Ата-ана және жасөспірім


Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұрғаны кімге де болса айқын. Суық қару жұмсау, атып кету, тонап кету сияқты ауыр қылмыстарды қоспағанда балалардың мектепке бармай, оқуды тастап кетуі немесе ата-анасын тыңдамай кетіп қалуы сияқты түрлі тәртіп бұзушылықтың болып жатқаны қаншама?. Бұндай хабарды естіген жұрт: “Қылмыс көбейіп кетті, полиция жұмыс істемейді”, – дейді. Шындығында солай ма?
Кезінде сәбилі болған бір ана баласын қалай тәрбиелеу керектігін сұрап, үш күн өткен соң Лұқпан хәкімге келген екен. Сонда хәкім: “Үш күн кешігіп қалдың, сәбиді дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек еді”, – деген екен. Олай болса баланы туылған сәтінен бастап ата-ана, одан соң мектеп тәрбиелеу керек. Өкінішке орай, көптеген ата-аналар баланы тәрбиелемек тұрмақ, баласының немен айналысып жүргеніне көңіл бөлмейді. Ал жасөспірімдер уақыттарын базарда, ойынханада, кешкі клубтарда өткізеді де ата-ана бақылауынан шет қалады. Осындай қараусыз қалған балалардан тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасау шығады. Бұндай балалардың арасында зиялы адамдардың да балалары бары өкінішті. Қазіргі кезде балаларды емес, ата-ананың өзін тәрбиелеу керек. Өз отбасына назар аудармаған жандардың кесірінен, ақырында шаңырағы шайқалған жанұялар көбейіп кетті. Мұндай жанұялар облыста өткен жылы 689 болатын. Полиция қызметкерлерінің жасөспірім және жанұя тақырыбы бойынша өткізген түрлі тәрбиелік іс-шараларынан соң оның саны 97-ге қысқарып, 592-ге төмендеді. Оқушылар алдында құқық туралы баяндама жасау және әңгімелер жүргізу нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен тәртіп бұзушылық та біршама төмендеді. Олардың саны өткен жылы 187 болса, үстіміздегі жылы 7-ге азайып, 180 болып отыр. Халқымыздың бала тәрбиесі жөнінде: “Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң ақылшыңдай кеңес”, – деген дана қағидасын бағытқа алсақ, тәртіп бұзушылық та, қайта тәрбиелеу де болмас еді.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 15 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Жасөспірімге көмек керек пе?


Ата-ана және жасөспірім

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұрғаны
кімге де болса айқын. Суық қару жұмсау, атып кету, тонап кету
сияқты ауыр қылмыстарды қоспағанда балалардың мектепке бармай,
оқуды тастап кетуі немесе ата-анасын тыңдамай кетіп қалуы сияқты
түрлі тәртіп бұзушылықтың болып жатқаны қаншама?. Бұндай хабарды
естіген жұрт: “Қылмыс көбейіп кетті, полиция жұмыс істемейді”, –
дейді. Шындығында солай ма?
Кезінде сәбилі болған бір ана баласын қалай тәрбиелеу керектігін
сұрап, үш күн өткен соң Лұқпан хәкімге келген екен. Сонда хәкім:
“Үш күн кешігіп қалдың, сәбиді дүниеге келген сәтінен бастап
тәрбиелеу керек еді”, – деген екен. Олай болса баланы туылған
сәтінен бастап ата-ана, одан соң мектеп тәрбиелеу керек. Өкінішке
орай, көптеген ата-аналар баланы тәрбиелемек тұрмақ, баласының
немен айналысып жүргеніне көңіл бөлмейді. Ал жасөспірімдер
уақыттарын базарда, ойынханада, кешкі клубтарда өткізеді де ата-ана
бақылауынан шет қалады. Осындай қараусыз қалған балалардан тәртіп
бұзушылық пен қылмыс жасау шығады. Бұндай балалардың арасында зиялы
адамдардың да балалары бары өкінішті. Қазіргі кезде балаларды емес,
ата-ананың өзін тәрбиелеу керек. Өз отбасына назар аудармаған
жандардың кесірінен, ақырында шаңырағы шайқалған жанұялар көбейіп
кетті. Мұндай жанұялар облыста өткен жылы 689 болатын. Полиция
қызметкерлерінің жасөспірім және жанұя тақырыбы бойынша өткізген
түрлі тәрбиелік іс-шараларынан соң оның саны 97-ге қысқарып, 592-ге
төмендеді. Оқушылар алдында құқық туралы баяндама жасау және
әңгімелер жүргізу нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен
тәртіп бұзушылық та біршама төмендеді. Олардың саны өткен жылы 187
болса, үстіміздегі жылы 7-ге азайып, 180 болып отыр. Халқымыздың
бала тәрбиесі жөнінде: “Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он
бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң ақылшыңдай
кеңес”, – деген дана қағидасын бағытқа алсақ, тәртіп бұзушылық та,
қайта тәрбиелеу де болмас еді.
Жақсы адамның қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері мүмкін. Бұл
жайлы БҰҰ-ның есеп баяндамасында ...зерттеулердің көрсетуінше,
жастар нашақорлықпен айналысуды жасөсіпрім кезінде немесе есею
алдында қолдана бастайды.
Зорлық, жыныстық қарым-қатынас және басқа да жат қылықтар туралы
осыны айтуға болады- деп жазылған.
Егер әр ата-ана бұл дерт әлеуметтік қоғамның тек төменгі
деңгейіндегі адамдарды қамтиды деп ойласа, олардың өте қатты
кателескендіктері. Жас ұрпақтың тоқырауына ешқандай әлеуметтік,
экономикалық, ұлттық шекара жоқ. Қиын бала анасы өкіметтен
жәрдемақы алатын, жатақхана мен жаппа тамдарда тұратын отбасынан
ғана емес орташа немесе жақсы дәулетті отбасынан да
шығуымумкін.
Неге қазіргі жастар соншама қайғы қасіретке ұрынады. Алдыңғы ұрпақ
жастары бұндай кезеңдерден өтпеп пе еді? Әрине, бәрі де есею
жолында өтпелі кезеңнен өткен.
Бірақ, қазір біз қиыншылығы көп басқа заманда өмір сүріп
жатқандығымызды ұмытпағанымыз жөн сияқты. Жастарға бүгінгі өмірдің
ауыр тұрмысы иықтарын басқан, ауыр жүк болып көрінуі мүмкін. Енді
неліктен бұлай болатындығына ой жүгіртейік.
От басындағы өзгеріс.Жасөспірімге отбасында қандай өзгеріс әсер
етуі мүмкін? Тағы да зерттеулерге көз жіберетін болсақ, әрбір 18-ге
толмаған баланың 3-шісі өз отбасындағы ата-анасының ажырасу
процесінің күәгері болған. Отбасының бұзылуы әр баланы ауыр жан
күйзелсіне түсіреді. Психологтардың айтуынша, қарым қатынасы
бұзылмаған отбасы баласына қарағанда әке-шешесі жақында ғана
ажырасқан отбасы балаларының мінез құлқы өзгеріп, сабаққа үлгеру
төмендеп кетеді екен. Бұл асырап алаған немесе ата-анасының 1-і
ғана тәрбиелеген балаларға да қатысты.
Сонымен қоса ажырасу процесі баланың өзін-өзі құрметтеп - сыйлау
эмоциясына да кері әсерін тигізеді. Балада өзіне, бар әлемге деген
жек көрініс сезімі пайда болады. Отбасы өміріндегі келеңсіздіктің
пайда болуына кейінгі кезде әйел адамдардың жұмыс істеуі де әсер
етуде. Жапонияда өткізілген жасөспрімдер арасындағы қылмыстық
зертеулердің бірінің нәтижесі бойынша: ата-анасының бірі үйде
отырған отбасына қарағанда ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін
отбасында жасөспірімді тәрбиелеу қиындау.
Әрине, қазіргі ата-ананың көбі тек күн көріс үшін жұмыс істеулеріне
тура келуде. Бірақ, кейде, ата-ананың көпшілігі өз балаларына өте
ыңғайлы жақсы тұрмыстық жағдай жасағылары келеді. Әке-шешесі жұмыс
істейтін балалар, көбінесе өздерімен өздері жеке қалады. Сұрақ
қойылған мектеп оқушыларының 60%-і Біз ешқашан бірге болып көрген
емеспіз -деп жауап берген. Ал, бұл екіұшты таяқ десек те болады.
Миллиондаған бала мектептен кейін бос пәтерге қайтып оралады. Ал,
жұмыстан өте шаршап келген әке-шешенің ойы баласында емес әлі де
жұмыста болады. Көптеген жасөспрімдер әке-шеше көңілінің жылулығын
толығымен сезінбей өседі. Бұл неге алып келуі мүмкін?
Мамандардың пікірі бойынша, бұл оқиға балаларға еш жақсылық алып
келмейді. Медицина ғылымының докторы Мария Андреевна : “ата-ана
тәрбиесінің кейінгі он жылдықта байқалған тенденциясының нәтижесі
балалардың ата-анасынан алыстауына, араласуға жоқ, оқуға зауықсыз,
тәрбиеге көнгісіздіке алып келуінде. Ал ата-ананың көбісі қоғамның
оларға байлаған материалдық және карьера қуу кұлдығының тұзағына
түскен. Нәтижесінде олардың көп уақыты ақша табуға, одан қалса оны
жұмсауға кетеді. Яғни олардың өз балаларын қарауға уақыттары да
қалмайды”-дейді Әке-шешенің балаға көңіл бөлмеуі - жасөспірімді
проблемаға апаратын тура жолға айналады. Жасөспрімдердің өркендеп
өсуіне кері әсерін тигізетін тағы бір себеп бар, ол - тәрбиеге
деген көзқарастың өзгеруі.
Тәрбиеге деген көзқарастың өзгеруінің өзі де казіргі кез жастарына
өз әсерін тигізуде. Көптеген әке-шеше өздерінің мойындарынан
ата-ана міндетін алып тастауға тырысады. Қадағалаусыз жас бала өз
мінез-құлқын қалыптастыруда, ішкі әлемін тәрбиелеуде ешқандай
ережесіз, рухани бос өмірден үлгі -өнеге алып өседі.
Кейде ата-ана өздерінің балалық шақтарындағы кейбір сәтсіз кездерін
ұмытпағандықтан, өз балаларын басқаша тәрбиелеуге тырысады. Олар өз
балаларының қатал тәрбиешісі емес, жақын досы болғылары келеді.
Бірақ мұндай тәрбиенің арты да ылғи жақсылықпен аяқтала бермейді.
Мысалы Әмина деген ана Мен өз балаларыммен өте жұмсақ болдым, оның
себебі ата-анам маған өте қатал қарады, мен өз балаларымды бұлай
тәрбиелегім келмеді. Бірақ, қатты қателескенімді кеш түсіндім -
деп, ағынан жарылды. Бұндай көзқарастар кейде шектен шығуға
әкелуде. Нашақорлықтан емделіп жатқан 300 жасөспірімнің 20%-і
нашаны әке-шешелерімен бірге қабылдаған, қалғаны спирттік ішімдікті
әке-шешесімен бірге ішкен, ал 5%-і нашаны алғаш рет анасынан немесе
әкесінен алған. Әке-шешені бұндай жауапсыз іске не итеруі мүмкін?
“Мен өз қызыма нашаны менің көзімше, үйде шек дедім - деп бір ана
шындығын айтты. Бұған себеп: кейбір ата-ана, өз балаларымен бірге
наша қабылдаса, олардың жанын түсініп өз балаларына жақындау
болатын болып көрінеміз-дейді.
Интернет шырмауыСоңғы жылдары жасөспірім өмірінде компьютер үлкен
орын ала бастады. Үй компьютерлерінің саны соңғы 10 жылда тез
өскен. Зерттеулерге сүйенсек жастардың 90% компьютер қолданады, ал
интернет аймағына 59% шығады екен. 2004 жылғы педогогикалық
зерттеулер нәтижесінде 80 % ата-ана өз баласының интернет торабында
кіргенде немен айналысатындықтарын жақсы білетіндігін, ал осы сұрақ
қойылған 70% бала өз ата-анасының интернет торабында оның немен
айналысатынын жақсы білмейтіндігін айтқан.
11-12 жас аралығындағы балалардың 58%, 13-14 жастағы
жасөспрімдердің 70% 15-16 жастағы жасөспрімдердің 80% үлкендер
чатына ғана кіреді екен. Соған қарағанда бала үлкен болған сайын
істің насырға шабу деңгейі жоғары. Әрбір 7-ші ата-ана өз
балаларының үйде интернетте не қарайтындықтарын білмейтіндіктерін
мойындаған.
Қадағалаусыз жас интернет қолданушылары порнография тұзағына тез
түседі екен. Бірақ, интернет әлемінде бұдан да басқа қауіпті
сайттар толып жатыр.
”Біздің балаларымыз мектепте және онымен қоймай киберәлемде
өздеріне жаңа достар табады, нәтижесінде біз балаларымыздың уақытын
кіммен өткізетіндігін білмейміз-дейді педогогика ғылымының докторы
Мұрат Тойбаев. Мойындауымыз керек, казіргі жастар өткен ұрпақ
көрмеген проблемалар мен сынақтарға кездесуде. Жасөспрімдер
қылығына таң қалудың қажеті жоқ. Ең бастысы жаңа заман жастарына
немен көмектесуге болады, мәселе сонда. Жастар қазір қорқыныш
сепкен әлемде өсіп жатыр. Отбасы қарым-қатынасы бұзылып,
әке-шешелерінің ажырасу көз алдында болып жатқанда көмек бере алмай
лажсыз мойып, үнсіз ішкі уайымға батады. Кейде мектептес
кұрбы-құрдастарының нашақорлық пен қылмыс жолына түскендігінің
күәгері болуларына тура келеді, көбісі өз қатарларының жыныстық
қатынасқа итермелеуінің құрбаны болады. Жас өсіп келе жатқан
баланың өмірінде өзі түсінбейтін, өзін жалғыз сезінетін, жабырқау
өмір кезеңдері болады. Балалардың көбісі моральдық жақтан мықты
көмекке зәру. Олар өздеріне мығым, мықты тірек болатын дос,
өміріндегі өзекті мәселені шешуге үйрететін, оларға дұрыс жол
көрсететін мықты рухани тірек іздейді. Өмір сабағының нәтижесіне
сүйнсек әркімнің айтар ақылы әрине пайдалы. Олар ата-ана үшін де,
басқалар үшін де бағалы. “Кейбір жасөспірім жасына қарамай ерте
есейген болып көрінуі мүмкін. Бұл жаста оларға өзіне деген
сенімділік пен сезім толқыны, барлық нәрсені игеру мүмкіндігі,
әлемнің иесі болып көріну жан әсері тән болады. Бәрібір оларға
өмірлік тәжрибе жетіспейді. Олардың есею жолында жаман жолға
ұрынбауы үшін жас жеткіншектердің балалық жаңылыс ісі мен
ақымақтығынан қорғауға тырысу керек.
Ата-ана баланы әрқашанда ашық әнгімеге тартып, ой бөлісуі керек
дейді психолог мамандар. Бұл әсіресе ішкі әлемін басқаларға тарс
жапқан жасөсіпрімге өте керек. Себебі, көптеген жас бұл кезеңде
өзін ешкімге керексіз сезінеді. Ал, кейде бұл сезім кейбір жас адам
үшін хроникалық жалғыздық сезіміне жалғасады. Бұл балалар мектепте
өздеріне дос табу қиын екендігін, сөйлесіп, ой бөлісетін ешкімнің
жоқтығын, өзінің жалғыздығын, құрбы-құрдастарының алдында беделін
арттыра алмағандығын осындай қиын кезеңде кімнен көмек сұрарын
білмегендігін айтатындығын психологтар зерттеген. Ең бастысы өтпелі
кезең соққысын жеңіп шығуының жалғыз жолы - жас жеткіншектің
жүрегінде не жатқандығын білу. Ол үшін – тек оны одан сұрау керек.
Әрине бала сізге сену үшін уақыт пен шыдамдылық керек. Бірақ,
тырысып көріңіз, өз нәтижесін әкелетініне сеніңіз. Сонымен қатар
жасөспрімдер тек олармен сөйлесіп қана қоймай,ақылға қонымды
ережелерді де білгілері келетінін ұмытпау керек...
Қараусыз қалған бала - әке-шеше соры демекші, жеткіншектер арасында
қылмыстың тамырының кең етек жаюының себебі : тосқауыл мен
тежеулердің жоқтығығында жатыр.
Егер баланы еркелетіп, ешқашанда оған жоқ демей ойына келген
ісін істеуге рұхсат етсе, ондай бала ешқашанда басқа адамдардың да
сезімін, жеке өмірінің болатындығын түсінбейтін болады.
Оған түсіну деген сөз жат болады және ондай бала шын журегімен
жақсы көруді үйренбейді оның не екенін де түсінбейді.Кейбір ата-ана
өз балаларының жүріп-тұруына еркіндік беру керек дейді.Олардың
ойынша баладан бірнәрсе талап ету, бір ережелерге бағындыру оларды
балалық шақтан ерте айрылуға итермелейтін көрінеді. Бірақ, бұндай
тактиканың аяғы өкінішті жағдайдарға алып келуі мүмкін.
Баланы жас кезінен ішкі әлемін тәртіпке үйрету керек, олай болмаған
күнде ол есейген кезде өз өміріне деген тәртіптің жоқтығынан зардап
шегетін болады. Ал көп ата-ана бұны түсінуге тырыспайды. Сонда не
барлық ата-ана балаларына қатал қараулары керек па? Әрине, жоқ.
Тиым салу бұл дұрыс тәрбиенің бір бөлігі ғана. Шамадан тыс қаталдық
бала жанына қысым алып келуі мүмкін. Баланың мазасын ала берген де
бала психологиясына кері әсер етеді. Сондықтан бала өсіп жетілген
кезде бала тәрбиелеу әдісін кейде өзгертіп отырған дұрыс. Кейбір
тиымдар мен ережелерді қатты қолданудың керегі де жоқ Бұның бәрі
баланың өз өміріне деген жауапкершілігінің қаншалықты дамығандығына
байланысты. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор екенін
естен шығармайық. Қоғамдағы жаман ағымнан аулақ ұстаудың тағы бір
жолы баланы әр түрлі тиімді, өмірге керек пайдалы нәрселер
үйрететін, балаға ұнайтын қызықты үйірмелерге беру. Ең бастысы оның
бос уақытының аз болғанын қадағалаған дұрыс.  

Главнейший помошник воспитания

(Ата-ана және жасөспірім)
"Главнейший помощник воспитания - любовь...Любовь ребенка - безусловная
гарантия его воспитуемости"
Альфред Адлер
Когда в семье подросток
У большинства родителей на каком-то определенном этапе часто возникают
вопросы: "А правильно ли я веду себя по отношению к ребенку?", "Почему он
стал такой несносный, лживый, неряшливый?" и т.д. Такие опасения часто
возникают в подростковом возрасте. Во многих семьях принято, что главная
задача родителей - управлять ребенком. В этом случае ребенок не имеет
возможности для раскрытия своей индивидуальности, что может привести к
серьезным проблемам в формировании его личности. Есть два различных
направления того, как родитель использует свой авторитет: с позиции
знающего и опытного наставника или властного надзирателя. От стиля общения
зависит будущее ребенка. Если родитель занимает позицию спокойного
понимающего наставника, то ребенок всегда может обратиться к нему за
помощью, многому научиться. При возникающих трудностях ребенок, имея право
на самостоятельность, может сделать свой выбор поведения в различных
ситуациях. К сожалению, на этой позиции стоят не все родители. И чаще на
арену взаимоотношений "родитель - ребенок" выходит или деспотичный
надзиратель, что приводит к заниженной самооценке ребенка и вызывает
проявление чувств одиночества, обиды, злости, страха, подавленности,
унижения и стыда, или сильно любящий своего ребенка родитель, но пытающийся
навязать свое мировосприятие, отношение к жизни. Часто взрослые, не умея
посмотреть на проблему со стороны, правильно оценить ее и изменить свое
поведение, снова и снова применяют прежние подходы, попадая в замкнутый
круг непонимания и безысходности. Взрослые почему-то забывают, что когда-то
сами были детьми, ошибались, вели себя не так, как хотелось бы их
родителям, и в результате дружеские, партнерские отношения к ребенку часто
превращаются в тиранию или чрезмерную опеку.
Подрастающий ребенок стремится вырваться из кокона родительской любви или
жестокого надзора и подсознательно ведет себя в разрез с родительскими
ожиданиями, как бы утверждая свое право на самостоятельность. При этом его
поведение часто мешает его развитию. Например, он может много смотреть
телевизор, пропускать занятия в школе, курить, воровать, злоупотреблять
косметикой и т.д. Это поведение настораживает родителей, и они начинают
вытаскивать из своего арсенала доступные им методы воспитания: пробуют
дисциплинировать, становятся более требовательными, пытаются говорить по
душам, задумываются над своим поведением, но в итоге, после возможного
отступления ребенок снова продолжает отстаивать свою независимость, как он
ее понимает. Зашедшие в тупик родители отчаиваются, начинаются конфликты,
скандалы, и в понимании друг друга растет "великая китайская стена". Все
это порождает хронический стресс, приводящий к психосоматическим
расстройствам: головным болям, повышению давления, сердечным нарушениям и
т.д.
Главное, что может дать курс - побудить вас увидеть в ваших
взаимоотношениях с ребенком не столько доказательства каких-то изъянов или
ошибок ребенка, сколько возможность к развитию и изменению этих отношений.
Родители, которые любят слишком ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ата-ана тәрбиесі
Ата-ана құқықтарынан айыру
Ата ана қара шаңырағы
АДАМ АТА МЕН ХАУА АНА
Жақсы қыз – ата-ана мақтанышы
Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
Жасөспірім және Заң
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Отбасы ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь