Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

  1. Агробизнесті мемлекеттік реттеу қажеттілігі . . . 3Аграрлық өндірістің әлеуметтік - экономикалық

ерекшеліктері . . . 4

2. Агробизнес кешені . . . 6

  1. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың

негізгі бағыттары . . . 8

  1. Қазақстандағы аграрлық реформаны төмендетумен кеңейту міндеттері . . . 11

Қорытынды . . . 13


1. АГРОБИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД - ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғадық пікірмен әртүрлі қабылданады. Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және тиімді реттеушісі боған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.

Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат сферасындағы дәстүрлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін микроэкономикалық проблемаларды да шешуі тиіс. Ауыл шаруашылығында бұл - ең алдымен сыртқы тиімділік проблемасы немесе экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге қатысушылардың өзара іс - қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс - қимылға түсетін аграрлық өндірісте экстерналийдің жағымды да жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскіден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.

Нарықтық экономикалық теориясы дәстүрлі қарастыратын басқа проблема - қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын және тұтынатын тауарлады қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың тарапынан жоқ болады. Аграрлық секторда бұл - жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен жэәне зиянкестерімен күреске жұмсалатын, агроазық - түлік секторында - ауыл шаруашылығы шикізаттары мен азық - түлінің сапасына кепілдікті қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспкецияларды ұстауға жұмсалатын шығындар.

Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік - экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылр жеке отбасылық фермаларды ауыл шарушылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерліе уклады бостандық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлеуметтік жене экономикалық игіліктер ретінде қабылданады. Атамыш концепциянығ мемлкеттік саясатқа тікелей әсері жеке алғанда, АҚШ - тың жеті штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін жүргізуге ресми тыйым салынуынан сегіз штатында оладың қызметін шектеуден қөрінеді.

Отбасылық фермаларды жақтаушылардың қарсыластары да бар. Олардың пікірінше, аталмыш концепция қазіргі заманғы жағдайларды еске алмайды, ал оның негізінде жүргізілетін фермерлікті қолдау саясаты фермалардың қосылу және жинақтауының табиғы әлеуметтік - экономикалық процестерді тежеп, мемлекттік бюджет пен салық төлеушілердің мойнындаңы үлкен жүк болып табылады.

Бұл екі бағыттың күресі фермерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын және тұтастай алғанда ауыл шаруашылығындағы ұйымдық - экономикалық процестердегі мемлекеттіе реттеудің тағдырын анықтайтын болады. Фермерлік табысты қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы арасындағы айырбасты бағалық паритетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі жоғарыда қарастырылған фермерлік бағаны тқмендеу тенденциясынан, сондай -ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемдік жасау мүмкіндігінен туындайды.

Қысқасы, қазіргі заманғы агробизнесте мемлекеттік реттеудің негізі бағыттарына шолуды қорытындылай келе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап өту қажет. Нарықтық тегерішті толықтыра жіне түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып түрған ереше ситуатциялар, төтенше оқиғаларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын дерективтік тапсырма, бағаның үстінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс- қимылдарға жол бермейді.

Шын мәнінде, дамыған елдердің аграрлық өндірісінің тиімділігі осында жатса керек.

2. АГРАРЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Әміршіл - әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатынатыстарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес. Міне, сондықтан да әміршіл - әкімшіл жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экономикалық реформалар табысқа жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің дамуына әсер ете алмады.

Бұл проблемалар экономиканың агралық секторы үшін өте маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені салаларының жай - күйінен нарықтық бағдарламалардың табысқа жетуі байқалады. Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.

Азық - түлік түпкілікті жақсартпай нарықтық тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Халықты азық -түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.

Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен жерде шаруашылық құқығын бір - бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар - ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы кеңес одағының елдерінде дами алмады.

Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры - жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасы жіне табысты реттеу, сондай - ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің шектелу проблемалары туады. Агроөнеркәсіп өндіріске тұтастай, әсіресе ауыл шаруашылығының дамуына өз кезінде «жоғарыдан» жүргізілген сансыз тәжірибелер, көшпенді халықты отырықшылыққа жедел зорлаған ұжымдастыру болсын, барлық аймақтарда табиғат жағдайлары ерекшеліктері ескерілместен кез келген сәйкес келмейтін дақылдарды өсіруге зорлау болсын, соңына дейін түпкілікті ойластырылмаған тың және тыңайған жерлерді игеру болын, ұжымшарларды келісімсіз кеңшарлара көшіру болсын, ауыл шарушылығын басқауды сан мәрте қайта құру болсын, міне осының бәрі зиян әкелді.

Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстангда агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіндегі қиыншылықтырдың объективті шарттары мен субъективті себептері, негзінен алғанда міне осындай. Алдыңғы талдау көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту кейбір мамандар болжағандай соншалықты жеңіл болмайды. Дегенмен, басқа жол жоқ. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтыр жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында оның ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсе аламыз.


3. АГРОБИЗНЕС КЕШЕНІ.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажет болады.

Агроөнеркәсіптік өндіріс иен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың ірқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтас алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді жіне қарқынды дамуы жекелеген салалар менсфералардың рациональды арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 процнті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға теңдей қатысты.

Нарықтық экономикадағы барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негігі проблемалары мен бағыттары қарастырылған.

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіпіс құлдырауы тоқтатылып жіне алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Республика Президенті Н:Ә:Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: « . . . барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оның жүйелі және батыл реформалау келеді . . . ». «ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдауда осы мақсаттарға арналды.

Мемлекет басшысының идеаларынын, қабылдаған заңдармен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шарашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық бағдарламасын» жасады.

Оны жасау барысы кезінде мынандай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:

  • егемен мемлекет құру;
  • материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
  • адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
  • жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа қажеттілігі;
  • табиғи аймақтардың потенциональдық биоклиматтық мүмкіндіктері;
  • аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
  • ауылшаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.

Бұл бағдарламаның орындалуы республика агроөнеркәсіптік өндірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:

  • материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;
  • меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;
  • шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау, іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірі мен реформаланбаған рынок жағжайында кеңшарлар мен ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;
  • нарықтық қаныстарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм;

Ішкі көздерінің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауылшаруашылық өнімін өндіруді, арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:

  1. меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу;
  2. агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист- кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру;
  3. тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін жіне соның негізінде рынок сыйымдылығы, баға конъюктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымынын құру;
  4. агроөнеркәсіп кешенінің құрылымдыұқ жаңғыруын төмендегідей бағыттарды жүзеге асыру;
  • республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымының әлемдік рынок конъюктурасына сәйкестендірілуі;
  • ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;
  • агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру;
  • қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру;
  • экономиканың көп укладтылығы және жекеменшіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  1. агроөнекәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника- технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.

5. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРАЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ТЕРЕҢДЕТУ МЕН КЕҢЕЙТУ МІНДЕТТЕРІ.

Қазақстан өнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық - түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеійту қажеттілігі туып отыр.

Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң және нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;
  • баға белгілеу, салық салу, аржылық - несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқс мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасу және жүзеге асыру;
  • агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылығ мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;
  • халақ аралық экономикалық және ғылыми- техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;
  • ауыл шаруашылық және жер ресурстарын бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастрын енгізу;
  • шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін құру жолымен агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу, шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, әлеуметтік - мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысты тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тқрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;
  • ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;
  • ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурсын қалыптастыру;
  • табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;
  • жекешелендіруге жатпайтын мемлекетік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқару;
  • агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Агробизнес экономикасының негіздері туралы
Кооперативтің мүшелерінің міндеттері
Агробизнес экономикасы
Агробизнес экономикасының негіздері
Аграрлық секторды интенсифтендіру Қазақстан – 2030 стратегиясының басымды бағыты ретінде
Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz