Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, еңбекке қабілетті халықтың көпшілігі жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнімнің басым көпшілігі бәсекеге қабілетсіз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткізілмдерінен едәуір тәуелділігі және т. б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгіленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша-несие валютаның белгіленген ұлттық ақшаның дүниежүзілік нарықтағы нақты құнын көрсетпеуінен қолайсыз болады. Үкімет көпшілікті жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндігі болмайды.

Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкімет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкін. Тіркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесіздіктерді пайдалануы, ықтимал ірі алтын-валюта резервтерінің болуын талап етеді. 1998 жылы дүниежүзілік нарықтағы және Ресей экономикасындағы экономикалық жағдайдың нашарлау жағына қарай күрт өзгеруі, тіркелген ұлттық валюта бағамының өзінің тіршілік етуге жарамсыздығын көрсетті. Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшін алтын-валюта қорларының едәуір мөлшерін жоғалтты.

Үкіметтің саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерін көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған болатын. Салықтық-бюджеттік реттеу әлсіз болса да жиынтық кірістің өсуін ынталандыруды негізге алған. Ақша-несие саясатының рөлі айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген еді.

Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимыл жасауын қолдау мәслелері Ұлттық Банк тарапынан тікелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтімділігін басқару қиындады, банктерге үндік қарызбен «овернайт» несиелерін беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады.

Осымен бірге, Үкімет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздануымен күресуді маңыздырақ деп санап, тіркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуге едәуір нәтижелерге қол жеткізді.

Баланстағы тепе - теңсіздік кезінде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерін тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерін қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерін жасау қажет болмайды.

Еркін айырбас режиміне көшкен кезде ұлттық валюта құнсызданғаннан кейін, шетелдік нарықтағы ұлттық тауарлар арзандап, бұл өз кезегінде экспорт мөлшерінің қалпына келуіне және импорттың кемуіне, елге еркін айырбасталымды валюта ағымының артуына ықпал етті.

Еркін өзгермелі ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкімет елдің экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтеріне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпініне тікелей ықпал етуге мүмкіндік алды.

Сонымен бірге, Қазақстан экономикасында бірқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейін әлі де жойылмай келеді. Эконоканың кейбір салаларында өндірістің құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттік кірісті арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздар мөлшері өсуі жалғасуда және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік табалдырығынан мағынасына жақындады, өндірістік салаға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етуші субьектілердің инвестициялық белсенділігі тиісті дейгейде емес және т. б.

Мұның барлығы ақша-несиелеуді реттеу жөніндегі шаралар бюджеттік шығындар мен салық салуды басқару жөніндегі мемлекеттік шаралармен тығыз байланысты болуы керектігін дәлелдейді.

1. 2. Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері

2008 жылдың аяғында - 2009 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нақты емес дәлізді бір АҚШ доллар үшін 120 теңге ±2% шегінде сақтау жөнінде айтарлықтай күш салды.

2008 жылғы қазаннан бастап 2009 жылғы ақпан аралығындағы кезеңнің өзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге 9 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Алтынвалюта резервтерінің көлемі осы кезеңде 10, 4%-ғ төмендеді. Алайда, 2009 жылдың басында әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының сауда-әріптес елдері валюталарының девальвациясы және қазақстандық экспорттың негізі болып табылатын энергия ресурстары бағаларының айтарлықтай төмендеуі төлем балансының 2009 жылғы көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз етпеді және олардың күрт нашарлауына әкеліп соқты. Ақша-кредит саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті. Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2009 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтынвалюта резервтерінің көлемін толықтыра алды. 2009 жылдың аяғында ол 23, 2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 16, 8% артық. Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-кредит саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10, 5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей - 7, 0% дейін біртіндеп төмендетілді. 2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1, 5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2, 5% дейін төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2009 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды. Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің сақталуы және нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы кредиттік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді ноталары бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақытша лагты ескере отырып қабылдаған шараларының тиімділгі 2010 жылы көрінетін болады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2009 жылғы ақпанда 0, 8% құрады (2008 жылғы ақпанда - 0, 8%, 2009 жылғы қаңтарда - 0, 3%) . Азық-түлік тауарларының бағасы 0, 6% (1, 2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар -1, 8% (0, 5%) жəне ақылы қызмет көрсету 0, 2% (0, 7%) өсті. Өткен айда азық-түлік тауарлары нарығында алкогольсіз сусындар 3, 8%, алкогольді сусындар 3, 0%, темекі өнімдері 1, 7%, жеміс-жидек жəне көкөніс 1, 5%, балық жəне теңіз өнімдері 1, 2%, қант 1, 1% көп дəрежеде қымбаттады. Майдың жəне тоң майдың бағасы 2, 1%, оның ішінде күнбағыс майы - 4, 6%, сондай-ақ жұмыртқа - 3, 3%, ұн - 1, 3% төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында жуу жəне тазалау құралдарының бағасы 8, 0%, жеке гигиена тауарлары - 5, 8%, медициналық препараттар - 4, 6%, тұрмысқа қажетті аспаптар - 3, 8%, кітаптар мен газеттер - 1, 7% өсті. Бензин 1, 2%, дизель отыны 0, 6% қымбаттады. Халыққа ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету 0, 1% арзандады. Бұл ретте тарату желілері бойымен тасымалданатын газ 0, 8%, электр энергиясы - 0, 5%, кəріз - 0, 2% арзандады. Почта қызметі 2, 1%, медициналық қызмет - 1, 2% қымбаттады, ал көлік қызметі 0, 3%, оның ішінде теміржол көлігі - 0, 6% арзандады. 2009 қаңтар-ақпанда инфляция 1, 1% (2008 жылғы қаңтар-ақпанда - 1, 9%) құрады. 2008 жылғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда 2009 жылғы 2 айда инфляцияның бəсеңдеуіне осы кезең ішінде 0, 8% өскен (2008 жылғы қаңтар-ақпанда - 2, 8%) азық-түлік тауарлары бағасы өсуінің бəсеңдеуі себепші болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1, 4% (1, 2%) жəне ақылы қызмет көрсету - 1, 4% (1, 3%) қымбаттады. Бұл ретте, 2009 жылғы 4 ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануынан болған инфляциялық салдардың елеусіз болғандығын атап өткен жөн. Баға 2009 жылғы қаңтардағы 0, 3%-дан ақпанда 0, 8%-ға дейін көтерілді, бұл осы кезең үшін əдеттегі деңгей болып табылады (1999 жылғы сəуірде деңгей айтарлықтай жоғары болды жəне инфляция 4, 6% деңгейінде қалыптасты) . Бағаның жылдық көрсетудегі өсуінің баяулау үрдісі жалғасты. 2009 жылғы ақпанның қорытындылары бойынша жылдық көрсетуде инфляция 8, 7% (2008 жылғы желтоқсанда - 9, 5%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы - 8, 7% (10, 8%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 5, 9% (5, 7%), ақылы қызмет көрсету бағасы - 11, 5% (11, 4%) өсті. 2008 жылдың екінші жартысында азық-түлік тауарлары мен шикізат тауарлары сияқты биржалық тауарларына бағаның төмендеуі, сондай-ақ экономикалық өсудің баяулауы басты инфляццяның тəуекелін əлсіретеді. 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта экономикалық өсудің төмендеуі жəне əлемдік нарықтарда минералдық ресурстарға жəне азық-түлік тауарларына бағаның жоғары болуы салдарынан инфляцияның жоғары деңгейі аясында əлемдік экономика стагфляциясының туындау қаупінің болғандығы анық. Сонымен қатар, 2008 жылғы үшінші тоқсанда қаржылық дағдарыстың тереңдеу салдарынан экономикалық белсенділіктің төмендеуіне жəне бүкіл əлем бойынша сұраныстың қысқаруына, сондай-ақ əлемдік тауар нарықтарында бағаның күрт бұрылуына байланысты инфляциялық қысым əлемде жаппай төмендей бастады, бұл 2009 жылы анық байқалуы тиіс. 2009 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 7, 6% (немесе 1, 4 млрд. АҚШ долл. ) 19, 6 млрд. АҚШ долл. (жыл басынан бастап - өсуі 1, 2%) дейін өсті. Ішкі валюта нарығында валютаны сату жəне Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының ұлғаюымен жəне Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін Ұлттық Банктің валюта активтеріне қайта айырбастауымен бейтараптандырылды. Нəтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 7, 6% (немесе 1, 2 млрд. АҚШ долл. ) (жыл басынан бастап - өсуі 0, 2%) ұлғайды, алтынмен активтер олардың əлемдік нарықтардағы бағасының 7, 6% өсуі нəтижесінде 7, 6% (немесе 154, 1 млн. АҚШ долл. ) (жыл басынан бастап - өсуі 9, 3%) өсті. 2009 жылғы ақпанда тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда (алдын ала деректер бойынша 22, 3 млрд. АҚШ долл. ) айдың басынан бастап 9, 2%-ға 42, 0 млрд. АҚШ долл. дейін (жыл басынан бері - төмендеуі 10, 2%) қысқарды. Бұл ретте Ұлттық қордың ұлттық валютадағы активтері «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ жəне «ҚазАгро» ҰХ Ұлттық қордың портфеліне облигацияларды сатып алуы есебінен 621, 6 млрд. теңгені құрады.

2009 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 10, 8%-ға 2 252, 1 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне себепші болды (жыл басынан бері кеңеюі 53, 1%) . Ақша базасының құрылымында «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ-на берген ақшасы есебінен Ұлттық Банктегі коммерциялық банктердің коршоттарындағы қалдықтар ұлғайды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ-ның Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттарындағы қалдықтар ұлғайды. 2009 жылғы ақпанда тар ақша базасының кеңеюі (11, 1%-ға 2 227, 7 млрд. теңгеге дейін) іс жүзінде ақша базасының өзгеруіне сəйкес келеді, себебі екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттері шамалы өзгерді (3, 0 млрд. теңгеге азаю) .

Жыл басынан бері тар ақша базасы 54, 9%-ға кеңейді. 2009 жылғы қаңтар үшін ақша массасы банк жүйесіндегі таза сыртқы, сол сияқты ішкі активтердің төмендеуі есебінен 4, 7%-ға 5 970, 4 млрд. теңгеге дейін қысқарды. 2009 жылғы қаңтарда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің құрылымында Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ұлғайды, ал банктердің таза сыртқы активтері төмендеді. Банк жүйесінің ішкі активтерінің құрылымында Үкіметке, сол сияқты экономиканың басқа да секторларына талаптар қысқарды.

2009 жылғы қаңтар үшін айналыстағы қолма-қол ақша 16, 8%-ға (143, 7 млрд. теңгеге) 714, 1 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл төмендеу абсолюттік, сол сияқты салыстырмалы түрде тарихи тұрғыдан алғанда ең жоғары айлық төмендеу болып табылады. Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда олардың көлемінің дəстүрлі маусымдық төмендеуімен қатар, айналыстағы қолма-қол теңгенің қысқаруына айтарлықтай себеп айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын сатуы болды. Ағымдағы жылдың қаңтарында айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын сатуынан банктердің кассаларына қолма-қол теңгенің нетто-түсуі тарихи ең жоғары мəнге жетті - 193, 4 млрд. теңге немесе 1, 6 млрд. АҚШ долл. 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өсу 33, 8%, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда - 2, 9 есе болды.

Банк жүйесіндегі депозиттер 2, 8%-ға 5 256, 3 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Айналыстағы қолма-қол ақшаның қысқаруының басым қарқыны депозиттердің төмендеу қарқынымен салыстырғанда ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесінің 2008 жылғы желтоқсанда 86, 3%-дан 2009 жылғы қаңтарда 88, 0%-ға дейін өсуіне себепші болды.

Ақша мультипликаторы ақша массасының қысқаруы кезінде ақша базасының едəуір кеңеюі салдарынан 2008 жылғы желтоқсанда 4, 26-дан 2009 жылғы қаңтарда 2, 94-ке дейін төмендеді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Соған қарамастан, ұлттық валюта теңгенің айырбастау бағамына қысымның өсуі жағдайларында соңғы жылдары Ұлттық Банк айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне 1 АҚШ доллары үшін 117-123 теңге шегінде (120 теңге±2%) айқын емес дəлізді сақтау бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсады. Бұл экономикалық жəне қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасады.

Алайда, алтынвалюта резервтерінің ағымдағы деңгейін сақтау жəне отандық өндірушілердің бəсекеге қабілеттілігін сақтау қажеттілігі Ұлттық Банктің тарапынан валюталық саясатқа арналған тəсілдерді қайта қарауды талап етеді.

2009 жылғы 4 ақпаннан бастпа Ұлттық банк теңгені бұрынғы айқын емес дәлізде қолдауды тоқтатады және ұлттық валютаның айырбастау бағамының дәлізі ±3% немесе 5 тенге ауытқумен бір доллар үшін 150 теңге деңгейіне жуық болады деп болжанады.

дәлізді түзетудің негізгі себептері:

1. Мұнайға бағалардың төмендеуі. Мұнай Қазақстанның барлық экспортының 60%-на жуығын құрайды жəне қаржы нарығындағы валюталық түсімнің негізгі қайнар көзі болып табылады. Соңғы жарты жылда мұнай құнының 3 еседен астам төмендеуі бағамдық бағдарларды қайта қарауға мəжбүр етіп отыр. Дегенмен, мұнайға бағалардың өсуі басталған немесе баға деңгейлері көтерілген жағдайда ұлттық валютаның бағамын нығаю жағына қарай бара-бар өзгерту болжанып отыр.

2. Қазақстанның сауда əріптестері-елдерінде жəне экономикасы шикізат экспортына байланысты елдерде ұлттық валюталардың девальвациясы. Мысал үшін 2008 жылдың басы - 2009 жылғы қаңтар аралығында АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталардың девальвациясы Ресейде 44%, Беларусьте - 28%, Украинада - 53%, Ұлыбританияда - 38%, Еуроаймақта - 13%, Норвегияда - 28%, Бразилияда - 31%,

2009 жылғы 4 ақпанда Ұлттық Банк теңгенің құнсыздануын жүргізді. Айырбас бағамының мынадай жаңа дəлізі белгіленді: АҚШ доллары үшін 150 теңге, ±3% немесе ±5 теңге ауытқуларымен. Биржалық сауда-саттық нəтижесінде теңгенің бағамы 2009 жылғы 4 ақпанда АҚШ доллары үшін 122, 32 теңгеден 143, 98 теңгеге дейін өзгерді. Кейінгі күндері бағамның ауытқуы нығаю жағына, сол сияқты теңгенің əлсіреуі жағына қарай өзгерді. Бір ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 121, 87-150, 43 теңге диапазонында болды. 2009 жылғы ақпанда теңге 23, 8% (жылдың басынан бастап - 24, 5%-ға) құнсызданды жəне айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 150, 43 теңге болды. 2009 жылғы ақпанда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мəмілелерді ескере отырып 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 36, 0% ұлғайып, 9, 1 млрд. АҚШ долл. құрады (жылдың басынан бастап - 15, 7 млрд. АҚШ долл. ) . Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 1, 9 есе азайды жəне 6, 0 млрд. АҚШ долл. құрады (жылдың басынан бастап - 17, 1 млрд. АҚШ долл. ) .

Қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуал туралы. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттерінің үлесі айырбастау пункттерінің жалпы санының 60%-дан астам құрады. Бұл ретте 2008 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттерінің саны 58%-ға ұлғайды, ал банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің саны 7%-ға қысқарды.

Сонымен бірге екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттері операцияларының көлемі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері операцияларының көлемінен едəуір асады. Мəселен, егер 2008 жылы екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттерінің АҚШ долларын сату көлемі 11, 8 млрд. АҚШ долл. құраса, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері сатқан АҚШ долл. көлемі 3, 4 млрд. АҚШ долл. құрады. Екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттерінің АҚШ долларын сатып алу көлемін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері сатып алған көлеммен салыстыруға болады - тиісінше 2, 5 млрд. АҚШ долл. жəне 3, 4 млрд. АҚШ долл. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінде шетел валютасын сатып алу көлемі шетел валютасын сату көлеміне іс жүзінде сəйкес келеді. Ал екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттеріндегі шетел валютасын сату көлемі шетел валютасын сатып алу көлемінен орташа алғанда 3-4 есе асып түседі. Бұл екінші деңгейдегі банктердің айырбастау пункттерінің ғана қолма-қол шетел валютасын шетелден əкелуі арқылы оны нығайтуды қамтамасыз етуіне байланысты.

2009 жылғы ақпанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 3 аукцион жүргізілген болатын. Оларда 12-айлық МЕККАМ (7, 1 млрд. теңге), 5-жылдық МЕОКАМ (4, 2 млрд. теңге) жəне 15-жылдық МЕУЖКАМ (15, 6 млрд. теңге) орналастырылды. Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік инфляция деңгейінен 12-айлық МЕККАМ бойынша - 7, 64%, 5-жылдық МЕОКАМ бойынша - 8, 89%, 15-жылдық МЕУЖКАМ бойынша - 0, 01% болды. Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 3% ұлғайып, 2009 жылғы ақпанның аяғында 833, 3 млрд. теңге болды.

Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2009 жылғы ақпанда 35, 4% азайып, 82, 4 млрд. теңге болды.

Қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі 2009 жылғы қаңтарда 6, 17% -дан 2009 жылғы ақпанда 5, 92%-ға дейін төмендеді. Айналыстағы ноталардың көлемі 2009 жылғы ақпанның аяғында 179, 5 млрд. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 25, 5%-ға төмендеді.

2009 жылы қаңтарда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 15, 4% төмендеді жəне баламасы 3938, 4 млрд. теңгені құрады. Орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттердің көлемі 279, 6 млрд. теңгеге дейін (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 7, 1%-ы) 32, 7%-ға төмендеді. Бұл ретте орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2009 жылғы қаңтарда 6, 81%-дан 10, 19%-ға дейін көтерілді. Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттерінің көлемі 2009 жылғы қаңтарда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 36, 2% төмендеп, 94, 2 млрд. теңгені құрады. 2009 жылғы қаңтарда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 18, 6 млрд. АҚШ долларына дейін 17, 4% (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 57, 4%-ы) төмендеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын бағалау және оның даму жолдары»
Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Ресейдің қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының Банк жүйесіне жалпы сипаттама
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Несие және несие жүйесінің ұғымы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz