Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.8
1 Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің
психологиялық ерекшеліктері
1.1 Мектепке психологиялық бейімделу ұғымының
теориялық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.14
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық және
физиологиялық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.23
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуына
оқу іс.әрекетінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.33
1.4 Баланың мектеп өміріне бейімделуіне психологиялық қолдау ... ... .34.41
2 Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуіне
психологиялық қолдауды ұйымдастыру жолдары.
2.1 Баланың мектепке психологиялық бейімделу ерекшеліктерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42.45
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне
психологиялық қолдауды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .46.56
2.2 Зерттеу нәтижесін жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57.58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59.60
Әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61.63
Қосымша

Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің керек ететіні белгілі.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; оқыту, тәрбиелеу және білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту жұмыстарымен қатар, оқушылардың әлеументтенуі және олардың денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді [26].
Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі.
Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді.

1. Асеев В.Г. Возрастная психология. – Иркутск, 1989.
2. Амонашвили Ш.А. В школу – с шести лет. – Москва., 1986.
3. Битянова М.Р. Адамптация ребенка в школе: диагностика, коррекция, педагогическая поддержка. – Москва.: Педагогический поиск, 1987.
4. Битянова М.Р, Азарова Т.В, Е.И. Афанасьев, Н.Л. Васильева. Работа психолога в начальной школе. Москва Совершенство, 1998.
5. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. – СПб.:Союз, 1997
6. Венгер Л.А. Психологическая готовность ребенка к школе. //Вопросы психологии, - 1984. №4
7. Головин С.Ю. Словарь психолога-практика-Минск.,2001
8. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения.
-Алматы, 2004.
9. Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
10. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности.-Алма-ата,
КазГУ. -1982 г.
11. Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога.
М.: Просвещение,1991г.
12. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология – М, 1997
13. Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын
психодиагностикалық тесттер. – Тараз.: Сенім., 2006
14. Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын
психокоррекциялық жаттығулар. – Тараз.: Қорғау Тараз., 2006
15. Изен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг игры и упражнения. - П., 2000
16. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. Москва., 1997.
17. Коломинский Я.Л., Панько Е.А. Учителю о психологии детей
шестилетнего возраста.-Москва.: Просвещение, 1988.
18. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметті ұйымдастыру. – Алматы., 2002.
19. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Пресс.; 2002
20. Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашняе воспитание –
Академия, 1989 г.
21. Люблинская А.А. Мұғалімдерге бастауыш мектеп оқушысының
психологиясы жөнінде. Алматы, Мектеп., 1991.
22. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001 г.
23. Маркова А.К. Формирование мотивации учения в школьном возрасте.-Москва.: педагогика, 1991.
24. Мұқанов А. Жас және педагогикалық психология-Алматы;1981.
25. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Астана, 2007 жыл 28 ақпан.
26. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»
Астана, 2006 жыл 1 наурыз.
28. Немов Р.С. «Психология». М., 1-ІІ-ІІІ том. 1998,
29. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. А.2005 ж.
30. Стыбаева А.Ш. Первичная психологическая адаптация детей 6-7 лет к
условиям школы.-Тараз.,2003.
31. Овчарова В.Практическая психология образования.-М.,2003
32. Осницкий А.К. Саморегуляция деятельности школьника и формирование активности личности.-Москва.,1986
33. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы- Алматы; 1987.
34. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- эксимо-пресс, 2001 г.
35. Реан А.А. Психология познания педагогом личности учащихся.-Москва.,1990
36. Реан А.А. Психодиагностика личности в педагогическом процессе.- СПб., 1996
37. Роббер И.Р. «Психологический словарь» Москва 2000 ж. 1 том
38. Рогов И.С. . Настольная книга практического психолога. Москва-Владос, 2000
39. Рубинштейн Л.С. . Основы общей психологии. Санкт-Петербург-Питер., 2000.
40. Роббер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и группы – М.:Прогресс, 1988.
41. Раттер М. Помощь трудным детям. – М., 1987
42. Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе. .- Алматы.: Қазақ университеті, 2007
43. Тәжібаев Т . Жалпы психология. Алматы – Қазақ университеті, 2003.
44. Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.
45. Шевандрин Н.И. Психодиагностика, коррекция и развития личности. – Москва.: Владос, 2001
46. Шадриков В.Д. Развитие и диагностика способностей. – Москва., 1991
47. Широкова Г.А. Практикум для детского психолога - Ростов-на-Дону., 2004.
48. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері., 1996.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-8
1 Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің
психологиялық ерекшеліктері
1.1 Мектепке психологиялық бейімделу ұғымының
теориялық мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.9-14
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық және
физиологиялық даму ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-23
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуына
оқу іс-әрекетінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..24-33
1.4 Баланың мектеп өміріне бейімделуіне психологиялық қолдау ... ... .34-
41
2 Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуіне
психологиялық қолдауды ұйымдастыру жолдары.
2.1 Баланың мектепке психологиялық бейімделу ерекшеліктерін
анықтау

... ... ... ... ... ... 42-45
2. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне
психологиялық қолдауды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .46-56
2.2 Зерттеу нәтижесін
жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57-
58
Қорытынды

... ... ... ... ... ... 59-60
Әдебиеттер тізімі.

... ... ... ..61-63
Қосымша
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:
Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде
өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің
қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау
қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің керек
ететіні белгілі.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп,
адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін дамытудың негізгі
факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; оқыту, тәрбиелеу және білім
беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту
жұмыстарымен қатар, оқушылардың әлеументтенуі және олардың денсаулығын
сақтау міндеттері де кіреді [26].
Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады.
Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің
белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала
өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады.
Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар оқу
жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең
алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе
психологиялық дайын еместігі.
Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана
емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер.
Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты
болады. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап оларға
интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді.
Балаларды мектепке дейінгі дайындыққа кеткен уақыт пен күшке
қарамастан, бастапқы оқу кезеңінде барлық балалар белгілі бірнеше
қиындықтарды басынан кешіреді. Бұл балалардың мектепке бейімделу кезеңі.
Балалардың мектепке бейімделу кезеңі мектепке дейінгі және мектептегі
өтпелі кезеңді айтуға болады.
Бала Мектеп деп аталатын жаңа әлеуметтік ортада үлкендер тарапынан
айтылатын көптеген талап – тілектерді орындау және мектептің ішкі ережесіне
бағынуы, 45 минуттық сынып – сабақ жүйесіне бейімделуі қажет [6].
Л.И.Божович көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық шақтан мектептік
кезеңге өту оның өмір сүру салтының түбірімен өзгеруімен сипатталады. Оқушы
жағдайы жеке басының ерекше бағыттылығын тудыратынын атап өту керек. Ол
үшін, оқу – білімді меңгеретін жай әрекет немесе өзін болашаққа дайындау
тәсілі ғана емес, ол баланың саналы түрде сезінетін өзіндік еңбек міндеті
және айналасындағылардың күнделікті өміріне қатысуы болып табылады.
Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толққанды
оқу әрекетін қалыптастыру - өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық
жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу – тәрбие үрдісін осы жастың
психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді.
Сондай – ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу
мәселесі мектептегі оқу – тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұрғыда қамтамасыз
ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін
бағындыра алу іскерлігінен көрінеді.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне
арналған зерттеулері Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Чуткина Г.М., Венгер
Л.А., Мухина В.С. және баланың мектепке психологиялық даярлығы мен мектепке
баруы туралы отандық ғалымдар Баймұратова Б., Қойбағаров.,
Қ.Сейсенбаевтың еңбектері маңызды орын алады.
Алты жасар баланың мектепке баруы оның өмірінде ерекше оқиға болып
табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-
әрекетінде, басқ адамдармен қарым-қатынасында ерекше өзгерістермен
байланысты. Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу
болғадықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады,
баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады.
Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Мектепте толығымен
меңгеруіне бір күн немесе бір апта жеткіліксіз. Бейімделу ұзақ мерзімді
қажет ететін процесс. Бала өміріндегі бұл мерзімнің бала өіріндегі
өзгерістерінің психологиясы мен мінездемесін Р.С.Немов дамудың
әлеуметтік жағдайы мен ішкі позициясының түсініктерімен байланыстыру
қажеттігін ұсынды [28].
Сондықтан осы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне
психологиялық қолдау деп алдық.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделіу ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, тәжірибе арқылы
психологиялық қолдау көрсетуді жетілдіру.
Зерттеу нысаны – бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделуі.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделуіне психологиялық қолдау ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы – бастауыш сынып оқушысының мектепке
бейімделуіне жағымды әсер етеді, егер де, әлеуметтік және психологиялық
факторлар ескерілсе, сол ортада білім алып келе жатқан баланың дамуына
үйлесімді қарым-қатынас орнатылса. Баланың мектепке бейімделуіне ата-
аналар, мұғалімдер тарпынан психологиялық қолдау көрсетіп, жағымды әсер ету
арқылы мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселе бойынша психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
1. Психологиялық мәселе ретінде бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделу деңгейін саралау және психологиялық қолдау көрсету
жолдарын қарастыру.
2. Мектепке бейімделуге психологиялық қолдау көрсетуді жетілдірудің
тиімді жолдарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - бастауыш сынып оқушыларының
мектепке бейімделу ерекшеліктері туралы Коломинский Я.Л., Панько Е.А.,
Чуткина Г.М., Венгер Л.А., Мухина В.С. зерттеулеріндегі теориялық
тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері зерттеу жұмыстарды жүргізуге
негіз болды.
Зерттеу әдістері – зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге
теориялық талдау, эксперимент, бақылау, психокоррекциялық жаттығулар,
тестілеу.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми мәселесі
туралы ғалымдардың тұжырымдамаларын мақсатты қолдану және теориялық
тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі – зерттеуде қолданылған әдіс –
тәсілдер бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің психологиялық
маңыздылығын жетілдіру. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық
және сапалық жағынан талдау, өңдеу, ұсыныстар енгізу.
Зерттеу базасы - №42 ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын аралас
орта мектеп.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі , қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны
анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері
құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары
анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделу деңгейі анықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және
тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Бастауыш сынып
оқушыларының мектепке бейімделуіне психологиялық қолдауды арттыру
мақсатында ұсыныстар енгізілді.

Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастыратын
отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының
қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеуде басты
міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау, дамыту. Міне осы орайда
балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою
талабы психологиялық, педагогикалық іс - әрекеттердің тиімділігіне
байланысты.
М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке бейімделуін ұзақ мерзімде
процесс ретінде қарастырып, оны әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық
жақтарын сипаттаған. Олардың көзқарасынша, баланың өмірінің өзгеруі:
барлығы мектепке бағынады, мектеп жұмысыныа, сабаққа көп уақыты кетеді. Бұл
өте қысымды кезеңдер. Себебеі мектеп алғашқы күннен бастап өзінің
талаптарын қояды.
Баланың мектепке бейімделу мәселесімен бірқатар психологтар
Я.К.Коломинский, Е.А..Панько бейімделуді баланың әлеуметтік-психологиялық
жағдайға белсенді икемделуі деп қарастырған. Адам кез келген жаңа ортаға
физиологиялық тұрғыда тез бейімделеді. Ал психологиялық тұрғыда бейімделу
ерекшені қажет ететіндігін Я.К.Коломинский, Е.А..Панько қарастырған [17].
Г.М.Чуткина бейімделу ұғымын баланың жаңа жағдайдағы тіршілікке
араласуы дейді. Ол баланың мектепке психологиялық бейімделуіне баланың
отбасындағы тәрбиесі де маңызды орын алатынын қарастырған. Оның ойынша
баланың мектепке бйімделуі қиы жән ұзақ мерзімді талап ететін процесс.
Л.С.Выготский және Ж.Пиаже, баланың мектепке барған шақтағы ойлау
қабілетінің дамуына тұжырым жасаған. Олар, ойлаудың ең маңызды дамуы –
жаңа мінез-құлық мүмкіндігіне итермелейтін және интеллектуалды іс-әрекеттің
жоғарғы формасына әкелетін жасөспірімнің жинақталған түсінікті меңгеруінің
негізін түсіндірген. Л.С.Выготский түсінікті жинақтау қызметі осы
жастағы интеллектуалды өзгерістерге байланыстылығын: ... түсініп ойлану
- іс-әрекетті түсіну, басқаларды түсіну және өзін түсіну - деген [5].
Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністікті орнату кезеңдерінің
бірі – баланы зерттеу, оның ішкі дүниесіне ену болып табылады.
С.Л.Рубинштейн: Оқушының мінез-құлқындағы ішкі мазмұнды ашпай, сыртқы
формальды сипатын есепке алып жұмыс жасайтын педагог, өз жұмысының
нәтижесін көре алмайды - деген . Оқушыларды тану арқылы мұғалім,
олардың мінез-құлқындағы мотивтері мен мақсаттарын, көңіл-күйлерін,
сезімдерін түсініп, қорқыныштарын анықтау қажет. Бірақ, ол тек бір жақты
әрекет емес. Мұғалім шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу – тәрбие
процесінде әр уақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады (39(.
Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру процесінде
субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген:
Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың
өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына
мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-
әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды. Сондықтан қарым-
қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал
етеді (10(.
Баланың мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:
Бірінішісі; мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш
отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта орындау жзәне тб.
Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды,
сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті
жастағы балаларда өзіндік әдеттрдің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса
бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы
мұғалім мен ата-ана осы жадайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Қиыншылықтың екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларыме және
отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана
мейірімділіктен мұғалім өзінің ааторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық,
мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді.
Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл
ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал
біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір
оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы
бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр
баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны
да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы
оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның
ңүн тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай
сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын
болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған
бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді
және бәрібірлікке ауысады. Мұғалімдер бұл кезеңде оқушымен сыртқы
жағдайларына да әсер ететін тапсырмалар береді (30(.
Сонымен балада мектеп қабырғасына аттаған күннен бастап психологиялық
қайта өрлеу басталады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.
Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет
ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы
белгілі бағдарлама бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ
Л.С.Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы
қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз
байланысты болып келеді. Кез келген іс - әрекеттің өзіндік ерекшелігі,
оның әрекеттерін құрайтын нәтижелерінің кейбір жағдайларда мотивтерінен
гөрі анағұрлым маңызды. Әрбір жекелеген жағдайда іс - әрекеттің динамикасы
толық анықталған мотивтердің өзгеруімен байланысты (5(.
Іс - әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру – баланың жеке басын
қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал. Мектеп баланың
басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз менін және өз
қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне,
олардың іс-әрекеттерімен өз ара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен
сипатталуы атақты психологтар Мухина В.С., Петровский А.В., Эльконин Д.Б.,
Венгер Л.А., Якобсон С.Г. еңбектерінде көрсетілген
М.Н.Костикова балаларды мектепке оқуға психологиялық даярлығы
ұғымының мазмұнын ашып, мектепке психологиялық дайындықтың типтерін
ұсынған. Ол тұңғыш рет баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау
мақсатында оқу әрекетінің жетістігі туралы, оны қамтамасыз ететін ғылыми –
тәжірибелік шаралардың жасалуы мен психологиялық даярлықтың сапалық
ерекшеліктерін талдайтын жіктемелерді бөліп көрсетті.
Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мәселесімен
айналысқан ғалымдар да аз емес. Мысалы Б.Баймұратованың Балаларды мектепке
даярлау жөнінде, К.Қойбағаровтың Баланы мектепке даярлау,
Қ.Сейсенбаевтың Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық
педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы
еңбектері бала бақшадағы оқу – тәрбие үрдісі арқылы баланы мектепке жан –
жақты дайындау мәселесін қарастырған.
Балаларды мектепке психологиялық даярлауда балабақшаның ересек және
даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының ролі аз емес. Бірақ ол
жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай,психикалық дамудың бұған
дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп
шашыранды мағлұматтармен толықтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын
бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және
жүйелі білім алып , олар болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға
үйретіліп, осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай
мүлдем басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кез
келген білімді саналы игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық
көзқарастың бастамасы жасалады.
Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең алдымен баланың
ақыл – ойының даму деңгейін есекру қажет. Оның жаңа материалды меңгеру
қандай білім мен іскерліктерді талап ететініне талдау жасау қажет. Белгілі
бір зат , оқиғалар, жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл –ой
белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, іс -әрекеттің
себептеріне айналады.
Белгілі бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін
туғыза алады, мұның өзі адамның көңіл бөлуінен көрінеді, өйткені ол адамның
іс - әрекетінің ішкі негіздерімен – ақпаратты қажетсінуімен байланысты.
Әрекеттерді жаңа обьектілерге, шарттар мен міндеттерді дұрыс әрі
ойдағыдай тасымалдау көбіне білімге байланысты, ол айналадағы дүниенің
адамның практикалық және танымдық қызметі үшін маңызды қасиеттерін
бейнелейді. Тиісті білімді қадлыптастыру мен меңгеру оның ақыл – ой
қабілетінің дамуы арқылы жаңа обьектілермен, ахуалдармен, міндеттерімен
мақсатқа сай қызметінің алғы шарты.
Білімді қалыптастырудағы іс - әрекеттің әр қилы түрлерінің ролі
түрліше. Мысалы, заттық іс - әрекет (күрделі қозғалыс және орын ауыстыру)
заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерін көрсетуі үшін қажет, перцептивтік
іс - әрекет (қабылдау мен бақылау) бұл қасиеттердің адамның қабылдаулары
мен елестетулерінде бейнеленуі үшін, ойлау іс - әрекеті (анализ бен синтез)
бұл қасиеттерді салыстырып, олардың ішінен ортақ қасиеттерді бөлу үшін
сөйлеу іс - әрекеті (белгілеу және атау) бұл қасеиттерді абстракциялап
белгілері ретінде қорытып, бекіту үшін қажет. Осыдан оқушылардың ақыл – ой
қабілетінің дамуы арқылы білімді оқытудың өзі бірнеше элементті қамтиды:
1. Оқушыларға белгілі бір кластағы заттарды не құбылыстарды көрсету (немесе
олардың өздерінің аңғаруы). Бұл орайда обьектілер мәнді белгілерінен
басқа белгілерінің бәрі ажыратылатындай немесе керісінше, мәнді
белгілерінен басқа белгілердің бәрі ұқсас болатындай етіп іріктелініп
алынады.
2. Оқушылардың заттарды не құбылыстарды бақылауы әр түрлі жақтары мен
қасиеттерін, байланыстарын, іс -әрекеттерін анықтау.
3. табылған қасиеттерді салыстыру, салғастыру және қарама –қарсы қою
(анализ). Қарастырылған обьектілердің бәріне ортақ немесе, керісінше бір
топтың барлық обьектілерін өзге топтың барлық обьектілерінен ажырататын
қасиеттерді анықтау және біріктіру (синтез).
4. Табылған қасиеттерді терминде бекітіп алып абстракциялау.
5. терминді анықталған белгілері бар әр түрлі обьектілерге қолдану арқылы
ұғымдарды қорытындылау.
Оқу материалының ерекшеліктері тиісті білімдерді құру үшін қажетті
заттың, перцептивалық және ақыл – ой әрекетіне байланысты. Ғалымдар
оқушылардың ақыл – ой дамуына математикалық, грамматикалық, географилық
және басқа ұғымдардың қалыптасу процестерін егжей тегжейлі зерттеді. Тиісті
білімді қалыптастыру үшін қажетті ақыл – ой қызметінің әдістері және осы
әдістерді үйретудіңғ тәсілдері анықталды. Арифметикалық әдісте
тапсырмадағы сұрақтың жауабын сандарға арифметикалық әрекеттерді орындау
нәтижесінде табуға болады. Тапсырмаларды шешуде арифметикалық әдістер бір –
бірінен немесе бірнеше әрекеттермен немесе сандық әрекеттермен, сонымен
берілгендер арасындағы қатынастар, берілгендер мен белгісіздермен
ажыратылады. Ұғымдар заттардың құрылымдық және функйиялық қасиеттері мен
олардың қатынастарын бейнелейді.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық
өзгеріс болады. Ол жаңа тәртіптің бір қатар маңызды әдеттерін бойына
сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сезімді қарым-қатынас орнатады. Оқу
материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы
көз қарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып
оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің
қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы
іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшелікетері туралы
мәселе ерекше маңызды болып табылады.
Педагогикалық психология адамның ойлауының іс - әрекет процесінде
қалыптасатынын негізге алады. Сондықтан оқу тәжірибесінің алдына мектеп
оқыушларына ақыл – ой әрекеті тәсілдерінің өзін үйрету міндеті қойылады.
Әдістерді меңгеру, біріншіден, оқушыларға оларды таныстыру, еіншіден, ақыл
– ой әрекетінің тиісті әдістерін түрлі материалда қолданып жаттығу,
үшіншіден, тасымал – тәсілдерді жаңа міндеттерді шешуде пайдалану арқылы.

Биологиялық тұрғыдан кіші мектеп жасындағылардың организімінде елеулі
өзгерістер болады. Одан бұрынғы жас кезеңдерімен салыстырғанда бойының
өсуі баяулайды, салмағы елеулі өсе бастайды Бұл жаста дененің барлық
органдары мен ағзаларында елеулі өзгерістер болады. Бастауыш сынып
оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі
ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек
жітледі. Саусақ сүектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің
қатаюы он-он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайда ескерсек, онда
бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш
жұмсап орындайтыны белгілі. Бастауыш сынып оқушларының, әсіресе І сынып
оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда
ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалатын тапсырманы көшіріп алу
тілегі көбінесе нйтижені төмендетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол
қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Сондықтан салыстырмалы түрде алғанды ол
төзімді болады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады.
Әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде
жо,ары әлі неғұрлым күрделі функцияларфн қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу
(ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың) мектеп жасына дейінгі балаларға
қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де аса
күшті, бастауыш сынып оқушыларының қолды – аяққа тұрмайтындығы осыдан.
Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы – балалардың
қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына
қажетті сыртқы шарттар. Сонмыен жеті жасқа қарай олардың жалпы байланысы
тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мактеп талаптарына сай
болады.
Осылайша мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш сынып
оқушыларының жалпы дене құрылысы қатайып, жүрек-тамыр қызметі салыстырмалы
түрде тұрақтанады. Мұның барлығы – мсектеп өмірінің бастамасы – баладан
айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін
де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғандықтан маңызды.
Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында
жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едауір жетіліп
келсе де ( көру, есту қабілеті жоғары екені байқалады, олар түрлі формалар
мен түстерді жақсы бағдарлайды), олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар
мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.
Баланың қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктері онда
заттардың жееклеген тікелей қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделелеу
қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет
түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекше жедел қалыптасады. Сабақтардың
үстінде оқушы қандай да бір пәннің және құралдың қабылдау міндеттерін алып,
ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау
мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін
(олардың қасиеттерін анықтау тәртібін, қол мен көздің қимыл бағыттарын және
т.б.) , бекітілген қасиеттерді жазу құралдарын балаларға үнемі көрсетіп
отырады.
Жеті жастан кейін балалардың негізгі әрекеті мектепте оқу болып
табылады.. Оқу әрекеті жаңа, жоғары талаптар қоятындықтан оқушы зейіні де
өзгереді. Мектеп шешуі дәрежеде зейін қасиеттерінің дұрыс дамуына мүмкіндік
береді. Әсіресе, ол оқытудың үшінші жылында айқын көрінеді
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшелігін толық түсіну үшін
олардың жоғарғы жүйке әрекетінің сипатымен танысу керек. Балалар неғұрлым
жас болса, қоздырғыш процестер оларда тежегіш процестерден соғұрлым басым
болады. Бастауыш мектеп оқушыларындағы ми жарты шарларында қозу мен тежелу
процестері өте жылдам алмасады. Сондықтан, бұл жастағы оқушы зейіні тез
аударылып оңай ауысатындығымен, соның әсерінен белгілі бір объектіге
шоғырлана алмайтындығымен сипатталады. Бұл дегеніміз – физиологиялық
тұрғыдан оқушы миындағы доминанта әлі тұрақталмаған.
Жүйке жүйесіндегі мұндай көтеріңкі сезімталдық осы жастағы балада
барлық жаңа әсерге өте күшті рефлекстің бар болуын қамтамасыз етеді. Балаға
әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштер, қоршаған әлемде жаңа заттар шектен
тыс көп. Соның салдарынан қызықты объектілер басты – маңыздысын қабылдауға
кедергі болады
Бастауыш мектеп оқушылары не қызық болса соған мән беретіндегінен
оның ырықсыз зейіні әсем бояуларға, таныс емес заттар мен ұйқастырып
айтылған сөздерге әсерленуден туатындықтан мұғалім мүмкіндігінше сабақты
қызықтыруға барлық күшін салады. Егер оқу процесінің барлық кезеңдерін
қызықты етуге тырысып баланы осыған әдеттендірсе, оның ырықты зейінін
қалыптастыруға кедергі жасайды. Ырықсыз зейін түрінде оқушы оқу материалын
шаршамай, жеңіл игереді. Материлдың есте сақталуы да тұрақты болады.
Сондықтан, оқу процесінде педагог оқушылар зейінін басқару үшін зейін
түрлерінің қайсысы тиімді екенін анықтап, жұмыс жүргізуі керек. Қайсыбыр
күшті, ерекше, күтпеген тітіркендіргіштердің барлығы да балаларда қозудың
басты ошағының орны субдоминанталы жағдайға түседі (42(.
Мектепке келген баланың мақсатқа бағытталған зейініне қарағанда
жетекші орында ырықсыз зейін тұрады. Сондай-ақ, зейіннің бұл түрі көбінесе
материалдың әсерлілігіне, көрнектілігіне, нақтылығына, баланың эмоциялық
сферасына әсер етуіне байланысты болып келеді. Бұл оқушыларда ырықсыз зейін
басым десек те, оқытудың алғашқы жылы – ырықты зейіннің қалыптасуының
негізгі кезеңі болады. Б.Г. Ананьев зейіннің бұл түрі үлкендер мен
балалардың арасындағы тәрбие процесінің жемісі болып табылады деп есептейді
.
Зейінің көлемі – бұл оқушылардың бір мезгілде біркелкі айқындықпен
“ұстап қала” алатын объектілердің саны. Бастауыш мектеп оқушыларының зейін
көлемі тар, олар бір мезгілде картинаға қарап және картина суретшісінің
өмірі туралы мұғалім әңгімесін тыңдай алмайды. Сол сияқты мағынасы жағынан
мазмұндары ұқсас жаттау-өлеңдермен бір мезгілде танысуға тура келетін
болса, қабылданылатын объектілдерді “шатастыру ” байқалады .
Н.Ф. Добрыниннің зерттеу жұмысының нәтижесі бастауыш мектеп
оқушыларында зейіннің бөліну қасиеті оқу процесінде жаттықтырылатындығын
және қарқынды дамитындығын көрсетеді.Үшінші сыныптың өзінде оқушылар
бірмезгілде жазып отырған материалдың мазмұнын түсінеді және оның
орфографиялық дұрыстығын, тазалығын қадағалай алады .
Бастауыш мектеп оқушысының ерекше қызыққан объектіге немесе
тапсырмаға зейінінің шоғырлануы деңгейі үлкен болады. Мысалы: бала анасының
кешкі асқа шақырғанын естіместен беріліп сурет салуы мүмкін. Дегенмен, бұл
процесс жеткіншектер мен жасөспірімдермен салыстырғанда аз уақытқа
созылады. Себебі, кіші оқушы жасында зейін тұрақтылығының рөлі аз болады.
Қызықты істің өзі бір үлгіде болса оқушы одан жалығып, шаршайтын болады.
Мектепке келген бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды,
суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтай алады. Бірақ мектеп өмірі жаңа
материалды бастан-ақ есте с ақтауды талап етеді. Оқушылар күн режимін,
үйге терген тапсырманы, жаңа ұғымды және тб. Есте сақтауы қажет. Бастауыш
сынып оқушыларының есте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық
міндеттерінің сипатын түсінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-
тәсілдерін меңгеруіне байланысты. Алғашында балар ең қарапйым тәсілдерді
қолданады. Мағыналық бірліктері бойынша сәйкес келмейтін бөлшектерге бөлу
кезінде оны, әдетте, бірнеше рет қайталау. Естеғ сақтау нәтижесін баланың
өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады.
Еріксіз және ерікті есте сақтаудың арақатынасы оқу іс-әрекеті
ішіндегі даму процесінде түрліше. Түсініп есте сақтау және өзіне өзі
тексеру тәсілдерінің қалыптасуына қарай екінші және үшінші сынып
оқушыларының ерікті есте сақтауы, еріксіз есте сақтауға қарағанда, көп
жағдайда жемісті болады. Есте сақтаудың осы екі формасы кіші мектеп шағында
сапалық өзгерістерге ұшырайды, соның арқасында олардың тығыз байланысы мен
бір-біріне етене ұштасуы орнығады.
Бастауыш сынып оқушыларының көрнекі мәліметтерді есте сақтау
тиімділігіне қарағанда сөзбен айту мәліметтерін есте сақтаудың тиімділігі
тезірек өседі, бұл балаларда түсініп есте сақтаудың тез қалыптасуымен
түсіндіріледі. Бұл тәсілдер негізінен сөз құрылымы көмегімен бекітілетін
елеулі қатынастарды талдаумен байланысты. Сонымен қатар оқыту процестері
үшін көрнекі үлгілерді есте ұстау маңызды. Сондықтан еркіті және еріксіз
есте сақтау әдістерін оқу материалының екі түріне – сөз жүзіндегі және
көрнекі – лайық қалыптастыру керек.
Жүйелі оқу ісі балалардың қиялы сияқты маңызды. Неміс психологы В.
Штерн өзінің Жас балалар психологиясы деген шығармасында Баланың қиялы
шексіз - деген. Д.Б.Эльконин тәжірибиесінде бала қиялының мүмкіндіктері
алынған. Бастауыш сынып балаларының өз көзқарасы шындыққа, өмірге
байланысты өздері құраған әңгіме, ертегі шығармаларынан көрініп тұрады.
Төменгі кластағы мектеп оқушыларына тән қиялдың ерекшеліктері, олар
жасаған бейненің көрнекілігі мен нақтылығында. Бала өзінің өмірден не
суреттерден көргендерін ойша елестетеді. 1 сынып, кейде 2 сынып оқушысына
нақтылы заттар мен көрнекі нәрселерсіз қиялдау қиынға соғады. Бастауыш
кластардағы ересек оқушылар, сыртқы атрибуттарды белгілерді, оны
пайдалануды ұнатқанымен, онша қажет етпейді. Мектепке дейінгі бала өз
фантазиясына, бастауыш кластағы оқушыларға қарағанда, көбірек сенеді.
Қиялында жасаған бейнелерге сын көзбен қарамауы баланың фантазиясындағы мен
шындықтағы нәрселерді ажырата алмауына әкеп тірейді. Қиялданудан туған
нәрселерді төменгі сынып оқушысының сын көзімен қарауы басымырақ. Ол ойлап
тапқанының шарттылығын түсінеді және бұл шарттылықты ойында басшылыққа
алады.
Оқудың әсерінен баланың қиялы да өзгеріске ұшырайды. Қиял бейнелері
көбіне тиянақталып, жақсы есте сақталады, білімі молайып ой өрісі кеңейген
сайын, ол әр түрлі дами түседі.
Төменгі кластағы мектеп оқушысының қиялы көбінесе еліктегіштілік
сипатта болады. Бала өзі ойлап тапқанын не ойын кезінде өзінің естігенін,
көргенін жаңғыртуға, өз байқағанын қайталауға тырысады. Сондықтан оның
қиялының қайтадан жасау сипаты басымырақ болады.
Сонымен қатар мектептегі бастауыш класс оқушыларының қиялы, оның
өмір тәжірибесімен тығыз байланысты болады да сөйтіп пассив процесс бос
қиял болып қалмай, бірте – бірте бейнелерді және ойларды бала кәдімгі
күнбе – күнгі жасаған заттарына айналдыруға тырысады .
Бастауыш сыныптың қиялының дамуындағы бірінші міндет – мұғалімнің
айтқанын дәлме – дәл елестетуі үшін, оқушының репродуктивтік қайта жасау
қиялын дамыту. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы
фактілерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер, дипозитивтер, көрнекі
құралдар т.б. пайдалану керек. Алайда бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші
қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл құралдарды, әсіресе, бала сөз болып отырған
нәрсені ойша елестете алмайтын жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі
құралдар, шамадан тыс пайдаланылса, ол қиялды дамытуды жеделдентпей, қайта
тежей түседі (28(.
Нақтылы заттарды қабылдау ойша елестетуді ұштастыра білген. Мысалы,
суретті көрсетіп, содан соң балаларға ештеңеге сүйенбей ойша әңгімелеп
беруді ұсынған жөн, немесе алдымен әңгіме жүргізіп, соңынан көрнекі құралды
көрсеткен дұрыс. Мұның бәрі дәл қәзір көрмесе де ойша қабылдауға болмайтын
заттармен елестете алу қабілетін дамытады, яғни қиялдың дамуына септігін
тигізеді.
Бастауыш сынып оқушылары келесі міндеті – балалардың қиялы мен
елестерінің мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мәнсіз
қиялдаудың орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін,
кейіннен ғылыми ұғым негізіне айналатын елестерді қалыптастыру қажет.
Көркем әдебиеттерді оқу, оқығандарын жазбаша және ауызша айтып беруінің
баланың қиялының дамуына көмегі зор.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда да екі негізгі саты
байқалады. Бірінші сатыда олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына
дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалын талдау бұл жерде
көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақтылы заттарға
немесе оның дәл баламаларына, бейнелеулерге сүйенеді.
Бастауыш мектеп жасы оқушысының ойлау ерекшеліктері бастауыш оқытуда
көрнекілік принципін кеңінен қолдануға негіз болады. Жүйелі оқыту әрекеті
негізінде оның ойлау сипаты өзгереді. Ойлаудың екніші кезеңі осы
өзгерістермен байланысты. Жыл өткен сайын мұғалімнің балаларға игерілетін
мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету
үшін ерекше көңіл бөлу керек және талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғаяды.
Оқушылардың заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері туралы
пайымдауларының негізінде көбінесе көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер
жатады (42(.
Білім, іскерлік пен дағдылар түсініктер мен ұғымдар – адамның
психикасындағы белгілі бір процестердің формалары мен нәтижелері. Олар ақыл
– ой дамуының нәтижесінде көрінеді. Демек, олар адамның басында оның өз
қызметінің нәтижесінде ғана пайда болады. Оларды біреуден әншейін алуға
болмайды, олар оқушылардың өзінің психикалық белсенділігінің нәтижесінде
пайда болуы тиіс. Егер оның өзінің белсенділігі болмаса, онда ешқандай
білім, іскерлік, дағдылар саналы пайда болмайды. Оқушылардың өзінің
психикалық белсенділігі болмау фактісін педагог – психологтар өз
тәжірибесінен жақсы біледі, мұны жалқаулық, қабілетсіздік, көңіл қоймау деп
атайды. Бірақ барлық жағдайжа лны баладан көруге болмайды. Себебі оның
психикасының, ойлауының, ынта – жігері мен қабілетінің жалпы айтқанда ақыл
– ойының дамуына, оның белсенді жолдарын ашуына қоршаған орта үлкен ықпал
етеді. Олар ата- аналары, мұғалім немесе педагог – психологтар.
Оқушылар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, оны өмірмен
байланыстыра білуге жан-жақты ақыл – оймен саралауға қабілетті болуы тиіс.
Баланың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде ақыл – ой белсенділігі үнемі
дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Оқушылар іс-әрекеті негізінде басқа
пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабілеті
арқылы ақыл – ой өрісін арттырады.
А.И.Леонтьев өз зерттеулерінде фундаменттальды мәселелерді
қарастырып, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып ақыл –
ойдға ықпалы мен оның қаншалықты қажеттілігін қарастырды. Сөйтіп, адамның
іс - әрекеттерінің белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез –
құлық пен іс - әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат оқу -
болады. Оқу адамға ғана тән саналы іс - әрекет, осының өзінде ол өз іс
-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам
психикасының даму сатысындп ғана мүмкін.

Сонымен қатар бұл пайымдаулар тексті талдау, оның жекелеген
бөліктерін ойша салыстыру, бұл бөліктердегі басты сәттерді ойша айқындау,
бірегей көрініске біріктіру, жалпылау жатады. Белгілі заттар мен
құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой
әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға
өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы
статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға
танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау
болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен
кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге
тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы
құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғандардың бәрі
балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып
және нығайып отыратын қайсыбір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп
түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасуы
қабілетін үйренеді.

оқу іс-әрекетінің рөлі
Іс - әрекет мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіндік туғзады. Іс - әрекет мақсаты мен мазмұнының түрткісі
– қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс - әрекет субьект
арқылы мақсат, құрал, үрдіс нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс
- әрекет оның санасын бейнелейді. Жеке адамның дамуында іс - әрекет еңбегі
арқылы көрінеді. Өнімді еңбек – материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі –
рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең маңыздысы - іс - әрекетке үйрену.
Тұлға іс - әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі
артады, дамиды. Іс - әрекеттің жетекші – түрі бала өмірінің нақты
мерзіміндегі психикалық дамуына мүмкіндік туғызатын іс - әрекет, мұндай іс
- әрекет дамытуға жетелейді.
Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі,
жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта
ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама
-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы
стихия әр түрлі ойында болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге
тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды.
осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып
табылады (24(.
Егер осы жасқа дейін олардың негізгі әрекеті ойын болса, оқуға келген
күннен бастап оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке
айналып, баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге
ұшырауының себебі: ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындағанында.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі.
Ойын жағдайларында балалар лобараториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан
зейінін жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте
сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде еретерек
және оңай ажыратылады.Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын
ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына
зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына
зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есіне сақтамаса, онда оны
құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық
мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және
есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысында қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын
үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары
оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына
себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерінен айырылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы
суреттелген.Өзара қарым-қатынас жасауда бұл егіздерде өздерінің екеуіне
ғана түсінікті автономиялық тілі қалыптасқан. Егіздерді белгілі уақыт
ажыратып басқа балалар коллективіне қосқаннан кейін ғана олар дұрыс тілдік
қарым-қатынас жасау қабілетіне ие бола бастаған.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап біртіндеп
басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-
әрекеті оның мінез құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.
Олар бұл жерден үймен немесе бала-бақшамен салыстырғанда , әдеттен тыс
бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Бұл баланың
ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын
алдын-ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне,
жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты
мұғалімнің талаптарын жылдам қыбалдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала
қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірбиелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай
қағида бар: Баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да
нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының,
міндеттерінің және құқығының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан
айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз
орындауды талап ету - бірініші сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес,
мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың
тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты
болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді,
бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру
процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын
мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам болуы үшін, оқытудың қажет екендігі
туралы, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала
келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын әрине сезбейді. Оның
білімге деген пайдақорлық, прагматикалық көз қарасы әлі болмайды. Ол жалпы
білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады.
Баланың айналысындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан
көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндгі бұл ықылас баланың бойында кең
өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық
сәттерінде қалыптасады. Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұны
мен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы
әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді
тереңдеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтседе бала алғашқы сабақтардан бастап-
ақ тиісті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім
алуға деген ынтаға сүйенеді Ынталылықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай
математикада немесе грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты
алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың
тіркестілігі, әріптердің реттелігі және т.б. сияқты шын мәнінде ұзын сонар
дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-
қатынаста, ойын үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі. Еңбек
процесінде адам бай тәжірибе жинақтайды. Затында оқу қызметінен туындайтын
игерудің өзіндік ерекшеліктері неде? Бәрінен бұрын оның толық жүзеге асуы
үшін жағдайлар тек қана мектепте жасалатынын есте ұстауы керек. Онда
балаларға ғылым негіздері оқытылады, онда балалардың ғылыми дүние-танымы
қалыптасады. Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: Оның негізгі
бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалық
міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Қызметтің басқа түрлерін де
игеру жанама нәтиже түрінде көрінеді. Мысалы, оның үстінде бала өзі алған
белігілі бір рольді жақсы ойнауға тырысады. Бұл ретте мінез-құлық
нормаларын игеру тек негізгі ұмтылысты қанағаттандыру үшін ғана қызмет
етеді. Еңбектің негізгі мақсаты - бұйымдар өндіру. Дағдыларды молайту бұл
жерде маңызды, бірақ жұмыстың жанама нәтижесі ретінде көрінеді. Тек оқу
қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру
негізгі мақсат және қызметтің басты нәтижесі ретінде байқалады.
Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оның құрамдас
бөліктері мыналар:
• Оқу ситуациялары (немесе міндеттері);
• Оқу әрекеті;
• Бақылау;
• Бағалау.
Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың
қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір
кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Екіншіден, осы тәсілдердің
бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді.
Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және
олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді (43(.
Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан
дұрыс болуын талап етеді), математикалық тестік есептерге жауап іздеу
(өндірістің қандай да бір ситуацияларына сай келетін қажетті есептеулер),
қағаздан ұсақ-түйек жасау (шырша ойыншықтары үшін қорапша керек) т.б.
жатады. Осы сияқты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz