Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3. Қазақстан Республикасында жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу мен кезеңдері және оны жетілдіру ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін , ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болады.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
1. Әубакиров Я « Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж
2. Әубакиров Я, Б.Б Байжұмаев, Ф.И Жақышева « Экономикалық теория»
Алматы 1999ж
2. Жүнісов Б «Жалпы экономикалық теория» Алматы 2002
3. Кабаев В.С « Стратегия предпринимательства» Санк Петербург 1996
4. Надишев Б «Нарықтық экономика теориясына кіріспе» Алматы 1995
6. Назарбаев Н.Ә «21 ғасыр қарсаңында Алматы 1996»
7. Назарбаев Н.Ә «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы» Алматы 1993 ж
8. Усипова Г.М «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002
9.Сабден О «ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз» Алматы 1997
10. Сабденов «Наука, оброзование, рыночная экономика» Алматы 1994
11. Шиденов О, Байжомартов И.С Жүнісов Б « Жалпы экономикалық теория»
Алматы 2002
Мерзімді басылымдар тізімі
12. Дүйсенов Б «Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру»
Саясат 2004 №8
13. Нұрақым Райханұлы «Бағдар айқындала түсті» Ақиқат 2001 №7
14. Сыдықбаев «Бәсекеге қабілетті экономика халықтың өмір сүру дәрежесін арттырудың қайнар көзі» Саясат 2004 №12

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .3

1. Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...24

3. Қазақстан Республикасында жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
мен кезеңдері және оны жетілдіру ... ... ... ... ..29

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..36

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 38

Кіріспе

Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар
негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен
және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті.
Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін ,
ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде
негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз
әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын
дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін
негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-
қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын
алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-
экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз
кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша
параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің
арасында алшақтық көп болады.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң
жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және
халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету
принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет
ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп жатқан
экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайына жасалған
талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып
отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен
кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында
елеулі қателіктерге жол берілді.
Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды
факторы болып табылады. Осыған байланысты автор шағын және орта бизнеске
мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын, кәсіпкерлікті дамытудың отандық
және орта бизнес саласында сондай тауар отандық және шетелдік озық
тәжірибесін ұсынған.

1. Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы.

Жеке меншік ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады.
Ол тарихи түрде адаммен қоғаммен бірге пайда болды. Меншік - адамдардың
өндірістік және өндірістік емес заттарды иемденудің тарихи анықталған
қоғамдық тәсілі. Меншік жеке меншік қатынастардың құқықтарын айыра білу
талап етіледі. Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету,
ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып
шығады. Меншік құқығы дегеніміз – адамның өзінікі сияқты немесе
бөтендікі сияқты заттарға қатынасын айтады және ол : субъект
объект деген формулаға негізделеді. Материалдық игіліктерді адамдар
бірлесе жүзеге асырғандықтан, өндірісті иелену қоғамдық қатынастар шең
берінде адамдар арасында жүзеге асады. Өткен дәуірдегі экономикалық ой жеке
меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадам жасады. Физократтар
мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ ( 1694 – 1774 жж)
Экономикалық кесте деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек
өнімділігі ролінің басымдығын қолдап,оны барлық байлық пен әл-қуаттың
қайнар көзі деп санаған.
Жеке меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті классикалық
экономикалық ғылым өкілдері: Уильям Петти, Давид Рекардо және Адам Смит
қосты. Олар алғашқы рет қоғамның тапқа – жалдамалы жұмысшы, капиталист және
жер иеленуші – болып жіктелуін негіздеді.
Уильям Петти Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы деген
қанатты сөздері кезінде дұрыс айтылған.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон жеке меншікке көзқарасын
өзінің Кедейліктің философиясы атты еңбегінде баяндаған. Онда ол ұсақ
буржуазиялық пен жеке меншікті сынаған Меншік – бұл ұрлық деген сөзді
Прудон айтқан. Меншіктің сипаттамасы кең тара қоймайды және ғылыми сынға
ұшырады.
Карл Маркстің тұжырымдауы бойынша меншік экономикалық категория
ретінде адамдардың еркі мен санасына тәуелсіз өмір сүреді. Жеке меншік –
бұл өндіріс құрал – жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді
өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі.
Маркстік теорияға сәйкес құралдар, заттар және т.б. Меншіктің
заттық мазмұнын құрайды . Алайда жеке меншік ұғымы тек қана заттың
мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам
басқа адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және
тұтынады. Ешкіәмге жатпайтын нәрсені – қоғамнан тыс, басқа адамдармен
байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып
табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Жеке
меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі – экономикалық
категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық
қасиеті.
Меншік теориясына сүбелі үлесін қосқан батыстың қазіргі
экономикалық мектебінің өкілдері американ экономистері – Рональд Коуз және
Армен Апгион қосты. Бұл теория кейінірек И.Барцель, Г. Демесц және
басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың
тұжырымдасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек
ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық міне осы меншіктің мазмұнын
құрайды. Бұл процеске қатынасатындарының барлығы меншік құқығын өткеру
кезінде ойын ережесін білу қажет. Меншік кімге жетеді және өзара іс-
әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе? Олардың
ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бөлімнен тұрады:
1.Иелену құқығы, яғни иеліктерге міндеттелген денелік (күш-
қуаттылық) бақылау қажет;
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдау
құқығы;
3.Басқару құқығы, Яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан
қамтамасыз етуді шешу құқығы;
4. Табысқа деген құқық, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою
немесе өзгерту құқығы;
5. Қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның
зияндылығынан қорғау құқығы;
6. Игілікті мұрагерге беру құқығы;
7. Игілікті иеленудегі мерсіздімдік құқығы;
8. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау
құқығы;
9. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге
игіліктермен жазалау мүмкіндігі.
10. Қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардың өмір сүру
құқығы, бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау
мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани
игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі
әлеуметтік – экономикалық қатынастарды байқатады.

Меншік қатынастары қамтитыны иелену (затты иеленуді жүзеге асыру),
пайдалану (заттың өзіне пайдалы қасиеттерді табу), билік ету (заттың
құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сиға тарту т.б.) және меншік
объектісінің экономикалық өткерілуі. Меншіктің экономикалық өткерілуі
иесіне, табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келсе ғана жүзеге асады.
Әрине әртүрлі игіліквтері мен қызметтерді көрсетудің иелену процесін
қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құралжабдығын иелену процесін
талдау ғана емес сондай-ақ оның әлеуметтік экономикалық салдарын талдау
маңызды.
Өндіріс құрал-жабдығына деген жеке меншіктің экономикалық қатынастары
кез – келген экономикалық моделін (нарықтық, әміршілдік, әкімшілдік,
мемлекеттік, аралас т.б.) құрастарушы болып табылады.
Адамзат қоғамның даму тарихтың меншіктің тайпалық немесе қауымдастық
түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі
және соның негізінде жеке меншік пайда болды.
Жерге жеке адам меншік иесі болып, оны өндіру сол адамға және оның отбасына
беріледі.
Өзін басқа отбасы қаымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан
қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер
құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігін құрады. Бұл жерде
қауымдастық меншік мемлекеттің меншіктік бизнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық) еңбектің және
мемлекеттік (Қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады.
Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік өзінің барынша
дамуын әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрыңғы КСРО-да (1917 –
1991ж) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы
құрылымында - 88,6% құрайды. Алайда, нарықтық экономиканы дамыған елдерде
мемлекеттік меншіктің үлесі – 5% - дан 30% - ға дейін ауытқыды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік
басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның
атқаратын қызметімен жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының
қалыптасуы экономикалық салалықұ құрылымының оңтайландырудың – нәтижесінде
адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы
сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз
тұтастарға, яғни мемлекеттік манополиялардың пайда болуына алып келді. Ол
экономика үшін аса қауіпті еді. Мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға
үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты тапшылық
пайда болды.
Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке
тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша
тауып, бақылап, қолданып және кадеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік
институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатттанылады, яғни жеке меншік
иесі болып қалады. Бұл жеке меншік құқығының бұдан өзге де заңды шектеуі
Қазақстан Республикасы конституцияның 6 – шы бабында былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады
және бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке
қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен
объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудағы көлемі
мен шегі, олардың қорғалу кепілдігі заңменен анықталынады.
3. Жер және оның жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігіне жатады. Жер сондай – ақ, бекітілген негізге, жағдайға және
ауқымға орай жеке меншік те болады.
Шынайы шындыққа келетін болсақ, таза түрдегі жеке және қоғамдық
меншік сирек кездеседі. Мемлекеттік, әртүрлі топтың (коооперативтік,
үлестік, акцәионерлік) болып бөлінеді.
Жекешелендіру дегеніміз азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің
акционер қоғамдардың, серіктестердің , кәсіпорындардың акцияларының
барлығы немесе бір бөлігін жеке меншікке алуы болып табылады.
Кәсіпорындарға қатысты үкіметтің негізгі стратегиясы мемлекеттік
кәсіпорындарды нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатындай жеке меншік
формаларға айналдыру. Мұны және формаларды құру, сондай-ақ бұрыннан
барларын жекешелендіру арқылы жүзеге асыру жобалаған еді. Жеке меншік
секторын дамытуды ынталандыру мақсатында үлкен ұйымдастыру істері мен кең
масштабты құқылық реформа қабылданады.
Жеке меншіктің құқық негіздері Қазақстан Республикасы
конституциясында ендірілген, сондай-ақ ол құқық жеке меншік туралы,
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты – мемлекетке тиеселі өндірістік
нысандарды, басқадай материалдық және материалдық емес активтерді төлеусіз
және төлемді ету арқылы мемлекеттің республика халқына ұлттық мүліктерді
қайтару процесінде меншік құқығын дербестеп орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдай лар тудыру болып
табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай басты мәселелерді шешу
ойластырған:
- мемлекеттік ыкәсіпорындардың көпшілігін акциялауды, мемлекеттік меншік
нысандарын шағын және жаппай жекешелендіру жүзеге асыру арқылы
нарықтық бағдарламаны шаруашылық құрылымдарының қалыптасуларының
тездету;
- жекешелендіру кезінде халықтың барлық тобына жағдай тудыру;
- аса шаруақат субъектілері есебінде жеке меншік иелері тобын
қалыптастыру;
- бәсекелестік орта құрып, өндірістегі монополияны жоюды қамтамасыз ету;
- шағын және орташа бизнестерді дамыту;
- ірі және бірегей халық шаруашылығы нысандарын қайта құрудың жеке
жобаларын жүзеге асыру;
- шет ел инвесторларын тарта отырып, жеке меншік бизнесті қайта құруға
байланысты ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
- бағалы қағаздар рыногының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым
жүйесін дамыту және нығайту.
Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы үш жоспарлы стратегияны қамтиды,
атап айтқанда, мына элементтерді:
- Дүкендер, қоғамдық тамақтандыру пунктері сияқты майда кәсіпорындарды
аймақтық аукциондар немесе саучда шегінде қолма-қол есептеу немесе
пайдаланылмаған жекешелендіру чектері арқылы тез сату.
Бәсекелестікке жәрдемдесу мақсатында жекелеген аукциондар арқылы
көтерме сауда кәсіпорындарын және еліміздегі жүк автокөлік
кәсіпорындарының бір бөлігін бөлектеу және саудалау;
- Нашталы нақтылы көрсетілмеген материалдық емес жекешелендіру купондарын
Қазақстан азаматтары салған 50-100 жеке инвестициялық қорларға аукцион
арқылы бақылау пакетін сату есебінен шамамен 5000 орта – ірі
кәсіпорындарды (оларды толықтай мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар
ретінде инкорпорацияланғаннан кейін) жаппай жекешелендіру;
- Тиісті алдын-ала құрылымдық қайта құрудан және нормативтік жүйені
өзгертуден кейін жеке негізде аса ірі кәсіпорындар бүтіндей қала болып
табылады) жекешелендіру.
Бұл бағдарламада, сонымен қатар, жекешелендірудің экономикалық
құрылымдар мен белгіленген өзгертулеріне жәрдемдесетін бірқатар ережелер
бар. Біріншіден, барлық кәсіпорындар жекешелендірудің экономикалық
құрылымдар мен әрекеттердің белгіленген өзгертулеріне жәрдемдесетін
бірқатар ережелер бар. Екіншіден, бағдарламада мыналар ескерілген:
1) жаппай жекешелендіру кем дегенде тиісті кәсіпорындардың 51% акциясын
қамтиды.
2) бірде-бір инвестициялары қор барша акциондар ауқымында 10% астам
акцияны ала алмайды.
3) 10% акция ғана еңбек ұжымы мен басшылар арасында бөлінеді. Ең
ақырында, мемлекеттік өкіметтің құзіретін шектеу және мүмкін
боларлықтай сатып алушымен құпия келісімге келуді болдырмау
мақсатында премьер-министрдің орынбасары басқаратын біртұтас орган –
мемлекеттік мүлік комитеті (ММК) құрылған болатын, оның міндеті
бүткіл процестің жүзеге асырылуын бақылау.
1991-1993 жылдың басқы кезінде өнеркәсіп қорын жекешелендірудің алғашқы
кезеңі аясында бірсыпыра шаралар қабылданды. 700-ге жуық кәсіпорын
(барлығы 45000 – 50000) ресми түрде жекешелендіріледі. Ол жұмыспен
қамтылудың 12% қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорындардың 10% құрайтын.
Жекешелендірудің бастапқы кезеңі барысында қорлар, ең әвуелі
кәсіпорындардың ұжымдары мен басшыларына сатылды. Бұл сату жөніндегі
операциялар тиісті айқын ережелердің болмауы себепті мемлекет мүддесіне
зиян болып тиді.Сондықтан мемлекет 1993 жылдың ақпан айында үкімет бәрін
қамтитын бағдарлама қабылдаған жоқ.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы
латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен
шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан
экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде
(ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады
және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк
рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға
жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы
жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi
бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған
нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын
ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қаржы ғылыми ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық өмiрде сан алуан
нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және мiндеттi түрде
ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүредi.

Бүгiнде қаржы терминiн күнделiктi қолданысқа енгiзген авторды атау
қиын. Бұл терминiң авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кiтап”
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың (“Афин республикасының кiрiстерi туралы”)
алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430 – 365 жж.) болды.
Аристотельдiң (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы көзқарасы оның
“ Афиннiң мемлекеттiк құрылысы ” атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның
экономикалық құрылсымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Түрлi қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
мына себептерге байланысты:
• әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның өзiне меншiктi таптық құрылымы сай
келедi. Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына қайта
бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке алады;
• кезкелген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың
мүдделерiн қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;
• өндiрiстiң жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың жаңа жүйесiн тудырады.
Мәселен, құл иеленушi және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистiк шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады;
• егер мемлекет басқару органы ретiнде қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың
ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет ететiн болса,
онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр
түрлi қатысушылар қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл
қозғалыс ақшалай соманы қолма – қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп
айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады.
Алайда, кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы операциясына жата
бермейдi, өйткенi ақша түрлi құндық экономикалық категориялардың –
бағаның, еңбекке ақы төлеудiң, қаржының кредиттiң көмегiмен болатын
қоғамдық өнiмнiң барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады.
Тiкелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп
айырысулары; негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу;
табысты (пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық
арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне салық
төлемдерiн аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын
тауарлар үшiн кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.

Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға
жiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып
табылады.

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан
маңызды роль атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде
адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады.
Сондықтан кез-келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады. Меншік құқықтық
мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-
ала белгілен

ген мүлік тән. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін
қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен
тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік- бұл зат емес, заттарға байланысты туындаитын қатынас. Мен-
шік ретінде тұлғаның затты пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұл-
ға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары:
жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.б. жата-
ды. Басқаша айтсақ, меншік-бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен
нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену
әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. Меншік пен
иемдену түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік- анағұрлым абстрактілі
нақты ұғым. Иемдену- бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қоғамның
дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп
отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық
игіліктерді өндіру үйренбестен бұрын пайда болды. Меншікпен иемденудің ішкі
заңдары бар. Олар екеу: бірінші -өз еңбегінің өнімін иемдену, меншікті
заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек –бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар
жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тен.
Айналыс-бастапқы иемдену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде
Капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді. Осылайша, бірінші меншік заңы
бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге
айланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иелену заңы бөтеннің еңбегін әне
осы еңбектің нәтижесін айрбас арқылы, яғнни айналыс сферасы арқылы
иемденумен байланысты. Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс
құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күінің өндіріс құралдарымен бірігу
әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді. Меншік қатынастары
меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс
құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол
басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда
мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану
қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін иелену, пайдалану
мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға мысал
ретінде жалға беру – адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге
болады. Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ,
қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады. Тарихи бастама
ортақ меншік болды. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуіне
негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік
емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік
тұлғалары- жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқа да адамдар өз
еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен
айналысатын фермерлер мен адамдар жатады. Жеке меншіктің екінші түріне
бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі

азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл
игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның
әлеуметтік жіктелуі туады. Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде
мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқада меншік
түрлері танылады.
Мемлекеттік меншік- бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік
өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін
білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ,
облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Ұжымдық меншік-бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ
иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі.
Қ.Р-да қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік,акцинерлік,
қоғамдық ұйымдар және т.б меншіктер формалары жатады.
Ұлттандыру- бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына жекее меншіктің
мемлекет меншігіне көшірілуі. Жекешелендіру-бұл мемлекеттік немесее
муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру
жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік теориясының экономикалық негіздері
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі
Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері
Меншік формаларының әр алуандығы - нарықтық экономиканың негізі
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Меншік құқығы, субъектілері және объектілері
Меншіктің мәні, нысандары және экономикалық жүйенің типтері
ҚР жекешелендіру мәні, оны жүргізу әдістері мен кезеңдері
Жекешелендірудің экономикалық аспектілері
Пәндер