Дамып жатқан елдерге шет елдердің көмек мәселелері



18 сәуірде, бір күнде және бір уақытта, әлемнің 20 қаласында: Алматы, Бангкок, Пекин, Канберра, Коломбо, Дакка, Женева, Ханой, Исламабад, Джакарта, Катманду, Куала Лумпур, Манила, Мәскеу, Нью-Дели, Нью-Йорк, Сеул, Сингапур, Сува мен Токиода Азия және Тынық мұхит елдері бойынша БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) әзірлеген Азия-Тынық мұхит өңіріндегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолудың тұсаукесері өткізілді. Алматыда бұл шараны Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігі мен республика Сыртқы істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.
Шолумен таныстыру рәсімінде кіріспе сөз сөйлеген Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар және көпжақты байланыстар департаментінің директоры Мұрат Ташыбаев АТМЭӘК-тің 20 қаланың бірі ретінде Алматыны таңдауын ерекше атап көрсетті. 15-23 мамыр аралығында осында БҰҰ АТМЭӘК-тің 63-ші сессиясы өткізілгелі отыр. Бұл да Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне берілген оң баға, деді ол. Ойдағыдай жүргі­зілген құрылымдық реформалар, шикізат тауарларына қолайлы әлемдік коңюнктура және осының нәтижесінде кейінгі 6-7 жылда ішкі жалпы өнімнің серпінді өсуі Қазақстан Үкіметіне либералдық нарықтық өзара қатынастар мен Қазақстан қоғамын жан-жақты дамытуға бағытталған әлеуметтік бағдарланған ішкі саясат арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға мүмкіндік берді.
“Белгісіздік кезеңінде алдыңғы қатарда” атты 2007 жылы шыққан Азия-Тынық мұхит өңіріндегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолумен БҰҰ АТМЭӘК сарапшысы Болат Тәттібеков таныстырды.
Шолу 2006 жылы Азия-Тынық мұхит өңірінде таңқаларлық әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткенін көрсетіп, 2007 жылға осынау серпінді даму жалғасын табатын жыл ретінде зер салады, сондай-ақ болашақ әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды тұстарын (мұнай бағасы, инвестициялық саясат, экологиялық проблемалар, демография және кедейшілікпен күрес мәселесі) айқындайды. Шолудың жеке бір тарауы жыныстық кемсітушілік проблемаларына арналған.
Шолуда атап көрсетілгендей, Азия-Тынық мұхит өңіріндегі дамушы елдер экономикасының өсу қарқыны 2006 жылы 7,9%-ды құрады, бұл көрсеткіш алдыңғы жылы 7,6% болған. Сарапшылардың пікірінше, сыртқы сұраныс белсенділігінің сақталуы бұрынғысынша көптеген елдерде өсудің негізгі себепшісі болды. Өткен жылғы әлемдік ішкі жалпы өнімнің 16%-дан астамы осы өңірдің үлесіне тиесілі. Өңір экономикасы дүниежүзілік саудаға, монетарлық саясатқа, сондай-ақ әлемде болып жатқан инфляциялық үдеріске күшті ықпал етуде.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Дамып жатқан елдерге шет елдердің көмек мәселелері

18 сәуірде, бір күнде және бір уақытта, әлемнің 20 қаласында: Алматы,
Бангкок, Пекин, Канберра, Коломбо, Дакка, Женева, Ханой, Исламабад,
Джакарта, Катманду, Куала Лумпур, Манила, Мәскеу, Нью-Дели, Нью-Йорк, Сеул,
Сингапур, Сува мен Токиода Азия және Тынық мұхит елдері бойынша БҰҰ
Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) әзірлеген Азия-Тынық
мұхит өңіріндегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолудың тұсаукесері
өткізілді. Алматыда бұл шараны Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігі мен республика
Сыртқы істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Шолумен таныстыру рәсімінде кіріспе сөз сөйлеген Сыртқы істер
министрлігі халықаралық ұйымдар және көпжақты байланыстар департаментінің
директоры Мұрат Ташыбаев АТМЭӘК-тің 20 қаланың бірі ретінде Алматыны
таңдауын ерекше атап көрсетті. 15-23 мамыр аралығында осында БҰҰ АТМЭӘК-тің
63-ші сессиясы өткізілгелі отыр. Бұл да Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында
қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне берілген оң баға, деді
ол. Ойдағыдай жүргі­зілген құрылымдық реформалар, шикізат тауарларына
қолайлы әлемдік коңюнктура және осының нәтижесінде кейінгі 6-7 жылда ішкі
жалпы өнімнің серпінді өсуі Қазақстан Үкіметіне либералдық нарықтық өзара
қатынастар мен Қазақстан қоғамын жан-жақты дамытуға бағытталған әлеуметтік
бағдарланған ішкі саясат арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға мүмкіндік
берді.

“Белгісіздік кезеңінде алдыңғы қатарда” атты 2007 жылы шыққан Азия-
Тынық мұхит өңіріндегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолумен БҰҰ
АТМЭӘК сарапшысы Болат Тәттібеков таныстырды.

Шолу 2006 жылы Азия-Тынық мұхит өңірінде таңқаларлық әлеуметтік-
экономикалық дамуға қол жеткенін көрсетіп, 2007 жылға осынау серпінді даму
жалғасын табатын жыл ретінде зер салады, сондай-ақ болашақ әлеуметтік-
экономикалық саясаттың маңызды тұстарын (мұнай бағасы, инвестициялық
саясат, экологиялық проблемалар, демография және кедейшілікпен күрес
мәселесі) айқындайды. Шолудың жеке бір тарауы жыныстық кемсітушілік
проблемаларына арналған.

Шолуда атап көрсетілгендей, Азия-Тынық мұхит өңіріндегі дамушы елдер
экономикасының өсу қарқыны 2006 жылы 7,9%-ды құрады, бұл көрсеткіш алдыңғы
жылы 7,6% болған. Сарапшылардың пікірінше, сыртқы сұраныс белсенділігінің
сақталуы бұрынғысынша көптеген елдерде өсудің негізгі себепшісі болды.
Өткен жылғы әлемдік ішкі жалпы өнімнің 16%-дан астамы осы өңірдің үлесіне
тиесілі. Өңір экономикасы дүниежүзілік саудаға, монетарлық саясатқа, сондай-
ақ әлемде болып жатқан инфляциялық үдеріске күшті ықпал етуде.

Өңірдегі тамаша экономикалық өсу жаһандық ауқымдағы тәуекелдердің
артуы жағдайында байқалып отыр. 2006 жылдың орта шенінде мұнайдың бағасы
рекордты көрсеткішке жетті. Жаһандық тепе-теңсіздік бірте-бірте ұлғайып
келеді, ал АҚШ-тың ағымдағы шоттарының балансы өткен жылы тағы да 100 млрд.
долларға нашарлады. Бұл АҚШ долларының күрт құнсыздануы ықтималдығын
ұлғайтты. Өңірдегі негізгі валюталардың АҚШ долларына қатысты бағамының
күрт нығаюы нәтижесінде бір мезгілде инфляциялық қысыммен күресе отырып,
айырбас бағамын бәсекеге қабілетті деңгейде ұстап тұру қиындай түсті.

2006 жылы мұнай бағасының жоғары және тұрақсыз болуына қарамастан,
Азия-Тынық мұхит өңіріндегі дамушы елдер инфляцияны 4,3% деңгейінде ұстап
тұра алды. 2005 жылы да инфляция осындай деңгейде болған.

Өңірішілік көрсеткіштер бойынша Шығыс және Солтүстік-Шығыс Азия алда
келеді. Ондағы өсу көрсеткіші күткендігіден асып-түсіп, 8,5%-ды құрады.
Қытайда инвестициялардың тез өсуі жалғасты. Экономикалық өсу Солтүстік және
Орталық Азияда да жоғары болды, орташа алғанда 7,5%-ды құрады. Мұнайдың
жоғары бағасы Әзірбайжан, Қазақстан және Ресей Федерациясы сияқты мұнай
экспорт­таушы елдерде экономикалық өсуге жәрдемдессе, екінші жағынан
инфляцияны “нәрлендірген”.

Негізгі көрсеткіштердің өсуі тұрғысынан алғанда, Қазақстан Үндістан мен
Қытайға жақындап келеді. Ішкі жалпы өнімнің 10% шамасында өсуі осыны
көрсетеді. Инфляциялық үдеріс бізде біраз жоғары болғанымен, оның да
төмендеу үрдісі байқалады.

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда серпінді экономикалық өсу жалғасып,
оған негізінен өнеркәсіп пен қызмет көрсету секторы жәрдемдескен.
Үндістанда өсу қарқыны 9,2%-ды құраса, Иранда ол 6,1% болды.

БҰҰ АТМЭӘК сарапшыларының пікірінше, Азия-Тынық мұхит өңірінің дамушы
елдерінде экономикалық өсу 2007 жылы 7,4%-ды құрайды, бұл өткен жылғыдан
төмен. Болжамдарға қарағанда, АҚШ экономикасының өсу қарқыны баяулауына
байланысты сыртқы жағдайлар өткен жылғыдан азырақ қолайлы болады. Сондай-
ақ, электронды техника құралдарына жаһандық сұраныстың аздап төмендеуі Азия-
Тынық мұхит өңірінің даму болашағына жайсыз әсер етуі мүмкін. Халықаралық
экономикалық дамудың бәсеңдеуі жағдайында өңірдегі экономикалық өсуге
Қытай, Үндістан мен Жапония дем беретін болады. Азия-Тынық мұхит өңіріндегі
ішкі жалпы өнімнің 60%-дан астамы және импорттың 45%-ға жуығы аталған үш
елдің үлесіне тиеді. Нәтижесінде олар өңірдің дамуына айтарлықтай
мүмкіндіктер туғызады.

2007 жылы инфляция проблемасы өткен жылғыдан өткір болмайды. Ал, Азия-
Тынық мұхит өңірі дамушы елдерінде инфляция 3,8%-ды құрайды деген болжам
жасалған. Мұнай бағасының төмендеуі инфляциялық қысымды азайтады, сондай-ақ
бұған барлық өңірде жүргізіліп жатқан қатаң валюталық саясат жәрдемдесетін
болады.

Шолуда Азия-Тынық мұхит өңірінде 2007 жылғы экономикалық өсу жөніндегі
болжам айтарлықтай оптимистік болғанымен, бастапқы болжам экономикалық
өсудің баяулауына әсер ететін тәуекелдерді көбірек ескереді. Бұл ретте
назар аударуға тұрарлық тәуекелдер ретінде мұнай бағасының күрт өсіп кетуі,
АҚШ-та тұрғын үй рыногындағы сұраныстың төмендеуі, жаһандық тепе-
теңсіздіктің ретсіз ұлғаюы, Жапония экономикасының тұрақты сауығу үрдісінің
кері бұрылуы, Қытай экономикасының “қызып кетуі” сияқты тәуекелдерді
атайды.

“Белгісіздік кезеңінде алдыңғы қатарда” шолуында келтірілген Азия-
Тынық мұхит өңіріндегі қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық дамудың
үрдісін талдау мен бағалау, сондай-ақ, экономика, қаржы және сауда
саласындағы әлемдік жетекші сарапшылардың ұсыныстары Қазақстан мен өңірдегі
жетекші мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық бағыттарын тағы бір
салыстырып көруге мүмкіндік береді.

Соңғы кезде туу азайып, өлім көбейді. Оның есесіне, әлем халқы
қартайып барады. 2007 жылы әлемдегі мемлекеттердің 55 пайызы бұл
процестердің кең өріс алып бара жатқанына мазасызданып отыр. Қарапайым
тілмен айтқанда, жастар мен дүниеге келген сәбилердің саны аз да, қарттар
көп. Әлемдік зерттеу қазіргі таңда қартаю синдро­мының үлесі артқаны
соншалық, бұл процесс СПИД пен ВИЧ инфекциясынан кейін екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Қазақстан Республикасының экономикасының аймақаралық сипатын талдау
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Исо - стандарттары, сапа ілгіші
Жұмысшы күшінің Қазақстандағы жағдайы
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Халықаралық туризм туралы
Пәндер