Банктің депозиттік қызметі туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
: 1.
Кіріспе: Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің экономикалық мәні
3:
: 1. 1.
Кіріспе: Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні
3: 4
: 1. 2.
Кіріспе: Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері
3: 9
: 2.
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау
3:
: 2. 1.
Кіріспе: Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын және депозиттік портфелінің құрылымын талдау
3: 14
: 2. 2.
Кіріспе: «АТФ Банктің» ұсынатын депозиттік операциялары және олардың құрылымы
3: 23
: З.
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын дамыту жолдары
3:
: 3. 1.
Кіріспе: Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары
3: 39
: 3. 2.
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі
3: 46
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 56
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
3: 58
:
Кіріспе: Қосымшалар
3:

Кіріспе

Банктің депозиттік қызметі - қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, мүндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, бітіру жұмыстың мақсаты - банктің депозиттік операцияларын талдау, сондай-ақ, шетел тәжірибесінде көрсетілетін банктік қызмет түрлерін қарастырып, әсіресе депозиттік операцияларға қатысты ұсыныстарды белгілеу болып табылады.

Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады:

1. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.

2. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.

Жалпы «банктік қызмет» біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оның ішінде бұл қызметтерді таңдауда және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі, банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз, тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер өздерінің табыстылық базасын үлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік қабілеттілігін өсіреді. Сондай-ақ, бұл жерде банктік қызметтер ұсынылған кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.

Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни, мұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Себебі, бәрімізге белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты зерттеулерді жүргізіп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.

Халыққа көрсетілетін дәстүрлі (спецификалық) қызметтерді көрсетумен қатар, депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту, несиелер беру және есеп-айырысу - кассалық операцияларын жүргізумен қатар, қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді, клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу, валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді ұсынып отыр.

Бұл бітіру жұмысы 3 негізгі тараудан, кіріспеден және қорытындыдан тұрады.

1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің экономикалық мәні

1. 1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердін өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етуіне дейінгі депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

- мерзімдеріне қарай;

- салым иелерінің категорияларына қарай;

- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;

- пайыз төлеу тәсіліне қарай;

- банктің активті операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;

- басқа.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай

түрлерге бөлінеді:

- жеке тұлғалардың шоттарына;

- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

- қаржылық мекемелердің шоттарына;

- шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттеріне мыналар жатады:

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шотттарындағы сақталатын қаражаттары;

- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

- есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражаттар қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

- меншікті-мерзімді депозиттер;

- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер. Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

- 30 күнге дейінгі;

- 30-90 күнге дейінгі;

- 90-180 күнге дейінгі;

- 180 күннен 360 күнге дейінгі;

- 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді. Мерзімді депозитттердің мынадай ерекшеліктері болады:

- есеп айырысу үшін пайдаланылайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

- шоттағы қаражат баяу айналады;

- тұрақты пайыз төленеді;

- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі ұлттық банк тарапынан реттеліп отырады;

- ақшаны алуы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төмені мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді. Салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік салымдардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- ұтыс салымдары;

- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

- мақсатты және ағымдық салымдар;

- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

- валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, кәмелетке толған кезде және т. с. с. ) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

- атаулы сертификаттар;

- мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

- аударылатын;

- аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері қолданылады. Айталық Халық Жинақ банкі мынадай салымдардың түрлерін жеке тұлғаларға ұсынады:

- «НАРОДНЫЙ» салымы - жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны мерзімнің соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы - 2000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 евро. Мерзімі: 3, 6, 12, және 24 ай.

- «СЕНІМ-ПЛЮС» салымы - ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым Төменгі сомасы - 1000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 евро. Мерзімі: 3, 6, 12, және 24 ай.

- «НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС» салымы - қорлану мерзімі 1 жыл, 3 жыл және 5 жылдық қорлану салымдары. Төменгі сомасы - 2000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 евро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл.

- «ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД» салымы - салымды ашқан күні пайызды төлейтін мерзімді салым. Төменгі сомасы - 1000 теңге не 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Мерзімі: 3 және 6 ай.

- «ПРЕМИАЛЬНЫЙ» салымы - сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебап талап етуге дейінгі салым. Төменгі сома - 500 теңге.

- «ЗОЛОТОЙ ВОЗРАСТ» салымы - 50 жасқа толған адамдар мен зейнеткерлерге арналған арнайы салым. Төменгі салым - 100 теңге. Мерзімі: 90 күн.

- «АҚ БОТА» салымы - арнайы балаларға арналған салым. Төменгі салым - 500 теңге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.

- «ИНТЕРНЕТ» салымы - Интернет-Банкинг жүйесінде ашылған салым. Төменгі салым - 1 теңге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн, 90 күн, 180 күн, 270 күн, 360 күн.

Депозиттік нарық еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған сегментіне жатады.

Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсуі ықпал етуде.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік опрецияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасау тиіс;

- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу; салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

1. 2. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері

Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік институттар - универсалды коммерциялық банктерден (мысалы, Германиядағы арнайы жинақ институттарына (АҚШ-тағы ссуда - жинақтаушы ассоциациялар және басқа да мемлекеттердегі жинақ банктеріне) дейін, жекелеген немесе кез келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік өнімдердің әртүрлі түрлерін ұсынады.

Сөйтіп, шетел мемлекеттеріндегі дамыған ең негізгі жинақ операцияларын қарастырайық.

Дамыған мемлекеттеріндегі әйгілі банктік жинақ шоттары:

1. Капитал нарығының жинақ шоттары (саріtal market saving accounts) нарық экономикасы дамыған коммерциялық банктер тәжірибесінде кең тараған және клиенттің ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге сақтауды қарастырады, сонымен бірге клиентке кез келген уақытта шоттан алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік облигациялар бойынша төленетін орташа пайызына сәйкес, бұл шот бойынша пайыздық ставкасының деңгейі бекітілген (яғни 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімді облигациялар) . Батыс коммерциялық банктердін тәжірибесі бойынша бұл клиенттердің банктерге деген сенімділігін арттыруда және берілген шоттарға уақытша бос ақшалай қаражаттарын белсенді орналастыруды ынталандырады.

2. Автоматты жинақ шоттары, оларды дамыған мемлекеттердің коммерциялық банктері тек осы банктегі ағымдағы ( есеп айырысу ) шоты бар жеке тұлғаларға ашылады. Олар мерзімді депозиттерге ұқсас, яғни оларға клиент тапсырмасы бойынша күнделікті (автоматты түрде) банк оның есеп айырысу шотынан ақша сомаларын аударуды жүргізеді, ал оның қалдығы бойынша, ағымдағы шотқа қарағанда жоғарырақ пайыз төленеді. Клиенттің ақшасын қабылдау белгілі бір күндерде айына 3-4 рет жүргізіледі.

Бүл шотқа ұқсас 1978 жылы «Мерилл Линг» фирмасы ұсынған банктік қызметтің ерекше түрін - қолма-қол ақшаны басқару шоты - СМА (cash management account) атауға болады. Бұл шотты ашқан кезде қызметтердің кең пакеті ұсынылады (чек жазуға мүмкіндігі, белгілі бір сомаға несие беру, дебеттік карточкалар, брокерлік қызметтер және т. б. ) . Бірақ басқа қызметтерге қарағанда ерекше новаторлық сипатымен бөлінген қызмет - бұл СМА шотына дивиденд және пайыз түрінде түскен ақшалай қаражаттар автоматты түрде пайыздық табыс әкелетін шотқа аударылады.

Сол 1978 жылы банктер АТS - шоттарын (automatic transfer service) - ақша қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттарын қолдана бастады. АТS -шоттары бойынша салымшылар пайыз алған. Ал чектік шоттағы сәйкес қалдықты ұстау немесе овердрафтты жабу қажеттілігі туындаған кезде клиенттің келісімімен АТS - шотынан ақшалай қаражаттарын автоматты түрде талап етуге дейінгі салымға аударады. Осыған байланысты АТS - шоттары клиентура арасында кең сұранысқа ие болды, өйткені олар салымшыға чектік шоттағы минималды қалдықты ұстап тұрғанда, бір кезде өзінің АТS - шоты бойынша пайыз түрінде табыс алуына мүмкіндігін береді. Мұндай шоттар отандық банктер тәжірибесінде де қолданылуы мүмкін, өйткені клиенттер жоғары табыс алу үшін өзінің шотында қалдықты үнемі жоғарылатып отыруға тырысады.

3. «Бай» клиенттер үшін жинақ шоттары (fortune saving accounts) батыс банктерінің тәжірибесінде жылжымайтын мүлікке және бағалы қағаздарға ақшалай қаражаттарын инвестицияланған клиенттер үшін қолданылады. Бұл шоттың қолдану режимі келесіні көздейді: бұл шотты ашу үшін алғашкы жарнасы жоғары болады, ал үлкен ақшалай сомаларды алу кезінде комиссиясы төмен болады. Сондай-ақ, клиент жылжымайтын мүлікті сатып алса немесе бағалы қағаздарға салса банк ешқандай комиссиондық ақы алмайды.

4. Асыл металдарды сатып алу үшін шоттар (precious metals accounts) дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктерінде, әр түрлі асыл металдарды (алтын, күміс, платина, палладий және т. б. ), сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды сату-сатып алумен айналысатын клиенттерге қатысты кең қолданылады. Банкте мұндай шоттарды ашқан клиенттер күн сайын құймаларды, платиналарды, монеталарды, медальондарды және т. с. с. сату және сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті, яғни бұл шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мүндай шоттың иесі мұндай шоттан кез келген уақытта қолма-қол ақша алуы мүмкін.

Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі депозиттер және NOW - шоттары болып табылады. NOW - шоттары (negotiable order of withdrawal) - айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік депозиттер. Олар Батыс коммерциялық банктерінде 80-шы жылдары таралған. Басында олар жинақ салымдары ретінде жіктелінген, ал 1981 жылдан - чектік депозиттер ретінде.

Алғашқы кезде NOW - шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі болған (үшінші жақтың пайдасына ақшаны төлеу туралы бұйрығы), оларды айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты NOW - шоттарды чектік депозиттер категориясына жатқызды.

Кейбір кезде NOW - шоттарын пайыздық және ағымдағы шоттардың қосындысы (гибриді) деп атаған. 1986 жылға дейін пайыз көлемі 5, 25%-бен шектелді, кейін бұл шектеу алынып тасталды (бірақ, негізінен пайыз ставкасы бұл көлемнен жоғары көтерілген жоқ) . Коммерциялық банктер клиенттен белгілі бір көлемде, бұл шот бойынша қызмет көрсету үшін және жүргізілген әрбір операция үшін ақы алып отырды. Пайыздық төлемдердің көлемі, әдеттегідей, шоттағы минималды немесе орташа қалдыққа байланысты анықталатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің меншік капиталы
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру туралы
Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуы
Коммерциялық банктің негізгі операциялары
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz