Саяси идеологиялар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
4. Бүгінгі идеологияның міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді: 1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық, либералдық, христиан-демократиялық т.с.с.). Олар еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу бағдарламасын ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі социалистік, демократиялық, лейбористік т.с.с. партиялар); 2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан қалыптасып келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді, 73 жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы. 3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік партиясы, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы және т.б. 4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған.
Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады. Осы партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны, идеологиясы, мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бүкіл дүние жүзіне танылған, халыққа беделді партияларға социал- демократиялық топ жатады.

1. Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық. Алматы. «Жеті жарғы». 2005.
2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері.-Астана, 2013.
3. Әбсаттаров Р. Саясаттану негіздері. 1-ші т.-А.: «Қарасай», 2011.
4. Саясаттану негіздері. Дәрістер жинағы.-А.,2011.
5. Раджапов А.Ө. Саясаттану. Оқу құралы.-А.,2010.
6. Рахымбаева А. Саясаттану.-А.: «Фолиант», 2010.

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
4. Бүгінгі идеологияның міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді: 1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық, либералдық, христиан-демократиялық т.с.с.). Олар еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу бағдарламасын ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі социалистік, демократиялық, лейбористік т.с.с. партиялар); 2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан қалыптасып келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді, 73 жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы. 3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік партиясы, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы және т.б. 4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған.
Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады. Осы партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны, идеологиясы, мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бүкіл дүние жүзіне танылған, халыққа беделді партияларға социал- демократиялық топ жатады.
Негізгі бөлім
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
Идеология деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея - көзқарас, логос - ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні - идея туралы ілім немесе мәртебелігі бар ілім ретінде түсініледі. Идея - ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы.
Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет.
Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның - К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек.
Ол үшін жұмысшылар таптық революция ұйымдастырып, буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті жойып, социализм орнатуы қажет деген ойды білдірді. Кейін, К.Маркстің осы идеясын идеологияға айналдыру үшін коммунистік партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын ұйымдастырып, өкімет билігін өз қолына алды. Мемлекеттік биліктің ұйғаруымен осы ойшылдың идеясы марксистік идеологияға айналып, КСРО сол идеология бойынша 70 жылдай өмір сүрді.
Идеяның идеологияға айналуы туралы тағы бір мысал - реформизммен байланысты. Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің идеясы ретінде пайда болды. Бұл идеяның мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жеткізу үшін реформалар жүргізу қажет. Оларды буржуазиялық қанаудан қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті жоқ, жұмысшы табын қорғайтын партиялар парламентке келіп, еңбекшілерді қорғайтын әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы керек деген идеяны ұсынды. Бұл саясаткердің идеясын идеологияға айналдыру жолында Еуропаның көптеген елдерінде социал-демократиялық партиялар ұйымдастырылды. Осы партиялар сайлау арқылы өз парламенттерінен орын алып, ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп, нәтижесінде реформалар арқылы еңбекшілердің мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің идеясы идеологияға айналды. Бұл идеология саяси ғылымда "демократиялық социализм" деп аталады.
Сонымен, идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал. Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология 105 деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды. Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.
Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша - идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.
Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті "энтелехия" деп атаған. Энтелехия - мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша: "идеология -- ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын құрал". Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді.
Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.
Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс.
Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.

Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді. Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар. Либерализм - азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк.
Осы ғалымның ұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттың ортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихында орта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық сословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады. Осылайша адамдарды мәжбүрлеу тәртібі қоғамдағы тоқыраушылық 106 көріністерін күшейтті. Дж.Локк өзінің либералдық идеясында әрбір адам өз қабілетін іске асырмайынша, елдің дамуына өзінің үлесін қоспайынша қоғам қарқынды дами алмайды, адамдарды мемлекеттік дәстүрлі жіктеуліктен, дін құрсауының ықпалынан босату керек деп түсіндірді.
Либералдық идеяны көпшілік жақтап шықты, әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық таптың тез қабылдауының арқасында кейін идеологияға айналды. Экономика саласында нарықтық қарым-қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене шеберхана ашса, біреулері жеке меншік жерге ие болды, сөйтіп өндіріс дамыды. 50-100 жылдан кейін осы кішкене шеберханалар ірі зауыттарға, фабрикаларға, ал кішкене бау-бақша жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды.
Либерализм идеологиясы капитализмнің қалыптасып дамуына зор әсер етті. ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм - неолиберализм бөлініп шықты. Неолиберализм - азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше - мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.
Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтық қатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, сол себепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды. Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс.
Неолиберализм идеологиясы бойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі - нарықтық жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау. Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі "түнгі сақшы" сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет "жалпыға бірдей игілік" міндетін атқаруы тиіс. ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі - либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты.
Ол - консервативтік (консерватизм) идеология. Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы. 107 ХҮІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтік теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді.
Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты - қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология - қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды. Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын.
Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп, идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды. Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты.
Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті. ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты. Неоконсерватизм - қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды "сақтаудың" орнына "әртүрлілік" принципі ұсынылды. Не себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау, дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи зердесіз халық - қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа, адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты, 108 ерікті шектеп тұрады.
Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады. Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы Джон Стюарт Милльдің: "Бір рет болса да дәстүрден шығу - ол бостандыққа тағы да бір қадам жасау" - деген қағидасының маңызы өте жоғары. Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия принциптері одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындауға тура келді.

Әрбір мемлекеттің болашақты бағдар ететін идеологиясының болуы айқын. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz