Моңғол халқы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Монгол Халық Республикасы- (Бугд Найрамдах Монгол Ард Улс ) - орта Азиядағы мемлекет. Ресеймен және Қытаймен шектеседі. Жері 1565 мың км. Халқы 1377, 9 мың (1974) . Астанасы - Улан Батор қаласы. Әкімшілік жағынан 18 аймаққа бөлінеді. Улан- Батор және Дархан қалалары жеке әкімшілік бөлік болып саналады. Қазіргі коституциясы 1960ж 6-июльде қабылданды. Жоғарғы мемлекет өкімет органы және бірден-бір заң шығарушы органы Ұлы халық хуралы.

Монголия тұрғындарының 75, 3 пайызы дэрбэттардан (34, 7), баиттардан (25, 5 ), захчиндерден (15) , олеттерден (6, 9) , торғұттардан (7, 1) , халха- монғолд (901, 2) , орыстардан (22, 1) , бурядтардан (29, 8) , тувалар (15, 7) қоныстанған. Монғолияда қазақтар 70 пайызды құрайды.

Этногенезі : Көздерінің арасы алшақ, қысыңқы, жақ сүйегі жалпақ келеді. 70 пайызды құрайды.

Мұрындары тәмпіш, кірпіктері жоғары қайрылған. Араларында толық, дембелше адамдары аз, тегінен бәрі талдырмаш, бойлары аласа. Бұлар сақал қоймайды, дегенмен бірен- саран селдері сақалдылар кездесіп қалады. Шаштарын тықырлап алып тастайды, дәл төбесіне ғана қамшының өрімі секілді бір шоқ тұлым қалдырады. Онысы самай шашына жалғасқанда, желке тұстан қосып, бұрымдап өріп қояды. Аяқтары қысқа келеді.

Жер жағдайы : Монғолия шығыс пен батыс шектесетін бөлікте орналасқан. Шығысқа қарай Қытайлықтардың, сондай-ақ Солангілердің жері, оңтүстікке қарай Сарациндердің, оңт. батыста Гуирлардың жері көсіліп жатыр. Батыс облыстарын Наймандар мекендейді, Татардың жері солтүстігінде мұхиттар айдынымен шектеседі. Жерінің бір бөлігін тұтастай таулар алып жатса, ал екінші бөлігі мидай жазық, бірақ қиыршық тасты, аракідік батпақты өңір кездескенімен, көпшілік бөлігі - қымдауыт.

Жерінің бір бөлігін шағын ормандар көмкеріп жатса, екінші бөлігінде орман болмайды. Онда су көздері мен бұлақтар да аса мардымсыз, ал өзендер тым сирек кездеседі. Сондықтан да онда елді мекендер аз, аса көрікті саналып, атағы кеңге жайылған әрі Қарақорым деп аталатын біреуін айтпағанда, ешқандай қала да жоқ, бірақ Сыр-ордада императордың негізгі сарайы болып табылады. Жері аса құнарлы болмағанымен, егін егіп, мал өсіруге аса шұрайлы емес. Бұл жерде ауа райы таңғаларлықтай өзгеріп отырады. Жаз ортасында, күннің көзі шырқауына жеткенде, кенет қатты күн күркіреп найзағай ойнайды. Қар қалың түсіп, дүлей жел соғып, ұйтқыған боран жий болады.

Киімдері : олардың киімдерінде айырма жоқ, бәрі еркектердікі сияқты, әйелдікі де бір үлгіде тігілген. Оларда суқағарлар да, құлақшын, шляпа, тон да болмайды. Әрқилы маталардан шапан жамылғы түрінде тік бойлата тігілген киімдері кеуде тұсында айқара қусырылып, сол жақ қапталы іш жағынан бір ілгек арқылы бекітілсе, оң бүйіріне қарай жабылатындары үш айылбас арқылы тұйықталады. Шолақ тондары да осыған ұқсас болады. Сыртқы жылы киім саналатын шолақ тондарды тіккен кезде оның жүнін сыртқа қаратады да, арт жағы бірнеше қарыс бойлы тілік күйінде ашық қалдырылады. Кейде осы тондардың құймышақ тұсына тақымға жететін құйрық жапсырылып қойлады. Бастарына шыбық бұталарынан немесе ағаш шырпыларынан тоқылған бас киімге ұқсас дөңгелек киім кйеді. Оның құлақтан төбеге дейінгі аралығы әдетте төрт еліге жетеді. Дәл ұшар төбесіне алтыннан, күмістен немесе ағаштан жасалған жіңішке шошақ орнатады. Кейде мұндай теріден жасалған бас киімдері желкесін жауып, иықтарына түсіп тұрады. Қыста киетін бас киімдерінің сыртын қатты матамен қаптайды. Жас қыздар мен әйелдерді де кейде ерлерден ажырату қиынға түседі. Өйткені олардың көпшілігі сарықарын бәйбіше болғанша осындай біртекті киімдер киеді.

Жерлеу рәсімдері : Егер әулетіндегі белгілі адамдардың бірі қайтыс болса, оны көп жағдайда сол адамның өзі қалаған жерге апарып жасырын түрде жерлейді. Олар адамды жерлеу үшін жасырын түрде далаға шығады да қабір қазатын жердің шөбін тамырымен жұлып, тазартады. Сөйтіп үлкен етіп көр қазып ақымдайды да өлген адамға арналған қуыстан біршама төмен қазылады. Міне, осы жерге кезінде иесімен аса сенімді болған және сүйіктісіне айналған құлын жатқызылады. Кейде тіпті есі ауысып шалық тигендей есеңгірейтіндері де бар. Осы рәсімнің барлығы о дүниеге аттанған адамның өлгеннен соң ішер асқа таршылық көрмеу үшін жасалған жөн- жоралғылары саналады. Ал далада ішіне сабан толтырылып қойылған жылқы терісінен жасалған тұлып болашақта да о дүниелік болған адамның малы азаймасын дегенді білдіреді. Еті желініп болған малдың сүйегін тұтастай жинап алады да, өртеп жібереді.

Қайтыс болған адамның туған- туысқандарын және сол кезде ордада болған адамдардың барлығын жинап, отпен аластауға кіріседі. Ол үшін екі жерден от жағады және сол ошақтардың қасына ұшына жіп байланған екі найза шаншиды. Сол жіптің үстіңгі жағына қалың матадан иіліп өрілген жіпті тағып қояды. Осы от арасынан адамдармен бірге мал да өтеді. От жанында тұрған екі әйел дұға сөзін айтып, жанып жатқан алауға су бүркеді. Егер от жанынан өтіп бара жатқанда әлдебір зат түсіп қалса немесе арбаның бір жері бүлінсе сол дүние әлгі әйелдерге бұйырады.

Жазуы: 1950ж кириллица әліпбиіне көшкенге дейін Монғолияда ғасырлар бойы ұйғыр әліпбиінің негізінде жасалған көне монғол жазуы болды. Бұл жазу монғол еңбектерінде бұрынырақта ұйғыр- моңғол жазуы деп аталса, кейінгі кезде көне моңғол, ұлттық моңғол жазуы деп аталады. Ұйғыр моңғол әліпбиімен моңғол тілінде ғылымның әр саласында жазылған тарихи жәдігерлер қазіргі кезде шет ел кітапханаларында көптеп кездеседі, тек Моңғолияның Мемлекеттік кітапханасында осындай шығармалардың 20 мыңдайы сақтаулы. Моңғол халқының классикалық Әдебиетінің өркендеуі көп жылдарға кешеуілдеп қалды, әсіресе өзіне тән ерекшеліктері бар моңғол поэзиясы улкен зардап шекті. « Феодализмнің қалдықтары сақталған, социализмнің өркендеуіне кедергі келтіретін» көне жазудан кириллицаға көшуді ұйымдастыру комиссиясын сол кезде партия көсемі Ю. Цеденбалдың өзі басқарды. Ұлттық тіл саясаты қолға алынып, осыған орай көне моңғол жазуын бүкіл халық болып игеру бағдарламасы қолға алынды. Моңғол жазуының халық институты ашылды. Көне жазумен орындалған «Монгол жаран» атты алғашқы жекеменшік газет жарыққа шықты. Ұлан- батыр қаласының орталық көшелеріне жарнамалар кейбір министірліктер мен ірі мекемелердің маңдайшаларына атаулар көне жазумен жазыла бастады. 1950ж шілде айынан бастап криллица моңғол тілінің фонетикалық ерекшеліктері өзгеріске түсе бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғол-татардың Қазақстан жеріне басып кіруі
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Монғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан моңғол дәірінде
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы мен құлауы
Моңғол мемлекеті
Қазақстан тарихындағы Монғол мемлекеті
Монғол испериясының құрылуы
Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Моңғол жорықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz