Ғылыми-техникалық прогресс пен Ғылыми-техникалық революцияның мәнi мен экономикадағы ролi



I. Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негiзгi бөлiм:
1. Ғылыми.техникалық процестың мәнi, даму бағыттары ... ... ... ... ... 5
2. Қазiргi ғылыми.техникалық революция жұмыс күшiне әсерi ... ... ..9
3. Ғылыми.техникалық революция және ұлттық
экономика құрылымы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
4. Кәсiпорынның техника.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ..16
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Глобализация, ақпараттық революция және жаңалық енгiзу бұның бәрi дуниежүзiлiк экономиканы өзгерiстерге әкеледi және де экономикалық даму заңдылықтарын жаңадан қарастыру қажеттiлiгi туады. Осындай жағдайлардың бәрiн ғылым мен техниканың үздiксiз дамуы арқылы шешiп, алдыға мақсаттарға жетуге болады.
Адамзат баласы өз басынан әр түрлi қоғамдық өндiрiс әдiстерiн өткiзгенi тарихтан белгiлi. Олардың даму дәрежесiн сипаттайтын ортақ көрсеткiш бар. Ол еңбек құралдары. Экономикалық дәстүрдiң айырмашлығы не нәрсе өндiрiлетiндiгiнде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндiрiлетiндiгiнде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесiн анықтайды. Ұзақ мерзiмдi қамтыған қоғам дамуының тарихы еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады. Қазiргi ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкi нәтижесi және шарықтау шегi.
Бiр кезде ең қарапайым еңбек құралдарына негiзделген қоғамдық құрылыс үстiмiздегi ғасырдың екiншi жартысында технологиялық өндiрiс ретiнде ең жоғары дәрежесiне жеттi. Қоғамдылық өндiрiстi дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткiлiксiз. Оған қоса қажеттi материалдар, тиiстi технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндiрiстi ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндiрiс әдiсi деп аталады. Көпшiлiк арасында ғылыми-техникалық прогресске (ҒТП) екi түрлi көз-қарас тараған, бiр жағынан ҒТП-ның тұрмыс жағдайын жақсартұына ықпалы тиедi, екiншi жағынан жумыс орндарының азайуына әкеп соғады, себебi жаңа технологилар пайда болады.
Қазiргi кезде ғылыми-техникалық процесстiң дамуына байланысты ,өндiрiсте еңбек процессiне қажеттi жылжымалы құралдар және өндiрiстiк техника –экономикалық жүйесi жұмыс жасайды, яғни мұнда түрлi технологиялық процестерге қарай отырып даму деңгейi айқындалады.
1. Шеденов Ө.Қ., Жұнiсов Б.А., Байжомартов ¦.С.
«Жалпы экономикалық теория» Алматы-ақтөбе – 365 бет.2002.
2. Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции: К.Нарибаев, С.Джумабаев, А.Нусупова: Қазақ университетi, 1998 – 172 с.
3. Научно-технический прогресс Қазақстан: Под обшей ред. дацента Яновской О.А. Алматы «Экономика», 2000-280с
4. Анчишкин А. Наука-техника-экономика 2-е изд М: Эеономика 1989-285с.
5. НТП в Республики Казахстан-Алматы: 1996г.
6. Экономические и социальные последствия НТП: Под ред. Ника М. 1988
7. Новые технологии человека М. 1996
8. Уляхин В. НТП: азиатский вариант – М; Наука, 1992
9. Васильчук Ю. Человек эпохи НТР: М.1991
10. Фальцман В. Комплексная программа НТП: достижение, уроки и перспектива; Вопросы экономики-1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТI

“Қаржы және экономика” ф-тi

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Экономикалық теория

тақырыбы: Ғылыми-техникалық прогресс пен Ғылыми-техникалық революцияның
мәнi мен экономикадағы ролi.

Тексерген:

Алматы 200ж.

Жоспар:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Негiзгi бөлiм:
1. Ғылыми-техникалық процестың мәнi, даму бағыттары ... ... ... ... ... 5
2. Қазiргi ғылыми-техникалық революция жұмыс күшiне әсерi ... ... ..9
3. Ғылыми-техникалық революция және ұлттық
экономика құрылымы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Кәсiпорынның техника-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ..16

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...20

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кiрiспе

Глобализация, ақпараттық революция және жаңалық енгiзу бұның бәрi
дуниежүзiлiк экономиканы өзгерiстерге әкеледi және де экономикалық даму
заңдылықтарын жаңадан қарастыру қажеттiлiгi туады. Осындай жағдайлардың
бәрiн ғылым мен техниканың үздiксiз дамуы арқылы шешiп, алдыға мақсаттарға
жетуге болады.
Адамзат баласы өз басынан әр түрлi қоғамдық өндiрiс әдiстерiн өткiзгенi
тарихтан белгiлi. Олардың даму дәрежесiн сипаттайтын ортақ көрсеткiш бар.
Ол еңбек құралдары. Экономикалық дәстүрдiң айырмашлығы не нәрсе
өндiрiлетiндiгiнде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен
өндiрiлетiндiгiнде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесiн
анықтайды. Ұзақ мерзiмдi қамтыған қоғам дамуының тарихы еңбек құралдарының
даму тарихы десе де болады. Қазiргi ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте
заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкi нәтижесi және шарықтау
шегi.
Бiр кезде ең қарапайым еңбек құралдарына негiзделген қоғамдық құрылыс
үстiмiздегi ғасырдың екiншi жартысында технологиялық өндiрiс ретiнде ең
жоғары дәрежесiне жеттi. Қоғамдылық өндiрiстi дамытуға тек қана еңбек
құралының болуы жеткiлiксiз. Оған қоса қажеттi материалдар, тиiстi
технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндiрiстi ұйымдастыру керек.
Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндiрiс әдiсi деп аталады. Көпшiлiк
арасында ғылыми-техникалық прогресске (ҒТП) екi түрлi көз-қарас тараған,
бiр жағынан ҒТП-ның тұрмыс жағдайын жақсартұына ықпалы тиедi, екiншi
жағынан жумыс орндарының азайуына әкеп соғады, себебi жаңа технологилар
пайда болады.
Қазiргi кезде ғылыми-техникалық процесстiң дамуына байланысты ,өндiрiсте
еңбек процессiне қажеттi жылжымалы құралдар және өндiрiстiк техника
–экономикалық жүйесi жұмыс жасайды, яғни мұнда түрлi технологиялық
процестерге қарай отырып даму деңгейi айқындалады.
Ғылыми-техникалық революция жұмыс күшiнiң сапасын жақсартуға жол
ашады. Демек, бұл бiлiм беру жүйесiнде де революциялық өзгерiстер енгiзедi.
Осы бағытта капитализм едәуiр икемдiлiк көрсеттi, бiлiм мен ғылымның мән-
мағынасын дұрыс түсiндi, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жл ашты.
Тәуелсiздiкке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшiн мұның маңызы
зор. Бiлiм беру жүйесiн уақыт, өмiр талабына сай қайта құру сөзсiз iзгi
ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтiн процесс екендiгiн естен шығармаған
абзал.
Қазiргi ғылым мен техниканы адамдардың игiлiгiне қызиет еткiзу
үшiн не қажеттiң бәрi бар. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық өндiрiстiң
материалдық негiзiн түьегейлi өзгерттi. Өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыру,
ьасқару, еңбек жағдайын жақсарту жақсарту және т.б. әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi шешуге қадам жасады. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамның басты
өндiргiш күшi адамның жан-жақты жетiлуiне, оның әл-ақыуалы мен рухани
байлығын арттыруға әсерлi ықпал жасап келедi. Сөйтiп ғылыми-техникалық
прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрмендi күшке айналды.

1. Ғылыми-техникалық прогресстiң мәнi, даму бағыттары.

Өндiргiш күштердiң тарихи өркендеуiнiң нәтижесi қазiргi ғылыми-
техникалық прогресс (ҒТП). Сондықтан қазiргi заман ғылыми-техникалық немесе
технологиялық революция заманы. Олай болса осы қүбылыстың басты көрiнiстерi
(сипаты) және мәнi қандай?

(( ғасырдың илеуiншi жылдарынан басталған ғылыми-техникалық
ревалюцияның өзiне тән қазiргi көрiнiстерi және ерекшелiктерi бар. Олар
мыналар:
- ғылыми-техникалық пргресс кең ауқымды әмбебап сипатқа ие болды. Ол
қоғам өмiрiнiң барлық жақтарын камтиды, тұрмыс жағдайын да, ұдайы өндiрiс
факторларына да ықпал еттi. Өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыру және басұару
жүйесiн мүлдем өзгерттi, сапалық жаңалықтар енгiзiлдi;
- ғылым мен өндiрiстiң интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жеттi.
Экономикалық өсу-өрлеудiң факторлары мен қайнар көздерiн, шаруашылық
құрылымын және т.б. жағдайларды күрт өөзгерттi;
- жаңа принцiптi техника мен технология жасанып өндiрiске енгiзiлуде.
Сапалық жаңа өндiрiсақпараты қалыптасып келедi. Бiрлескен жұмыс күшi
үстiнде;
- қазiргi ғылыми-техникалық рогресстiң ерекшелiктерiнiң бiрi –
микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдалануы.
Микроэкономикалық техниканыңнегiзiнде электрондық ақпарат, интелектуалды
элементтердi бойына дарытқан электронды есептеу машиналары (ЭВМ), икемдi
автоматтандырылған өндiрiс пайда болды. Бұл қазiрдiң өзiнде, әсiресе
келешекте қоғамдық өзгерiстi дамытудың негiзгi факторына айналары сөзсiз;
- ғылыми-техникалық прогресстiң қарқынды дамуы қоғамдықөндiрiстi алға
бастыруда ғылымның рөлiнiң өскендiгiнiң айқын көрiнiсi. Ғылым мен өндiрiс
қосылып бiртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндiргiш куштердiң тiкелей
элементiне айналғандығы жөнiнде айтқымыз келедi. Осының негiзiгде:
- қалдықты аз қалдыратын немесе тiптi қалдықсыз технология өмiрге
келдi. Мүның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше,
өндiрiске озық технологияны пайдалану қазiргi ғылыми-техникалық
революцияның негiзгi көрiнiстерiнiң бiрi, машина компонентiне және
элементтерiне жаңа сапалық өзгерiстер ендi. Бұл жағдай өндiрiстегi рны мен
рөлiн мүлдем өзгерттi, жұмысты күрделендiрдi, жаңа биiк талаптар қойылды,
қазiргi ғылыми-техникалық революция әлемдiк сипатқа ие болды, бүкiл
дүниежүзiлiк құбылысқа айналды, биотехника кең өрiс алды.
Қазiргi ғылыми-техникалық прогресс өте тапшы шикiзаттарды жасанды
жолмен алған заттармен алмастырудың негiзгi бағыттарының бiрiнеайналдырып
отыр. Бұл материалдарды өңдеудiң жаңа әдiстерiнодан сайын жетiлдiрiп отыр
және iс жүзiнде пайдалануды тездетедi.
Ғылыми-техникалық революция жұмыс күшiнiң сапасын жақсартуға жол
ашады. Демек, бұл бiлiм беру жүйесiнде де революциялық өзгерiстер енгiзедi.
Осы бағытта капитализм едәуiр икемдiлiк көрсеттi, бiлiм мен ғылымның мән-
мағынасын дұрыс түсiндi, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.
Тәуелсiздiкке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшiн мұның маңызы
зор. Бiлiм беру жүйесiн уақыт, өмiр талабына сай қайта құру сөзсiз iзгi
ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтiн процесс екендiгiн естен шығармаған
абзал.
Ғылыми-техникалық революцияның дүниежүзiлiк шаруашылық жүйесiне тән
ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негiзгiлерi мыналар:
шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгерiске ұшырауы;
техника мен техналогияның бiр типтегi түрлерi; бiрлескен жұмыс күшiнiң
кәсiптiк-мамандық құрылымының өзгеруi; - жұмыс күшiнiң сапасына деген
талаптыңартуы; жұмысшы күшiнiң әрдайым босап қалуы; өндiрiстiк емес салада
жұмыс iстеушiлердiң үлес салмағыныңөсуi және т.б.
Ғылыми-техникалық прогресстiң екi нысаны бар. Ол эколюциялық және
революциялық нысандар. Бiрiншi нысанда, өндiрiске енгiзiлген техника мен
технологияныжетiлдiру және тарату процестерi сол бұрынғы ғылыми-техникалық
принцiпке негiзделген. Ғылыми-техникалық прогресстiң революциялық нысаны
жаңа сападағы ғылыми-техникалық принцiптердi пайдалануға негiзделген. Бұл
процесс қазiргi заман – ғылыми-техникалық прогресс заманы екендiгiн
көрсетедi.
Қазiргi ғылым мен техниканы адамдардың игiлiгiне қызиет еткiзу үшiн
не қажеттiң бәрi бар. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық өндiрiстiң
материалдық негiзiн түьегейлi өзгерттi. Өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыру,
ьасқару, еңбек жағдайын жақсарту жақсарту және т.б. әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi шешуге қадам жасады. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамның басты
өндiргiш күшi адамның жан-жақты жетiлуiне, оның әл-ақыуалы мен рухани
байлығын арттыруға әсерлi ықпал жасап келедi. Сөйтiп ғылыми-техникалық
прогресс
қоғамның барлық саласында дамытушы пәрмендi күшке айналды.

Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқабайланысты
еңбекшiлердiң қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өстi, түрлерi
көбейдi. Қазiр қарапайым адамдареңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және
сауықтыру,
еңбек ақы мөлшерiн жұмыс күшiнiң ұдайы өндiрiсiнiң талабына сәйкестендiру,
кәсiпорында жұмысшы бақылауын кең турде қолдану, өндiрiстi басқару және
әлеуметтiк мәселелердi шешуге қақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнiнде
өкiметтiң, атқарушы органдарының батыл шешiм қабылдауын, еңбекке деген
құқықты iске асыру, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялықжәне соғыс
қауiпсiдiгiн қамтамасыз ету, осы саладағы жетiстiктердiң бәрiн де бейбiт
мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткiр қойып отыр.
Қазiргi технологияның дамуы өндiрiстiң табиғи факторлардан
тәуелсiздiгiн бәсеңдетсе, екiншi жағынан, оның рөлiбарған сайын күшейiп
(мысалы, ұдайы өндiрiс процесiнде бұрын ескерiлмеген немесе жете
ескерiлмеген ресурстар), әуе және космос кеңiстiгi, дүниежұзiлiк мухит және
т.б. енiп отыр. Осылайша табиғат ресустарын экономикалық аналымға қамту
көлемi барған сайын арта тусуде. Бұдан бiртұтас экологиялық-экономикалық
ұдайы өндiрiстiк жүйе қалыптасты деп қорытынды жасуға болады.
Ғылым мен практикада дәлелдегенiндей, интенситендiру қоршаған ортаны,
табиғатты әлсiретпейдi, қайтй оның сол қалпында сақталып, жетiлiп отыруына,
табиғи қалпында қоры тайсылмай ұдайы өндiрiлiп тұруына ықпал етедi.
Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны
ақылмен ойластырып, ұйымдастырып iске асыратындығынабайланысты. Бiздiң
елiмiз жағдайында табиғатқа
көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесiне жете көңiл бөлiнбей келгенi
өкiнерлiк жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен жоспарды
орындау керек деген принцiп табиғатқа, адам баласына орны толмас зийн
келтiрiп келгенiн айтпасқа болмайды. Арал теңiзi, Семей полигондарына
байланысты жайлар, аймақтық мәселе емес, бүкiл әлемдiк дәрежедегi маңызды
мәселе дер едiк. Өйткенi республика халқына, табиғатына, башағына тигiзген
қайғы-қасiретiн бiр мемлекет күшiмен жою қиын, оған әлемдiк деңгейде
бiрлескен шаралар жуйесi керек. Сондай-ақ егiстiк жерлерде минерал
тыңайтқыштарынорынсыз енгiзүдiң адамзат пен табиғатқа зиянды әсер
қаншамадесеңiсшi. Сондықтан экологиялық проблемалар қазiр әлемдiк көлемде
қатты шиеленiскен күйде. Табиғаттан алуды ғана бiлужеткiлiксiз, оны сақтап
қорғау туралы кең бағдарламалық шараларды тез арада iске асыру бүкiл
адамзаттың ең басты мiндетi.
Ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлуметтiк мәнi мен
мазмұнын жоя алмайтын, бiрақ дүниеде болып жатқан объективтi процесс.

2. Ғылыми-техникалық революция жұмыс күшiне әсерi.
Жалпы ұлттық өнiм жұмысшылардың жиынтық қоғамдық еңбегiмен жасалады.
Бұған өндiрiстiңматериалдық және материалдық емес салаларындағы
қызметкерлер мен жұмысшылары да кiредi. Сонымен қатар бұл түсiнiкке қызмет
көрсету мен рухани игiлiктердi, әлеуметтiк инфрақұрылым және басқару
саласындағылар да жатады.
Шаруашылық қызметiнiң интернациоландануы, еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуi
дуниежүзiлiк шаруашылықта жұмыс күшiнiң ауысуын жеңiлдетiп, оның
интеграциясына әкеледi.
Жиынтық жұмысшы құрылымында айтарлықтай өзгерiстер үстiмiздегi
ғасырдың екншi жартысындағы ғылыми-техникалық революциямен байланысты едi.
Ғылыми-техникалық революция басты өндiргiш күшiне де әсер етедi, ең алдымен
жұмысшы еңбегiнiң мазмұны өзгередi. Өндiрiс процесiнде еңбек негiзiнен төрт
қызмет атқарады: энергетикалық, технологиялық, бақылау-басқару және қисынды
ойлау.
Машиналы өндiрiс жағдайында бастапқы екi қызмет машинаға ауысады.
Өндiрiстi автоматтандыру автоматты құрылымдарға үшiншi қызметтi де түгелдей
болмағанымен көбiн бередi. Ғылыми-техникалық революция барысында адамның
рөлi төмендей ме? деген сұраққа жауап терiс болуы керек. Өйткенi өндiрiс
процесiн механикаландыру мен автоматтандыру адамды ауыр, бiр қалыпты,
қажытатын еңбектен босатып, жұмысшылардың шығармашылығын,
интеллектуалдығын, алдыңғы қатарға шығарады. Өндiрiсте шығармашылық дамиды,
шешiмдер ықтималды сипат алады. Ғылыми-техникалық революция өндiрiстiң
динамикалық қозғалысын, қайта құрылысын жеделдетiп жұмысшының
жауапкершiлiгiн арттырады. Ол қысқа мерзiмде өндiрiстiк шешiмдер қабылдауы
тиiс, өйткенi қымбат тұратын құрал-жабдықтардың қызметi жайбарақаттылықты
көтермейдi.
Өндiрiсте адам рөлiнiң күшеюi, қазiргi жұмысшы күшiне жаңа талаптар
қояды.
Жалпы бiлiм дәрежесiн көтеру. Қазiргi өндiрiстiң динамикасы к-әсiптiк
мамандықты өзгертудi қажет етедi, бүгiнгi мамандықтар 8-10 жылдан кейiн
ескередi. Ал өзгерiстiң басты талабы жалпы бiлiм деңгейiнiңөте жоғары
болуын талап етедi. Бұгiнде АҚШ-та орта жұмысшының мектепте оқұ мерзiмi
бұдан 50 жылға дейiн қарағанда екi есе ұзарды. Екiншi жағынан американ
еңбекшiлерiнiң үштен бiрiнiң атқаратын қызметтерi ондай жалпы бiлiм
дәрежесiн қажет етпейдi.
Мамандық дәрежесiн көтеру. ¦стiмiздегi ғасырдың бiрiншi жартысында
өндiрiсте жаппай конвейерлiк және түйдекәдiстi енгiзү жоғары мамандағы бар
жұмысшыларға сұранысты көбейттi. Соңғы 30 жылда күрделi автоматтандырылған
жабдықтарды жөндейтiн, өндiрiске ендiретiн, мамандық иелерiне деген
қажеттiлiк күшейдi.

Сонымен қатар робототехникада және басқа да қазiргi күрделi
технологиялық жабдықтарда iстей алатын мамандықтарға сұраныс артты. Осыған
орай жоғары маман кадрлардың үлесi артып, мамандығы жоқ жұмысшылардың үлесi
күрт төмендейдi.

Ғылыми-техникалық революция инженер техникалық қызметкерлердiң
мамандығына ерекше талап қояды. Ғылымның жай эволюциялық даму кезiнде, орта
және жоғары техникалық бiлiмдерi бар маман соны технологияны оңай игерiп,
зейнеткер жасына iстей бередi. Бiрақ бүгiнде ғылыми бiлiм көлемi әрбiр 8-10
жылда екi есе көбейiп, ал кейбiр салаларында (мысалы электроникада) әрбiр 2-
3 жылда жаңарған кезде, бұрын алған бiлiмнiң ескiру процесi тездейдi.
Моральдық, психологиялық дәрежену көтеру. Ғылыми-техникалық революция
адамның технологиялық процестердi жiтi
қадағалауын талап етедi. Еңбек ұжымдарындағы жұмысшылардың қабiлеттерiн
арттыру, үйлестiру қажеттiгi күшейедi.
Барлық индустриалды дамыған елдердегi байқалған қазiргi еңбек рыногының
салалық құрылымдағы белгiлi тенденцияларын көрсете кетуге болады.
Бiрiншiден, материалдық өндiрiс саласында iстейтiндердiң абсолюттiк саны
көбейедi. Дәстүрлi салалардағы металлургия, былғары, аяқ киiм, тоқыма
өнеркәсiбiндегi және темiр жол транспортындағы жұмыс пен қамтудың азаюы,
ғылыми-техникалық революция өмiрге әкелген салалардағы жұмысшылардың
көбеюiмен толықтырылады.
Әңгiме ЭВМ, автоматтандыру, робототехника, прибор жасау, электронды
есептеу машинасы және тағы басқалар туралы болып отыр. Екiншiден,
материалдық өндiрiстегi жұмысшылардың үлесi жалпы жалдамалы жұмысшылардың
саны да азайып келедi, оның себебi соңғы он жылдықтардағы матеиалдық емес
салалардағы қызметшiлер санының күрт өсiнде.
Қазiргi жұмысшыға талаптың өзгерүi оның кәсiптiк мамандық дәрежесiнiң
артуы, жиынтық жұмысшы шеңберiнiң кеңеюi жұмысшы күшiн үздiксiз оқыту
проблемасын қояды, сөйтiп оның сапасын ғылыми-техникалық эволюция талабына
сәйкестендiрiледi.

3. Ғылыми-техникалық революция және ұлттық экономика құрылымы.
Қазiргi кезеңде ұлттық экономиканың құрылымында ғылыми-техникалық
революция шешушi ықпал етедi. Ғылыми-техникалық революция қоғамның өндiргiш
күштерiн дамытуды жаңа тарихи дәуiрдiң бетiн ашып отыр. Еңбек заттары мен
еңбңк құрал-жабдықтары, технология мен өндiрiстi ұйымдастыру революциялық
өзгерiстерге ұшырады. Ғылым қоғамның өндiргiш күштерiнiң маңызды
элементтерiнiң бiрiне айналып отыр. Қоғамның басты өндiргiш күшi-адамның
өндiрiс процесiндегi рөлi мен орны түбегейлi өзгередi. Техника дамуының әр
қилы тарихи кезеңдерiнiң критерийi атқарушы қызметiнiң адамнан техникаға
көшүi, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдiсi
түбiрлi өзгерiске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндiрiс дамуының
былайша атқанда, технологиялық өндiрiс әдiсiнiң дамуының негiзгi кезеңдерiн
төмендегiше бөлүге болады:
1. Қол еңбегiнен егiзделген өндiрiс. Бұл кезеңнiң ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс және ұдайы өндіріс мәні түрлері
Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Ұлттық экономика және оның қызметтерінің деңгейі
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері
Халықаралық еңбек бөлінісі
Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі
Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндетін анықтау мәселелері
Пәндер