Ес және адам



І. Кіріспе : Ес туралы ұғым


ІІ. Негізгі бөлім : Ес теориялары


2.1 Оқушылар есінің даралық айырмашылықтары.
Есті тәрбиелеу


2.2 Естің түрлері


2.3 Ұмыту және оның түрлері


2.4 Естің негізгі процестері және олардың жүзеге асу заңдылықтары



ІІІ. Қорытынды бөлім : Ес және жеке адам
Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді.Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады.Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды.Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады,ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Қабылдау сияқты есте бейнелендіретін процесс болып саналады,бірақ қазіргі сәттегі әрекет қана емес,бұрын болып өткендер де бейнеленеді.
Ес дегеніміз адам тәжірибесін есте тұту,сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіру.
Ес қабылдау актісінің өзінде қатысады,өйткені танусыз қабылдау мүмкін емес,зат қабылдаудың қатысынсыз қайта жаңғырып жатқанда ес қабылдаумен байланысы жоқ дара психикалық процесс ретінде көрініс береді.
И.П.Павлов өз қызметшілерімен бірге естің мидың рефлекстік қызметінің нәтижесі екенін тәжірибе ретінде көрсетіп берді."…Уақытша нервтік байланыс, деп жазды Павлов, жануарлар дүниесімен біздің кезіміздегі өте универсалды физиологиялық құбылыс.Сонымен бірге ол психикалық та, мейлі олардың түрлі әрекеттердің әсерлердің немесе әріптерді байланысынан тұратын құрылым болсын,психологтардың сөз және ойлар тізбегі ассоциация деп айтатындары»
Бір нәрсені есте сақтау – оны байланыстыру деген сөз.Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады.Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады.Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан (б.э.д.384-322)болды.Аристотель ассоциациялары тек тікелей елестетумен байланыстырып,психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау,қиял,ерік т.б)түсіндіруге бұл принципті қолданбады.
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын,қалағанынша меңгерсе де,жан-жақты жетіле де алмас еді.Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса,бізге өмірді әркез қайта жасап отыруға тура келер еді,не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уақытта белгісіз,не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
1.А.А.Смирнов
Есте сақтау психологиясы/1984 ж
2.М.Мұқанов
Педагогика психология очерктері
Алматы /1962 ж
3.В.В.Богасловский
Жалпы психология
Қазақ тіліндегі аударма
Алматы /1980 ж
4.Қ.Жарықбаев
Ө.Озғанбаев
Жантануға кіріспе
Алматы /2000 ж
5.Ә.Тәжібаев
Жалпы психология
Алматы /1993 ж
6.Сәбит Бап-баба
Жалпы психология
Алматы /2003 ж
7.Ж.Аймауытов
Психология
Алматы 1995 ж
8.Ж.Намазбаева
Психология
Алматы /2005
9. И.П.Павлов
Шығарманың толық жинағы/ІІІ том.2к
СССр Ғылым Ак баспасы
10.К.С.Станиловский
Актерлардың өзін-өзі жетілдіруі/8 томдық шығармалар
Жинағы/2 том,Искуство.
11.И.И.Зинченко
Ырықсыз есте ұстау/1962 ж
12.А.Н.Лука
Ес және кибернетика/1966 ж
13.А.Р.Лурия
Үлкен ес туралы кітапта/1968 ж
14.А.В.Петровский
Психология жайлы әңгімелер/1962 ж
15.Л.М.Сухаребский/Ес туралы/Л., Медтиз,1962 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе : Ес туралы ұғым

ІІ. Негізгі бөлім : Ес теориялары

1. Оқушылар есінің даралық айырмашылықтары.
Есті тәрбиелеу

2.2 Естің түрлері

2.3 Ұмыту және оның түрлері

2.4 Естің негізгі процестері және олардың жүзеге асу заңдылықтары

ІІІ. Қорытынды бөлім : Ес және жеке адам

1.Ес туралы ұғым

Естің анықтамасы.

Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді.Үлкен ми сыңарлары
қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады.Бұл іздер қозуды туғызған
тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды.Соның
негізінде адам есте тұтып және сақтай алады,ал кейін жоқ нәрсені
бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Қабылдау
сияқты есте бейнелендіретін процесс болып саналады,бірақ қазіргі сәттегі
әрекет қана емес,бұрын болып өткендер де бейнеленеді.
Ес дегеніміз адам тәжірибесін есте тұту,сақтау және қайта жаңғырту
жолымен бейнелендіру.
Ес қабылдау актісінің өзінде қатысады,өйткені танусыз қабылдау мүмкін
емес,зат қабылдаудың қатысынсыз қайта жаңғырып жатқанда ес қабылдаумен
байланысы жоқ дара психикалық процесс ретінде көрініс береді.
И.П.Павлов өз қызметшілерімен бірге естің мидың рефлекстік қызметінің
нәтижесі екенін тәжірибе ретінде көрсетіп берді."...Уақытша нервтік байланыс,
деп жазды Павлов, жануарлар дүниесімен біздің кезіміздегі өте универсалды
физиологиялық құбылыс.Сонымен бірге ол психикалық та, мейлі олардың түрлі
әрекеттердің әсерлердің немесе әріптерді байланысынан тұратын құрылым
болсын,психологтардың сөз және ойлар тізбегі ассоциация деп айтатындары
Бір нәрсені есте сақтау – оны байланыстыру деген сөз.Ес процесінің
негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп
атайды.Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін
елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады.Кейін
объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға
себеп болады.Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан (б.э.д.384-
322)болды.Аристотель ассоциациялары тек тікелей елестетумен
байланыстырып,психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау,қиял,ерік
т.б)түсіндіруге бұл принципті қолданбады.
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы
болмасын,қалағанынша меңгерсе де,жан-жақты жетіле де алмас еді.Егер біздің
есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса,бізге өмірді әркез қайта
жасап отыруға тура келер еді,не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр
уақытта белгісіз,не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып
жатады.Ол,әсіресе,ойлау үшін аса қажет.Нәрсе есте дұрыс сақталмаса,бұл жәйт
ойлауға қиынтық келтіреді.Ж.Аймауытов : ...еске түсіру өнер дегеніміз –
ойлау өнері...Байланыстардың мәнісі – ойлау деген сөз, - дейді.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын
алады.Мектептегі оқу-тәрбие процесінің бірі – баланың есін үздіксіз дамытып
отыру.Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы
психиологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген,олардың біразы заңдылықтар
ретінде дәлелденген.Осы заңдарға сүйеніп,баланың оқу материалдарын
ұмытпай,есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау - әрбір мұғалімнің міндеті.
Естің негізінде ассоциациялар немесе байланыстар жатады.Ақиқат
дүниедегі бір бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде де
байланысын сақталады.Біз бұл заттардың біреумен кездесіп ассоциация бойынша
онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз.Сонымен есте сақтау дегеніміз
есте сақтайтын нәрсені бұрыннан белгілі нәрсемен байласыстыру, ассоциация
жасау.
Физиологияляқ жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік байланыс
болып саналады.Ассоциациялар қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайымына аралас,ұқсастық және қарама қарсылық жөнінен ассоциацияны
жатқызады.
Аралас ассоциация уақыттық немесе кеңістік байланысы бар екі
құбылысты біріктіреді.Мұндай ассоциация,мәселен,әріптерді жаттағанда пайда
болады да,бір әріптің аталуы,одан кейінгісін еске түсіреді.
Ұқсастық жөніндегі ассоциация ұқсас сипатты екі құбылысты
біріктіреді,оның біреуінің аталуы екіншісінің еске түсіреді.Мысалы,мұғалім
география сабағында оқушыларды Австралия порттарының аттарымен таныстырып
тұрып олардың біреуінің аты Аделайда деген әйел атына ұқсас екенін
айтады,сүйтіп есте сақтауды жеңілдететін ұқсастық ассоцияциясын жасайды.
Қарама қарсылық ассоцияциясы қарама қарсы екі құбылысты
байланыстырады.Мәселен,шөлейт аймақ ерекшелігі орманды аймақпен қарама
ұарсылықта есте қалады.
Бұл түрлерден басқа мағыналық күрделі ассоциацияларда болады.Олар
бөлшек пен тұтастық,тип пен түр,себеп пен салдар сиақты ақиқат өмірде де
тұрақты байланыста болатын екі құбылысты байланыстырады.Бұл ассоциациялар
біздің біліміздің негізі болып саналады.
Ассоциацияның жасалуына қайталаудың қажеттілігі бар.Кейде үлкен ми
сыңарлары қыртысында ассоциация жасалуын жеңілдететін өте күшті қозу туса
байланыс бірден де пайда болады.Ассоциация туғызудың маңызды шарты тәжірибе
үстінде қостау,яғни есте сақталуы тиіс нәрсені оқу процесінде қолдану болып
табылады.Ес сигнал туралы инфармацияның сигнал әсері тоқтаған соң да
сақталуы.
Онтогенез процесінде әр организм сырқы ортадан инфармация алады,ол
оны өңдейді,сақтайды және қайта жаңғыртады немесе мінез құлықта
пайдаланады.
Мидың жұмыс жасауы үшін инфармацияның түсуі өңделуі ғана емес,сондай
ақ оның белгілі бір қоры сақталуы қажет.Нерв жүйесінде түрдің эволютция
процесінде жинақталып шартсыз рефлекс немесе инстинг болып қалыптасқан және
организмнің индивидуальді өмірінде шартты рефлекс түрінде бойына сіңген
инфармация сақталады.Соларға сәйкес естің екі түрі түрлік ес және
индивидуальді ес болады.
Қазіргі кезде биология мен генетиканың жетістігі индивидуальды естің
ішкі миханизмінен гөрі түрлі ес туралы,тұқым қуалау механизі жайлы молырақ
білуге мүмкіндік берді.Соңғы он жылдықтарда индивудалды ес механизі күшті
зерттеліп,бұл мәселе жөнінен бірқатар болжамдар айтылды.
Ес мехенизмдерін электрофизиологияның көрсетулерімен түсіндіруге
талпынушылық болды.Электронды техниканың жетістіктері ми биотоктарын жазып
алуға мүмкіндік берді.Электроэнсефалограмма бойынша уақытша байланыстар
жасалу процесін олардың тежелуін және тежелуден арылуын, яғни
ұмыту,тану,еске түсіру механизмдерін байқауға болады.
Ес механизмі жөніндегі нейрофизиологиялық жорамал ми нейтрондары
бойларынан нервтік импульс өтетін жабық тізбектер құрайды деуден
тұрады.Онда миға келіп түскен,онда өңделуден өткен инфармация
сақталады.Нервтік импульстің қайталап өтуі синапстардың құрылымын
өзгерістерге ұшыратады.Нерв импульстерінің тасқыны қайталанса процесс әлде
қайта жеңіл өтеді.Импульс қызметі ұзаққа созылғанда синапстар қызметі
күшейе түседі және бұл олардың құрылымына әсер етеді.Оқыту процесі ми
қыртысының физикалық және химиялық күйіне әсер етеді,ол іздердің ми
қыртысындағы бірлесіп нығайуына әкеледі.
Болжамдардың басқа тобы ес миханизмдерін мида болатын биохимиялық
өзгерістермен нақты айтқанда ми блогының өзгеруімен түсіндіреді. Белок
синтезінің күшеюі жануарлардың күрделі дағдылардың жасалу процесін
жеңілдетеді.Ал егер белок синтезі тежелсе,шартты рефлекстік әрекет
нашарлайды.
Ес миханизмдерін түсіндіруге нейрохирургия және онымен байланыста
нейропсихология зерттеулері де біршеме себін тигізеді.Ми әртүрлі
бөлімдерінен жасалған операциялар және жаралану,қан кету,қабынуға
байланысты миға зақым келген ауруларды клиникалық зерттеу,ми қыртысының
түрлі проекциялық алаптарының жаралануы естің кей түрлерін
нашварлайтынын,бірақ естің жалпы бұзылуы байқалмайтындығын көрсетті.Ал ми
қыртысының маңдай немесе самай бөлімдері зақымдағанда кез келген талдағышта
инфармацияның сақталуы нашарлайды,ес тұтас бұзылыды.
Ес механизмдерін түсіндіруге талаптанушылықтың бәрі әзірше,азды көпті
негіздегі болжамдар ғана болып отыр.Инфармацияны қабылдау,қайта өңдеу және
сақтау жөніндегі ми қызметінің механизмнің одан әрә зерттеуде қажет
етеді.Экспериметтік техн иканың ең жаңа жетістіктерін және оның
матеметикалық өңдеуін қолданған бірнеше ғалым ғана ес механизмдерін
түсіндірудің физикалық химиялық нанымды теориясын жасай алады.
Естің маңызы.
Адам өмірінде естің маңызы орасан зор,өйткені онсыз ешбір іс-әрекет
болмаған болар еді.И.М.Сеченов ес болмаса,біздің түйсіктеріміз бен
қабылдауларымыз райда болған бетте ізсіз жоғалып,адам мәңгі бақи жас
нәресте қалпында қалар еді деп көрсетті.
Ес болмаса,адам кім болар еді? Онда адам оқи да,еңбек те ете
алмай,тіпті қарапайым дағдылардың өзін игеруге шамасы келмес еді.Кейбір
психикалық ауруларға ұшырағанда естің терең зақымдануы байқалады.Мұндай
аурулылар өздерінің қай жерде тұрғанын есінде сақтай алмайды,немен
шұғылданғанын білмейді,олар кітап бетін оның мазмұнын есте қалдырмастан
қайта-қайта оқи береді.Бұл деректер,бұрынғы тәжірибе болмаса,өмірдің
қалыпты барысы бұзылып,адамдардың мүгедек болып қалатындығын дәлелдейді.

2. Ес теориялары

Ес механизмдерін психологиялық зеттеу тарихи басқа психикалық
құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған.Алғашқы,кең етек алған
естің ассоциативтік теориясы.Тұл теорияның мәні:дүние заттары мен
құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген
күйде емес,өзара байланысты топталған не тізбектелген (Сеченов)қалыпта
жүреді.Осы процеске тәуелді мида еске қалдыру мен қайта жаңғыртудың
физиологиялық негізі уақытша жүйке байланыстары түзіледі.Мұндай байланыстар
психологияда ассоциациялар деп аталады.Ассоциацияларлардың бірі заттардың
уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен,яғни жанасу ассоциациясы,
екіншісі – олардың ұқсастығынан туған бейнеден,яғни ұқсастық
ассоциациясы,
үшіншісі – қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы,
төртіншісі – себеп-салдары қатынастарынан туындайтын каузальдық
ассоцияция. Бұл бағыттағы теорияны
ұсынып,дамытқандар:Аристотель,Юм,Д. Джеймс,СпенсеИ.М.Сеченов,И.П.Павлов .

Естің нейрондық теориясы.

Адам миының құпиясы көп жағынан әлі ашылар емес.Ол өте құрылымды.Осы
күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап,оны сақтай алу қабілетін
қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымды немесе химиялық
өзгерістермен байланыстырып отыр.Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте
қалдыру мидың электрлік белсенділігімен,яғни мидағы химиялық не құрылымдық
белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады.Бұл үшін
қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт.Физиология
заңдарына орай нейрон жеткізген импульстар аксон арқылы бір жасушадан
екіншісіне беріледі.Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп
аталады.Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған.Синапс
негізінде екі түрде қызмет етеді,бірі-қоздырушы,екінші-тежеуші .Сонымен
қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе
тежелуші жеке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды.Айырмасы – қысқа
мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады
да қзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

Естің биологиялық теориясы.

Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол
процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды.Ірі ағза үшін
тән болған генетикалық ақпарат ДНК молекулаларында шоғырланады,ал оны
тасымалдау басқа РНК молекуласымен орындалады.ДНК ағзаға тән жаңа
генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан,оның өзі немесе РНК игерілген
тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды.Эксперимент
барысы:жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді.Оның жүйке жүйесінің
бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды,кейін ол игерілген білікті екінші
жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді.Үйретілген жануардың РНК
молекуласын қабылдаған екінші жануар алғашқысының дағдысын қайталап берді.
Тағы бір эксперимент.Планари құрттары бір бірін қорек етеді.Егер бір
планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп,оны турап,үйретілмеген екіншісіне
жеткізсе,онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған
(Д.Мак-Коннел).
олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді. Алғашқы
эксперимент тіжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларындағы
химиялық бірікпелерде таңбаланып,организмде еркін қозғалысты болатындығы.

2.1 Оқушылар есінің даралық айырмашылықтары.
Есті тәрбиелеу

Ес дәрежесі екі адамды табу қиын.Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші
біреу – санды жақсы жаттайды, үшінші біреу – ұмытшақ, төртінші кісі
көргенін есінде ұстағыш келеді т.б. Адамдар,сондай-ақ,есінің дәлдігі
жөнінен бір-бірінен ажыратылады.Естің дәлдігі - ешбір жаңылмай,ойдың
тәртібін бұзбай,мағыналы түрде айта білуі қабілеті.Мәселен орыс компазиторы
Балакиревтің есі дәл осындай болған.Концертте отырғанда,ол Чайковскийдің
бір симфониялық шығармасын естиді де,екі жылдан кейін осы симфонияны
жаңылмай орындап берді.
Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де алдыны
қара салмайды.Жұрт бұларды зейінді,зерек адам дейді.Ал басқа
біреулер,керісінше,қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай,әуре
болады.Адамдар еске қалдырудың ұзақ-қысқалығымен де ажыратылады.Мәселен,
бір нәрсені жаттап алса,оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болады.Екінші
біреу оны тез ұмытады.
Естің жақсы сапаларының бірі – даярлығы.Естің қорынан кез-келген
уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді.Сондай-ақ көп
нәрсені миына тоқи алатын,есінің өрісі кең адамдар да болады.Біреулер
көзбен көргенді,енді біреулер құлағымен естігенді жақсы қалдырады.Жоғарыда
аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі.Оларды төмендегіше
жіктеуге болады:
1.Есте қалдыруы шапшаң,қайта жаңғыртуы жақсы,есте қалдырғанын көпке
дейін ұмытпайтын оқушылар.
2.Есте баяу қалдырғанымен,ұмытпайтын оқушылар.
3.Есінде қалдыруы тез болғанымен,ұмытпайтын оқушылар.
4.Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар
Оқушы есінің сапсы төмен болуы көптеген себептерге байланысты.Есте
қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады,үй тапсырмаларын жүйелі орындап
отырмайды,кітапты қалай оқу тәсілдерін білмейді.Есте қалдырудың нашарлығы
баланың сабақты дұрыс тыңдамауынан,зейінсіз отыратындығынан да
болады.Мұндай балалар үнемі мұғалімнің бақылауында болуы тиіс.Енді бір
балалар ауру-сырқаулы болғандықтан тез шаршайды,сабақты кірбің көңілмен
тыңдайды.Мұғалім осындай балалармен де жұмыс жасау тиіс.Мәселен ,оларға
сабақ ұйымдастыру,ол оқушылардың арнаулы режиммен жүріп-тұруын қадағалау
т.б.балалардың ес қабілетін арттыруға себепші болады.
Баланың есі туғаннан былай қарай дами бастайды. Мәселен,төрт-бес
айлық бала стақандағы ыстық суды біліп,оған жоламайды,өйткені оған қолын
күйдіріп алған.Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірер жеті көрмесе де тани
алады.Бұл –балада тану процесінің өте ерте көрінетіндігін
байқатады.Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі.
Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен рөл
атқарады.Оқушылардың есін тәрбиелеуде мұғалім олардың жас және дара
ерекшеліктерін қатты ескере отырып,жұмыс жүргізеді.Төменгі сынып оқушылары
оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма
бергенде ,материалды қалай оқу керектігі айтылған.Бірақ баланың назары
бұған көп түсе қоймайды.Мұғалім оны қатты ескерген жөн.
Төменгі сынып оқушылары материалды, көбінесе,сөзбе-сөз жаттап
алады.Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Оқулықтағыдай білсем
болғаны ғой дейді.Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі
жинақтылығы себеп болады.Оқушының оқыған нәрсенің түсіне алу – оның
материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады.Төменгі сынып оқушылары бұл
жағынан өте шорқақ нкенін де,психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.Өйткені
бала мәтінге талдау жасауды білмейді,мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен,оның
негізгі жерін айыра алмайды.Оқушылар шығарманың жеке бөліктеріне ат
беріп,басты жерлерін табудың орнына,мітінді түгелдей жаттап қояды.Бұл әдіс
оған оңай болып көрінеді.Егер мітін ұсақ бөліктерге бөлінетін
болса,оқушылар жеке фактілермен сөйлемдерді оларға тақырыпша етеді де,мәтін
үлкен бөліктерге бөлінсе,бұлардың тақырыпшасы шамадан тыс,шығарманың
мазмұнын көрсетпейтін жағдайда болады.Оқушыларды жаңа шығарманы өткен
шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру,оқу материалдарын неғұрлым ұзақ
мерзімге есте қалдыруға бағытбері – мағыналы есті дамытудың басты
әдістерінің бірі.
Оқушы есінің дамуы – мұғалім жұмыс әдісіне,әсіресе психологиялық
дайындығына байланысты.Алдымен мұғалім есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың
заңдылықтарын жақсы білуі тиіс.Сонда ғана ол балаларды осындай әдістерге
үйрете алады.Мұғалім оқушылардың есін тәрбиелеуде олардың жеке және дара
ерекшеліктерін қатты ескереді.Сабақты баланың есіне жақсы қалдыру
үшін,мұғалім бала білуге тиісті нәрсені үнемі көзіне көрсетіп,дұрыс
қабылдай алуына қатты зер салу керек. Алғашқы образдардың есте берік және
барлық жағынан сақталып қалуының ерекше міні бар, - дейді К.Д.Ушинский, -
өйткені балалардың есінде оқыту арқылы жеткізілетін алғашқы образдар
неғұрлым берік орын алатын болса,соғұрлым келешектегі образдар баланың
есінде оп-оңай және берік сақталатындығын көреміз.Баланың есін
тәрбиелеп,дамыту ісін оның бүкіл ақыл-ой,адамгершілік тәрбиесімен
қосақтастыра жүргізген жэөн.Оқушылардың оқу мен еңбекке байланысты борышы
мен жауапкершілігін,әдеті мен ерік-жігерінің жақсы сапаларын тәрбиелеу
олардың есін де жетілдіріп отыруға көп көмегін тигізеді.

2. Ес түрлері

Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшінжұмсалатын әрекеттердің сипатына
орай естің әртүрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт:
1)әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес
– Қозғалысты
Сезімдік
Бейнелі
Сөз-логикалы
Болып бөлінеді.2) іс-әрекет мақсатына орай ес –
Ырықты
Ырықсыз болуы мүмкін
3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып,
ұзақ мерзімді
нақты қызметтілік естер ажыратылады.

Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін
есте қалдырып,сақтап және қайта жаңғырту. Кейбірадамдардаосы ес түрі
басқа ларынан гөрі басымдау келеді.Ондайлар,мысалы,музыкалы шығарманы
дауыспен қайталай алмаса да,бимен көрсетуге шебер.Ал екінші біреулердің
қозғалысты шеберлігі өте шабан.Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның
әрекеті ептілігінен,еңбектегі ұқыптылығы бармағынан өнер тамғанынан
көрінеді.

Сезімдік ес - әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған
ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз
орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз.Осыдан көңіл-күй есі адам
өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие.Басымыздан өтіп,есімізге
сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі
жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады.Сізбен
қатынасқан адамның көңілін аулау,оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен
қосылып,толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.

Бейнелі ес - елестерге,табиғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
Естің жалпы сипаты
Ес туралы жалпы ақпарат
Ес
Естің физиологиялық теориясы
Ес туралы ақпарат
Антикалық, Шетел және Ресей психологиясындағы ес мәселесі
Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде
Ес туралы жалпы мәлімет
Пәндер