Электронды үкіметті құру мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижелері



Мемлекеттік саладағы басқару технологиясы әзірше жекеменшік сектордан артта қалуда. Бұл барлық салада – мемлекеттік қызмет көрсетуде, қызмет нәтижесін бағалауда шешім қабылдауда байқалып отыр.
Мемлекеттік аппараттың санының өсуі назар аударарлықтай. Егер 2003 жылы елімізде 79 мың мемлекеттік қызметші болса, ал бүгінде оның саны 100 мыңнан асқан. Ал мемлекеттік аппараттың жұмысының тиімділігі артып отырған жоқ.
Басқару шешімін қабылдауда және оны іске асыруда нақты жауапкершілікті бөлісу маңызды проблема болып отыр.
Орталық және жергілікті құрылымдардың функциясын қайталау көрініс табуда.
Орын алып отырған жағдайдың негізгі себептерінің бірі - мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының төмен болуы салдарынан, жылдан-жылға білікті мамандардың жеке секторға ауысуы ұлғайып барады.
Халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, Қазақстан мемлекеттік басқарудың тиімділігі және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөнінде экономикалық даму деңгейі бойынша кейбір елдерден көп жағдайда кейін қалуда.
Қалыптасып отырған жоғарыда айтып өткен жайттар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуді талап етеді.
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің үшінші сессиясын ашарда сөйлеген сөзінде және 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік басқару саласында қордаланып қалған проблемаларды кешенді шешу қажеттігін айқындап берді.
Елбасы әкімшілік реформаның мақсаты ретінде корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғамға есепті болатын принциптерге негізделген қуатты және кәсіби мемлекеттік аппаратты құруды атап көрсетті.
БҰЛ БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ.
Үкіметтің экономикалық саясатының барлық бағытының арасында әкімшілік реформа мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталғандығымен ерекшеленеді. Осы орайда, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға басты көңіл бөлінеді. Былайша айтқанда, біз қызмет сапасын жақсаруға мол қаржы бөлуге тиіспіз.
Біз әкімшілік реформаны іске асырудың бастапқы кезеңін жүзеге асырудамыз.
Реформа аясындағы жұмыстар алты блок бойынша жүргізіледі.
Бірінші. Мемлекеттік қызметті реформалау
Бұл блок бойынша мемлекеттік қызметті құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер енеді: атап айтқанда, еңбекақы, мамандар даярлау, лауазымдық регламент, мемлекеттік қызметшіні ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру, міндеттердің қайталануын болдырмау, т. б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Электронды үкіметті құру мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу
нәтижелері

Мемлекеттік саладағы басқару технологиясы әзірше жекеменшік сектордан
артта қалуда. Бұл барлық салада – мемлекеттік қызмет көрсетуде, қызмет
нәтижесін бағалауда шешім қабылдауда байқалып отыр.
Мемлекеттік аппараттың санының өсуі назар аударарлықтай. Егер 2003 жылы
елімізде 79 мың мемлекеттік қызметші болса, ал бүгінде оның саны 100 мыңнан
асқан. Ал мемлекеттік аппараттың жұмысының тиімділігі артып отырған жоқ.
Басқару шешімін қабылдауда және оны іске асыруда нақты жауапкершілікті
бөлісу маңызды проблема болып отыр.
Орталық және жергілікті құрылымдардың функциясын қайталау көрініс
табуда.
Орын алып отырған жағдайдың негізгі себептерінің бірі - мемлекеттік
қызметшілердің еңбекақысының төмен болуы салдарынан, жылдан-жылға білікті
мамандардың жеке секторға ауысуы ұлғайып барады.
Халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, Қазақстан мемлекеттік
басқарудың тиімділігі және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөнінде
экономикалық даму деңгейі бойынша кейбір елдерден көп жағдайда кейін
қалуда.
Қалыптасып отырған жоғарыда айтып өткен жайттар мемлекеттік басқару
жүйесін жаңғырту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуді талап етеді.
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің үшінші сессиясын
ашарда сөйлеген сөзінде және 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында мемлекеттік басқару саласында қордаланып қалған проблемаларды
кешенді шешу қажеттігін айқындап берді.
Елбасы әкімшілік реформаның мақсаты ретінде корпоративтік басқару,
транспаренттік және қоғамға есепті болатын принциптерге негізделген қуатты
және кәсіби мемлекеттік аппаратты құруды атап көрсетті.
БҰЛ БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ
ДАМЫТУ МАҚСАТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ.
Үкіметтің экономикалық саясатының барлық бағытының арасында әкімшілік
реформа мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталғандығымен
ерекшеленеді. Осы орайда, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін
арттыруға басты көңіл бөлінеді. Былайша айтқанда, біз қызмет сапасын
жақсаруға мол қаржы бөлуге тиіспіз.
Біз әкімшілік реформаны іске асырудың бастапқы кезеңін жүзеге
асырудамыз.
Реформа аясындағы жұмыстар алты блок бойынша жүргізіледі.
Бірінші. Мемлекеттік қызметті реформалау
Бұл блок бойынша мемлекеттік қызметті құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз
етуге байланысты барлық мәселелер енеді: атап айтқанда, еңбекақы, мамандар
даярлау, лауазымдық регламент, мемлекеттік қызметшіні ынталандыру, олардың
біліктілігін арттыру, міндеттердің қайталануын болдырмау, т. б.
Биылғы жылғы наурыздағы Президенттің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік
органдардың басшыларына қызметкерлердің санын қысқару және үнемделген
қаражатты мамандардың еңбекақысын арттыруға пайдалану туралы дербес шешім
қабылдауға құқық берілген. Мысалы, Премьер-Министр Кеңсесінде біз аппаратты
оңтайландыруды жүргіздік, енді үнемделген қаржыны қызметкерлерді
ынталандыруға пайдаланатын боламыз.
Еңбекақыны арттыру мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысында нақты
нәтижеге қол жеткізуіне қосымша серпін береді.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының жаңа жүйесі жалпы алғанда,
мемлекеттік органдардың және әрбір қызметкердің жұмысын шынайы бағалауды
енгізуге негіз бола алады. Кезең-кезең бойынша мемлекеттік органдардың
қызметі рейтингілік бағалау қорытындысы бойынша саяси қызметшілерге сыйақы
беруде бонустық жүйе енгізілетін болады.
Басшылардың алдына нақты міндеттер қою және ол міндеттердің орындалуын
тұрақты түрде бағалау әрқайсысының жауапкершілігін арттырып, қоғам алдында
есепті болуын арттыра түседі.
Мемлекеттік қызметті реформалау аясында, сондай-ақ саяси және әкімшілік
функцияларды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік басқару
жүйесіне жаңа әкімшілік қызмет – Жауапты хатшы лауазымы енгізіледі.
Бұл әр салада стратегиялық мәселелерде шешім қабылдауда мемлекеттік
органдардың саяси басшылық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Жауапты хатшы саяси басшылық шешімін қабылдауды, сондай-ақ ұйымдастырушы-
басқарушылық және әкімшілік-шаруашылық міндеттерді жүзеге асырады.
Жауапты хатшы жоғары әкімшілік қызметіндегі лауазым иесі ретінде
бірінші басшы ауысқан жағдайда мемлекеттік органдар аппаратының
тұрақтылығын және сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Жауапты хатшының статусы мен өкілеттігі осы аптада сіздерге ұсынылатын
Үкімет туралы заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы
конституциялық заң жобасында айқындалатын болады. Үкімет тарапынан
мемлекеттік қызметке функциялық талдау жасау жөнінде тұрақты жұмыстар
ұйымдастырылуда. Мемлекеттік міндетке жатпайтын функция бәсекелестік ортаға
беріледі.
Мемлекеттік органдар әзірше бәсекелестікті шектеу және кәсіпкерлерді
жосықсыз бәсекелестіктен қорғау фактілерімен күресуге қауқарсыз болып отыр.

Осыған байланысты салалық реттеуіш функциясын орындайтын алқалық
органдар құру пайдалы болар еді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы телекоммуникация мен
байланыс саласында салалық реттеуіш, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту
саласында тәуелсіз реттеуіш құрылатын болады.
Мемлекеттік қызмет жүйесі ашық болуы тиіс, яғни атқарушы билік қызметі
туралы ақпарат пен қызмет көрсету қоғам үшін қол жетімді болады. Халықтың
және бизнес-қоғамдастықтың арасында әлсіз жақты және жұмыс сапасын одан
әрі жақсарту үшін социологиялық сауалнама жүргізілетін болады.
Екінші. Мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру
Биылғы жылғы қаңтардағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында
еліміздің Президенті мемлекеттік жоспарлауды жетілдірудің міндеттерін
айқындап берді. Әңгіме Үкімет деңгейінде бекітілген программалар санын
қысқарту туралы ғана емес, жалпы алғанда, басқару және жоспарлауда
көзқарасты өзгерту туралы болып отыр.
Корпоративтік басқарудың осы заманғы жүйесі жеке сектор тәрізді,
мемлекеттік органдарда да, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге көбіне-
көп бағытталады. Біз нақ осындай тетікті енгізетін боламыз.
Бәрінен бұрын, әрбір министрлік, агенттік және әкімдіктер өз қызметінің
5 жылдық стратегиялық мақсатын анықтауы тиіс, содан кейін барып оны Үкімет
бекітеді. Нәтижеге қол жеткізу деңгейін бағалау үшін тиісті тиімділік пен
нәтижеліліктің мақсатты көрсеткіштері әзірленетін болады.
Нақты мақсатты индикаторға қол жеткізу Үкімет пен мемлекеттік органдардың
басшылары қол қоятын меморандум-келісімде көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің мұндай жүйеге көшуі 2009 жылы
жүзеге асырылады.
Осылайша біз Үкімет деңгейінде бекітілетін орталық және жергілікті
мемлекеттік органдардың көптеген бағдарламалық құжаттарынан бас тартып,
бәрінен бұрын, мақсатты көрсеткіштерде қолданылатын стратегиялық
жоспарларды талқылауға көшеміз.
Басқарудың мұндай жүйесіне көшу мемлекеттік органдардың басшыларының
дербес шешім қабылдауына жол ашып, бір мезгілде олардың Парламент пен қоғам
алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу елімізде
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық үкімет деген не
Ақпараттық технологияның құрылымы
Электрондық үкімет дамуының үшінші кезеңі - транзакциялық кезең
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Электрондық қызмет көрсетудегі ілгері істер халықаралық рейтинг назарына ілігуде
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту туралы
«Электронды үкімет»
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Пәндер