Дін әлеуметтануы


Тақырыбы: Дін әлеуметтануы.
Дін әлеуметттануының пәні . Социолиг дінді және басқа зерттеудің эмпирикалық тәсілдері ретінде зерттелетін құбылыс деп түсінеді: діни институтттары мен топтар қалай пайда болады және қызмет етеді, олардың құрылуы мен жойылуы (жоғалуы), олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.
Азаматтық тарих және басқа тарих ғылымдары(археология, этнография, т. б. ) әр алуан кезеңдердегі нақты діннің тарихын тексереді(зерттейді) . Философия дінді дүниетаным ретінде қарастырады, діни ілімнің ақиқаттығы туралы мәселе қояды. Культорология, эстетика дінді мәдениеті, адамзаттың рухани мұрасы тұрғысынан зерттейді.
Дін әлеуметтануы дін мен қоғамның өзара әрекеті проблемасын, діннің әлеуметтік мінез-құлыққа әсерін басты назарда ұстайды. Социолог діндегі сезімдік қабылдау арқылы мүмкін болмайтын нәрселерді зерттемейді. Социолог өлшеуге, бақылауға, тексеруге мүмкін болатын нәрселермен айналысады. Ол құдай бар ма, жоқ па, ол туралы айтпайды. Ол үшін ең бастысы- адамның мінез-құлқы. Дін әлеуметттануы фактілерге жүгінеді.
Дін әлеуметтануы-бейтарап ғылым, ол дінді қорғамайды да, оған қарсы да шықпайды. “ Дінге қалай қарайсың?” десек, бұл- сұрақ емес. “ Сен дін туралы не білесің” десек, бұл сұрақ. Дін әлеуметтануы Еуропада бұдан50 жыл бұрын, кейіннен АҚШ-та пайда болған діни әлеуметтанудан ерекшеленеді. Теологтар әлеуметтанулық зерттеулерді дінді тарату үшін қолданылады. Діни әлеуметтану бірінші орынға дінді қояды, ол ғылымды дінге бағындырады. Дін әлеуметттануы обьективті. Ол - тек ғылым. Екі әлеуметтанудың арасында терең айырма бар. Дін әлеуметтануы сонымен бірге іске атеистік тұрғыдан келуді қатаң білдіруге тиіс емес.
Социолог ғылыми әдістерді пайдаланады: сұрау жүргізу, статистикалық талдау, бақылау, эксперимент, жазбаша деректер мен құжаттарды талдау, т. б. Сұрау жүргізу интервью немесе анкета толтыру түрінде жүргізіледі. Бақылау бағдарламаға сәйкес стандантты болады және оған зерттеуші өзі бақылайтын адамдарының арасында өмір сүрген кезең енгізіледі. Жаңа діни қозғалыстарды осылай зерттейді. Мұндай байқаулар көбінесе, құпия, жасырын болады.
Дін әлеуметттануы 1850 жылдары пайда болды. Бұл ғылымның пайда болуын ХVIII-ғасырдағы француз ағартушылары ( Гельвеций, Гольбах, Дидро), сол сияқты неміс философы Кант үлкен ықпал еті. Ол діннің ақыл-ойға негізделуін жақтап, соған шақырды. Дін әлеуметтануының қалыптасуында француз философы Огюст Конттың (1798-1857) орны ерекше. Конт қоғамды зерттеуде жаратылыс тану ғалымдарының әдістерін қолдана отырып, әлеуметтануды құруға( жасауға) болады деп дағдарыстарды жеңгісі келді. Оның әлеуметтік динамика туралы ілім дін тарихының терминдерін қолданады. Әрі қарай дінге жаңа баппен келуді Г. Спенсер, Э. Дрюкгейм, М. Вебер, т. б. дамытты.
Дін- әлеуметтік институт ретінде. “Әлеуметтік институт” дегеніміз қоғамдық құрылымның белгілі бір немесе басқа бір формалары, мысалы, “ неке институты”, ”қоғамдық институты”, т. б.
Әр түрлі тілдерде «дін» сөзі әралуан мағына білдіреді. Дінге сенушілер дінді жағымды түрде ал дінге сенбейтіндер оны өтірік, жалған нәрсе ретінле анықтайды. Ғалымдар дінді анықтауда бейтарап болғысы келеді. Мысалы, Батыста дінсіз гуманизм кең таралған. Көптеген зерттеушілер дінді оны анықтаудың қиындығына байланысты анықтағысы келмейді.
Кейбір философтар діннің анықтамасына жаратылыстан тыс мистикалық ұғымдарды кіргізеді. Дін адамның қасиетті нәрсемен кездесу сияқты анықталады. М. Вебер әлеуметтануда діннің анықтамасы тәжірибеге сүйенген, ғылыми болуы керек деп есептеді. Әлеуметтануға дін дегеніміз - бұл адамның мінез-құлқы, адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы. Дінді талдау адамдардың мінез-құлқын талдау болып табылады. Әлеуметтану дінді қасиетті құбылыс ретінде зерттемейді.
Әлеуметтанудың келесі классигіЭмиль Дюркгейм “Діни құбылысты анықтау” атты еңбегінде дін қасиетті нәрсеге бағытталған әлеуметттік әрекеттің түрлерінің бірі деп жазды. Дін туралы тек адамдар өз әрекеттерін қасиетті дүниемен теңестіргенде ғана айтға болады. Сол себепті әлеуметтану қасиеттті нәрсені өз-өзіне емес, адамдардың қасиетті деп есептейтін заттарға қатысты тұрғысынан зерттейді.
Ертедегі қазақтар айналадағы қоршаған орта, табиғатқа, күнге, отқа табынған. Отты «от-ана»деп атаған. Отқа түкіруге, оттың орнын басуға болмайды деп есептеген. Отпен тазалауды қазақтар «аластау» деп атаған. Отқа құрбандық деп май құйған. От пен күннің символы қызыл түс болған. Көкке ерекше табынған. Шаман дінінде аспан жоғарғы тәңір-көк тәңірі-деп есептеледі. Сол сияаты үй жануарына да табынған. Малдың сүйегін баспау, сүтті жерге төкпеу, аққуды, үкіні, көкекті, қарлығашты, киікті өлтіруге болмайды деген.
Ислам діннен дейін қазақтар ата- бабаларына, рухына- аруақтарға сиынған. Зират басына түнеген.
Әлуметтануы дінге сенушілердің санасын, олардың білімін, діни сананың адамдардың әрекетіне қалай әсер ететінін, қоғамдық процестерге әсерін зертейді.
Дінің тағы бір элементі дінге табынуыболып табылады. Латын тілінде«ритуал» дейді. Дінге табыну- дінге сенушілердің құдайға сиынуының ерекше әрекетері: дұға, библия мен құранды оқу, намаз, шоқыну, ораза ұстау, т. б. болып табылады. Сонымен бірге діннің әлуметтануы теологтар мен теократтардың:шіркеу қызметкерлері, дін басылары, молдалар, монахтар, т. б. -дін қызметкерлерінің істерін зертейді. Дінің өзінің мекемелері бар: шіркеу, мешіт, монастырь, костел, оқу орындары т. б. Мұның бәрі діннің әлуметтік институтын құрады.
Дін қоғамнан оқшау өмір сүрмейді, ол адам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Діннің қоғамға әсері оның институттары арқылы жүзеге асады.
Макс Вебер қоғамдағы өзгерістерге сәйкес діннің де өзгеретіні туралы айтты. Әлемдік діндерді зерттей отырып, Вебер дүниеге діни көзқарастың 3 түрлі тәсілін бөліп көрсетті.
Бірінші тәсіл адамды дүниеге бейімделуге үйрететін даосизм мен конфуцийшілдікке тән.
Екінші тәсәл өмірден безудің, одан қашудың, өмірмен байланыстының бәрінен қашудың қажеттілігі туралы айтады. Бұл индуизм мен буддизм діндері.
Үшінші тәсіл бойынша дін дүниені билеуге ұмтылады. Бұл - индуизм және одан шыққан христиандық пен ислам.
Социолог әр түрлі діндер арасындағы тартыстарды ( конфлиетерді, латын тілінен «қақтығыс») зерттеуге, оларды түсіне және түсіндіре білуі тиіс. Түсіндіру -бұл дұрыс таным. Тартыстардың негізінде құндылықтардың айырмасы жатыр. Христиандар мен иудаистердің (християндар еврейлерді Иисус Христосты өлтірді деп кінәлайды) арасында, католиктер мен протестанттардың қарсы шығуы(Солтүстік Ирландиядағы католиктердің Англиядағы протеснаттармен тәуелсіздік үшін), иудейлер (еврейлер) мен мұсылмандар (палестиндықтар) арасында Таяу Шығыста көп жерлерде үнемі қақтығыстар болып тұрады.
Ислам дініне саяси билік үшін күресті фундаменалистер жүргізеді. Қазіргі уақытта Алжирде қатаң құпия соғыс жүріп жатыр. Тәжікстанда ислам дінін жақтаушы фундаменалистер Тәжікстанның исламдық қайта өрлеу партиясын ұйымдастырды. 90-жылдардың басында Тәжікстан азамат соғысы болды. Олардың тәжірибесі ескере отырып, 1995 ж. сәуірде қабылданған ҚР Конституциясында Қазақстан діні емес мемлекет болып табылады деп жазған (1-бап ) . «Республика діни негіздегі партиялардың қайраткерлері рұқсат жоқ» (5-бап, 4 тармақ) . Фундаменалистер тек өздерін ғана нағыз мұсылман ретінде қоюға ұмтылады.
Дін-қазіргі және келешектегі. Огюст Конт дінді түбінде ғылым ығыстырып шығарады деп есептеді. Карл Маркс құдайға тек этномикалық жағынан құл болған адам ғана сенеді деп санады. Ерікті адам құдайға сенбейді. Қазіргі кезде Ресей мен Қазақстанда дін қайтадан модаға айналды. Егер бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына (газет, радио, теледидар) құдайға сенушілерді кінәләсә, енді оларды мақтайды. Құдайға, ырымға сену, сиқырлау емшілік шамандық (бақсылық), т. б. қайта өріс алып тіріліп келеді.
Діннің тірілуіне оянуына өмірдің барлық салаларындағы дағдарыс әсер етеді. Мысалы медицинада дағдарыс дәрігерлердің нашар мамандар болуымен, емдей алмайтындығымен, ауру парағын ақшаға сатып беріп, ақша беріп оқуымен ерекшеленеді. Материалдық тұрмыс қиындықтары адамдардың жұмыссыздықтан қорқуы, т. б. әлсіздік, жоқтық, қызғаншақтық, қорқыныш- бәрі де діннің тірілуіне жағдай туғызады. Мәселен, әлсіз(немесе жауыз) адамдар олардың жаулары о дүниеде жазасын тартып, тозақта шыжғырлады деген ойға қуанады. Адамдар өлімнен қорқады, мәңгі өмір сүргісі келеді(о дүниеде), т. б. Дін ешқашан жоғалмайды, ол адамдарға дәрі секілді қажет. (Карл Маркс дін дегеніміз-апиын деп жазды) . Діннің себептері адамдардың санасында.
Қоғам туралы түсінік. «Қоғам»деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т. б. Бұл арада, алдымен, белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл -әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам-адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады(еңбек, партия, кәсіподақ, т. б. ) Демек, қоғам-ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әдеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеттері қоғамдық қатынас деп аталады.
Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамда қажетті қатынас түрлі ерекшеліктерімен сипатталады; 2) субьект(жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келеме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғам туралы түсінік ілімнің дамуы. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңінде әлемді түсінудің тәсілі аңыз (миф) түрінде пайда болды. Аңыз барлық халықтарда да болды. Аңыздың көмегімен қоғамның өткені, болашағы туралы адамдардың ой-қиялы және олардың рухани өзара байланысты көрініс берді. рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, ілімнің бастамасы, діни сенім, саяси көзқарас, өнердің бірнеше түрлері, т. б. қалыптасты
Аңыздарда адамның өзі туралы түсінігі және айналадағы ортаны ой елегінен өткізуі көрініс берді. Әлемнің, адамның шығу тегін түсіндіруде екі түрлі наным болды. Бірінде әлемді құдай жасаған деп түсіндірілсе, екіншісі даму идеясын (әлем біртіндеп түрсіз жағдайдан дамиды: кеңістік, су, жұмыртқа, т. б. ) жақтады.
Аңыздың көпшілігі еңбек адамдарына, олардың тұрмысына, әдет-ғұрпына арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz