Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы мен дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Кафедрасы: Мемлекет және құқық теорияся мен тарихы кафедрасы
СОӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы мен дамуы
Орындаған: Сапарғали Ұ. М.
ЮСП (к) -101 тобы.
Қабылдаған: аға оқытушысы,
құқық магистрі Турабаев А. Р.
Астана 2013 ж.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы. Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен РФ, Украина КСР өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақты реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай жағдайда 1990ж. 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы декларация қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін - өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықтық мемлекет құруды негізге алып, ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны қабылдады. Декларация 17 баптан тұрды. Онда алған рет ҚазКСР ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданды деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді. Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай ҚАзКСР өз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата алды. ҚазКСР халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде БҰҰ мүше болуға құқылы болды. Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуенлсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясын қабылдаған 25 қазан Республика күні мерекесі болып бекітілді. 1991ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР -інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991ж. 16 желтоқсанда “қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңы қабылданып, онда ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Осылай Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың да негіздері қаланды.
Ұзамай 1992ж. 3 наурызда Қазақстан БҰҰ, онан кейін т. б. халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныды, олардың елімізде дипломатиялық миссиялары ашылды. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туы және елтаңбасы (1992ж. 04 маусым), әнұраны (1992ж 11 желтоқсанда) қабылданды. Қазақстан демократиялық, құқықтық мемлекет және нарықтық қатынастар құруға бет алды.
1991ж. 01 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы ҚР тұңғыш Президенті болып сайланды. Президенттік биліктің басымдығы тағы да айқындалды.
ҚР 1993 жылғы Конституциясы. 1993 жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды. “Конституциялық құрылыс негіздері” бөлімінің қағидалары мен принциптері Ата Заңның басқа бөлімдеріне негіз болып табылды, оны өзгертудің тәртібі ерекше қиындатылды. Конституцияның бірінші бөлімі (27 бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік береді, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тиым салады деп көрсетіледі. Республиканың әрбір адамының азаматтық алуға және оны өзгертуге құқығы бар. “Қоғам, оның құрылыс негіздері” деп аталатын екінші бөлім “Меншік және кәсіпкерлік”, “Отбасы”, “Қоғамдық бірлестіктер” атты үш тараудан тұрды. Ата заңда меншік түрлерінің сан -алуандығы бкітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілердің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің сан алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның екі түрі (жеке және мемлекет меншігі) аталды. Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы жәнесот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық рол атқарды. Дегенмен, Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестік қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz