Оңтүстік азия халықтары


Жоспар:
I. Кіріспе
1. 1. Оңтүстік Азия халықтары
II. Негізігі бөлім
1. 1. Шаруашылығы
1. 2. Ұлттық киімдері
1. 3. Діні, наным-сенімдері
1. 4. Өнері
III. Қорытынды
1. 1. Үндістандағы ең үлкен өзендердің бірі - Ганга
Оңтүстік Азия халықтары
Оңтүстік Азия - Шетел Азияның бір бөлігі. Оның жерінің көлемі 4, 5 млн. шашы шақырым. Бұл жерде Үндістан, Пәкістан, Непал, Цейлон, Бангладеш мемлекеттері орналасқан. Физико-географиялық жақтан бұл аймақтың жерін үшке бөлуге болады: Гималай - Гиндукушлік таулы өңірлері, Декан таулы дот асы және Инды, Ганга өзендерінің алқаптарындағы ойпаттар.
Оңтүстік Азия халықтарының саны жағынан бұл аймақта 650 млн. халқы бар Үндістан Республикасы бірінші орынла. Сондай-ақ Бенгладеш Халық Республикасында 87 млн., Пәкістан Республикасында 80, 1 млн., Шри Ланка Республикасында 15 млн., Непал корольдігінде 13, 7 млн., Бутан корольдігінде 1, 3 млн., Мальдив Республикасында 144 мың адам тұрады.
Оңтүстік Азия халықтары көптеген тілдерде сөйлейді. Құрлықтың халқы, жалпы алғанда, ірі-ірі 20-дан астам ірі және кіші-гірім тілдерге бөлінеді. Олар үндіеуропалық-дравидтық, мунд, тибет-бермилық, монкхермалық семьияларына жатады. Үндіеуропалық тілде Оңтүстік Азмя халықтарының үштен бір бөлігі сөйлейді. Олардың ішінен Үнді, Ирандық тіл, екеуінің ортасынан шыққан дардтық тілін айрықша бөліп көрсетуге болады.
Индия Республикасының мемілекеттік тілі хинди және ағылшын тілдері болып саналады. Пәкістан Республикасының мемілекеттік тілі - урду, қосымша бенгал және ағылшын тілдері. Дард тілінде кашмирлықтар сөйлесе, Оңтүстік Азмяның кейбір кіші-гірім халықтары мунд, тибет, берман, монкхмер тіл семьияларында сөйлейді. Дравд тіліне андхра (телугу), тамиль, аппара, малаяқ, ұлттардың тілдері жатады.
Оңтүстік Азия халықтары арасынан негравстролоидтық, еуропоидтық және монголоидтық көптеген антропологиялық ұқсас тілдерді көруге болады. Индияның оңтүстігінде ируда, ченчу, шолага, курумба нәсілдері өмір сүреді. Оңтүстік Индияны дарвид тұқымына негр-австролоидтық пен еуропоидтықтардың аралығынан шыққан халық мекендейді. Монғолоидтық нәсілдің өкілдері ГИмалай және Ассам тауларының тұрғындары болып келеді.
Оңтүстік Азияның халықтары ерте заманнан бері, Таяау Шығыс арқылы Еуропа елдерімен, ал еуропалықтар Орта және Оңтүстік Азия арқылы шығыс елдерімен тығыз байланыс жасаған. Б. з. д. ІІІ - ІІ ғасырларда Александр Македонскийдің бұл елдерге жасаған жорығынан кейін жергілікті тұрғындарға эллиндік мәдениет өз ықпалын тигізген.
Бұл құрлықтың халықтарының этногенезіне Орта Азия жақтан келген тайпалар да өздерінің белгілі әсерлерін де тигізген. Үндістандықтар бұларды сақтар, әйтпесе шақтар деп атаған. Б. з. д. ІІ ғасырда олар Бақтрия мен Арахозия мемлекеттері арқылы Оңтүстік Азияға келген. Сөйтіп, біздің дәуіріміздің бас кезінде Үндістанның батысында Шақ империясы ұйымдасып, аборигендердің көпшілігін өз қол астына қаратқан. Б. з. д І ғасырдың ортасында солтүстіктен шақтарға ұқсас кушан тайпалары басып кіріп, Ефрат және Тигр өзендерінің алқаптарын қол астарына қаратты, соның нәтижесінде Кушан империясы пайда болды.
Кашмир, Ауғаныстан, Орта Азияның басым көпшілік бөлігі, Шығыс Түркістан осы Кушан империясының қарауына кірген. Сондықтан үндістердің этногенезіне шақтар мен кушандар да өз үлесін қосқан.
Уақыттың бұдан кейінгі кезеңдерінде де Оңтүстік Азияның аборигендері басқа да этникалық халықпен араласып жатты. Ү ғасырдың аяғында Орта Азиядан ақ гун мен хунна тайпалары Үндістан жеріне барған. Олар Пенджаптан Виндхьияға дейінгі жерлерді басып алып, Эфталит мемлекетінің негізін салды. Осы кездерде Орта Азия мен Оңтүстік Азия этникалық жағынан тығыз араласта өмір сүрді. Олар ҮІІІ ғасырда Синд жерлеріән жаулап алса, парсылар мен ауғандар Батыс Үндістанның жерін иеленді. ХІІІ ғасырдың орта шенінде Солтүстік Үндістанға Орта Азияждан тәжіктер мен моңғолдар келіп кірді. ХІҮ ғасыр Виндхья тауы арқылы Үндістанның оңтүстініне дравид тілінде сөйлеуші тайпалар келіп орналамсты. Осындай жан-жақтан келген тайпалар, халықтар Оңтүстік Азияның этникалық құүрамына айтарлықтай өзгеріс енгізген.
Шаруашылығы
Оңтүстік Азия аборигендері ерте заманнан бері отырықшы болып, егіншілік кәсібімен айналысқан. Сондықтан бұл елдердің басты шаруашылығы - егіншілік. Дәнді дақылдардан: күріш, тары, бидай, арпа, жүгері, бұшақ егілді. Май алынатын өсімдіктен: кендір, жер жаңғақ, зығыр, көкнәр; ткхникалық дақылдардан: мақта, шай, кофе, каучук өндірілсе, кокос пальмасы және бау-бақша өсіріледі.
Бұл егістердің көпшілігі қолдан суарылады. Жергілікті тұрғындар ерте заманнан бері көлдердің, бұлақтардың суын құбыр, науа, арық арқылы жақсы пайдаланып, егінді әрқашан бітік өсірген. Отаршылық жылдарында, мыңдаған, миллиондаған диқандар жиналып, үлкенді-кішілі канал, арықтар қазып, егістік жерлерді суарған. Ал биік жердегі егіске Орта Азиядағыдай шығыр, атпа, төппе және тағы басқа құрылғылардың көмегімен су шығарып, өнім ала білді. Егістік жерлерді кейде қолмен су тасып та суарған. Оңтүстік Азия халықтары отаршылдықтан азат болғаннан кейін, жерді суаруға айрықша көңіл бөліп, техника күшімен ірі-ірі каналдар қазды. Ауыл шаруашылығында қолданылатын көп құралдар тұрпайы, ортағасырлық дәрежеде қалып қойған еді. Жерді ағаш соқа, жер ағашпен жыртты. Темір соқа ірі байлардың, фермерлердің қолында ғана болған. Күш көлігіне өгіз, тұйе, жылқы, есек сияқты малдар пайдаланылды. Күш-көлік жетіспеген, 4 - 5 диқанға орта есеппен бір ғана күш көлігі тиесілі болған. Жергілікті халықтың арасында жерсіз диқандар бертінге дейін аса көп болды. Бұл мәселені шешуде Үндістан мемлекеті біршама шаралар қолданды. Помещиктердің жерлері бөлініп берілді. Аз ғана жерге себетін тыңайтқыштар жетіспеді. Сондықтан қазігі Үндістан, Шри Ланка және басқа елдер тыңайтқыш шығаратын өндіріс орындарын салуға айрықша көңіл бөледі. Ауыл шаруашылығы жұмыстарының басым көпшілігі қол күшімен атқарылған. Бұл жұмысты жеңілдету үшін қазіргі заман техникасын пайдалануға біраз елдер шұғыл бет бұра бастады.
Оңтүстік Азияда мал шаруашылығы да жақсы өркендеген. Әсіресе, Үндістанның таулы және шөлді жерлерінде төрт түлік мал өсірілді. Үндістер діни сенімге байланысты сиыр малын соймайды, етін жемейді, олардың тек күшін, сүтін пайдаланалады. Сондықтан Үндістанда сиыр малы өте көп. Олар ірі-ірі қалалардың көшелерінде емін-еркін жүре береді. Шөлді және шөлейт жерлерде қой және түйе малдары көбірек өсіріледі. Әсіресе, Үндістанда пілдің күшін үй шаруасына пайдаланылады. Кейде пілді ірі-ірі құрылыс құрылыстарына жегеді.
Ұлттық киімдері
Оңтүстік Азия халықтарының ұлттық кимдері тігілген және орма деп екіге бөлінеді. Тікпей-ақ денеге орай салатын кйім - «дхоти» деген тәрізді мата. Ерлердің киімдері күпі, көйлек, іш киім, сандал, тақия, сәлде болып келеді. Үндістердің діни сенімі бойынша былғарыдан тігілген аяқ киімдерді кимеулері керек. Сондықтан олардың көпшілігі жалаң аяқ жүреді. Отаршылық кезінде және кейінгі жылдары еуропалық әдіспен тігілген киімдерді ерлер, әйелдер, балалар жиі пайдалана бастады.
Әйелдердің негізгі киімі - сари. Ол үзын ормал сияқты матадан тігілген. Оның бір ұшын белінен бастап аяғына дейін ораса, қалған ұшын көкірегін, керек десе, басын да жабады. Әйелдер одан басқа көйлек, кафтан, кең етек көйлек, шалбар сияқты киімдер киеді. Әйелдердің, қыздардың киімдері әр түрлі моншақ, қымбат тастармен безендіріледі. Моншақты, жүзікті қолдары мен аяқтарына дейін тағады. Сырғалары құлаққа және мұрынға ілінеді. Жерлерінің ауа райы жылы болған соң аборигендер жылы киімдерге оншалық әуес мес.
Діні, наным - сенімдері .
Оңтүстік Азия тұрғындарын діни сеніміне қарай буддизм және мұсылман деп екіге бөлуге болады. Буддизмді дәріптеушілер бұл елдің басым көпшілігін құрайды. Олардың көпшілігі үндістер . Бұл халықтың арасында ерте заманнан таптық қоғам пайда болған. Соған қарамастан алғашқы қауымдық қоғамның қалдықтары тақау күндерге дейін өмір сүргенін байқауға болады. Үндістердің арасында ауылдық қауымы (община) ұзақ уақыт болып келді. Оның мүшелері егіншілер, қолөнершілер және әлеуметтік касталар деп еңбегіне қарай бөлінген. Қауымның негізін егіншілер құрайды, олар қыстақтарда тұрған. Қыстақтың шеттерінде немесе белгілеп берген айрым көшелерінде қолөнершілер және басқа көрші ауылдың қызметін атқарушы малайлар өмір сүрген. Қауымның басшылары қызметшілердің еңбегіне заттай ақы төлеген әйтпесе сол еңбек еткені үшін оларға жер бөліп берген. Қоғамды қауымның мүшелері сайлаған кеңес басқарған, оны пенчает деп атаған.
Кейін бұл қауымның ыдырай бастауына байланысты бұрынғыдай демократиялық басқару жойылып, ол қызметті атқару міндеті үстем таптан құрылған билеушілердің қолдарына өткен. Олар диқандардан ақшалай салық жинап, сол жинаған қаражаттан керек деген басқарушы кісіге ақы төлеген. Басқарушылар салықтан азат болған. Сөйтіп, кейін елді байлар, помещиктер және діни абыздар (брахмандар) билеп төстеген.
Өнері
Оңтүстік Азия халықтары көшілес елдермен ғасырлар бойы қарым - қатынаста болуының нәтижесінде, аборигендердің мәдениетінде көптеген ұқсастықтар байқалады. Әсіресе, мұндай байланыстарды көп жанырлы халық фольклорынан және буддистік классикалық әдебиеттен ұштастырамыз. Алғашқы кезде Солтүстік Үндістанда пайда болған эпикалық поэмалар «Махабхарат» және «Рамаяна», мақал - мәтелдердің жинағы болған «Панчататра», «Хитопадеша» классикалық шығармалары үнді жеріне барынша кең тараған. Діни мейрамдарынан үнділіктердің мың жылдаған өте бай, өте әріден сақталған автохтондық мәдениеті жөнінде құнды мағлұмат алуға болады. Сондықтан да бұл шығармалар қазіргі күнде де Үндістан халықтары сүйсініп оқитын шығармаларға айналып отыр. Тарихшылар, этнографтар, өздеріне керекті құнды деректерді көбінесе осы шығармалардан алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz