Ақша-несиелік реттеу саясаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері . . . 5
1. 2 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі
құралдары . . . 10
2 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ . . . 16
2. 1 Ұлттық банк жүргізетін ақша-несие саясаты, жүргізілу қағидалары . 16
2. 2 Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері . . . 22
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚША-НЕСИЕЛІК РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУ СИПАТЫ . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады. Экономиканы жанама реттеудің негізгі құралдарына: ақша-несие саясаты, бюджеттік-салық саясат, тарифтік және валюталық саясаттар жатады. Өз кезегінде экономиканы ынталандыруда және шаруашылық механизмді реттеуде ақша-несие реттеудің маңызы зор болып табылады.
Ұлттық экономиканың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
Ақша-несие саясатын іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда өзекті және негізгі саясатардың бірі болып отырған ақша-несие саясатының қалай іске асатындығын, қызмет ету механизмін, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі басты қызметтерін және ақша-несие саясатындағы инфляциялық таргеттеудің жүргізілуінің бүгінгі таңдағы негізгі бағыттарын оқып үйреніп және оны зерттеу осы тақырыптың өзектілігі болып табылады. Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша-несиелік реттеу» деп алдық.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің ақша-несие саясатының экономиканы жанама ретеудегі маңыздылығын, оның іске асу механизмі мен қазіргі таңдағы даму беталысын қарастыру болып табылады.
Жұмысты орындаудағы негізгі міндеттерге :
- Ақша-несие саясатының экономикалық мәнін, оның іске асу барысын түсіну,
- Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына тоқталу және оның Қазақстандағы қолдану барысын талдау;
- Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын іске асыратын басты заңлы тұлға ретінде оған талдау жасау,
- Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының ерекшеліктеріне, атқарылып жатқан нақты шараларға тоқталу,
- Ақша-несие саясатындағы әлемдік стандарттардың бірі болып табылатын инфляциялық таргеттеу саясатының еліміздегі қолданысын және 2007-2010 жылдарға арналған ақша-несие саясатының іске асу барысын жан-жақты талдау мен туындап отырған мәселелерге тоқталу болып табылады.
Сонымен Қазақстан экономикасының тиімді дамуы үшін экономиканың шикізаттық бағытынан арылып және ұлттық қаржы жүйесін, ақша-несие саясатының құралдарын тиімді жүргізу арқылы тұрақты және қарқынды экономикалық өсуге бет бұруымыз керек. Ол үшін біз қаржыгерлер қазірден бастап ақша-несиелік реттеу саясатының құралдарын, олардың қызмет етуін және ұлттық экономикаға қандай әсерлерінің барлығын зерттей білуіміз міндетті болып табылады.
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері
Ақша-несие реттеудiң теориялық негiздемесi жүйеге фактiлердi ендiруге, түсiндiруге және қорытуға негiзделедi, экономикалық ғылым басқалар сияқты фактiлерге, яғни, белгiлi деректердiң немесе белгiленген құбылыстардың қадағаланатын өзгерiстерiне негiзделу салдарынан-осы ғылымдардың эмпириялылығын айқындайды. Теорияны талдаудың соңғы нәтижесi ретiнде фактiлер жиынына мағына енгiзедi, оларды бiрiктiрiп байланыстырады, олардың арасында өзара байланыс орнатады және олардан белгiленген қағидалар мен беталыстар шығарады.
Ғылыми тұрғыдан фактiлер қазiргi бар теорияларды растау (дедуктикалық әдiс) үшiн де, сондай-ақ жаңа теория үшiн негiз болуы мүмкiн.
Замандастар барынша дәрежеде жүргiзетiн макроэкономикалық саясат негiзiнде ескеретiн макроэкономикалық теориялар (кейнсиандық теория мен монетарлық) - негiзiнен индуктивтiк жолмен пайда болатын теориялар. Бұгiнгi күнге көптеген ғалым экономисттер оларды макроэкономика мәселелерiне бiр мәндi жауап беретiн оқулардан гөрi болжамдарға жатқызады. Осыған қарамастан макроэкономикалық теоиялардың болжалдығы олардың маңызын кемiтпейдi.
Экономистер экономикалық өсу факторларына ықпал ететiн ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты ұзақ жылдар бойы пiкiр таластыруда.
Ақша-несие саясатының мәнi айналымдағы ақша мөлшерiн өзгерту жолымен экономикалық жағдайға ықпал етуге негiзделедi. Монетарлық билiктердiң тиiстi құралдары болса да, алайда әр түрлi экономикалық бағыттар арасында ақша ұсынысының экономикаға ықпал етуiне қатысты әртүрлi келiспеушiлiктер орын алуда. Ақша-несие саясатынының негiздемесi, оның стратегиясы мен тактикасын белгiлеу алдымен теориялық қағидаларды айқындауды және оның iшкi тетiктерiн ашуды талап етедi. /1, 256 б/
Ақша жиынын зерделеу дәстүрлерi көптеген он жылдар бойы терең теориялық әзiрлемелердi қамтиды, олар iс жүзiндегi әрекеттер негiзi ретiнде пайдаланылады. Басты мәселе-осы салада дүниежүзiлiк ғылыми бiлiм әлеуетiнiң қолданылуы, бұған мына құбылыстар кiредi:
-экономикалық және институционалдық ерекшелiктердi ескере
отырып, ақшаның баламалы айқындамасын қалыптастыруы;
- орталық банктiң ақша жиынын бақылау мүмкiндiгi анықтау;
- ақша жиынына ықпал ету құралдарын талдау және олардың
салыстырма тиiмдiлiгi;
Ақша-несие реттеу тұжырымдасы әдiстемесiнiң сипатты ерекшелiгi айырбас тұжырымдамасына тән ақша-несие айналым саласында iс-шара жүргiзу жолымен макроэкономикалық процестерге реттеушы ықпалды жүзеге асыру көзқарасы болып табылады. Мысалы, Неокенсияндық мектептiң өкiлi Ф. Модильяни “Тиiстi тұрақтатын iс-шаралармен тұрақсыздыққа қарсы тұруға болады. Ақша-несие саясаты ақша ұсынысын нақты сұраныс өзгерiстерiн сәйкестiкке әкелуi мүмкiн” деп атап өттi. /2, 224 б/
Кесте 1 - Ақша-несие реттеу тетiгiнiң үлгiсi /4, 156 б/
Неоклассикалық постулаттардың iзбасары П. Самуэльсон “тиiстi ақша-несие саясатының көмегiмен даурықпа бұзақылықтан және күрт құлдыраудан жалтаруға, кең экономикалық өсуге сенiм артуға болады” деп жазды. Монетарлық идеялардың негiзiн қалаушы М. Фридмен ақша-несие құралдары ақша мөлшерiнiң тұрақты, алайда бiрте-бiрте өсуiн сақтай отырып, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзуде елеулi әсер етуi мүмкiн деп санайды.
Осы пiкiрлер экономиканы ақша-несие реттеу теориясының барлық бағыттарының әдiстемелiк негiзiнiң ортақтығын растайды, ол экономиканы ақша айналымы мен несие құралдарымен мүмкiндiктерiн әсiре өсiруге, экономиканы сұраныс пен ұсынысты сәйкестiкке келтiретiн бағалармен реттелетiн тепе-тең, жеткiлiктi тұрақты жүйе ретiнде қарауға негiзделген.
Ж. Ю. Сэй, Л. Вальрас сияқты батыс экономистерiнiң жұмыстарында, сондай-ақ И. Фишер мен М. Фридменнiң сандық ақша теориясының әр түрлi нұсқаларында экономиканы тепе-тең жағдайлар жүйесi ретiнде дамыту қағидасы байқалады. /4, 187 б/
Ақша-несие жүйесiн қараған кезде, әдетте, ақша-несие реттеудiң кейнсиандық және неоклассикалық теорияларын қозғайды.
“Несиелiк реттеуге негiзделген кейнсиандық үлгi нарық жүйесi мен еркiн кәсiпкерлiктiң кемшiлiктерiн мемлекеттiк қазынашылық және несие саясатының жәрдемiмен жоюға ұмтылады. Алайда, ол iшкi өндiрiс пен жұмыспен қамтудың дамуына ақшаның ықпалын жеткiлiктi бағаламайды. Осыған қарама-қайшы монетаризмдi қолдаушылар осы ықпалды мойындай ғана қоймай, ұтымды ақша-несие саясатын жүргiзудi экономиканы тұрақтандырудың шешушi шарттары деп санайды.
Кейнсиандықтар мен монетаристер арасындағы пiкiрталас экономикалық ойлардың екi бағытының да жағымды жақтары мен кемшiлiктерiн де айқындауға мүмкiндiк бередi. Бұл теориялар алғашқыда қарағанда қарама-қарсы, алайда мәнi бойынша бiрiн-бiрi толықтыратын экономикалық үлгiлерден барлық құнды және ұтымды алынатын синтетикалық көзқарасты әзiрлеуге себеп болды.
Кейнсиандық экономикалық тұжырымдама. Дж. М. Кейнс 1936 жылы шыққан ”Жұмыспен қамтудың, пайызбен ақшаның жалпы теориясы” атты кiтабында өз тұжырымдамасының мазмұнын баяндады. Кейнс теориясының бас идеясы- нарықтық капиталистiк экономиканың өзiн-өзi реттеудi жоққа шығару. Ол өз күшiн шындықпен, атап айтқанда, капитализмде өндiрiстiң кезеңдi құлдырауы мен одан туындаған жұмыссыздықтың орын алуымен жанасатын жаңа жұмыспен қамтылу теориясын әзiрлеуге жұмсады. Мұның өзiнде жаңа теорияда кезеңдi құлдырау мен өндiрiс дағдарысына байланысты заңды туындайтын мәжбүрлi жұмыссыздыққа ерекше назар аударылады.
Бұдан әрi нарық экономиканы өзiнен-өзi реттеушi бола алмайтынына және толық жұмыспен қамтуды, өндiрiстiң және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ете алмауына байланысты, онда кейнсиандықтар мемлекет осы мiндеттердi жүзеге асыруда белсендi рөль атқаруға тиiс деп санайды. Мемлекет кезең-кезеңмен туындайтын құлдыраулар мен өндiрiстiң күрт өрiстеуiн (экономикалық циклдар) жұмсартатын осындай қазынашылық және ақша-несие саясатын жүргiзуге араласуы тиiс.
Тауарларды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жиынтық шығындардың негiзгi құрамы, мемлекеттiк реттеу саясатының маңызды элементi екенiн ескеру қажет. Мұның өзiнде мемлекеттiк шығындарды арттыру мен азайту iшкi өндiрiс мөлшерiнiң артуына және қысқаруына ықпал етедi. Сондықтан мемлекет құлдырау кезеңде өзiнiң шығындарын арттыруға, ал инфляция кезiнде оларды қысқартуға тиiс. Осындай шығындар өндiрiс деңгейiне, тиiсiнше жұмыспен қамтуға тiкелей әсер ететiнiн атап өту қажет. Салықтық және ақша -несие саясаты, керiсiнше, өндiрiс мөлшерiне жанама әсер етедi. Мысалы, салықтар тұтынуға тiкелей әсер етсе, ал ол арқылы ұлттық өндiрiс мөлшерiне жанама әсер етедi.
Кейнсиандықтардан монетаристердiң айырмашылығы олар ақша-несие саясатын экономиканы реттеудiң маңызды құралы деп санамайды. Ақша ұсынысы пайыздық мөлшерлеменiң өзгеруiне әкеп соқтыруына, ал соңғысы инвестицияларға арналған несиеге әсер етуiне байланысты, сондай-ақ ақша мен пайыздық мөлшерлеменiң реттеушi рөлi мемлекеттiк шығындар сияқты едәуiр емес деп санайды. Кейнстi кейбiр зерттеушiлер ақшаның экономиканы тұрақтандыру үшiн маңызы жоқ дегендi айтады.
Кейнстiң “ақшаның маңызы жоқ” деп айтатын iзбасарларының дұрыс ақша-несие саясатын қолдамауы, әсiресе, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн басталған инфляция жағдайларында оның тұжырымдамасына сынмен қарауға себеп болды.
Экономикада iскерлiк цикл деп нақты өндiрiс мөлшерiнiң кемуiмен немесе артуымен, халықтың жұмыспен қамту мен бағалар деңгейiнiң өзгеруiмен сипатталатын құлдырау мен өрлеудiң кезектесуi аталады. Мұның өзiнде кәдiмгi iскерлiк цикл төрт фазадан тұрады: нақты өндiрiс мөлшерiнiң түсуiмен орын алатын құсыру және тиiсiнше жұмыссыздық күшейедi және егер құсыру фазасы жарты жылдан астам жалғасса, онда құлдырау орын алады; цикл өзiнiң төменгi нүктесiне жеткен кезде және орташа бiр жарым жыл жалғасса -ол түбiне жетедi; нақты өндiрiс мөлшерi кеңейе бастап, халықтың жұмыспен қамту арттырылып, бағалар тұрақтандырылғанда кеңею фазасы орын алады. Нақты өндiрiс мөлшерi барынша жоғары деңгейге жеткен нүкте шарықтау деп аталады. Осыдан бастап жаңа цикл басталады.
М. Фридмен мен А. Шварц өздерiнiң АҚШ-да 1867-1960 жылдары ақша айналымының тарихы” деп аталатын жұмыстарында ақша айналымының рөлiн егжей-тегжейлi зерттеген. Ауқымды статистикалық материалдың негiзiнде, олар айналымдағы ақша жиынының өсу қарқыны циклдар iскерлiктермен сәйкес келмесе де, солармен байланысты циклдiк схемаға сәйкес екенiн айқындады. Ақша циклы iскерлiк циклдың алдында болады, өйткенi айналымдағы ақша мөлшерi өзiнiң шарықтауына жетiп жоғары нүктеге- iскерлiк циклының шарықтауына дейiн түсе бастайды. Және керiсiнше, ақша мөлшерi iскерлiк цикл өзiнiң төменгi нүктесi- түпке дейiн жеткен сәтке дейiн арта бастайды. /4, 189 б/
Нақты мысалға жүгiнейiк: экономикалық өсу қарқыны 3% құрайды, бұл дамыған елдердегi ұзақ мерзiмдi уақытша аралықтардағы нақты көрсеткiштерге сәйкес келедi. Бұл жағдайда атаулы ЖIӨ мен айналымдағы ақша мөлшерi де үшпайыздық өсуге сәйкес келедi деп ұйғарайық. Егер ақша жиынының мөлшерi 10% артса не болады? Бiраз саябырдан кейiн номиналдық ЖIӨ өсу қарқыны өсе бастап болжаммен атаулы ақша жиынының өсуiнiң тиiстi 10 пайыздық деңгейiне жетедi. Содан кейiн ЖIӨ бұрынғыдай 10% құраса да, нақты өндiрiстiң өсу мөлшерi тағы да 3% кемидi. Бұл мұндай өсу жыл сайын 7% артып отыратын абсолюттiк баға деңгейiнiң арту есебiнен қол жеткiзiлетiнiн бiлдiредi.
Монетаризм. Дж. Кейнстiң iзбасарлары негiзiнен құлдырау мен тоқырау проблемаларына көңiл аударуына байланысты, әртүрлi елдерде кезең-кезеңмен туындайтын инфляциялық процестерге орай ақша рөлiне жаңа сипаттағы қызығушылық пайда болды.
Қазiргi заманғы кейнсиандыққа оппозиция ретiнде пайда болды. Дж Кейнстiң iзбасарларына қарама-қайшы М. Фридмен дұрыс монетарлық саясат инфляция кезiнде ғана емес, сондай-ақ тоқыру кезiнде де маңызды рөл атқаратынын атап өттi.
Монетаристер мен кейнсиандықтар арасындағы айырмашылықты анығырақ көру үшiн олардың негiзгi теңдеулерiн талдау қажет:
Кейнсиандықтар өздерiнiң теоретикалық құрулардың негiзiне нақты өнiм мөлшерiн өндiруге жұмсалған жиынтық шығындар теңдеуiн алады:
C+I+Eч = NVP. (1)
Монетарлықтар айырбас теңдеуiн негiзге алады:
МV=PQ, (2)
мұнда М-ақша жиыны,
- ақша айналымының жылдамдығы.
Q -өнiмiнiң жеке мөлшерi мен тауарлар сатылатын орташа P бағалар деңгейiне көбейтiндiсi таза iшкi өнiмдi (NVP) құрайды, келтiрiлген теңдеулердiң сол бөлiктерiн теңдестiре алғандықтан мына теңдеудi аламыз:
C+I+Eч= MV. (3)
Жаңа теңдеудiң сол бөлiгiнде бүкiл таза iшкi өнiм өндiрiсiне жұмсалған жиынтық шығындар, ал сол жағында сатып алушылар осы өнiмге жұмсаған ақша мөлшерi көрсетiлген. Егер MV дайын тауарға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы болса онда ол NVP тең болуға тиiс. Тиiсiнше, бұл сома NVP өндiрiсiне жұмсалған жиынтық шығындардың монетарлық баламасын бiлдiредi. Сондықтан монетарлық және кейнсиандық көзқарастар өнiм өндiрiсiнiң сол бiр экономикалық процесiне әртүрлi екi тұрғыдан қараған екi көзқарас болып табылады.
Кейнсиандықтар өздерiнiң теңдеулерiнде ақшаға қосалқы рөль бередi, өйткенi ақша ұсынысының өзгеруi пайыздық мөлшерлеменiң өзгеруi ал ол арқылы инвестицияларға ТЖӨ мөлшерiнiң өзгеруiне жанама әсер етедi.
Монетаристер ақша ұсынысы өндiрiстiң, жұмыспен қамтудың, бағалардың дейгейiн айқындайтын негiзгi фактор деп санап, ақшаға маңызды мағына бередi.
Кейнсиандықтар мен монератистердiң тұрақтандыру саясаты. Iскерлiк циклдар уақытында өндiрiстiң кезең-кезеңмен құлдырауы мен өрлеуi белгiленген тұрақтандыру саясат жүргiзудi талап етедi. Ол көбiнесе әртүрлi экономикалық көзқарастарды жақтаушылар ұстанатын теориялық тұжырымадаларға байланысты.
Кейнсиандықтар тауарлар мен қызметтерге жұмсалған мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрамдас бөлiгi болғандықтан және осыған байланысты жалпы өндiрiс деңгейiне (ТЖӨ) өзгеруiне тiкелей әсер етуiне орай, қазынашылық саясатты экономикалық тұрақтандырудың негiзгi құралы ретiнде санайды. Қазынашалық саясаттың екiншi бөлiгiн құрайтын салық түсiмдерi тұтыну мен жинақтауға кететiн кiрiстерге тiкелей әсер етедi. Сонымен, негiзiнен тұтыну арқылы олар ТЖӨ мөлшерiне де әсер етедi. Кейнсиандықтар ақша-несие саясатының әсерiн мойындайды, алайда, олардың пiкiрiнше, ол құлдырау мен тоқырау кезеңiнде неғұрлым аз байқалады.
Монетаристер қазынашылық саясат экономиканы тұрақтандырудың сенiмдi құралы болып табылмайды деп пайымдайды. Өздерiнiң көзқарастарын олар мемлекеттiк шығындарды арттыру бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк банктерден қарыз беру, алуына әкеп соқтыратын “орнын басу әсерiмен” негiздеуге ұмтылады. Нәтижесiнде қаржы нарықтарында ақшаға сұраныс артады, осының салдарынан пайыздық мөлшерлеме артады. Инвестицияларға арналған ақшаға сұраныс кемидi, ал соңғылардың кемуi жиынтық шығындардың қысқаруына және тиiсiнше ТЖӨ кемуiне әкеп соқтырады. Тиiсiнше, экономиканы тұрақтандыру үшiн қолданылған саясат өзiнiң мақсатына жетпейдi, өйткенi қаржы нарығындағы қарыздарды пайдаланған мемлекет ондағы жеке бизнестi алмастырып немесе дәлiрек айтқанда оның орнын басады.
Ақша ұсынысы экономикалық белсендiлiлiкте шешушi рөл атқарады деген өзiнiң iргелi тезисiн негiзге ала отырып, дұрыс ақша-несие саясатын жүргiзудi табысты тұрақтандырудың басты шарты деп санайды. Алайда, дұрыс ақша-несие саясатын жүргiзу күрделi қиындықтарға толы. Бiрiншiден, ақша ұсынысының өзгеруi мен оның атаулы NVP әсерi арасында жеткiлiктi ұзақ уақыт немесе уақытша лаг өтедi. Осы лаг едәуiр қысқа (6-дан бастап 8 айға дейiн) немесе ұзақ (екi жылға дейiн) орын алуы мүмкiн. Ақша ұсынысы атаулы ТЖӨ әсер ететiн сәттi дәл анықтау ықтималдығы мардымсыз. Егер кейбiр белгiлер экономиканың құлдырау процесiн көрсетсе, онда әдетте арзан ақша, яғни, төмен пайыздық мөлшерлеме саясатын қолдана бастайды.
1. 2 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi - Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
- рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. / 1, 273 б/
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz