Таспа құрттар класының негізгі өкілдері


Таспа құрттар класының негізгі өкілдері
Лентецтер отряды (Pseudophylidae) . Бұл отрядтың өкілдерінің дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Олардың денесі сақиналарға бөлінбеген, егер бөлінсе толық емес, басында жабысқақ сорғыштары, ілмектері болмайды. Ішек керегесіне бекінетін басының екі жағында сайшалары-ботришалары болады. Ересектері теңіз балықтарының ішегінде тіршілік етеді. Дамуы бір иеде өтпей, екі аралық иеде өтеді. Бір ақырғы, екі аралық иеде етеді.
Кең сақиналы таспа құрт. (лентец широкий) (Diphyllo-bothrium latum) . Балықпен қоректенетін - адам, ит, түлкі, мысық, қарсақ, тюлень, дельфин және басқа да балықпен қоректенетін сүтқоректілер кең сақиналы таспа құрттың ақырғы иесі; аралық иесі ұсақ шаян (веслоногие рачки) ; қосымша иесі - әртүрлі тұщы су балықтары.
Дамуы. Құрттың ұрықтанған жұмыртқасы даму үшін суға түсуі керек. Суға түскен жұмыртқадан карацидий личинкасы шығады. Лнчинканың ішінде шар тәрізді, алты ілмекті, кірпікшелері бар онкосфера болады. Қарацидияны аралық иесі ұсақ шаян жеуі мүмкін шаянның ішегінде онкосфера босанып, кішкентай ұзынша құрт тәрізді процеркоидқа айналады. Циклоптық дене қуысында біраз болғаннан кейін жыртқыш балықтардың (екінші аралық иесі) - шортан, алабұға, нәлім т. б. балықтардың ішіне түсу керек. Олар циклопты жұтып процеркоридты ішіне түсіреді. Балықтың қарнына түскесін, олар балықтың бұлшық етіне, бауырына және басқа мүшелеріне кіріп құрт тәрізді ірі личинка (ұз. 6 мм) плероцеркоидқа айналады. Плероцеркоид дамып, ересек түріне айналу үшін ақырғы иесінің ішіне түсу керек. Сондықтан балық ұсталып оны ақырғы иесі жеткенге дейін плероцер-коид балық ішінде тіршілік ете береді. Даму ақырғы иесінде ащы ішекте аяқталады, балықтың ішегінде дамып есейіп 10 метрге, одан да ұзын болып ішінде ұрықтанған жұмырт-қалары бар проглотидтерді сыртқа шығарып жатады. Кең сақиналы таспа құрт адам ішінде көбейіп кетсе, адамда қаназдыққа шалдықтырады. Көбінесе адамдарға шала пісіріп жеген балық етіндегі личинкасы арқылы, немесе шала тұздаған балық етін жеген кезде жұғады. Сақтану үшін дұрыс пісіріп жеу қажет.
Ремнецтер (ремнецы) - (Ligula) . Денесінің тек қана алдыңғы бөлігі сақиналанған. Ақырғы иесі - үйрек, шағала, кегерлер және басқа құстар. Аралық иесі - ұсақ шаяндар - циклоптар; қосымша иелері - балықтар. Дамуы кең сақиналы таспа құрттардікіне ұқсас. Ересектерінің ұзындығы 7 см ден 2 м-ге дейін жетеді.
Цененьдер отряды (Cyclpoholidea) . Денесі сақиналарға белінген, жабысу үшін сорғыштары, ілмешектері бар, Дамуы аралық және ақырғы иелерінде өтеді. Тек онкосфера лентецтердікі сияқты сыртқы ортада дамымайды, керісінше соңғы проглоттидтің жатынында дамиды. Ең соңғы проглоттидтер цепенінің денесінен үзіліп нәжіс немесе қи арқылы сыртқа шығады.
Аралық иесінің Ішегіне шөппен, сумен т. б. жолдармен түседі. Онкосферасы алты ілмешекті түксіз болады. Бұл отрядқа анағұрлым көп тараған шошқа, сиыр цепеньдері мен басқа бірнеше құрт өкілдері кіреді.
Шошқа цепені (Taenia solium) . Бұл цепеннің негізгі иесі адам. Ол адамның ащы ішегінде тіршілік ететін эндопаразит. Аралық иесі шошқа, ит, мысық және басқа жануарлар. Адамға финкасы бар шошқа етін шала пісіріп жегеннен жұғады.
Шошқа цепенінің денесі бас, мойын және стробила (сақиналар) дан тұрады. Оның денесінің ұзындығы 3 метрге дейін болады. Сколекс деп аталатын басында төрт жабысқақ copғышынан басқа ілмектері бар. Сондықтан шошқа цепенің қарулы цепень деп атайды. Дене сақиналарын: мойнына жақын жатқан, жыныс жағынан жетілмеген - жас сақиналар, денесінің ортаңғы бөлігіндегі аталық, аналық жыныс мүшелері дамыған сақиналарды - қос жынысты, ал денесінің артқы ұшындағы ішінде ұрықтанған жұмыртқалары бар сақиналарды - жатын немесе жетілген сақиналар деп атайды. Жетілген сақиналар немесе жатын өзіне жұмыртқаны көбірек сиғызу үшін 7-12-ге дейін тұйық тармақтар шығарады. Мысалы, ішінде цепені бар адам тәулігіне нәжісімен бірге сыртқа 5 млн-ға жуық жұмыртқа шығарады. Ересек құрттар адамның ішегінде бірнеше жыл тіршілік ете алады. Айта кеткен орынды жуылмаған жемістерді жегенде, қайнамаған су ішкенде, жуылмаған қол арқылы шошқа цепенінің жммыртқалары адамға жұғуы мүмкін. Мұндай жағдайда адам аралық иесі қызметін атқарады. Жұмыртқадан шыққан онкосфера қанға өтіп, бұлшық етке, миға, теріге, көзге барып финаға айналады. Егер көзге келіп шоғырланса, кез көре алмайтын болып қалады.
Сиыр цепені (Taeniarhynchus saginatus) . Адамдарда паразиттік тіршілік етеді. Ақырғы иесі адам, аралық иесі сиыр (өгіз, бұзау, сиыр тұқымдастары) . Денесінің ұзындығы 9-10 м болады. Дамуы шошқа цепеніне ұқсас етеді. Сиыр цепенінің шошқа цепенінен айырмашылығы басында сорғыштары жабысқақ болғанымен ілмектері болмайды. Сондықтан оны қарусыз цепень деп атайды. Басқа тіршілігі шошқа цепенімен ұқсас. Сиыр цепенінен сақтану үшін ірі қара малдардын, етін мұқият дәрігерлік қараудан өткізіп, шала пісірмей, дұрыс пісіріп жеген жөн. Малдарды да мүкият қарап, жем-шөппен дұрыстап қамтамасыз ету керек.
Қойдың ми құрты (Multkeps multiceps) . Үй малдарының қауіпті паразиті. Бұл құрт қойларда «айналма» ценуроз (айналшық) ауруын туғызады. Ересек құрттардың ұзындығы 1 м-ге дейін болады. Басында (сколекс) жабысқақ сорғыштарынан басқа, ілмекшелері болады. Ми құртының жетілген түрі ақырғы иесі итте және ит тұқымдарының ішектерінде болады да, аралық иесі - қой, ешкі, сол сияқты ірі қара-мал мен яктар, сирегірек шошқалар, түйелер және басқа күйіс қайтаратындар, өте сирек адамдар болады. Ақырғы иeciнe зиян келтірмейді. Финна - ценур дене пішіні қойдың миында, сирегірек жұлында дамиды. Құрттың ересек түрі иттің ишегінде 6-8 ай тіршілік етеді. Цеңур іші сұйықтықпен толтырылған көгершіннің жұмыртқасындай болып келетін көпіршік. Оның ішінде личинканың көптеген басы болады. Қой тары басқа күйіс қайыратын малдар құрттың жұмыртқасын шөппен, сумен бірге ішіне түсіреді. Ac қорыту жолдарында жұмыртқадан личинка онкосфера шығып, ол ішек керегесінен қан тамырына өтіп, қан арқылы миға барып, ценурға айналады. Егер де ми құрты қойдың бас миының жартысын жарақаттайтын болса, онда қой белгілі бір шеңбер сияқты қимыл жасап айнала береді, ал мишық түгелімен жарақаттанса қойдың барлық қимылы ретсіз қимылдарға айналып жүре алмайтын күйге келеді. Бұл аурумен (ценуроз) ауырған малдар 4-6 аптадан кейін шыдай алмай еледі. Оны тек қана хирургиялық жолмен алып тастап, арылуға болады.
Ценуроз ауруынан сақтану үшін, ауырған қойдың басын итке жегізбей өртеп жіберу керек, немесе жерді қазып көміп тастау қажет. Қойшылардың иттерін оқтын-оқтын дегельминтизация жасатып емдету қажет.
Эхинококк, немесе ит цепені (Ecchinococctis grartulosus) . Пішіні (лента) жалпақ келген ұзындығы 2-6. мм денесі бар иттің қасқырдың, қарсақтың, шиебөрінің ішегінде тіршілік ететін құрт. Оның денесі (стробиласы) үш немесе төрт бунақтан - сақинадан құрылған. Басында 4 сорғышы және екі қатар орналасқан ілмешектері бар тұмсығы күшті дамыған. Гермафродитті, ең соңғы сақинада жатыны бар, оның ішінде ұрықтанған жұмыртқалары болады.
Эхинококктың ақырғы иесі ит, қасқыр, шиебөрі, түлкі - ересек құрттар олардың ішектерінде топтанып тіршілік етеді. Эхинококктің аралық иесі үй малдары (қой, ірі қара, жылқы, түйе, шошқа т. б. ), адам да аралық иесі болуы мүмкін. Ит тұқымдастары ұрықтанған жұмыртқаны қалдық заттармен сыртқа шығарады. Одан шыққан жұмыртқалар шөппен, жеммен, сумен бірге жоғарыда аталған аралық иелерінің біреуінің ішіне түссе, одан онкосфера личинкасы шығып, ішек керегесінен қан тамырына өтіп бауыр мен өкпеге барып орналасады. Осы жерде ол эхинококк көпіршігіне айналады. Ересек түрлері иттердің ішектерінде 5-6 ай тіршілік етеді. Мысалы, мал дәрігері ауырған сиырдың бауырынан 43 литрдей көпіршік алған.
Эхинококк адам үшін де өте қауіпті, өйткені адам аралық иесі болып қалуы да ықтимал. Мысалы, адам итті еркелетіп, оны сипаған кезде, оның жүніне жабысып жүрген жұмыртқалары қолына жұғып, одан тамағына түсіп, асқорыту жолдарына барып бауыр эхинококкозы деген ауруға шалдығады. Оны тек хирургиялық жолмен бауырдан алып тастау арқылы ғана арылуға болады. Сондықтан итті жөнсіз еркелетіп, сипаудың, құшақтаудың сүюдің қажеті жоқ. Әрқашанда жеке бастың тазалығын дұрыс сақтап отыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz