Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдістемесі



КІРІСПЕ 3
НЕГIЗГI БӨЛIМ 4
1. Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдістемесі 4
2. Азаматтық құқықтың принциптері мен жүйесі 9
3. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 18
4. Азаматтық құқықтың дерекнамалары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымнан, көзқарастан, пікірлер мен жасалатын қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибелерінде қолданылуы болып табылады. Азаматтық қықық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымдарының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы , екіншісінде – білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интелектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалық ғылымда жалпы ғылыми тәсілдерімен қатар талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалдық және тархи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтық құқыққа қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ нақты социалистік зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчествалық даму түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінгі зор мүмкіндіктерге ие.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Алматы, 2001ж.

3. Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңы, 24 қаңтар, 2001 жыл.

4. «Нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы, «Жеті Жарғы», 1998ж.

5. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке, Алматы, 1973ж., 6-22 беттер

6. Асфандияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен), том 1, Алма-Ата-Москва, 1936г.

7. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов «Егемен Қазақстанның құқы», оқу құралы, Алматы «Жеті Жарғы», 1994ж.

8. Басин Ю.Г. «Общие положения Гражданского кодекса Республики Казахстан». Материалы семинара «Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения», том1, Алматы: Әділет-пресс, 1996год, 6-7 беттер

9. Гражданское право РК (под ред Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Учебное пособие (часть общая). Издание второе, дополненное и измененное, Алматы, 1999г.

10. Егемен Қазақстан, 1996жыл, 26 шілде.

11. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.З. – Алматы: 1978ж.19-20 беттер.


12. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994, №23-24 (қосымша); 1995, №15-16, 109 құжат; 1994, №5, 55 құжат; Қазақстан Республиканың Парламентінің Жаршысы, 1996, №2, 187 құжат.

13. Қ.С.Мәуленов «Қазақстан Республиканың азаматтық құқығы», Алматы, 1998, 34-38 беттер

14. «Мемлекет және құқық негіздері», Алматы «Жеті Жарғы», 2001ж.

15. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы» - Алматы «Білім», 1997, 9,47-беттер

16. Өзбекұлы С. «Хан Тауке и правовой памятник». «Жеті Жарғы», Алматы, 1998, 32 бет

17. «Римское частное право». Учебник (под ред проф Новицкого И.Б. и проф Перетерского И.С) М.: Юность, 1996, 4-бет

18. Ғ.Сапарғалиев, А. Ибраева «Мемлекет және құқық теориясы» (оқу құралы), Алматы: Жеті жарғы, 1998ж.

19. Ғ.Сапаргалиев «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері», Атамұра-Қазақстан, Алматы, 1994ж.

20. Ғ.Төлеуғалиев «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы», 1-том, оқулық, Алматы «Жеті Жарғы», 2001ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ
3

НЕГIЗГI БӨЛIМ
4

1. Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдістемесі 4

2. Азаматтық құқықтың принциптері мен жүйесі 9

3. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 18

4. Азаматтық құқықтың дерекнамалары
21

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
26

КІРІСПЕ

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымнан,
көзқарастан, пікірлер мен жасалатын қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық
ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық
құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибелерінде қолданылуы болып
табылады. Азаматтық қықық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң
ғылымдарының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде
құқықтық нормалардың жиынтығы , екіншісінде – білімнің жиынтығы арқау
болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес
келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды.
Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте
жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық
әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның
субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы жалпы ілім,
міндеттемелер туралы, интелектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық
қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда
қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі.
Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін
дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық
жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалық ғылымда жалпы ғылыми тәсілдерімен қатар талдаудың жеке
құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалдық және
тархи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтық құқыққа қолданылатын
құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ нақты
социалистік зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап
бағалау) жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчествалық
даму түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінгі зор
мүмкіндіктерге ие.

НЕГIЗГI БӨЛIМ

1. Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдістемесі

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильдік (jus sivile) құқық деп
атаған. Рим құқығы мың жыл, біздің эраға дейінгі 450 жылдан біздің эрадан
кейін 350 жыл аралығында дамыған. Corpus juris Civils Дегестерден,
Институциядан, Кодекс және Новелалардан құрылғын.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленеді
(квириттер құқығы). Римдік jus сivilе көне римдік азаматтардың мемлекеттік,
қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарынан реттеді және қазіргі азаматтық
құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық
құқықтың римдік атауы сақталғанымен, оның мазмұны барынша өзгерді.
Дейтұрғанмен соған қарамастан “sivil” атауы еуропалық құқықтануға еніп қана
қоймай, заң терминологиясына (zivilrecht, drait sivil, civil lan) кірді.
Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы
мамандарды – цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum, jus hrivatum) деп 2
салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтың классикалық аражігін
Ульпиан былайша ашып көрсеткен: Жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің
құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса, жекеленген адамдардың
мүдделеріне сай келеді. Бұл құқықты жеке және жария деп бөлу бірқатар
елдерде, айталық, Францияда және басқаларында кездеседі. Бірақ мұндай
бөлуді ағылшын құқығынан кездестіре алмаймыз. Олар құқықты жалпы құқыққа
және әділдік құқықтарына тағы басқа деп бөледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық
деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және
белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әр түрлі жүйесінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқық жүйесінде болып
жатқан прцестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін
тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықты экономика мен
жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді
жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз..., ендеше осы
бағытта әр түрлі өркениеттің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудын маңызы
зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілігімен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап,
басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал
азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай емес. Өйткені азаматтық
құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштегі құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай
салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
қолданылады. Дәл осы пән әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан
Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен
бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтың пәнін тауар-ақша
қатынастары және қатысушының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1- бабы,
1- тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік
емес жеке қатынастар азаматтық заңмен реттеледі, өйткені олар басқа заң
құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен
туындамайды (Азаматтық Кодексінің 1 бабы,2 тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен,
жұмыспен,қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да
мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп
аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай
(заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі
(міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың
тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе,
онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас
дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану
жөніндегі қатынас болып табылады.
Бірақ бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әр түрлі сипатта
кездеседі. Сонымен мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып
табылмайды, ал тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық
пәнінің мазмұнынан оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп
қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік
қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық
құндылыққа ие болуымен байланысты материалды объектілер жайында адамның
арасындағы қатынастар болғандықтан, оның ерік сипатында болатындығы
нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара
келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына
сүйенетін мүліктік қатынастардың теңдігіне негізделген тауар-ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика
жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне
айналады.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан, ол мүліктік
емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады. Қазақстан Республикасы
азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастың екі түрін, атап айтқанда,
мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (Азаматтық
кодектің 1 бабы, 2 тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарды (Азаматтық кодектің 1-бабы, 2-тармағы)
реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастардың 1 тобына мүліктік қатынаспен
байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады.
Бұл жердегі байланыстылық деген сөз жеке қатынастардың мүлікке
бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікке
болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар).
Мысалы: бір ұйымның басқа 1 заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз
қолданса, онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастардан
келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүлік қатынастардың мүліктілігі пайда
болады. Сонда мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар
азаматтық құқық нормасымен реттеледі.
Мүлік қатынастарына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастың
екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа
субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән
әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны
болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасының Конституциясымен
реттеледі. Конституцияның 2 тарауы адам мен азаматтардың ажырамайтын
құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік
қатынастарға байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастың мейлінше кең
ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне,
осындай. Енді әдістеме мәселеге тоқталайық.
Құқықтың әрбір негізгі салаларының өзіне тән құқықтық реттеу
әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық
мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негізінде,
олардың мазмұнын анықтау әдістерінде жеке заң санкцияларында топтастырыла
көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу
әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық
жағдайы олардың тауар-ақша жән басқа қатынастарына негізделген заңды
түрдегі теңдігімен сипатталады (Азаматтық кодектің 1 және 2 бабы, 1
тармағы). Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі
теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз
субъектілер екендігін көреміз, әрі әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады,
сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл
азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынастарында
екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар
құқықтық қатынастағы жақтың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ
үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өзінің азаматтық құқықарына өз
еркімен және өз мүдделерін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге
асырады. Олар шарт негізінде өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда
және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде
ерікті (Азаматтық кодектің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық
қатынастардың қатысушыларына өздерінің қалауынша және мүдделеріне сай
келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
б) тараптар азаматтық-құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану
құқықтарына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндіктерін таңдауға ерікті
(теңдік және тұлғаның өз құқығын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық
құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге
асырылады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың
азаматтық істерді жүргізу заңның ерекше ережелерін сақтай отырып ашық
әдістері қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған
құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау,
құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды.
Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға
тиіс. Егер қандай да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға
тікелей сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден
жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім
қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады.
Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына мемлекеттік басқару
органдарының немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңға сәйкес
келмейтін құжатын жарамсыз орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық
құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданғаға
дейін көптеген құқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасалған құжаттың сол
заңға сәйкес келмегенмен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай
заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз
жеткізген болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;
в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда,
мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірген залалды
толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше қөзделмеген
жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты
болды.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
азаматтық құқықтардың бір саласы, ал тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ
мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке
қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

2. Азаматтық құқықтың принциптері мен жүйесі

1 Принцип (қағидат) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптері – ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық
қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.
Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын
көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың
тек жалпы принциптері арқылы мүмкін болады.
Принциптер Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып
саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы
сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-
құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық
кодекстің 2 бабындағы азаматтық-заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки
түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны
қолдану міндеттілікке айналады. Бұрын – сонда азаматтық принциптер заң
нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген
еді, тек азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты
деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР Азаматтық кодекстің 4
бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің рай мен маңызы
туралы былай деп тұжырымдайды: Біріншеден, ол тікелей әрекет өтетін
нормалар түрінде кездеседі. Екіншеден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы
заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын
қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады.
Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұның
немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге
асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6, 392 бап).
Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы
қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған
жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды
қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүесінің
сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгердің құқығы құқықпен
белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу жүйесі
арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни
бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқықтарын азаматтық құқықтар
арқылы өзіне тән тәсілдерімен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:
1) азаматтьық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3) шарт еркіндігі;
4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) нұқсан келтірілген құқықтың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық Кодесктің Азаматтық
заңдарының негізгі бастаулары деп алатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол
арқылы мемлекет пен қоғамның азматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен
міндетін орындауға азаматтық заңдардың демократиялық және ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ
дейміз.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі. Азаматтық
құқықтың басты қағидалрының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне
байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципті
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен
айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы
тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа
қатысушылардың бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның
мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық
заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде
субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-
құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатынастарымен тең
құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық
қатынастарға мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес
иммунитеті) заңда көрсетілмеген (Азаматтық Кодекстің 111-114
бабтары);
2) заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне
біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес,
заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін
белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмей шарт талаптарының
кез келгенін таңдауға ерікті, заңды тұлға және тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның
ішінде келісім шартты жасасуға хақысы бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке заңды
тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай
құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға
қақылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (Азаматтық
Кодекстің 3- бабының 7-тармағы);

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелігінің
құқығын қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі
оларға қатысты құқықтың бұзылуына қарсы қоғану құралын субъектілер бірдей
қолданады дегенді білдіреді.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті
құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір
сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып,
оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамдардың белгілі
бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсаттарына, яғни керегіне
жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де
жоғары қояды.
Мемлекет пен қоғам, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай
жағдайды қамтамасыз етеді.
Қашан да меншік құқығы азаматтық құқықтың орталық институты болып
есептелетін және меншік иесінің құқықтарын қорғауды барынша талап еткен.
Міне, сондықтан да азаматтық құқық меншіктің қол сұқпаушылық қағидасына
негізделеді.
Меншікке кол сұқпаушылық Азаматтық Кодекстің басқа нормаларында да
өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-
бабының 3-тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: Соттың
шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен кезделген ерекше
жағдайда мемлекет мұқтажы үшін мүлкінен күшпен айыру оның құны тең бағамен
өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Конституцияның бұл қағидалары азаматтық
кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдениет және тарихи қазыналарда
сатып алу және т.б. қатынастарды қолданады (Азаматтық Кодекстің 253, 254,
256 - бабтар).
Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол
сұқпаушылар принциптері қолданылады. Айталық а) пайдалану құқығы; ә)
шаруашылық жүргізу құқығы; б) оралымды басқару құқығы; в) өзге де заттық
құқықтар (Азаматтық Кодекстің 194-195 баптары).
Кей жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, Жер
туралы заңның 48-бабында жер қатынастары субъектілердің өздеріне тиесілі
құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи
ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян
келтірмеуі жөнінде айтылған.
Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғынымен
азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі
нарықтың басты тұлғасы болып табылады.
Мысалы, оған қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу
жатады (Азаматтық Кодекстің 118-бабы), қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы
қағаздардың меншік құқықтарын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері
жасалды (Азаматтық Кодекстің 129-140 баптары).
Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану
үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне
контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі
тағайындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, Франция азаматтық кодексінің 1134 бабы Заңды түрде жасалған
келісім, оған қатысушылардың қатынастарда заңды күшіне ие делінген. Бұл
принцип нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне,
сондықтан да ол кәсіпкерлік қызметі үшін ерекше маңызды ие. Сонымен
Азаматтық кодекстің 10-бабында 6-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар
сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасалуға мүмкіндігі
бар.
Шарт дегеніміз – шаруашылық қызметтің негізгі құралы. Азаматтар мен
заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз
еркімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң
құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез келген шарт жасасуына
мүмкіндігі бар.
Азаматтық кодексте шарт жасасуға мәжбүр етуге тыйым салады, бірақ
кейбір жағдайда жол берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, заң
құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттеме шарт жасасу міндеті
көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді
(Азаматтық Кодекстің 380-бабы).
Бұл принципті қолдануда мемлекеттің тағайындауымен белгілі бір
дәрежеде шектеу қойылуы мүмкін, мәселен, оған валюталық шектеуді жатқызуға
болады. Айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің валютаға деген
резидентінің экспорттық операциялары төлемдерін және экспорттық валюта
түсімін міндетті сату ретін шектеуді тағайындауға құқығы бар (Қазақстан
Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңның 3-бабы 2 тармағы).
Шарт еркіндігін шектеуде тек мемлекет қана емес, сонымен бірге
азаматтық айналым да жүзеге асырады. Масылы, Азаматтық Кодекстің 11-бабына
сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтыр
алуға болады, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға
бағытталған монополистік және қандай болса да қызметке жол берілмейді.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық Кодекстің 2-бабының 1- тармағында
тұжырымдалған және де жеке істерге кімнің болса да озбырлықпн араласуына
жол беруге болмайтынын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы
Конституцияның 18-бабында бекітілген: әркімнің жеке өміріне қол
сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройы
атының қорғалуына құқығы бар деген талапты алға тартады.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік
және басқару органдарының, ата-аналарының, қызмет орны жетекшілерінің және
басқа адамдардың әрекет қабілеттілігі бар заматтар мен заңды тұлғалардың
мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым
салады. Егер заңда көзделмесе, әлдебіреулердің рұқсат келісім беруі,
ақпарат ұсынысы талап етілмейді. Жеке, отбасылық, коммерциялық құпиялары
бар мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық
Кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызметі үшін еркін пайдалануға құқығы бар (Конституцияның 26-бабының 4-
тармағы). Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты.
Азаматтық Кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне
берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз
қалауынша пайдаланады. Және олардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге
асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтың тоқтатылуына әкеп
соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырған кезде одан, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдағы
талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттары, ал кәсіпорындар бұған қоса
іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.
Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды.
Азаматтық құқық қатынастарына қатынастың адал, парасатты және әділ әрекет
жасауы көзделеді (Азаматтық Кодекстің 8-бабының 4-тармағы).
Азаматтық құқық конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті,
адамдардың құқықтары мен бостандығын, халық денсулығы мен имандылығын
сақтау мақсаттарына қажетті шамада ғана және заңмен шектелуі мүмкін
(Конституцияның 39-бабының 1-тармағы).
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға
зиян келтірмеуге тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Азаматтық құқықтың пәні мен түсінігі
Азаматтық құқық жөнінде
Азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық
Азаматтық құқықтың қағидалары
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Пәндер