Жапония елі туралы мәлімет



 Кіріспе

 Негізгі бөлім
1. Жапония салт.дәстүрлері мен жаңа заман тынысы

2 .Географиялық орны және климаты

3. Мемлекеттік құрылым мен конституция
4. Халқы мен тұрмысы
5. Экономикасы
6. Халықаралық қатынастар
7. Ғылым және техника
8. Жапон мәдениеті
9. Жапон костюмі
10. Жапонияның басқа да дәстүрлі өнер түрлері

 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиеттер
Салт-дәстүрлері мен жаңа заман тынысы . Жапония – үрдіс даму үстіндегі ел. Бұл халқының табиғи еңбекқорлығы мен амалшылдылығының нәтижесі. Алдыңғы қатарлы жаңалықтарға ұмтылу, әлемдік жүйедегі ең соңғы жетістіктерді қабылдап алып, оны одан әрі дамытуға құлщыну – жапон халқының ұлттық дәстүріне айналды. Жапония бүкіл әлеммен қатынас жасайтын белсенді елдердің бірінен саналады.

Географиялық орны және климаты. Жапонияның жері мен табиғаты керемет таңғажайып. Жапония Шығыс Азияның Тынық мұқитқа тірелетін жағалауының жанындағы 6800 аралдарда орналасқан жерінің аумағы 378 мың шаршы километр . Осы жерлердің 99% -ын төрт ең ірі аралдар алып жатыр – Хоккайдо , Хонсю, Сикоку мен кюсю. Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан – ұзақ 3000 километрге созылып жатыр. Жапония Тынық Мұқит және Жапон, Шығыс Қытай , Охота теңіздерінің қоршауында.
Жапондықтардың өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері өте терең , ерекше, Жапонияның поэзиялық символына айналған киелі Фудзи тауының ең биік шыңы – 3776 метр. Жапонияның климаттық жағдайы негізінен жылы әрі күншуақты , ауа райының төрт жыл маусымына тән өзгешелігі бар. Жапон халқы табиғатқа ерекше ықыласпен қарайды, сондықтан жылдың әр маусымының қайталанбайтын әсемдігін бақылай отырып, өзінің мереке-дәстүрлерін осы жыл майсымдарының ауысу құбылыстарымен байланыстырды.
Бұл аралдық мемлекеттің қазіргі қалпы жер қыртысының вулкандық және тектоникалық қозғалыстарының әсерінен пайда болғандықтан, сонымен бірге мұқит жағалауының жер сілкінісіне жиі ұшырап отырғандығына байланысты жер бетінің көрнісі ерекше әдемі .
• Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі


• Кишибеков Д., Масанов А .,
Шаханова Н
10 класс «География» оқулығы ., Алматы 1991ж.,32-45 б


• Қазақ ұлттық энциклопедиясы
36-98 б

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жапония

Салт-дәстүрлері мен жаңа заман тынысы . Жапония – үрдіс даму үстіндегі ел.
Бұл халқының табиғи еңбекқорлығы мен амалшылдылығының нәтижесі. Алдыңғы
қатарлы жаңалықтарға ұмтылу, әлемдік жүйедегі ең соңғы жетістіктерді
қабылдап алып, оны одан әрі дамытуға құлщыну – жапон халқының ұлттық
дәстүріне айналды. Жапония бүкіл әлеммен қатынас жасайтын белсенді
елдердің бірінен саналады.

Географиялық орны және климаты. Жапонияның жері мен табиғаты керемет
таңғажайып. Жапония Шығыс Азияның Тынық мұқитқа тірелетін жағалауының
жанындағы 6800 аралдарда орналасқан жерінің аумағы 378 мың шаршы
километр . Осы жерлердің 99% -ын төрт ең ірі аралдар алып жатыр – Хоккайдо
, Хонсю, Сикоку мен кюсю. Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай
ұзыннан – ұзақ 3000 километрге созылып жатыр. Жапония Тынық Мұқит және
Жапон, Шығыс Қытай , Охота теңіздерінің қоршауында.
Жапондықтардың өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері өте терең ,
ерекше, Жапонияның поэзиялық символына айналған киелі Фудзи тауының
ең биік шыңы – 3776 метр. Жапонияның климаттық жағдайы негізінен жылы әрі
күншуақты , ауа райының төрт жыл маусымына тән өзгешелігі бар. Жапон
халқы табиғатқа ерекше ықыласпен қарайды, сондықтан жылдың әр
маусымының қайталанбайтын әсемдігін бақылай отырып, өзінің мереке-
дәстүрлерін осы жыл майсымдарының ауысу құбылыстарымен байланыстырды.
Бұл аралдық мемлекеттің қазіргі қалпы жер қыртысының вулкандық
және тектоникалық қозғалыстарының әсерінен пайда болғандықтан, сонымен
бірге мұқит жағалауының жер сілкінісіне жиі ұшырап отырғандығына
байланысты жер бетінің көрнісі ерекше әдемі .

Жерінің үштен төрт бөлігнін алып жатқан айбынды тау жоталарының арасынан
тар алқаптар өтеді, өзен мен көлдердің көптігі, жасыл төбелер жазық тау
бөктеріне ерекше әсем көрініс береді.
Бірақ аралдағы тіршілік тынысын рахат өмір деп айта алмаймыз,
өйткені жыл бойына 1700 мм- ге дейін жауын жауады – бұл көрсеткіш жауыны
көп Ұлыбританиядан да асып түседі. Оған дауылдар мен тропикалық нөсер
жаңбырларды , цунами және жер дүмпулерін қосыңыз. Осындай табиғат
қиындықтарына қарамастан Жапон халқы ерекше табандылық , еңбекқорлық
арқасында өз елін гүлдендіріп , биік жетістіктерге жеткізіп отыр.
Жапония - жалпыхалықтық демократиялық басқару жүйесі бар мемлекет
. Жасы жеткен әр азаматтың жалпы мемлекеттік, жергілікті сайлауларға
қатысуға және сайлануға құқы бар.

Мемлекеттік құрылым мен конституция

Жапонияда Парламент - жоғарғы заң шығаратын ең бірінші билік орны,
биліктің бірінші тармағы. Ол екі палатадан құралады - Өкілдер палатасы
мен Кеңесшілер палатасынан. Парламент заңдарды , бюджеті, халықаралық
келісімдердің ратификациясын қабылдап, Конституцияға енгізілетін
өзгерістер туралы ұсыныс жасайды.
Парламент Премьер – министрді депутаттар арасынан тағайындайды,
ал Премьер – министр биліктің екінші тармағы – Министрлер Кабинетін
құрайды. Заң бойынша Министрлер Кабинеті Премьер – министр мен
министрлерден құралады. Кабинет мүшелерінің көбі - өкімет министрліктердің
басшылары.
Биліктің төртінші тармағы – сот . Жоғарғы сот құрамы 15 тәуелсіз
соттан тұрады. Жоғарғы сот үкімі – соңғы шешім .
Жапон Императоры – мемлекеттің және халық бірлігінің сиволы
іспетті. Жапонияда Император бүкіл халықтық құрметке ие болса да,
Конституция бойынша өкімет шешімдерін қабылдау жұмысына қатысуға құқы
жоқ.
Қазөіргі Императоры Акихито 1989 жылы таққа отырды. Император мен
оның жұбайы Мичико ханымның үш баласы бар. Олар Жапонияның астанасы
Токиодағы Император сарайында тұрады.
Жапондықтардың 20% - зы тұрғындар саны миллионнан асатын ең ірі 11
қалада тұрады, солардың қатарында Токио -7,97млн, Йокогама- 3,31млн ,
Нагоя -2,12 млн.

Халқы мен тұрмысы

Жапондықтардың тұрмыс жәрежесі өте жоғары. Халқының саны 126 млн.
адам. Бұл көрсеткішке қарағанда Жапон елі әлемде Ресейден кейін 8- ші
орында.
Әлемде Жапония халқы ең тығыз қоныстанған мемлекеттің бірі. Орта
есеппен алғанда әр шаршы километріне 337 адамнан келеді. Әсіресе
тұрмысы жоғары дәрежеде дамыған шығыс және оңтүстік бөлігінде ( Токио,
Нагоя, Осака қалаларында ) халқы ең тығыз орналасқан.
Халқының тұрмыстық дәрежесі мен денсаулығын анықтайтын ең маңызды
көрсеткіштің бірі – адам өмірінің ұзақтығы . Жапонияда орташа есеппен
алғанда ер азаматтар 77,1 жасқа дейін , ал әйелдері – 83,8 жасқа дейін
өмір сүреді. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.
Жапондықтар үшін жанұя – ең басты байлық. Мұнда басқа дамыған
елдерге қарағанда ерлі – зайыптылардың ажырасуы өте сирек кездеседі.
Жапон жанұясында балалар саны екеуден аспайды. Жапон жанұяларының 11% -
зы үш ұрпақтан тұрады.
Қоғамдағы әйелдердің жағдайы өзгерді. Қазіргі Жапонияда жұмыс
істейтінлердің 41 % - зы әйелдер, олардың басым көпшілігі тұрмыс
құрғандар. Олар жұмыспен қоса , бала тәрбиесі мен үй тіршілігін астастыра
біледі.
Жапония Конституциясы бойынша әр азаматтың дін еркіндігіне құқы
бар. Жапондар өздерін дінге өте берілген халық деп есептемесе де ,
елінде негізінен екі дінге сиынады: синтоизм мен буддизмге.
Жапонияның ұлттық мейрамдары: Қаңтардың 1-і – Жаңа жыл ; қаңтардың
екінші аптасының дүйсенбісі – Бэлиғатқа толғандар күні; ақпанның 11- і –
Жапон мемлекетінің құрылған күні; наурыздың 21- і- Көктемгі күн мен
түннің теңесуі; сәуірдің 29-ы- Көк өсімдік күні;мамырдың 3-і- Конституция
күні; мамырдың 5-і- Балалар күні ; шілденің 20-сы- Теңіз күні ;
қыркүйектің 15-і- Қарттарды құрметтеу күні; қарашаның 3-і- Мәдениит күні
; қарашаның \23-і- Еңбекке ризашылық білдіру күні;желтоқсаннның 23-і-
Императордың туған күні.

Жапонияның экономикасы

Жапония қазіргі уақытта капиталды экспортқа шығаратын ең ірі
елдердің бірі, өнеркәсібінің дамуы жағынан әлемде екінші орында ,
өнімдерін шетке шығаруда үшінші орында.
Жапонияның экономикалық қуаттылығы оның өндірісімен байланысты.
Жапон автомобильдерінің тұрмыстық техникасының , электрондық жабдықтары
мен байланыс жүйесінің жоғарғы сапасы бар әлемге әйгілі. Экономиканың
өндірістен тыс бөлімдері де (тұрмыстық қызмет көрсету, қаражат жағы ,
ғылыми – зерттеу саласы ) жедел қарқынмен өркендеп келеді.
Жапон өндірісі шеттен алынатын шикізат өнімімен байланысты болса
да , соңғы жылдары сауда айналымында импорттан экспорт көрсеткіштері
басымдылығымен айқындалды. 1998 жылы бұл көрсеткіш 121,1 млрд. доллар
шамасында болған.
Бүгінде АҚШ пен Батыс Еуропамен қатар Жапония да әлемнің үшінші
экономикалық маңызды орталығына айналды. Жалпы ұлттық өнімнің жылдық
өсімі бойынша Жапония әлемде ең жоғарғы дәрежеде. Оның жалпы ұлттық
өнімі Америка көрсеткішінің нең жартысындай, ал ЖҰӨ - нің әр адам
басына шаққандағы көлемі 1997 жылы 32610 долларға жетті. Бұл көрсеткіш
бойынша АҚШ – тан озып шықты.
Әлемдегі ең ірі 500 ұлттық компаниялардың 141 –і жапон
компаниялары. Сауда жүйесіндегі сатылу көлемі жағынан әлемдегі
бірінші үш орынды жапон компантялары иеленді.
Жүргізіліп жатқан реформаларға бүкіл халық болып ат салыспаса осы
табысқа жете алмас еді. Жапон халқының ұлттық мінез-ұүлқының ерекшелігі
болып табылатын еңбексүйгіштігі , тәртіптілігі , табандылығы, ұқыптылығы,
төзімділігі, өзі тұрмақ , өзгені де жұмысқа жұмылдыру қабылетінің
арқасында осындай үлкен табыстарға жетті.
Жапонияның тікелей шетелдік инвестициялары әлем экономикасында
маңызды роль атқарады. Жапонияның шет елдерге берген орташа жылдық
инвестийиялары 1986-1997 жылдары 26 млрд. АҚШ долларын құрады. 1998 қаржы
жылы әлемдік экономикаға бөлген қаржылары 5216,9 млрд. иен көлемінде болды,
соның ішінде Еуропаға 34,4%, Солтүстік Америкаға – 26,9% ,Азияға – 16%
бөлінген.
Бүкіл жер шарын қамтитын – өндіріс бар әлемге қанатын жайғанда
Жапония өз өндірістерін Азияда , АҚШ – та, Еуропада ашты, енді бұл елдер
жоғары техникалық өнім шығарады. Бірсыпыра елдер экономикасының дамуына
жергілікті еңбек ресурстарымен қартар Жапонияның қаржы – қаражаты мен
жоғарғы сапалы технологияларын пайдалануы себеп болды.

Халықаралық қатынастар

Жапония әлемдегі барлық елдердің гүлденуіне , бейбітшілік ісіне
белсенді түрде үлес қосады. Жапон Конституциясын Бейбіт конституциясы деп
жйі атайды, өйткені ол Жапон елінің бейбіт өмірге құмарлығын ,
соғыстан бас тартатынын айқын көрсетеді. Жапонияның сыртқы саясатының
негізін құрайтын шарттарының бірі басқыншылық жоспарлардан мүлдем бас
тарту. Бұл мемлекеттің қарулы күштері тек өз елін қорғауға және ұлттық
қауіпсіздігін нығайтуға ғана арналған. Азия елдерімен бірге әлемнің басқа
аймақтарындағы саяси және қоғамдық тұрақтылықты сақтауға Жапония бар
күшін салып келеді.
Тарихи дамудың қазіргі жолында әлемдегі елдердің бірлестігінде
экономикалық, саяси және қоғамдық процесстердің жер шарын қамтитын
интеграциялық тенденциялары күшейіп барады. Жеке мемлекет ішіндегі
қиындықтар бүкіл әлемдік жағдайға қолма қол әсерін тигізеді. Осыны
түсініп, Жапония әлемдік бірлестіктің белсенді мүшесі болғандықтан ,
бүкіл әлемде бейбітшілік нығайтуына , басқа мемлекеттердің экономикасының
гүлденуіне, өзара тиімді халықаралық қатынастардың орнығуына ат салысады .
Жапония басқа елдерге қаржылай көмек көрсетуді өзінің халықаралық
әрекеттерінің маңызды бағыттарының бірі деп санайды. Жапон өкіметі соңғы
жылдардың ішінде дамып келе жатқан елдердің өркендеуіне 10,7 млрд АҚШ
доллары көлемінде көмек берді. Қаржы есебімен алғанда бұл дүниежүзі
елдерінің ішіндегі ең ірі үлес. АҚШ – тың қосқан үлесі -8,1 млрд. доллар.
Үшінші орында – Франция, оның қосқан үлесі 5,9 млрд.долларға тең.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы , Дүниежүзілік даму және қайта
құру банкі, Халықаралық валюта қоры сияқты халықаралық ұйымдарға қаржылай
көмек көрсету жолында Жапония әлемде екінші орын алады. Бұл осы
ұйымдардағы Жапонияның үлесі мен беделін өсіріп келеді.

Ғылым және техника

Халықтың ең озық ой жүйесіне негізделген ғылым мен технтка
салаларының дамуына Жапонияда ежелден ерекше мүмкіншілік жасалынып
келеді.
Қазіргі жағдайда ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржылай
инвестициялар көлемі бойынша Жапония әлемде екінші орында . Жапониядағы
ғылыми қызметкерлердің саны 600 мыңнан асады, 270 мың патент берілген.
Осы көрсеткіштерге қарағанда ол әлемде бірінші орында .
Жапония ғылыми – зерттеу салаларында ерекше маңыз беретіні
соншалықты – оған бөлінетін қаржы жалпы ұлттық өнімнің 3% құрайды. Бұл
әлемдегі аса дамыған елдердің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Жекеменшік кәсіпорындар ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға зор үлес
қосады.
Мәселен,1997 жылы АҚШ – та лицензияларға ие болған ең ірі 10
компаниялардың жетеуі жапон компаниялары.

Жапон мәдениеті

Жапон мәдениеті бүкіл әлемдік мәдениет тұрғысынан ғана емес, басқа
шығыс мәдениеттерінің ішінде де қайталанбас өзгеше құбылыс. Ол X-XI
ғасырлардан бастап үздіксіз дамыды. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың
ортасына дейін бұл елдің есігі басқа шет елдерге жабық болғандықтан
ұлттық мәдениетінің өзгешелігі мол болып дамуына жағдай жасалды.
Жапонияның көне , бай мәдениеті Еуропаның бейнелеу өнерінің , театр мен
әдебиетінің дамуына зор әсерін тигізді.
Жапон костюмі – Жапония мәдениетіндегі барлық заттар және қоршаған
орта әлемі бір – бірімен тығыз байланыста болады.Жапондықтардың дәстүрлі
тұрмысындағы тұтыну жиhаздары, гүл шоқтары,таза ауа әрқашанда қандайда бір
жыл мерзімінің мәнерін, қожайынның көңіл - күйін көрсетеді.Әрбір зат
өзінің өзіндік ерекшелігімен және үй ішіндегі басқа да заттармен
үйлесімділігімен өмір сүреді және олармен көркемдік ансамбль
құрайды.Осы арқылы жапондықтар әрқашанда тек көріктілігімен, нәзіктілігімен
бағаланып қана қойған жоқ.Сонымен қатар , түр – түстің қаталдығымен және
мата суреті, сызықтарымен киімдегі қатпар – бүктемерімен де бағаланды.Бір
жағынан олардың табиғаты, жаратылысы арқылы, әрқашанда жоғарғы үлгідегі
сәнділікке бағдарлайтын талап әсер етеді.
Ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері
Жапониядағы жер сілкінісі. Цунами
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
Генетикалық инженерия негіздері
Ислам діні тарихы туралы
Моңғолстан
Мәдени мұралары
Жапонияның қазіргі кездегі геосаясаты
Карпини Иоанн де - Плано
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТАРИХЫ
Пәндер