Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстағы кездесетін негізгі түйін сөздер: шағын және орта бизнес, жағын және орта бизнестің дамуы, шағын және орта бизнестің экономикалық мәні, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік түрлері, кәсіпкерліктің жіктелуі, деректер негізі, және тағы басқа.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі 62 беттен тұрады. Келтірілген кестелер саны- 7, суреттердің саны- 6, пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 16.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста бірқатар қысқартылған сөздер қолданылған. Олар:

ШКС- шағын кәсіпкерлер субъектісі

МНҰ- микро несиелеу ұйымдары

ШОБ- шағын жіне орта бизнес

ТМД- тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ҚР- Қазақстан Республикасы

АҚШ- Америка құрама штаттары

АҚ- акцирнерлік қоғам

ЕДБ- екінші деңгейлі банк

РҚҚ- ресурстық қолдау қоры

ҚФА- Қазақстандық франчайзинг ассоциациясы

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту мен оны қолдау мәселелерін зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келісідей міндеттері орындау қажет:

  • шағын және орта бизнесті басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
  • шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесін ескеру;
  • ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау;
  • ҚР шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдарын қарастыру.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда, атап айтсақ, меншікті жекешелендіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды, мұның өзі кәсіпкерліктің дамуы үшін мықты экономикалық негіз болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге негізделеді, атап айтсақ, шағын және орта бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізуге болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген.

ГЛОССАРИЙ

Жеке кәсіпкерлер - жеке тұлғалардың табыс алуға бағытталған, олардың өз меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелімен және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.

Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.

Кәсіпкерлік - бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және инновациондық кәсіпкерлік ойда негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.

Кәсіпкерлікті басқару жүйесі - бұл болжамсыздық пен тұрлаусыздық элементтерімен сипатталатын жаңа құрылымдар мен қасиеттерге ие болуға қабілетті, саталық қосалқы жүйелерден тұратын, сыртқы ортамен тығыз байланысы бар, үлкен, күрделі және нысаналы ашық ұйымдық жүйе.

Кеңес беру кәсіпкерлігі - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік және оқу-үйрету нысандарында болуы мүмкін .

Қызметкерлердің тізімдік саны - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан басқа жеке еңбек шарты бойынша, оның жасалу мерзіміне қарамастан жұмысқа қабылданған адамдар саны.

Қызметті қоса атқарушылық - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты төленетін жұмысты орындауы.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда өнім өндіру немесе қызмет көрсету (жұмыс орындау) жүзеге асырылады. Негізінен тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады.

Шағын және орта бизнес - жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады.

Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны - заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік субъектісі.

Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны - экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе әлуетті жүзеге асыра алатын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері . . .

1. 2 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және маңызы . . .

1. 3 Шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . .

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ . . .

2. 1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін талдау . . .

2. 2 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қызметі . . .

2. 3 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары . . .

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1 Франчайзинг кәсіпкерліктің жаңа нысаны ретінде . . .

  1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару жүйесін қалыптастыру……

3. 3 Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Кіші және орта бизнес барлық елде қоғамның экономикалық өсуінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарысқа ұшырау кезінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады, сонымен қатар жаңа бизнес салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздықты жою. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын және орта кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерий мен тиімділік критерийіне сай болады

Шағын және орта бизнес ел экономикасының өзегіне айналды. Бүкіләлемдік статистикаға сәйкес, көптеген мемлекеттерде кәсіпкерлер экономиканың дамуына өз үлесін қосып келеді. 2001 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы шағын кәсіпорындар саны екі есеге, жеке кәсіпорындардың саны 5 есе көбейген. Қазір елімізде 2 миллионға жуық адам осы салада еңбек етіп жүр. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлік әлемдік дағдарыс салдарынан зиян шекпес үшін қолдан келгенді жасап жатыр.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сауда мен шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты іс-шаралар қарастырылған [1] .

Қазіргі таңда көпшілік кәсіпкерліктің өндірісті, нарықты, яғни бүкіл қоғамның дамуына ықпалын тигізетінін түсіне бастады. Мемлекет кәсіпкерлердің, ал кәсіпкер мемлекеттің қолдауының арқасында өркендеуде.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда, атап айтсақ, меншікті жекешелендіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды, мұның өзі кәсіпкерліктің дамуы үшін мықты экономикалық негіз болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарады. Шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге негізделеді, атап айтсақ, шағын және орта бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізуге болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту мен оны қолдау мәселелерін зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келісідей міндеттері орындау қажет:

  • шағын және орта бизнесті басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
  • шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесін ескеру;
  • ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау;
  • ҚР шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдарын қарастыру.

Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік негізі болып Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» материалдары мен отандық және шетелдік экономист - зерттеушілердің еңбектері табылады.

Зерттеу пәні - шағын және орта бизнесті басқару.

Зерттеу объектісі болып «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыс беттен, кестеден, суреттен тұрады.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері

Нарықтық экономиканың дамуының негізі - кәсіпкерлер, меншік иелері, өндірушілер мен тұтынушылар арасында туындайтын экономикалық еркін қарым-қатынас болып табылады.

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-111 Заңына сәйкес заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерін жүргізетін (акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуы, ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi, радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.

Кәсіпкерлікке байланысты негізгі түсініктемелерді қарастыру қажет.

Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.

Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны - заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік субъектісі.

Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны - экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе әлуетті жүзеге асыра алатын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорны - экономикалық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

Жеке кәсіпкерлер - жеке тұлғалардың табыс алуға бағытталған, олардың өз меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелімен және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуін салық органдары жүзеге асырады.

Шаруа (фермер) қожалығы деп жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға, сондай-ақ осы өнімді өңдеуге және өткізуге тікелей байланысты адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі танылады.

Экономикалық қызмет түрі - онда жабдық, жұмыс күші, өндірістік процестер, ақпарат желілері және өнім бірігетін қызмет, бұл біртекті өнім (тауар, қызмет) жасауға алып келеді. Экономикалық қызмет түрі шығынмен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Шағын кәсіпкерліктің әрбір тіркелген субъектісіне экономикалық қызметтің қосылған құнның ең жоғары өсімін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын түрі беріледі.

Шығарған өнімдер барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.

Қызметкерлердің тізімдік саны - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан басқа жеке еңбек шарты бойынша, оның жасалу мерзіміне қарамастан жұмысқа қабылданған адамдар саны.

Қызметті қоса атқарушылық - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты төленетін жұмысты орындауы.

2 сурет - Кәсіпкерліктің жіктелуі

1 сурет. Кәсіпкерліктің жіктелуі

Кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметтің сипаттамаларын қарастыра отырып, оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

Кәсіпкерлікті көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Мұндағы негізгі критерии қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып болып табылады.

Меншік нысаны бойынша, мемлекеттік, жеке және аралас болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша бөліп көрсетіледі. Яғни, заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, шаруашылық серіктестіктер (толық серіктестік, коммандитті серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік), өндірістік кооператив және акционерлік қоғамдар.

Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.

Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай, өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінуі мүмкін.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда өнім өндіру немесе қызмет көрсету (жұмыс орындау) жүзеге асырылады. Негізінен тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады.

Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу келісім-шарты негізінде жүзеге асырылады, яғни тауарлы-ақшалай, саудалық-айырбас операциялары сипатталады. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық кәсіпкерлік өндiрiстiк кәсіпкерлікпен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.

Кәсіпкерлік қызметің ерекше түрі - қаржылық кәсіпкерлік болып табылады. Оның сату - сатып алу объектісі - ақша айналымы, бағалы қағаздар, валюталық қатынастар. Яғни, ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қаржы нарығы, валюта және бағалы қағаздар нарығы бой көтерді, оларға қатысушылар: коммерциялық банктер, қор биржалары, кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер және жеке тұлғалар. Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін бағалы қағаздар нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Сонымен қатар меншікті акцияға, облигацияға, несие мен коммерциялық бағалы қағаздарға қатысты бағалы қағаз эмиссиясы жүзеге асырылуы мүмкін.

Кеңес беру кәсіпкерлігі - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік және оқу-үйрету нысандарында болуы мүмкін [2] .

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынандай нысандары бар:

- мемлекеттік кәсіпорын;

- серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті) ;

- акционерлік қоғам, бірлестіктер [3] .

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарына дара кәсіпкерлік және шаруашылық серіктістіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар жатқызылса, ұйымдық-экономикалық нысандарға концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ең қарапайым нысандарының бірі дара кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлік - заңды тұлға құрмастан жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:

  1. ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
  2. шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
  3. жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келіп тіркелу сипатында болады және оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады. Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын немесе жеке кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын табысы бар дара кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Кәсіпкерліктің басым бөлігін шаруашылық серіктестіктер құрайды. Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодесіне сәйкес (58 бап, 2 тармақ) шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрыла алады. Шаруашылық серіктестікті жеке және заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден-бір қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың қабылдаған шешімі бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Сондай-ақ, жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзге де шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив болып қайта құрыла алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжатта табыс етілген күнгі 100-айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем болмауы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейін жарғылық каптиалдың жалпы сомасының кемінде ең төменгі мөлшерін енгізуге міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп - қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді.

Кәсіпорындардың тағы бір ұйымдық нысаны өндірістік кооперативтер. Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі, басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті қалыптастыру
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысы
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz