Демократия туралы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Демократия туралы ұғым және оның белгілері
- Демократияның антикалық теориясы
- Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теорнясы
- Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Демократия деген сөз гректің "демос"- халық және "кратос"- билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі;
2) мүшелерінің тендігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық қүрылымның мүраты (идеалы) және соған сәйкес көзкд-растар.
Демократияның көпшілік таныған бірынғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оньң үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасы мен және референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін" жатқызды.
Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп тендікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада - халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда
жөне т. т. болуға тиіс.
Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай тендестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық - жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-түрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетгі деген
іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-
әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсатгарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан қүқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға бо-
лады? Оның кепілі - әділеттік. Әділеттіліктің де бірыңғай
ұғымы жоқ. Ол женінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату
біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеггілік коғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси қүрылыспен, оның мемлекетгілігінің түрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл - демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасыр-лар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, тендік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мындаган жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Тендікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Қүқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздыктан құтқаруға міндетті. Сайып кел-генде, осының бәрі еркіндік, бостандыкқа байланысты.
Сонымен біз халықтын мемлекеттік билікті жүргізуге қаты-су керектігі, құқық, тендік, еркіндік жөнінде өңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл - әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзат-тың басқа да арман-мүраттары сияқты бірден толық орындала бермейді.
Жоғарыда керсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі сргандарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өэі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс.
Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке багынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшыяықтың өз пікірі болуы, оны сый-лау, онымен санасу керектігі мойындады.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялык. рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекетгін дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы жөне т. с. с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, к. ұқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп түрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол - шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның сая-си дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, "демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ".
Демократияның антикалық теориясы
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып түратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттін, ішкі және сыртқы саясатына байланыс-ты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардын жұмысына бақылау жасау, салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі, соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматгар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп-келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызмет-терге сайланбады. Олартек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді.
Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан түратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады. Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демок-ратиялықорганын он бөлімнен түратын халық соты құрды. Істің қандай белімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Заңдар халык жиналысында қабылданатын. Афинының азаматта-ры өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет ететін.
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті улесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын. Бірақ ол жер енделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын.
Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғаңцай болып керінетін.
Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға кұқықты және міндетгі болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында казіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жок.
Афинылық демократия Периклдің (б. з. б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халык көсемі болып есептелді және тиранияға карсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті бар-лык, ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады.
Ол елгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық тендік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматгардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп, кепшілік тарапынан аз-шылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті.
Б. з. б. 322 жылы афинылық демократия құлап, кдла Македо-нияға тәуелді болып кдлды. Афиныда демократиялық баскару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды.
Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционал-дық және әлеуметтік билік бөлінді. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталган, халык, билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.
Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жақсы жақтарымен сипатталады. Сонымен катар олардың осал жерлері де бар. Ен, алдымең азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдар-дың ішкі өміріне кеп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сияқгы бо-лып, ал қоғамдық қүрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын көпірме, лепірме, даурықпаларға (демагоггарға) қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұстамды, ұтымды, баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия барлық адамдарды тендестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон да жақтырмады. Сондыктан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің. түрі деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының ны-шандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазір ең демократияшыл елдер катарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жаңа деңгейде кайталанғандай: президенттік билік - патшалық билікті, сенат - аристократияны, өкілдер палатасы - халық трибунатын бейнелеп түрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдын-дағы барлық азаматтардың тендігі, саяси қүқықтардың тендігі және т. б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып калыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас беліктеріне айналды
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теорнясы
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған ез бетінше саналы іс-әрекет жасай-тьш, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортак игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясат-тың басшы принципіне айналады және ортак ерік, жігер, қай-рат негізінде қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бас қоскан пікір сайыстан кейін нашар жақ-тарыалынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топ-тастырып ортақ игілікке жетудін, шешімін қабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін қалаушылар да адамның ұтымды, баянды (рацио-налды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, қулықтарына оңай түсіп калатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, сел-қос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған авст-рия социологы Иозеф Шумпетер (1883-1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумпетерлік" теориясын жа-сады. Онын, ойынша, жалпы ыктиярлық, тілек барлық халық-тың еркімен калыптаспайды, оны жасайтын соған мүдцелі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол ез кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптас-тырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл - Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қоры-та келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бүл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сез болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сейтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.
Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сақталуын көздеді, жеке адамды коғам мен мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азаматтардың саяси тендігін жария етті, аз-шылықтын, құқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде бекітгі.
Либералдык принципте халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т. б. түріне айналды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топ-тардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерініңтүрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.
Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді:, 1) саяси серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша орнынан сайлау арқылы алынады. Сайлаушылар мен олардың сайлаған екілдерінін, арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - депутаттарға қатал талап-тілектер қоюды көздейді. Екіншілері - мұны дұрыс санамайды. Себебі, олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайларына аманат беру мүмкін емес. Оның үстіне, сайлаушы өз ауданы, облысына қатысты мәселелерді аманат етеді, ал парламенттегі саясатшы тұтас халық, ел мүддесін ойлауы керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел мүддесінің тоғысу дәрежесін ол өзі табуы керек.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жүмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын ай-тарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы, Англияда Шумпетер олардың тобына ең алдымен ақсүйектерді жатқызады.
2. Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға
өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай
болмаса, шешімдердін легитимдігі жөнді болмайды, сондықтан
елдегі саяси тәртіптің тұрақтылығына нұксан келеді.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі, ол маман емес ынталы адамдарға қарағанда мемлекетті көш ілгері баскарады. Ол өз құрамын орта таптың өкілдерімен толықтырғаны жөн.
4. Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі
болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны ете
маңызды. Саяси процеске әрбір қатысушы өз еркімен өзін-өзі
тежемесе қандай демократия болмасын алысқа кете алмайды.
Билеуші топ болсын, оппозиция және басқа дау-жанжалға қатысушы топтар болсын ең алдымен ұлттық мүддені бірдей түсініп, жоғары қоюлары абзал.
Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (пяюралишніи) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье атап көрсеткен биліктін тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж. Мэдисон (1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдцелері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитьш бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардын, тікелей кдтысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана катысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан калады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың катынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бүл теория дарашылдық жөне ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып түрғандай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz