WORLD WIDE WEB және HTML тілі туралы


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ. HTML құрылымы

1. WORLD WIDE WEB және HTML тілі . . . 3

2. HTML құжатының құрылымы . . . 5

2. 1. Құжаттың негізгі бөлігі

2. 2 Функциональдық бөліктерді сипаттау.

3. Шрифтерді форматтау . . . 8

4. Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру . . . 9

5. Гипермәтіндік сілтемелер ұйымдастыру . . . 10

6. WEB-парақтардағы суреттер . . . 11

ІІ БӨЛІМ. HTML көмегімен Web парақ құру . . . 15

HTML ТІЛІНЕ КІРІСПЕ

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық WEB-парақтарының бір ортақ қасиеті-олардың барлығы да HTML тілінде WEB-парақтарын жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML-гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді WEB-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

І БӨЛІМ. HTML құрылымы

1. WORLD WIDE WEB және HTML тілі

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталады. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын. Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWWнемесе тек WEB) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTTP серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай жариялану яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізгі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдәк өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гипермәтінді-қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу форматтау әсән орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз-келесі көрсетілетін құжат бөлігін қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browser) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (Enter пернесін бассақ), онда сонымен байланысты ол сілтеп тұрған басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Гипермәтінді құжатты жасаудың екі тәсілі бар. WYSIWYG HTML - редакторларының бірін қолдануға болады. (Мысалы: Netscape Composer, Microsoft frontpage, Hot Dog және т. б. ) . бұл тәсілді HTML тілін білмей-ақ WWW-ға құжат жасауға болады. HTML - редакторлары құжат жасауды автоматтандырады. Бірақ олардың мүмкіндіктері шектеулі, олар файлдың өлшемін тез үлкейтеді және көп уақыттарда жасаушы күткен нәтиже шықпайды. әрине бұл тәсіл енді үйреніп жүргендерге өте қолайлы.

Екінші тәсіл - блокнот редакторларында HTML тілінің командалары арқылы гипермәтінді құжаттарды жасаймыз. Бұл тәсілді қолдана отырып, біз не жасап отырғанымызды дәл білеміз.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

HTML тілінің атқаратын қызметі

Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу кодвы алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне болады. Ал, егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, ондатақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

HTML тілінде мәтінді тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [4, 0] нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.

HTML командалары HTML-құжаты символдық мәліметті қамтиды. Бір бөлігі құжат құрамын құрайтын мәтіндер. Екінші бөлігі - тәгтер (markup tags) - арнайы HTML-дің конструкциялары, олар тексті енгізуді және безендіруді басқару үшін қолданылады. Дәл осы HTML-тілінің тәгтері текстін қандай болуын, қай компонеттері гипермәтінді сілтеуді орындайтынын, құжатқа қандай графикалық және мультимедиялық обьектілер қосылуы керектігін анықтайды. Графикалық және дыбыстық информациялар арнайы бөлек файлдарда сақталады.

HTML -құжатының тәгтері көбінесе қолдануға және түсінуге жеңіл. Себебі олар ағылшын тілінің көп қолданбалы сөздерінен түсінікті түрде қысқартылып және белгіленіп алынған. HTML -тәгі өзінің атынан, міндетті және міндетті емес атрибуттардан тұрады. Тәг мәтіні бұрышты жақшалармен қоршалады. Атрибуттар тәгтердің функцияларын өзгерту үшін қолданылады.

Тәг атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен бір немесе бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы ажыратылады. Атрибуттар мәні оның атынан кейін теңдік белгісі арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат етілген.

Көп жағдайларда HTML тәгтері бастапқы және ақырлы компоненттерден тұрады және олардың арасына мәтін және басқа да құжат элементтері орналасады. Жабушы тәгтің аты бастапқы тәгтің атына сәйкес болып келеді, бірақ жабушы тәгтің атының алдына көлдеңен сызықша (/) қойылады. Жабушы тәгтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да қолданылмайды.

2. HTML құжатының құрылымы

HTML құжатының кез - келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. <HTML> контейнер немесе гиермәтіндік құжаттың өзі екі енгізілген контейнерлерден тұрады: құжат басы - <HEAD> және құжат денесі - <BODY>. Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. әдетте, бұл бөлікті <TITLE>…</TITLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады. Жазылатын мәтін <BODY>…. </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Осы айтылған тәгтер HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Мына түрде орналасады:

<HTML>

<HEAD>

. .

</HEAD>

<BODY>

. .

</BODY>

</HTML>

Мысалы:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> тақырып </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

WELCOME!!!

</BODY>

</HTML>

1-сурет

2. 1. Құжаттың негізгі бөлігі

Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі <BODY> және </BODY> тәгтерінің ортасында орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптер түсін, гиперсілтемелер түсін, т. б. анықтайды. Бұл тәгтің атрибуттары: BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LINK, VLINK, ALINK. Олар төмендегі кестеде көрсетілген:

Атрибут
Қызметі
Атрибут: ALINK
Қызметі: Гипермәтіндік сілтеменін түсін анықтайды.
Атрибут: BACKGROUND
Қызметі: Мәтінің фонында орналасатын суретті анықтайды.
Атрибут: BGCOLOR
Қызметі: Құжат фонының түсін анықтайды.
Атрибут: LINK
Қызметі: Гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді.
Атрибут: TEXT
Қызметі: Мәтін түсін анықтайды.
Атрибут: VLINK
Қызметі: Пайдаланған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды.

HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түрәндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR=”#COFFCO”), мүмкін оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл (RED) түс бөлігін, келесі екі сан-жасыл түс (GREEN) бөлігін, соңғы екі сан көк (BLUE) түс бөлігін анықтайды. Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі:

Black=”#” қара
Green=”#008000” жасыл
Black=”#” қара: Silver=”#COCOCO” күміс түсті
Green=”#008000” жасыл: Lime=”#00FF00” лимон түсті
Black=”#” қара: Gray=”#808080” сұр
Green=”#008000” жасыл: Olive=”#808000” кофе түсті
Black=”#” қара: White=”#” ақ
Green=”#008000” жасыл: Yellow=”#00” сары
Black=”#” қара: Maroon=”#8” қызылкүрең
Green=”#008000” жасыл: Navy=”#80” қаракөк
Black=”#” қара: Purple=”#800080” күлгін
Green=”#008000” жасыл: Blue=”#FF” көгілдір
Black=”#” қара: Red=”#FF” қызыл
Green=”#008000” жасыл: Teal=”#008080” шай түсті
Black=”#” қара: Funschia=”#FF00FF” қызғыш
Green=”#008000” жасыл: Aqua=”#00” көк

2. 2 Функциональдық бөліктерді сипаттау.

HTML тілі құжаттың функционалдық бөліктерін сипаттауға арналған. Көптеген құжаттарда негізгі функционалдық бөліктер ретінде тақырыптар мен абзацтарға қарастырылады.

HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай алты түрлі деңгейін жасай алады. Олар <H1> және </H1> тәгтерінен басталып, <H6> және </H6> тәгтеріне дейін жалғасады. Компьютер экранында олар әртүрлі мөлшердегі қаріптермен көрсетіледі. Ең бірінші түрі-ең үлкені, ал алтыншысы-ең кішісі болып келеді. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін <P> тәгі қолданылады. Бір абзацты жаппай, жаңа абзац бастап кетсек, алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан көбінесе <P> түріндегі жабу тәгін жазбаса да болады. HTML тілінде абзац азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасына бір бос жол қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтар арасына бір бос жол қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең сызық сызады. Көлденең сызық сызу үшін <HR> тәгі қолданылады, оның жабу тәгі болмайды. Бұл тәг қосымша SIZE (сызық қалыңдығын пикселмен анықтайды) және WIDTH (сызық ұзындығын пикселмен немесе экран бетіне шыққандағы пайыз бойынша анықтайды) атрибуттарын қабылдайды. Егер абзац жасап бос жол қалдырмай, жаңа жолға көшу қажет болса, онда парсыз жалғыз қолданылатын <BR> тәгін қолдану керек.

&-үлестірулері

HTML тәгтерінің басы мен соңын көрсететін “<” және “>” символдарды экранда көрсету &-үлестірулер көмегімен орындалады. &-үлестірулерді тағы да символдық обьектілер немесе эскейп-үлестірулер деп те атайды. “<” символын браузер мәтін арасында &lt; (less than) үлестіруі кездескенде көрсетеді. “>” символын &gt; арқылы (greater than ), “&” символын &amp; арқылы, ал (“) қос тырнақшаны &quat; арқылы экран бетінде көресетуге болады. Ескерту: үтір-нүкте (; ) символы міндетті түрде &-үлестірулерінен кейін қойылып отырылуы керек және бұл үлестірулер кіші әріппен жазылуы керек. Түсініктемелер : браузер <!--және --> арасына алынған мәтіндерді елемейді. Бұл белгілер түсініктемелер жазу үшін арналған. Мысалы:

<! -- Это коментарий -->

Мысалы:

<html>

<head>

<title> тақырып </title>

</head>

<body text=darkblue>

<center> <b>

<H1>WELCOME!!!</H1><HR SIZE=2 WIDTH=100% ><BR>

<h2>WELCOME!!!</H2><HR SIZE=4 WIDTH=50% >

<P><H3>WELCOME!!!</H3><HR SIZE=8 WIDTH=25% >

<P><H4>WELCOME</H4><HR SIZE=16 WIDTH=12% ><P>

<H5>WELCOME!!!</H5><HR SIZE=18 WIDTH=10% >

</body>

</html>

2-сурет

3. Шрифтерді форматтау

HTML-да шртфтерді өзгертуге екі нысанада жасауға болады. Олар физикалық және логикалық стильдер болып табылады.

Физикалық стильдер

Физикалық стиль мағынасында браузерге тікелей ағымдағы шрифтерді модификациялауға нұсқау беру деп түсінуге болады. Мысалы: <B> және </B> тәгтері арасындағы мәтін қою шрифт болып жазылады, ал<I> және </I> арасындағы мәтін көлбеу шрифтпен жазылады. Тағы да ерекше тәгтер ретінде <TT> және </TT> тәгтерін айтуға болады. Олардың арасына алынып жазылған мәтін жазба машинкасында жазылғандай етіп браузер экранында көрінеді.

Логикалық стиль

Логикалық стильдерді мәтіннің кейбір бөліктерін (сөздерді) ерекшелендіріп жазу кезінде қолданылады. Логикалық стильдерге:

<EM>…</EM>-Emphasis деген ағылшын сөзі - акцент .

<STRONG>…. </STRONG>- Strong emphasis деген ағылшын сөзі - күшейтілген акцент.

<CODE> …</CODE>- бастама мәтіндердің бөліктерінде қолданған дұрыс

<SAMP>…. </SAMP> - Sample - үлгі. Программалармен экран бетіне шығатын хабарламалардың үлгілерін жазғанда қолданған дұрыс.

<KBD>…. </KBD> - Keyboard - пернелер тақтасы. Пернелер тақтасынан не енгізілетінін нұсқаған кезде қолданған дұрыс.

<VAR>…. </VAR> - Variable - айнымалы. Айнымалылардың аттарын жазғанда қолданған дұрыс.

4. Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру

HTML мәтіннің бүтін абзацтарының көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Абзацтарды тізімдер түрінде көрсетуге, оларды экран бетіне форматталған түрде шығаруға немесе экранның сол жақ шетін ұлғайтуға болады. Осының бәрін келесі түрде жасауға болады:

Нөмірленбеген тізімдер: <UL>…. </UL>

<UL>…. </UL> арасына алынған мәтін нөмірленбеген тізім ретінде қабылданады. Тізімнің әр элементін <LI> тәгімен бастау керек. Әр элементтің белгісін <UL> тәгіне жазылатын TYPE атрибутымен шеңбер (circle), боялған шеңбер (disc) және боялған шаршы (square) беруге болады.

Нөмірленген тізімдер: <OL>…. </OL>

Нөмірленген тізімдер нөмірленбеген тізімдерге ұқсас, тек қана әр элементті белгілейтін белгілердің орнына сандармен немесе әріптермен беріледі. Әр элемент белгісін TYPE атрибуты арқылы бас әріптермен де белгілеуге болады. Солайша әр элементті римдік сандармен де белгілеуге болады. Ал олардың қай саннан немесе алфавит бойынша қаншасыншы әріптен бастау керек екендігін START атрибуты көмегімен көрсетуге болады. Егер атрибуттар көрсетілмесе, онда жай сандармен белгіленеді.

Анықтама тізімдері: <DL>…</DL>

Анықтама тізімдері басқа тізімдерге қарағанда өзгеше болып келеді. <LI> тәгтерінің орнына <DT> (Definition Term - анықтаушы термин ) және <DD> (Definition Definition - анықтама анықтамасы) тәгтері қолданылады. Енді осылардың бәрін мысал ретінде қарастырайық:

<DL> Экранда келесі түрде шығады:

<DT> A А бірінші әріп

<DD> бірінші әріп Ә екінші әріп

<DT> Ә Б үшінші әріп

<DD> екінші әріп

<DT> Б

<DD> үшінші әріп

</DL>

5. Гипермәтіндік сілтемелер ұйымдастыру

Ең алдымен гипермәтін туралы айта кетелік. Жай мәтінге қарағанда гипермәтін мәтіннің бір бөлігін екінші бөлігіне лезде көшуге мүмкіншілік береді. Көптеген кең танымал программалық өнімдердің көмек жүйесі гипермәтіндік принциптер бойынша жасалған. Тышқанның сол жақ шертпесін жұмыс жасалынып отырған құжаттың белгіленетін бөлігіне басқан кезде белгілі бір, алдын ала тағайындалған құжатқа немесе құжат бөлігіне бір мезет ішінде көшу орындалады.

HTML-да бір құжаттан басқа бір құжатқа өту келесі тәг көмегімен орындалады:

<A HREF=”[көшу адресі] ”> белгіленген мәтін бөлігі </A>

“[ көшу адресі] ” - параметрі ретінде бірнеше аргумент түрлерін қолдануға болады. Ең қарапайым - өтетін басқа құжаттың атын көрсету. Мысалы:

<A HREF=”index. html”> мазмұнға көшу </A>

Мұндай HTML мәтіннің бөлігі құжатта “Мазмұнға көшу” деген белгіленген бөліктің пайда болуына ықпал етеді және бұл белгіленген бөлікті басқан кезде экранда ”index. html” құжаты пайда болады.

Егер өту адресін көрсеткенде каталогы көрсетілмесе, онда өту орындалып жатқан құжат орналасқан каталог ішінде орындалады. Ал егер өту адресін көрсеткенде сервер көрсетілмесе, онда өту орындалып жатқан серверде орындалады.

Егер сізге басқа сервердегі құжатқа сілтеме жасау керек болса, онда келесі мысалда көрсетілгендей URL-ға сол серверді және адресті жазуыңыз керек:

<A HREF=http://www. yi. com/home/ChuvakinNikolai/index. html> HTML басқару </A>

Егер керек болған жағдайларда сілтемені басқа құжаттарға ғана емес, құжаттың кейбір белгілі бір орындарына қолдануға болады. Ол үшін өту орындалатын құжатта кейбір тірек нүктесін немесе анкер құру керек. Мұны мысал ретінде қарастырайық:

Айталық, бізге 1. html файлынан 2. html файлының ішіндегі “көшу бітті” деген сөзіне өту керек болсын ( бұл файлдар бір каталог ішінде орналасқан) . Алдымен, 2. html файлында келесі түрдегі анкер құру керек:

<A NAME=”ААА”> көшу бітті </A>

Сонан соң 1. html файлында жоғарыдағы анкерге өтулі келесі түрде көрсетеміз:

< A HREF=”2. html#ААА”> анкерге көшу ААА </A>

Сонымен қатар бұл анкерге өтуді 2. html құжатының ішінде де орындауға болады. Ол үшін тек 2. html құжатына келесі түрдегі сілтемені қосу керек:

<A HREF=”#ААА”> анкерге көшу ААА</A>

Бұл тәжірибе жүзінде үлкен құжаттар жасаған кезде өте ыңғайлы болып келеді. Оны құжат басында анкерлерге (құжаттың белгілі бір бөліктеріне) өтуді орындайтын сілтемелер тізімін жаза отырып қолдануға болады.

Түсінбеушілік болмау үшін анкер аттарын латын әріптерімен берген дұрыс және анкер атын жазған кезде оны кіші немесе бас әріптермен жазғаныңызды ескеріңіз. Өйткені көптеген браузерлер кіші және бас әріптерді әртүрлі қарастырады. Егер анкер аты ААА түрінде белгіленсе, онда сілтеме жасалатын анкер ааа немесе АаА түрлерінде болмауы керек. Тек ААА түрінде жазылуы керек.

Жоғарыда біз тек HTML құжаттарына сілтеме жасауды ғана қарастырдық. Бірақ та басқа да қор түрлеріне сілтемелер жасауға болады:

<A HREF=ftp://server/directory/file. ext> файлды босату </A>

Егер мұндай сілтемені қолдансаңыз, ол файлдарды өткізу протоколын іске қосады және file. ext файлын босата бастайды.

<A HREF=”mailto:user @ mail. box’’> хат жіберу </A>

Егер қолданушы мұндай түрдегі сілтемені қолданса, онда оның экранында жіберілетін хабарлама үшін почталық программа ашылады.

6. WEB-парақтардағы суреттер

Суреттік бейнелер WEB-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар броузер арқылы WEB-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.

1. Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <IMG…> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолданылады.

2. Бұл тәгте міндетті түрде SCR=”…” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <IMG> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы: мына жол <IMG SCR=”fish. jpg”> экранға fish. jpg файлындағы балық суретін шығарады.

Ескерту: қазіргі кездегі броузерлер тек қана типтердегі суреттік файлдардың ғана пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі WEB технологиялар
Web парақтарды жасау
Web - парақтарын көрсетуді басқару
HTML тілі және оның құрылымы
World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар
Интернеттен ақпарат iздеу
Интернет қосымшаларын құру технологиялары
World Wіde Web туралы ақпарат
Html тіліне кіріспе
World Wide Web және HTML
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz