Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА . . . 6
1. 1 Қылмыстық құқықтағы жазаның тарихы . . . 6
1. 2 Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы және оның маңызы . . . 9
2 ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ . . . 15
2. 1 Жаза тағайындаудың бастамасы, түсінігі және мәні . . . 15
2. 2 Қылмыстық заң бойынша жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән- жайлардың түсінігі және олардың манызы . . . 23
2. 3 Жазаны жеңілдететін мән жайлардың қылмыстық-құқықтық
сипаттамасы . . . 29
2. 4 Жазаны ауырлататын мән жайлардың қылмыстық-құқықтық
сипаттамасы . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі әлеуметік ұйымдартырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шарлардың барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады.
Қылмыс пен жаза қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.
Диплом жұмысының тақырыбы қылмыстық құқықтағы теориялық және практикалық жағынан күрделі мәселелердің бірі - жаза тағайындаудың жалпы негіздеріне арналып, оны терең зерттеуге мән берілген.
Қазақстан Республикасы КСРО секілді әлемдегі ірі державалардың бірі ыдыраған соң, тәуелсіз ел ретінде, өз егемендігі бар ел ретінде халықаралық аренадан орын табуға ұмтылды. Алайда алғашқы уақыттары бұл биіктер қол жетпейтін белестердің бірі болғаны рас. Оған жету жолында күрделі де өзекті, ертеңге қалдыруға болмайтын жағымды-жағымсыз құбылыстардың болғаны тарих беттерінен, одан қалды бүгінгі кезеңдегі тарихи өмір сүру қалпынан да белгілі болып отыр. Әрине, атқарылған істерден бұрын, атқарылар жұмыстардың көптігін ешкім де жоққа шығара алмас. Дегенмен, атқарылған істердің қатарында Қазақстанның тәуелсіздік елдер тұғырынан көрініп, мемлекеттегі, сондай-ақ әлемдік рыноктағы істерге қатысып, барынша атсалысуы ауыз толтырып айтуға тұрарлық.
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген халықаралық аренаға шығу үшін мемлекеттегі заңнамалық база, заң жүйесі мықты болуы қажет. Өйткені бір де бір ел құқықсыз, әсіресе континенталдық құқық жүйесіне негізделген бағыт ұстанатын Қазақстан үшін жазылған заңдардың орнының бөлек болатыны айқын. Сол алғашқы жылдары-ақ Қазақстан елде құқықтық реформалауды қолға алды. Ең алдымен құқықтық саясат реформасы қабылданып, азаматтық, қылмыстық, отбасылық, әлеуметтік т. б. іргелі салалар ірі реформалауға ұшырады. Құқықтық саланы реформалаудың нәтижелі болғандығын бірнеше жағдайлармен дәлелдеуге болады.
Біріншіден, еліміздің алғашқы төл Конституциясы, негізгі заңы қабылданып, мемлекеттің құрылысы, даму бағыттары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары баға жетпес құндылықтар болып бекітілді.
Екіншіден, мемлекеттік және жеке меншік ресми танылды. Азаматтардың меншікке байланысты мәмілелер жасауға еркін мүмкіндігі ашылды.
Үшіншіден, кез келген қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың қатарында, әр түрлі себептерге байланысты, тамырымен жоюға әлі күнге дейін жол табылмай отырған қылмыстылық мәселесін ауыздықтауға, қадағалауға және қылмыстылықтың алдын алу мен онымен күрес шараларын ұйымдастыруға үлкен үлес қоса білген құжат ҚР Қылмыстық кодексінің қабылданып, күшіне енуі дер едік.
Төртіншіден, жүргізіліп отырған реформалар қоғамның қай саласында болсын, мемлекеттің жақын және алыс болашақтағы тағдырын айқын анықтауға ықпал ететін құжат болып қана қоймай, онда жоспарланып бекітілген мәселелердің біртіндеп орындала басталуын дәлелдей түсті.
Тарихи жағынан қандай да бір құжаттың ролін анықтау уақыт өткен сайын жеңілдей түсетіні, яғни оның қоржынында дәлел ретінде нақты көрсете алатын жайттардың көбейе түсетіні белгілі. Солардың ішінде жоғарыда айтылған қылмыстылықтың алдын алу мен қылмыс жасаған адамдарға жаза тағайындау мен оларды жауаптылыққа тарту басты орын алатыны тағы бар.
Қылмыстылықтың алдын алу екі нысанда көрініс табады. Бірінші, жалпы превенция (алдын алу, сақтандыру) және жеке превенция. Жалпы превенция кез келген адамның қылмыс жасамауын, қоғам мүшелерінің қылмыс атты кеселден аулақ болуына шақырса, жеке сақтандырудың міндеті қылмыс жасаған адамдардың түзелуі, қайтадан қылмыс жасамауы тұрғысында қызмет атқарады.
Осы сақтандырудың қай қайсысы болсын, қоғам мүшелерін жаман қылықтардан аулақ болуын, оны жасаса қылмыстық жауаптылықтан қашып құтылмайтынын белгілі бір дәрежеде көрсетеді.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаға тарту кезінде қылмыс жасаған адамның жеке басы, қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайлар, қылмыс жасаудың себептері, тәсілі, орны және т. б. көптеген жағдайлар зерделенеді. Себебі, ұқсас қылмыс болуы мүмкін, бірақ бірдей қылмыс жоқ. Оны жасайтын субъектілер бір болмауы мүмкін, бір адам бірдей екі қылмысты жасағанмен, оны дәл сол уақытта орындай алмауы мүмкін. Осындай кездерде қылмыс жасаған адамға тағайындалатын жазаның жеке даралануы (индивидуализация) және дифференциялануы қағидасы іске көшеді.
Ол қылмыстық құқықтағы негізгі институттардың бірі болып саналатын қылмыстық жаза тағайындау және жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар көмегімен де анықталады. Бұл институт өте көне институт деп айтуға болады. Мәселен, Рим құқығы кезінде жас баланың қылмыс жасауы оған қоғам мүшелері тарапынан кешірім беруі арқылы, немесе отбасы мүшелерін азапқа салуы, біреудің мүлкін рұқсатсыз қайта-қайта алуы, керісінше қатаң жазаға тарту сияқты шараларды қолдануға әкеп соққан. Бұл қазіргі уақытта заман талабына сай көрініс тапқан мән-жайлардың бірі деуге болады.
Диплом жұмысының мақсаты - жаза тағайындаудың шарттарын, негіздерін, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтап, талқылау.
Диплом жұмысының міндеттері - ауырлататын мән-жайлардың жаза тағайындаудағы рөлін анықтау, 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексі мен 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексіне салыстырмалы түрде шолу жасау.
Диплом жұмысын жазу барысында нормативтік құқықтық актілер, тиісті отандық және ресейлік заң әдебиеттері, оқулықтар мен оқу құралдары кеңінен қолданылды олардың тізімі жұмыс соңында берілген.
Зерттеу объектісі -жаза тағайындау кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Зерттеу пәні - қылмыстық жаза тағайындау, жазаны ауырлататын және жеңілдететін түрлері көрсетілген қылмыстық заңның нормалары болып табылады.
Тәжірибелік және теориялық мәні жағынан жазаны тағайындау күрделі мәселелердің бірі. Бұл тақырыпты зерттеу бұл саладағы мамандар мен жұмысшыларға қызығушылық туғызады.
Жаңалығы- талдау әдісімен жаза тағайындаудың жалпы негіздеріне арналып, оны терең зерттеуге мән берілген.
Диплом жұмысының тақырыбының зерттелу деңгейі - қылмыстық құқықтағы теориялық және практикалық жағынан күрделі мәселелердің бірі - жаза тағайындаудың жалпы негіздеріне терең мән берілген.
Ұсынылатын тұжырым : Жазаны жеке даралау
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАЗА
1. 1 Қылмыстық құқықтағы жазаның тарихы
“Қылмыстық заңнама негіздерін” қабылдағанға дейін “қылмыстық жауаптылық” және “қылмыстық жаза” ұғымдарының айырмашылықтары туралы сұрақтар арнайы зерттеудің пәні болып табылған емес. “Жазадан” бөлек “қылмыстық жауаптылық” ұғымы алғаш рет тек 1958 жылы “Қылмыстық заңнама негіздерінде” пайда болды.
Бұрын қолданыста болған қылмыстық заңнамаларда, оның ішінде 22 шілде 1958 жылғы Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексінде де жазаның анықтамасы берілмеген болатын. Жазаның ең мәнді деген белгілері қылмыстық құқықтың бірқатар нормаларында көрсетіліп кетті де, заңнаманың ережелері және сот тәжірибесінің негізінде жазаның анықтамасы қылмыстық құқық теориясымен берілді.
“КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамасының негіздерінің” 20 бабының мазмұнын аша отырып, И. С. Ной үш ережені көрсетеді: “…біріншіден, онда әлеуметтік институт ретінде жаза туралы белгілі бір мәлімет бар; екіншіден, жазаны қолдану барысында қол жеткізілетін нәтиже анықталады; үшіншіден, берілген нәтижеге қол жеткізілуге байланысты жүргізілетін қызметтің бағыты мен сипаты анықталынады” [1, 5 б. ] .
Алғаш рет жазаның заңнамалық анықтамасы 1991 жылғы Негіздердің 28 бабында “Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған, адамға сот үкімі арқылы мемлекет атынан тағайындалатын, заңда қарастырылған сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін шектеу немесе айырудан тұратын, мәжбүрлеу шарасы” деп беріледі.
Жазаның басқа да анықтамалары былай деп берілді: “Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға заңға сәйкес және сот үкімі арқылы мемлекет атынан тағайындалатын, және оның қылмыстық қызметіне теріс бағаны білдіретін мәжбүрлеу шарасы” [2, 139 б. ] .
Назар аударарлық анықтама ретінде А. И. Чучаевтің анықтамасын келтіруімізге болады, яғни қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен белгіленген және сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін айыру жєне шектеуден тұратын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы; жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға ғана мемлекет атынан сот үкімі арқылы тағайындалады [3, 347 б. ] .
Адамдарды сот арқылы жазалау мәселелері бірнеше жүзжылдық бойына қозғалынып келеді. Қылмыс жасаған адамды жазалауға құдайдың немесе мемлекеттің құқығы бар. Осы мәселеге байланысты бірнеше теориялар - абсолютті, салыстырмалы және аралас ұсынылған[4, 37 б. ] . Қазіргі кезеңде бұл теориялардың өзектілігі жойылған, себебі мемлекеттің жазалау құқығы ешқандай күмән тудырмайды. Қазіргі зиялы мемлекеттерде діни санкциялар мемлекеттік жазамен бәсекелестікке түспейді.
Мұсылман қылмыстық құқығында мемлекеттік және діни жазалар жүйесіз түрде араласып кеткен. Мұсылман елдерінің қылмыстық заңдарында діни қылмыстардың және жанға қарсы қылмыстардың жазаланушылығы сақталған. Қылмыстық істер бойынша шариғат соттары Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексін емес, Құран және Суннаны басшылыққа алады [5, 128 б. ] .
2. Жаза қатаң жекелік сипатта болады. Ол тек қылмыскерлердің өзіне қатысты қолданылып, өзге адамдарға өтелінбейді.
Әділ жаза құрамында жазаның жекелендіруі, яғни қылмыскердің тұлғасы ескеріледі. Жазаның әрекеттілігі осы жаза қолданылатын адамның тұлғалық қолданылатын адамның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Жазаның келесі белгісі оның мазмұнына байланысты. Бұл - сотталғандарды құқықтарынан не бостандықтарынан айыру немесе шектеу.
Бостандығынан айыру жазаның келесі түрлерінен, өмір бойы немесе белгілі бір мерзімге бостандығынан айырудан, қамаудан көрінеді. Бостандығын шектеу, сотталған адамда тәуліктің белгілі бір мерзімінде осы жазаны өтеу орнынан кету құқығының болмауынан - бостандығын шектеу және тәртіптік әскери бөлімде ұстау сияқты жаза түрлерінен көрінеді.
Еңбек құқықтарын шектеу түзеу жұмыстары, әскери қызметтерін шектеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру барысында орын алады. Мүліктік құқықтарды шектеу айыппұл және мүлікті тәркілеуден көрінеді.
Ерекше, ең жоғарғы жаза - өлім жазасы болып табылады. Өлім жазасы сотталғанды адамның ең басты құқығы - өмірге деген құқықтан айырады.
Жазаның көпшілігі құқықтар мен бостандықтарды айыру және шектеудің үйлесуінен тұрады. Мысалы, бостандығынан айыру сотталғандардың еңбек, мүліктік, тұрғын-жай, жанұялық құқықтарын шектелуін туындатады. Түзеу жұмыстары еңбек және мүліктік құқықтардың шектелуін білдіреді.
Жазаның төртінші белгісін оны тағайындау негізі құрайды. Жазаны тағайындау негізі қылмыс жасау болып табылады, сонда жаза - қылмыстың органикалық салдары.
Жазаның бесінші белгісі - оның адресаты. Жазаға қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адам ғана тартылады. Қылмыстың субъектісінің тұлғасы сот арқылы жазаны дараландырудың дербес негізі ретінде қарастырылады.
Заң шығарушы жазаның түсінігіне қылмыстық - процессуалдық белгі - жазаның сот үкімі арқылы тағайындалатындығын енгізген. Бұл тарихта орын алған заңдылықтардың бұзылуын, жазаның арнайы соттармен (“үштіктер”) тағайындалуына жол бермеу мақсатын білдіреді [6, 28б. ] .
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қылмыс үшін жаза аудандық соттардан Жоғары Сотқа дейін тағайындалады.
Жазаға және де мақсатты бағытылық тән.
Л. Ч. Сыдыкова жаза белгілерін былай топтастырады. “Шартты түрде оны 2 топқа бөлуге болады:
1) материалды (мазмұнды) белгілер. Бұған қылмыстық-құқықтық сазайын тарттыруды өзге күштеу түрінен айыратын құқықтық шектеулерді жатқызамыз.
2) қылмыскердің құқығын, бостандығын шектеуде қылмыстық-құқықтық сазайын тарттыру болатын қажетті жағдайлар құрайды. Бұл топ жазаның формальді белгісі.
Егер жазаны қолдануда заң бұзылса, оның тәрбиелік мағынасы жойылып тек қорқыныш қалады. Сондықтан, жаза заңды, ізгілікті болса мақсатты болады.
Сонымен, жаза қылмыстық құқықтың барлық қағидаларына сай болуы қажет. Заңдылық қағидасы тек қылмыстық заңда көрсетілінген жазаның түрлері арқылы жүзеге асырылады. “nulla poena sine lege” заң тек ҚК болып табылатындындығын білдіреді. Жазадағы заңдылық - жазаның бірден бір негізі қылмыс құрамы болып табылатындықтан да көрінеді. Заңдылық қағидасының талабы жазаны белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың толық көлемде кодификациялануы қажеттілігіне де таралады. Қылымыстық заңнан басқа ешқандай заң жазаны енгізе алмайды.
Заңдылық институты өлім жазасы (ҚК 49б. ), өмір бойы бас бостандығынан айыру (ҚК 48б. ), құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айырудан (ҚК 50б. ) басқа жаза түрлерінің мерзімді сипатынан да көрінеді. Осы қасиеті арқылы ҚР ҚК белгісіз мерзімге жаза тағайындауға жол беретін шетелдік кодекстерден ажыратылады.
Алғаш рет белгісіз мерзімге үкімдерді 1890 жылы Нью-Йорк соттары шығара бастаған болатын. Соттар түрмеге қамаудың тек төменгі шегін белгіледі. Түрмеде нақты қанша мерзім отыру қажеттілігін соттар емес, түрме әкімшілігі анықтады. Шын мәнісінде, белгісіз үкімдер қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық құқықтармен көрінеу қарама - қайшылыққа енеді де, түрме әкімшілігінің жемқорлығы мен бейбастақтығын туындатады.
Жазаға қатысты тең құқылық қағидасы біріншіден, пенализацияны, яғни, сотталғандардың ұлтына, жынысына және басқа да қасиеттері мен қызметтеріне қарамастан санкциялардың белгіленуін білдіреді.
Екіншіден, азаматтардың заң алдында теңдігі қағидасын жүзеге асыру - қылмыстық жауаптылықтың шешуші кезеңі ретінде жазадан құтылмаушылықты білдіреді. Азаматтардың заң алдында теңдігі қағидасы жаза түрлерінің жүйесі мен санкцияларда әділеттілік, кінә, ізгілік қағидаларымен үйлесіп отырады. Әділеттілік қағидасы - сотпен жаза тағайындау барысында, жасалынған қылмыстардың мән-жайлары мен кінәлінің тұлғасын ескеруді қажет етеді.
Жазада кінәлілік қағидасы жазықсыз зиян келтіру барысында жазаға жол берілмейтіндіктен және жазаның қатаң жеке сипатта болатындығынан көрінеді.
Әділеттілік қағидасы толық көлемде жазаға арналған. Яғни, жаза қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмысты жасау жағдайларына және кінәлінің тұлғасына сәйкес келуі қажет. Бір ғана қылмыс үшін екі рет жазалауға жол берілмейді.
Жазаның ізгілік қағидасы дегеніміз - қылмыстық-құқықтық нормалардың санкциялары мен сот үкімі арқылы анықталынатын нақты жазалардағы репрессиялық шаралардың үнемделуін білдіреді. Яғни, ҚР ҚК 52 бабына сәйкес: “Жасалынған қылмыс үшін қарастырылған жазаға қарағанда қатаң жаза түрі тағайындалады, егер жазаның жеңіл түрі жазаның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ете алмаса”.
Жазаға қатысты ізгілік қағидасы келесіден де көрінеді, адамға жан- тән азабын шектіру және ар-намысын қорлау жазаның мақсаты болып табылмайды.
1. 2 Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы және оның маңызы
Қазіргі таңдағы жаза деген ұғым байырғы кездегі әдет-ғұрып нормалары сияқты қылмыстық құқық нормаларында көрініс табады. Жаза дегеніміз - ол мемлекеттің қолындағы маңызды құрал болып табылады, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, мемлекеттің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, азаматтардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін, қылмыстық қастандықтардан қорғайды.
Сондай-ақ жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қолданылады.
Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны болып табылатындықтан, мемлекетпен жеке адамның арасындағы туындаған шиеленісті жоятын, құқықтық тәртіптің қалыпты жағдайын қалпына келтіретін, тұлғаны әлеуметке қауіпсіз ететін, бірден бір тиімді құрал ретінде қарастырылады.
Бәрімізге белгілі, жауаптылықты дифференциациялау құқықтық мемлекеттің терең, мәнді сипаттамасы болып табылатын негізгі қағида әлеуметтік әділеттілікке негізделген жалпы құқықтық қағида ретінде қарастырылады. Дегенмен де, қылмыстық құқықта - жауаптылық көп жағдайда жаза арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, жазаны кең әлеуметтік құқықтық категория - қылмыстық жауаптылықты дифференциациялаудан ажырату туралы сөз қозғағанымыз жөн.
Құқық қолдану деңгейінде жазаны дифференциациялау мәселесі - сот нақты істің мән-жайларын және кінәлінің тұлғасын жан-жақты түрде зерттеп және бағалағаннан кейін, нақты жағдайда қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың тиімді нысаны - құқық бұзушыға жаза тағайындау деген тұжырымға келген жағдайда туындайды. Осыған байланысты, қылмыстық құқықтың нормалары жазаны тағайындау және оны орындау барысындағы жазаны жекелендіруден тұратын, жауаптылықты жекелендіру қажеттілігін білдіреді.
Қылмыстық құқықтағы жазаны жекелендіру қағидасын жүзеге асыру дегеніміз - жазаны тағайындау барысындағы соттардың жасалынған қылмыстардың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін, кінәлінің тұлғасын және істің мән - жайын, жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлардың болуын, кінәліні әлеуметтік ортасынан оқшауламай түзеу мүмкіндігін ескеруді білдіреді. Жазаны қатаң жекелендіру - онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарды абайсыздықпен жасаған тұлғалардың оқшаулау элементінсіз жазаны өтеу мүмкіндігінен де көрінеді.
Жауаптылықты жекелендіру қағидасы заңнамаға тек арнайы субъектіге тағайындалатын жаза түрлерін (мысалы, әскери қызметшіге - тәртіптік әскери бөлімде ұстау) енгізуден де көрінеді. Сондай-ақ, жауаптылықты жекелендіру жеңіл жаза тағайындаудан, шартты түрде соттаудан да көрінеді.
Сонымен, жазаны жекелендіру қағидасы қылмыстық құқықта тек декларативті ғана емес, оны жүзеге асырудың қажетті нормативтік құралдарымен қамтамасыз етілген қағида ретінде қарастырылады.
Қылмыстылықпен күрес-қазіргі заманның күрделі мәселелерінің бірі. Қылмыстылық-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны туындататын әлеуметтік себептерді залалсыздандырып қана, қылмыстылықты бір деңгейде ұстап тұруға болады, Сондықтан да, қылмыстылықпен күресте жаза бірден-бір негізгі құрал емес және де жазаны қолдану арқылы қылмыстылықты жою мүмкін емес.
Мемлекет жазаны қолдануға ең соңғы кезекте келуі керек. Мемлекет өз азаматтарына өзін-өзі қамтамасыз ететіндей, қылмыстылықты азайтуға әкелетіндей мәдениет деңгейіне жетуге жағдай туындатуы керек. Өркениет деңгейі қылмыстылықтың деңгейін анықтауда елеулі рөл атқарады. Өркениеттің нағыз көрсеткіші - мемлекеттің байлығы, қалалардың көлемі емес, ел тәрбиелейтін адамның кейпі. Кез-келген мемлекеттің экономикалық жағдайы оның адамдарының күнделікті әлеуметтік халімен байланысты. Мемлекет әр отбасы, адам үшін жауапты, бірақ ол әрқашан регламентация, бақылау емес, тек көмек, қамқорлық болуы керек.
Қылмыстық жауаптылық институтына қарағанда қылмыстық құқықта қылмыстық жазаның теориялық мәселелері кең көлемде қарастырылған. Жаза түсінігінің мәселесі теориялық, тәжірибелік аспектіде өте маңызды болғандықтан, қылмыстық құқықтың оқулықтарында және курстарда толық және жан - жақты түрде бейнеленген.
Қылмыстық құқықтың әлеуметтік - сақтандырушы функциясын жүзеге асыруда көмекші құрал ретінде қарастырылатын жаза институты қылмыстық құқықтың маңызды институттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық құқықтың тиімділігі туралы сұрақтар, әруақытта қылмыстық жазаның тиімділігі туралы мәселелерге тіреліп, жазаның мақсаттарын дұрыс анықтауға тікелей тәуелді болады.
Мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары әртүрлі.
Қылмыстық жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің ең маңызды шараларының бірі. “Қылмыстар және жазалар туралы” Чезаре Беккарианың трактатында “тек заңдар ғана қылмыс үшін жазаны белгілей алады, ал оларды шығару билігі тек заңшығарушыға тиесілі… Ешқандай судья әділеттілікті бұзбай, қоғамның басқа мүшелеріне жаза белгілей алмайды. Заңның шегінен шығатын жаза, заңмен белгіленбегендіктен әділетсіз болып табылады”деп көрсетілінген.
Көптеген ғалымдар қылмыстық жазаға әртүрлі мағынадағы анықтама берді.
"Жаза" түсінігіне анықтама беру үшін, оның мәнін, мазмұнын, белгілерін сипаттау керек. Ғалымдар жазаның "мазмұны" мен "мәнінің" түсінігінің әртүрлі екендігін көрсетеді.
Профессор Н. А. Стручков осы екі түсінік "жаза мазмұны - нақты қылмысқа тән сазайын тарттыру, ал жаза мәні - жалпы сазайын тарттыруды білдіреді" деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz