Ақша қаражаттары мен оның баламалары


Кіріспе
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп жөніндегі” Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдар ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шарушылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары қажет.
Рефератта ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру мен есептесудің мақсаты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін жүргізуде негіз болатын ақша қаражаттарының баламалары көрсетілген.
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОНЫҢ БАЛАМАЛАРЫ
1. 1. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру мен есептесудің мақсаты
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанын-дағы "Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің" №4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп"-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: "Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңцы тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді" делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: "Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражатгарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады" делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет керсетіп, жабдыктаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықгайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
1. 2. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттары жалпы қабылданған айырбастау құралы және бағалау және қалған барлық баптардың есебі үшін негіз болып табылады. Ақша қаражаттары басқа активтерге қарағанда, орынсыз жұмсалудың және пайдаланудың заты, құралы болып табылады.
Ақша қаражаттары операцияларының есебі ұйым басшыларынан мынандай негізгі екі мәселені талап етеді:
- Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің тарапынан рұқсат етілмеген операцияларды болдырмау үшін қатаң бақылау құралдарын қолданудың қажеттілігін;
- Нақты ақша қаражаттарын және олармен операцияларды дұрыс басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттардың берілуін;
№4 стандартта ақша қаражаттары туралы:
Ақша қаражаттары кассадағы және банктік шоттардағы нақты ақша делінген.
№7 стандартта ақша қаражаттарына, олардың баламаларына және ақша қаражаттарының легіне мынандай анықтама берілген:
“Ақша қаражаттары нақты ақшаны және талап етілмелі салымды қамтиды. ”
Ақша қаражаттарының баламасы қысқа мерзімді, жоғары өтімді, белгілі бір ақша қаражаттар сомасына жеңіл айналатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салым.
Ақша қаражаттарының легі болып ақша қаражаттарының және олардың баламаларының түсу және жұмсалуы табылады.
Ақша қаражаттарының сақталуын және олардың есебінің дәлдігін қамтамасыз ететін ішкі бақылау болуы керек.
Ішкі бақылау мынандай функцияларды атқаруға тиісті:
- Ақшаға жеке есеп жүргізуді және жеке сақтауды
- Нақты есеп айырысу жүргізілген барлық операциялардың есебі
- Кассада тек қана күнделікті ішкі қолма-қол нақты ақшаға жасалатын операцияларға қажетті ақшаның сақталуы
- Кассадағы ақша қаражаттарынан дүркін-дүркін тексеру жүргізіп, санау
- Табыс әкелетін ақша қаражаттарының дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету
- Ақша қаражаттарына физикалық бақылау
Ақша қаражаттарының баламасы өзінің экономикалық мәні бойынша халықаралық тәжірибеде ақша қаражаттарына теңестіріледі.
Ақша қаражаттарының баламалары, бұл - қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар. Олар белгілі, нақты ақша қаражаттар сомасына жеңіл айналдырылады. Олардың өтелу мерзімі соншалықты қысқа, өйткені олар пайыздық қойылымның өзгеруіне байланысты елеулі тәуекелділікке ұшырамайды. Негізгі соманы жоғалтудың мүмкіндігін жоққа шығарады. әдетте бастапқы өтелу мерзімі үш айдан аспайтын инвестициялар ғана сәйкес келеді. Мұндай инвестицияларға депозиттік сертификаттар, банктің акцептелген векселдері, мемлекеттің құнды қағаздары жіне кәсіпорынның жоғары сапалы құнды қағаздары жатады.
Банк займдары, әдетте, қаржылық қызмет ретінде қаралады, өйткені кейбір мемлекеттерде талап ету бойынша өтелетін овердравттар компанияның ақша қаражаттарын басқарудың ажырамас бөлігін құрайды. Мұндай жағдайда банк овердравтта ақша қаражаттарынң және оның баламаларының компоненті ретінде енгізіледі.
Овердравт, бұл - ұйымның меншігіндегі активті шоттағы қалдық сомадан асып түсетін сомаға жасалған төлемнің нәтижесінде пайда болып, қысқа мерзімді міндеттеме ретінде көрсетілетін активті шоттағы кредиттік қалдық.
Қорытынды
Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті толағана тұрып тәубелі сөз айтты. “Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз оның мәнін терең сезіндік” - дей келе он жылдағы орасан зор жетістіктерге тоқталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz