Бәсеке күрес - нарықтық экономика механизімінің басты элементі



Кіріспе 3.4

1. бөлім. Бәсеке күресі және оның экономикалық мазмұны 5.13
1.1. Бәсеке күресіне жалпы сипаттама 5.6
1.2. Сұраныс пен ұсыныс бәсекенің элементтері 6.9
1.3. Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары 9.13

2. бөлім. Бәсеке күресінің түрлері 14.21
2.1. Жетілген бәсеке күресіне сипаттама 14.19
2.2. Жетілмеген бәсеке күресіне сипаттама 19.21

Қорытынды 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өмір шендігі, оның тауарлар нарығында және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару негізгі мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде Казақстан Республиқасы сапаның деңгейін көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасыда төмен болады. Казақстан Республикасы «ВТО»-ға кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса – ол бәсеке түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер біздің елдің өнімің сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.
Бұл мәселе бүгіңгі қүнде өте маңызды, сондықтан мен осы тақырыпты: «Бәсеке қүрес - нарықтық экономика механизімнің басты элементі»- таңдап алдым.
«Тек бәсеке – қүрес бола отырып, тауар өнімінің сапасының деңгейі көтеріледі, бұл экономикада өте маңызды» – деген гипотиза шығарып отырмын. Соны ашу үшін кітаптармен газеттерді оқып, талдап бұл жұмысты жаздым.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-
бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені өндірушілердің
бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара
қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке, ал
тұтынушылар арасындағы бәсекені, нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз.
Бәсекелесу-деген сөздің өзі эканомикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірішілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монплистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдакға мәжбүр болады. Монполистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты: нарықтағы сұраныс пен ұсынысты, бағаны, бәсекені қалыптастыруды негізге алдым. Яғни нарықта тауар өндірушілер көп болса, әрине бәсеке пайда болады. Олай болса нарықтағы экономика өрістейді.
Курстық жұмысымның актуальдығы – Қазақстан Республикасындағы бәсеке қүресін дұрыс қамтуыма байланысты, мен осы тақырыпты таңдап, толық ашуға тырыстым.
Әдебиеттер тізімі:
1. Әубакіров А. Б. «Экономика теория» Алматы-1999 ж.
2. БисенғазиевМ.Б,Хамитов А.Ш. «Кәсіпкерлік негіздері» Орал.БҚМУ 2001ж
3. Борисов.Е.Ф «Экономика теория» Москва-1999 ж.
4. Таймас.А «Экономика әлемдік класика 10 томдық» Экономикалық өсу
және бизнес теориясы 2005ж
5. Сагадиев К «аналитический взгляд; Жаңару көшінде»
6. Даухарин «Маркетинг негіздері» Орал 2000 ж
7. Жүнісов Б.С. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы-1999 ж
8. Қазамбаев А.М. «Баға және баға белгілеу» Орал-2001 ж
9 Мамыров Н.Қ, Тілеужанов. М.Ә. «Макроэкономика» Алматы-2003 ж
10. Осипов Г.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-2002 ж
11. Фишер С. «Экономика» Москва-1999 ж
12. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 ж
13. Тәуелсіздік Хабардарлық Біліктілік «Жаңа кәсіпорынды құру» Қостанай

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Казақстан Республикасынын ғылым және білім Министірлігі.

Тақырыбы: Бәсеке күрес - нарықтық экономика механизімінің басты элементі

Орындаған:

Тексерген:

Мазмұны

Кіріспе
3-4

1- бөлім. Бәсеке күресі және оның экономикалық мазмұны 5-
13
1.1. Бәсеке күресіне жалпы сипаттама
5-6
1.2. Сұраныс пен ұсыныс бәсекенің элементтері
6-9
1.3. Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары
9-13

2- бөлім. Бәсеке күресінің түрлері
14-21
2.1. Жетілген бәсеке күресіне сипаттама
14-19
2.2. Жетілмеген бәсеке күресіне сипаттама
19-21

Қорытынды
22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына
басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өмір
шендігі, оның тауарлар нарығында және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы
бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға
деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші
орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу
өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару негізгі мәселесі
болып табылады. Қазіргі кезде Казақстан Республиқасы сапаның деңгейін
көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасыда төмен
болады. Казақстан Республикасы ВТО-ға кіруіне байланысты тауар өнімінің
сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім
жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта
отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен,
сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса
– ол бәсеке түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын
көтеріп, дамыған елдер біздің елдің өнімің сатып алатын деңгейге жетуге
тиіс.
Бұл мәселе бүгіңгі қүнде өте маңызды, сондықтан мен осы тақырыпты:
Бәсеке қүрес - нарықтық экономика механизімнің басты элементі- таңдап
алдым.
Тек бәсеке – қүрес бола отырып, тауар өнімінің сапасының деңгейі
көтеріледі, бұл экономикада өте маңызды – деген гипотиза шығарып отырмын.
Соны ашу үшін кітаптармен газеттерді оқып, талдап бұл жұмысты жаздым.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-
бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені өндірушілердің
бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара
қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке, ал
тұтынушылар арасындағы бәсекені, нарықтағы бағаны, сұраным көлемін
қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз.
Бәсекелесу-деген сөздің өзі эканомикалық пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірішілер
тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия
жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монплистің өнімін пайдаланып, оның
тағайындаған бағасын қабылдакға мәжбүр болады. Монполистің үлкен билікке ие
болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз
болуы да әсерін тигізеді.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты: нарықтағы сұраныс пен ұсынысты, бағаны,
бәсекені қалыптастыруды негізге алдым. Яғни нарықта тауар өндірушілер көп
болса, әрине бәсеке пайда болады. Олай болса нарықтағы экономика өрістейді.
Курстық жұмысымның актуальдығы – Қазақстан Республикасындағы бәсеке
қүресін дұрыс қамтуыма байланысты, мен осы тақырыпты таңдап, толық ашуға
тырыстым.

1-бөлім. Бәсеке күресі және оның экономикалық мазмұны.
1.1 Бәсеке күресіне жалпы сипаттама.

Бәсеке - өндірушілерді ресурстарды мейлінше аз мөлшерде пайдалана
отырып, тұтынушылардың қажеттіліктерін ең төменгі баға бойынша
қанағаттандыруға мәжбүр етеді.
Бәсеке - (лат. сoncurred-қақтығысу) -бұл рыноктық экономиканың
қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында,
өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.
Рыноктың мәнді белгілерінің бірі – бәсеке болып табылады. Бәсеке –
нарықтық қатынас субъектілері арасындағы қүрестін немесе бақталастықтың
қоғамдық формасы.
Бәсеке мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын
жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай
ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы
негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын сол сияқты нарық
жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына
мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің сапалық және сандық сипаттамасын
анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір
сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана
алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық
мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып
алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер
пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында
қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нарықтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

1.2 Сұраныс пен ұсыныс бәсекенің элементтері.

Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың
ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл: техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі –
бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынандай формуламен
анықталады: Бт = Бс + Шт мұнда, Бт –тұтыну бағасы Бс – сатылу бағасы,
Шт - бұл өнімді тұтынушылардың шығындары.
Екінші тәсіл: тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл
тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және
оның сапалылық денгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артырығырақ болатын
тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа денгейі
бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл: бұл тәсіл техникалық денгейі және сату бағасын есепке
ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге
сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің денгейі және
базалық үлгілер мына формуламен анықталады:
КК = ККэ ККт ККс
КК – тауар денгейінің кешенді көрсеткіші;
ККэ - эстетико- эргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККт - техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
ККс - көрсеткіш кешенінің сенімділігі.
Төртінші тәсіл: бұл тәсілде - бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай
техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде аныкталады.
Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары
деңдейді қызықтыратындарды тандайды.
Қорыта айтканда, біздің Республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу
сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға
мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы
өнімнің сапалық дамуы серпінін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін
болады.
Бәсеке –күрестін орны рынокта болып табылады. Рыноктың жұмыс істеу
механизмі оның сұраным мен ұсынымдарының негізгі элементерінің өз ара
қатынастарына негізделген.
Сұраным деп - адамдардың әртүрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың
қалаулары мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.
Жеке сұраным- жекелеген сатып алушылардың не ана, не мына тауарларға
ақша түріндегі қажеттіліктері.
Нарықтық сүраным – жеке сатып алушылардың қосындысының сұранымдары .
Жиындық немесе ризалықпен қабылдау сұранымы ұлттық деңгейде қалыптасады
және тауарлар мен игі қызметтердің шынайы ауқымын көрсетеді, ол бағаның
белгілі бір деңгейінде барлық экономикалық субъектілерді сатып алуға дайын
тұрады. Сұраныс бағаға тікелей байланысты.
Тауардың салыстырмалы бағасы жоғары болған сайын , оның тұтыну денгейі
төмен келеді. Белгілі бір тауардың бағасы көтерілген кезде тұтынушы оны аз
мөлшерде сатып алады, немесе көп мөлшерде бағасы төмендесе, бұл дегеніміз -
баға теориясын негізі түсіну үшін маңызды экономикалық постулат болып
саналады. Бұл пікір әртүрлі тәсілдермен тұжырымдалуы мүмкін: техникалық
жағынан – бағасына кері пропорциональдық сұраным бар тауарлардың саны,
тауарын көп болған сайын, оны алғымда келмейді, немесе бағаны төмендеуіне
орай тұтыну денгейі өседі. Бағаның төмендеуі тұтыну деңгейі көтереді,
сондықтанда ағымдық пайдалануда тауар көптеп тұтынылады, сол себепті
тауарды пайдалану үшін жаңа ынта қалыптасады, сондықтанда мөлшерлі
тиімділік деңгейі немесе бұрынырақ табысы төмен болған тұтынушылар арасында
жаңа пайдаланушылар дараланады. Өте жоғары баға жағдайында да дәл осылай
болады, тек кері белгімен. Осы факторлардың бәрі тауардың бағадағы
өзгерістерінің не себепті сұраным санының өзгерісіне жеткізетіндігі
түсіндіреді. Әдейілеп немесе әдейілеп етпей-ақ ауытқу, сөз жоқ, баршылықта
байқалады, бірақ олар бәсекелестер жағынан болатын қысымға байланысты
үлкендеу немесе кішілеу шектеуге ілігеді. Мұндағы ереже бас бармақтың
қарапайым ережесінен күрделі емес, - рынок неғұрлым бәсекелі болған сайын,
таза табысты ұлғайту қарекетінен ауытқу соғұрлым аздау болады.
Енді біз ұсыныс деген ұғымды қарап көреміз. Ұсыным, ол - рынокта
түрған немесе оған әкелінетін тауарлар. Экономикалық категориялардың
көмегімен – ұсыным - өндіруші өндіргісі келетін және сата алатын тауарлар
мөлшерінің сол өнім құнына және басқа факторларға байланысын көрсетеді.
Әрбір сәтте өз тауарларын рынокқа ұсынушы өндірушілердің жағдайлары
әрқилы болып келеді. Олардың бір бөлігі тауарды көп өндіріп, рынокқа
әкеледі, басқалары аз өндіріп, аз әкеледі. Олардың бәрі де өз тауарларың
мейлінше жоғары бағамен сатуға тырысады. Оның өзінде тауарларының бағасы
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым белсенді түрде көбірек сатуға, яғни оның
ұсынымың ұлғайтуға тырысады. Сонымен, ұсынымға ықпал етуші ең басты фактор
баға болып шығады.
Ұсынымның оралымдылығына мынадай факторлар ықпал етеді:
-уақытша фактор өндірушінің баға өзгерісіне көңіл аудару мүмкіндігін
анықтайды. Ұсынымның оралымдылығы аз мерзімге қарағанда, әдетті ұзақ уақыт
ішінде көбірек болады. Бұл өндірушілердің өте жоғары бағаға
бейімделулерінен туады. Ұсынымның оралымдылығына өндірісте пайдалатын және
мейлінше ұзақ уақытты талап ететін техникалық прогресс, жетілдірілген
технологияны қолдану, ресурстар құрамының сапалық және сандық өзгерістері
ықпал етеді.
- Өндірістік кезеңнең ұзақтылығы. Өндірістік цикл неғүрлым ұзарған сайын,
ұсыным соғүрлым оралымды болады. Бағаның өзгерісіне тек өндіріс циклы қысқа
өндірушілер ғана тез сезініс білдіре алады.
Сұраным мен ұсынымдардың қалыптасу заңдылығын зерттеп барып, нарықтық
бағаның тепе-тендігі қалай орнығады деген басты проблемаға өтеуге болады.
Ол үшін сұраным талдауын ұсыныс талдауымен біріктіру керек. Сұраным мен
ұсыныс негізінде тепе-тендік бағаны қалыптастыру, сатып алушы тұтынатын
игіліктің ең шекті пайдалылығы деген идеяны қамтиды және ол еңбек құны
неғізінде бағаның ұрылу идеясынан принципті түрде өзгешеленеді. Тепе-теңдік
- әрбір бәсекелес рыноктардың заңы. Әрбір тауарлы рыноктағы тепе-тендік
сақталады.
Тепе-тендіктің бағасы рыноктың бәсекелестік жағдайында орнығады. Алайда
бәсекелестіктің тепе-тендік моделін өзгертуші рынок механизімде
монополиялық араласу элементтері пайда болмаса, барлық тауарлы рыноктар
бәсекелестік тепе-тендікке жақындайды.
Сұраным жағына да, ұсыным жағына да шығатын экономикалық агенттердің
саны рыноктың мынадай әртүрлі моделдерін анықтайды: жетілген бәсеке,
жетілмеген бәсеке. Ол туралы біз басқа бөлімде таныс боламыз.

1.3 Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары.

XX ғасырдың басында еркін бәсеке экономикасының монополистікке айналуы
дағдарысқа әкелді. Мүндай жағдайда, бұдан жыл бұрын таза экономиқалық
теорияның өкілдері – бастапқыда классиқалық, одан кейін маржиналистер арқа
сүйеген Ж. Б. Сэйдің рынок заңы өзінің мәңгілік маңызын жойды.
Институционалистер зерттеген жетілмеген бәсеке проблемасын неоклассиқтер
мойындады. Соңынан белгілі болғанындай, шаруашылық субьектісінің
монополистік қүрылымдарында көрінген жетілмеген бәсеке проблемасын
неоклассик экономистері ілімдерінің өкілдері - Гарвард университетінің
профессоры Э. Чемберлин және Кембридж униварситетінің профессоры Дж.
Робинсон бір мезгілде зерттеген. Олардың теориялары XX ғасырдың ғалым
экономистерінің сөзсіз жетістектері болып саналды.
1933 жылы Антарктика жағалауының бір жағында Э. Чемберлин, екінші
жағында Дж. Робинсон өздерінің Монополистік бәсеке теориясы мен
Жетілмеген бәсеке теориясы атты еңбектерін жазды.
Біріншіден: Э. Чемберлин теориясы бойынша нақты емес жасанды,
абстракцияны таза бәсеке категориясы орнына монополистік бәсеке туралы
әңгіме қозғау дұрыс. Бұл жағдайда сатушылар өздерінің бір-бірімен
бәсекелесу мүмкіндігін сақтайды, бағамен манипуляция жасайды, оның
дәрежесін бақылайды, өзінің рыногында қожайын болады.
Екіншіден: ол енгізген монополистік бәсеке- деген түсінік таза
бәсекенін альтернативі болды. Өйткені, монополистік бәсеке тұсында:
- рыноктық құрылыс кезінде сатушылар саны көп;
- фирма жұмысына бәсекелес фирмалардың тиімді жұмысы әсер етпейді;
- сатып алушылар түрлігі сауда маркісіне байланысты және нақты сатушының
сапалы сипаттамасына қарай өнімді артық көреді;
- дифференцияланған өнім, яғни жақын субститут марқалы өнімдер, кез келген
жаңа сатушыны шығарады, әдеттегі салаға кіру немесе товарлар тобы
рыноққа кіруі шектелмеген.
Үшіншіден: егер бұрын классиктер және неоклассиктер экономикалық өндіріс
шеңбері шартты таза бәсеке деп, ал бәсекелес күрес тек бірыңғай рынокта
болады десе, Э. Чемберлин теориясы бойынша, бәсеке дифференцияланған өнім
негізінде монополия жағдайында орын алады.
Өйткені, бір түрлі ерекше қасиеттері пайда болады, сатып алушы товар
түрінің біреуіне өз басымдылығын білдіреді.
Төртіншіден: егер классиктер мен неоклассиктер монополияның таза
бәсекені ығыстыруына баға күресінің әлсіреуін көрсе, Э.Чемберлиннің
көзқарасы бойынша, бәсекелік күрес монополист- бәсекелестер арасында үнемі
жүрді. Ол баға және бағаға қатысы жоқ бәсекенің дамуына кірді, өйткені ол
оның сапасы мен жарнаманы жетілдіруімен байланысты еді.
Бесіншіден: Э. Чемберлиннің пайымдауы алғаш рет экономикалық
либерализм идеясың зертеушілерді мына ойға түсүрді: таза бәсеке де, таза
монополия да болмайды. Шын мәнінде монополияланған бәсеке саны көп
сатушылар бар жерде болады, бірін –бірі алмастыратын бақталас товарлар
көбейгенде шиеленіседі. Осыдан келіп мынандай көрытынды орынды сияқты:
монополистіқ бәсеке жағдайында сатып алушыға бәсекелес товардың біреуіне
басымдылық көрсету; баламалы емес товар сатушыны басқадан артық бағалау.
Бұл Э. Чемберлиннің логикасы бойынша ірі шаруашылық жүргізуше субъектімен
жарыста шыдап тұру және орта қолды сатушы мен өндіруші монополист болады,
яғни монополия марксистік сынға қарамастан, қаржы бақылауының, өндіріс
шоғырлануы, капитал орталықтануының салдары емес, өйткені ол рыноктың
жүйеде күшейген бәсекеліқ тенденцияға тән.
Э.Чемберлин сияқты Дж. Робинсон бастапқы міндет - өндірушілер өз өніміне
монополист жағдайында баға белгілеу механизмін білу, яғни не себепті баға
осы көлемде және сатып алушылар монополистіқ пайда келтіретін бағамен
товарды сатып алуға келіседі. Бірақ одан әрі автордың пайымдаулары Э.
Чемберлиннің логикалық қүрылымдарынан өзгеше. Айталық, егер соңгысы
монополистік бәсекені тепе-тендіктегі рыноктың табиғи жайы деп сипаттаса,
Дж. Робинсон жетілмеген бәсекеде алдымен бәсекеліқ шаруашылық жүйесінің
тепе-тендіқ жағдайының бұзылуын, жоғалтуын, тіпті жалдамалы енбеқті қанауды
көрді.
Жетілмеген бәсеке теориясы мазмүнды бөліктерінен белгілі болғанындай,
монополияның мәні жағымсыз түрде, рыноктық ортада әлеуметтік – экономикалық
қатынастарды тұрақсыздандыратын фактор ретінде қаралады. Сондыктан бұл
жұмыстың мынандай тұжырымдарын атап өту керек.
Біріншіден: Дж. Робинсонның сенімі бойынша, жетілген бәсеке тұсында
кәсіпкерлер жетілмеген бәсекеге қарағанда өндіріс монополиясына ынтасы аз,
өйткені жекеленген фирмалар оптимал көлемге жете алмайды, тиімсіз қызмет
істейді. Соңдықтан монополист тек қана өз өнімдеріне бағаны көтеру, сонымен
қатар салада өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы өндіріс шығындарын
азайтуға мүнкіндігі болады.
Екіншіден: Дж. Робинсонның көз қарасына сәйкес, монополия өнімінін
товар – субституттарына ерекше бөлінетін талап қояды, яғни басқаша айқанда
дифференциациялануға косымша жағдайлар қажет, осыған сәйкес фирма
монополистері фирма тиімділігін артықша бөлетін көлемдерімен сипатталады.
Үшіншіден: жетілмеген бәсеке бар монопольді рынокта Дж. Робинсон
көрсеткеніндей, мыналарды анықтайтын ситуациялар болуы мүмкін: егер рынокта
бірыңғай біріккен,сатып алушылар деп қарамай бір- бірімен бәсекелес шексіз
сатып алушылар рыногында сатып алушылардың саны қанша болады. Мұндай
сұраныстың шоғырлану ситуациясын, яғни рынокта көптеген ұсақ сатушылар және
бір ғана сатып алушы әрекет етсе, оны ол монопсония немесе сатып алушылар
монополиясы деп атайды.
Төртіншіден: өзінің теориялық зерттеуінің аяқтай келіп, Дж. Робинсон
мынандай қорытынды жасайды: шын мәнінде жетілмеген бәсеке шарттарының басым
болуы өндіріс факторларын қанауға және ірі бірлестіктердің құрылуы бірі –
бірімен бәсекелес ұсак фирмаларды жұтып қоюға әкеледі жекелеп басқару
көлемін ұлғайту – сөзсіз байлыкты бөлудегі әділетсіздікті күшейтеді.
Осындай және басқа да пайымдаулардан бастау алған өндірістің
монополиялану проблемасы Дж. Робинсон көрсеткеніндей, тиімділік және
әділеттілік дилеммасын шешуі тиіс. Оның пікірінше,
монополизацияланудың артықшылығын түсіндіруде оның өндіріс тиімділігін
арттыратындығын көрсету жеткіліксіз. Бірақ М. Блауг байқағанында,
тиімділік пен әділеттілікке сену... экономикалық ғылымның көптеген
бергі иллюзиясының бірі.
Өзінің зерттеу нәтижелерінің негізінде Дж. Робинсонның басқа да құнды
қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік нарық
Қаржы механизмінің жүйесі
Бәсекеге жарамды нарық жағдайындағы қызмет көрсету
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері
Баға нарық категориясы ретінде
Нарықтық қатынастар жайлы
Нарық қатынастарының даму кезеңдері
Нарық құрылымы және инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Пәндер