Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы



1. Пугачевтың қазақ халқына уәде беруі.
2. Берілген уәденің орындалмауы
3. Көтерілістің басталуы
4. Көтерілістің нәтижесі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ жерлерінің тартып алынуы жайылымдық жерлердің өрісін тарылтып, мал шаруашылығына үлкен зиян тигізді. Бұл жағдай отаршылдарға қарсы күреске шығуға мәжбүр етті. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының қозғалысының басталуы Е.Пугачев жетекшілік еткен шаруалар соғысымен (1773-1775 ж.ж.) тұспа-тұс келді.
Өзін ІІІ Петр патшамын деп жариялаған Пугачев қазақтар арасында «Манифестер» таратты. Бұл манифестерде ол қазақтарға бостандық және бұрынғысынша еркін өмір сүру құқығын беруге уәде берді.
Бұл манифестер қазақтардың Пугачев әскеріне жаппай қосыла бастауына ықпал етті. 1773 жылдың қыркүйегінен көтерілісшілер орыс қамалдары мен бекіністеріне шабуылдай бастады. Жылдың соңында Жайық өзенінің төменгі бойы қазақтардың бақылпауында болды. Абылай хан көтерілісшілерді қолдай отырып, жазалау отрядтарына көмек көрсетуден бас тартты. Кіші жүз қазақтары Жайық, Орынбор қалаларын қоршауға жәнет Кулагин қамалын алуға қатысты. Орта жүз қазақтары преснегорький? Петропавл қамалдарына шабуыл жасады.
1775 жылдың қаңтарында Пугачев дарға асылғаннан кейін патша әскерлері көтерілісшілерді жазалауға кірісті. Оларға Нұралы хан белсене көмек көрсетті. Жазалаушыларға қарсы күресте Сырым Датұлы бастаған Байбақты руының жасағы ерекше ерлігімен көзге түсті.
1775 жылдың күзінде отаршылдыққа қарсы қозғалыс жаңа күшпен өрістеді. Оны табын руынан шыққан жиырма екі жастағы Сапура Мәтенқызы басқарды. Сапура күресті басқарушы өзі емес, Көктемір әулие деген аңыз таратты. Кейбір сұлтандардың сатқындығы салдарынан қозғалыс 1776 жылдың жазында уақытша бәсеңдеді.
1. 8 сынып Қазақстан тарихы.
2. 9 сынып. Қазақстан тарихы
3. Әлібаев, Мырзабеков. Қазақстан тарихы.
4. Мучин Чапай
5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін 3 том.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына
қатысуы

Жоспары:

1. Пугачевтың қазақ халқына уәде беруі.
2. Берілген уәденің орындалмауы
3. Көтерілістің басталуы
4. Көтерілістің нәтижесі
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚТАРДЫҢ Е.И.ПУГАЧЕВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ

Қазақ жерлерінің тартып алынуы жайылымдық жерлердің өрісін
тарылтып, мал шаруашылығына үлкен зиян тигізді. Бұл жағдай
отаршылдарға қарсы күреске шығуға мәжбүр етті. Кіші жүз және Орта
жүз қазақтарының қозғалысының басталуы Е.Пугачев жетекшілік еткен
шаруалар соғысымен (1773-1775 ж.ж.) тұспа-тұс келді.
Өзін ІІІ Петр патшамын деп жариялаған Пугачев қазақтар
арасында Манифестер таратты. Бұл манифестерде ол қазақтарға
бостандық және бұрынғысынша еркін өмір сүру құқығын беруге уәде
берді.
Бұл манифестер қазақтардың Пугачев әскеріне жаппай қосыла
бастауына ықпал етті. 1773 жылдың қыркүйегінен көтерілісшілер орыс
қамалдары мен бекіністеріне шабуылдай бастады. Жылдың соңында Жайық
өзенінің төменгі бойы қазақтардың бақылпауында болды. Абылай хан
көтерілісшілерді қолдай отырып, жазалау отрядтарына көмек көрсетуден
бас тартты. Кіші жүз қазақтары Жайық, Орынбор қалаларын
қоршауға жәнет Кулагин қамалын алуға қатысты. Орта жүз
қазақтары преснегорький? Петропавл қамалдарына шабуыл жасады.
1775 жылдың қаңтарында Пугачев дарға асылғаннан кейін патша
әскерлері көтерілісшілерді жазалауға кірісті. Оларға Нұралы хан
белсене көмек көрсетті. Жазалаушыларға қарсы күресте Сырым Датұлы
бастаған Байбақты руының жасағы ерекше ерлігімен көзге түсті.
1775 жылдың күзінде отаршылдыққа қарсы қозғалыс жаңа күшпен
өрістеді. Оны табын руынан шыққан жиырма екі жастағы Сапура
Мәтенқызы басқарды. Сапура күресті басқарушы өзі емес, Көктемір
әулие деген аңыз таратты. Кейбір сұлтандардың сатқындығы
салдарынан қозғалыс 1776 жылдың жазында уақытша бәсеңдеді.

Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Қазақ даласының батысындағы, солтүстігіндегі және солтүстік-
ІІІығысындағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды,
олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Рессейдің отаршылдық
мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай
кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскерлері шептері қазақтардың көшіп
жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырып
шығарылып, қуылған қазақтар Жайықпен Ертістің он жағасына өз бетімен өтуге
мәжбүр болды.
XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында Верхнеяицкіден Зверимоголов бекінісіне
дейін созылып жатқан Үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770
шақырым болатын. Нақ сол жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі
салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы - 662
шақырымға жетті. Олар қазақтардың көшіп жүретін қоныстарын шектеп тастады.
1742,1755,1756,765 жылдардагы толып жатқан заң актілері бойынша
қазақтардың Жайық пен Еділ арасындағы, Есілдің, Тобылдың жоғарғы
ағыстарындағы жерлерге, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойынша көшіп
баруына тыйым салынды. Бұл жерлер қазақтарға берілді немесе мемлекеттік
көрсетіп тіркелді. Бұл казақтарға қоғамдарының өздеріне көші-қон өрісін
таңдауына мүмкіндік бермеді.
Жайықтан өтуге тыйым салуды патшалық өкімет орындары қалмақтармен
қақтығыстарға жол бермеу тілегіммен түсіндірді. Ал іс жүзінде бұл
ақталмады. Жекелеген ықпалды сұлтандар мен билерге рұқсат етілгенімен,
қазақтардың бұл жерлерді пайдалануға рұқсат ету туралы әр түрлі
өтініштері табысқа жетпеді.
Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына
пайдалануға тырысты. Дәулетті қазақтар мен ірі копестер приказчиктерінің
қызметі шептер маңындағы немесе бекіністердегі айырбаспен шектелмеді.
Далаға тереңдей еніп барып, саудагерлер баламасыз сауда жасады.
Құжаттардың бірінде баламасыз сауда айырбас туралы былай делінген:
жарлықтарда жылқы сатудан алынатын баж қалаларда және сауда-саттықта
айырбас туралы былай делінген: приказчиктерінің қызметі місптср
маиындагы немесе бекіністердегі айырбасмен шектелмеді. Далаға тереңдей еніп
барып, саудагерлер баламасыз сауда жасады. Құжатгардың бірінде баламасыз
сауда айырбас туралы осылай делінген: жарлыктарда жылқы сатумен алынатын
баж қалаларла және сауда-саттықта сатылатын кезде жинап алынады деп
көрсетілгенімем, компанейшиктер уезді аралап жүріп, бейнебір техникалық
алымдар деген түрмен шоқынғандар мен басқа діндегілер деревняларынан
тұрғындар санына қарай он-бес сомды жымқырып кетеді.
Қазақтардың Е. И. Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі
ішкі саяси жағдай да себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі
кайшылықтар шиеленісе түсті. Қатардағы шаруалар мее көптеген ақсақалдар
ханың саясатына риза болмалы. Нұралы ханның патша әкімшілігінен Жем өзені
ауданында өзіне арнап бекініс салуды және өзін күзету үшін қазақ
әскерінің отрядын бөлуді сұрағаны кездейсоқ емес.
Орта жүздегі жағдайдын күрлелілігі де кем болмады. Осының бәрімен,
сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтіле
түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында
патша үкіметінің саясатына наразылық пісіп-жетілді. Қатардағы малшы
шаруалардың отаршылдық саясатқа наразылығы патша үкіметінің белгілі
бір жеңілдіктерін пайдаланған қазақ ақсақалдарына, рубасыларына,
сұлтандар мен хандарға еселене түскен өшпенділікке ұштасты. Бұл
ойды жақтаушылар бейшаралық халге түскен көшпелі қазақтар еді.
1773-74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылы жайық
қазақтарының көтерілісі жол ашып берді. Егер бой көрсетулердің
себептері ортақ болса, қозғалыстардың ұйымдық негізі мен
идеологиясы әр түрлі еді. 1772 жылғы бой көтеру кейінгі оқиғалардың
негізгі белгілерін ғана айқындайды.
Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан өкілінің Пугачев төңірегіндегі
адамдармен кездесуі болды. Алдын ала кездесу кезінде көтеріліс басталғаннан
кейін қазақтардың көтерілісшілер жағында қмылдауы туралы сөз етілді.
Сондықтан Пугачев Кіші жүз қазақтарының қолданылатынына сенімді болды.Ол
осында көшіп жүрген орда бізгс қуанатын болады және ол бізді қарсы алып,
шығарып салады деді.
ПугачсвЖайық қалашығына келіп, өзін ІІІ Петрмін деп жариялады.
Қазақтар өз патшасына адалдыққа ант берді. Пугачевтің төңірегіне оның
сыбайластары мен серіктері: И.Зарубин-Чика, А.Овчинников, А.Нитасимов, В.
Меркульев, М. Логииов,Т. Мясииков, Г. Гюролин, Я. Пономарен, А. Губамов, М.
Шигаев, И. Почиталин, В. Караваев және басқалар топтасты.
Алайда қалада болу кауіпті еді. Пугачев өз жақтастарымен Кожевниковтің
хуторына, содан соң Толкачевтің хуторына барды және сол жерден 1773 жылғы
17 қыркүйекте 500 адамнан тұратын отрядпен Жайық қалашығын қоршау
үшін жақындап келді.
Өз жоспарларында Пугачев қазақтарға, оның үстіне қозғалыстың бас
кезінде нақ жайық қазақтарына сенім артты. Аталған жарлықта 1773
жылы қыркүйектің орта шенінде ол былай деп жазды: Мен, ұлы
патшаларын, қазақтарға, қалмақтар мен татарларға кешірім беремін.
Барлық кінәларыңды кешіремін және мен мендерге: басынан сағасына
дейін өзен және жер, шөп те, ақшалай айлық та, қорғасын да, оқ-
дәрі де, астық азық-түлігін де сыйға тартамын.
20 қыркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000-ға жуық жасағымен Жайық
қалашығына келді. Осы жасақпен бірге Пугачевке Нұралы ханнан мынадай хат
жетті: Сіз жолдаған хабар маған жетті. Мен сіздердің хабарларыңызды білу
үшін Жайық қалашағына келдім. Егер сіз бізге бұрын да патша болсаңыз, өз
күшім қаншаға жетсе - сөзсіз қызмет ететін боламын. Қазақ ханының
ордасындағылар жана патшаның жалған атты жамылушы екенін түсінді және
оқиғалардың қалай өрбитіні әлі белгісіз болатын. Сондықтан ханның жасағы
Жайық қаласына шабуыл жасамақшы болған жоқ оның үстіне калашықты қоршауда
созылып кетті.
Осындай жағдайда Нұралы хан Е.И.Пугачевке ашық көмек көрсетуден
тартынды. Қазақ ханы, сұлтандар мен оның төңірегіндегілер көп кешікпей
Жайық қалашығын тастап кетіп қалды.
Құжатта бұл туралы былай делінген: Сондықтан қарақшы қарақшы Досалы
сұлтанды жеке өзі көруге, қарақшы оны Ресейдің әскери қолымен жасалған
әрекетке өзімен, қарақшымен бірге жүруге шақырды. Досалы сұлтан онымен
бірге жүрді. Алайда қазақтардың Жайық қалашығынаа қарақшының шабуылы
кезінде екі жақта табыска жетпеді. Сондықтан қарақшы осы қаладан Досалы
сұлтанды өзінен босатып жіберді.
Көп кешікпей сұлтандар мен билер патшаның отаршыл өкімет орындарына өз
қызметін ұсынды. Осы арқылы ханның ғана емес, көпшілік сұлтандардыңда бүкіл
көтеріліс кезеңіндегі мінез-құлқының бағыты айқындалды. Нұралы ханға
келетін болсақ ол орал өскерінің атаманы М.Бородинге, орал қалашығының
коменданты Симоновқа және Орынбор губернаторы И.А.Рейнсдорфқа өз қызметін
ұсынды.
1773 жылғы 20 кыркүйекте Пугачев қазақтарға жаңа маманифест арнады:
Менің адал қызметшілеріме де, әскерлерге де жариялансын: менен
еріктілерге де және мені құрметтейтін менің барлық еріксіздеріме
де әмірім, сендердің әскерлерің қарсыласпасын, мен солар үшін
ренжіп тұрмын, сөйтіп олар мен, ұлы патша ағзам үшін тырысатын
болсын. Олардың тыңдамайтындарын қазір де, алдағы кезде де
жазалайтын боламын.
Пугачев Жайық калашығын тікелей шабуыл жасап ала алмады. Оны қоршау
үшін шағын отряд қалдырып, негізгі күштері Орынборға кетті. Жол-жәнекей
Чернореченск және Татищево бекіністерін алды. Қазақтарға үндеуінде Пугачев
өзін ұлы патша Петр Федорович деп атады. Ол помещиктерді жазалауға, дін
ұстану бостандығы құқығын қайтаруға, ал қазақтарға, басқаларының бәріне
қоса, ақшалай айлық төлеуге уәде берді.
Е.И.Пугачевтің қазақтарға алғашкы үндеулері мен манифестері кауымдар
мен жүздерде колдау тапты. Патша өкіметі меи қазақтардың қазақтар жөніндегі
әрекеттері дала жактан шептерге, станициялар мен кордондарға шапқыншылықтар
жасауды жандандыра түсті. Құжаттардын дәлелдеуінше, өзеркі мен кұрылған
қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне,
Кожехаровский форпосына, Красногор дистанциясының бекіністері мен
форпостарына жакындады, Жайық өзенінен өтіп адамдарды тұтқынға алды,
даланың бір шетіне мал айдап әкетті.
1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол бес ай бойы - 1774
жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршағанда Пугачев әскерінің
құрамында шамамен 500 Жайық, 300 елек, 600 орынбор қазақтары, 400 карғалы
және сакмар татарлары, 700 башқұрт, көптеген калмақтар болды. Барлығы үш
мыңдай адам катысты.
Орынборды қоршау алдындағы кезеңде қазақтар арасында бұлікшілік
қозғалыс неғұрлым белсенді сипат алды. Рейнсдорфтың Петербургке жол-даған
құпия хабарламасында былай делінген: Мұндағы жағдай күмәнді ғана емес,
кауіпті де, өйткені мынаны есіткен қазақтар да абыржулы және бекіністер
жанында үлкен топтар болып жүріп, өздерінен сақтануға мәжбүр етуде.
Қысқасы, осындағы губернияда мекендейтін барлық халықта аса үлкен қобалжу
жасалды. Орынбор губернаторының жағдайы қиын еді: көтеріліске әлі қосыла
қоймаған қазақтар толқыды, башқұрттар арасында қозғалыс басталды, қазақтар
патшалық бекіністер мен форпостарға карсы аттанды.
1773 жылдың қазан айында Сейдалы сұлтан бастаған 200адамнан тұратын
жасақ қоршаудағы Жайық бекінісіне келді. Сейдалы сұлтан Досалы сұлтанның
баласы еді. Досалы сұлтанның үш баласы да Пугачев жағында болды. Досалы
сұлтанның өзі мен оның жасағы пугачевшілермен бірге Жайық бекінісіне
тікелей шабуыл жасауға қатысты. Қазақтар Кулагин бекінісін алуға да
қатысты. Бекініске шабуыл жасауға бірнеше пугачевшілермен бірге атаман
Толкачев басшылық етті. Татищев бекінісін қоршауға да казақ
көтерілісшілерінің жасағы қатысты, оларға қазақ ханының баласы басшылық
жасады. Ол қоршау кезіндегі қақтығыстардын бірінде өлтірілді. Орынборды
қоршаудың түрлі кезеңдерінде көтерілісшілерге 2000-дай қазақ қолдау
жасады.
Жайықтан өтіп көшкеп қазақтардың тегеуіріні аса қиындықпен тежелді. Мал
айдап өту үнемі шапқыншылықтармен ұласып отырды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 - 1775 жж)
Қазақтардың е.пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуы
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Е.Пугачев басқарған шаруалар соғысында қазақтардың қатысуы
Е. Пугачев көтерілісінің сипаты
Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Пәндер