Аралық соттар: түсінігі, азаматтық юрисдикция жүйесіндегі орны, маңызы, мүмкінділігі, артықшылықтары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .:
  1. Сот төрелігінің түсінігі, мазмұны және Қазақстан Республикасының сот жүйесі . . .
  2. Аралық соттың мәні және қазақ әдет-ғұрып құқығындағы билер соты . . .
3:

6

12

КІРІСПЕ . . .:
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АРАЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ . . .
3: 21
КІРІСПЕ . . .:
  1. Аралық соттар институтының даму тарихы . . .
  2. Аралық сот шаруашылық дауларды қарау құралы ретінде.
3:

21

30

КІРІСПЕ . . .:
  1. АРАЛЫҚ СОТТА ІСТІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АРАЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМІ . . .
3: 37
КІРІСПЕ . . .:
  1. Аралық сотта істі қараудың жалпы түсінігі және ерекшеліктері . . .
  2. Аралық соттың шешімі және оны орындаудың процессуалдық тәртібі . . .
  3. Аралық соттың, халықаралық коммерциялық арбитраждың шешімдерін мәжбүрлі түрде орындаудың кейбір мәселелері . . .
3:

37

44

61

КІРІСПЕ . . .:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

3: 67
КІРІСПЕ . . .:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

3: 69

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс «Аралық соттар: түсінігі, азаматтық юрисдикция жүйесіндегі орны, маңызы, мүмкінділігі, артықшылықтары» деген тақырыпқа жазылған. Аталған диплом жұмысы сот төрелігінің түсінігін, Қазақстан Республикасының сот жүйесін, аралық соттар институтының түсінігін және оның даму тарихын, аралық сотта істі қарау ерекшеліктерін, аралық сотта шешім шығару және оны орындау тәртібін, аралық соттың және халықаралық коммерциялық арбитраждың шешімдерін мәжбүрлі түрде орындаудың кейбір мәселелерін ашуға бағытталған.

Зерттеу тақырыбыныц өзектілігі. Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси даму сатылары заңның дамуына да елеулі ықпал ететіні анық. Әлемдік заң тәжірибесінің өткен ғасыр өткелі экономикалық дауларды шешудің бір механизмі ретінде аралық сот талқылауын белсенді қолдану тәжірибесімен тарих бетінде із қалдырары сөзсіз. Бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың маңызды құралдарының бірі ретінде оларды тараптармен сайланатын аралық арбитраждық соттар арқылы қорғау ерекше орынға ие. Ол тек қана қарапайым мемлекеттік емес сот құрылымы болып қана қоймай, сонымен бірге, ең алдымен, мемлекеттік сот өндірісі жүйесінің маңызды баламасы бола білді. Казіргі таңда аралық сот талқылау институты шапшаңдықпен дамып келеді. Бұл халықаралық сауданың дамуы, өндіріс, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастықтың кеңеюімен, сондай-ақ дамыған және дамушы елдерде шетелдік инвестициялардың кең қанат жаюымен байланысты болып отыр. Бұзылған азаматтық құқықтарды аралық соттар арқылы қорғау бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Тіпті, мұндай қорғаудың нысаны туралы Казақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар да өмірге келген.

Баршаға белгілі болғандай, аралық соттардың қызмет етуі өркениетті елдерде шетелдік инвесторлар үшін жалпымен бірдей мойындалған кепілдік болып табылады. Сондықтан да елімізде аралық сот талқылауы институтының Казақстанның тәуелсіздік алуымен, сондай-ақ нарықтық экономикаға бет бұрып, шетелдік инвестиңияларды белсенді түрде тартуға бағыт алуымен қатар пайда болғаны кездейсоқ жайт емес. Аралық соттарды Қазақстанның заңдық тәжірибесіне енгізу үрдісінің өзі жеткілікті түрде еш «ауыртпалықсыз» өтті деуге болады, себебі аралық соттардың «табиғаты» ежелгі қазақ әдет-ғұрып құқығының, тәуелсіз билер сотының бір туындысы іспеттес. Қазіргі таңда, егеменді Қазақстанда 1993 жылдан бастап аралық соттар өзін дауларды шешуде сенімділігімен, бейтараптылығымен және тиімділігімен көрсете білді деп сенімді айтуга болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 15 астам аралық соттар жұмыс істейді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының Халықаралық Арбитраждық (аралық) Соты- ары қарай - ҚР ХАС) да бар. ҚР ХАС тұрақты жұмыс істейтін, мемлекеттік емес орган, және де бұл оған деген сұраныстың белсенді екенін және сот тәжірибесінде оң нәтижелілігін түсіндіреді.

ҚР ХАС отандық, халықаралық құқық, сондай-ақ кез-келген мемлекеттің құқығының нормасы бойынша дауларды қарастырады. Аралық сот талқылауын әкімшілік жүргізу және ұйымдастыру Сот Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

Әлемдік тәжірибеде экономикалық немесе мүліктік сипаттағы дауларды шешудің арбитраждық (аралық) талқылау, ал халықаралық қатынастарда - түпкі мәні бойынша халықаралық коммерциялық қатынастарда арбитраждық (аралық) сот болып табылатын халықаралық коммерциялық арбитраж сынды институты қалыптасқан және қолданылып келеді. Қазіргі кезде аралық соттармен дауларды қарау бойынша сот тәжірибесіне талдау арбитраждық талқылаудың қажеттілігін арттыратын бірқатар оң факторларды атап көрсетуге мүмкіндік береді. Солардың кейбіреулерін атап өтелік.

Аралық соттардың қүрылымы - ол тараптардың үстінен емес, тараптардың өз еркінен туындайтын болғандықтан олардың мүдделеріне қызмет етеді. Тараптар өз кезегінде сот шешімін сөзсіз және өз еркімен орындауға міндеттенеді.

Аралық соттардың құрамына, әдетте, тек заңгер мамандар ғана емес, сондай-ақ экономика және қаржы, салық салу, өндірістік және ауылшаруашылығы өндірісіндегі мамандар да кіре алады. Мұндай құрамдағы сот әртүрлі күрделі мүліктік дауларды шешуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ тараптар үшін мемлекеттік бажды төлеу мәселесі де маңызды болып келеді. Аралық сот жүйесінде арбитраждық алым мөлшері мемлекеттік бажға қарағанда төмендеу болып келеді. Осы және езге де аталаған факторлар Қазақстанда аралық сот өндірісінің даму бағыттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған негіздер таңдап алынған дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы Конституциясы мен азаматтық іс жүргізу кодексіндегі аралық сот мәселесіне тарихи, теориялық және салыстырмалы талдау жүргізу, аралық сот өндірісінің қағидаларының шетел заңнамаларында жүзеге асырылу тәжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсат азаматтық іс жүргізу заңнамасын және оның қолдану практикасын жетілдіру үшін осы тақырып колеміндегі теориялық мәселелерді толығымен зерттей отырып, барынша ұтымды және дұрыс бағыттағы шешім ұсыну, оларды тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін қарастырумен ұштасады. Жұмыстың мақсаты азаматтық іс жүргізудегі аралық сот өндірісінің мақсатына (субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау) жетуге үлес қосуды, яғни аралық сот талқылауының басты қолдану қағидаларын дұрыс анықтауды да көздейді.

Дипломдық зерттеудің міндеттерін алға қойылған мақсаттар айқындайды және олардың қатары төмендегідей түрде анықталады:

  • арбитраждық (аралық сот) сот талқылауы институтының негізгі үрдістері мен заңдылықтарын ашып, оның тарихи кезеңдерін анықтау;
  • аралық сот дамуының Қазақстандағы негізгі тенденцияларын анықтау;
  • Қазақстан Республикасында аралық соттардың шешімін мойындау, орындау және шағым келтірудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін анықтау;
  • аралық сот қызметін құқықтық реттеудің келелі мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын анықтау;
  • аралық сот талқылауы кезінде басшылыққа алынатын негізгі қағидаларының мазмұнын ашып көрсету.

Зерттеудің объектісі болып азаматтық іс жүргізу құқығының Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі институтының нормалары - аралық сот талқылауының мәселелерін реттейтін құқықтық қатынастарды қамтиды.

Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің аралық соттар қызметін реттеуге арналған 25 бабы және 39-1 тарауының, сондай-ақ Аралық соттар туралы заңның тиісті ережелері және осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі азаматтық іс жүргізу заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен азаматтық іс жүргізу заңнамасын колдану тәжірибесі құрайды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жұмыс мазмұнында келтірілген қорытындыларды, шешімдер мен ұсыныстарды тәжірибеде қолданудың мүмкіндіктерін қорсетеді. Алынған қорытындылар мен үсыныстарды:

  • заң шығару қызметінде - Қазақстан Республикасының қылмыстық заңын жетілдіру жұмыстарында колдануға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жетекші түсініктерін дайындауда;
  • ғылыми жұмыстарда - аралық сот талқылауы мәселелері туралы азаматтық іс жүргізу заңдарының құқықтық негіздерін дұрыс қалыптастыру үшін ғылыми тұжырымдаманы даярлауда;
  • оқу процесінде - азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша және кейбір арнайы курстар бойынша оқу істерін жүргізуде, сонымен қатар, оқулық және әдістемелік кұралдарды дайындауда пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың қүрылымы мен көлемі жұмыстағы зерттеліп отырған мәселелердің мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады және ол кіріспеден, 3 бөлімнен, 7 бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады және 70 бетті құрайды.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІСот төрелігінің түсінігі, мазмұны және Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Қай заманда да билік тізгінін ұстап, дуалы сөз айтып, ақиқатты пір тұтқан, сын сағатта да шындықтың бетіне шіркеу түсірмеген озық ойлы парасат иелері болған. Жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаган ол дәуірде билер болса, біздің заманымызда соттар яғни судьялар екенін мойындауымыз керек.

Азаматтық қоғамның дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Өйткені, мықты, жан-жақты толық қамтылған сот жүйесі өз еліне тек қажетті тірек болатыны анық. Қазақ халқы адамзат қоғамына өз дүниетанымы мен ұлттық ерекшеліктері, салт-дәстүрлерінің даралығымен енгендігі тарихтан белгілі. Ескі дәуірлерден бері ділмар шешендер, билер дауларды әділ шешіп, заңсыздықтың орын алмауын қадағалаған.

Қазіргі кезде азаматтық-құқықтық дауларды аралық және арбитраждық соттарда қарау дүниежүзі бойынша практикада кең қанат жайған. Бүгінгі таңда аралық соттың қазақ даласында тарихи тұрғыдан нақты өз бағасын тауып, құлашын жаза алмай, ұлттық, заңгерлік, тарихи-теориялық қалыпқа түсе алмай жатқан тұстары бар. Дауға байланысты азаматтар құқықтарының бұзылуын қорғау органдарының ішінде дүниежүзінде кең тарағаны аралық сот (арбитраждық сот, арбитраж) . Қазақ тарихында қай заманда да болсын билік айтып, ақиқатты пір тұтқан, істің бетін ашып, шындыққа ара түсе білген, озық ойлы парасат иелері болған. Жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаған байырғы дәуірде қазақтың бетке ұстарлары билер болса, біздің заманымызда соның бірі - аралық соттар.

Тарихи кезеңдерде дауды шешуші билер болса, оның жалғасы ретінде қазіргі кезде аралық сот қызметін айтуға болады. Аралық сот нарықтық экономикада кәсіпкерлер қызметінің дамуына ықпалды болғандықтан қазіргі кезде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығында аралық соттың дамуына назар аударылды. Онда: «Аралық және төрелік соттар жүйелі түрде дамитын болады», - делінген.
Аралық сотқа қазіргі кезде ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын байқауға болады. Олай дейтініміз, мемлекетімізде соттардың, билер беделінің күрт артқанын байқаймыз. Арбитраждық соттың дауды мемлекеттің ішінде және халықаралық деңгейде шешуге құқығы бар. Азамататтық-құқықтық келісімшартқа байланысты тараптардың келісімі бойынша жеке және заңды тұлғалар арасындағы даулар аралық сотта қаралады. Аралық сот туралы заң қабылданғаннан бастап қазіргі кезде кәсіпкерлер арасындағы келісімшартқа байланысты туындаған дауларды баламалы түрде шешуге қызығушылық арта түскен. Аралық сотқа жеке және заңды тұлғалар арасындағы дауларын шешуге жүгінушілер саны жылдан-жылға көбеюде. Бірақ, бүгінгі күнгі аралық сот туралы заңға нарықтық қатынастарға, заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Кәсіпкерлерге кез келген кәсіпкерлік салада тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау әрекеттеріне қатысты келісімшарттардың туындайтын дауларды қысқа мерзімде, қаражатты аз жұмсау арқылы шешуде аралық соттың маңызы өте зор. Аралық сотты дамытудың басты мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың бірден-бір жолы деп түсіну қажет. Соттардың жүктемесін азайту үшін де дауларды қарайтын арнайы аралық соттар ашылса деп санаймын. Сонымен қатар, соттардың шығарған шешімдерін мәжбүрлеп орындату кезінде атқару өндірісінің парағын сот орындаушыларына жіберу мәселесі болашақта бір жүйеге келтірілсе, соттың мәртебесі заман талабына сай дами түсер еді. Сонда ғана Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуына және адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін нақты, іс жүзінде қорғай алатын күшті де беделді аралық сот билігінің қызметін елеулі деңгейде көтеруге, даңқын арттыруға үлес қосады және болашақ ұрпақ үшін пайдалы әсерін тигізетін болады.

Қазақ халқы үшін билік айту ерге де сын болғаны белгілі. Қара қылды қақ жарган төрелік айту ақылы асқан, тумысынан дарынды, әрі көсем, әрі шешен, оресі биік, қиянатқа жаны қас, сөзі мірдің огындай ақалмас адамдардың гана пешенесіне бүйырган. Би кесімі дау тугызбаган. Алакөз елді кетістірмеген, бітістірген. Қазақ арасында кең тараган жер дауы, жесір дауы, барымта дауы, тагы басқа жанжалдарга тоқтам салып, жүгінуге келген бітіспес карсылықтардың аузына қүм қүйып, мойындату үшін қаншама ақыл-айла, мәмілегерлік дарын керек десеңізші. Екі жақтың да бабын тауып, ат қүйрыгын кесіскелі түрган бейдауа шақта шақта тос қагыстырып татуластыруды кемеңгерлік демей, не дейсіз. Осы үшін де қалың көпшілік әділ билерді ерекше кастер түтқан. Олардың шешімі мен кесімін, ақ дегенін алғыс, қара дегенін каргыс таңбасындай қабылдаган [1] .

Елді елеңдетіп, үйқысын қашырган, түйінін тарқату қиынга согатын шиеленіскен дау-шарларды үтырлы сөзімен, бет қаратпас сесімен дүйім жүртты аузына қаратқан, үлагаты асқан төбе құзырына тапсырган. "Тура биде туган жоқ, туөанды биде иман жоқ" деген накылды айтқан халқымыз ар алдында да, дар алдында да әділдіктің салтанат құруын аңсаган.

Өткен гасырларда қазақ елінің билер соты іс қарауды үш сатыда жүргізгенін білеміз. Олар ауылдық билер соты, болыстық билер соты және төтенше билер съезі (соты) деп бөлінген екен. Жаза тағайындаудың да озіндік амал тәсілдерін қолданган. Айыпкердің қылмыстық ісінің ауыр-жеңілдігі, сипаты қатаң ескерілген. Жазаны қүн төлеттіру арқылы өтеу (толық қүн, жарты күн, ширек қүн) билік, кесімнің заңдастырылған қағидасына немесе бплер сотының кесімін (хан да, қараша да) манқүстай алмаған. өйткені, эманда әділетті шешім шығарылған. Билердің мықтылығы да осында. Олар екінің бірі, егіздің сыңары емес. Табиғи сүрыптаудан өткен, ел мойындап тағзым еткен марғасқалар қиянат жасауды, қателік жіберуді кешірілмес күнэ санаған. Халықтың имандай сеніміне ие болған билердің мәртебесі оте жоғары тұрған [2] .

Біздің өткен ғасырдағы билер сотының өнегесін тәптіштеп айтып отырғанымыздың өзіндік себебі бар. бұл ең алдымен сабақтастықтың үзілмеуі үшін керек. өткен тарихымызда қараша халық арыз-мүңын айтып, билерге жүгінсе, қазіргі заманда істі болған адамдар әділсот кесіміне мұқтаж.

Қазіргі билік тармақтары бойынша сот жүйесі ерекше мән-маңызға ие. Сот реформасының білікті жүргізілуі әділбиліктің халық көңілінен шыға бастағанын аңғартады. Әсіресе, "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" конституңиялық заңның күшіне енуі, тәуелсіз және әділетті сот билігін калыптастыру жолында батыл қадамдардың жасалуы, экономикалық және әкімшілік соттарының құрылуы құқықтык мемлекетте сот беделінің күшейе беретінін дэлелдей түскендей. Елбасы соттардың III съезінде халықтың Президентке, үкіметке, экім не министрлерге емес, тек сотқа гана жүгіну кажеттігін нақтылап айтқаиы тегін емес. Өркениет көшіне ілескен елдердегідей бізде де солай болуға тиіс.

Уақыт үрдісіне сай сот билігі күш алып келеді. Бұл бұлтартпас ақиқат. Адам қүқы мен бостандығының кепілі - сот жүйесі. Айыпкер кінәлі ме, кінәсіз бе соңғы сөзі айтып, кесім шығарып нүкте қоятын, шағымданушының арызын електен өткізіп, қайтадан турабилік жасайтын сот екенін үғынатын кез жетті.

Өкінішке қарай, откен жылы сот тәуелсіздігін ауыздықтауға тырысқан кейбір көзқарастардың белең алғанының куөсі болдық. Мәселен, консультативтік-кеңесші орган саналатын Жоғары сот кеңесінің алдында Жоғарғы сот төрағасының есеп беруі, сот торағаларын аттестациядан откізуі керек деген мәселе көтерушілер болды. Бұл сот тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін түбірінен жаңсақ козқарас екенін, тіпті Конституңияға қайшы келетінін білікті заңгер ғалымдар, тәжірибелі сот төрағалары көз жеткізе дәлелдеді. Шын мәнінде, соттар тек Конституцияға және заңға бағынуға тиіс.

Сот торелігіне мейлінше еркіндік бермей әділбиліктің салтанат құруы мүмкін емес. Әкімшіл-эміршіл замандағыдай "біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жаксы" деп отырса әділсотта қадір-қасиет қала ма? Әділ шешімге сусаған халық мұндай кезеңді де бастан өткерген. Коммунистік режим соттарды колшоқпарға айналдырып жібергенін қалай үмытуга болады.

Содан да болар Елбасының сот тәуелсіздігін нығайтуға, судья мәртебесін өсіруге айырықша көңіл бөлетіні. Бүған барлық деңгейдегі сот торағаларының Президент Жарлығымен тағайындалатынын айтсақ та жеткілікті.

Әрине, сот жүйесінің жауапкершілігі оте жоғары. Адам тағдырына байланысты билік айту, кесім шығару оңай емес. Күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын тауып, шынайы шындықтың түбіне жету үшін көл-көсір білім, кәсіби даярлық, сарабдал зеректік, қарымды қабілет, мол тәжірибемен қатар заңнама баптарын шемішкедей шағу керек. Бүған кім-көрінгеннің шамасы келе бермейтіні тағы рас. Отпен ойнасаң қолың күйеді, адам тағдырымен ойнасаң ар-ожданың күйеді. Ендеше, ақиқаттың сиқырлы кілтін тауып, үстараның жүзіндей қылпып түрған шындық пен жалғандықтың арбасуын дэл бағамдап, таразы басының салмақты жағын тап басып көре білу судьялардың кәсіптік парызы болса керек [3] .

Бұл үшін әлдебіреулер ойлағандай сот жүйесіндегі реформалық үрдістерге шектеу қоймай, олардың өкілеттігін күшейтуге түскен ақылға қонымды. Ең бастысы сот органдары ешкімге бағынышты болмауы қажет. Шынайы тәуелсіздік, алаңсыздық, өз ісіне берілгендік пен сенімділік сот мерейін осіреді. Қысым көрсетудің, бопсалаудың қандай түрі мен айла-шарғысы болса да қылбүрау салынуға тиіс. біз бұл сөзді сот жүйесіне іштарқандықтан немесе бүйрегіміз бүрғандықтан айтып отырған жоқпыз. Тура биліктің түғыры биік болғандығын қалайтындығымыздан, пендешіліктен мейлінше жоғары түруын аңсайтындығымыздан туындаған үстаным екенін жер жасырғымыз келмейді.

Сот реформасының елеулі нэтижелерге қол жеткізгені айдан анық. Қазір калың көпшілік бұрынғыдай атқарушы биліктің есігін сығалап, әкімдіктің алдын тоздырмайды. Арыз-шағымын айтып, аудандық соттарга жүгінуге, бейіл. Бұл сөз жоқ жақсы нышан. аудандық сот жүйесіне халық сенімінің артқандыгының белгісі.

Алдагы уақытта аудандық соттарда қылмыстық сот өндірісін алқа билердің қатысуымен жүргізу жоніндегі конституциялық талаптың өмірге енгізілуі сот жүйесін одан әрі ізгілендіруге қызмет етері сөзсіз. Сот қорпусына койылар талап, әлдеқайда жоғарылап, қоғамдық бақылауды күшейтіп, жүртшылықтың сот үкіміне наным-сенімін арттыра түсері кәміл. Сонымен катар, аудандық сот саласына санкңия беру институтын енгізу де толгағы жеткен мәселеге айнала бастады.

Қалай болғанда да аудандық сот қорпусы етек-жеңі бүтінделген түтас жүйеге айналғанын мойындау керек. Ескіліктің сарқыншақтары келмеске кетті. Сот қарамағына іліксең сотталастың деген үғым мүлде ескі көзқарас. Айыпсыз болсаң ақталасың. Соттау үкімі мен ақтау үкімі қатар жүргізіліп жатқаны соның дәлелі. Адам қүқы мен бостандығы баға жетпес қүндылық десек оның қырағы күзетшісі сот жүйесі. Бұл дау туғызбайтын аксиома.

Қазақстандағы соттар мен сот төрелігіне Республика Конституңиясы сот билігінің мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын, оның белгіленуін, калыптасу принңиптері мен қызметін айқындайтын бөлім арналған. Демек, Казақстан Республикасының Конституциясы сот билігінің конституциялық негізін белгілейді. Конституциялық қағидалар Қазақстан Республикасының 2000 жылы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мэртебесі туралы" конституциялық заңында нактыланған.

Қазіргі заңымыз бойынша сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:

  1. негізгі (аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот) ) ;
  2. орта (облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары) ;
  3. мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кэмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар;
  4. жоғары (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Азаматтық істердің соттылығы
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі
Англо-саксондық құқықтық жүйе
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі аралық соттың рөлі
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Аралық сот
Аралық соттардың құзыретін шектеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz