Ауылдық елді мекендерді жоспарлау композициясы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ауылдық елді мекендерді жоспарлау композициясы

Сәулеттік-жоспарлау композициясы және оның компоненттері.

Композиция сөзі латыннан аударғанда жасау, біріктіру, байланыс дегенді білдіреді.

Елді мекен құрылысында композиция деп, адамның пайдалану сұраныстарын (ең аз қаржы шығынындағы еңбек, тұрмыс және демалыстың ең үздік жағдайлары) қанағаттандыра отырып, елді мекеннің тұтастығы мен көркемдік бірлігін айқындайтын оның барлық бөліктерінің гармониялық үйлестігі мен келесімдігін айтады.

Композицияның ең маңызды құралдары болып: біртұтастығы, бағыныңқылығы, пропорционалдығы, масштабтылығы, ырғақтылығы және т. б. саналады.

Б і р т ұ т а с т ы қ деп, белгілі бір мақсатқа жету үшін оның барлық компоненттерін органикалық бүтінге біріктіру айтылады. Біртұтастылық композицияның негізгі заңы және міндетті шарты болып табылады. Сәулеттік композицияның біртұтастығы - бұл нысаны (формасы) мен құрамының бірігуі.

Б а ғ ы н ы ң қ ы л ы қ - бұл, композицияның тұтастығы басты және бағыныңқыларын анықтай отырып, оның кейбір бөліктерінің келісімділігі арқылы болатын күрделі бірлік. Композицияның барлық компоненттерінің мәні тең болған жағдайда қарапайым тұтастық қана құралады. Мысалы, елді мекенді тегіс бетте қатаң тікбұрышты жүйеде жоспарлап, бірдей үйлер салып тастаса, онда оған қарапайым кеңістіктік тұтастық тән болады. Ал егер бұл елді мекенде қарама-қарсы элемент (ғимараттар тобы, саябақ, көл және т. б. ) белгіленсе, онда қатар бағыныңқылыққа, яғни неғұрлым жоғары тәртіптегі тұтастыққа жетуге болады.

Композициядағы п р о п о р ц и о н а л д ы л ы қ - бұл бөліктердің белгіленген өзара және бүтінмен арақатысы, шамаластығы. Ғимараттың барлық бөліктерінің немесе бірқатар ғимараттардың арақатысы сол арқылы көрінетін үндестікке (гармонияға) келтіріледі. Пропорция, барлық ғимаратты немесе ансамблді қамти отырып, өз бірлігінде бірліктердің белгіленген өзара қатынасын құрады. Пропорцияның көмегімен монументтілік, салтанаттылық немесе, керісінше салмақтылық, қарапйымдылық бейнеленуі мүмкін.

М а с ш т а б т ы қ - бұл сәулеттік құрылыс нысандары (формалары) шамаларының адам өлшеміне салыстырмалы түрде сәйкес келуі немесе шамаластығы. Ғимараттың немесе ансамблдің арналуының, олардың іс жүзіндегі шамасымен, қоғамдық маңызымен, сондай-ақ табиғи және жоспарлы түрдегі қоршаған ортасымен сәйкестігі маңызды орын алады.

Сәулеттегі ы р ғ а қ т ы л ы қ - белгілі бір өзара байланысты құратын бөлек элеметтер мен нысандардың (формалардың) заңды түрде кезектесуімен айқындалады. Ырғақтылыққа композициялық сапа ретінде сәулет нысандарының (формаларының) белгіленген интервалдар сайын қайталануы, ал қайталанатын нысандар - ырғақты екпіндер (акценттер) арқылы жетуге болады. Сәулет элементтерінің немесе объектілерінің белгілі бір үйлестіктегі қайталануы, ұлғаюы, азаюы - ырғақтылық заңдылықтары болып саналады.

Практикада қайталанудың екі түрі кездеседі - метрикалық және ырғақтық. Метрикалық араларындағы интервалдары тең болатын бірдей элементтердің кезектесуіне негізделген. Ырғақтық - бұл қайталанудың неғұрлым күрделі түрі және ол нысандар (формалар) мен интервалдардың заңдылықты өзгеруіне (олардың санының, өлшемдерінің, нышандарының және т. б. өсуі немесе кемуі) негізделген.

Көзбен көріп қабылдауды күшейту немесе азайту үшін, композицияның қарастырылған негізгі құралдарынан басқа, өзге түрлері де пайдаланылады: симметрия және ассиметрия, қарама қарсылық және нюанс, фактура, түс, жарық.


2 Жоспарлау мен құрылыстың практикалық және көркемдік жақтарының бірлігі ретіндегі сәулеттік-жоспарлық композиция.

Елді мекен - қала, кент, ауылдық елді мекен - адамдардың үлкен ұжымының еңбек, тұрмыс және демалыс процестері өтетін материалдық орта болып саналады. Бұл процестердің дұрыс қызмет етуі үшін елді мекеннің барлық материалдық элементтері оның аумағында тиісті түрде ұйымдастырылуы қажет. Бұл жоспарлаудың басты міндетін құрайды. Жоспарлау сапасы, ең алдымен, елді мекен аумақта адамдар үшін қаншалықты ыңғайлы орналасқандығымен, оның көшелері мен кварталдарының қандай екендігімен, әртүрлі учаскелер, ғимараттар, құрылыстар қалай , олардың табиғи факторлармен байланысы қандай екендігімен анықталады.

Сәулеттік-жоспарлау композициясының құрамдас бөліктері (компоненттері) . Ауылдық елді мекеннің сәулеттік-жоспарлау композициясының құрамдас бөліктеріне: көшелер, алаңдар, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар, олардың маңындағы учаскелер, ашық және көгалдандырылған кеңістіктер, көркейту жөніндегі құрылыстар, өндірістік кешендер, бедер, су қоймалары мен қоршаған орта ландшафты жатады.

Табиғи жағдайлардың сәулеттік-жоспарлау композициясындағы маңызы . Бедер, жасыл екпелер, өзендер, суаттар, көлдер сияқты табиғи жағдайлар елді мекеннің сәулеттік-жоспарлау құрылымының құралуында ерекше рөл атқарады. Елді мекенді жоспарлау және салудың композициялық құрылуы аумақтың табиғи жағдайларын пайдаланбай және жан-жақты есептемей ұтымды бола алмайды. Сәулеттік-жоспарлау композициясына жергілікті жердің бедері ерекше әсер етеді.

Сәулет ансамблі. Сәулет ансамблі сәулеттік композицияның ең жоғарғы нысаны (формасы) болып табылады. Сәулетте а н с а м б л ь деп, біртұтас композиция ретіндегі белгіленген көркемдік тұтастыққа ие, кеңістікті түрде өзара қызмет етуші сәулеттік ғимараттар жиынтығын айтады.

Сәулеттік-жоспарлау композициясының тәсілдері. Көше торабының композициясы. Көше торабы елді мекен жоспарының негізі болып саналады. Ол - елді мекеннің барлық құрылымының қаңқасы ретіндегі үлкен композициялық маңызға ие. Ішкі байланыс жолдарының жүйесін құра отырып, жол торабында маңызды композициялық қасиет - жүйес тұтастығы болуы қажет. Бұған көше жүйелерінде бағыныңқылы принципі сақталған жағдайда, яғни басты көшерелер белгіленіп, оларға ішкі кварталдық өтпе жолдары бар қалған көшелер бағыныңқы болғанда ғана жетуге болады. Басты көшелер орналасу орны, ені, салынуы, көркейтілуі бойынша ерекшеленуі тиіс.

Жол торабын жобалауда жоспарлау тәсілдері пайдаланады және солар арқылы белгілі бір ырғақтылық жасалынады. Мысалы, тікбұрышты көше жүйесі бар елді мекендерге тән бірқалыптылықты, ені әртүрлі көшелерді кезектестіре отырып орналастырумен, тұрғын үйлердің әртүрлі типтерін қолданумен, үлкен ұзындықтағы көшелерді оның осін жылжыту арқылы бөлек учаскелерге бөлумен, кейбір қиылыстарда клумбалар, гүлзарлар орналастырумен және т. б. өзгертуге болады.

Қоғамдық орталықтар мен сәулет ансамблдерін орналастыру. Қоғамдық орталық алаң түрінде, желекжолдармен (бульварлар) қосылған екі алаң түрінде, басты көше мен оған жанасып жатқан кеңістіктің кеңеюі түрінде болуы мүмкін. Қоғамдық орталық алаңының формасы мен көлемін елді мекеннің барлық кеңістікті құрылымы мен табиғи ерекшеліктері белгілейді. Қоғамдық орталық композициялық орталық болып та саналады, сондықтан оны орналастыру көше торын, тұрғын кварталдарды және жасыл ағаштар алабын жобалаумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Қоғамдық орталықтарды жобалаудағы негізгі сәулеттік-композициялық тәсіл, жалпы композициялық ойлармен біріктірілген ірі сәулет ансамблдерін құру болып табылады. Әдетте қоғамдық орталық селитебтік аумақ ортасына орналастырылады және оның барлық аудандарына бірдей қызмет көрсету шеңберін қамтамасыз етеді.

Бірақ су қоймасы болған жағдайда, орталықты соның жанында орналастырып, су айнасы жағына қарай ашқан дұрыс. Жаңа қоныстандырудың жалпы жүйесіне кіретін басқа елді мекендердің халқына қызмет көрсету ыңғайлылы болуы үшін, қоғамдық орталық сыртқы байланыс жағына қарай жылжытылуы мүмкін. Алайда, қоғамдық орталық қалай орналастырылмасын, оның жетекші сәулет ансамблі рөлін атқаруы және көп тұстан қаралуы тиіс. Сонымен қатар, басты ғимарат өзінің көлемі мен сыртқы бейнесі бойынша қоршаған ортадағы ғимараттардан ерекшеленіп, алаңның ішкі кеңістігі мен оның барлық сәулет ансамблін құруы қажет.

Тұрғынды құрылыс композициясы. Тұрғынды құрылыс селитебтік аумақтың үлкен бөлігін алады, сондықтан ол жеткілікті түрде ірі әрі тұрғын кварталдардың (тұрғын үйлердің) қызметтік және сәулеттік-жоспарлау тұрғысынан айқын ұйымдастырылған жүйесіне біріктірілуі және халыққа қызмет көрсету мекемелері және көркейту жөніндегі ғимараттармен бірге сәулеттік бір бүтінді құруы тиіс. Елді мекеннің негізгі құрылымдық элементі бола отырып, тұрғын квартал сәулет ансамблінің қасиеттеріне ие болуы қажет.

Бос кеңістікпен үйлесімде әртүрлі типтегі және әртүрлі қабатты үйлерден тұратын тұрғын үйлердің кейбір топтарының ауылдық елді мекеннің сәулеттік-көркемдік бейнесін құруда атқаратын маңызы үлкен. Тұрғын үйлерді орналастыруда тек пайдалану мен нормативтік талаптарды ғана емес, тұрғын көшелер құрылысы композициясының ырғақты метрикалық тәсілін кеңінен қоладан отырып, эстетикалық талаптарды да ескеруі қажет. Құрылыстың эстетикалық қасиеттері үйлер кешенін сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыруға, әр тұрғын үйдің көлемі мен сәулетіне байланысты болады. Тұрғын үйлерді топтарға біріктіру қабылдау әсерінің масштабтылығы мен тұтастығына әсер етеді. Құрамы, көлемі, құрылысы жағынан әртүрлі тұрғын топтарды құру, үй типтерінің шектеулі санын пайдалану кезіндегі қайталанбас композиция құру әдістерінің бірі болып саналады.

Тұрғынды құрылыстың композициясына табиғи жағдайлар (өзендер, көлдер, жыралар, тау, тау аңғарлары), сондай-ақ автомобиль жолы мен темір жолдар үлкен ықпал етеді. Бұл элементтер арқылы селитебтік аумақ бөлек тұрғынды массивтерге бөлшектенуі мүмкін (9-сур. ) .

Табиғи жағдайлар елді мекеннің жеке реңін белгілеп, тұрғынды құрылыстың сәулеттік-композициялық шешіміне әсер етеді. Тұрғынды құрылыстың композициясы елді мекеннің барлық жоспарлы құрылымы мен сәулеттік композициясына да байланысты болады және оны нақты бір жағдайлар тұрғысынан дамытады. Басты қоғамдық орталық аймағында орналасқан тұрғынды аудандар құрылысы елді мекеннің орталық бөлігінің жалпы сәулет ансамбліне кіруі қажет.

Қоғамдық ғимараттарды құрылыс композициясында пайдалану. Қоғамдық ғимараттар өзнінің жалпы түріне, көлеміне және сәулетіне қарай селитебтік аймақтың барлық құрылысынан ерекше болады. Олардың ішіндегі ең ірілерін (әкімшілік, клуб, сауда орталығы) әдетте елді мекеннің орталық бөлігінде орналастырады, мұнда оның бас ансамблінің композициясы - қоғамдық орталық алаңын құрады. Мұндай орналастыру бұл ғимараттардың елдің мекеннің бар халқына қызмет көрсету жөніндегі қызметтік арналуына да сәйкес келеді.

Бөлек қоғамдық қоғамдық ғимараттарды ірі блоктарға біріктіру олардың көлемін ұлғайтып, сол арқылы алаңның ішкі кеңістігін сәулеттік ұйымдастыруға әсер етеді.

Елді мекен сәулетінде мектеп, бала бақша және т. б. сияқты өзге де қоғамдық ғимараттарды пайдаланудың да маңызы зор. Олардың әрқайсысы негізгі қызметтерімен қатар, белгілі бір композициялық міндетті де орындауы тиіс. Оларды тұрғынды құрылыс кварталдарында, оқшауланған кварталдарда немесе саябақтарда (мысалы мектеп) тұрғызуға болады, бірақ олар елді мекеннің қай нүктесінен болса да көрініп тұруы қажет. Өздерінің орналасу жағдайларымен олар қоршаған ортадағы құрылыстардан ерекшеленіп, олардан басым болулары тиіс. Қоғамдық ғимараттың бірде біреуі жалпы құрылыс ішінде байқалмай қалмауы керек.

Ашық және көгалдандырылған кеңістіктерді орналастыру. Елді мекеннің сәулетті реңі тек құрылыс сипатына ғана емес, жасыл екпелерге, ландшафтқа да байланысты болады. Ауылдық елді мекеннің пейзажы ағаш және саябақ массивтерінен, гүлзаралар мен клумбалардан, бақтар мен су айдындарынан, жергілікті бедердің өзгерулерінен тұратын ландшафтық композиция түрінде болады. Құрылыстың табиғат ерекшеліктерімен жақсы үйлестірілуі - ауылдық елді мекеннің сәулеттік айрықшылығын жақсартудың тиімді құралы.

Құрылыс үшін таңдап алынған учаскені көгалдандырудың тиімді шешіміне табиғи жағдайлар мен қоршаған орта ландшафтын өте мұқият ескерген жағдайда жетуге болады. Бұл шешімді экономикалық тұрғыдан жобалау кезеңінде бұрыннан бар орман алқаптарын, оқшау ормандарды, алаңқайларды көгалдандыру жүйесіне кіргізу арқылы неғұрлым тиімдірек шешуге болады. Табиғи орман алқаптары болмаған жағдайда жоспардың сәулеттік-жоспарлау құрылымына жасыл екпелерді міндетті түрде енгізу қажет, өйткені олар эстетикалық маңыз беріп қана қоймай, микроклиматтың жақсаруына да әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елді мекен аумақтарын есептеу
Арман елді мекен территориясын жоспарлау
Алаңдарды және тұрғын аймақтарды жоспарлау және салу
Балалар мекемесінің гигиеналық талаптары. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері
Терезелер мен есіктер
Жоспарлау жобасы және оны дайындауға қажетті материалдар
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Алматы облысындағы шағын елді-мекенді жобалау
Ауылдық елді мекен аумағын жалпы ұйымдастыру
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz