Қойдың брадзоты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... І Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.1 Аурудың тарихи деректері 1.2 Індеттік ерекшеліктері. 1.3 Дерттенуі. 1.4 Өтуі мен белгілері. 1.5 Патологиялық.анатомиялық өзгерістер. 1.6 Ажыратып балау. 1.7 Емі және иммунитет. 1.8 Дауалау және күресу шараларлары. II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары ... ... ... ... ... 2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.4. Жоспарға түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ІV.Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында маңызды міндет тұр – ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шаруашылықтарға күшті материалдық-техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырылады.Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтанда берік жем-шөп қорынсыз, ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтақаларлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдар мен құстардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан да еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижесін көтере түсуін, ғылыми және озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуді талап етеді.
1. Житенко П.В., Боровков М.Ф., Ветеринарно- санитарная
эксперитиза продуктов животноводства М.; Колос, 2000»
2. Кирилюк Б.И., Житенко П.В., Производство и оценка качества
животноводческого сырья М.1990
3. Коряжнов В.П., Макаров В.А., Практикум по ветеринарно-
санитарной экспертизе молока и молочных продуктов. Учебное
пособие –М..:Колос, 1981
4. Макаров В.А., Броков М.Ф., Ермолаев А.П. и др. Практикум по
ветсанэкспертизе. Учебное пособие – М.: Агропромиздат, 1987
5. Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная
экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктив
животноводства –М; Агропромиздат, 1991.
6. Правила ветеринарного осмотра убойных животных вет-
санэкспертизы мяса и молочных продуктов М. 1985.
7. Правила вет-санэкспертиза молоко и молочных продуктов на
рынках Ветеринарное законодательство, т-М; Колос, 1981.
372-387 б.
8. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау,
Смағұлов А.Қ., Сағындықов Қ.А., Төреханов А.Ә, Алматы,2005.
9. Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы, С.
Қырықбайұлы., Т.М.Тілеуғали, Алматы,2007.
10. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности
продуктов, их стандартизация и сертификация : в 3 т. / Н.Ф.
Шуклина [и др.]. – Алматы : ИД «Сredos», 2008.
11. Правила санитарной экспертизы яиц домашней птицы (УТВ.
Главным управлением ветеринарии МСХ СССР 1.06.1981 г)- М.:
Колос, 1982
12. Сенченко Б.С. Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного
происхождения. Ростов на Дону. 2001
13. Шуклин Н.Ф., Тлеугалиев Т.М. и др. Частная
ветсанэкспертизапродуктов животноводства - Алматы,
Кайнар, 1988.
14. Шуклин Н.Ф. Тлеугалиев Т.М., и др. Экспертиза качества и методы
консервирования продуктов и животного сырья – Алматы:
Кайнар, 1993
15. Шуклин Н.Ф., Елемесов К.Я.,Кырыкбайулы С.К.
«Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и
сертификация продуктов » т.1,2 Алматы, 2002-2003 ж.
16. Гаврюша, В.Г. Справочник ветеринарного врача: /Учеб.пособие
Под ред.В.Г.Гаврюша., И.И.Колюжного., 2-е изд. Р-н/Дону:
Феникс, 1997. – 608 с.
17. Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни
сельскохозяйственных животных ./ А.А Конопаткин., М.:1984
18. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.
Оқулық. – Алматы, 413-417 б.
19. Бессарабов Б.Ф.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. І Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.1 Аурудың тарихи деректері 1.2 Індеттік ерекшеліктері. 1.3 Дерттенуі. 1.4 Өтуі мен белгілері. 1.5 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 1.6 Ажыратып балау. 1.7 Емі және иммунитет. 1.8 Дауалау және күресу шараларлары. II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары ... ... ... ... ... 2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.4. Жоспарға түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ІV.Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында маңызды міндет тұр - ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шаруашылықтарға күшті материалдық-техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырылады. Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтанда берік жем-шөп қорынсыз, ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтақаларлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдар мен құстардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан да еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижесін көтере түсуін, ғылыми және озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуді талап етеді.
Мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және микробиология және т.б. пәндердің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтардағы малдарды әртүрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтижесінде шаруашылықтарды жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғары сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше, былайша айтқанда, олар алдыңғы шептің шешуші қызметкерлері. Себебі ауырған малдың немен ауырып тұрғанын ең алдымен анықтап, қажетті уақыт күттірмейтін шараларды дер кезінде дәл тауып қолдана білу көбіне осы орта буынның үлесіне тиеді. Сондықтан да бұл топтағы мамандарға терең біліммен қатар көптеген мал дәрігерлік жұмыстарды іс жүзінде өз қолдарымен атқаруларына тура келеді. Мұның өзі орта буын мамандардан ұдайы ізденісті, ғылымның, тәжірибенің жаңа жетістіктеріне құштарлықты талап ететіні даусыз.
Менің осы курстық жұмысты жазудағы басты мақсатым - қойда кездесетін секіртпе ауруын зерттеу, балау, дауалау, емдеу, алдын- алу шараларын ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағалау болып табылады.

І. Ауруға сипаттама
1.1 Аурудың тарихи деректері.
Қойдың брадзоты немесе секіртпе (bradsot, брадзот овец) (норв.аудағанда brad - күтпеген,лезде және sott - ауру ) - ұлтабар мен ұлтабар ұшы ішегінің кілегейлі қабықтарының қанталап қабынуы және ішкі үлпершек ағзалардың азғындауы арқылы ерекшеленетін , жіті өтетін жұғымтал емес жұқпалы ауру.
Бұл ауру туралы алғашқы жазба мәліметтер солтүстік Европа елдерінде Исландия, Дания, Норвегия, Шотландия өткен ғасырдың ортасында басылды. Бастапқы да топалаң ретінде қарастырылып келді де, 1875 ж. Краббе дербес ауру ретінде сипаттады. Одан кейін де қара брадзоты брадзот тәрізді ауру, неміс брадзоты, некозды гепатит аталатын басқа аурулардан ара жігі ашылмай, тек 1920 ж. ғана бұл инфекциялар некрозды гепатит аталып, қоздырушысы CL.gigas екені анықталды. Бұл микроб қазірдің өзінде де брадзоттың қосымшасы қоздырушысы ретінде қабылданып келеді.
Брадзоттың қоздырушысын тұңғыш рет Пастер мен Жубер 1874 ж. сипаттады, таза өсінін 1888 ж. И.Нильсон,1892 ж.Арлуэн бөліп алды
Қоздырушысы. Брадзоттың негізгі қоздырушысы - CL.Septicum-полиморфты, грам оң, қозғалатын ірі таяқша, қауашағы жоқ, спорасы шеткерірек орналасады. Өлген малдың бауырының бетінен алған жағындыда ұзын тізбек түзеді. Анаэорбты микробтарға арналған орталардың барлығында жақсы өседі. Кит-Тароцци сорпасында өте жылдам өсіп, 16-24 сағат қоректік орта лайланып, газ бөлінеді, 48 сағат өткенде микробтар пробирканың түбіне шөгіп, сорпа тұнады. CL.septicum құрамы күрделі аса күшті экзотоксин бөледі. Токсинді Мартин сорпасындағы өсіндіден сүзіп алуға болады. Бұл улы затар альфа, бетта, гамма және дельта токсиндер деп аталады. Олардың әрқайсысының өзіне тән уыттылық қасиеті бар. Бұлардан басқа өсінді сүзіндісінде фибринолизин мен коллагеназа кездеседі және олар гангрена болғанда ұлпалардың зақымдануына себепкер болады. Қоздырушысының 0-және H-антигені бар . Олар әртүрлі антиденелердің түзілуіне иммуногендік әсер етеді.
CI. oedematiens - ірі, түзу немесе сәл имек келген қозғалмалы таяқша (4,8 * 1-1,5 мкм) қатты анаэробты, ауасы бар ортада сопақша субтерминальды спора түзеді. Ол көбінесе 3-5 тізбекті моншақ тәрізді орналасады. Тығыз ортада домалақ шырынды ақшыл сұрғылт калонна түзеді. Кит-Тароцци ортасында 48 сағатта өсіп-өнеді. CI. Oedematiens-тың 4 түрі, бөліп алуға болады: олар А (Cl. novyi), В (Cl. gigas), C (Cl. bubalorum), Д (Cl. haemolyticum). Олардың әрқайсысы ерігіш антиген (токсин) түзуге қабілттілігімен сипатталады.
Төзімділігі Брадзоттың негізгі қоздырушысы да және онымен қосарланып жүретін басқа да клостридиялар сыртқы ортада химиялық және физикалық әсерлерге төзімді. Олар топырақта жылдар бойы сақталып, тиісті жағдай болғанда өсіп өнеді. Қайнатқан кезде 60-мин өледі.
Дезинфекция үшін хлорлы әктің 3 % хлоры бар тұндырылған ерітіндісі, күкірт-арбол қоспасының 10 % ыстық ерітіндісі,5 % күйдіргіш натрийдің ерітіндісі, 10 % формальдегид ерітіндісі қолданылады.
1.2 Індеттік ерекшеліктері.
Секіртпемен қойдан басқа үй жануарларынан ешкі ауырады. Ауру спорадия түрінде немесе шағын індет ретінде байқалады. Табиғи жағдайда қой жынысы мен жасына қарамай ауырғанымен көбінесе екі жасқа дейінгі , әдетте қоңдылығы жоғары малдар шалдығады. Кейде тек қана жас тоқтылар мен тұсақтар ауырса, кей жағдайда ересек қойлар ғана ауырады. Ауру жылдың кез келген маусымында шығуы мүмкін. Бірақта көбінесе қыста, немесе жаздың құрғақ айларында байқалады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой. Өлген қойдың өлексесі жайылым мен суатты брадзоттың қоздырушысымен ластайды. Ауру алиментарлы жолмен және су арқылы жұғады.
1.3 Дерттенуі.
Секіртпе кезіндегі дерт процесінің өрбу заңдылықтары толық анықталған жоқ. Ауру қоздырушысын алиментарлық жолмен тіпті аса көп мөлшермен бергеннің өзінде брадзот байқалмайды. Парэнтеральдық жолмен жұқтырғанда мал ауырған мен ауруға тән клиникалық белгілері болмайды. Аурудың шығуы үшін мал организімінің табиғи төзімділігі маңызды роль атқарады. Стресс факторлардың ыстық, суық, ішек құрттары, әсерінен организмнің төзімділігі нашарлап, ішек - қарынның қозғалысқа келуі бұзылып, ауру қоздырушысының жедел өсіп-өнуіне жағдай туады. Нәтижесінде көп мөлшерде экзотоксиндер бөлініп, денені улап, өлімге әкеліп соғады.
1.4 Өтуі мен белгілері.
Секіртпе аса жіті және жіті өтеді. Аса жіті өткен жасырын кезеңі бірер сағат қана, ал жіті өткенде бір тәулікке дейін созылады. Аса жіті өткенде мал кенеттен өліп кетеді. Алдында ғана сау жүрген қой кенеттен тыпыршып, бір орында секіріп барып құлайды. Осындай ерекше жәйт аурудың халық арасында секіртпе деп аталуына себеп болған. Жығылған қойдың аузынан көбік ағып, тісін шықырлатып, бірер минутта өліп кетеді. Кешкісін сау малдың таңертесін өлексесі жатады. Секіртпе жіті өткенде дененің ыстығы көтеріліп, мал күйзеліп, жем-шөпке қарамайды. Тынысы, тамыр соғысы жиілеп, аузы мен тануынан көбік ағады. Кейде қан аралас іші өтіп, несеп шығаруы жиілейді, іші кеуіп, тісін шықырлатады. Жатқанда аяқтарын созып, мойнын артқа немесе бір жағына қарай бұрады. Ауырған мал демігіп, әлсіреп барып өледі.

1.5 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Секіртпеден өлген қойдың өлексесі бірер сағаттың ішінде газға кеулеп, тез бұзылып, терісі көгереді. Жағымсыз иіс шығып, табиғи тесіктерінен қанды көбік ағады.
Бастың, мойнының, кеуденің, кейде дененің басқа бөліктерінің де тері асты шелі қанды - сарысулы, газ көпіршіктері бар кілкілдеген жалқаққа толы болады. Бұлшық еттері өзгеріске ұшырамайды. Жүні босап, оңай жұлынады. Көзге көрінетін қабықтары көкшіл. Шеттері қан тамырларындағы қан ұйымайды. Кеңірдек пен бронхылардың кілегейлі қабықтарында шашыранды және жолақтанған қанталаулар болады. Кеңірдектің іші қоймалжың сұйыққа толады. Алдынғы қарындар жынға толы, ұлтабар бос, диафрагма мен плеврада ұсақ-ұсақ қанталаулар болды. Көкірек және құрсақ қуыстарында қанды сарысу бар, өкпе домбығып, қанға толады. Жүректің қанындағы сұйық молаяды. Эпикард пен эндокард қанталап, жүрек босаңсиды. Көкбауыр аздап ұлғаяды, бауыр қанға толып, бетінде өліетті ошақтары болады, олар тіліп қарағанда сарғұлт жолақтанып көрінеді. Бүйректері босаңсып, домбығып, қан кернейді. Аш ішектің кілегейлі қабаты домбығып, қанталайды. Тоқ ішекте өзгеріс байқалмайды, онда газ жиналады.
1.5 Балау.
Секіртпеге диагноз індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескеріп және зертханалық зерттеулердің нәтижесінде қойылады. Зертханаға өлексені немесе жеке ағзаларды: бүйрек, көкбауыр, бауырдың кесіндісін, ұлтабардың зақымданған телімдерін, ұлтабар ұшы ішегін, жіліктің сүйегін, тері астындағы жалқақты жібереді. Зертханада микроскопия жүргізеді, таза өсін алады және ақ тышқан мен теңіз тышқанына биосынама мен бейтраптау реакциясын қояды. Бактериологиялық зерттеуге материялды жаңа ғана өлген немесе жантәсілім кезінде пышаққа ілінген малдан алады. Микроскопия кезінде жағындыны негізгі фуксин ерітіндісімен және Грам әдісімен бояйды. CL.Septicum үшін бауырдың үстіне тигізген шыныдағы микробтың жіп сияқты ұзын тізбек ретінде орналасуы тән.
Барлық материалдардан, әсіресе міндетті түрде тері астындағы жалқақтан ет-пептон сорпасына, қанды агарға егіп, ауасыбағасыз жағдайда өсіреді. Сұйық ортада микробтың өсуін 24 сағат. Ал тығыз ортада 24-28 сағат тексереді. Бөлінген таза өсінмен лабораториялық жануарларды жұқтырады, әсіресе өзгеше патологиялық-анатомиялық өзгерістер теңіз тышқанында байқалады. Микробтың түрін өсіндік және морфологиялық қасиеттері бойынша анықтайды.
1.6 Ажыратып балау.
Брадзотты топалаңнан, жұқпалы энтеротоксемиядан, пастереллезден, қарасаннан, пироплазмоздан және уқорғасын шөбінен уланудан ажырату қажет.
Топалаң кезінде көк бауыр ұлғайып, жұмсарып, қоймалжың массаға айналады. Микроскопия кезінде аурудың қоздырушысы көрінеді.
Қарасанды ажырату үшін ересек үй қоянына жұқтырса, ол секіртпенің қоздырушысына сезімтал да, қарасанның қоздырушысына төзімді келеді. Жұқпалы энтеротоксемия кезінде бүйрек болбырап, бауырдың зақымдануы, ұлтабардың кілегей қабығының қабынып ойылуы байқалмайды. Сонымен қатар өлексе тез бұзылмайды, тері астын шелінде қанталаған сарысулы жалқақ болмайды. Энтеротоксемиядан бактериологиялық тексеру арқылы ажыратады. Пастереллез кезінде жоғарғы тыныс органдарыда зақымданады. Ауруды айқындау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізеді.
Уқорғасынмен уланғанда ішектің сірі қабығы жаппай қанталайды. Жайылымды улы шөпке тексеріп, токсикологиялық зерттеу арқылы тұжырым жасалады. Пироплазмоз кезінде қаннан паразит табылады.
1.7 Емі және иммунитет.
Ауру өте қауырт өтетіндіктен ем әдетте нәтиже бермейді. Созылмалы өткенде антибиотиктер қолдану ұсынылған. Биомицин, синтомицин, терромицин ересек жануарларға 0,5-1 г,қозыларға 0,2г,1 кг массасына биовитаминды жемге қосып, тәулігіне 1 басқа 0,5-0,75 г береді. Брадзотқа қарсы бірнеше вакциналар ұсынылған. Олардың ішінде қазіргі уақытта кең қолдау тапқан аллюминий гидрототықты поливалентті брадзотқа, жұқпалы токсемияға, қатерлі домбығу, қозының дизентериясына қарсы вакцина. Онымен аурудың алдын алу үшін қозыны 3 айдан бастап, буаз саулықты 1-2 айлығына егеді. Вакцина лажсыз егілгенде 12-14 күн, жайшылықта 20-30 күн аралатып екі рет егеді. Иммунитет 12-14 күннен кейін қалыптасып, 6-ай сақталады. Вакцина негізгі зардаптылық факторы-экзотоксиннен нашар қорғайды. Бұл ретте қойдың клостридоздарына қарсы полианатоксинді қолданған жөн.
1.8 Дауалау және күресу шараларлары.
Секіртпені болдырмау үшін жайылымдар мен суаттардың санитариялық жағдайын жеткілікті дәрежеде ұстау керек. Ауру шыққан жерлерді мұқият тіркеуге алып ондағы уақытылы вакцинамен егіп отыру қажет. Брадзот шыққан шаруашылыққа шектеу қойылып , қойды әкелуге және әкетуге тыйым салынады. Ауырған малды жедел оқшаулап, ауырмағандарын жайылымға шығармай, қорада ұстап вакцина егеді. Ауру мал тұрған қораны дезинфекциялайды. Өлексе жатқан жерді, былғанылған құралдарды зарасыздандырады. Өлексені терісін алмастан өртейді. Өлексені тек қана диагнозын анықтау үшін арнайы жерде союға рұқсат етіледі. Ауырған малдың көңі де, жемшөптің қалдығы да өртелуі тиіс. Шектеу ең соңғы қой брадзоттан өлген соң екі апта өткеннен кейін алынады.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары

‹‹Келісілді›› ‹‹Бекітілді››

Теректі ауданының ‹‹Бақыт›› шаруашылығының
Бас Мемл. вет. инспекторы жетекшісі
Айтқалиев М. Аманшиев Н.Қ.
‹‹15›› қаңтар 2016 ж. ‹‹15›› қаңтар 2016 ж.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
‹‹Бақыт››
(шаруашылық аты)

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қой секіртпесі (Брадзот)
(аурудың аты)

Жою шараларын өткізудің
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ


рб
Шаралар
Орындау
мерзімі
Жауаптылар
Ескерту
1
Малды клиникалық
тексеру
Күн сайын
Мал дәрігері
Жалелов Б.
-
2
Ауру жануарларды сау малдан бөлу
10 қазан
Мал дәрігері
Жалелов Б.
Малшы Жүнісов Ж.
-
3
Ауруға қарсы поливалентті аллюминий гидрототықты вакцинасын екті
10 қазан
Мал дәрігері
Жалелов Б.
Дәрігер көмекшілері Тайыров Қ.
Қуатов С.
-
4
Сау қойлардың дұрыс азықтандырылуын қадағалау
11 қазан
Малшы Жүнісов Ж.
Сапалы азық болуы шарт
5
Ауру салдарынан шығынға ұшыраған мал санын анықтау
12 қазан
Мал дәрігері
Жалелов Б.
-
6
Жануар өлекселерін терісімен қоса жою
12 қазан
Дәрігер көмекшілері Тайыров Қ.
Қуатов С.
Шаруашы-лық аймағынан тыс
7
Ауру малдарды 12-14 күндік карантинге алу
13 қазан
Мал дәрігері
Жалелов Б.
-
8
Қожалықты дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету
(Биомицин, синтомицин, терромицин)
13 қазан
Жетекші
Аманшиев Н.Қ.
-
9

Мал қоралар мен құрал - жабдықтарды қорытынды зарарсыздандыру

30 қазан

Мал дәрігері
Жалелов Б.
Дәрігер көмекшілері Тайыров Қ.
Қуатов С.

-

Студент: Маликова А.

2.2 Инфекциялық ауруларды жою, сақтандыру жолдары
Аурудың 15.01.2016 жылы 6-7 қой арасында басталғанын мал бақташысы байқаған. Ошақты комиссия құрамы аурудың жедел басталғанын, клиникалық белгілеріне, өлген малды жарып сойып зерттеп, зертханалық қорытындысы ескеріп 18.01.2016 жылы Бақыт жеке мал шаруашылығында қой секіртпесі (Брадзот) деген қорытынды диагноз қойды. Ауру және өлген малдан анықталған, брадзот ауруына тән клиникалық белгілер: Секіртпе жіті өткенде дененің ыстығы көтеріліп,мал күйзеліп ,жем-шөпке қарамайды. Тынысы,тамыр соғысы жиілеп, аузы мен тануынан көбік ағады. Кейде қан аралас іші өтіп, несеп шығаруы жиілейді, іші кеуіп, тісін шықырлатады. Патологоанатомиялық өзгерістер: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой брадзоты қоздырушысы
Жануарлардың патологиялық анатомиясы
Брадзот ауруы
Қой брадзотының патологиялық морфологиясы және ветеринариялық санитарлық сараптау
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары
СОЙЫЛҒАН МАЛ ӨЛЕКСЕСІНЕ ЖАСАЛҒАН ПРОТОКОЛ
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Сібір жарасы. туберкулез туралы ақпарат
Патологиялық материалды орау және жөнелту
Пәндер