«Тұлпар» сервисі



1. компанияның сипаттамасы;
2. компанияның мақсаттары;
3. нарықты талдау және бәсекелес фирмалар;
4. компанияның ұйымдық.құқықтық құрылымы;
5. маркетингтік жоспар;
6. персоналмен жұмыс жасау;
7. инвестиционды жоспар;
8. қаржылық жоспар.
Жалпы алғанда фирманың негізгі мақсаты көлік жөндеу үшін сапалы қызметтерді көрсету болып табылады.
Жоспарланған сервис – орталықтың мамандары көрсетілген қызметтің ағымдағы және кепілденген қызметтің ағымдағы және кепілденген қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық, технологиялық және техногенді көмекті көрсетеді.
«Тұлпар» сервис орталықтың стратегиялық жолдары:
- көрсетілген көлік қызметті тұтынушылар үшін талап ететін және қолайлы қылып жасау;
- компанияда әр серіктестіктер мен қызметкерлер бір топтың мүшесі ретінде сезетіндей етіп атмосфераны жасау;
- қызметті қолайлы баға мен тез көрсету.
Қойылған мақсатқа жету үшін Компанияның көлік қызметіне тұрақты сұранысты құру және сенімді серіктестерді іздеу керек. Сонымен қатар алғашқыда үлкен жарнамалық қомпанияны жүргізу керек.
Сервис – орталық өзіне рентабельді жұмыс түрлерін қосады:
- Кузовті жөндеу;
- Көліктерді бояу;
- Дөңгелектерді жөңдеу;
- Көлік жуу.
Жалпы алғанда сервис – орталық көлік бөліктерін сататын дүкен, қойма және барды өзіне кіргізеді.
Құрылыс.
«Тұлпар» сервис –орталық бір қабатты болып табылады. Жоспарланған ғимаратта:
1. сервис-орталықтың дүкені;
2. авто-сервис орталығы;
3. қойма;
4. көлік жуу;
5. бар орналасады.
Сервис – орталығын құру үшін ең алдымен жергілікті үкіметтен рұқсат және лицензияны аламыз. 2006 жылдың соңында мемлекеттік тіркеуден өтеміз. Сонымен қатар сервис –орталықтың дүкеніне біз бөлшектерді БАЭ «Бахар» деген компаниядан жеткізу туралы келісімшарт бекітеміз және кеден органдармен келісімге отырамыз.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. компанияның сипаттамасы;
2. компанияның мақсаттары;
3. нарықты талдау және бәсекелес фирмалар;
4. компанияның ұйымдық-құқықтық құрылымы;
5. маркетингтік жоспар;
6. персоналмен жұмыс жасау;
7. инвестиционды жоспар;
8. қаржылық жоспар.

Компанияның қысқаша сипаттамасы:
1. компанияның атауы – Тұлпар
2. орналасқан жері – Розабакиева көшесі, №150
3. жобаның бағасы – 750000
4. мерзімі 2006 – 2009

Жалпы алғанда фирманың негізгі мақсаты көлік жөндеу үшін сапалы
қызметтерді көрсету болып табылады.
Жоспарланған сервис – орталықтың мамандары көрсетілген қызметтің ағымдағы
және кепілденген қызметтің ағымдағы және кепілденген қызметті қамтамасыз
ететін ақпараттық, технологиялық және техногенді көмекті көрсетеді.
Тұлпар сервис орталықтың стратегиялық жолдары:
- көрсетілген көлік қызметті тұтынушылар үшін талап ететін және
қолайлы қылып жасау;
- компанияда әр серіктестіктер мен қызметкерлер бір топтың мүшесі
ретінде сезетіндей етіп атмосфераны жасау;
- қызметті қолайлы баға мен тез көрсету.
Қойылған мақсатқа жету үшін Компанияның көлік қызметіне тұрақты сұранысты
құру және сенімді серіктестерді іздеу керек. Сонымен қатар алғашқыда үлкен
жарнамалық қомпанияны жүргізу керек.
Сервис – орталық өзіне рентабельді жұмыс түрлерін қосады:
- Кузовті жөндеу;
- Көліктерді бояу;
- Дөңгелектерді жөңдеу;
- Көлік жуу.
Жалпы алғанда сервис – орталық көлік бөліктерін сататын дүкен, қойма және
барды өзіне кіргізеді.
Құрылыс.
Тұлпар сервис –орталық бір қабатты болып табылады. Жоспарланған
ғимаратта:
1. сервис-орталықтың дүкені;
2. авто-сервис орталығы;
3. қойма;
4. көлік жуу;
5. бар орналасады.
Сервис – орталығын құру үшін ең алдымен жергілікті үкіметтен рұқсат және
лицензияны аламыз. 2006 жылдың соңында мемлекеттік тіркеуден өтеміз.
Сонымен қатар сервис –орталықтың дүкеніне біз бөлшектерді БАЭ Бахар деген
компаниядан жеткізу туралы келісімшарт бекітеміз және кеден органдармен
келісімге отырамыз.

2. Компанияның мақсаттары
Қазіргі уақытта Алматы қаласының өзінде көліктердің саны, оның ішінде
шетел көліктерінін саны жылдан жылға өсіп жатыр. Көлікке қызмет көрсету
нарығындағы жағдай қазіргі уақытта отандық автопарктің даму тенденциясына
тікелей байланысты болып келеді. Соңғы жылдарында ол 3,4 ретке көбейіп,
және ресми емес мәліметтер бойынша Алматы қаласында қазіргі уақытта 320 мың
көлік бар, бірақ дәл санды айтуға мүмкін емес, өйткені әр жыл сайын бұл
көрсеткіш 8-8,5% көбейеді.Бірақ бұл уақытта 1000 алматы тұрғынына 330 көлік
келгенін көре аламыз, сондықтан қазақстандық автопарктің болашақта белсенді
өсуін күтеміз. Осының нәтижесінде автосервистер үшін өте қолайлы жағдай
қалыптасты, яғни берілген қызметтің потеңциалды тұтынушылардың санынын
тұрақты және едәуір көбеюі нәтижесінде сервис – ортылығына деген сұранысын
байқаймыз. Сондықтан да компанияның өзінің алдына негізгі қойылған мақсаты
ол сапалы қызметті көрсету болып табылады, ол үшін біз мамандырылған
мамандарды өз жұмысына кіргізіп, сапалы қызметті көрсетуге тырысамыз.
Алдағы қойылған мақсаттарға жету үшін сервис-орталығы келесідей
қадамдарды жасайды.

3. Нарықты талдау және бәсекелес фирмалар
Техникалық қызмет нарығының құрылымы әлі де нақты мағынасына ие емес.
Қазіргі уақытта танымал брендтердің саны өте аз: бір автосервистің өзі
Мерседес және ВАЗ көліктерімен де жұмыс жасай алады. Біз нарықтың
негізгі төрт деңгейін бөлеміз.
Авторизерленген сервистер.
Жұмыстар ресми дилерлермен және шетел көлік өндірушілермен нақты қарым-
қатынаста жүргізіліп отыр. Сәйкесінше компания нақты бір көліктің түріне
қызмет көрсетуде мамандандырылған. Бұл бизнеске кіру өте қиын: вендорлар
контрагенттерді таңдауға өте мұқият қарайды. Максималды табысты – айына
1000 доллар-ірі қалаларда орналасқан сервистер ғана ала алады. Алматы
қаласында мұндай сервистердің саны өте аз, және оған МАзда, Мерседес және
Опил автосервистерін кіргізуге болады.
Жүйелік автосервистер
Қазақстанда бұл сегмент әлі де дұрыстап дамыған жоқ: ұлттық масштабта
дамыған бірде бір техникалық қызмет көрсету жүйесі жоқ (5 аумақтан көп
територрияда орналасқан). Қазақстан нарығында батыс жүйелері әлсіз
көрсетілген. Және Қазақстанда псевдожүйелер өте дамыған, яғни батыс
компаниялар өзінің өнімін өткізу үшін өз атын қолдауға рұқсат береді.
Автосервистік жүйесіне кіретін бір компанияның орташа табысы бірнеше
бокстармен 5-7 мың доллар айына тең.
Жеке сервистік пунктар.
Оларда аккредитация жоқ болғанына қарамастан, олар авторизерленген
компанияларға бәсекелестік жасай алады: қызметтер бірдей бірақ бағалары 20-
30% төмен. Мұндай автосервистің табысы 2000 доллар айына түспейді, бірақ
ешқашанда 12000 доллардан көтере алмайды. Олардың нақты санын айтуға мүмкін
емес, және олардың сапалы қызмет жасауына ешқандай кепіл жоқ.
Техникалық қызметті көрсетудің ерекше түрі.
Бұл қызметтің түрін үлкен үлес шартымен ғана бизнес деп атауға болады,
оны жеке жұмыс ретінде қарастыруға болады. Бірақ өзінің гараждарында немесе
шақыру арқылы көліктерді жөңдейтін жеке тұлғаларда тұрақты сұранысы бар,
олар айына 800-1200 доллар таза табысты алып келеді.
Алматы қаласында ұсақ СТО сандары өте көп, бірақ олардың көрсетілген
қызметтерінің сапасы өте төмен және көлік иесі көлікті сан рет жөңдеуге
мәжбүр болады.
Бірнеше негізгі бәсекелес және ірі сервис-орталықтарын қарастырайық.
Көлік Сервис сервис-орталығы Алматы қаласында 5 жыл жұмыс жасап жатыр,
оның Жандосов, Навои, Спасская көшелерінде және Таугүль 3 мкр.-да СТО-лар
бар. Олардың негізгі көрсететін қызметтері-кузовты жөңдеу, КПП-автоматтарды
жөңдеу, автоэлектрик және басқалары, олардың бағалары жоғары бірақ
көрсетілген қызметтері де сапалы.
Мерседес авто-орталығы Алматы қаласында 7 жыл жұмыс жасап жатыр,
олардың жұмысы сапалы, бірақ олардың кемшілігі олар тек бір көліктің
түрімен айналысады. Бірақ олар кешенді түрде қызмет көрсетеді.
Perfect сервис-орталығы Алматы қаласында 8 жыл жұмыс жасап жатыр,
олардың негізгі көрсететін қызметтері: жөңдеу және техникалық қызметті
көрсету, кузовпен жұмыс жасау, компьютерлік диогностика және бөлшектерді
сату. Оның 3 СТО-сы бар, олар Рыскулов, Суюнбай және Иссықская көшелердің
бойында орналасқан. Және олар да негізінен мерседеспен жұмыс жасайды.
Олардың көрсетілген қызметтері сапалы болғанымен бағалары өте жоғары
болғандықтан тұтынушылар аясы шектелген.
Біздің сервис-орталықтың артықшылығы ол бірнеше көлік түріне арналған
(мерседес, Toyota және БМВ) және орналасқан орны өте қолайлы болып
табылады, өйткені бұл ауданда көптеген көп қабатты үйлердің және
гараждардың көптігі. Және сонымен қатар біздің көрсетілген қызметтер үшін
бағаларымыз салыстырмалы түрде төмен болады(10-15%).
Автосервистер үлкен сұранысы бар бизнес түріне жатады. 2003 жылдың
бірінші жартысында бір сондай сатылатын компанияға 10 потенциалды сатып
алушы келетін болды. Бұл автосервисті сату уақытын едәуір азайтады, бұл 1,5
айдан көп емес. Жоғары қызығушылықтың себебі ең біріншіден, бұл инвесторлар
бұл компанияларды басқаруда қарапайымдылығы және түсінікті болуымен
байланысты, ал екіншіден бұл кәсіпорындардың үлкен табыс әкелуімен:
инвестицияларды қайтару негізінен 6-10 айдан көп болмайтындығымен
түсіндіріледі. Автосервистің салыстырмалы бағасы 60000-100000 АҚШ доллар.
Көптеген жағдайда олар жалға алынған ғимараттарда жұмыс жасайда немесе жаңа
ғимаратты сатып алады.
Көлік жуу – ешқандай мамандандырылған біліктілігі жоқ, табысты істі
бастауға ұмтылғандар арасында өте кең тараған бизнес болып табылады. Бірақ
бұл үшін ең біріншіден жер учаскісін жалға алу керек, көптеген
бюрократиялық мәселелерді шешіп және құралдарды сатып алу үшін қажетті
қаражаттарды табу керек. Біздің авто-орталығында көлік жуудың бірінші
себебі ол әдетте көлікті жөңдегеннен кейін адам оны жууға тырысады. Біздің
көлік жуу үш үлкен бөлімдерден тұрады, оған сапалы және шетел арнайы
құралдарды сатып аламыз.
Көлік бөліктерін сататын дүкен.
Көлік бөліктері БАЭ-ғы Бахар компаниясынан алып келуін жоспарлайды, ол
үшін алдын ала Кеден органдармен келісім жүргізу қажет. Бұл компания көлік
бөліктеріне жеңілдік береді, көлік бөліктерін жеткізеді және оларда қымбат
емес және сапалы көлік бөліктері бар. Әкелінген көлік бөліктері сервис-
орталықтың арнайы қоймасында орналасады. Жеткізу үшін өтінішті сұраныстың
маусымдық дербелуіне байланысты алдын ала беру керек. Мысалы дөңгелек
жөңдеуде резинаны ауыстыру мезгілінде, яғни күздің соңында және көктемнің
басына келеді. Сервис-ортылықтың қоймасында бөліктер жоқ болса, онда
қажетті көлік бөлігі алматы диллерлерден алынуын жоспарлаймыз. Ол үшін
олармен ерекше келісім жасаймыз.
Бар.
Бар клиенттерге қолайлы болу үшін және сервис-орталықтың жұмысшыларына
арнайы жасалған еді. Ол негізінен клиенттерді тарту үшін қосымша қызмет
ретінде жасалған еді. Онда тек сусындар сатылады.
Сервис – орталығындағы бар келесідей сусының түрін ұсынады:
Коко-кола, фанта, меринда (1 стакан)50 тг
Juicy (1 стакан ассортимент бойынша)70 тг
Сыра (түріне байланысты) 80-300тг
Газ. сусыны (1 стакан) 40 тг
Кофе, шай (1 стакан) 40 тг

Қосымша жаңа қызметтің ұйымдастыруы.

Мұнда жеке қызметті ұйымдастыру – көлік иесінің гаражына жеке шақыру
бойынша (ұсақ және қиын емес жөңдеу бойынша). Бұл қызметтің түріне жеке
көлігі бар механиктер жұмысқа алынады. Егер күрделі жөңдеу қажет болса,
сервис – орталыққа буксировка да қарастырылды.
Жерді таңдау
Сервис орталықтың жоспарланған орналасу жері Момышұлы-Абая. Таңдалған жер
сыртқы жарнаманы жасау үшін өте қолойлы болып табылады. Бұл жерді таңдайтын
басты себебіміз – бұл жердің қасында АЗС, гаражды кешендер және көп қабатты
пәтерлердің бар болуы. Сервис ортылыққа жету үшін қолайлы жолдар бар.
Сонымен қатар таңдаған жерімізде көлік жууға қажетті орталықтандырылған
су құбыры және канализация бар. Салыстырмалы түрде жердің аумағы 2000
кв.метр. Және сервис – орталықтың алдына 10-20 көлік сиятындай етіп алаң
жасауға жоспарлаймыз.

Ұйымдық – құқықтық құрылымы.

Персоналды таңдау.
Қазіргі жағдайда компанияға мамандырылған мамандарды тарту компания
жұмысының сапалы болуына бірінші себеп болып жатыр. Жоспарланған сервис –
орталық өзіне толық қызмет кешенін қосады, сонымен қатар көлік жуу, бар
және көлік бөлшектерін сататын дүкенді де кіргізеді. Сондықтан да қажетті
персоналға кіреді:
Мамандық (Механиктер) саны Орташа жұмыс стажы
Кузовты жөңдеу бойынша 4 7-10 жыл
маман
Көліктерді бояу бойынша 2 5-10 жыл
маман
Дөңгелектерді жөңдеу 3 5-10 жыл
бойынша маман
Көліктерді жуатын 5 -
адамдар
Көлік бөліктерін 2 4-7 жыл
сатушылар
Бар сатушысы 1 -
Жинайтын адам 1 -
Күзетші 1 -

Басшылар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Android мобильдік платформасындағы Сот кабинеті мобильдік қосымшасы
Сервис қызметтің ерекше түрі ретінде
Файлдық жүйе функцияларына шолу
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері туралы
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Сервистік қызмет туралы
Электронды сот өндірісінің дамуы
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Заманауи қазақ тілінің мәселесі
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Пәндер