Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Шетел филология кафе
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Әлемнің тілдік бейнесі - ағылшын және қазақ антропонимдерінде.
Орындаған :
4курс студенті
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы
Пікір жазған:
аға оқытушы
Норма бақылаушы
аға оқытушы
Қорғауға жіберілді «» 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д., профессор
Алматы - 2008
Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Әлемнің тілдік бейнесі - ағылшын және қазақ антропонимдерінде.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 47 бет
Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны : 51
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: антропоним, әлемнің тілдік бейнесі, жалқы есімдер, концепт, салыстырмалы талдау.
Жұмыста қолданылған әдістер: салыстырмалы талдау тәсілі.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны айқындалады. Еңбектің маңыздылығы, өзектілігі, еңбекте қозғалып отырған мәселелердің көкейкестілігі сөз болады.
Жұмыстың бірінші тарауында жалпы антропоним туралы, әлемнің тілдік бейнесі туралы түсінік және олардың қалыптасуы қарастырылады.
Ал екінші тарауда ағылшын және қазақ тілі антропонимдерінің құрылымы, олардың әлемінің антропонимдік бейнелерінің қалыптасуының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қарастырылады.
Ағылшын және қазақ антропонимикалық жүйелеріне арнап жүргізілген зерттеулер тек екі әртүрлі жүйедегі тілдердің өзгешелігі мен ұқсастығын анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ олардың дүниетанымы мен көзқарасының ерекшеліктерін, ұлттық психологиясын, тарихын, зерттеліп жатқан тілді қолданатын халықтардың мәдениетін түсіну үшін де қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Біздің зерттеуіміздің мақсаты - әлемнің тілдік бейнесінің концептін, оның қалыптасуын және даму барысын антропонимдер арқылы қарастыру. Антропонимдердің пайда болу және даму заңдылықтары, олардың құрылысы, антропонимдік жүйе, антропонимдердің үлгілері теориялық антропонимиканың нысаны болып табылады. Аталмыш жұмысымызда жалқы есімдегі ақпараттарды: адам қасиеттерінің сипаттамасын, әкесі, ру, жанұясымен байланыстарын, туған жері, ұлты туралы ақпараттарды қарастыра отырып, қазақ және ағылшын антропонимдерін салыстырмалы түрде талдау жасалынады.
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Әлемнің антропонимиялық бейнесі . . . 8-
1. 1. Антропоним ұғымы . . . 8
1. 2. Әлемнің тілдік бейнесінің қалыптасуы . . . 10
1. 3. Әлемнің антропонимдік бейнесіндегі концепт теориясы . . . 11
2. Қазақ және ағылшын антропонимдерін
салыстырмалы түрде талдау . . .
2. 1. Ағылшын және қазақ тіліндегі антропонимдер құрылымы . . . 26
2. 2. Қазіргі ағылшын және қазақ тіліндегі әлемнің
антропонимдік бейнесі . . . 30
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 43
Кіріспе
Ағылшын және қазақ антропонимикалық жүйелеріне арнап жүргізілген зерттеулер тек екі әртүрлі жүйедегі тілдердің өзгешелігі мен ұқсастығын анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ олардың дүниетанымы мен көзқарасының ерекшеліктерін, ұлттық психологиясын, тарихын, зерттеліп жатқан тілді қолданатын халықтардың мәдениетін түсіну үшін де қажет. Сонымен бірге ағылшын және қазақ тілдерін пайдаланатын халықтардың қарым-қатынасы мен ынтымақтастығының жақсартылуына мүмкіндік туғызады.
Ономастиканың келелі мәселелеріне байланысты соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің ғылыми қарқындылығы көбінесе онимдерді үйрену аса қызық болып табылатындығымен түсіндіріледі, себебі бірнеше ғылымдардың (лингвистика, тарих, этнография, география) қосылысқан жерінде қалыптасып және сол ғылымдардың әр қайсысының кешенді әдіс-тәсілдерін қолданып, ономастика лингвистика, тарих, этнография, археология т. б. ғылымдардың көптеген мәселерінің шешілуіне мүмкіндік туғызады.
Онимдердің мәдени-тарихи құндылығы туралы тезис дәлелдерді қажет етпейді және ономастикамен айналысатын көптеген зерттеушілер үшін аксиомалық болып табылады: “дүниенің ономастикалық көрінісінде әрбір этнос пен әрбір ат қоюшы адамның мәдениетінің сипаты нақтылы түрде көрсетілген” [1. 3] .
Әрбір оним - бұл біріншіден, ең алдымен өз тілінің заңдарына бағынатын сөз, оның әрбір ақпараты лингвистикалық әдістердің көмегімен алынады. Бұған мысал ретінде жалпы ономастиканың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын, бірақ фактіге негізделген мәліметтерімен ерекшеленетін роман, герман, иран, түрк, славян т. б. жеке ономастиканың бөлінуін алуға болады.
Онимия, әртүрлі онимдердің жиынтығы ретінде адамдардың тіршілік қарекетінің барлық салаларымен байланысты. Сәйкестендіру және даралау кезінде адам онимді объектіні бөлу үшін ыңғайлы тәсіл ретінде қолданады. Әрбір халық онимиясында тарихи, ұлттық-мәдени ақпараттар өте үлкен мөлшерде болады. Онда халықтың тарихы, тұрмысы, дүниетанымы, психологиясы, нанымы, қиял, әдеби шығармашылығы бейнеленген.
Онимия басқа лексика сияқты адамды қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға орай тез әрекет етеді, соның нәтижесінде онимдер қоғамдық өмірде орын алған құбылыстар мен оқиғалардың еріксіз тіркеуішіне айналады. “Қандай да этномәдени қауымдастықтың ономастикалық жүйесі көптен келе жатқан, тұрақты және тұйық мән деп қарастырылуы мүмкін емес”-деп ескертеді қазақстандық ономаст-түркітанушы В. У. Махпиров [3. 6] . Түр-түрлі, ең алдымен экстралингвистикалық факторлардың әсерінен ономастикалық кеңестік яғни адамды қоршаған жалқы есімдер әлемі, кейде ономастикалық мәліметтердің айтарлықтай немесе толық ауысымына апаратын өзгерістерге ұшырайды.
Жаһандық, аймақтық және өңірлік ономастикалық зерттеулер болуы мүмкін. Жаһандық ономастика әр түрлі елдер және халықтардың жалқы есімдерінің типологиялық ұқсастығы мен есімдердің өздеріне тән жалпы заңдылықтарды белгілеумен, жалпы лингвистикалық универсалийлармен паралеллизм құрайтын ономастикалық универсалийлерді бөлумен айналысады.
Теориялық ономастика мәселерімен Н. И. Толстой, А. В. Суперанская, А. А. Белецкий, Ю. А. Карпенко, В. А. Никонов, В. Д. Бондалетов, Н. В. Подольская сияқты ғалымдар айналысқан. Түрк ономастикасынын зерттеген ғалымдардың қатарына болса В. Радлов, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, А. Н. Самойлович, А. Н. Кононовтар жатады. Ал қазақ ономастикасының мәселері С. Кеңесбаев, А. Қайдаров, Е. Нұрмағамбетов, Т. Д. Жанұзақов еңбектерінде орын алады. Т. Д. Жанұзақов пен В. У. Махпиров сондай-ақ түрк тарихи ономастикасының мәселелері үстінде де жұмыс істеді. Ал ағылшын антропонимикасын зерттеумен Л. М. Щетинин, А. И. Рыбакин, О. А. Леонович, Е. Н. Мурнаева және шетел зерттеушілері H. Sorensen, A. Gardiner, G. Stewart, R. Stockwell, R. L. Track, J. Aitchison т. б. еңбектері байланысты.
XX ғасырның лингвистикалық ғылымында “адам үшін тіл, тілдегі адамға” деген батыл бетбұрыстың нәтижесінде антропонимиканы - яғни, адам аттарын зерттеу өзекті мәселелер қатарына кірді.
Берілген проблематика өте көлемді, сондықтан біз ономастиканың бір саласы ретінде тек антропонимия бойынша жүргізілген зерттеулерді ғана аламыз. Қазіргі лингвистиканың даму кезеңінде когнитивті зерттеулермен айналысатын көптеген ғалымдардың назарын аударатын ең басты объект - әлемнің бейнесі феномені болып табылады. Бұл, тілдің антропологиялық сипатын жете түсінудің нәтижесінде тіл білімінің өзекті мәселесіне айналды. Қазіргі лингвистикалық әдебиет әлем бейнесінің және оның тұжырымдалған ойларының әр қандай түрлерін ұсынады.
Жұмыстың маңыздылығы қазіргі тіл білімінің мәдениеттің дәлелі ретінде антропоним мен антропонимикаға; қоршаған болмысты адам арқылы бейнелеудің тәсілі ретінде әлемнің тілдік бейнесі мәселелеріне және аталған бір топ мәселелерді XX ғасырда қалыптасқан антропоцентрикалық парадигма тұрғысынан қарау мүмкіндігіне қызығуында. Берілген зерттеу тіл білімін ономастикалық, когнитивты, лингвомәдени зерттеулер аясында жаңа теориялық нәтижелермен және тәжірибелік мәліметтермен қамытады; жұмыстың қорытындылары мәдениет аралық қарым-қатынас мәселелерінің шешілуіне мүмкіндік туғызады және жаңа ғылыми зерттеулердің бастамасы бола алады.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты - әлемнің тілдік көрінісінің концептін, оның қалыптасуын және даму барысын қарап шығу. Тілдің үш бірлікте: ойлау - тіл- қарым-қатынас, өмір сүруі және объективті болмыс пен ойлаудың әрекеттесуі қоршаған әлем мен тілдің өзара әрекет ету мәселесін көптеген жалпы лингвистикалық мәселелер арасынан ең алдынғы қатарға шығарды.
Адамның болмысты танып білуінде лингвистика үшін екі маңызды ерекшелік бар: адамның танып білу іс-әрекеті нәтижелерінің тілде бекініп алуы және бұл іс-әрекеттің қарым-қатынас жасау кезінде іске асуы. Мұндай күрделі категорияларды талдау кезінде кездесетін объективті қиындықтар терминологиялық әртүрлілігімен де ұлғаяды (когнитивтік жүйе, үлгі, концептуалды үлгі, үлгі/әлем бейнесі) . Ал біз жұмысымызда әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі терминдерін ұстанамыз, сондықтан алдымен бұлардың қандай ұғым беретінін анықтап алуымыз қажет.
Әлемдік бейне адамның қоршаған әлеммен байланысы барысында, “теория мен тәжірибенің күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде қоршаған болмысты танып білу барысында” пайда болады [6, 124] . Әлем бейнесінің қалыптасуында сезу, түйсінуден бастап ойлау мен сана-сезімге дейін адамның психикалық іс-әрекетінің барлығы қатысады.
Әлем бейнесі адамның әлемге, басқа адамдарға, осы әлемнің мүшесі ретінде өзіне деген қарым-қатынасының түрін қалыптастырады және әлемде адамдардың тәртіп нормаларына бағыт береді. Адам заттарға өзінің жеке әлем көрінісіне сай қарайды. Сонымен бірге мұнда ортақтық элементтер де болады. Адамдарда бірін-бірі түсіну, бір-бірінің рухани әлеміне өзара сіңісу болған кезде ғана олардың қарым-қатынас жасауы мүмкін. Әлем бейнесінің барлық адамдарға ортақтығы, оның қалыптасу заңдылықтарының әмбебаптылығы өз ара түсінушіліктің негізін құрайды.
Антропоним - ономастиканың ірі салаларының бірі - антропонимика зерттейтін оним түрі. Антропонимдер адамдардың жалқы есімі болып табылады және ол әр қандай түрлерге бөлінеді.
Антропонимикон - белгілі бір кезеңде қолданылатын бір этностың барлық антропонимдерінің тізімі.
Антропонимия - белгілі бір этностың барлық антропонимдерінің жиынтығы.
Антропонимдік - антропоним сөзінен жасалған сын есім.
Әлемнің антропонимиялық бейнесі - антропонимдердегі ақиқат болмыс дәлелдерінің субъективтік бейнеленуі нәтижелерінің жиынтығы; адамның когнитивті іс-әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болған; , ұлттық өзгешелігімен, әмбебап және идиоэтникалық топтардың бар болуымен, уақыт қатынасымен сипатталады. Әлемнің антропонимиялық көрінісінің сипаттамасы мынандай белгілермен толықтырылады: тілдік белгінің сыртқы/ ішкі жағына қарай бейімделу; атау себептерінің өнімді типі (баяндау (дескриптив) аттар, тілек (дезидератив) аттар, арнау (меморатив) аттар) ; ұлттық-мәдени бағдар (мәдени-өзгеше реалиялар/ мәдени-өзгеше концепт) .
Ғылыми-ұғымдық аппарат:
Антропонимдық жүйе - белгілі бір этностың белгілі бір кезеңде реттелген антропонимдер жиынтығы.
Геноним - түрк және моңғол тарау аймақтарына тән ру, ұрпақ және оның бөлімдерінің жалқы есімдері, оним түрі.
Дезидеративтер (тілек аттар) - ата-ананың баласына деген тілектерін білдіреді (ұзақ өмір; бақыт пен байлық; ұлдарға - қайрат пен батылдық; қыздарға - сұлулық, сүйкімділік пен нәзіктік) . Сондай-ақ бұл топқа ата-аналардың өздеріне, өз халқына, еліне деген тілектерін білдіретін аттар да және баланы жаман рухтардан, көз тиюден, ауру мен қиыншылықтардан сақтау үшін қойылатын алдамыш\жалған (қорғайтын) немесе “қорғау” аттар да жатады.
Дескриптивтер (баяндау аттар) - баланың физикалық сипаттамасын; мінезін, туған жерін, жағдайын; оның туылған кезіндегі қандай да бір тарихи оқиға немесе басқа да оқиғаларды; ата-анасы туралы мәліметтерді; баланың туылуына байланысты ата-анасының сезімдерін білдіреді.
Меморативтер (арнау аттар) - естелік аттар, бұл есім қойылған адам, оның атын білдіретін басқа адамдармен, дін, идеялармен (тотемдік, теофорлық аттар, тарихи тұлғалар аттары) байланысты болады.
Әлем бейнесі - тұжырымдамалық жүйе, адамдар түсінігінде әлемнің маңызды қасиеттері болып табылатын, адамның дүниетанымының негізінде жататын әлемнің бастапқы жаһандық бейнесі. Әлем көрінісі теория мен тәжірибенің күрделі әрекеттестігінің нәтижесінде қоршаған болмысты танып білу барысында қалыптасатын, адамның барлық психикалық белсенділігінің нәтижесі болып табылады.
Концепт - қоршаған әлем, адам және тілдің өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Сондай-ақ болмысты танып білудің дәлелі және ұлттық мәдениеттің байлығы болып табылады. Концепт бұл құрылымы үш деңгейден тұратын ең қысқа когнитивті бірлік: а) бейнелі - концептінің өзегі, концептің нақты-бейнелі сипаттамалары, болмысты танып білудің нәтижесі; б) ұғымдық - тілдік мазмұны, дефенициясы, фиксациясы; в) құндылық.
Концептосфера - семантикалық мағынасының ұқсастығы негізінде концептердің біріктірілуі.
Жалқы есім - антропоним түрі, адамға туылған кезінде берілетін не ересек адам өзі таңдап алатын негізгі толық ресми есім немесе осы есімнің бейресми түрі.
Әкесінің аты - әкесінің атына байланысты қойылған патронимнің бір түріне жатады.
Патроним - антропоним түрі, әкесінің немесе ата- бабаларының аттарының негізінде қойылған есім немесе лақап ат.
Лақап ат - антропоним түрі, адамға оның мінезіне, жағдайына, шығу тегіне т. б. себептерге байланысты қоршаған адамдар қоятын қосымша бейресми ат.
Тегі - анропоним түрі, белгілі бір жанұяға жататындығын көрсететін, мұра етіп алатын ресми ат.
Патронимнен жасалған тегі - патроним немесе патронимдік жұрнақтың көмегімен жасалған тегі.
Әлемнің тілдік бейнесі - қарым қатынас әрекетінде әлем туралы ойларын білдіру тәсілі ретінде - ойлау, қоршаған болмыс және тілдің өзара әрекеттестігінің нәтижесінде пайда болатын адам санасының жемісі. Әлемнің тілдік бейнесі әлем бейнесінің басты бөліктерінің бірі және оны білдірудің мақсаты ретінде қызмет етеді.
1. Әлемнің антропонимиялық бейнесі.
Біздің зерттеуіміздің нысаны - антропонимдер болғандықтан, бізге әлемнің ономастикалық бейнесі деген ұғым жақын, бірақ бұл түсініктің мағынасы антропонимдік ұғымының мағынасынан кең болғандықтан, ыңғайлы болу үшін әлемнің антропонимдік көрінісі деген ұғымды аламыз. Енді әлемнің антропонимдік бейнесінің ерекшеліктерін анықтап аламыз:
а) антропоцентрика. Антропонимдер және әлемнің антропонимдік бейнесі адам үшін және адамның көмегімен жасалады. Әлемді танып білу нәтижесінде иемденген сөздерді адам тек қарым-қатынас үшін ғана емес, сондай-ақ өздеріне есім ретінде де пайдаланады.
ә) әлемді танып білудегі тіл мен ойлаудың тұтастығы. Адам әлемді танып біледі, атауларды иемденеді. Ал кейін осы атаулардың арасынан антропонимдерді жасауға лайықтыларын негіз ретінде таңдап алады.
б) қоршаған ортаны дискретизациялаудың белгілі бір тәсілі. Антропонимия дайын тілдік бірліктерді пайдаланады және тілдік материал ұлттық өзгешелігімен сипатталады.
в) уақыт байланысы арақатынастығы. Әрбір дәуірдің тілінде өзіне тән сол кездің әлем бейнесінің нақты тарихи және мәдени жағдайларының ықпалынан қалыптасатын антропонимдік жүйесі болады.
- Антропоним ұғымы.
Әрбір тілде жалпы есімдермен қатар жалқы есімдер де болады. Жалқы есімдер ежелгі дәуірде көптеген ғалымдар мен философтардың назарын аударған. Бірақ ономастика, ғылыми мәртебесін XX ғасырдың 30-ж. ж. ғана алған.
Ономастика (гр. onomastike- ат қою өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. “Онимия” терминімен аталатын жалқы есімдер жинағын “Ономастика” терминімен де атайды.
Оним - белгілі бір нысанды басқа нысандардан ажырату үшін, оны жекелеу және сәйкестендіру үшін қолданылатын сөз, сөз тіркесі және сөйлем болып табылады.
Жалқы есімдерге келесі типтер жатады: антропонимдер (адамдардың жалқы есімдері), топонимдер (географиялық объектілердің жалқы есімдері), теонимдер (құдайлардың жалқы есімдері), зоонимдер (аңдардың жалқы есімдері немесе лақап аттары), астронимдер (аспан денелерінің жалқы есімдері), космонимдер (ғарыштық кеңістік және шоқ жұлдыздардың жалқы есімдері), фитонимдер (өсімдіктердің жалқы есімдері), анемонимдер (табиғи апаттардың жалқы есімдері), хрононимдер (тарихи оқиғаларға байланысты уақыт бөліктерінің жалқы есімдері), идеонимдер (рухани мәдениет объектілерінің жалқы есімдері), хрематонимдер (материалды мәдениет объектілерінің жалқы есімдері) . Түрлі экстралингвистикалық нысандарды атай отырып жалқы есімдер сол нысандардың көптеген сипаттарын, қасиеттерін, қызметін, мәнін көрсете біледі, белгілі социум, қоғамда, этноста жалқы есімдер алуан түрлі қызмет атқарады. Сол себепті жалқы есімдердің сипаты мен құрылымына географиялық, идеологиялық, тарихи, дүниетанымдық, әлеуметтік, мәдени экстралингвистикалық факторлар әсер етеді.
Жалқы есімдердің жоғарыда аталған экстралингвистикалық факторлармен тығыз байланысы жалқы есімдер жүйесінің басты сипаттарының бірі болып саналады.
Антропонимика - антропонимдерді, яғни адамдардың жалқы есімдерін, патронимдерді, тегі, лақап ат және бүркеншік аттарды зерттейтін ономастиканың бір саласы. Антропонимдердің басқа онимдерден өзгешелігі бірнеше антропонимдер бір индивидқа тән бола алатындығы.
Антропонимдердің пайда болу және даму заңдылықтары, олардың құрылысы, антропонимдік жүйе, антропонимдердің үлгілері теориялық антропонимиканың нысаны болып табылады. Сондай-ақ, антропонимика жалқы есімдердегі ақпараттарды: адам қасиеттерінің сипаттамасын, әкесі, ру, жанұясымен байланыстарын, туған жері, ұлты туралы ақпараттарды зерттейді. Антропонимика антропонимдердің сөйлеудегі қызметін - атау, уәж, идентификация, жіктелу және жастың, қоғамдық немесе отбасылық жағдайының, басқа ұлттардың арасында өмір сүрудің, жасырын қоғамдарға, басқа дінге кіру т. б. себептерге байланысты есімнің ауысымын зерттейді.
Кісі аттарын зерттеу - қазақ тілі тарихының мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Ол конкретті тілдік материал ретінде халық тарихы мен халық тілінің байланысын көрсете алады. Сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынасты, достық, ынтымақтастықты айқындайды. Кісі есімдері арқылы халықтың дүниеге көз қарасы, дүние тану сезімі, ұлттық формасы, тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, ырымы, яғни этнографиясы көрініп отырады.
Кісі аттары туралы қазақ тіл білімінде алғаш рет қалам тартқан профессор Қ. Жұбанов. Ғалым біріккен тұлғалы кісі аттарының синтаксисіне, оның құрылысына байыптылықпен ерекше тоқталады.
Адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнай ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылады. Бастапқы кездегі аттардың қазақ тілінің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Алтын, Жетібай, Барыс, Бөрібай, Күмісбек. Кісі аттары құрамында келетін мұндай сөздер Орхон-Енисей жазбаларында кездесіп отырады.
Ескі қазақ тұрмысында балаға ат қоюда ырым, әдет-ғұрып, салт-сана ерекше орын алған. Қазақ тұрмысында ырым мен әдет-ғұрыптар ізінің кісі аттарында сақталғанын айқын байқаймыз.
Елубай, Сексенбай - сексен яки елу рет бай болсын деген емес, баланың шешесі я әкесі елу немесе сексен жасқа келгенде туғандықтан қойылған.
Ылғи қыз туа берген соң енді қыздан жаңылсын деген ырыммен "Жаңыл", "Жаңылхан" қойған. Бала тас сияқты мықты, қатты болсын деп Тастанбек, құрыштай қатты болсын деп Болат қойылған. Өлген баланың орнын бассын деп Орынбасар, Төлеген, Өтеген қояды. Өзі іште қалғанда әкесі өлген балаға әкесінен қалған белгі деп, атын Белгібай қойған. Ал, халық аңызында "Баланың атын жаман қойсаң өмірлі болар, әм көз тимес" - деген бар. Итбай, Боқбасар, Сасықбай, Ұлтарақ сияқты жағымсыз аттардың шығу тарихы осыны ескертеді. Сондай-ақ, дін ұғымынша, адамның қасиеті, мінезі екінші адамға, соның атын қойса, ауысып отырады деп түсінген. Егерде бір ауладағы нақұрыс адамның атын жас балаға қойса, ол да сол сияқты нақұрыс болуы мүмкін деген ұғым болған және керісінше.
Адам аты бір адамнан екінші адамға, бір халықтан екінші халыққа ауысып отырады. Бір аттың өзі мыңдаған адамға қойылуы мүмкін.
Тіліміздегі кісі аттарының қойылуында белгілі бір заңдылықтың бары байқалады. Адам аты қалай болса солай қойыла салмайды. Оның мәніне, тұлғасына көбірек көңіл бөлініп, белгілі бір мақсат, тілекке сай қойылады. Әдетте халық мәдениеті мен тұрмысына, шаруашылығы мен тарихына байланысты сөздердің кісі атына қойылып отырғанын көреміз.
Қазақ халқының өте көне заманнан бергі кәсібі мал шаруашылығы болған. Олай болса мал түрлеріне байланысты балаға ат қою тарихы да ертеден бар жай екендігі анық: Бұқабай, Қозыбақ, Ботакөз, Қойбағар, Түйебай, Серкебай, Аққозы, Дөнентай, Қаратай, Ақмарал, Жолбарыс. Қойылған кісі аттарының кейбірі қазақ халқының басқа халықтармен жасаған тарихи қарым-қатынасын көрсетеді. Міне осы тұрғыдан қарағанымызда кісі аттары халық тарихы мен халық тілінің байланысын айқын көрсете алады.
- Әлемнің тілдік бейнесінің қалыптасуы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz