Батыс Қазақстан экономикалық аймағындағы Атырау облысы



1. Кіріспе бөлім
Батыс Қазақстан экономикалық аймағындағы Атырау облысы

2. Негізгі бөлім
Атырау облысының экономикалық жағдайы:
 Өнеркәсібі
 Салықтар және бюджет
 Инфляция
 Кәсіпкерлік
 Ауыл шаруашылығы
 Сыртқы сауда айналымы
 Инвестиция
 Әлеуметтік саясат
3. Қорытынды бөлім
Атырау облысының экономикалық маңызы.
Облыс 1938 жылы құрылып, республиканың батыс жағына орналасқан*.
Облыс аумағы 118,6 мың шаршы км-ге тең.
2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды.
Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды.
Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан.
Аумақ рельефі – Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.
Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы.
Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады.
Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл – Индер (110,5 ш.м.).
Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады.
Облыс орталығы – Атырау қаласы** Жайық өзенінің бойына орналасқан, оның негізі 1640 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Атырау қаласынан Астанаға дейін қашықтық 1810 км.
Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 поселке, 183 селолық елді мекендер орналасқан, қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам.
Облыстың ұлттық құрамы 2007 жылғы 1 қаңтарға төмендегіше: қазақтар – 90,9%, орыстар – 6,9%, татарлар – 0,5%, украиндықтар – 0,3%, немістер – 0,1%, белорустар – 0,1% және басқалар – 1,3% құрады.
Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны; құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы, сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы; байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы; транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания «Атырау ӘуеЖолы» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды.
1. Атырау облысының ресми сайты.
2. «Егемен Қазақстан»газетінің 2007 жыл 5 шілде шығарылымы
3. Саясат журналының №5 шығарылымы
4. Қазақстан энциклопедиясы 1 том

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе бөлім
Батыс Қазақстан экономикалық аймағындағы Атырау облысы

2. Негізгі бөлім
Атырау облысының экономикалық жағдайы:
➢ Өнеркәсібі
➢ Салықтар және бюджет
➢ Инфляция
➢ Кәсіпкерлік
➢ Ауыл шаруашылығы
➢ Сыртқы сауда айналымы
➢ Инвестиция
➢ Әлеуметтік саясат
3. Қорытынды бөлім
Атырау облысының экономикалық маңызы.

1. Кіріспе бөлім
Батыс Қазақстан экономикалық аймағындағы Атырау облысы

Атырау облысы

Облыс 1938 жылы құрылып, республиканың батыс жағына орналасқан*.
Облыс аумағы 118,6 мың шаршы км-ге тең.
2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды.
Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1
адам құрайды.
Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан.
Аумақ рельефі – Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген
жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және
құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік
шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.
Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа
да бай кен орындарына толы.
Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа
созылады; қысы суық, қар аз жауады.
Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км),
Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл – Индер (110,5 ш.м.).
Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі.
Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар
алады.
Облыс орталығы – Атырау қаласы** Жайық өзенінің бойына орналасқан, оның
негізі 1640 жылы қаланды. 2007 жылғы 1 қаңтарда тұрғылықты адам саны 207,2
мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Атырау қаласынан Астанаға
дейін қашықтық 1810 км.
Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 поселке, 183 селолық елді мекендер орналасқан,
қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың
(42,9%) адам.
Облыстың ұлттық құрамы 2007 жылғы 1 қаңтарға төмендегіше: қазақтар – 90,9%,
орыстар – 6,9%, татарлар – 0,5%, украиндықтар – 0,3%, немістер – 0,1%,
белорустар – 0,1% және басқалар – 1,3% құрады.
Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: Ембімұнайгаз ӨФ, Облтрансгаз КМК-
ны, Қазмұнайгаз, Прикаспийбурнефть Қазақстан, Теңізшевройл, АМӨЗ,
Атырауобллгаз ЖШС-рі, Атыраубалық, Атырау ЖЭО, Атыраужарық, Атырау
жылу желілері АҚ-ры, Атырау су арнасы КМК-ны; құрылыс саласы бойынша:
Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети, ПФД интернешнл компаниясының АФ-
ры, Сенімді құрылыс ЖШС-гі, НГСК Қазқұрылыссервис АҚ-ның филиалы, Гате
Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы,
сауда саласында: Идеал, Атаба, Атырау Виват, Гелиос ЖШС-нің АФ-ы,
КМГ Жайық ЖШС-нің АФ-ы, Медицина АҚ-ы; байланыс саласында:
Қазтранском, Қазтелеком, Транстелеком, Қазпошта, Қазтелерадио АҚ-
ның АФ-ы;

транспорт саласы бойынша: Авиакомпания ҚазЭйрУест, Авиакомпания Атырау
ӘуеЖолы АҚ-ры, Бертлинг Казах Поджистикс, Батыс Транспорт Сим ЖШС-рі,
Атырау өзен порты АҚ-ы жұмыс жасайды.
Атырау қаласы
Атырау қаласы – Атырау облысының орталығы, ол Жайық бойына орналасқан,
қаланың негізі 1640 жылы қаланды.
Қала аймағы – 3,5 мың ш.км.
Атырау қаласы мен Астана қаласының ара қашықтығы – 1810 км.
Климаты өте континентальдық, қуаң. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық
ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.
2007 жылғы 1 қаңтарда қала әкімшілігі тұрғындарының саны 207,2 мың адам
құрады: оның ішінде:
Атырау қаласында – 154,1 мың адам;
Балықшы поселкесінде – 17,1 мың адам;
Жұмыскер поселкесінде – 6,7 мың адам;
Ауылдық тұрғындар – 28,2 мың адам.
2007 жылғы 1 қаңтарда 5195 заңды тұлғалар тіркелінді, оның 4875-і шағын,
275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар.
Жалпы білім беретін мектеп саны – 68;
Мектепке дейінгі мекеме саны – 25;
Жоғарғы оқу орны – 4;
Орта арнаулы оқу орны – 11.
2006 жылы 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна
моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық
мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9
млн.кВтсағ; жылу қуаты – 1624,4 мың гКал құрады.
Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық;
323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан
өндірілді.
Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына Қазмұнайгаз
ӨФ-ы, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қазтранойл, Атыраубалық, Заман
групп, ЖШС-рі, Атырау жарық, Облтрансгаз, Атыраусушар, Атырау су
арнасы, т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.
Жылыой ауданы
Аудан 1928 жылы құрылған. Оның аумағы 29,3 мың ш.км. Аудан Каспий
жағалауының солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Халық саны 2007 жылғы

1 қаңтарда 69,7 мың адам құрады. Аудан бойынша халықтың орналасу тығыздығы
(1 ш. км-ге) орташа есеппен - 2,4 адам.
Аймақ рельефі - жазық.
Жылыой ауданының аймағын Жем (Эмба) өзені қиып өтеді.
Аудан орталығы – Құлсары поселкесі, ол 1939 жылы құрылған. 2007 жылғы 1
қаңтарда аудан орталығында 48,6 мың адам орналасқан. Аудан орталығының
Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы - 230 км.
Аудан жерінде көне-тарихи ескерткіштер, мысалы: алтын киімді Сарматтар
көсемінің (біздің эрамызға дейінгі 2-4 ғасырда) жерленген мәйіт қалдықтары,
Ұшқан қабірі, Шерлігүл мешіті, Жұбан тамы орналасқан Аралтөбе жерінің
тарихы ерекше.
Ауданда 1 кенттік әкім, 1 кенттік әкімшілік және 5 ауылдық әкімшілік
орналасқан.
Ауданда халық негізінен мал шаруашылығымен, оның ішінде әсіресе, түйе және
қаракөл шаруашылығын дамытумен айналысады. 2006 жылы ет – 4,2 мың тонна
(тірі салмақта), сиыр сүті – 4,9 мың тонна, жұмыртқа – 1626 мың дана, қой
жүні – 933 тонна (тірі салмақта) болды. 2007 жылдың басында мүйізді ірі
қара 15,3 мың бас, қой мен ешкі – 53,4 мың бас, жылқы – 3,9 мың бас, түйе –
2,8 мың бас құрады.
Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ
әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені осы ауданда орналасқан.
Сонымен қатар ауданда Жылыоймұнайгаз басқармасы, Бақай корпорациясы,
НСС, Ғимарат, КОССК, Ақниет - Ембі ЖШС-рі, Жылыойкөлік,
Теңізавтокөлік мекемелері жұмыс жасайды.
2006 жылы 14679,5 мың тонна мұнай; 4651,7 млн тк.м. – табиғи газ; 1107,7
млн кВтсағ электр қуаты; 1422,3 мың гКал жылу қуаты шығарылды.
Индер ауданы
Аудан 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9 мың ш.км. 2007 жылғы 1 қаңтарда
аудан халқының саны 30,7 мың адам құрады. Халықтың орналасу тығыздығы
орташа есеппен (1 ш.км. жерге) 2,8 адам болды.
Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды.
Индер ауданын Орал өзені қиып өтеді.
Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды. 2007
жылғы 1 қаңтарда аудан орталығындағы тұрғындар саны 11,9 мың адам болды.
Индер поселкесінің Атырау қаласынан қашықтығы - 200 км.
Ауданда 1 кенттік әкім, 6 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Негізгі айналысатын шаруашылығы – мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл
тұқымдас қой түрін өсіру. 2006 жылы 4,7 мың тонна (тірі салмақта)

ет, 6,3 мың тонна сиыр сүті, 300 мың дана жұмыртқа, 150 тонна (тірі
салмақта) қой жүні өндірілді. 2007 жылдың басында ауданда 16,1 мың бас ірі
қара, 87,3 мың бас қой мен ешкі, 5,6 мың бас жылқы, 2,6 мың бас түйе болды.
Сондай-ақ, мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2006 жылы
1,4 мың тонна картоп, 2,3 мың тонна көкөніс, 1,3 мың тонна бақша дақылдары
өсірілді.
Индер ауданында ИСИ - Гипс - Индер, Индергаз ЖШС-рі, Есбол, Жарсуат
ӨК-рі, Қазақтелеком АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік
басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі
бар.
Исатай ауданы
Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7 мың ш.км. жерді құрайды.
Ауданда 2007 жылғы 1 қаңтарда 24,3 мың адам орналасқан. Халықтың орташа
орналасу тығыздығы (1 ш.км-ге) - 1,6 адам құрайды.
Аймақ жері – жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық,
топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ.
Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы
қаланды. Ондағы халық саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 7,4 мың адам құрады.
Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 85 км.
Ауданда 7 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006
жылы өндірілген ет 4,7 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті – 3,8 мың
тонна, жұмыртқа – 150 мың дана, жүн – 79 тонна (тірі салмақта) құрады. 2007
жылдың 1 қаңтарына аудандағы мүйізді ірі қара саны – 11,6 мың бас, қой мен
ешкі – 49,5 мың бас, жылқы – 7,7 мың бас, түйе – 6,4 мың бас болды.
Ауданда Жайықмұнайгаз басқармасынан басқа Сазанқұрақ қазақ американ
бірлескен кәсіпорны, Прикаспиан Петролеум, Потенциал Ойл, Жанбай,
Светланойл, НБК жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері орналасқан.
Сонымен қатар Аққыстау селосында Әдемі үй ЖШС-гінің қарамағындағы кірпіш
зауыты жұмыс жасайды.
2006 жылы 1165,5 мың тонна мұнай өндірілді.
Қызылқоға ауданы
Аудан 1944 жылы құрылды. Аудан көлемі 24,9 мың ш.км жерді алады. Халық саны
2007 жылғы 1 қаңтарда 32,5 мың адам болды. Орташа есеппен халықтың орналасу
тығыздығы (1 ш.км-ге) 1,3 адам.
Аймақ рельефі – жазық.
Аудан орталығы Миялы селосында орналасқан, негізі 1959 жылы қаланды. 2007
жылғы 1 қаңтарда аудан орталығындағы халық саны 6,2 мың адам

болды.
Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 300 км.
Ауданда 10 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Қызылқоға ауданын Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.
Айналысатын негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2006
жылы 10,4 мың тонна ет (тірі салмақта), сиыр сүті – 10,3 мың тонна,
жұмыртқа – 226 мың дана, жүн – 216 тонна (тірі салмақта). 2007 жылдың 1
қаңтарына аудандағы ірі қара саны – 36,6 мың бас, қой мен ешкі – 109,5 мың
бас, жылқы – 5,1 мың бас, түйе – 1,8 мың бас болды.
2006 жылы 711,9 мың тонна мұнай өндірілді.
Аудан экономикасының басты саласы-ауыл шаруашылығы. Аудандағы барлық
шаруашылық құрылымдарындағы мал басы 1 қаңтар 2007 жылғы мәлімет бойынша
ірі қара – 36615 бас, қой-ешкі – 109485 бас, жылқы - 5138 бас, түйе – 1845
бас болып, өткен жылдың салыстырмалы мерзімінен ірі қара – 3,3 %‚ қой-ешкі
– 11,9 %, жылқы – 0,1 %-ға өссе, түйе -1,7%-ға өсіп отыр.
Аудан экономикасына мұнай-газ саласы да елеулі үлес қосып келеді. Аудан
өмірінде Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы мен Мәтен қазақ-түрік
біріккен кәсіпорнының алып отырған орны ерекше. Жыл ішінде "Қайнармұнайгаз"
басқармасы мен "Мәтен" біріккен кәсіпорыны арқылы 703,4 мың тн мұнай, 18,5
мың тн газ алынып, өткен жылдан мұнай – 6,6 %, ал газ – 8,8 %-ға
жоғарылады.
Құрманғазы ауданы
Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан көлемі – 20,8 мың ш.км. Халық саны
2007 жылғы 1 қаңтарда 58,8 мың адам болды. Орташа есеппен халықтың орналасу
тығыздығы (1 ш.км. жерге) 2,8 адам құрады.
Аймақ рельефі жазық тегістік.
Аудан орталығы Ганюшкин селосында орналасқан, ол 1793 жылы құрылды. Аудан
орталығында 2007 жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны – 13,1 мың адам
құрады.
Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы 260 км.
Ауданда 18 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Құрманғазы ауданын ірі өзендердің бірі – Қиғаш өзені қиып өтеді.
Айналысатын негізгі шаруашылық бағыты – қой шаруашылығы, еділбай қой
тұқымын өсіру. Сонымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2006 жылы 2,4 мың
тонна картоп, 3,7 мың тонна көкөніс, 1,4 мың тонна бақша дақылдары, 10,8
тонна ет (тірі салмақта), 10,7 тонна сиыр сүті, 172 мың дана жұмыртқа, 276
тонна жүн (тірі салмақта) өнімдері алынды. 2007 жылғы 1 қаңтарға мүйізді
ірі қара – 36,5 мың бас, қой мен ешкі – 126,9 мың бас, жылқы – 11,4 мың
бас, түйе – 4,5 мың бас болды.

Негізгі тамақ өнім түрлерінің ішінде жаңа піскен нан – 526 тонна құрады.
Аудан көлемінде жұмыс жасап тұрған ірі кәсіпорындар бар, олар Мақаш ӨК-і,
Сүйіндік ААҚ-ы, Ақжонас ЖШС-і, Құрманғазы ӨК-і, Каспий балық ӨК-і
және т.б.
Мақаш ӨК-і, Құрманғазы ӨК-і, Сүйіндік ААҚ-ы, Ақжонас ЖШС-і мал
шаруашылығымен, малдарды асылдандандыру жұмысымен айналысады. Каспий
балық ӨК-і балық аулау және оны өңдеумен айналысады.
Мақат ауданы
Аудан 1924 жылы құрылды. Оның көлемі 4,9 мың ш.км. жерді қамтиды.
2007 жылғы 1 қаңтардағы ауданда тұратын халық саны 27,9 мың адам болды.
Халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 ш.км. жерге) 5,7 адам.
Аймақ жері жазық, тегіс.
Аудан орталығы Мақат поселкесінде орналасқан, оның негізі 1924 жылы
құрылды. 2007 жылғы 1 қаңтарда аудан орталығында тұратын халық саны 13,9
мың адам болды.
Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы - 130 км.
Ауданда 6 кент бар.
Мақат ауданын Сағыз өзені қиып өтеді.
2006 жылы ауданда 616,3 тонна мұнай, 44,2 мың гКал жылу қуаты шығарылды.
Аудан аумағында Доссормұнайгаз басқармасы, Доссормұнаймаш ЖШС-гі,
Мақат газ айдау стансасы, Мақат энерго жөндеу мекемелері, Мақат
локомотив пайдалану депосы, Мақат сервис - 2004, Локомотивтік сервис
орталығы ЖШС-гі жұмыс жасайды.
Махамбет ауданы
Аудан 1938 жылы құрылды. Аудан жері 9,6 мың ш.км. 2007 жылғы 1-
каңтарда аудан халқының саны 29,6 мың адам болды. Халықтың орналасу
тығыздығы орташа есеппен (1 ш.км. жерге) 3,1 адам құрады.
Аймақ рельефі – жазық, топырағы ақ таңдақ, құмды.
Аудан орталығы Махамбет селосында орналасқан, оның негізі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өңдейтін кәсіпорындар дамуының ерекшеліктері
Көліктің маңызы және экономикалық географиялық ерекшеліктері
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар
Қазақстанның көлік және жол қатынасы
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Туризм инновациясы
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Пәндер