Қазақстан балаларының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 БАЛАЛАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Балалар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде 5
1. 2 Балалардың рухани-адамгершілік құндылықтары классикалық және заманауи теориялық концепциялары контексінде 11
2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАР ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ СОЦИОМӘДЕНИЕТТІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ БЕЛСЕНДІ СУБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
2. 1 Қазақстандық балалардың құндылықты нормативті жүйелерін асыра бағалау процестеріндегі отбасының рөлі 18
2. 2 Қазақстандық балалардың құндылықтық қалауларының қалыптасу ерекшеліктеріндегі отбасының рөлі 23
2. 3 Қазақстан Республикасы балаларының әлеуметтік маңызды құндылықтарын салыстырмалы талдау 26
ҚОРЫТЫНДЫ 45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 47
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс қазіргі уақыттағы Қазақстан балаларының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдерінің қалыптасу ерекшеліктеріндегі отбасының рөліне талдау жасауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларында болып жатқан өзгерістерге, ең алдымен қазіргі заман балаларының әлеуметтік бейнесіне айтарлықтай ықпал етіп отырған құндылықтық, әлеуметтік басымдықтарға кешенді талдау жасау қажеттілігіне негізделген. Қарастырылып отырған мәселеге келудегі авторлық көзқарас балалар едәуір сезімтал және динамикалы әлеуметтік топ болып табылады. Өзгерістер дәуірінде есейе отырып, олар болашақта бүкіл социумның құндылықтық моделіне айналатын аксиологиялық жүйені қалыптастырады. Қазақстан балалары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап, заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуіне белсенді түрде ат салысқанда ғана әлеуметтік ресурс бола алады.
Алайда, өтпелі кезең жағдайында балалардың жоғарыда аталған ресурсқа айналуы демократиялық құндылықтарды саналы түрде қабылдағанда, қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуінің жүзеге асуына белсенді түрде қатысқан жағдайында ғана мүмкін болады.
Нарықтық экономикаға, азаматтық қоғамға өту әлеуметтік институттардың реформалануын ғана емес, жаңа құқықтық және экономикалық нормалардың пайда болуын да қарастырады. Сондықтан да әлеуметтік өзгерістердің аталған процесіндегі маңыздысы жаңа құндылықтық нормалармен бағыт ұстаудың генерациясы болып табылады. Балалардың жаңа құндылықтарды, нормаларды және модельдерді интернализациялау процесі ерекше маңызға ие, өйткені бұл топ өмірлік өзін өзі анықтау процесінде тұр, олардың алдында болашақ мамандығын таңдау, болашақ мансабын, өмір сүру үлгісін, өз болашағын таңдау тұр. Мемлекет өзгерістерінің нәтижелігі көпшілігінде балалардың белсенділігіне, олардың кәсіби биіктікке мақсат қоюына, өз өмірін жақсартуға деген тілегіне байланысты болады.
Трансформациялық процестер балалар арасында, социомәдени өндірісте балалар рөлінің өзгеруінде біршама анық байқалып жүр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан халқына жүгіне отырып, негізгі басымдықтар ретінде келесілерді белгіледі: еліміздің болашағы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу, жоғары білім деңгейі, ұлттың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және мәдени дамуы, денсаулығы. Қоғам өмірінің барлық саласына ықпалының күшеюінен көрініс тауып жүрген қазіргі заман мәдениетінің жасаруы, ювентизация, инфантилизация сияқты сипаттамаларының пайда болуы белгілі-бір қызығушылық тудырады. Осы орайда, қазіргі қоғамдағы жанжалдық құбылыстардың өсу үрдісін балалармен байланыстырады. Қандай болғанда да, балаларды зерттеу болашақты түсіну жолдарын, оның мүмкіндіктерін және модельдеу формаларын іздестірумен байланысты. Балалар қоғамның біршама динамикалық бөлігі бола отырып, болашақ әлеуметтік шындықты қалыптастырушы әлеуметтік топты құрайды. Қазіргі заман балаларының социомәдени бағыт ұстау процесі векторын маңыздылау социологиялық талдау шеңберінде нәтижелі болмақ.
Социомәдени балалар бағытының аумақтық процестерін мәндестіру қазақстан балаларының етенелестігінің барлық сан алуандығында құндылықтық бағыты туралы тұтастай ойды қалыптастырады.
Социологиялық зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасы балаларының құндылықтық бағыт жүйесі.
Зерттеудің пәні. Балалардың құндылылықтық бағытының ерекшелігін, дүниетанымдық, адамгершілік және мәдени идеалдарын өзгертетін аумақтық контекстегі әлеуметтік институттардың жас ұрпаққа ықпал ету түрлері мен әдістерін, социомәдени процестерді құрайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман балаларының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі, олардың теориялық-практикалық маңыздылығы және айтарлықтай жетілмегендігі авторға курстық зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды. Қазіргі таңдағы теория мен практиканың қажеттіліктерін ескере отырып, диссертант балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарының біршама маңызды теориялық-әдістемелік және практикалық мәселелерін, олардың тұлғалық фактордың қалыптасуындағы рөлі мен маңызын зерттеуді алдына мақсат етіп қояды. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу келесі зерттеушілік міндеттердің шешілуін қарастырады:
- қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өндірісі мен дамуы механизміндегі балалардың маңыздылығын жалпылау;
- әлеуметтік-философиялық ойлар тарихындағы рухани-адамгершілік мәселесіне теориялық көзқарастар эволюциясына концептуалды талдау жасау;
- рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұнын ашу, әлеуметтік шындықты меңгерудегі, тұлғаның қалыптасуындағы олардың орны мен рөлін анықтау;
- оңтүстік қазақстан балаларының рухани-адамгершілік құндылықтарының орнын анықтау, рөлі мен маңызын көрсету;
- Қазақстан Республикасы балаларының рухани-адамгершілік құндылықтарының орнын анықтау, рөлі мен маңызын көрсету;
- балалардың әлеуметтік шығармашылық мүмкіндігін біршама толық жүзеге асырудың болжамдық технологиясын әзірлеу.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі балалардың құндылық бағдарының құрылуына ықпал ететін институционалды процестердің, құрылымдар мен тетіктерді зерттеуге мүмкіндік беретін жүйелік анализдің принциптері; бір жағынан әлеуметтік ортаға құндылықтық бағыттың трансформациясы процестерін қарастыруға бағытталған құрылымдық-функционалдық жол, екінші жағынан олардың қоршаған ортаға әлеуметтік-түрлендіруші мүмкіндіктерін анықтау болады.
1 БАЛАЛАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Балалар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде
Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте балалардың дамуын зерттеуге келудің көптеген жолдары бар, өз кезегінде «балалар» ұғымының маңыздылығының анықтамасы да сан алуан. В. Т. Лисовский 1968 жылы алғашқылардың бірі болып «балалар» ұғымына анықтама берді: «Балалар-әлеуметтену сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы; нақты тарихи жағдайларға байланысты балалардың жастық критериі 16 жастан
30 жасқа дейін өзгеруі мүмкін» [39] . Осы орайда автор балаларды ұрпақ ретінде қарастыра отырып, осы ұрпақтың белгісі жасы ғана емес, сондай-ақ, сенімі мен мақсаттарының бір болуы, уайымының және өмірге деген қарым-қатынасының ортақтығы болып табылады деп санайды. Жасы келе ұрпақ дәуірде тәрбиеленген әлеуметтік сипатын сарқылтпайды.
Балаларды әлеуметтік талдау бір жағынан, алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының «табалдырығында» тұрып, қоғамдық қатынастардың қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеуді білдіреді. Балалар өзінің жастық тобының ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің инновациялық типіне біршама икемді, дәстүрлі қалыптасып қалған тәртіптердің әсеріне аз дәрежеде ұшыраған және бір мезгілде девиацияның әртүрлі түрін қабылдауға икемді. Жас ұрпақтың органикалық маргиналдық топтың бірінен тұратындығы маңызды болып табылады. Оның статусы уақытша және оның аға ұрпақтың берік әлеуметтік күйін бойына сіңірудің алдына дейін уақытша болып табылады.
Осының барлығы балалардың құндылықтық ұстанымы мен әлеуметтік әрекетінің ерекшелігі мен сипатын анықтайды. Өз кезегінде бұлар қоршаған социумның әлеуметтік шындығына қалыптасады. Бұл жағдайда өмір ағысымен жүріп жатқан провинциалды қаланың әлеуметтік өміріне. Осы әлемге қаншалықты дәрежеде және қаншалықты шектеулі кіруіне оның болашағы ғана емес, қалалық қоғамның даму болашағы да байланысты. Бұл әлеуметтік тетіктерді өңдеуді қажет етеді және соның ішінде оның сол қоғамға ынтымақтасуының жетістігін және оның ары қарай өмірінің жетістігін, балалар өмір сүріп жатқан қаланың болашағын қамтамасыз ететін әлеуметтік саясат арқылы да. Әлеуметтік-стратификациялық жүйенің бір бөлігі бола тұрып, ол әлеуметтік дифференциацияға ұшыраған, яғни әлеуметтік біртекті массаны береді. Сондықтан балаларды әлеуметтік топ ретінде зерттей отырып, олардың ішкі әлеуметтік біртектіліксіздігіне назар аудару керек.
Қазіргі кезде әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде балалардың жасының «төменгі» және «жоғарғы» жастық шекарасын анықтауда әртүрлі ағымдар бар. БДҰ Халықаралық балалар жылын өткізгенге дейін жеткіншектік кезең деп 10 нан 19 жасқа дейінгі жасты санап келген. Өйткені дәл осы жастық интервал статистикалық және демографиялық есептерде қолданылады. 1985 жылы БҰҰ Халықаралық балалар жылын өткізілуіне байланысты жастық шақ деп 15 жастан 24 жасқа дейінгі кезеңді белгіледі [40] . Жастық шақ кезеңінің басы жеткіншектік кезеңнің орта кезімен сәйкес келгендіктен, осы екі кезеңді біреуге біріктіріп, 10 жастан
24 жасқа дейінгі үлкен жастық кезең ретінде қарастыру шешілді.
Біршама толық анықтаманы И. С. Кон берді: «Балалар - жастық сипаттардың жиынтығы, әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі негізінде бөлініп шығатын және басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттермен негізделген әлеуметтік-демографиялық топ». Дәл осы анықтама балалар әлеуметтануындағы негізгі анықтамаға айналып отыр. «Жастық шақ белгілі-бір фаза, өмірлік кезеңнің сатысы ретінде биологиялық тұрғысынан әмбебап, алайда, оның нақты жастық шеңберлері, онымен байланысты әлеуметтік статус және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер әлеуметтік-тарихи табиғатқа ие және қоғамдық құрылымға, мәдениетке және сол қоғамға тән әлеуметтенудің заңдылықтарына тәуелді» [41] .
Батыс әлеуметтануында балалар белсенділігінің субмәдени, делинкветті тұстарын зарттеудегі алғашқы қарлығаштары ретінде чикаго мектебінің өкілдерін санауды ұсынған. Олар ХХ ғасырдың 20 жылдары қалалық балалардың ерекше топтарын зерттеуде қалалық этнография әдісін пайдалануды ұсынған болатын (В. Ф. Уайт, А. Коен, Г. Беккер т. б. ) . Балалар әлеуметтенуындағы субдисциплинаның қалыптасуындағы маңызды рөлді Т. Парсонс иемденеді: ол «балалар мәдениеті» терминін ендірді. Ересек қоғамның рөлдерін игеру үшін Т. Парсонс әзірлеген балалар мәдениеті кеңістігінің функционалдық маңыздылығы туралы идеясы балалық шақтан есеюге өтуді түсіндірудегі негізгі орынды әлі де алып келе жатыр.
Батыс әлеуметтануында Т. Парсонс пен Ш. Айзенштадтың концепцияларымен берілген құрылымдық-функционалдық тәсіл балалардың мәдениетін оның қоғамда атқаратын қызметі - балалар мен қоғам арасындағы ауыртпалықты жою қызметі тұрғысынан қарастырады. Диссертанттың айтуына қарағанда, құрылымдық-функционалдық тәсіл балалар мәдениетін зерттеуге айтарлықтай ықпал етті, қоғамдағы жастық дифференциацияның маңыздылығына назар аударды, және балалар мәселесін жүйелік зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтті. Алайда, мұндай тәсілдің өз кемшіліктері бар. Құрылымдық функционализмнің сыналатын жері сол, балаларды тұтыну агенті ретінде пайдалана отырып, біз балалардың тұтынушылық тәжірибесінің стильдік ерекшелігін ескерместен тұтастай топ ретінде сипаттай алмаймыз. Функционализмнің шектеулі тұсы, бұл тәсіл әлеуметтік құбылысты оның генезисі тұрғысынан түсіндіруге мүмкіндік бермейді, тек құбылыстардың әлеуметтік жүйе ішіндегі белгілі бір өзара байланысын көрсетеді. Сөйтіп, балалардың тұтыну стильдерінің құрастыру процесіне талдау жасауды зерттеуді шет қалдырады.
Бар ғылыми анықтамаларды жіктей келе келесі негізгі жолдарды бөліп қарастыруға болады:
Стратификациялық жолда балалар жастың шеңберімен, өздерінің ерекше әлеуметтік рөлдерімен, статусымен және әлеуметтік көзқарастарымен шектелген ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде анықталады.
Психофизиологиялық жол адам тұлғасының жыныстық жетілуі мен толық ересектігі арасындағы даму кезеңі ретіндегі «жастық шақ» ұғымына негізделген.
Әлеуметтік философияда балаларды өздерінің биологиялық және психологиялық қарым-қатынастағы белгілі-бір жастың (жастық интервал
14 жастан 29 жасқа дейінгі) адамдары ретінде анықтайтын
әлеуметтік-психологиялық жол
бөлінген.
Рөлдік жол «жастық шақты» адамның сәби рөлінде ойнамайтын, сонымен қоса ересек адамдардың рөлін толыққанды алып жүрмейтін әрбір адамның өміріндегі ерекше іс-әрекеттік фаза ретінде талдайды.
Жанжалдық жол «жастық шақты» өміріндегі әрбір адам үшін маңызды күйзелістерге, мәселелерге өз-өзімен және қоғаммен болатын жанжалдарға толы кезеңі ретіндегі ұғымына сүйенеді.
Субмәдениеттік жол балаларды ерекше өмір сүру үлгісі, іс-әрекет стилі, мәдени нормасы мен құндылықтары бар ерекше топ ретінде қарастырады.
Интеракционистік жол «балаларды» әрбір адамға тән көңіл күйдің бірі ретінде қарастырады. Ол көңіл-күй күтпеген іс-әрекеттерде, реакциялардың тікелей, стандартты емес кезінде көрініс береді [42] .
Жоғарыда аталған жолдардың әрқайсысы балаларды зерттеудің ерекшеліктері мен нақты ғылыми пәндердегі жастық шақ феноменін белгілейді.
Социологиялық талдау балаларға тән ұрпақтық жағдай, ұрпақтық өзара байланыс және ұрпақтар бірлігі қасиеттері бар «балалардың ұрпақтық талдауды» жүргізуді қарастыратын интегративті жолмен құрылады. Жоғарыда айтылған идеяларға сүйене отырып, атап айтар болсақ, К. Мангеймнің,
Г. Шельскийдің, қазіргі кезде әлеуметтану жас ұрпақты олардың өзара байланысы мүшелерінің сезінуіне негізделген объективті бірлік, тарихи уақыт (өмір мен әрекеттің шежірелік кезеңі, оларда шешілетін міндеттің ортақтығы, сол кезеңде өмір сүрудің әлеуметтік және экономикалық шарттарының ортақтығы, өмірлік тәжірибенің ортақтығы) қатарында сол ұрпаққа жатуды қарастырады. Г. Шельскийдің көзқарасы бойынша «балалар «біздің қоғам үшін қажетті, қоғаммен арандатылатын және марапатталатын әлеуметтік типті репрезенттейді» [43] .
Сонымен, негізгі бағыттардың бірі-бұл балаларды ұрпақтардың реттілігі мен ауысуы процесінің объекті және субъектісі ретінде қарастыру. Балалардың әлеуметтік қызметі алға шығады (марксистік бағыттың ізіне түсушілер,
К. Мангеймнің теориясын жақтаушылар) . Зерттеушілердің бұл тобы
«К. Маркстің сызығы» және «Мангеймнің сызығы» деген атауға ие болған екі бағытпен берілген.
К. Маркстің және Ф. Энгельстің еңбектері балаларды таптық жол көзқарасы тұрғысынан анықтауға бастау қойды. Бұл жерде таптық бөліну негізге алынады. Бұл жастықтың ерекше сипаттамалары арқылы көрінеді: белсенділік, ымыраға келмеушілік.
Л. С. Выготскийдің теориясы процестердің таптық тәсілінің шеңберінен шыға отырып, балалардың мәдени-тарихи концепциясын береді.
Л. С. Выготскийдің теориясының негізі ретінде есеюдің әртүрлі кезеңін талдау кезіндегі дамудың (әлеуметтенудің) идеясы алға шығады. Бұл жерде жастық кезең (14-18 жас) «қоршаған ортамен қатынастың толық орнауы» ретінде бөлініп шығады Осы орайда автордың ойынша, әрбір жас шамасы революцияны өндіреді, яғни «сапалы жаңа жағдайға секіру». Жасөспірімдік кезең - бұл жаңа дәуірге өту, «алға қарай жүгінген жас» [44] .
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары балалардың әлеуметтік концепциясының жүйесі қалыптасты. Осы бағыттың көрнекті өкілі И. С. Кон болып табылады, ол өзінің «Юность как социальная проблема», «Социология личности», «Психология юношеского возраста», «НТР и проблемы социализации молодежи» атты еңбектерінде балаларды зерттеудің социологиялық және психологиялық тәсілдерін біріктірді.
XX ғасырдың 70-80 жылдарына қарай «балалар» ұғымы өзіне топтардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалардың қасиетін, жастық және әлеуметтік-таптық белгілерді қосатын әлеуметтік мазмұнымен толығады.
В. И. Чупровтың ойынша, балалардың әлеуметтік дамуы «балалардың әлеуметтік прогрестің негізгі мақсаттарын көрсететін қоғамдық өндіріс пен қоғамдық өмірдің субъектісі болып қалыптасуы дәрежесінде бастан кешіретін сандық және сапалық өзгерістердің өзара әрекетінің объективті және реттелуші процесі» [45] . Жаңа ұрпақтың қалыптасу процесі мен балалардың статустық сипаттарының қалыптасуы әлеуметтік құрылымның ерекшеліктері мен ондағы таптардың жағдайына тікелей тәуелді және ерекше маңызға ие. Балалардағы әлеуметтік тәжірибенің реттілігі, оның сапалы жаңаруы және жаңарған тәжірибенің келесі ұрпақтарға берілуі балалардың негізгі әлеуметтік қызметтері арқылы жүзеге асады: өндірістік, инновациялық, трансляциялық.
М. Титма және Э. Саар өздерінің «Молодое поколение» атты еңбегінде балалардың өмірлік өзін-өзі анықталу идеяларын дамытты. Авторлардың пікірі бойынша, балалардың маңыздылығы «балалардың өзін өзі анықтауы болып табылатын» «жас ұрпақтың қоғамдық өмірге ынтымақтастығы» арқылы анықталады. Осы теорияға сәйкес, қоғам балаларға өз өмірлерін өздері анықтауға және негізгі өмірлік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Өмірлік жолын таңдау еркіндігі қоғамдық дамудың қол жеткізген деңгейімен шектеледі [46] .
М. Карват және В. Миляновскийдің концепциясының негізі балалардың әлеуметтік субъектілігінің ниеті болды. Олар келесі факторлар арқылы көрініс береді:
«балалар мәдениет сипаттағы әлеуметтік топ болып табылады»; балалардың ерекшелігі бірмезгілде әлеуметтенудің объектісі және субъектісі болып табылатын топ сипатында байқалады;
үлкен әлеуметтік топтардың барлық атрибуттарына ие болып, сонымен қоса қоғамның негізгі әлеуметтік топтарына (таптарға) тән статусты иемденбей, балалар «ұрпақтық және мәдени топ» болады;
балалардың әлеуметтік топ ретінде ерекшелігі әлеуметтік біртектіліксіздікке негізделген, оны даярлау сатылары қоғамдық практикаға толық дайын еместігін ерекшелеп көрсетеді;
балалардың әлеуметтік қажеттіліктерінің және оларды жүзеге асырудың қоғамдық шарттары мәселесі салдарынан балалар қозғалысы ұйымдасады (балалар қажеттілігін білдіруші және өкілі) ;
әлеуметтік қажеттіліктердің жүзеге асуының негізгі факторы балалардың «жеке белсенділігі-саналы, рационалды, дербес өзін-өзі іске асыруға қабілеттілігі» арқылы көрінетін балалардың субъектілігі болып табылады [47] .
Қоғамды марксистік түсінуді теріске шығарушы социологиялық концепцияларға «К. Мангеймнің сызығы» деп аталатындар жатады. Оның негізін К. Мангеймнің ұсынған балаларды тиісті тарихи-әлеуметтік кеңістіктегі ұрпақтар ретінде түсіндіру концепциясы құрайды. «Диагноз нашего времени» деп аталатын еңбегінде автор әр ұрпақтың өзінің кеңістіктік-уақыттық өлшеуіші бар екендігі туралы идеяны дамытады. Оларға объективті талдау жасау оның «тарихи-мәдени кеңістігін» қарастырған кезде ғана мүмкін болады. Яғни, әрбір жаңа ұрпақтың өмірлік тәжірибесі басқа ұрпақтың тәжірибесінен осы тәжірибе қолға алынған әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты ерекшеленеді.
К. Мангеймнің теориялық талдауының орталығында қоғамдағы балалардың әлеуметтік функциясын анықтау тұрды. Автордың пікірінше, «балалар-бұл әрбір қоғамда бар болатын жасырын ресурстардың бірі, және олардың мобильденуіне олардың өмір сүру қабілеттілігі тәуелді болады», сондықтан да оның жағдайының тұрақтылығы «әрбір ретте сол қоғамның сипаты мен әлеуметтік құрылымына байланысты болады». Осыған орай, К. Мангейм балалардың қоғамдағы функциясының келесі негізгілерін анық бөліп көрсетеді:
1. Балалардың негізгі қызметі «жылдам өзгеретін немесе сапалы жаңа жағдайларға икемделуге арналған» қоғам резервтерін белсенділеу болып табылады. Осы ретте автордың атап көрсеткеніндей, тек дамушы қоғамда ғана осы ресурстардың мобильденуі мен ұйымдасуы мүмкін, ал оларға қысым көрсетілетін дәстүрлі қоғамдарда мүмкін емес.
2. Балалар әлеуметтік өмірдің «транслятор» қызметін атқарады, ол өмірдің негізі қоғам статусына уақыт өте келе қосылу процестері танылады. «балаларды түсінудің кілтін дамудан ғана емес», «осы қоғамда балалар қоғамдық өмірге енеді және заманауи қоғамда антогонистік бағалаулардың ретсіздігімен алғаш рет ұшырасатынынан да» іздестіру керек.
3. «Балалар өз табиғаты бойынша прогрессивті де, консервативті де емес, олар кез-келген бастамаға даяр тұратын потенция», бұл жағдай балалардың белсенділігі мен жаңашылдықты қабылдауға даярлығының қайнар көзін анықтайды [48] .
Осылайша, К. Мангеймнің теориясы ұрпақтардың сәйкестігі, қоғамдық жүйедегі балалардың қызметі, әлеуметтік ресурс ретіндегі балалар сапасы туралы жағдайды және оның жүзеге асу мүмкіндіктері туралы концептуалды мәселелерді масштабты түрде қарастырады.
Э. Эриксонның ойынша, 11-20 жас аралығы кезінде балалардың дамуының қалыпты сызығыны өмірлік өзін өзі анықталу, болашақ жоспарлардың дамуы, «қалай болу керек?», «кім болу керек?» деген сияқты сұрақтарда анықталу, мақсатқа бағытталу, өзін-өзі белсенді іздестіру сияқты тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ұстанымдарға қол жеткізуін қарастырады. Сонымен қатар жасөспірім дамуының аномальды сызығы уақытша болашақтардың араласуына, еңбектің белсенділіктің жоғалуына, моральдық және дүниетанымдық ұстанымдардың шатасуына алып келеді [49] .
Л. Розенмайер «Восстание молодежи», «Новые аспекты социологии молодежи» атты еңбектерінде жастық жас шамасының келесі статустық-демографиялық шекараларын анықтады:
1. Балалар бір жағынан дербес өмірбаянның фазасын анықтайды, екінші жағынан бөлінуі жастың бірнеше критериіне тәуелді болатын қоғамның бір бөлігін білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz