін осы ғылымда пайдаланылатын әдістердің
теориялық негіздемесі жатады.
Банктік құқық ғылымының әдістері банктік құқық ауқымындағы банктік
қызметті және қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеудің объективті
мән-жайларын танып-білу үшін жүргізілетін зерттеуді камтамасыз ететін
амалдар мен тәсілдердің жиынтығы ретінде көрініс табады.
Банктік құқық ғылымының негізгі әдістері формальды-догматтық,
салыстырмалы-құқықтық, салыстырмалы-тарихи, басқа ғылымдарға шолу жасау,
нақтылы-әлеуметтік әдістер болып саналады.
Банктік құқық ғылымының жүйесі құқық саласы банктік құқықтың жүйесімен
белгілі бір байланыста болады. Құқық саласы банктік құқықтың жүйесі банктік
құқық ғылымының жүйесінде объективті көрініс табады. Себебі банктік құқық
ғылымының жүйесі құқық саласы банктік құқық жөніндегі ілім жүйесі ретінде
құқықтық нормаларды белгілі бір тәртіппен нақтылы орналасқан орындары
бойынша жүйелі түрде зерделеуге жағдай жасайды.
Дегенмен құқық саласы ретінде банктік құқық жүйесіне карағанда банктік
құқық ғылымы жүйесінің өрісі (ауқымы) кең екенін ескерген жөн.
Банктік құқық ғылымының библиографиясы банктік құқықка қатысты
түбегейлі ғылыми зерделеуді бастаудың аса қажетті алғашқы сатысы болып
табылады.
Банктік құқық ғылымының библиографиясы аталмыш құқық ғылымы бойынша
қол жеткізілген жетістіктерді (ғылыми нәтижелерді) бағалауға мүмкіндік
беретін арнайы әдебиеттің тізбесі мен түсіндірмесінен (сипаттамасынан)
тұрады, сондай-ақ ол одан әрі зерттелінуге тиіс мәселелердің тарихнамасын
зерделеуге қажетті әдебиеттер базасы ретінде қызмет көрсетеді.
Қазіргі рыноктық даму кезеңінде қандай болмасын заңгердің кәсіби
дайындығының міндетті элементі банктік құқықты жеткілікті көлемде білу-
меңгеру болып табылады.
Осы орайда банктік кұқық дербес оқу пәні, яғни жоғары заң оқу
орындарында құқық саласы банктік құқық және банктік заңнама жөнінде дәріс
беру (жүргізу) пәні ретінде көрініс табады.
1.2 Банктік заңнама міндеттері:
Ұлттық Банк және Қазақстан Даму банкі заңнамалары
Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің және банктік құқық
институттарының нормативтік құқықтық базасын құрайтын, банктік қызметті
және оның аясындағы қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін,
мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты
ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық
билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық
негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер — арнайы және жалпы
сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады.
Осындай арнайы банктік заңдар қатарына: Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы, Қазақстан Даму Банкі туралы, Қазақстан Республикасының
тұрғын үй құрылысы жинақ банкі туралы, Қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы, Қазақстан
Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру
туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері жатады.
Банктік заңнамалық актілер өздеріне тән мынадай белгілерімен
ерекшеленеді:
1) банктер, банктік қызмет, банк жүйесі, сондай-ақ оларды мемлекеттік
реттеу туралы заңдар тек заң шығарушы билік органдары тарапынан
қабылданады;
2) олар әрдайым ерекше іс жүргізу нормаларын сақтай отырып қабылданды
және жоғары заңи күшке ие болады;
3) олар тек мемлекеттің монетарлық билігі мен банктік құкығы
ауқымындағы қоғамдық банктік қатынастарды ғана реттейді;
4) олар заңғы тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерді
қабылдауға қажетті бастапқы сипаттағы нормалардан тұрады.
Банк жүйесі мен банктердің жұмыс істеу режиміне, қоғамдық банктік
қатынастардың жекелеген тұстарына қатысы бар заңнамалық актілер ретінде:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексі, Ақша төлемі мен аударымы туралы, Лицензиялау туралы,
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, Бухгалтерлік есепке алу
және қаржылық есеп беру туралы және т.б. Қазақстан Республикасының заңдары
көрініс табады.
Демек, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы)
банктік заңнамалық актілерден және құрамында тиісті банктік құқық нормалары
бар өзге де заңнамалық актілерден құралады.
Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел
экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын
банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының заңы мемлекеттің монетарлық (ақшалай) билігін және
мемлекеттік банктік менеджментті Қазақстан Республикасының қаржы, ақша-
кредит, сыртқы экономикалық қызмет саясатына сай жүргізуге мүмкіндік
беретін қуатты құрал болып табылады.
Қазақстан Республикасының аталмыш заңы әр алуан банктік қатынастарға
қатысатын қоғам мен мемлекеттің, корпоративтік және жеке меншік
субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделерінің мүмкіндігінше
тендестірілімді болуын қамтамасыз етуге ат салысады.
Сонымен қатар осы заң нарықтық қатынастар аясындағы барлық банктердің
қызметтерін халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай ұйымдастырудың
және тиісті реттеу-қадағалаудың, ел экономикасының банктік секторын
басқарудың мемлекет құзырындағы нақтылы тетігі ретінде маңызды көрініс
табады, баға тұрақшлығын, валюталық жүйе мен кдржы жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге және ақша-кредит саясатын тиісінше іске асыруға
айтарлықтай зор ықпалын тигізеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы (1995 жылғы 30
наурыздағы) Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер мен
толықтырулар 2005 жылғы шілденің 8-індегі Қазақстан Республикасы заңына
сәйкес енгізілген) 13 тараудан және 74 баптан тұрады.
Аталмыш заңның құрылымын:
1 -тарау. Жалпы ережелер (1—6-баптар).
2-тарау. Қазакстан Ұлттық Банкінің міндеттері, функциялары және
өкілеттіктері (7-8-баптар).
3-торау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капитал резервтері (9— 11-баптар).
:!
4-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды
қалыптастыру тәртібі және құзыреті. (12-20-баптар).
5-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, билік органдарымен
өзара іс-қимылы. (21-28-баптар).
6-тарау. Ақша-кредит саясаты. (29-37-баптар).
7-тарау. Ақша айналысы және ақша бірлігі (38—47-беттер).
8-тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру (44-51-беттер).
9-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялар (52-54-баптар).
10-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономилық қатынастар
саласындағы қызметі. Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар
(55—60-баптар).
-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және Қадағалау
функциялары (61-64-баптар).
12-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруі (65-68-баптар).
13-тарау. Қорытынды ережелер (69-74-баптар) құраған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасы
заңының елеулі әрі маңызды нормалары ретінде тиісті тараулардың мынадай
баптарын атап көрсетуге болады:
1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері.
7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты мен міндеттері.
8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциясы, өкілеттігі және құқықтары.
9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы.
10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау
шоттары, арнайы провизиялары (резервтері).
12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары.
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы және оның өкілеттігі.
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкі.
29-бап. Ақша-кредит саясатын өзірлеу және жүргізу.
30-бап. Ақша-кредитсаясаты операцияларының түрлері.
48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемі мен аударымын
ұйымдастыруға өкілеттігі.
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен жасалатын
операциялары және мәмілелері.
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер.
56-бап. Валюталық реттеу және валюталық бақылау.
57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен жасалатын
операциялар.
58-бап. Алтын-валюта активтері.
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу
және қадағалау жөніндегі негізгі өкілеттіктері.
Аталған баптардың ережелері мен принциптеріне шолу-талдау жасау арқылы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының
заңының реттеуші, ұйымдастырушы, қадағалаушы құзыретбелгілеуші, міндет
(міндеттеме) жүктеуші сипатын-мәнін, сондай-ақ айрықша қаржылық, кредиттік
және валюталық бағытын айқындауға болады.
Қазақстанның Даму Банкі туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2004 жылғы 20 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес енгізілген) Қазақстанның Даму Банкінің
құқықтық мәртебесін, міндеттері мен функциясын белгілей отырып, оның
инвестициялық-қаржылық қызметінің (операцияларының) ерекшелік-тері мен
мақсатын айқындайды.
Қазақстанның Даму Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңын арқау
ете отырып: Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті
заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құкықтық актілерінің негізінде ел
аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік
инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасы резидент-терінің экспорттық
операцияларын кредиттеу-қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысаныңда
құрылған, банк жүйесінің екінші деңгейіне қосылмайтын (деңгейаралық),
сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысуы 100 процентті құрайтын
ерекше құқықтық мәртебесі бар заңды тұлға, яғни мемлекеттік кредиттік-
қаржылық институт болып табыладыдеген ұғымды қалыптастыруға болады.
Қазақстанның Даму Банкі туралы Қазақстан Республикасы заңының
құрылымы мынадай көрініс тапқан:
1 -тарау. Жалпы ережелер (1-6-баптар).
2-тарау. Даму Банкінің қызметі (7-15-баптар).
3-тарау. Даму Банкінің капиталы мен кірісі (16-18-баггтар)
4-тарау. Даму Банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті (19-21-
баптар).
5-тарау. Даму Банкін басқару (22—25-баптары).
6~тарау. Қосымша ережелер (26-27-баптар).
Қазақстан Даму Банкінің құқықтық және қаржылық мән-жайларын, сондай-ақ
қызметінің инвестициялық әлеуетін және кредиттік-қаржылық түбегейлі
мақсатын белгілейтін аталмыш Қазақстан Республикасы заңының мынадай баптары
оның арқаулы бағдары мен құзыреттік сипатын айқындай түседі:
1-бап, Қазақстан Даму Банкі және оның мәртебесі.
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу.
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен міндеттері.
4-бап. Даму Банкінің функциялары.
5-баги Даму Банкінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz