Топырақта органикалық заттардың жиналуы



№ Тақырыбы Бет
КІРІСПЕ
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Топырақтың жалпы сипаттамасы
1.1.1 Топырақтың химиялық құрамы.
1.1.2 Топырақтың компоненттік құрамдары жəне олардың қасиеттері.
1.2 Топырақтың органикалық бөлігі
1.3 Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Топырақ құрамындағы органикалық заттарды анықтау әдісі
2.2 Қолданылған реактивтер, материалдар, аспаптар
2.3 Анализ нысандары
2.4 Нәтижелер және оларды талқылау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады.
Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді.
Топырақта органикалық заттардың жиналуы көздері болып, өсімдік қалдықтары (тамыр, жапырақтар және т.б) және жануар қалдығтары болып табылады. Микроорганизмдердің әсерінен осы қалдықтар гумусты құрайтын органикалық заттарға айналады. Бұл әдіс негізінен, гуматтардың суда нашар, ал сілтілердң жақсы еритін қасиетіне негізделген.

Курстық жұмыстың мақсаты: Топырақта органикалық заттардың жиналуын анықтау
Курстық жұмыстың өзектілігі: Топырақта органикалық заттардың жиналуы көздері болып, өсімдік қалдықтары және жануар қалдығтары болып табылады. Микроорганизмдердің әсерінен осы қалдықтар гумусты құрайтын органикалық заттарға айналады. Мен Семей қаласындағы әрбір жердегі алынған топрақ үлгілеріндегі органикалық заттың мөлшерін анықтау болып табылады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Тақырыбы
Бет

КІРІСПЕ

1
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1
Топырақтың жалпы сипаттамасы

1.1.1
Топырақтың химиялық құрамы.

1.1.2
Топырақтың компоненттік құрамдары жəне олардың қасиеттері.

1.2
Топырақтың органикалық бөлігі

1.3
Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері

2
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1
Топырақ құрамындағы органикалық заттарды анықтау әдісі

2.2
Қолданылған реактивтер, материалдар, аспаптар

2.3
Анализ нысандары

2.4
Нәтижелер және оларды талқылау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады.
Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді.
Топырақта органикалық заттардың жиналуы көздері болып, өсімдік қалдықтары (тамыр, жапырақтар және т.б) және жануар қалдығтары болып табылады. Микроорганизмдердің әсерінен осы қалдықтар гумусты құрайтын органикалық заттарға айналады. Бұл әдіс негізінен, гуматтардың суда нашар, ал сілтілердң жақсы еритін қасиетіне негізделген.

Курстық жұмыстың мақсаты: Топырақта органикалық заттардың жиналуын анықтау
Курстық жұмыстың өзектілігі: Топырақта органикалық заттардың жиналуы көздері болып, өсімдік қалдықтары және жануар қалдығтары болып табылады. Микроорганизмдердің әсерінен осы қалдықтар гумусты құрайтын органикалық заттарға айналады. Мен Семей қаласындағы әрбір жердегі алынған топрақ үлгілеріндегі органикалық заттың мөлшерін анықтау болып табылады.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Топырақтың жалпы сипаттамасы
Топырақтағы қарашіріктің (гумус) негізгі көзі-өсімдіктердің, микроағзалардың, жәндіктердің органикалық қалдықтары, қолданылған органикалық тыңайтқыштар және себілген ауылшаруашылық дақылдарының қалдықтары.
Топырақтың маңызды бөлігі- органикалық заттар.
Топырақтың органикалық бөлігі екі топқа бөлінеді:
1)Өсімдік және жәндіктер қалдықтарынан пайда болған шірінділенбеген органикалық заттар.
2)Ерекше табиғи және өзіндік шіріген органикалық заттар.
Шірінділенбеген органикалық заттардың тобына қураған, бірақ әлі
ыдырамаған немесе жартылай ыдыраған өсімдіктердің қалдықтары (тамыры, жапырақтары) және жәндіктердің (құрттар, буын аяқтылар және тағы басқалар) қалдықтары кіреді. Мұндай органикалық хаттар өсімдік үшін өте маңызды қоректік заттармен салыстырғанда топырақта тез ыдырайды да, өсімдік оңай сіңіретін минералдық формаға айналады.
Қарашірік заттар құрамы мен қасиеті жағынан мынадай топтарға бөлінеді: гумин қышқылы, фульноқышқылы, гуминдер және гиметомеландық қышқылдар.
Гумин қышқылдарының түсі қара, құрамында 52-63% көміртегі болады. Олар суда нашар ериді, бірақ сілтінің жеңіл (аз) ерітіндісінде ериді, молекулалық массасы жоғары, қышқылдық сипаты төмен болады.
Фульноқышқылдар сабанды-сары түстен қызғылт түске дейін ауытқиды. Олардың құрамында 40-48% -- ға дейін оттегі, 4-6% сутегі және 2-6% азот бар. Олар суда, минералдық қышқылдарда және әлсіз сілтілерде жақсы ериді, қозғалғыш, қышқылдық қасиеті басым, молекулалық массасы төмен.
Гумин-топырақ құрамына кіретін органикалық зат, қышқылдарда, сілтілерде, органикалық еріткіштерде ерімейді.
Гиметомеландық қышқыл-қарашіріктік қышқылдар тобына кіретін, этанолда еритін органикалық зат.
Қарашірік топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші болып табылады. Қарашіріктің топырақтағы мөлшері пайызбен, ал 1 гектардағы қоры тоннамен есептеледі. Оның қара топырақтағы мөлшері 6-8%, ал сұр топырақтарда бұл көрсеткіш 1-3%-ға тең. Топырақта қарашіріктік заттардың аз ғана бөлігі бос күйде болады. Олар топырақтың минералдық бөлігімен әрекетке түсіп, органоминералдық қосылыстар түзеді, ол қарашіріктің топыраққа бекуінде маңызды рөл атқарады.
Қарашірік топырақтың барлық агрономиялық қасиетіне әсер етеді, оның физикалық-механикалық қасиетінің жақсаруында аса маңызды рөл атқарады және топырақтағы қоректік элементтердің (N. P. K. Ca, микроэлементтер) көзі болып табылады. Сондай-ақ , құрылымдық агрегаттардың түзілу материалы ретінде қызмет етеді, топырақтың байланысуын реттейді, өңдеу жұмысында кездесетін қиындықтарды азайтады, газ алмасуды жақсартады, микроағзалардың тіршілігін, органикалық заттардың ыдырауын, өсімдік тамырының тыныс алуын, топырақтың су сіңіру қабілетін жақсартады. Қарашірік әр түрлі заттарды сіңіре және сақтай алады, баяу минералданады, өсімдіктерді қоректік заттармен бірте-бірте қамтамасыз етеді, топырақта жылу өткізуге әсер етеді, биологиялық белсенді заттардың (ферменттер, витаминдер), пестицидтердің тезірек ыдырауына әсер етеді. Органикалық заттардың топырақта аз мөлшерде екендігіне қарамастан, олар топырақтың құнарлылығын арттыруда, өсімдікті қоректендіруде маңызды рөл атқарады. Оның құрамында азоттың барлық қоры, фосфор мен күкірттің ауқымды бөлігі, аздап калий, кальций, магний және тағы басқа қоректік элементтер болады. Микроағзалардағы органикалық заттарды ыдыратудың нәтижесінде элементтердің бәрі өсімдіктер жеңіл сіңіретін минералдық қосылыстарға айналады. Топырақтың құрамындағы қарашірікті көбейтудің негізгі тәсілдері мыналар: топыраққа үнемі органикалық тыңайтқыштар беріп отыру, сидералды дақылдарды, көп жылдық шөптерді егу, қышқыл топырақтарды әктеу, топырақты дұрыс өңдеу, мелиоратингтік шекараларды жүзеге асыру.
1.1.1 Топырақтың механикалық құрамы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақтың қатты минералдық бөлігі негізінен топырақ түзілу процестерінде əр түрлі өзерістерге ұшыраған аналық жыныстардан тұрады. Аналық жыныстар топырақ түзі процесінде жоғарыда айтқан факторлардың əсерінен өсімдік тіршілігіне қажетті заттарға бай толтырылған ортаға айналады. Топырақтың механикалық құрамы деп, оның көлемі жөнінен əр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратынын айтады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар балшықты- сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған жағдайда ол құмдақ немесе құмды болады. Егер де топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл топырақтар негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын болғандықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді, ал диамерт ұзындығы мм-мен есептелінеді. Еліміздің топырақтану саласындағы ірі ғалым құрамындағы түйіршіктер өздерінің көлеміне қарай төмендегідей бөлінеді: диаметрі 3 мм-ден ірілеуі- тастар, 1мм- ден 3 мм- ге дейін-ірі құм, 0,25мм - ден 1мм-ге дейін орташа құм, 0,05 мм-ден 0,25мм-ге дейін ұсақ құм, 0,01-ден 0,05-ке дейін ірі шаң, 0,0001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал диаметрі 0,001мм-ден кішілеутозаң 0,0001мм-ден кішілері-коллоидтар. Осы ғалымның зерттеуіне сəйкес топырақтар өзінің механикалық құрамына төмендегідей топтарға бөлінеді. (1-кесте).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақтың механикалық құрамының түзуде, топырақты ауыл шаруашылығы жəне басқа мақсаттарға пайдалануда маңызы зор. Топырақтың механикалық құрамымен оның кеуеутілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды жоғары көтеру қасиеті, қоректі заттарды жинау мүмкіншілігі, ауа-жылылық қасиеттері тығыз байланысты. Құмды жəне құмдақ топырақтардың құрылымы (структкрасы) нашар келеді, əрі əр түрлі ірірек бөлшектерден тұрады. Ылғалды жақсы өткізеді, қолайлы ауа-жылу режим-дері болады. Мұндай топырақты өңдеу де өте оңайға түседі. Бірақ-та бұл топырақтар қоректік заттарға жəне қарашірікке кемшіл болады, себебі олар ылғалмен жуылып-шайылып кетеді де, онда өсімдіктер сирек өсіп, жөнді қалдықтар қалдырмайды. Ал балшықты топырақтар, керісінше, ылғалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол болады. Ылғал бергіштігі, ауа режимі нашар. Бұл топырақтарды жырту да оңайға түспейді. Дегенімен, бұл топырақтар қоректік заттарға бай, құнарлы келеді. Ауыл шаруашылығына пайдалануға ең қолайлы топырақ-құрамында құмды түйіршіктер мен балшықты түйіршіктер қабаттасып келетін құмбалшықты бөлшектердің пайдалы қасиеттері үйлесе құнарлығы арттырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1.2 Топырақтың химиялық құрамы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақ түзілу құбылыстарының нəтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтай отырып көптеген элементтердің мөлшеріне өзгерістер енгізеді. Топырақтардың орташа химиялық құрамы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында O мен Si, екінші-Al мен Fe, үшінші - Ca мен Mg, солардан кейін Na, K т.б. элементтер орналасқан. Топырақтық химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшерлері көп: көміртегі 20есе, азот 10 есе. Сонымен қатар оттегі жəне сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий темір, калий, кальций, магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер əр түрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктермен топырақ арасындағы қарым- қатынас белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, минералды түрде олардың карбонатты тұздар кездеседі. Оттегі судың гидроксидтер алюмосиликаттар, бос қышқылдар жəне олардың тұздарының құрамында болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтің бірі-кремний. Ол жер қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп, органикалық заттар, көміртегі сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі-кварц минералы SiO2 Кремний жəне кремний қышқылдарының тұздары силикаттар мен алюмо силикаттар құрамына кіреді. Өсімдіктердің құрамында да кремний бар, мысалы, ол дəнді дақылдарда 10%тен 60% дейін жетеді. Алюминий жəне алюминсиликаттар балшықты минералдар құрамында кездеседі бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al2O3 - тің топырақтағы жалпы мөлшері 1-2%-тен 15-20% дейін, ал ферралитті топырақтарда 40%-ке дейін жетеді. Темір əр түрлі оксидті гидроксидті жəне шала күкіртті қосындылардың құрамына кіреді. Бұл элементтер биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары, сарғайып хлороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері əр түрлі. Мысалы құмдақ топырақтағы 0,5-1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3-5, ал ферралитті топырақтарда 2050%. Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элемент те өсімдіктерге қажет. Топырақта ол 1-3% мөлшерінде болады. Кальций мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин, альбит, құрамында бұзылу нəтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл тұздар суда жақсы ериді калий-өсімдіктердің қоректік элементтерінің бірі. Оның топырақтағы мөлшері -2-3% Na2O-ның мөлшері -1-3%. Натрийдің жылжымалы түрі топырақта жоғары болса, ол физикалық жəне химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады. Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минералдардың құрамына жатады (ильменит, рутил, сфен). TiO2мөлшері топырақта көп болмайды. Марганец топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, бунит, оливин сияқты микро элементтер өсімдіктердің өсуі мен сапалы дамуына өте қажет. Бұл тақырыпқа əріректе тоқталмақпыз. Күкірт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында болады. Пирит деген минарл түрінде де кездеседі:Fe2S. Топырақта SO3 проценттің оннан бір бөлігінен аспайды. Кейбір сульфатты тұздар топырақта көп болуы мүмкін. Егер де күкірттің топырақта жылжымалы түрі мол болса оның себебін осы төңірікте ластаушы өндіріс орындарынан іздестірген жөн. Көміртегі, сутегі, азот, фосфор-органогендік элементтер олар топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртегі гумустың органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың. Өсімдік пен жануарлардың денелеріндегі органикалық заттарда болады. Көміртегі органикалық заттарға бай топырақтарда 3 -- 10% тей-, сутегі 3-6%-тей, мөлшерде. Азот өсімдіктің өскінде жануарлардың тіршілігінде зор рөл атқарады. Оның мөлшері топырақта көбіне органикалық қосындылар, аммиак, азот жəне азотты қышқылдардың тұздары күйінде кездеседі. (0,3-0,4, кейде 0,1%) Топыраққаазот екі жолмен келеді: 1) үлкен қысым, əрі катализатор (найзағай) қатысуы арқылы аммиак NH3түзіліп, жауын-шашымен түседі; 2)азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе бұршақты өсімдіктер тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен шоғырланады. Фосфор, апатит, фосфорит минералдары құрамында жəне топырақ шіріндісінде, органикалық қосындыларда кездеседі. Топырақта-фосфор қышқылының тұздары фосфорттар түрінде болады. Na мен Ca бір фосфаты Na2 HPO4, Ca(HPO4), (2H2O, натрий мен кальций үш фосфаты - Са3(PO4)2 түрі болуы қажет. Микроэлементтер. Кейбір химиялық элементтердің мөлшері топырақта өте аз (n·10-3) болғандықтан, оларды: бор, молибден, мыс, жез, марганец, кобальт, мырыш, йод, фторды (B, Mn, Mo, Cu, Zn, Co, I, F) т.б. топқа жатқызады. Микроэлементтер өсімдіктерге қоректік элемент ретінде тікелей сіңбейді, олар қоректік элементтермен бірге сіңіріледі жəне тірі организмдердің ферменттік құрамына кіреді де топырақта биохимиялық алмасу процесстері жеделдетеді. Өсімдіктер өнімі мен оның сапасының оның топырақтағы микроэлементтер мөлшерлерін арасында тікелей байланыс бар. Топырақ микроэлементтердің жетіспеуінен өсімдіктердің өніміде, сапасы да төмендеп тіпті ауруға шалдығады. Микроэлементтер жетіспесе немесе артық мөлшерде болса, ондай топырақты биохимиялық залалы эпидемия провинциялары деп атайды. Бұл табиғи факторлармен қатар, техногендік ластану,қ тыңайтқыштарды артық қолдану салдарынан болуы мүмкін. Топырақтағы микроэлементтердің мөлшеріне байланысты. Гумус белсенді түрде жиналатын процесстерде микроэлементтер топырақтың беткі қабатында мол, ал шайылу процессі басым болған жағдайда едəуір аз болады. Топырақтың механикалық құрамы əр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктер көлемін əр түрлілігіне қарай топырақтың механикалық құрамында əр түрлі болып келеді. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, топырақтарда соғырлұм ауыр, балшықты боп келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырақтар жеңілдеу, құмдық немесе құмды болып келеді. Егер топырақ құрамында майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, мұндай топырақтар құм балшықты топырақтар деп саналады. Əдетте, топырақ майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратындықтан, түйіршік еөлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді, ал диаметр ұзындығы мм есептелінеді. Топырақтану саласындағы ірі ғалым, профессор Н.А.Качинскийдің зерттеуі бойынша, топырақ құрамындағы түйіршіктер көлеміне қарай былайц бөлінеді: диаметр 3мм-ден іріректері-тастар, 1мм-ден 3мм-ге дейін- ірі құм, 0,15-тен 1 мм-ге дейіні - орташа құм, 0,25-тен 0,05мм-ге дейіні - ұсақ құм, 0,01- ден 0,05мм-ге дейіні - ірілеу шаң, 0,001- ден 0,05 мм-ге дейіні- майда шаң, ал диаметрі 0,001мм-ге дейін кішілеуі - тозаң.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1.3 Топырақтың компоненттік құрамдары жəне олардың қасиеттері.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақтың минералогиялық құрамының қалыптасуы. Алғашқы минералдар жəне олардың маңызы. Екінші минералдар жəне олардың маңызы. Балшықты минералдар. Топырақтағы əртүрлі тұрақтылықты минералдардың үгілуі. Топырақ-көп фазалы, күрделі жүйе- ол төрт фазадан тұрады: қатты фаза, (минералдық жəне органикалық), ылғал фаза(топырақ ерітіндісі), ауа фазасы(топырақ ауасы) мен тірі фаза(топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Сонымен бірге топырақ ашық жылжымалы жүйе, өйткені ол биосфераның басқа жүйелерімен үздіксіз қарым қатынаста болып тұрады. Топырақтың табиғи денелерден ерекшелігі- бұл өте күрделі зат құрамдары бар жəне негізгі корсеткіштерінің өзгерулерінің заңдылықтары. Спецификалық органикалық заттары (қарашірінді), химиялық элементтерінің əр түрлі құрамдары бар дене. Төменде топырақтың құрамы, қасиеттері баяндалады. Топырақтың қатты фазасы. Топырақтың қатты фазасы оның табиғи көлемінің 50-60% алады. Қатты фаза құрамына топырақтың минералды жəне органикалық бөліктері жатады, ол минералды бөлік топырақтың қатты фазасының негізін құрайды. Топырақтың құнарлы қарашіріндісіне бай беткі қабатының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95% , төменгі қабатында 99% жəне оданда жоғары пайызы тиесілі. Топырақтың минералды құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың минералды құрамын қайталайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топырақтың минералды құрамы Майда ұнтақталған тау жыныстарымен олардың топырақтағы минералды бөліктері өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: алғашқы - магматикалық жəне метаморфикалық аса қатты үгілмеген, екіншісі жердің үгілу немесе топырақ қабаттарына алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нəтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген минералдар. Бұл көбінесе екі минералдар топырақтарының арақатынастары əр топырақта əр түрлі аймақтарда орналасуына жəне минералдардың үгілгіштігіне немесе үгілуге бермейтін қасиеттеріне қарай əр түрлі болуына байланысты. Əдетте, алғашқы минералдардың үлесі топырақ құрамдары неғұрлым ірірек, жеңілірек болса, соғұрлым оның құрамында тасы, құмы мол болады да, ал топырақ құрамы сазды, балшықты болған сайын алғашқы минералдар азайып, екінші минералдар көбейеді. Типті балшықты топырақтар түгелдей екінші минералдардан тұрады децге болады. Ол жағдайда тағы əсер ететін-жай жыныстар мен топырақтардың созылған үгілцдің ұзақтығы жəне үгіу агенттерінің белсенділігі жылы əр ылғалды аймақтарда үгілу құбылстары белсенді өтетіндіктен, ол өңірлерде негізінен екінші минералдар мол болады. Алғашқы минералдар. Химиялық құрамы жағынан тау жыныстарындағы алғашқы минералдар-негізінен элементтердің оттегі қосылыстар, тотықтар мен силикаттар. Топырақтарға кварц, гипотит, магнитит, рутил т.б ал силикаттарға дала шпаттары, слудалар, пироксиндер, амфиболдар жəне олибиндер жатады, кварц-ең кең тараған минерал жер астынан атқылағын шөгінді, үйінді, жəне топырақ құрамындағы тау жыныстарында ол 25-40%-тай мөлшерде, ал кварцты құмдармен құм тастарда 90% астам мөлшерде кездеседі. Кремний оттегі қосылысы бекем қаңқалы құрылым түзгендіктен, үгіу құбылыстарынада берік болады. Сондықтан олар топырақтардың элювиалды қабаттарында қалдықты минерал ретінде көп кездеседі. Топырақта гимотит пен рутил не бəрі 0,5% дай ғана. Силикаттар-көп таралған минералдар тобы, мұнда да кремний оттегі қосылыстары SiO4, берік төртбұрышты қаңқалы құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады. Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала липаттар минералдар жатады. Олардың қаңқаларының ортасында кермний жəне алюминий иондары орналасқан. Ал төртбұрышты қаңқалар кальций, натрий жəне калий иондарымен жалғасқан. Дала шпаттары SiO2. Al2O3 5-6-ға тең болған жағдайда қышықылды, ал ол қатынас 2-3-ке азайған кезде негізді болып саналады. Қышқылды дала липаттары құрамында калий мен натрий бар. Олардың қатарына кең тараған калийді дала шпаты - ортаклаз немесе микролин -K (Al Si3O8) жəне натрийлі дала шпаты - альбит Na (Al Si3O8). Ал негізі дала шпаты қатарына - анортит Са (Al Si3O8) жатады. Қышқылды дала липаттары мен негізгі плагиклаздар тобы құралады. Қышқылды дала шпаттары ашық, ал негізгі дала шпаттары күңгірт түсті келеді. Сонымен бірге қатар қышқылды дала шпаттары үгілу құбылысына беріктігі күшті. Ең берігі калийді дала шпаты- микролин. Бос шөгінді жыныстар мен топырақ құрамында əр түрлі үгілуге ұшырайтыны дала шпаттарының жартысына жұғуы. Силикаттар тобына стода-лар да жатады. Олар табиғатта күрделі кристалл-химиялық құрылымды болып кездеседі. Алюмосиликаттардың ерекшілігі-олардың құрылымында калиймен қоса мангий, темір иондары мен OH ионының болуы. Калийлі слюда-мускавей KaJ2 (Al Si3O10) OH2 ақшыл, ал магнийлі-темірлі слюда-биотит K(Mg Fe)3. (Al Si3O10). (OH) 2 күңгірт түсті. Слюдалардың тау жыныстары мен топырақтағы үлесі-4-5% Силикаттардың келесі тобын пироксенде мен амфиболдар түзейді. Олар негізінен күңгірт жасыл түсті минералдар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пироксендерден көп тарағаны-авгит, ал амфиболдардан көп тараған минералдар-роговая обманка. Пироксендердің кристалл-химиялық формуласы: R2(Si2O6)6 ал амфиболдардікі: R7 (Si4 OH) (OH)2 олардың топырақтағы жалпы мөлшері-5-15% силикаттарға жататын тағы бір кең тараған минерал оливин: (Mg, Fe) (SiO4) Олардың көлемі бос жыныстар мен топырақта 0,5-1%-тен аспайды. Алғашқы жыныстар түзуші минералдар-фосфаттар. Олардан көп тарағаны-апатит Ca5(CIF) (PO4)3 Бос жыныстар мен топырақтарда 0,3-0,5%-тей кездеседі. Апатит фосфордың көзі, оған қоса мұнда хлор мен фтор да кездеседі. Оттегінсіз, алғашқы минералдар қатарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы мәлімет
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы ақпарат
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі
Топырақ түзілу факторлары және жағдайлары
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат
Топырақтағы минералдық қосылыстардың көзі
Ауыр металдармен ластану
Биогеохимиялық провинциялар. Қазақстан аумағындағы табиғи және антропогендік биогеохимиялық провинциялар
Табиғатта микроағзалардың әсері туралы
Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Пәндер