Банктің депозиттік операциялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Депозиттік операциялар туралы түсінік
1.1 Депозиттер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Депозиттік операциялар сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Депозиттік операциялар есебі
2.1 Депозиттерді тарту және қайтару есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Пайыздарды есептеу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Қазақстан Республикасының депозиттік операциялардың мәні, депозиттік саясытты жүзеге асыру мәселелері
3.1 Қазақстандағы депозиттік нарықтың жағдайы ... ... ... ... ... ... .
3.2 Банктің депозиттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады. Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалар бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімдіктің болуын қамтамасыз ету қажет. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне банк балансының өтемділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн. Депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек.
Талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісім шарт жасалады. Чектік депозит – бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқық беретін шот. Жинақ салымдары депозит туралы келісім негізінде ашылыды. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады. Жианақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.
Мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кенм емес мерзімге салынады.
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан комерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін.
Банктік жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизімі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде құпия – құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпарыттың жеке түрі. Біздің республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған. Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша несиелік саясатынан шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға болады
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды. Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталға шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерінің, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2002 жылгы 24 маусымдағы Заңы // Егемен Қазақстан.-2002.-28 маусым
2. Экономикалық теория: Оқу құралы/ Әубәкіров Я.А.,
Байжұмаев Б.Б.Жақыпова Ф.Н.,Табеев Т.П.- А.: Қазақ университеті, 1999.-
3. Ілиясов Қ. Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық.-Алматы:2005.-552 б.
4. Байболтаева Н.Ә. Радостовец В.К. Қаржы есебі.-Алматы: Дәуір, 1998
5. Міржақыпова С. Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық.-Алматы:
Экономика.-2004.-710 б.
6. Байболтаева Н.Ә. Радостовец В.К. Қаржы есебі.-Алматы: Дәуір, 1998
7.Төлегенов Э.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері .-Алматы: Экономика, 2001
8.. Кеулімжаев Қ, Әжібаева З, Құдайбергенов Н, Жантаева А. Қаржылық есеп.-Алматы, Экономика, 2001.-330 бет
9. Кеулімжаев Қ. Бухгалтерлік есеп принциптері.-Алматы, Экономика, 2003.-360 б.
10. Назарова В. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденциясы.-Алматы,
Экономика.-2002.-220 б.
11. Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. -
Алматы: АЙАН, 2001,
12. Радостовец В. К. Ғабдуллин Т. Ғ. Радостовец В. В. Кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп – Алматы.- 2003.-649б.
13. Баймұханова С. Б. Бухгалтерліе есеп – Алматы: Экономика.- 2005.-216 б.
14.Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі.-Алматы: Жеті жарғы.-2005.-212 б.
15. Желдибаев А. Лизинг-как альтернативный метод ресурсного обеспечения субьектов малого и среднего бизнеса // Транзитная экономика – Алматы, 2002 №1
16. Иссык Т. Возможнасти лизинга / Юрист -2002 №7
17.Егеменді Қазақстан 2003 №12 «Қазақстан республикасының лизинг туралы заңы».

Қазақстан Республикасының білім және Ғылым министірлігі
Тақырыбы : "Банктің депозиттік операциялары"
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Депозиттік операциялар туралы түсінік
1. Депозиттер түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Депозиттік операциялар
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Депозиттік операциялар есебі
1. Депозиттерді тарту және қайтару есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Пайыздарды есептеу есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Қазақстан Республикасының депозиттік операциялардың мәні, депозиттік
саясытты жүзеге асыру мәселелері
1. Қазақстандағы депозиттік нарықтың жағдайы ... ... ... ... ... ... .
2. Банктің депозиттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез
келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады. Депозиттік
операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік
салымдардың мерзімдері мен сомалар бойынша несие ұсыну операциялары
арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімдіктің болуын қамтамасыз ету
қажет. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне банк балансының
өтемділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше
назар аударған жөн. Депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк
депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға
тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек.
Талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік депозиттер деп те
аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы
арасында келісім шарт жасалады. Чектік депозит – бұл міндетті түрде өтелуге
тиісті, салымшыға чек жазуға құқық беретін шот. Жинақ салымдары депозит
туралы келісім негізінде ашылыды. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты
типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы
бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жианақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін
чектік емес депозиттер.
Мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын
ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге,
яғни бір айдан кенм емес мерзімге салынады.
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан комерциялық банктердің
қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке
сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін.
Банктік жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі
механизімі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде құпия –
құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпарыттың жеке түрі. Біздің
республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар
қарастырылған. Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан
әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды
шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша несиелік саясатынан
шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін, қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға болады
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы
мен тактикасын қамтиды. Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас
бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға
бағытталға шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік
саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты
реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген
коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің
стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Депозиттік саясат банктің
стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік
саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерінің, яғни жеке
салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі
қажет.
1. Депозиттік операциялар туралы түсінік
1.1 Депозитік операциялар сипаты.
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті
операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды
қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операцияларды келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін :
• Банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен
аударулар;
• Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
• Депозиттік операциялар;

банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
• Депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда
табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
• Депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне депозиттік операция
субъектісінің әр түрлігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының
үйлесімдігіне ұмтылыс болады;
• Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер
мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалар бойынша несие ұсыну
операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімдіктің болуын
қамтамасыз ету қажет;
• Депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне банк балансының
өтемділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге
ерекше назар аударған жөн;
• Депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік
шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға тартылмаған)
ең аз болуына талпынуы керек;
• Депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және
қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған
жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының
басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде
басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрақтандырудың уақытша бос ақша
қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктар бұл қаржыларды тиімді
пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға
табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкімет мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз
қаржыларын комерциялық банкке салады.
1.2 Депозиттер түрлері
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- мерзімді депозиттер;
- талап етілмелі депозиттер;
- жинақ салымдары бағалы қағаздар.
Бірінші топ – талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік
депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде
банк пен салымшы арасында келісім шарт жасалады. Чектік депозит – бұл
міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқық беретін шот.
Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу
арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар
бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік
депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары өткізбелерінің айтарлықтай
көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем
белгілейді. Бұл кезде ьөлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны
мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай
көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын
жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса , банктер кейбір кездерде бұл
төлемдерді алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
- ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
- ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер түрінде алынуы мүмкін;
- шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерінде немесе әрбір жазылған чек
үшін коммисия төлеуі;
- Ұлттық банкке ең аз резервтік мерзімдік депозиттермен салыстырғанда
үлкен үлестің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары
есептелген контокоррент – біріңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк
қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және
де шотқа салым, аударым және тағы басқа түрде түсетін барлық қаржы
көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек
сенімді клиенттерге және бірінші сыныптағы қарызшыларға ашылады. Шот иесі
шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы
рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде
несие алуға мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымдағы оведрафт шотын жатқызуға
болады, оведрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк
анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік
беретін шот, бұлда несие алмасуды білдіреді. Оведрафттың контокорренттен
айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, оведрафт шоты
қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Оведрафт ағымды шоты
жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің бір түрі – нау-шоттар – пайыздық мөлшерінің
жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар –
бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешені ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі – автоматтық аудару шоттары (ATS-
шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға
мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін
депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып,
пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік
шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде
қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін
сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған
пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне
банк қызметтері жазған чектер және куәландыратын чектер деп аталатын
шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер – банк қызметкерлері
беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті күәландыру кезінде,
куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны
жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі
немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда,
соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер
жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері
бойынша эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне
баланысты банктің көтеген клиенттері осы типтес депозиттегі қаржыларының
мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдығы әдістерінің
бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүліктерді пайдалану. Мұндай
шоттармен ағымдағы операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген
аз шектен асатын кез келген ақща сомасынан шотты "тазартады" (немесе
оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға
орналастырады, масалы, қайта сатып алу мәселеге, яғни операцияны банк
күнделікті іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл
операцияны, өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан
талап ету депозитіне аударылады.
Көптеген банктер озінін клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды
талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін
нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет.
Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту
жолымен қорладың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді.
Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік
қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін
төлемді ұсынады.
Депозиттің келесі тобы – жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім
негізінде ашылыды. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ
кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар
шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жианақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз
әкелетін чектік емес депозиттер.
Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімнің болуы;
- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдан ала хабарлауды
талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда
банктер ол талапты аз қояды;
- шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
- салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген
операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
- шоттағы міндеттің ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың
болмауы.
Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ
кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы
кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысының жинақ кітапшаны ауыстырады.
Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ
салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы
шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшерін нарықтық пайздық
мөлшерлерінің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде
операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын
есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:
- бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала лады;
- бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген,
қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
- осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын
жазуға құқылы;
- бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында
қолданылады;
- банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем
алынады;
- егер салымшылар – корпорация болса, банктер осы шоттарбойынша
белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең тараған топтардың бірі – мерзімдік салымдар, оған мерзімдік
салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді.
Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге
салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз
алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде
қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келісілген мерзім ағымында
толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит
туралы келісім жасалынады. Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа
бөлінеді:
- 30 күннен 89 күнге дейін;
- 90 күннен 179 күнге дейін;
- 180 күннен 359 күнге дейін;
- 30 күннен жоғары.
Мерзімі салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын хабарланған
салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның мерзімі келісімде
көрсетілген. Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшер белгілінеді. Егер клиент
банкті қаржы алу туралы активті операцияларын басқа көз есебінен қта
қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті
банк клиент кірісін азайтуға құқылы.
Депозиттердің төртінші тобы – бағалы қағаздар. Депозиттер түрі ретінде
былайша бөлінеді:
- аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кооперативтің,
акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;
- сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
- шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел
валютасындағы аккредитивтер);
- депозиттік сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.
Депозиттік сертификат – эмитент банктің ақша қаржыларының салымы
туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым
бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын
жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат –кірісті бағалы қағаздардың бір түрі, сол
себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп аыйрысу
немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ олардың бір заңды
тұлғаданекіншісіне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну –
цессия, ол депозиттік сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен
рәсімделеді: өз құқын ұсынушы тұлға – цедент пен құқық алушы цессионарий.
Сертификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификаты және қаржы түсетін
шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын
ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті тұлғалар
аты-жөнін, мөрінің және қолдаының сәйкестігін тексереді.
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
- жолданбайтын – салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенде
банкке ұсынылады;
- жолданатын – екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі
мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзімге тиімді
инвестициялауға көмектеседі,ал қажет болған жағдайда сертификаттарды тез
қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
● Шығарылуы бойынша:
- бір рет;
- сериямен шығарылатын.
● Рәсімдеу тәсілі бойынша:
- арнайы;
- ұсынушыға.
● Төлеу шарттары бойынша:
- Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері
үнемі төленіп тұратын сертификаттар;
- сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлеріне
немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қол емес аударымдармен және
нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы жіне осы
сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:
- аты;
- сертификатты ұсыну себебі;
- ұсыну күні;
- салым сомасы;
- депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;
- сертификат сомасын талап ету күні;
- пайыз мөлшері жне есептелетін пайыз сомасы;
- эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты
үшін);
- банк мөрімен бекітілген, осындай міндеттемелерге қол қоюға
өкілетті екі тұлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен
орналастыру шарттарын еркін дайындайды. өз сертификаттарын тиімді
орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:
- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
- салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
- пайздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмін;
- шығарымды стандартты шарттарын ( еселік, номинал және т.б);
- номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
- кең жарнаманы.
Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен
салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
- сертификаттарды тарту айналымдағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың
үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейді;
- екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі
үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ
жедел сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойнша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары мен
мерзімдік салымдарға кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.
Мерзімдік салымдармен салыстырғанды сертификаттардың жетіспеушлігі оның
эмиссиясымен байланынысты банктің жоғары шығындарының болуы.
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесі
Депозиттерді сақтандыру қорлары.

сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі
сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70
елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде
табысты жұмыс істейді.
Салымдар сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып
алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер
сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып
алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраса да, үкімет
клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың
салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі.
Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір
немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік
жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің
міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттердісақтау
бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары
жетіспеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады.
Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін
беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі
болып табылады. Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында
Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы
жүргізілді. 1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктердегі жеке
тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру
ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі"
банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік
берудің (сақтандыру ) қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капитал 1
миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылды. Қор
құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты –
депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге
салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз
ету. Қор жұмысының ең басты қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі және
тұрақты банктері тұрады. Бұл халақаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық
жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік
қадағалауымен бақыланатын жүйеле банктер.
Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымлары орналастыруға негізгі
кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі соңғы есеппен табыс
іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын
ұсынған. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі
банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру
ережесіне негіз болған.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады.
Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: АҚШ долларында және
еурода. Кепілдеу объектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйақы пайызы)
бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша салымдар келесі сыйақы
мөлшері белгіленіп, қайтару міндеттемесін қор кепілдеген:
2001 жылдың 1 шілдесінен:
- теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
- 2001 жылдың 1 қазанынан;
- теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
- доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Салымдар (депозит) сомасы, бірақ 400 мың теңгеден артық емес, сонай-ақ
қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
50% шегінде банктік операцияны жүргізүге лицензияны қайтарып алғанға дейін
есептелген сыйақы мөлшері.
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз,
бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы
қайтарылады.
Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер)
бір салым түрі ретінде қарастырылып, анықталған ережелерге сәйкес төленеді.
Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың
теңгеден аспайтын клемінде жүзеге асырылады.
Салымшы өзінің әр түрлі валютада салған мерзімді салымы бойынша
төлемдерді қайтару кезегі өзі анытауға құқылы.
Жинақталған резервтер салымдар бойнша жетіспеген соманы қалпына
келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы
есебінен төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін
таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың
шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен атысушы банк міндетті
күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдерді және
негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ
аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың
күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және
төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған.
Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық
жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және салымдар
(депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша міндетті
күнтізбелік жарнаны енгізуалдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0,125
пен 0,375 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі
2002 жылғы № 136 ҚР екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың
салымдарына (депозитіне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
ережесімен кепілденеді.
Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министірлігінің бағалы
қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі – бүгінгі күні
Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен
қатар құралдар тізімі, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары
жүргізілуде.
Ұжымдық сақтандыруға халықаралық стандарттарға өту бойынша бірінші
топқа енетін банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелеріне қойылатын
талаптарға жауап берілген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы
банктердің бірі ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық
ақпараттар бекітілген тізімге сәйкес қорға жолдануы тиіс.
Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткені
сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерінің жарғылық капиталынан
аспайтын көлемге ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мұндай
шектеу қоылмайды. Кез келген банк өз қалауы боынша депозиттерді ұжымдық
сақтандыру жүйесінен еркін шыға алады.
Шетелдік тәжірибе елде қалыпты жұмыс істейтін банктік жүйе қалыптасқанда
ғана депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет ету мән бар екенін
көрсетеді.
Барлық дамыған елде депозиттерді сақтандырудың бір немесе басқа да
нысандары қолданылады. Швейцария банктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz