Бағалы қағаз деген не?


Бағалы қағаз деген не?
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Үкіметтің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың инвестициялық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар мақалаларды жарыққа шығармақ.
Орталық және аймақтық БАҚ беттерінде мамандарымыз оқырмандарға қор биржасының не екендігін, пайлық инвестициялық қорды дұрыс таңдау жолдарын, Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар мен жеке инвесторларды қорғайтын заң туралы, тәуекел түрлері мен оларды азайту жолдарын баяндайды.
Қор нарығы дегеніміз не? Бұл бағалы қағаздар айналыма жүретін қаржы нарығының бөлігі.
Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.
Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған субъектінің дивидент түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлігінің бір бөлігіне құқық береді.
Облигация- борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермегенімен, купон не дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік береді.
Эмитентке байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы қағаздар түрі болса, шаруашылық субъектілерімен.
Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы боп саналады. Акциялар акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын арттырады не белігілі бір мақсатты бағдарламаларды өткізу үшін эмиссия жасайды. Мемлекеттік облигациялар- мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда мемлекет бюджет дефицитін жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз эмитенттердің тұрғысынан қарағанда, облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше облигациялар дегеніміз, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы банктік депозит баламасы.
Шығарылуына қатысты бағалы қағаздар құжаттық және құжаттық емес болып екіге бөлінеді. Құжаттық бағалы қағаздар бланк, сертификат үлгісімен қағаз түрінде жасалады. Ал, құжаттық емес бағалы қағаздар электронды түрде. Яғни, кез-келген тұлғаның бағалы қағаз иесі екендігі оның шотының жазбаша үлгісі арқылы анықталады. Құжаттық емес қағаздарды сату/сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушының электрондық шотында қажетті жазбалар тіркеледі. Бұл әдіс бүгінгі таңда өте кеңінен тараған.
Акциялар
Акциялар бағалы қағаздардың дәстүрлі түрі болып табылады. Оларды тек акционерлік қоғамдар ғана шығара алады.
Акционерлерге және акцияларды сатып алғысы немесе сатқысы келетін адамдарға нені білу керек?
Акциялар өздерінің иеленушілеріне беретін құқықтар: осы акцияларды шығарған қоғамды басқаруға қатысу құқығын, аталған акционерлік қоғамнан дивидендтер алу құқығы және осы акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің тиісті бөлігін алу құқығы.
Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай акциялар және артықшылықты акциялар. Олардың басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің беркітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.
Мысалы, сіз «А» акционерлік қоғамы шығарған артықшылықты акцияларды сатып аласыз. Айталық, аталған қоғамның Жарғысында қоғамның артықшылықты акциялар шығаруға құқығы бар және әр акция бойынша дивидендтер мөлшері 20 теңге мөлшерінде белгіленеді делінген. Демек, жылдық таза пайдадан (яғни барлық салықтар төленгеннен кейін) әр артықшылықты акция бойынша қоғам дәл осы 20 теңгені төлеуге міндетті. Айталық, сіз осы қоғамның 100 артықшылықты акциясын сатып аласыз. Демек, кезекті жылдық жиналыс өткізілгеннен кейін сізге 2000 теңге мөлшерінде дивидендтер (100 акция * 20 теңге= 2000 теңге) төленеді деп күтуге сіздің толық құқығыңыз бар. Егер сіз осы акциялардың әрқайсысын 100 теңгеден сатып алған болсаңыз, онда «А» акционерлік қоғамының артықшылықты акцияларына барлығы 10 000 теңге құйдыңыз. Енді жыл сайын 2000 теңге мөлшерінде дивидендтер аламын деп күтуге құқығыңыз бар. 10 000 теңгені сіз бір рет құясыз да, енді жыл сайын сіз аталған дивидендтерді алып отырудан салыстырмалы түрде нық сеніммен үміттене аласыз. Біз неліктен сіз осы дивидендтерді алып отырудан салыстырмалы түрде нық сеніммен үміттене аласыз деп айтамыз. Себебі, егер қоғам өзінің жыл бойғы қызметінен кейін пайда алмайтын болса, акцияларды иеленушілердің барлығына дивидендтерді төлеу үшін қаражат та болмайды. Бірақ бұл орайда артықшылықты акцияларды иеленушілердің алдында қоғамның борышы пайда болады. Және де қоғам банкрот болып қалып, таратылып кетпесе, ол артықшылықты акцияларды иеленушілерге қарыз болған дивидендтердің бәрін төлегенше, борышы жинала береді.
Беркітілген дивидендтер алу бойынша осы құқық артықшылықты акциялардың ерекшелігі болып табылады. Себебі, жай акцияларды иеленушілердің мұндай құқығы жоқ. Жылдық таза пайда есептелген кезде, дивидендтер ең бірінші кезекте артықшылықты акцияларды иеленушілерге төленеді. Содан кейін барып жай акцияларды иеленуші акционерлер пайданың қалған бөлігінің тағдырын шешетін болады. Олар жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге қандай соманы бағыттауға болатынын айқындауға тиіс. Егер пайда шамалы ғана болса, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлегеннен кейін түк те қалмауы мүмкін. Немесе шамалы ғана сома қалады, оны келесі жылы да пайдамен тағы да осындай қолайсыз жағдай қайталанбас үшін, қоғамды дамытуға бағыттау керек болады. Сонда жай акцияларды иеленушілер құралақан қалады. Және де бұл жағдайда артықшылықты акцияларды иеленушілерден өзгеше, жай акцияларды иеленушілерге қатысты қоғамның боршы жинақталмайтын болады.
Алайда басқа жағдай да қалыптасуы мүмкін. Егер қоғам өте үлкен пайда алса, онда артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленгеннен кейін үлкен сома қалады да, жай акциялар бойынша дивидендтер артықшылықты акцияларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Ал артықшылықты акцияларды иеленушілер әр акция үшін тек өздерінің 20 теңгесін ғана алады.
Осылайша, біз жай акцияларды сатып ала отырып, әлдеқайда көбірек тәуекел ететінімізді көріп отырмыз, себебі дивидендтерді мүлде алмауымыз мүмкін, ал қоғам осы пайдасыз жылдар үшін дивидендтер төлеуге міндетті болмайды. Бірақ іс жақсы жүріп жатқан кезде жай акциялар бойынша табыс та артықшылықты акцияларға қарағанда әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Бұл орайда акцияларды сатып ала отырып, акционерлердің бәрі тәуекелге бас тігеді. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысаны құйылған қаражат бойынша пайда алуға жүз пайыздық кепілдік бере алмайды және беруге де тиіс емес. Кез келген инвестициялардың тәуекелдігі болады. Бірақ жай акцияларды сатып алған кезде бұл тәуекелдік жоғары.
Сонымен қатар, жай акцияларды акционерлік қоғам кез келген жағдайда шығаруға міндетті екенін білген дұрыс. Ал артықшылықты акцияларды қоғамның шығаруына да, шығармауына да болады.
Бұрын артықшылықты акциялар бойынша беркітілген дивидендтің мөлшері Жарғыда акциялардың атаулы құнының пайыздық арақатынасында көрсетілгенін, бұл құнның да осы Жарғыда көрсетілгенін айта кету керек. Мысалы, бір артықшылықты акцияның атаулы құны 100 теңге делік. Ал беркітілген дивиденд Жарғыда акцияның атаулы құнының 10%-ы мөлшерінде белгіленген. Демек, дивиденд 10 теңге болады (100 теңгенің 10%-ы 10 теңгеге тең) . «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа Заң шыққаннан кейін акциялардың атаулы құны деген ұғым заңнамадан алынып тасталды да, артықшылықты акциялар бойынша беркітілген дивидендтің мөлшері енді ақшалай түрде көрсетіледі.
Жай акциялар мен артықшылықты акциялардың тағы бір айырмашылығы сол, жай акцияларды иеленушілердің акционерлердің жалпы жиналысында әрқашан да дауыс беру құқығы бар. Бір акция өзінің иеленушісіне бір дауыс береді. Егер сізде 100 акция болса, демек сіздің 100 даусыңыз бар. Дауыс беру кезінде дауыстар дәл осы санға негізделіп есепке алынатын болады. Сіздің акцияларыңыз, яғни жиналыстағы сіздің дауыстарыңыз қанша пайызды құрайтынын білу үшін дауыс беруші акциялардың бүкіл санын жүз пайыз деп алу керек. Егер сізде 100 жай акция болса, ал дауыс беруші акциялардың жалпы саны 100 000 болса, онда сізге жиналыстағы дауыстардың 0, 1%-ы тиесілі.
Дауыс беру құқығы дегеніміз - бұл сіз сатып алған акцияларды шығарған акционерлік қоғамды басқару құқығы. Себебі акционерлік қоғам дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады деген кезде, бұл аталған қоғамның акционерлері өзінің жылдық жиналысына жиналып, көпшілік дауыстар санымен айқындалған мөлшерде және тәртіпте дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады дегенді білдіреді. Бұл орайда акционерлер кәсіпорынның бір жыл ішіндегі қызметінің нәтижелерін негізге алады. Бұл нәтижелерді акционерлік қоғамның басшылығы акционерлердің қарастыруына ұсынады. Яғни, кәсіпорын басшылығы осылайша өзінің бір жыл ішіндегі қызметі туралы акционерлердің алдында есеп беруге тиіс. Акционерлер өздерінің мәртебесі бойынша компанияның басшылығынан жоғары тұрады, себебі олар өздерінің басқару құқығының бір бөлігін басшылыққа табыстаған. Акционерлік қоғамның басшылары былайша айтқанда жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер, бірақ аса білікті жұмыскерлер, өз ісінің кәсіпқойлары болып табылады, оларды акционерлік қоғам солардың қол астында табыстырақ жұмыс істесін деп жұмысқа әдейі жалдаған. Егер басшылық осы негізгі міндетін дұрыс атқара алмаса, онда сол акционерлердің өздері жалпы жиналыста басқа басшыларды тағайындай алады. Бұл орайда теріс нәтижелердің әрқашан да акционерлік қоғамның басшыларының нашар жұмысына байланысты бола бермейтінін ерекше атап өту керек. Себептер басқа жағдайларға да байланысты болуы мүмкін. Сондықтан кәсіпорынның нашар жұмысының түп-тамырларын дұрыс анықтаудың маңызы өте зор. Бұл белгіленген мерзімдерде өзгерту ең бір майталман деген басшының өзінің де қолынан келмейтін жағдайлар болуы мүмкін. Басшылардың өздері өз кәсіпорындарының акционерлеріне айналатын жағдайлары өте жиі кездеседі. Бұл, демек, кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне олар әлдеқайда мүдделі болады, себебі, олар да оған өз қаражаттарын құйып, енді өздерінің жұмысы үшін еңбекақы алып қана қоймай, санымен қатар құйған ақшасы үшін дивидендтер алуды да жоспарлап отыр дегенді білдіреді. Бұл бірақ, акционер болып табылатын басшы әрқашан да басшы болып қала беруге тиіс деген сөз емес. Бұл тіпті де міндетті емес. Егер түрлі себептермен ол өзінің қызметінен бас тартса, немесе қайта сайланса, ол акционер болып қала береді, бірақ кәсіпорынның жұмысын басқармайды.
Әр акционердің акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған, ал оны іске асырудың тәртібі мен шарттары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда жазылған.
Жай акциялардан өзгеше, артықшылықты акциялардың акционерлердің жиналысында үнемі дауыс беру құқығы жоқ. Өйткені, оларды иеленушілерге мазасызданудың мүлде қажеті жоқ. Оларға кәсіпорын қалыпты жұмыс істеген жағдайда, беркітілген дивидендке кепілдік берілген.
Бірақ артықшылықты акцияларды иеленушілер акционерлік қоғамды басқаруға мүлде қатыспайды деп айтуға болмайды. Тек ақша жағынан беркітілген дивиденд түріндегі салмақты артықшылықтары болғандықтан, олардың бұл құқығы шектелген. Алайда артықшылықты акцияларды иеленушілер жиналыста дауыс беру құқығын иеленіп, белгілі бір шешімдерді қабылдауға өз үлестерін қосатын жағдайлар да болады. Бұл жағдайлар «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда тура көрсетілген.
Бұл орайда істердің жай-күйі қалыпты ағынына қайтып оралған бетте және артықшылықты акцияларды иеленушілерге дивидендтер төленген бетте бұл акциялар қайтадан дауыс бермейтін акцияларға айналады.
Бағалы қағаздар туралы баяндалған ақпараттың қорытындысын шығара отырып, жоғарыда айтылғанның барлығының «қалай болуға тиіс» немесе «неменеге ұмтылу керек» деген жайттардың санатына жататынын есте ұстау керек. Ал шын мәнінде, іс жүзінде акциялар мен акционерлік қоғам туралы идеяның бұрмалану жайты көптеп кездеседі. Олардың барлығының едәуір түсінікті себептері бар.
Облигациялар
Облигациялар бағалы қағаздардың акциялардан кейінгі екінші ең кең тараған түрі болып табылады.
2004 жылғы желтоқсандағы санда облигациялар өздерінің иеленушілеріне беретін құқықтар туралы сөз болған еді. Бұл - облигациялардың атаулы құнын алу құқығы және облигация бойынша сыайқы алу құқығы.
Облигацияларды сатып ала отырып, акцияларды сатып алған кездегідей сіз оларды шығарған кәсіпорынның тең иесіне айналмайсыз. Облигациялар компанияның қарызы болып табылады. Оларды шығара отырып, компания сол арқылы инвесторлардан қарызға ақша сұрағандай болады. Шығарылған облигацияларды сата отырып, компания осы облигацияларды сатып алатын инвесторлардан қарызға ақша алады. Облигацияның өзі осы борыштың куәлігі болады, борыш міндетті түрде инвесторға қайтарылуға тиіс. Дәл осы айырмашылыққа байланысты акциялар үлестік бағалы қағаздар тобына, ал облигациялар борыштық бағалы қағаздар тобына жатқызылады.
Сіз неліктен облигацияларды шығарушы компаниялар ол облигацияларды инвесторлардың сатып алғысы келеді деп ойлайды деген сұрақ қоя аласыз. Бәрі де оп-оңай. Компаниялар инвесторларды аталған бағалы қағаздарды сатып алуға табыс алу мүмкіндігімен қызықтырады, оны жылдық сыйақы түрінде немесе облигациялар сатылған кезде дисконт (шегерім) түрінде алуға болады. Яғни, әр облигация - белгіленген күні облигацияның атаулы құнын қайтару туралы, және көбінесе бүкіл мерзім бойынша - облигация шығарылған сәттен бастап ол өтелген сәтке дейін белгілі бір жылдық өсім төлей отырып қайтару туралы компанияның міндеттемесі болып табылады.
Осылайша, кез келген облигациялар шығарылымын міндетті түрде құрайтын деректер: әрбір облигацияның құны (атаулы құны - қарызға аланытаны сома), облигацияларды өтеу мерзімі (борыш қайтарылатын күн), сыйақының мөлшері мен түрі (ақшаны пайдалану үшін жылдық пайыз) . Облигациялар шығарылған күн мен олар өтелетін күннің арасындағы мерзім облигациялардың айналым кезеңі немесе мерзімі деп аталады.
Кәсіпорындың акцияларын сатып алушылар осы кәсіпорындағы үлесті сатып алады. Кәсіпорындың облигацияларын сатып алушылар әншейін осы кәсіпорынға қарызға ақша береді.
Акцияларды иеленуші өзі сатып алатын акциялар бойынша дивидендтер аламын деп топшылайды. Ол компанияны басқаруға және компанияның пайдасын үлестіруге қатысады. Облигацияларды иеленуші өзі сатып алған облигацияларды шығарған компанияны басқаруға қатыспайды, бірақ ол өзінің ақшасын қайтарып алудан және олар бойынша белгіленген өсімді алудан толық үміттене алады.
Акцияны иеленуші өзінің акцияларын сатқысы келгенге дейін оларды шектеусіз уақыт бойы иелене алады. Облигацияны иеленуші облигацияларды өтеу мерзімі өткеннен кейін оны иеленуін тоқтатады.
Егер компанияның істері сәтті жүріп жатса, онда акционерлер жоғары дивидендтер алады. Облигацияларды иеленушілер бұл орайда бәрібір белгіленген мөлшерде өзінің өсімін алады. Компанияның пайдасының жоғары немесе төмен деңгейі облигациялар бойынша сыйақының мөлшеріне ешқандай әсер етпейді.
Бірақ сонымен қатар, облигациялар - акциялармен салыстырғанда ақшаны құюдың тәуекелдігі азырақ түрі. Облигацияларға инвестициялау көбірек қорғалған түр болып табылады, себебі бағалы қағаздардың аталған түрі кәсіпорынның борышы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz