Қазақстан Республикасының ақша – несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері туралы ақпарат


Жоспар
Кіріспе . . .
1 тарау. Ақша - несие саясатының теориялық негіздері
1. 1. Ақша - несие саясатының экономикалық мәні және оны
жүргізу құралдары . . . 5 - 10
1. 2. Қазақстан Республикасының ақша - несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері. 11 - 28
1. 3. Шетел елдерінің ақша - несие саясатын жүргізудегі
тәжірибесі . . . 29 - 32
2 тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша - несие саясатына талдау.
2. 1 Ақша-несие жүйесіндегі реттеуді жүзеге асырудағы Ұлттық Банктің негізгі қызметтері мен міндеттері . . . 33 - 43
2. 2. Ұлттық Банктің 2009 - 2010 жылдарға арналған ақша - несие саясатының бағыттары мен болжамдары . . . 44 - 61
2. 3 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша - несие саясатының қызмет ету механизмі. 62 - 70
3 тарау. Қазақстан Республикасында ақша - несие саясатының даму келешегі.
3. 1. Қазақстан Республикасы ақша - несиелік реттеудің 2010 жылға арналған дамуының сценарийлік нұсқасы . . . 71 - 74
3. 2 ҚР Үкіметінің, ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің 2009 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары75 - 77
Қорытынды . . . 78
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 79
Кіріспе
Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, еңбекке қабілетті халықтың көпшілігі жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнімнің басым көпшілігі бәсекеге қабілетсіз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткізілмдерінен едәуір тәуелділігі және т. б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгіленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша-несие валютаның белгіленген ұлттық ақшаның дүниежүзілік нарықтағы нақты құнын көрсетпеуінен қолайсыз болады. Үкімет көпшілікті жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндігі болмайды.
Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкімет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкін. Тіркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесіздіктерді пайдалануы, ықтимал ірі алтын-валюта резервтерінің болуын талап етеді. 1998 жылы дүниежүзілік нарықтағы және Ресей экономикасындағы экономикалық жағдайдың нашарлау жағына қарай күрт өзгеруі, тіркелген ұлттық валюта бағамының өзінің тіршілік етуге жарамсыздығын көрсетті. Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшін алтын-валюта қорларының едәуір мөлшерін жоғалтты.
Үкіметтің саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерін көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған болатын. Салықтық-бюджеттік реттеу әлсіз болса да жиынтық кірістің өсуін ынталандыруды негізге алған. Ақша-несие саясатының рөлі айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген еді.
Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимыл жасауын қолдау мәслелері Ұлттық Банк тарапынан тікелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтімділігін басқару қиындады, банктерге үндік қарызбен «овернайт» несиелерін беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады.
Осымен бірге, Үкімет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздануымен күресуді маңыздырақ деп санап, тіркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуге едәуір нәтижелерге қол жеткізді.
Баланстағы тепе - теңсіздік кезінде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерін тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерін қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерін жасау қажет болмайды.
Еркін айырбас режиміне көшкен кезде ұлттық валюта құнсызданғаннан кейін, шетелдік нарықтағы ұлттық тауарлар арзандап, бұл өз кезегінде экспорт мөлшерінің қалпына келуіне және импорттың кемуіне, елге еркін айырбасталымды валюта ағымының артуына ықпал етті.
Еркін өзгермелі ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкімет елдің экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтеріне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпініне тікелей ықпал етуге мүмкіндік алды.
Сонымен бірге, Қазақстан экономикасында бірқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейін әлі де жойылмай келеді. Эконоканың кейбір салаларында өндірістің құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттік кірісті арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздар мөлшері өсуі жалғасуда және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік табалдырығынан мағынасына жақындады, өндірістік салаға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етуші субьектілердің инвестициялық белсенділігі тиісті дейгейде емес және т. б.
Мұның барлығы ақша-несиелеуді реттеу жөніндегі шаралар бюджеттік шығындар мен салық салуды басқару жөніндегі мемлекеттік шаралармен тығыз байланысты болуы керектігін дәлелдейді.
1 Ақша-несие саясатының теориялық негіздері.
1. 1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және оны жүргізу құралдары.
Нарықтық экономикаға көшу мен ақша-несие саласында мемлекеттік саясат рөлінің белсенділеуі ақша мөлшерінің баға деңгейіне әсер етуін күшейтті, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ақша теориясы мәселелеріне мүделіліктің артуына ықпал етті. Баға деңгейін белгілеу мен өндіріс айналымдағы ақшаның сандық теориясының негізгі мазмұнын құрайды.
Ақшаның осындай әсері американдық экономист И. Фишердің ақша теориясының неоклассикалық бағытының бөлігі болып табылатын айырбасты теңестіруде келтірілген:
MV= PQ
мұндағы:
M - айналымдағы ақша мөлшері немесе ақша ұсынысы
V - ақша айналымының жылдамдығы
P - тауарлық мәмілелер бағасының орташа деңгейі.
Q - тауарлық мәмілелердің мөлшері (Ұлттық өнім)
Іс-жүзінде бағалардың өзгеруі айналымдағы ақша мөлшерімен ғана емес, сондай-ақ тауарлар бағасының өзгеруімен байланысты (өндіріс шығындары) жылдамдығының тұрақты шамасы (V) мен тауарлық мәмілелер саны (Q) үшін дұрыс болып табылады, ол іс-жүзінде болуы мүмкін емес. Сандық доктринасының басқа өкілі (кембридждік) ағылшын экономисі А. Пигу ақша ұсынысының мына формуласын ұсынады:
M=K*P*T
мұнда:
M - ақша мөлшері
K - ақшалай нысанда иеленгісі келетін жылдық кіріс үлесі
P - баға деңгейі
K - өнідірістің нақты мөлшері
Экономистер ұзақ жылдар бойы экономикалық өсу факторларына ықпал ететін ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты пікір таластыруда.
Нарықтық экономика іштей тұрақсыз өзгермелі жүйе болып табылады, мемлекеттік реттеуге онда негізгі рөл берілген. Реттеушілер қатарында мемлекеттің монетарлық саясаты маңызды орын алады. Ақша ұсынысындағы өзгеріс инвестициялық сұраныстың өзгеруіне әкеліп соқтырған пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруінің себепкері болып табылады, ал мультикативтік әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнім өзгереді.
Кейнсиандық теориялық теңдеуі мынадай:
ЖҰӨ=C+1+G+NX
Мұнда:
С - халықтың тұтыну шығындары
1 - инвестициялар
G - тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған мемлекеттік шығындар
NX - таза экспорт
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын көрсетуге болады:
- шаруашылықты несиелеу жолымен .
- Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Ақша айналымының жылдамдығы төмендеді, жинақтаулардың нақты сектордан алып-сатарлық сипаттағы қаржы операцияларына өту процесі жеделдетілді.
Дүниежүзінің 83 елінде инфляция мен айналымдағы ақша мөлшерінің байланысын зерделеу айналымдағы ақша мөлшері мен инфляция жылдамдығының арасындағы жоғары деңгейдегі тәуелділікті айқындады.
Дүниежүзілік экономикалық тәжірибеде ақша-несие саясатын реттейтін әртүрлі құралдар пайдаланады:
- Ашық нарықтағы яғни, құнды қғаздар нарығында операциялар;
- Есептеу мөлшерлемесі саясаты, яғни, екінші деңгейлі банктердің орталық банктен қарыздары бойынша пайыздарын реттеу;
- Міндетті резервтер нормативінің өзгеруі.
Ақша-несие саясатының басқарушы құралдары: қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі, қысқамерзімді ақша эмиссиясын бақылау кезінде Ұлттық банктің монетарлық процесі тетігінің негізін құрайды. Орталық банк осындай құралдардың жәрдемімен тікелей және Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы кезеңдегі монетарлық саясатқа сәйкес пайыздық жағдайларды, ақша нарығындағы ұсыныс мөлшерін қалыптастырады. Осы үшін ол қайта қаржыландыру мен ашық нарықтағы операцияларда өзінің пайыздық мөлшерлемелерін өзгертеді, ақша нарығында басқыншылық сәті туралы шешім қабылдайды. Экономиканы қаржы сілкіністеріне неғұрлым шыдамды етуге тырысу, оның икемділігін және нарықтық қатынастарға оның бейімделуін арттыру банк жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Экономикалық саясат теориясына сәйкес, өтпелі экономика кезеңінде монетарлық саясат ақшаның тауарлық бағасына әсер ететін ақша, несие және валюта саясатының өлшем жүйесінің тепе-теңдік сипатын білдіреді. Ақша-несие және бағам саясаты қол жетіскен құралдар тізбесінде көрсетілген барлық шешімдер ақшаның тауарлық бағасына әсер етеді. Ақшаның тұрақтылығын реттеу нарық жағдайларына макроэкономикалық құралы, екі каналды ақша эмиссиясы (ақша жиыны) мен ақша айналымының жылдамдығы арқылы ақшалай қаржылардың айналым саласын бақылауды күшейту құралы болып табылуда.
Іс жүзінде ақша және несие саясатының қарама-қайшылығы, ақшаның тұрақтылығын және экономиканы дамуын реттеуді теңгеруге тиіс. Ақша-несие саясаты мемлекеттік жалпы экономикалық саясат бөлігін, оның элементтерінің (өнеркәсіптік, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және басқа да саясат түрлерімен қатар) бірін білдіреді және үкіметтің басымдықтармен және мақсаттармен тікелей белгіленеді. Әдетте, экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейі, бағалардың тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкілікті мақсат болып табылады.
Әртүрлі ақша түрлері ретінде белгілі ақша агрегаттары М 0 , М 1 , М 2 және т. . б. түсініледі. Олардың мазмұнын егжей-тегжейлі қарайық:
М 0 - айналымдағы банкноттар (орталық банк шектерінен тыс) және орталық банктегі екінші деңгейлі банктердің шоттарындағы қаржылар. Бұл ақша базасы немесе орталық банктің ақшалары.
М 1 - халықтық қолындағы кез-келген ақша белгілерінің мөлшері мен кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың кассаларындағы қаржылар.
М 2 - М 1 - барлық құрамдастары және араласқан пайдалану режимді заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, халықтың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жедел салымдары, банк жинақтау сертификаттары, еркін айналымдағы займдардың облигациялары, банк резервтері.
М 4 - М 1 - басқа халыққа, банктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі шетел валютасындағы қаржылар.
М 1 және М 2 - ақша жиынының бірдей көрсеткіштері болып саналады. М 4 соңғы көрсеткіші жеке де, сондай-ақұ өндірістік тұтынудағы тауарлар мен қызметтерге барынша жоғары төлемге қабілетті жиынтық сұранысын сипаттайды.
Осы ақша агрегаттарының, біз көріп отырғандай, өтемпаздықтарының әртүрлігімен, яғни, олардың қолма-қол ақшаға жеңіл айналып кетуімен ерекшеленеді. Тиісінше, ақша қажеттілігі туралы айтқан кезде қазіргі заманғы жағдайларда, олардың жалпы мөлшерін ғана емес, әртүрлі ақша түрлерінің арасындағы ара қатынасты және трансакциондық іс-қимылдарда оның мұқтаждығына сәйкес олардың осы жерде болуы ескеріледі. Сондықтан орталық банктің жоғарыда атап өтілген бас функциясы - айналымын реттеу жалпы мөлшерді ғана емес, сонлай-ақ ақша түрлері арасындағы ара-қатынасы қадағалауды көздейді. Іс жүзінде кез-келген қазіргі заманғы мемлекет үшін ақша эмиссиясын және ақша айналымын реттеу елдегі жиынтық ақша жиынының бірнеше аса маңызды көрсеткіштерінің жобаланған және нақтылы мөлшерін талдау, бақылау, салыстыру қажеттілігін білдіреді. Осы ақша-несие құралдарына қысқаша сипаттама берейік: Ресми есеп мөлшерлемесі - орталық банктің мөлшерлемесі, ол бойынша банк вексельдерді санайды немесе соңғы сатыдағы несиелер ретінде екінші деңгейлі банктер мен несие мекемелеріне несие береді. Орталық банк ресми есеп мөлшерлемесін жоғарылатып немесе төмендетіп, екінші деңгейлі банктердің мүмкіндіктеріне несие алу үшін олардың клиенттеріне ықпал етеді, бұл өз кезегінде экономикалық өсуге, ақша жиынының артуына, нарық пайызының жоарылуына әсер етеді. Орталық банктің ресми есеп мөлшерлеменің өзгеруі нарықтық пайыздың тиісті өзгерістерін туындата отырып, төлем балансы мен валюта бағамының жай-күйінде білінеді. Мөлшерлеменің артуы елге қысқа мерзімді шетел капиталының тартылуына ықпал етеді, осының нәтижесінде төлем балансы жанданады, тиісінше, шетелдік валютаның бағамы төмендеп, ал ұлттық валютаның бағамы көтеріледі. Мөлшерлеменің төмендеуі кері нәтижелерге әкеліп соқтырады. Ашық нарықтағы құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар - орталық банктің қысқа мерзімді операцияларды қоса алғанда, кейін кері мәміле жасай отырып, коммерциялық және қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигациялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алу-сату жөніндегі операцияларды. Орталық банктің мұндай іс-қимылдары екінші деңгейлі банктердің қызметіне олардың қолда бар ресурстар мөлшері арқылы әсер етеді. Егер орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатса, ал екінші деңгейлі банктер оларды сатып алады, онда соңғылардың ресурстары мен тиісінше олардың клиенттерге несие беру мүмкіндіктері сарқылады. Бұл айналымдағы ақша жиынының қысқаруына және несие пайызының артуына әкеліп соқтырады. Орталық банк ашық нарықта екінші деңгейлі банктерден құнды қағаздар сатып ала отырып, оларға қосымша ресурстар ұсынады. Несие беру жөніндегі олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ашық нарықтағы операциялар банк ресурстарын, пайыздық мөлшерлемелердің және мемлекеттік құнды қағаздарды реттеуге және соңғы есепте ақша нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге ықпал етеді.
Міндетті резервтер - банктер мен несие мекемелерінде орталық банктің талабы бойынша, әдетте, пайызсыз шотта ашылған несие ресурстарының бөлігі. Екініші деңгейлі банктерге олар өздерінде сақтайтын міндетті резервтер нормасын арттыра немесе төмендете отырып, орталық банк банктер мен несие мекемелерінің несиелеу мен депозиттік эмиссияны жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді немесе кеңейтеді. Міндетті резерв нормасының өзгеруі екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарына, олардың несие беру мүмкіндіктеріне елеулі әсер етеді. Норманы арттыру екінші деңгейлі банктердің несие беруге арналған өздерінің ресурстарының бөлігімен пайдалана алмауын білдіреді. Нәтижесінде банк несиесі мен айналымдағы ақша жиыны да қысқарады, банк несиелері бойынша пайыздар өседі. Банк резервтері нормаларының төмендеуі банк несиелері мен ақша жиынының өсуіне және нарықтық пайыздың төмендеуіне жетелейді. Міндетті резервтер едәуір шамада әкімшілік тұтқаны білдіреді. Бірқатар елдерде олар толықтай жойылған немесе олардың мөлшері елеулі түрде төмендетілген. Кей бір елдерде қызмет бабын теріс пайдалануға жол бермеу үшін осындай резервтердің ең жоғарғы мөлшерде заңнамада белгіленеді. Осы негізгі құралдардан басқа дүниежүзілік банк тәжірибесінде орталық банктердің ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы пысықталып және кеңінен пайдаланылады. Оларды қайсыбір елдің нарықтық немесе өтпелі экономикалық нақты жағдайында өтімдірек пайдалану туралы сөз қозғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейік. Капиталдар нарығын бақылау - акциялар мен облигациялар шығару тәртібі, сырттан қарыз алу шектерін белгілеу және т. б. Нарықтарға қол жеткізу - жаңа банктер мен несие мекемелерін, оның ішінде шетелдіктерді ашуды реттеу. Валюта басқыншылығы - ақша бірлігіне сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне ықпал ету үшін едәуір мөлшердегі валюта сатып алу-сату. Шектеу (таргеттеу) - ақша жиыны көрсеткіштерінің өсуінің мақсатты болжалын белгілеу. Мемлекеттік құнды қағаздарға инвестициялау нормалары-мемлекеттік қарызды тұрақты орналастыру мен алып-сатарлық операцияларды шектеу мақсатында банктер, несие мекемелері үшін белгіленеді. Ұлыбританияның ақша-несие жүйесінде ерекше жағдайлар қалыптасқан. Англияның банкі қарым-қатынастарды арнайы мамандандырылған несие институттар топтары - дисконттық үйлер арқылы ұйымдастыруды артық көреді. Соңғылар Англия Банкінің ақша саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруына байланысты, ағылшын банк жүйесінің елеулі институттық ерекшелігін білдіреді. Оларға орталық банк пен өзге несие институттары арасында аралық орын алатын сегіз институт жатады. Мұндай ерекше жағдай ағылшын банк жүйесінде тек қана осы несие институттары ғана орталық банкте қайта қаржыландыру артықшылығына ие болуымен түсіндіріледі. Осы үшін мөлшерде қабылдауға мәжбүр, Ұлыбританияда қазынашылық құнды қағаздарды орналастыру орталық банкке жүктелгендіктен, бұл соңғыға өте пайдалы. Басқа елдердегідей, басқа несие институттары орталық банктің қайта қаржыландыруына тікелей қол жеткізе алмағандықтан, дисконттық үйлер Анлия банкі мен орталық банкі тікелей ықпал ете алмайтын банк жүйесі арасында делдал ретінде болады. Нарықтық экономика жағдайында экономикаға ықпал етудің атап өтілген және басқа кейбір құралдарын пайдалану жолымен іскерлік белсенділікті арттыруға немесе төмендетуге қол жеткізеді. Олар кәсіпкерлерге арзан несиені көбірек ұсынса, соңғылар соғұрлым өз ісін ашуға ынталанады, өндірісті кеңейтіп немесе жетілдіреді, экономикалық өсуді жеделдетеді.
Көрсетілген құралдардың әртүрлі қиыстырулары орталық банкке мемлекеттің осы кезеңдегі экономикалық стратегиясына байланысты «қымбат» немесе «арзан» саясат жүргізуге жол ашады. Орталық банк аталған құралдардың көмегімен ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзее асырады: ақша жиынының деңгейін (қатаң монетарлық саясат) немесе пайыздық мөлшерлемені белгіленген деңгейде ұстайды. Ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану бюджеттік-салықтық саясатпен, заңнамамен тығыз байланыстырған жағдайда ғана тиімді болуы мүмкін.
1. 2. Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері
2008 жылдың аяғында - 2009 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нақты емес дәлізді бір АҚШ доллар үшін 120 теңге ±2% шегінде сақтау жөнінде айтарлықтай күш салды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz