Конституциялық құқықтың негіздері


1-тақырып: Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде
2. Конституциялық құқықтың пәні. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектілері
3. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері
КОНСТИТУЦИЯЛЬІҚ ҚҰҚЬІҚ - ЗАҢНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАСЫ
Әрқашан да конституциялық құкық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені, конституция-лық құқык негізгі заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен азаматтардың занды мәртебесін, мем-лекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақбелгілі бір еддің тұтас құрылысын аныктайды.
Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп көрсететін әдіс - құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге жол ашады.
Конституциялық құқықтың институтгары. Белгілі бір мемлекеттің негізгі қоғамдық карым - қатынасын құрайтын субъектілер сол елдің конституциясы арқылы айқындалады (мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес карым-қатынастың негізгі субъектілеріне: Қазақстан Республикасының азаматтары, Парламент, Үкімет, Президент, т. б. жатады) .
Конституциялық құқық нормалары. Бұл ең алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген (жалпыға міндетті) қағида-ережелері
Конституциялық құқық субъектілері. Конституциялық құкұқ субъектілері екі негізгі топқа белінеді:
- қогамның құқықты мүшесі;
- қоғамдық құрылымдар
Қоғамның құқықты мүшелеріне: азаматтар, шетелдіктер, сайлаушылар, лауазым иелері, депутаттар және т. б. жатады.
Қоғамдық құрылымды тұтасымен алғанда: мемлекет, мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары, ұйымдық-құқықтық сипаттағы әр түрлі азаматтық бірлестіктер, т. б. құрайды.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Конституциялық құқықтың негіздеріне:
- құқықтық нормативтік актілер; соттық преценденттер;
- құқықтық дағдылар;
- халықаралық және мемлекетаралық келісімдер жатады.
Кұқықтық нормативтік актілер өз кезегінде: заңдарга, атқарушы өкіметтің нормативтік актілеріне, сот органдары мен конституциялық бақылау (қадағалау) органдарының нормативтік актілеріне, парламент регламенттеріне, жергілікті өзін-өзі басқарушы актілерге бөлінеді.
Заңдар өз аддына: негізгі (конституция), конституциялық, органикалық және әдеттегі болып бөлінеді.
Конституция, яғни, мемлекеттің негізгі заңы өз кезегінде:
- адамдар мен азаматтардың құқық мәртебесін; басқару нысаны мен мемлекеггің кұрылым түрін; саяси жүйесін; конституциялық органдарды ұйымдастыру мен қызметі принциптерін; қоғамдық қарым - қатынастардың ең маңыздыларын реттейді.
Конституциялық заңдар. Қазіргі дәуірдегі әр түрлі елдердің конституциясына көз жүгірткенімізде олардың алуан түрлі сипатта әрі әр түрлі мәнде екеніне көз жеткіземіз. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 108-бабы бойьшша бұл елдегі федеральдық конституциялық зандар конституцияда белгілен тәртіп бойынша қабылданады. Бұл федеральдық конституииялық зандар Федерация Кеңесі мүшелерінің жалпы санының төрттен үш белігінен кем емес және Мемлекеттік Дума депутаттарының жалпы санының үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берілгеңде ғана қабылданады. Қабылданған зандар, Конституцияның 4 - бабына сәйкес, бүкіл Ресей Федерациясы территориясында ең жоғарғы (үстінен қараушылык) күшке ие болады. Ал, Қырғыз республикасында Жоғарғы Кеңес (Парламент) депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс бергенде конституциялық заңдар қабылданады. Жай зандар, Қырғызстан Республикасы Конституциясының 66-бабына сәйкес, депутаттардың басым көпшілігі дауыс берсе қабылдана береді. Біздің республикамызда да осы түрде заң қабылдау рәсімі өткізіледі.
Конституциялық не органикалық зандар қолданбаған жағдайда қодданылады. Мысалы, Өзбекстан Республикасының, Эстон Республикасының және т. б. елдердің заң шығарушылық тәжірибесінде Конституция бойынша тек жай заңдар шығару қалыптасқан.
Кейбір елдердің нормативтік құқықтық актілері парламент кызметін уақытша атқарып, заң күшіне ие болады. Мысалы, Кубаның Мемлекеттік Кеңесі декреттері, Въетнам Ұлттық жиналысы, Испания өкіметінін заң шығару актілері, сол сияқты біздің елімізде де Президент, Конституцияда қарастырылғандай, заң күшіне ие жарлықгар мен зандар жариялай алады.
Атқарушы өкіметтің иормативтік актілеріне мемлекет басшысының Жарлықтары мен шешімдері және т. б. кұжаттары, өкімет пен оның ведомстволарының бұйрықтары мен декреттері, т. б. жатады.
Парламент палаталары регламенті негізінен олардың қызмет тәртібін ішкі құрылыс жүйелерін, депутатгардың ахлақтық(эта-калық) ережелерін, т. б. анықтайды.
Өзін-өзі басқару органдарының актілері көпшілік аддынан билікті жүзеге асыруға байланысты коғамдық қарым - қатынасты жиі реттеп отырады.
Көп елдерде конституциялық құқық негізі ретінде құқықтық дағдылар (әдет-ғұрып) алынады. Бірақ, бұлардың бәрі мемлекет тарапынан санкцияланып, жалпыға міңдетті ережелерге айналуы тиіс (мысалы, Англия мен Индияда өкіметгік жүйені түзуде конститудиялық келісімдер, т. б. жасалады) .
Ал, 1995 жылы күшіне енген Қазакстан Республикасының Ата Заңында (4-бап, 4-тармақ) : "Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша, оны қолдану үшін зан шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданыдады" - делінген. Сөйтіп, бекітілген халықаралық шарттар республика заңдарынан басым келеді.
Франция Республикасының 1958 жылғы Конституциясы бойынша да: "Шарттар мен келісімдер өзіне лайықты бекітілгеннен немесе қуатталғаннан кейін, екі жақ ол шарт не келісімді колданатын жағдайда, жарияланған кезден бастап ішкі заңдардан гөрі басымдық күшке ие болады" (55-бап) .
ШЕТЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Оқу пәні ретінде шетелдердің конституциялық құқығы Қазақстандағы барлық заң институтгарында оқытылады.
Бұрын, кеңес өкіметі тұсында, жоғары заң оқу орындарында жеке пән ретінде "Буржуазиялық және өркендеп дамыған елдердің мемлекеттік кұқығы" және "Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттік құқығы" деп арнайы бөлек оқытылды. Алайда, соңғы жылдардағы тарихи өзгерістер бұл пәндердің, теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да, мәнін жойды.
Біз бұл оқулықта таяу және алыс шетелдердін конституциялық құкықтарын жаңа көзқараспен қарап, тұжырымдар жасаймыз. Өйткені, дамыған еркениетті елдердің конституциялық құқықтарымен қатар, Қазақстан Республикасына ұқсас елдердің мемлекеттік құрылымдарын білудің де пайдадан басқа зияны жоқ. Оның үстіне, бұл еддермен қарым - қатынастарымыз күн санап арта түсуде, осыған орай олардың конституциялық зандарын білу елдің зиялылығымызды білдіреді. Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялық құқықтарын өз республикамыздың конституциялық құкығымен салыстыра қараймыз. Ондағы мақсатымыз Республикамызда құқықтық -демократиялық мемлекет орнықтыру барысына қажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.
2-тақырып: Конституция ұғымы
1. Конституцияның түсінігі және мәні. Олардың түрлері: жазылған және жазылмаған, тұрақты және уақытша
2. Шет елдердегі конституцияларды қабылдау тәртіптері
КОНСТИТУЦИЯ ҰҒЫМЫ
Қазіргі кездегі кептеген мемлекеттердің, Конституциясы сол елдердің негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады. Соңдай-ақ, бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды, саяси жүйелер мен саяси режимдерді не гізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарын институттаңдыру принциптерін көздейді.
Мемлекеттік құкықтық әдебиеттерді зерттеу барысыңда мына елдердің: АҚШ (1787 ж. ), Франция (1791 ж. ) негізгі заңдары - мемлекетгік конституциялары алғаш қабылданғандар қатарьна, ал кейінгі қабылданғандарына: Норвегия (1814 ж. ), Бельгия (1831 ж. ), Аргентина (1853 ж. ), Люксембург (1868 ж. ), Швейцария (І874ж. ) елдерінің конституциялары жатады. Екінші дүние жүзілік соғыс алдында қабылданып, қазірге дейін күшін сақтаған конституцияларды атасак, олар: Австралия, Мексика, Ли-ван, Ирландия, т. б. елдерге тән. Ал енді, Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне келсек, олардың басым көпшілігі дүние-жузілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін қабылданған конституциялар.
Мемлекеттану ғылымы ұғымында конституция екі негізгі мағынада қаралады:
Әуелгісі - заңдық конституция (мемлекеттің негізгі заңы ретінде бекітілген тәртіппен түзіліп, қабылданады) - сол елдің мемлекеттік сипатын, саяси жүйесін, меммлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасуы негізі мен қызметін анықгай отырып, адамдар мен азаматтардың құқықтық жайларын тәртіптеп береді. Былайша айтқаңда, зандық конституция белгілі бір мемлекетгегі қоғамдық қарым-қатынас жүйелерін кағидалап тұжырымдайды.
Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте белгілі бір мерзімге қабылданады. Мысалы, Тайланд Конституциясы 1959 жылы тұрақты конституцияны кабыддағанға дейін күшінде болды. Көп елдердің конституциясы тұрақты конституция болып табылады. Алайда, бул тұрактылық ол конституцияға өзгертулер, толықтырулар енгізуге, тіпті қайта қарауға бөгет бола алмайды.
Конституциялар демократиялық және авторитарлық депте белінеді. Демократиялық конституциялар еліңдегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне еркіндік пен тең құкықтар беруімен көзге түседі. Ал, авторитарлық конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп, тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.
КОНСТИТУЦИЯЛАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ
КОНСТИТУЦИЯЛАРДЫ ЖІКТЕУ
Біз Конституцияны төмендегіше жіктейміз:
- қабылданған негізгі заңнын мәтіңдерін заңгерлердің дайындау тәсіліне қарай;
- конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойьшша.
Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгердердің дайындау тәсілі бойынша Конституция екі топқа бөлінеді:
- жазылған;
~ жазылмаған.Жазылған конституция бірыңғай құжат турінде құрылады. Оған мысалы, Германияның Негізгі заңы, Испания Конститу-циясы, Мексиканың саяси Конституциясы, Ресей Федерация-сының Конституциясы, Қырғызстан Республикасы Конститу-циясы кіреді. Жазылған конституция (ерекшелік сипаты) бірне-ше мемлекеттік- (Канада, Израиль, Сауд Арабиясы, Швеция) . Литва Республикасының 1992 жылғы Конституциясының 150-бабына сәйкес, бүл Конституция құра-мына 1991 жылдың 11 акданындағы "Литва мемлекеті жайлы конституциялык заң" және 1992 жылдың 8 маусымындағы "Литва Республикасының постсоветтік Шығыс одағына қосылмауы туралы" конституциялық акті кіреді.
Жазылмаған конституция тек Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар. Дегенмен, жазылмаған конституция нормалары накты көптеген елдердің мемлекеттік - құқықтық актілерінде де кездеседі.
Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топқа: бейімді және қатаң деп бөлеміз.
Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай парламент заңдары іштегі принциппен өзгертіле береді.
Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзіңце қарастырылған ерекше тәсілмен езгертіледі.
3-тақырып: Шет елдердегi тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi
- 1. Тұлғаның құқықтық жағдайының түсiнiгi және оның құрылымы. Тұлғаның құқықтық жағдайының модельдерi. 2. Тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жiктелуi.
3. Азаматтықтың жалпы және ерекше қағидалары. Шетелдерде азаматтықты алу және тоқтатудың тәсiлдерi.
ҚҰҚЫҚ, БОСТАНДЫҚ, МІНДЕТТЕР
Жоғарыда атап өткеніміздей, констигуцияның маңызды ерек-шеліктерінің бірі-адам мен азаматтардың құкыктық мәртебесін жариялауы болып табылады.
Біз көптеген еддердің конституцияларының мазмұнын салыстырмалы құқықтық талдау әдісімен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, ҚХР, ФРГ, Түрікменстан, Бельгия елдері, Украина, Қырғызстан Республикасы, т. б. ) жазба конституциялардың бәрінде де, әдеттегідей, адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндетгері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік.
Мәселенің шындығын айтар болсақ, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25-бабында (1992 ж. ) : "Әркімнің бостандыққа құқы бар және дербес құқыққа ие" - делінсе, 43-бабында: "Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат корғап, сактауға міндетті"- делінген. Пакистан Ис-лам Республикасы Конституциясының II бөлімінің 9-тармағында (1956 ж. ) : "Моральдық немесе көпшіліктік тәртіпті сақтау мақсатында заңда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сақтай отырып, барлық азамат бейбіт, карусыз топ-тасуға құқығы бар" - делінген.
Испанияның 1978 жылы қабылданған Конституииясының 15-бабында: "Әркімнің өмір сүруге, физикалық және моральдық тұрғыдан тұтасты болуына құқы бар және еш уакьпта да қинап, қорлауға, адамдық қасиетін таптайтын жазалауға жол берілмейді. Тек соғыс кезіндегі ерекше жағдайда болмаса, әскери-қылмыстық зандарда қарастырылған, өлім жазасынатыйым салынады".
Ресей Федерациясы Конституциясыньщ (1993 ж. ) 25-бабын-да: "Сотгың шешімінсіз немесе федеральдык заңда қарастырыл-ған жағдайлардан өзге кезде ешкім біреудің үйіне, еркіне қарсы, басып кіруге құқы жоқ" - деп жазылса, ал СловакияКонститу-циясында (1992 ж. ) : "Міндеттерді тек құқық пен бостандық негізін сақтай отырып тек заң негізінде, тек соның шеңберінде бекітуге болады" - делінген.
Дегенмен де, мынандай жәйтті де ескерте кеткеніміз жөн. Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі қүқығы арасында айырмашылық белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды. Өйткені әрбір заң шығарушы бұл үшін мәтінде конституция баптарына сәйкес түжырымдарды пайдаланады. Мысалы, адам құқы мәртебесіне катысты: "Әрбір адам", "бөрі". "бірде-бір адам" "ешкім", т. с. с, ал азамат мертебесі кұкына қатысты: "азаматтың құқы бар", "азамат міндеггі", "азаматтарға кепілдік береді" сияқты т. б. тұжырым, түсініктер пайдаланылады. Осында тағы бір нәрсені айту маңызды. Мысалы , ФРГ, Испания, Мексика елдерінің негізгі заңдарында: "азамат", "азаматтар"түсінігі орнына ұлтқа қатыстылығы: "неміс", "испан", "мексикалық" деп көрсетіледі. Әлбетте, ұлтына сілтеме жасау, оның белгілі бір мемлекетке саяси және құқыктык тиістілігін көрсетеді, яғни, әңгіме оның азаматтығы жайлы болып отыр. Енді накты мысалдарға жүгінейік. ФРГ-нің негізгі заңының(1949 ж. ) 16-бабында: " . . . неміс азаматтығына ие болғандардың бәрі немесе 1937 жы л-дың 31 желтоқсанына дейінгі Германия империясы аумағыңда тұрғандардың барлығының шетелдегі жұбайы не ұрпақтарының әрқайсысы, неміс ұлты ретінде басқа жерге күштеп жер аударылған әрі босқын болып баспана тапқан неміс ұлтындағылардың бәрі, неміс болып табылады", - деп жазылған. Испания (1978 ж. ) Конституциясынын 12-бабында: "18 жасқа жеткен испандықтар кәмелетке толады" - десе, Марокко корольдігі Конституциясының 5-бабында (1972 ж. ) : "барлык марокколықтар заң алдында тең", - деп жазылған.
Конституциялық құқык, бостандық, міндеттер әдетте төмендегі негізгі үш топка бірігеді:
- Жеке (азаматтық) құқык, бостандық, міңцеттер (мысалы, жеке адам құқына қол сұкпаушылық, хат-хабар қүпиялылығы, өз еркімен кеңіл білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті, т. б. ) .
- Саяси(мысалы, пассивті және активті сайлау құкы, жиналыс еркіндігі, отанды корғау міндеті, т. б. ) .
- Экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, еңбек ету құқы, кәсіп тандау еркіндігі, шығармашылык еркіндігі, салық төлеу міндеті, табиғатгы қорғау, т. б. ) .
АЗАМАТТЫҚ
Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір адам құқык, бостандық және міндет шеңберінде бағынышты болады.
Сөйтіп, азаматгық - адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін біддіреді. Сондықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды. Азамат та өз кезегінде мемлекеттің барлық ережелерін сақтап, ондағы қаралған зандарды мултіксіз орындайды.
Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес, Қырғыз Республикасына адамдардың тиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен анықталады. Қырғыз Республикасының азаматтары Конституцияны, республика заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абыройы мен ожданын сақтауға міндетгі.
Қырғыз Республикасы азаматы болып танылғандардың, басқа мемлекеттің азаматтығына тиістілігі танылмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқына тыйым салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға қамқорлық жасайды. Осы іспетті ережелер, басқаша түрда берілгенімен Эстония, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Польша және тағы басқа көптеген елдердің конституцияларында да бекітіліп берілген.
Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен, бірақ ол елдің азаматтығын алмағандарды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге басқа елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
"Кім өзінің азаматы боларын әрбір мемлекет өздерінің заңдарына сәйкес анықгайды" деп жазылған. Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық жайлы заңдарында әр түрлі қарама-қайшылықтар (коллизия) кездесіп қалады, Оны олар мемлекетаралық дәрежеде екі тарапты немесе көп тарапты келісімдер жасау арқылы шешіп отыруға тырысады. Мысалы, қос азаматтықты болдырмау және азаматтығы жоқ жайлы келісімдерді айтуға болады. Осы тұрғыдағы келісім ретінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық актілерді: "Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін Қазақстан Республикасы аза~ матгарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына түрақты түру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарына азаматтық алуды жеңілдету жайлы", сондай-ақ "Ресей федерациясы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматгарынын және Кдзақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құкықтық мәртебесі жайлы" келісім-шарттарды атауға болады. Мұндай халықаралық-құқықтық актілер қос азаматтықгық пайда болмауын алдын алады, сөйтіп Ресей мен Қазақстан азаматтарына осы аталған екі аумақта тұрақты тұру жайларын нақты анықтап, құқықтық мәртебе береді, өрі тіркеу барысында азаматтық алу тәртібін жеңілдетеді. Ресей Федерациясымен жасалған бұл келісім Ресейге, т. б. елдерге орыс тілді тұрғындардың жаппай қоныс аударуын тежейді. Әлбетте, бұл саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда ТМД республикаларындағы әлеуметтік шиеленісті бәсенде-түде қолайлы жағдай туғызады.
Мысалы, тек 1995 жылдың 9 ай мерзімі аралыгында Козақстаннан тысқары жаққа 251809 адам кетті. Мұның көпшілігі Қазақстанның Ресей Федерациясына эмиграция жасады 1 .
Азаматтық аяу. Болса да, азаматтық "қан құқы" немесе "тек құқы (негіз құкы) " принциптері негізіңде алынады. Мұнын алғашқысында туылған жеріне карамай (мысалы, Эстония Респуб-ликаеы Конституциясыньщ 8-бабына сәйкес әрбір бала, ата-анасының бірі Эстония азаматы больш табылса, туылғаннан соң Эстония азаматы құқығына ие бола алады) ата-анасының азаматтығын алады, ал екіншісіңде - ата-анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет аумағында дүниеге келсе (мысалы, Мексика), сол елдің азаматы бола алады. Туылу жеріне орай азамаггық алуды шет елдерде- фшиацш, ал шетелдіктерді азаматтық алуды- натурализация. Бірақ соңғы жағдайда бірнеше шарттар сақталуы тиіс. Кейбір еддерде натурализация жасалынатын азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, АҚШ Конституциясына сәйкес, осы елдің Президентгіне АҚШ-та туылған азамат сайланады, ал сенатор болу үшін 7 не 9 жыл АҚШ азаматы болу талап етіледі (яғни, Палата өкілдігіне мүшелікке немесе сенатор болып сайлану үшін АҚШ азаматгығы танылуы осы көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс) .
Көп азаматтылықтың жиі кездесетін түрі қос азаматық ( патризм), Бұл жағдайда адам екі мемлекетгің азаматы болып есептеледі. Қос азаматтык, мысалы Австрия, Мексика, Польша, Канада, Испанияда орын алған. Мысалы, Испания Конститу-циясының 11-бабында: "Мемлекет Йспаниямен ерекше байла-ныста болған не болып отырған Латын Америкасы немесе тағы баскд да еддермен кос азаматтық беру жайлы келісім-шарт түзе алады. Бұл еддерде испандықгарды өздерінің алғашісы азамат-тығын жоғалтпай-ак, тіпті бұл елдер өз азаматтары деп санама-ганнын &зінде де, екі тарап келісілген негізде қол астына алула-рына болады".
Литва Республикасы Конституциясының 12-бабында қарастырылған заң бойынша кейбір жағдайларда адамдарға бір мезетте Литва Республикасының және баска да мемлекеттің азаматы болуға жол беріледі.
Қазіргі кезде көптеген елдер қөп азаматгыққа әлі де теріс қарайды. Өйткені, бұл азаматтардың бұл жағдайда саяси құқықтары мен бостандығы шектеледі деп санайды. Қос азаматтық туралы пікір 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылғаны белгілі. Алайда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қос азаматтық шығарылып тасталды.
4-тақырып: Шет елдердегi қоғамдық (конституциялық) құрылыстың конституциялық негiздерi
1. Шетелдердегi қоғамдық (конституциялық) құрылыстың конституциялық негiздерiнің түсiнiгi. Шетелдердегi қоғамдық (конституциялық) құрылыстың конституциялық негiздерi құрылысы.
2. Әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың конституциялық негiздерi.
3. Саяси қатынастардың конституциялық негiздерi.
4. Рухани-мәдени қатынастардың конституциялық негiздерi
САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Қазіргі кезде әлемдегі барлық елдерде екі мыңнан астам саяси партиялар бар. Мысалы, Францияда - 10, Қытайда - 9, Да-нияда - 8, Италия мен Норвегидда-7, Литвада 30-дай, Ресейде - 60-тан астам саяси мақсат-мүддені көздейтін партиялар мен басқа да азаматтық бірлестіктер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz