Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қалыптасуы ... ... ... ...5
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Конституциялық Кеңес құзыретінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2 Қазіргі уақыттағы Конституциялық Кеңестің құрамы мен конституциялық іс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Конституциялық Кеңестің қазіргі құрамы және қатысқан конференциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Конституциялық Кеңестің актілері және шешімдерінің түрлері және шешімнің заңдық күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Құқықтық демократиялық мемлекетте конституцияны ерекше қорғау мен сақтау конституцияның заңдылық қасиетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл конституцияда бекітілген және реттелетін қоғамдық қатынастардың маңыздылығымен сипатталады. Конституцияны құқықтық қорғау мемлекет пен қоғамның қызметінің негізгі институттары: мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерін, осы мемлекеттегі тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдаструды қалыптастыратын конституцияның тұрақтылығына әсер етеді.
Ата заң - халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, бүкіл адамзатқа Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен зандық құжат. Конституцияның асқан құндылығы - бірінші рет адам жеке тұлға, құқықтық қатынас субъектісі, мемлекеттің құрылтайшысы есебінде қаралуында.
Қазақстан Республикасынң Конституциялық Кеңесі 1995 жылы Республика Конституциясына сәйкес, Конституцияның ұлықтығын қамтамасыз ететін орган ретінде құрылды. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның «Конституциялық Кеңес» деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Кеңестің құзыреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешімдерінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс жүргізудің бірқатар мәселелері сондай-ақ Республиканың процессуалдық және өзге де заңдарында қарастырылады.
Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік организация Конституцияның мәртебелілігі – билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды.
Конституциялық бақылау – осы мемлекеттің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеретін, мемлекеттің құқық қорғаушы қызметінің ерекше түрі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде әр түрлі құқықтық жүйелердің белсенді жанасушылығы жүріп жатыр. Солардың басышылығы болып жалпы құқықтың бастамасы адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, заң мен құқықты мойындау. Сондықтан әрбір ел өз конституциясын қорғау кезінде осы шартты жүйедегі ортақ критерияларды ескеру қажет.
1. Қазақстан Республикасының конституциясы. Алматы. «Жеті жарғы» 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.
3. Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламенті»

Арнайы әдебиеттер:

1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура: Монография. - Алматы : Өркениет, 2002. - 400 б.
2. Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Оқу құралы.-Астана «Фолиант», 2001.-176 б.
3. Атаханова С.К. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру. Оқу құралы. Алматы, 2008.-115 б.
4. Ағдарбеков, Т. Құқық негіздері: Оқу құралы / Төкіжан Ағдарбеков, Айжамал Әлайдар, Ақ-әділ Алайдаров.- Алматы: Заң әдебиеті, 2009.- 260 б.
5. Бақұлов. С.Д. Құқық негездері. Оқулық. Алматы, 2004.-248 б.
6. Бақтыбаева М.А. Вестник института законодательства РК, 2012 №2 (14). 38-42 б.
7. Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан. Выпуск №2. Алматы, ТОО «Баспа», 1999;
8. Данишбаева, М. С. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі құқықтық саясат концепциясы. Қазақстанның ғылыми әлемі журналы № 1 (47), 2013.
9. Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К., Турлаев А.В. «Основы государства и права современного Казахстана» Астана 2000.-282 б.
10. Жүрсімбаев, С.К. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары: Оқулық / С.К. Жүрсімбаев.- Алматы: Нұр-пресс, 2010.360 б.
11. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы, Жеті жарғы. 1999.-424 б.
12. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларының жинағы. 1996-2003 ж.ж. Астана: Дом печати Эдельвейс, 2003 ж.-787 б.
13. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы. 9-басылым. Алматы: 2006 ж.-112 б.
14. Қазақстан республикасының Конституциясы, Президент, Парламент және оның депуттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, Сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары. Құраст. Б.Ә. Мұхаметжанов, А.Н. Котлов. Алматы: Жеті жарғы, 1999.-432 б.
15. Лазерев Л.В. Конституционный Суд России и развитие конституционного законодательства.//журнал Российского права №11. 1997.
16. Лафитский В.И. Основы конституционного строя СШС. М., 1998. -88 б.
17. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: акадаемиялық курс. Өнделіп, толықтырылғын, 2-басылымы. Алматы: Жеті жарғы, 2004.-480 б.
18. Шеретов, С. Г. Конституционное право Республики Казахстан, краткий курс : учеб. пособие. Алматы: Данекер. 2002.-163 б.
19. Шайо А. Самоограничение власти. Краткий курс конституционализма. М., 1999.-227 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық
бақылау органы ретінде

Астана 2016
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің
қалыптасуы ... ... ... ...5
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құрылымы мен
мәртебесінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Конституциялық Кеңес құзыретінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 9

2 Қазіргі уақыттағы Конституциялық Кеңестің құрамы мен конституциялық іс
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Конституциялық Кеңестің қазіргі құрамы және қатысқан
конференциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Конституциялық Кеңестің актілері және шешімдерінің түрлері және
шешімнің заңдық
күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 25

Кіріспе

Құқықтық демократиялық мемлекетте конституцияны ерекше қорғау мен
сақтау конституцияның заңдылық қасиетінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл конституцияда бекітілген және реттелетін қоғамдық қатынастардың
маңыздылығымен сипатталады. Конституцияны құқықтық қорғау мемлекет пен
қоғамның қызметінің негізгі институттары: мемлекеттің конституциялық
құрылысының негіздерін, осы мемлекеттегі тұлғаның құқықтық жағдайының
негіздерін, мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдаструды
қалыптастыратын конституцияның тұрақтылығына әсер етеді.
Ата заң - халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң
тілінде айшықтаған, жер шарына, бүкіл адамзатқа Қазақстан деген мемлекет
бар екенін паш еткен зандық құжат. Конституцияның асқан құндылығы - бірінші
рет адам жеке тұлға, құқықтық қатынас субъектісі, мемлекеттің құрылтайшысы
есебінде қаралуында.
Қазақстан Республикасынң Конституциялық Кеңесі 1995 жылы
Республика Конституциясына сәйкес, Конституцияның ұлықтығын қамтамасыз
ететін орган ретінде құрылды. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін
айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның Конституциялық Кеңес деп
аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Кеңестің құзыреті, бұл органға өтініш беру
субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі,
шешімдерінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің
құрылуы мен қызметі мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі туралы Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс
жүргізудің бірқатар мәселелері сондай-ақ Республиканың процессуалдық және
өзге де заңдарында қарастырылады.
Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес – Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз
ететін мемлекеттік организация Конституцияның мәртебелілігі – билік
органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық
актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі.
Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына
жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін
қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға,
лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек
Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді
негізге ала алмайды.
Конституциялық бақылау – осы мемлекеттің заңдары мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеретін, мемлекеттің құқық
қорғаушы қызметінің ерекше түрі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде әр түрлі құқықтық
жүйелердің белсенді жанасушылығы жүріп жатыр. Солардың басышылығы болып
жалпы құқықтың бастамасы адамдардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, заң
мен құқықты мойындау. Сондықтан әрбір ел өз конституциясын қорғау кезінде
осы шартты жүйедегі ортақ критерияларды ескеру қажет.
Біздің ел нарықтық экономикаға көшті. Елде демократиялық саяси
жүйе және еркін азаматтық қоғам, идеология, әлеуметтік және саяси плюрализм
қалыптасқан. Осылар Конституцияның үстемдігіне, құқықтық нормалар мен жаңа
құқықтық институттың қалыптасуына, дамуына өз үлесін қосады. Солардың бірі
Конституциялық Кеңес.
Конституциялық кеңес – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын
ерекше орган. Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның
Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері
бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша
баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған.
Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республика-ның Экс-
Президенттері құқылы болып табылады. Конституция-лық Кеңестің Төрағасын
Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның
дауысы шешуші болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде қалыптасуын
және дамуын кешенді түрде талдау, зерттеу. Бұл мемлекеттiк органның
құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан
Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң күшi бар Жарлығында
айтылған болатын. Бұл мемлекеттiк органның негiзгi мақсаты Конституциялық
заңдылықты қорғау, ал сол үшiн ол мынандай құзыреттерiн орындайды:
Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексередi, Парламент
қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттар Конституцияға сәйкестiгiн
Президент қол қойғанға дейiн қарайды, Конституцияның нормаларына ресми
түсiндiрме бередi және кейбiр сұрақтарды қарайды. Конституциялық кеңес
нормативтiк қаулыларды қабылдайды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы
Конституциялық Кеңестің бақылау-қадағалау қызметі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесінің шешімі, оның қызметімен байланысты нормативтік
құқықтық актісі , ғылыми көзқарасы, пікірі.
Курстық жұмыстың құрылымы:
1-бөлімде Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесінің даму
тарихы туралы жазылған. Бұл бөлімде біз Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесінің түсінігі және оның
құзыретіне тоқталып кеттік. Яғни бір сөзбен айтқанда біз Конституциялық
Кеңес қашан пайда болды, оның атқаратын міндеттері және басқа
мемлекеттердегі конституциялық бақылаудан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы
баяндадық.
2-бөлімде Қазіргі уақыттағы Конституциялық Кеңестің құрамы және
Конституциялық іс жүргізу, актілері, шешімдерінің түрлері және шешімдерінің
заңдық күшіне толығырақ тоқталамыз. Мұнда республикамыздың регионалдық
мәселелері, оны реттеу шаралары туралы жазылады.
1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қалыптасуы

1.1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құрылымы мен
мәртебесінің түсінігі

Кеңестің құрамын қалыптастыру туралы мәселе конституциялық бақылауды
тиімді жүргізу шарттарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Кеңесті
қалыптастыруға Республика Президенті, Парламент Палаталары, сондай-ақ оның
төрағалары қатысады. Ол жеті мүшеден тұрады, өкілеттілігі алты жылға
созылады және қалпына келтіруге жатпайды [2, 101 б].
Жекелеген елдерде конституциялық бақылау органдарына тиесілі
ерекшеліктердің көп түрлігінен оларды қалыптастырудың бес негізгі тәсілін
бөлуге болады.
1. Мемлекеттік биліктің үш тармағының қатысуымен – заң шығарушы,
атқарушы және сот. Мәселен, Болгарияда Конституциялық соттың төрт-төрттен
судьясын Халық Жиналысы сайлайды, Президент тағайындайды және Жоғарғы
кассациялық сот пен Жоғарғы әкімшілік сот судьяларының жалпы жиналысы
сайлайды. Молдова Республикасында алтауынан екі судьяны Парламент,
Президент және Жоғарғы магистратура кеңесі тағайын-дайды. Испанияда
Конституциялық соттың мүшелерін төрт-төрттен Парламент Палаталары (Конгресс
және Сенат), екі-екіден Үкімет пен Сот би-лігінің Бас кеңесі ұсынатын
кандидаттардың ішінен король тағайындайды.
2. Мемлекеттік биліктің екі тармағының қатысуымен – атқарушы және
заң шығарушы. Мәселен, Армения Республикасында Конституцияық Соттың тоғыз
судьясынан бесеуін Парламент – Ұлттық Жиналыс, төртеуін – Республика
Президенті тағайындайды. Белоруссияда алты судьяны Президент және алтауын
Парламент Сенаты тағайындайды.
3. Мемлекеттік биліктің бір тармағының қатысуымен – не заң
шығарушы, не атқарушы. Мәселен тек мемлекеттік биліктің өкілетті органы
Венгрияның, Германияның, Қырғызстанның және кейбір басқа да мемлекет-тердің
Конституциялық соттарын тағайындайды (сайлайды). Атап айтқанда Германияның
Федералдық Конституциялық соты құрамының жартысын (он алтысының сегізін)
Бундестаг, екінші жартысын – Бундесрат сайлайды. Мемлекет басшысының атынан
тек атқарушы билік конституциялық соттың судьяларын Австрияда, Испанияда,
Түркияда және басқа да елдерде тағайындайды. Португалияда он үш судьяның
ішінен оның Республика Ассамблеясы тағайындайды, ал үшеуі – осы онның
шешімімен шешіледі.
4. Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен. Мәселен,
Францияда төрағаны қосқанда, Конституциялық Кеңестің үш мүшесін Республика
Президенті, үшеуін – Ұлттық жиналыстың төрағасы және үшеуін – Сенат
төрағасы тағайындайды.
5. Мемлекет басшысының және парламенттің қатысуымен. Қазақстанда
төрағаны қосқанда, Кеңестің үш мүшесін Президент және екі-екі мүшеден
Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Ресей Федерациясында
Конституциялық Соттың судяларын Президенттің ұсынуы бойынша Федерация
Кеңесі сайлайды.
Төрағаны және Кеңестің екі мүшесін тағайындау құқығы мемлекет
басшысына тиесілі, екеуін Сенат төрағасының ұсынымы бойынша Парламент
Сенаты және екеуін Мәжіліс төрағасының ұсынымы бойынша Парламент Мәжілісі
тағайындайды. Конституцияға сәйкес Кеңес құрамының жартысы әр үш жылда
жаңартылып отырады. Ротацияны қолдану осы органның құрамында күрт
өзгерістерді болдырмауға мүмкіндік береді және оның жұмысында белгілі бір
тұрақтылық пен сабақтастықты қамтамасыз етеді. Конституцияға сәйкес
Қазақстан Республикасының бұрынғы президенттері тағайындау бойынша емес,
құқық бойынша Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері болады; олар ант
қабылдамайды, оларға жас және өзге де шектеулер қойылмайды [18, 140 б].
Заңнамаға сәйкес Төраға және Кеңес мүшелері белгілі бір
талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
1. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматтығындағы жай-күйі және
оның аумағында тұруы;
2. жас шектеуі (кандидат отыз жастан төмен болмауы тиіс);
3. жоғары заң білімі;
4. заңгерлік мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Жоғары аталған талаптарды белгілеу конституциялық бақылау
органының құрамына белгілі бір өмірлік тәжірибесі, кәсіби және адамгершілік
қасиеттерге ие адамның тағайындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Осыған ұқсас талаптар көптеген шет мемлекеттердің конституциялық
соттарының судья лауазымдарына қойылатын атап өту керек. Олардың
кейбіреулерінің Қазақстан Республикасынан айрмашылығы кәсіби қызметте өте
ұзақ өтілді белгілейді (Австрия, Украина – 10 жыл, Испания, Молдова – 15
жыл).
Конституциялық Кеңес туралы конституциялық заңда Кеңес Төрағасы
мен мүшелерінен олар тағайындалғаннан кейін Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында салтанатты жағдайда Республика Президентіне ант
беретіндігі белгіленген. Ант беру осы органның конституциялық мәртебесіне,
оның азаматтық және кәсіби жоғары жауапкершілігіне нышан береді, әрі
салтанаттылық кейіп береді. Конституцияға адал болуға ант беру
конституциялық заңдылықты нығайту процесіне, Кеңес құрамының өзара іс-
қимылы мен шоғырлауына оң әсер етеді.
Тәуелсіздіктің маңызды кепілі Кеңестің қызметіне қандай да бір
араласу, сондай-ақ қысым немесе өзге де ықпал көрсетуге жол берілмейтіндігі
және заңда белгіленген жауапкершілікке әкелетіндігі туралы ереже негіз
болады. Осыдан Төраға мен Кеңес мүшелері олардың ерік білдіру бостандығына
қандай да бір әсер болмайтын шарттарда істі шешетіндігі және қорытынды
беретіндігі туындайды.
Тәуелсіздік пен қол сұқпаушылық Төраға мен Кеңес мүшелерінің
өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтатудың ерекше тәртібі туралы нормалармен
де қамтамасыз етіледі. Конституциялық заңға сәйкес Кеңес мүшесінің
өкілеттігі мынадай жағдайларда, егер ол:
1) дәлелді себептерсіз кемінде қатарынан үш рет Конституциялық
Кеңестің отырыстарына қатыспаса;
2) деңсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз міндеттерін
орындай алмаса;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп
танылса, тоқтата тұруы мүмкін.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігі сол
сияқты, егер заңда белгіленген тәртіппен оны қамауға алуға , әкімшілік
немесе қылмыстық жауапқа тартуға , сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдану, іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті
шектеулі деп тану туралы тиісті шағым қозғауға келісім берілген жағдайда
тоқтатыла тұруы мүмкін [17, 353 б].
Өкілеттігі тоқтатыла тұрған адамның Конституциялық Кеңестің
отырыстарына қатысуға, ресми құжаттарды мемлекеттік және қоғамдық
органдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға жіберуге, олардан қандай да
құжаттар мен өзгедей ақпаратты талап етуге құқығы жоқ. Өкілеттіктерді
тоқтата тұру Төраға мен Кеңес мүшесі үшін заңнамада белгіленген оның
материалдық және іс жүргізу кепілдіктерінен айырмайтын көрсету керек.
Төрағаның және Кеңес мүшесінің өкілеттіктерін тоқтата тұру Конституциялық
Кеңестің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ол оны тоқтата тұру үшін негіз
анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
Қолданыстағы заңнамада мұнымен қатар Конституциялық Кеңес
Төрағасы мен мүшесінің өкілеттігін тоқтату негіздері де анықталған. Олар:
1) орнынан түсуі туралы өтінішінің қанағаттандырылуы;
2) Жоғарғы Соттың ол жөнінде заңды күшіне енген айыптау үкімінің
болуы;
3) заңды күшіне енген сот шешімімен оның іс-әрекетке қабілетсіз
деп танылуы;
4) заңды күшіне енген сот шешімімен оның өлген деп танылуы;
5) оның қайтыс болуы;
6) Конституциялық Кеңес туралы конституциялық заңда көзделген
шарттардың сақталмауы;
7) Конституция мен Конституциялық Кеңес туралы Конституциялық
заңда белгіленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы;
8) қызметте болуының Конституцияда белгіленген мерзімінің
аяқталуы;
9) алпыс жасқа, ерекше жағдайларда алпыс бес жасқа толуы,
Республиканың экс-Президенттері бұған кірмейді;
10) саяси мақсаттарды көздейтін саяси партияға немесе немесе өзге
де қоғамдық бірлестікке кіруі нәтижесінде тоқтатылады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының өкілеттігін тоқтатуды Республика
Президенті, ал Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігін тоқтатуды Кеңес
мүшесін тағайындаған Парламент Палатасы жүзеге асырады.
Кеңес Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды адамдары болып
табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы
Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізіміне
сәйкес Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері саяси қызметшілерге
жатқызылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес
кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен
заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағат-тандыру
арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке
(жеке кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Конституция заңды тұлға
құрмай да, заңды тұлғаның құрамында да кез келген нысанда кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға тыйым салады.
Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің Конституцияның үстемдігін
қамтамасыз ету бойынша жүктелген функцияларын тәуелсіз жүзеге асыруын
қамтамасыз ететін конституциялық кепілдіктерді бекітеді. Ең алдымен, оларды
конституциялық іс жүргізу барысында ұстанатын ұстанымы, сондай-ақ
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша айтқан ерекше пікірлері үшін қудалауға
жол бермеу туралы нормалар белгіленген. Айталық, Төраға Парламент
Палаталарының бірлескен отырысында Респубикадағы Конституциялық заңдылықтың
жй-күйі туралы Конституциялық Кеңестің Жолдауын жария етеді. Онда оның
өткен жыл ішіндегі қызметінің қорытындысы қамтылып қана қоймай, мемлекеттік
билік органдарына заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі [4, 47 б].
Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің өміріне қол сұғылмайды. Оларды
қандай да бір жағдайда өз өкілеттіктері мерзімі ішінде қылмыс үстінде
ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің
келісімінсіз заңды жауапқа тартуға болмайды. Осыған байланысты, заңнамада
белгіленген Кеңес мүшелерін жауапқа тартумен байланысты мәселелерді шешудің
ерекше тәртібінің үлкен кепілдік әлеуеті бар.
1. Қылмыстық істі анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын
Республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алатыны туралы ереже
белгіленеді.
2. Істі тергеу барысында заңдылықтың сақталуын бақылауды
қадалауды жоғары заң шығару органына ұсыным енгізуе айрықша құқық
берілген Республиканың Бас прокуроры жүзеге асыратыны бекітіледі.
3. Кеңес мүшесін қылмыстық жауапқа тарту туралы Парламенттің
келісімі талап етіледі.
4. Кеңес мүшелеріне қатысты қылмыстық істі Республиканың Жоғарғы
соты қарайды. Белгіленген рәсім кеңес төрағасы мен мүшелерін мақсаты
олардың конституциялық міндеттерін орындауға кедергі келтіруге болатын
мемлекеттік билік органдарынның тарапынан жасалатын негізсіз акциялардан
қорғауға арналған. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің
тәуелсіздігі басқа да заңнамалық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі.
Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен
мүшелерінің іс жүргізудегі мәселелерді қарауда және олар бойынша шешімдер
қабылдауда тең құқықтарға ие болады. Конституцияның 71-бабының 6-тармағын
сәйкес Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық
заңмен реттеледі. Қазіргі кезде конституцияның нормаларынан басқа,
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық
заң, оның қызметінің Регламенті, сондай-ақ өзге де заңнамалық актілер
Конституциялық Кеңестің мәртебесін бекітетін кешенді нормативтік құқықтық
акті болып табылады.
Құқықтық мәртебе Қазақстан Респбликасының аталған нормативті
құқықтық актілерінде белгіленген жасақтау тәртібін, құрамын, өкілеттігін,
құрылымын, конституциялық іс жүргізу субъектілерінің шеңберін, өтініштерді
қарау ережесі мен рәсімін, Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің арасындағы
өкілеттіктер мен міндеттердің жиынтығын қамтиды.
Кеңестің құқықтық жағдайын конституциялық заңмен реттеу аталмыш
органның мемлекеттің тетігіндегі маңыздылығы, оның Республиканың барлық
аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясының үстемдігін қамтамасыз
ету жөніндегі айрықша өкілеттіктері туралы куәландырады [3, 97 б].

1.2. Конституциялық Кеңес құзыретінің қалыптасуы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде өзінің
қалыптасуында конституциялық бақылаудың еуропалық моделін таңдап алды.
Конституциялық Сот 1992 жылы құрылды және сол жылы Қазақстан
Республикасындағы Конституциялық Сот туралы және оның құрылу тәртібін,
құрамы мен өкілеттігін айқындайтын Қазақстан Республикасында
конституциялық сот ісін жүргізу тәртібі туралы Заңдар қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясында Конституциялық Сот Конституцияны қорғау бойынша ең жоғарғы
сот билігі ретінде айқындалды. Бұл Заңда Конституциялық Соттың құзыретіне
актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы
Президентінің, Министрлер Кабинетінің мүшелерінің, Жоғарғы Сот пен Жоғарғы
Төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы
дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын
сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты
құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау,
тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б жатты. 1995
жылғы Конституцияға сәйкес Конституциялық Соттың орнына сот жүйесіне
кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды [12, 585 б].
Конституцияда белгіленген Конституциялық Кеңес құзыретінің көлемі
мазмұны бойынша жабық болып табылады әрі мынадай өкілеттіктер тобынан
тұрады.
Бірінші топқа даулы мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктер
жатады. Конституциялық Кеңес дау болған жағдайда:
- Республика Президентінің сайлауларын;
- Парламент депутаттарының сайлауларын;
- республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселені
шешеді.
Екінші топқа Конституциялық Кеңестің:
- Президент қол қойғанға дейін заңдарды;
- Парламент пен оның Палаталарының қаулыларын;
- Парламент ратификациялағанға дейін халықаралық шарттардың
Конституцияға сәйкестігін қараумен байланысты өкілеттіктері жатады.
Үшінші топқа Конституциялық Кеңестің:
- Конституция нормаларына ресми түсінік берумен;
Мемлекет басшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған
жағдайда қорытынды берумен байланысты өкілеттіктері жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін
жұмысбасты етпеу үшін құзырет Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік
органдарына сайлауға ғана қолданылады. Конституцияға сәйкес ол мынадай мән-
жайлар болған жағдайда сайлау немесе республикалық референдум өткізудің
дұрыстығы туралы мәселені қарауға құқылы:
1) сайлау науқаны (референдум) процесінде жариялылық игілігі
болған және дауыс беру қорытындыларына ықпал еткен күрделі бұзушылық тар
айқындалса;
2) шешілмейтін, даулы (немесе қақтығысты) оқиға туындаса;
3) дауларды шешудің әкімшілік және соттық ресурстары жойылса;
4) сайлау (немесе референдум) өткізудің легитимділігіне қатысты
күмән болса;
5) уәкілетті субъектінің өтініші болса.
Заңнамалық актілерді күшіне енгенге дейін Конституциялық Кеңестің
тексеруінің маңызды ерекшелігі бар және Конституцияны қорғаудың тиімді
тәсілі болып табылады. Бұл жағдайда тәжірибе көрсетіп отырғанындай,
Конституцияны қорғаудың тиімді тәсілі болып табылатын бақылаудың алдын алу
нысаны туралы сөз болып отыр. Аталмыш саланы бақылау, ең алдымен заңнамалық
актілердің көмегімен мемлекеттің мемлекетшілік қатыныстардың аса кең
спектрін реттейтініне , ішкі қоғамдық тәртіпті, билік органдарының,
азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын орнататынына
байланысты.
Заңдар көмегімен мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын іске
асыруды қамтамасыз ететін, құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін шектейтін немесе оларды беретін мінез-құлық шектерін
анықтайтын аса қуатты құрал болып табылады. Президенттік басқару нысанында
конституциялық бақылау заң шығару билігін шектеуге және заң шығару
саласында Парламент пен Үкімет арасындағы қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз
етуге бағытталған.
Бақылаудың алдын алу нысаны Конституцияны тиімді қорғаудың,
заңнама мен мемлекеттің барлық құқықтық жүйесінің біртұтастығын, қамтамасыз
етудің барынша әрекетті құралы болып табылады.
Заңдардың Конституцияға сәйкес келуін тексеру басқа елдерде де
конституциялық бақылау органдарының маңызды функцияларының бірі болып
табылатынын атап өту қажет. Бұл нысан алдын алу (не кейіннен бақылау)
түрінде Ресейде, Белоруссияда, Украинада, Литвада, Әзербайжанда, Венгрияда,
Болгарияда, Словакияда, Испанияда және басқа да елдерде қолданылады.
Осылайша, кейбір елдерде мұндай бақылау әмбебап (бәрін қамтитын) сипатта
болса, басқаларында шектелген сипатта болады [14, 369 б].
Тәжірибе Конституцияны қорғаудың алдын алу нысандарының мынадай
мінсіз артықшылықтарын көрсетеді:
Біріншіден, заңнамалық процесс кезеңдерінің бірінде конституциялық
заңдылық қағидатын қорғауға тікелей бағытталған, бұл арқылы ағымдағы
заңнаманың тұрақтылығына ықпал етеді;
Екіншіден, Конституцияға сәйкес келмейтін заң күшіне енген
жағдайда, оның негізінде өзге шешімдер қабылданатын көптеген заңға тәуелді
актілердің күшін жою проблемасын болдырмайды;
Үшіншіден, бұл бақылау нысаны Конституциялық Кеңеске заң
шығарушының өкілеттіктерді Конституцияда бекітілгенге қарағанда, өзгеше
бөлуге ұмтылысын тежеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Конституциялық
Кеңес көмегімен саяси жүйе мен конституциялық құрылым негіздерінің
тұрақтылығы қамтамасыз етілетін құрал ретінде болады. Конституциялық Кеңес
құқықтық рәсімдер арқылы Парламент депуттарының радикализм көріністерінің
жолын кеседі , бұл арқылы саяси өмірдің тұрақтылығына ықпал етеді.
Конституциялық Кеңес, Парламент елдің Негізгі заңына
сәйкестілігін ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды қарау құқығын
иеленеді. Халықаралық шарттар туралы Заңға сәйкес ратификациялауға
мынадай халықаралық шарттар жатады:
1) орындалуы қолданыстағы және жаңадан қабылданған заңдарды өзгертуді
талап ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына
көзделгеннен басқа ережелерді белгілейтін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту туралы
шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен
аумақтық шектелуі туралы , сондай-ақ Қазақстан Республикасының айрықша
экономикалық аймағы мен құрылықтық шельфін шектеу туралы;
3) Қарусыздану немесе қарулануды, халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуді халықаралық бақылау мәселелері
жөніндегі мемлекетаралық қатынастар негізі туралы, сондай-ақ ұжымдық
қауіпсіздік туралы бейбіт шарттар;
4) Егер мұндай шарттар Қазақстан Республикасының тәуелсіз құқықтарының
бөлігін жүзеге асыруды беруді көздесе немесе Қазақстан Республикасына
олардың органдарының шешімдерін заңды міндеттеуді белгілесе, Қазақстан
Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдар мен
өзге де бірлестіктерге қатысуы туралы;
5) Мемлекеттік займдар және Қазақстан Республикасының экономикалық және
өзге де көмек көрсетуі туралы.
6) Халықаралық шарттарды ратификациялауға дейін тексеру- бұл шарт
мемлекеттер үшін міндетті бола отырып, ішкі заңнама алдында үстемдік
иеленетін жағдайды, бұл өз кезегінде халықаралық шарттардың толығымен
не оның жекелеген ережелері күшінің жойылуы тек мемлекетішілік емес,
халықаралық-құқықтық механизмер әрекеттер нәтижесі болуы тиіс
жағдайларды болдырмайды. Өтінішті қарау нәтижесі халықаралық шартарды
не оның жекелеген ережелерін конституциялық деп тану не тнымау туралы
шешім болып табылады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес емес деп танылған халықаралық шарттарға қол
қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
7) Конституцияға сәйкес Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына
ресми түсіндірме береді.
Конституцияға ресми түсіндірме беру Конституциялық Кеңестің аса
сындарлы өкілдерінің бірі болып табылады. Ол Қазақстанның барлық құқықтық
жүйесі үшін маңызды теориялық және практикалық мәнге ие. Норманың мағынасын
түсініп алмай оны қолдануға болмайды. Басқаша айтқанда, түсіндірме берудің
мақсаты нақты дауларды тиімді шешуге қажетті жағдай ретінде құқықтық
норманың ( бастапқы) түпкі мағынасын белгілеуде. Қазіргі
конституционалстердің пікірінше. Түсіндірме беру кезінде ең алдымен
конституцияның мағынасын анықтап алу қажет. Егер конституция мен заңның
арасында келіспейтін қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда, заңға назар
аудармастан, басымдықты елдің негізгі заңы ретінде конституцияға беру қажет
[19, 127 б].
Түсіндірме берудің барынша толық тәсілдерін Дж.Стори АҚШ-тың
Конституциясына берген Түсіндермеде қалыптастырды: Түсіндірме беру кезінде
біз оның табиғаты мен мақсаты, көлемі мен реттеу сипаты қандай екендігін
қарауымыз тиіс. Егер сөздер қарапайым, түсінікті және белгілі болса, оларды
түсіндіру қажет емес, егер әрқайсысы жалпы қолданылатын болып табылатын екі
мағына берілсе, онда сөздің әріптік мағынасынан алшақтамайтын, құжаттың
табиғаты мен мақсатына, көлемі мен реттеу сипатына барынша сәйкес келетінін
пайдалану керек. Ал Ф.Люшердің пікірі бойынша, түсіндірме беру кезінде:
мынадай жолмен анықтауға болатын: егер норманың мәтінді екі түрлі
мағынамен түсіндіруі мүмкін болса, оны іс-әрекеттерінен нәтиже күту қажет
болмайтын нұсқасынан гөрі оң әсер беруге бейім мағынасында түсіндіру
кезінде бәрінен артық көрінетін пайдалы әсер әдісіне сүйену қажет [6, 41
б].
Актілерге түсініктеме беру түрлерінің көптігіне ағылшын епископы
Хоудли сонау XVII ғасырда-ақ назар аударған, оның пікірінше кімнің
жазылған немесе жазылмаған заңдарға түсініктеме беруге абсолютті билігі бар
болса, сол кісі барлық қатынастарда туа бітті заң шығарушы болып табылады
[16, 87 б].
Кеңеске жүктелген өкілдіктің құқық қолдану практикасы үшін
маңыздылығын ескере отырып, Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме
беруде өз шешімін талап ететін кемінде бес проблеманы тап өту қажет:
1) Конституциялық Кеңестің конституцияның қандай да бір ережесіне
түсіндірме беру кезінде өз бетінше норма қалыптастыру құқығы бар ма,
немесе даулы ереженің мазмұнын айқындаумен не ашып берумен шектелуі
тиіс пе?
2) Түсіндірме актісі Конституцияның басқа нормаларының мағынасы мен
мазмұнын өзгерте(толықтыра) ала ма?
3) Конституциялық Кеңес құқық қолданушы немесе құқық шығармашылығы органы
болып табылады ма, егер де солай болса, онда оның құқық шығармашылығы
процесіне қатысу шегі қандай, билікті бөлу қағидасында бұзушылықтар
жоқ па?
4) Конституцияда берілген кіріспеге , сондай-ақ ұғымдар мен терминдерге
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық бақылаудың Қазақстан Республикасында пайда болу тарихы мен оны жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшелiктерi
Конституциялық кеңестің конституция нормаларын жүзеге асыру құралы ретіндегі қызметі
Конституциялық Кеңестің актілері
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі
Конституциялық бақылаудың мәртебесі
Республика Конституциясында және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы
ҚР-сы Парламенті
Пәндер