Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.БӨЛІМ Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі
1) Жер климатының өзгеруі.
2.БӨЛІМ Климат өзгерудің қолайлы нәтижелері
1) Атмосфералы ауаны қорғау
3.БӨЛІМ Қалалардағы ауаның ластануы
1) Озонның жұқаруы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жер климаттың өзгеруі және оның қолайсыз нәтижелері адамзатты алаңдатып отырған ортақ мәселе екенін мойындай отырып, атмосфсрада адамзат іс-әрекетінің нәтижесінде буланған газдар концентрациясының айтарлықтай дәрежеде көбейіп отырғанына, мұндай көбею табиғи булануды күшейтетіне, сөйтіп бұл жағдай орта есеппен алғанда Жер бетін және атмосфераны қосымша жылытатынына, оның адамзат пен табиғат экожүйесіне қолайсыз әсер етуі мүмкін екеніне аландай отырып, буланған газдардың ауқымды ең көп бөліну мөлшері бұрын да және қазір де дамыған елдердің үлесіне тиетіндігін, салыстырмалы түрде дамушы елдерде жан басына шаққанда мұндай бөлінудің төмен екендігін, бірақ дамушы елдерде әлеуметтік қажеттілік пен тұтынушылықтың өсуіне байланысты мұндай орасан зор, бөлінудің мөлшерін арта беретінін белгілей отырып, жер бетінде және теңіз экожүйесінде буланған газдарды жұтатындардың және жинайтындардың рөлі мен маңызын ескере отырып, климаттың өзгеруін, анығырақ айтқанда, оның мерзімі, ауқымы және аймақтық ерекшеліктері бойынша болжам жасаудың мәлім емес сәттерінің көптігін біле отырып, климат өзгерістерінің орасан зор мөлшері барлық елдердің мейлінше жан-жақты қарым-қатынас жасауын, олардың іс-әрекетін және икемдігін халықаралық көлемде ортақ іске жұмылдырып, бірақ олардың жеке жауапкершілігі мен нақты мүмкіндіктерін, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық жағдайларын ескерудің қажеттілігін мойындай отырып, 1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде қабылданған адамды қоршаған ортаның мәселелері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конферециясының Декларациясындағы ережелеріне сүйене отырып, БҰҰ-ның Жарғысына және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес мемлекеттер қоршаған орта және даму бойынша өз саясатына лайық өзінің ресурстарын игеруге тәуелсіз құқы бар екенін және өз юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы іс-әрекеттердің өзге мемлекеттсрдің немесе ұлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердін қоршаған ортасына зиянын тигізуге болмайтынын ескере отырып, қоршаған орта бойынша мемлекеттердің тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты өлшемдер, мақсаттар мен басты назардағылар дәл сол қоршаған орта мен дамудың жақтарына сай болуын, кейбір елдсрде қолдаиылатын қалыпты өлшемдердің басқа елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып, қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы.
1. Жатқанбаев Ж.
2. Шілдебаев Ж.
3. Басенова Ә.
4. Смақова А.
5. Есполов Т.
2. Шілдебаев Ж.
3. Басенова Ә.
4. Смақова А.
5. Есполов Т.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі
Химия биология факультеті
Мамандық шифрі 050113 биология экология
Орындаған: Сраилов
Д.С.
БЭК ІІІ курс
Тексерген:
Даулетбаева М.М.
Бағасы:
Қолы:
Алматы 2008ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.бөлім Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі
1) Жер климатының өзгеруі.
2.бөлім Климат өзгерудің қолайлы нәтижелері
1) Атмосфералы ауаны қорғау
3.бөлім Қалалардағы ауаның ластануы
1) Озонның жұқаруы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі
Жер климаттың өзгеруі және оның қолайсыз нәтижелері адамзатты
алаңдатып отырған ортақ мәселе екенін мойындай отырып, атмосфсрада адамзат
іс-әрекетінің нәтижесінде буланған газдар концентрациясының айтарлықтай
дәрежеде көбейіп отырғанына, мұндай көбею табиғи булануды күшейтетіне,
сөйтіп бұл жағдай орта есеппен алғанда Жер бетін және атмосфераны қосымша
жылытатынына, оның адамзат пен табиғат экожүйесіне қолайсыз әсер етуі
мүмкін екеніне аландай отырып, буланған газдардың ауқымды ең көп бөліну
мөлшері бұрын да және қазір де дамыған елдердің үлесіне тиетіндігін,
салыстырмалы түрде дамушы елдерде жан басына шаққанда мұндай бөлінудің
төмен екендігін, бірақ дамушы елдерде әлеуметтік қажеттілік пен
тұтынушылықтың өсуіне байланысты мұндай орасан зор, бөлінудің мөлшерін арта
беретінін белгілей отырып, жер бетінде және теңіз экожүйесінде буланған
газдарды жұтатындардың және жинайтындардың рөлі мен маңызын ескере отырып,
климаттың өзгеруін, анығырақ айтқанда, оның мерзімі, ауқымы және аймақтық
ерекшеліктері бойынша болжам жасаудың мәлім емес сәттерінің көптігін біле
отырып, климат өзгерістерінің орасан зор мөлшері барлық елдердің мейлінше
жан-жақты қарым-қатынас жасауын, олардың іс-әрекетін және икемдігін
халықаралық көлемде ортақ іске жұмылдырып, бірақ олардың жеке
жауапкершілігі мен нақты мүмкіндіктерін, сондай-ақ әлеуметтік және
экономикалық жағдайларын ескерудің қажеттілігін мойындай отырып, 1972 жылы
16 маусымда Стокгольмде қабылданған адамды қоршаған ортаның мәселелері
туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конферециясының Декларациясындағы
ережелеріне сүйене отырып, БҰҰ-ның Жарғысына және халықаралық құқық
принциптеріне сәйкес мемлекеттер қоршаған орта және даму бойынша өз
саясатына лайық өзінің ресурстарын игеруге тәуелсіз құқы бар екенін және өз
юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы іс-әрекеттердің өзге мемлекеттсрдің
немесе ұлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердін қоршаған ортасына зиянын
тигізуге болмайтынын ескере отырып, қоршаған орта бойынша мемлекеттердің
тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты өлшемдер,
мақсаттар мен басты назардағылар дәл сол қоршаған орта мен дамудың
жақтарына сай болуын, кейбір елдсрде қолдаиылатын қалыпты өлшемдердің басқа
елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы
тұрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып,
қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы туралы 1989 жылғы 22
желтоқсандағы Бас Ассамблеясының 44228 қаулысына және адамзаттың қазіргі
және болашақ ұрпағының мүддесі үшін орасан зор климатты қорғау туралы 1988
жылғы 6 желтоқсандағы 4353 қаулысына, 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44207
қаулысына және 1991 жылғы 19 желтоқсандағы 46169 қаулысына сүйене отырып,
1989 жылғы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының аралдар мен жағалаудағы
аймақтар, әсіресе төмен орналасқан жағалаудағы аймақтарда теңіз
көтерілгенде болуы мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы 44206 қаулысына, 1989
жылғы 19 жслтоқсандағы Бас Ассамблеяның Қуаншылыққа қарсы күресу бойынша
әрекет етудің жоспарын жүзеге асыру туралы 44172 қаулысына сүйене отырып,
озон қабаттарын қорғау туралы 1985 жылғы Вена конвенциясына және озон
қабаттарын бұзатын заттар туралы 1987 жылғы Монреаль хаттамасына, оның 1990
жылғы 29 маусымдағы өзгертілген және толық-тырылған нұсқасына сүйене
отырып, 1990 жылғы 7 қарашада Дүниежүзілік климаттық конференцияда
қабылданған министрлердің Декларациясын қатерге ала отырып, климаттық
өзгерісі бойынша көптеген мемлекеттердің іске асырып отырған аналитикалық
жұмыстарының бағасын, Дүниежүзілік метеорлогиялық ұйымдардың, қоршаған орта
бойынша БҰҰ Бағдарлама-сының және басқа мекемелердің, БҰҰ-ның орғандары мен
ұйымдарының, сондай-ақ басқа да халықаралық және мемлекетаралық орғандардың
ғылыми зерттеуінің нәтижелерін алмасу және зерттеулерді үйлестіру процесіне
қосқан маңызды үлестерін сезіне отырып, климаттық өзгеру мәселелерін
түсіну және шешу іс-шараларынын экологиялық, әлеуметтік және экономикалық
көзқарас тұрғысынан алғанда тиімді болуы үшін тек кана соған лайықты
ғылыми, технологиялық және экономикалық ізденістердің негізінде, әрі осы
салада қол жеткізген жаңа нәтижелердің барысында әрдайым қайта қаралғанда
іске асатынын мойындай отырып, климаттық өзгеру мәселелерін шешу бойынша
сол іс-шаралардың өз экономикасының мүмкіндігіне негізделгендігін, сондай-
ақ олардың басқа экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету қасиетін
мойындай отырып, барлық буланған газдарды, олардың булану эффектісіндегі
күшею рөлін есепке ала отырып, келісілген жағдайда, аймақтық деңгейде,
тұтас қамтитын стратегиялық жауап қатуды шешу бағытындағы анық приоритеттер
негізінде дамыған елдердің бірінші кезекте іс-шараларды кешіктірмей
қабылдауы тиіс екенін мойындай отырып, климаттық өзгеру нәтижесінде
қолайсыз жағдайларға айрықша сезімтал жерлер, ойпаттар мен шағын аралдағы
елдер және төмен орналасқан жағалаулар, қуан және жартылай куаң аймақтар,
сондай-ақ су тасқынына, қуаншылыққа, шөлге бейім жерлер мен құбылмалы таулы
экожүйесі бар дамушы елдер екенін мойындай отырып, буланған газдардың
бөлінуін шектеу шаралары бойынша бірқатар елдердің, нақтылай айтқанда,
экономикалық негізінен қазба отынның түрлерін экспортқа шығаратын және
тұтынатын өндіріс әсіресе, соған байланысты дамушы елдердің айрықша қиын
жағдайын мойындай отырып, климаттың өзгеруіне сезімтал болу шаралары
әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жалпы комплексті шаралармен
үйлестіріліп отырылуы тиіс екенін, оған қолайсыз жағдай тудырмаудың
қажеттігін, қайыршылықты жойып, орнықты экономикалық өркендеуге қол жеткізу
ісінде дамушы елдердің аса маңызды заңды қажеттіліктерін есепке ала отырып,
барлық елдердің, әсіресе, дамушы елдердің орнықты әлеуметтік-экономикалық
дамуға қол жеткізуі үшін ресурстарды алуға зәру екенін, дамушы елдердің осы
мақсатқа қарай бағытталуын, олардың отынды пайдалануда қажеттіліктерінің
артып, жоғары тиімділікке жету мүмкіндігін және уланған газдардың бөлуіне
қарсы күрестің күшейетінін, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алғанда
жаңа технология пайдаланудың ұтымды болатынын мойындай отырып, қазіргі және
болашақ ұрпақтың мүддесі үшін климат жүйесін қорғауға белді бекем буа
отырып, төмендегілер туралы келісімге келеді:
"Климаттық өзгерудін қолайсыз нәтижелері" дегеніміз климаттын
өзгеруінен пайда болған физикалық орта мен биоортадағы өзгерістер; бұлар
табиғи және ретгеуге болатын экожүйенің қалпына келу өзгешелігіне және
құрамына, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің қызметіне немесе адамның
денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі түрде нұсқан келтіреді.
"Климаттың өзгеруі" дегеніміз адамдардың тікелей немесе жанама түрдегі
іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған климаттағы өзгерістер; бұлар орасан
зор атмосферадағы өзгерістер, оиы салыстыруға болатын уақыт аралығындағы
табиғи және антропогендік өзгерістерден байқаймыз.
"Бөліну" дегеніміз нақтылы бір уақытта, нақтылы бір аймақтың үстіне
уланған газдардың төніп баруы немесе олардың атмосфераға тасталынуы.
"Буланған газдар" дегеніміз табиғи да, антропогендік жолмен де пайда
болған атмосферадағы газ тәрізді құрамалар, олар инфрақызыл сәулені жұтады
және шағылдырады.
"Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы" дегеніміз тәуелсіз
мемлекеттің белгілі бір аумақта құрған ұйымы; оның ауқымына осы
Конвенцияның немесе хаттамаларының реттеп отырған мәселелері де енеді және
ол ішкі әрекетеріне лайықты құжаттарға қол қоюға, ратификация жасауға және
бекітуге немесе сол құжаттарға қосылуға өкілетті.
"Жинағыш" дегеніміз климат жүйесінің құрамы немесе құрамдастары,
оларда буланған газдар шоғырланады немесе буланған газдар жиналады.
"Жұтқыш" дегеніміз атмосферадағы буланған газдардың шоғырын немесе
аэрозолды, буланған газдарды сіңіріп алатын кез келген процесс, іс-
әрекеттің түрі немесе механизмі.
"Шығу көздері" дегеніміз кез келген процестің немесе әрекеттің
нәтижесінде буланған газдардың шоғыры немесе аэрозолдың, буланған газдардың
- атмосфераға бөлініп шығуы.
Бұл Конвенцияның түпкі мақсаты және Қатысушы жақтар Конференциясы
қабылдай алатын барлық құжаттардың мәні климат жүйесіне кауіпті
антропогендік әсер етуге жол бермейтіндей деңгейде атмосферадағы буланған
газдардың - шоғырлануын тұрақтандыратын жағдайға жету үшін Конвенцияның
осыған сәйкес ережелерін орындауға қол жеткізу.
Конвенция мақсатына жету жолында, оның ережелерін іске асыруда
қатысушы жақтар өз қызметіне мыналарды басшылыққа алады:
Қатысушы жақтар адамзаттың қазіргі және болашақ ұрпағының игілігі
үшін әділеттік негізде және әмбеге ортақ, бірақ салаланған жауапкершілігіне
және қолда бар мүмкіндігіне орай климат жүйесін қорғауы тиіс.
Қатысушы жақтар алдын-ала болжау мақсатында немесе климаттың өзгеру
себебін мейлінше залалсыздандыруды және оның зиянды нәтижелерін азайтуды
алдын ала ескерту шараларын жүргізу керек.
Халықаралық экономикалық жүйенің ашык және игілікті жағдайын
қалыптастыруға ықпал ету үшін Қатысушы жақтар өзара қарым-қатынас жасау
керек, бұл жағдай қатысушы жақтарды, әсіресе, оның ішінде дамушы елдер
орнықты өсіп-өркендеуге және дамуға алып келер еді де, сөйтіп климаттың
өзгеру проблемаларына олардың жауап қатуына оңтайлы мүмкіндік жасар еді.
Барлық Қатысушы жақтардын ортақ, бірақ жекелеген жауап-кершіліктерін
және өзінің нақтылы ұлттық, әр аймақтық басты қажеттіліктерін ескере
отырып, белгіленген мақсаттары мен даму жағдайлары;
Монреаль хаттамасымен реттелмейтін буланған газдардың антро погендік
бөлінуін шектеуге, азайтуға немесе тоқтатуға әкелетін процестер мен
әдістерді, технологияны беруді қоса отырып, барлық салаларда, энергетикада,
тасымалдауда, ауыл шаруашылығында, орман шаруашы-лығында және қалдықтарды
жоюда, оларды жасауға, қолдануға және таратуға ықпал етеді;
Климаттың өзгеру нәтижелеріне ыңғайлану мақсатында дайындық шараларын
жүргізу үшін қарым-қатынас жасайды; жағалау аймақтарында, су ресурстары
бойынша және ауыл шаруашылығында жұмыс жүргізу үшін, құрғақшылықтан, шөлге
айналудан, су тасқынына ұшыраудан қорғау және қалпына келтіру жұмыстары
бойынша тиісті кешенді жоспарлар құрады және дамытады;
Өзінің тиісті әлеуметтік-экономикалық және экологиялық саясатын
жүргізуде, соған лайық шаралар қабылдауда климаттың өзгеруіне байланысты ой-
пікірлерді тиісті әдістерді, мүмкіндігіне қарай ескереді мәселен, ұлттық
деңгейде жасалған;
Климат жүйесімен және климаттың өзгеруімен, сондай-ақ оған жауап
қатудың түрлі стратегиялық экономикалық және әлеуметтік нәтижелерімен
байланысты ғылыми, технологиялық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық, заң
бойынша деректерді толығымен ашық және жедел алмасуға ықпал етеді, қарым-
қатынастар жасайды.
Дамыған елдерге жататын Қатысушы жақтар және II қосымша мен Қатысушы
жақтар өзге Қатысушы жақтарға, әсіресе, дамушы елдердің қатарына
жататындарына олардың Конвенция ережелерін орындау үшін экологиялық таза
технологияны алуына және оған жіктеуіне байланысты қолдау көрсету,
жеңілдету сондай-ақ қаржыландыру үшін нақтылы іс-шаралар жүргізеді.
Қоршаған табиғи орта менеджменті (басқару) жүйесіне қойылатын талаптар
ҚР РИСО 14001-2000 стандарттында көрсетілген, ол Қазақстан аумағында
тікелей қолданылатын халықаралық стандарт болып саналады.
Қоршаған ортаны басқаруға таратылған халықаралық стандарттар, қоршаған
ортаны басқару жүйесін тиімді іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз
етуге арналған. Олар экологиялық және экономикалық мақсаттарға жету үшін
әкімшілік басқару жүйесінің басқа элементтеріне (іс-шараларымен) тығыз
байланыста болуы шарт.
ҚС ИСО 14001 бойынша қоршаған ортаны басқару жүйесінің, құру және
тұрақты түрде жетілдіру моделі. Бұл стандарт, осындай қоршаған ортаны
басқару жүйесіне нақтылы талаптар қоя алады. Оны географиялық, өнер және
әлеуметтік жағдайларына байланысты барлық түрдегі және көлемдегі ұйымдарға
(мекемелер) қолдануға болады. Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол
онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі
үшін ең басты қажеттің бірі - ауа. Өйткені барлық тірі организмдер
атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес кунге,
ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5
литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жұтады.
Дем алатын оттегінің қалай пайда болғаны туралы толық ғылыми деректер
шамалы. Дегенмен оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде бұдан 550-570
миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл есімдіктер құрлыққа тез тарап,
фотосинтез процесі арқылы оттегі беліп шығарады. Жалпы хайуанаттар тыныс
алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөледі. Бір заттың маңызын
жете көрсету үшін халық Ауадай өте қажет дейді. Ендеше тірі
организмдердің тіршілігі ауасыз мүмкін емес.
Атмосфераға адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес,
сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның
қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Ауа - әр түрлі газдардың қоспасы.
Оның құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер
қыртысында да бар.
Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның
сыртқы қабығы, ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін
сәулелерінін, әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Атмосфера
төмендегідей негізгі қабаттардан тұрады. Ауанын, негізгі бөлігі (шамамен
80%) жердің теменгі тропосфера қабатында шоғырланған. Бұл қабат жер
белдеулеріне байланысты 8-17 километр биіктікке дейін барады.
Жердің бетінен алыстаған сайын тропосфера қабатының температурасы әр
шақырымда 6°С-ға төмендеп отырады. Одан әрі 18-20 километрлік биіктікте
температураның төмендеуі тоқтап – 60-70°С көлемінде болып тұрады.
Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды. Келесі стратосфера қабаты
жердің бетінен 20-50 км биіктікте. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта.
Жердің бетіне метеорит денелер де түсіп отырады. Мәселен, әр секунд
сайын көзбен көріп бақылауға болатын 200 млн-ға дейін метеориттер ауа
қабатына түсіп өртеніп жатады. Тәулігіне жер бетіне шамамен кішігірім
метеориттер түседі.
Күн сәулесінен келетін жарықты да шашыратып, реттеп отыратын ауа. Егер
ауа қабаты болмаса сөйлеген сөзді де, құлпырта салған құстар әнін де,
ағаштың, сыбдырын, желдің ызыңын және тағы басқа дыбыстарды біз ести
алмаған болар едік. Демек, бұл мәліметтер ауаның дыбысты таратушылық
қасиеті бар екенін көрсетеді.
Ең негізгі маңызды қорғаныш қабаты - озон. Ол атмосфераның жоғарғы
қабатында (20-50 км) күн радиациясы әсерінен түзілетіы бір түрі. Озон
жерден 25 километр қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны
тек 2-4 миллиметр қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер
бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерлерінен толық
сақтап отырады, ол ультра-күлгін сәулелерді өзіне сіңіріп қалып, жер бетіне
тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға
пайдасы өте зор.
Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады.
Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200
градусқа құбылып тұрған болар еді (күндіз 100° шамасында ыстық болса, түнде
-100 градусқа дейін суықтық болар еді).
Көпке дейін адамдар ауаның салмағы барын білмей келді. Тек XVI ғасырда
ғана оның салмағы барлығы дәлелденді, Егерде бір текшеметр құрғақ ауаны
теңіз деңгейіне сәйкес, 0° температурада өлшейтін болсақ, оның салмағы 1293
грамға тең болар еді. Сонда жер бетінің әрбір шаршы сантиметріне ауа
шамамен 1 кг күшпен әсер етеді (дәлірек айтқанда 1033 г.) Осы айтылған
әсердің мөлшерін түсіну үшін мынадай бір құбылысты еске түсірсек
жеткілікті, адамнын алақанына ауа шамамен 150 кг күшпен әсер етеді, ал
адамның барлық денесіне әсері 15 тоннадан асады екен. Ауада болын жатқан
түрлі құбылыстар жердін, күннен алған сәуле энергиясынын, әсерінен журіп
жатады. Күн сәулесінін, әсерінің ең алдымен жердін, беті және мұхиттар
жылынады, сонын, нәтижесінде ауанын, төменгі қабаты жылиды да жоғарылаған
сайын онын. температурасы төмендей береді (орта есеппен әрбір 100 метрге
0,6 градус төмендейді).
Күн сәулесі қуатынын, әсерінен мұхит пен теңіздерден, өзен мен
көлдерден тағы басқа су қоймаларынан су буға айналып отырады. Міне, осы
ылғалдылықты жер шарына таратуда атмосфералық ауаның атқаратын ролі зор.
Күн сәулесі қуатының арқасында бу күйінде ауаға көтерілген суды атмосфера
жер шарының белгілі бір аудандарына жеткізіп, жаңбыр немесе қар күйінде
жерге түсуін қамтамасыз ететін транспорт қызметін атқарады.
Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын тозаң мен газдардың
жалпы мөлшері атмосфераның букіл массасымен салыстырғанда өте аз.
Мысалы, таза ауанын, шамамен 240000 белігіне, ластанған заттың бір
бөлігі келеді. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш
километрлік қабатта шоғырланады. Мұндай шоғырлану әсіресе өнеркәсіпті
қалаларда көп байқалады. Ауаның түрлі заттармен ластануы, бүлінуі алғашқы
кезде енеркәсібі ерте дамыған Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Ол
кезде ауаны тазартуға өндірістен заводтардан және фабрикалардан
шығатын улы газдар, шаңтозаңдар және тағы басқа зиянды заттарды ұстаудың
тиісті, құралдарын ойлап таппаған. Соның салдарынан ауада улы
қосылыстар жылдан-жылға көбейе берген. Мәселен, Англиянық кәсіпорындары
құбырларынан жылына 420 миллиоы тонна шаң-тозаң, түтін, күйе, түрлі улы
қосылыстар биосфераға тарап жатады. Ауа екі жолмен: табиғи жәие
адамнын, іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.
Ауанық табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының
үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ауада үнемі
аэропланктондар — бактериялар (онын, ішінде ауру тудыратындары
да бар), санырауқұлақтардың споралары, өсімдіктердің тозаңдары және
т. б. кездеседі. Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де,
атмосферадағы газдардын тепе-теңдігін буза алмайды.
Үлкен вулкандар атқылағанда шыққан түтін мен күл шоғы жер шарың
қоршап, атмосфераның көптеген кеңістігін алып кеткендігі байқалған. 1883
жылы тамызда. Қаракатау (Индонезия) вулканы атқылағанда шамамен 150
миллиард тонна шаң мен кул шоғын 32 км биіктікке дейін лақтырып тастаған.
1912 жылы 6 маусымда Аляскада Қатамай вулканы атқылағанда Белоруссияның
маңайын қара тунек басып кеткен, соның нәтижесінде сол жылы басқа
жылдармен салыстырғанда күннің ашық сәулелі мерзімі 4—5 сағатқа кем болған.
Сол сияқты 1908 жылы Тунгус метеориты түскенде де ұсақ шаңдар көтеріліп
көп уақытқа дейін аспан кеңістігі күңгірт тартып тұрған.
Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда
болған улы заттарды шалғай жатқан екінші аудандарға таратады.
Мәселен, Африка мен Алдыңғы Азияның шөл даласында ауаға көтерілген құм
шаңның көп мөлшері Оңтүстік және Орта Европаның жеріне келіп түскен кездері
болған. Канадада болған орман өртінің түтіні күшті соққан желдің екпінімен
8—13 километр биіктікте Атлант мұхиты арқылы Европа жиектеріне дейін
жеткен.
Атмосфераның жоғарғы қабатындағы шаң-тозаңдар әлем кеңістігінде
планетааралық тастардың ауаның тығыз қабатында жануынан және басқа
космостық денелердің әр түрлі себептерден жануынан пайда болып оты-рады.
Ауаның төменгі қабатының ластануы негізгі тау жыныстары мен топырақтың
беткі қабатының бұзылуынан да болады. Мәселен, жерден 10 км биіктікке
дейінгі шаң-тозаңның болуы, тек жерден көтерілген заттар. Тіпті керек
десеңіз жауыннан кейін бір текше сантиметр ауаның құрамында 30 мыңға жуық
шаң-тозан болса, ал құрғақ күндері оның саны 100 мыңнан аса кетеді. Қей
уақытта құрғақ желдің өзі жердің беткі қабатынан миллион тоннаға жақын
топырақтың үсақ бөлшектерін ауаға көтеріп әкетеді. Көптеген шаң-тозаң ауаға
вулкандар атқылағанда қосылып отырады. Кейде олар 50 км биік-тікте бірнеше
жыл ауаның жоғарғы қабаттарында қалып қояды.
Адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ,ең қауіпті.
Оларға өндіріс, транспорт және тұрмыс қалдықтары жатады.
Ауаның көбірек ластанатын — теменгі қабаты. Өйткені оған өндіріс
орындарының жана шаң-тозаңдары күнде қосылып отырады. Сондықтан да
атмосфералық ауаны ластамай таза ұстау — бүгінде барлық адамзаттың алдына
қойылып отырған түбегейлі міндеті.
Соңғы 10—15 жыл ішінде Қазақстанда неше түрлі алып өндірістер, жаңа
қалалар, заводтар мен фабрикалар салынып, олардың саны жылдан жылға көбейе
түсуде. Оған автомашиналар санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі
ластаушылар өнеркәсіп орындары мен автомобиль транспорты екендігі
анықталды. Мысалы, Өскемен облысы бойынша (1990 ж) ауаға шамамен 300 мық
тонна зиянды заттар шығарылады, бұл санитарлық нормадан орта есеп 2 есе
артық. Мұндағы түсті металлургия кәсіпорындарының, үлесі жартысынан асады.
Ауаны ластаудың негізгі кездері: жылу электростанциясы, металлургия,
химия, мұнай өндіретін, цемент және басқа да заводтар мен фабрикалар. Ауаға
шығатын заттың химиялық құрамы пайдаланған отынның түріне өндіретін өнімнің
құрамына, өндірістің жасау тәсіліне және т. б. байланысты. Мысалы,
Павлодардың алюминий заводы ауаны өзінің түтінімен бірге фторлы
қосылыстарымен ластайды. Қарағандының синтетикалық каучук өндіретін заводы
көмір қышқыл газын (СО2), аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртсутек (Н25)„
азот оксидін, қосоксидін (NО, НО2) т. б. ауаға шығарады. Атыраудың мұнайды
қайта өңдеу заводында қоршаған ортаға да, адам өміріне де өте қауіпті
күкіртсутек (Н28) және т. б. улы заттар бөлінеді. Ақтөбенің химия заводы
азот оксидін (N0), фторлы газдар, сульфаттар арқылы ауаны ластайды. Жасанды
талшық шығаратын өндіріс орындары сулы күкірткөміртек (СS2) және жағымсыз
иісті күкіртсутек (Н2S) бөліп шығарады. Қарағандының коксохимиялық өндірісі
ауаны күкіртті және зиянды қосылыстарды, азоттың қосоксидін (НО2) шыға-рып
ластайды. Химиялық өнеркәсіпке тән сипат, олардың ауаға бөлініп шыққан
заттары бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп өте күрделі, улы қосылыстар
түзіп қоршаған орта ауасын жоғары дәрежеде ластауында.
Жылу электростанциялары көп мөлшерде ауаға шаң-тозаңдар, түтіндер мен
күйелер қосады. Қуаты орташа жылу электростанция орталығы тәулігіне 2000
тонна сапасы төмен көмір жағып, ауаға шамамен 400 тоннакүл және 120 тонна
күкірт оксидін (SО2) шығарады. Оның ауаны қанша ластайтынын айтпаса
да түсінікті.
Ауаны, шамадан тыс ластайтын өндірістін, бірі — цемент заводтары.
Цементтен бөлінген шаңдар тек ауаны ғана ластап қоймай, заводтың
барлық территориясын, оның маңайын қоса қамтиды.
Мамандардық есебі бойынша, жыл сайын ауаға жүз миллион тонна зиянды
газдар мен шаң-тозандар таралып жатады. Өнеркәсібі күшті дамыған қалалардың
үстін ерекше қара түтін басып тұрады. Оның ауаны ластауымен қатар басқа
қосымша залаладары бар. Мысалы. атмосферадағы қара түтін дегеніміз күн
нұрының 25%-ін ультракүлгін сәулесінің 50%-іне жуығын жұтады екен. Мүның
өзі өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне
үлкен зиянын тигізеді.
Ауа тазалығын бұзуда автотранспорттың да айтарлықтай ролі бар. Ірі
қалаларда автомобильдер бөліп шығаратын улы көмір оксидінің (СО) мөлшері
күннен күнге арта түсуде. Мамандардыа есебі бойынша, бір машина сағатына
ауаға 6—10 текше метрге жуық улы газ бөліп шығарады екен. Олай болса
Қазақстанның ірі қалаларында қаншама машиналар күні-түні тынымсыз жүріп
жатыр? 1990 жылы автомобильдерден тараған лас 3,5 млн тоннадан асты.
Бүгінгі таңда Семей облысы бойынша қоршаған ортаны ластайтын 2480
орын анықталды. Соның 1925-сі Семей қаласында орналасқан. Шан тазалағыш
қондырғылардың дұрыс жұмыс істемеу салдарынан немесе іске алғысыздығынан
қаладағы шаңнын. орташа көрсеткіші санитарлық нормадан 2 есе, азот
қостотығы 1 есе, күкіртті ангидрид — 0,2 есе артып отыр (1991 ж дерек).
Қызылорда облысы Сыр бойы ауасында да өзіндік өзгешелік бар. Бірақ
қанша жеңілдетіп айтсақ та осы өлкедегі қатерлі экологиялық жағдайлармен
қосылған Қызылорда ауасы елге де, жерге де зиянды тағы бір қолайсыз
факторға айналып отыр. Мысалы, 1989 жылы Арал ауданында 5 мың тоннадан
астам зиянды заттар, Қазалы ауданында 2238 тонна, ал Қызылорда қаласында 60
мың тонна зиянды заттар адам, жануар мен өсімдіктер тыныстап отырған ауадан
табылған екен. Жел арқылы Аралдың тұзы, Памирге, Хан тауына, тіпті сонау
алыс Америкаға дейін жетеді.
Қазір Жамбыл қаласының тұрғындары күкіртті ангидрид, азот және
көміртегі тотықтары, фтор қосылыстары, аммиак, фосфор ангидриді,
көмірқышқыл газы күйе, шан, т. б. араласқан ауамен дем алады. Бұлардың
ішінде ауаға көп тарайтындары: күкірт ангидриді, азот және көміртегі
тотықтары т. б. Олар адамнын, денсаулығына аса зиянды рак ауруын тудыратын
заттар. Қаланың ауасын ластап жатқан кәсіпорындардың тізі-мінде ГРЭС
бірінші орын алады. Содан кейін қаладағы үш химия заводы алады. Үш заводтың
ауаға шығаратын барлық зиянды заты 3222 тоннадай болады.
Ауаның құрамында бірнеше зиянды қоспалар болады. Солардың ішінде
адам, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне ең қауіптісі радиоактивтік
заттар. Олардың жер бетіндегі көзі атом және сутегі бомбаларынын, тәжірибе
жасау кезінде жарылуы, атомдық реакторлар, атомдық электростанциялар атом
өнеркәсібінің қалдықтары және т. б. Әсіресе атом және сутегі бомбаларының
жарылуынан пайда болған радиоактивтік заттардың ауаға қосылуы ерекше назар
аударады. Радиоактивтік заттар ауадан жерге жауын-шашынмен түседі де, жер
бетіндегі судың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардын,
денесіне шоғырланып радиоактивтік әсер ететін мөлшерін арттырады.
Радиоактивті заттар тек ауа жолымен ғана таралып қоймайды, ол өсімдік
қалдықтарымен, жануарлардың өлексесі мен қалдықтары арқылы да, тамақпен
де таралады. Мысалы, судағы элементтерді планктонды ор-ганизмдар сіңіреді,
ал олармен балықтар қоректенеді, балықтарды кезегі келгенде жыртқыш
балықтар жейді, оларды балықпен қоректенетін құстар ұстайды, құстарды аңдар
қорек етеді. Радиоактивті заттардын, ауаның кұрамында көп мөлшерде болуы,
халық арасында тұмаудың, түрлі ісік-жаралардын. таралуына әкеп
соғады. Радиоактивті заттар адам организміне әр түрлі жолдармен кіреді
және әр түрлі дәрежеде шоғырланады. Мысалы, радиоактивті
стронций-90 элементі адам организміне өсімдік тектес тамақтың
құрамымен кіреді де сүйекте жиналады, цезий—137 тканьдер мен бұлшық ет
құрамына енеді. 1945 жылғы Жапониядағы Хиросимо мен Нагасакиде жарылған
атом бомбасы бірнеше минутта он мыңдаған адамды қырып салды.
Сол атом апатының зардабы Жапонияда күні бүгінге дейін бай қалып отыр.
Ауа адам баласының бәріне бірдей ортақ нәрсе. Ол үшін мемлекет
шекаралары жоқ. Сондықтан да жерүстінде ауаны зиянды заттармен
ластамау үшін ядролық қаруларды сынамау, оларды колданбау мәселелері бүкіл
халық талабы мен тілегіне айналып отыр. Бүкіл дүние жүзі халқы
бейбітшілікті тілейді. Өйткені ядролық қару жер шарының қай бөлігінде
жарылса да, радиоактивті заттар ауа арқылы бүкіл жер жүзіне таралатыны
анық. Қалалардағы ауаның ластануы. Адам қызметінің нәтижесінде пайда
болатын әр түрлі заттармен ауаның ластануы көптеген кәсіпорындар
мен от жағатын қондырғылары бар ірі өнеркәсіпті қалалардың
үстінде болады. Мысалға, Алматы қаласын алайық. Қаланың маңайындағы
таулардың басына шығып қарасаңыз, оның үсті тұтасқан қап-қара
тұман немесе бұлт сияқты болып керінеді. Бұл жағдай бұрын күздің ксйбір
айла-рында, қыста көрінуші еді. Қазір барлық уақытта байқалып тұрады. Мұның
өзі әлі де болса алынып бітпеген шағын көлемді жылыту жүйелерінің
трубаларынан және қала транспорттары жаққан жанармайдан шыққан улы газдар,
сондай-ақ заводтар мен фабрикалардыд мұржайларынан шыққан түтін, күйе,
әр түрлі химиялық улы қосылыстар. Қала үстінде қалқып жүрген
заттардың химиялық құрамын анализ жасап қарағанда онда көмір-сутек, азот
тотықтары бар екені анықталған. Олар ауа-дағы басқа да қосылыстар мен
реакцияға түсіп, өте улы газдар түзеді. Бұл химиялық қосылыстар адамнық,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің генетикалық ерекшеліктеріне өте
зиянды әсер етеді. Мұндай көріністер Қазақстанда Қарағанды, Өскемен,
Жезқазған және т. б. қалаларда да байқалады.
Шексіз ауа мұхитында тіршілік жүріп жатқанымен, кей уақытта
республикамыздың көпшілік қалаларында таза ауаның тапшылығын байқап
қаламыз. Әсіресе, енеркәсіп жақсы дамыған Өскемен, Лениногорск, Шым-кент,
Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Алматы т. б. қалаларда оттегі тапшы.
Осы аталған қалаларда содғы 10 жыл ішінде түсті меуталлургия, химия
мен цемент өнеркәсібі және құрылыстың неше алуан салалары дамудың
нәтижесінде заводтар, жылу электростанциялары олардың қасынан қосымша ұсақ
өндіріс орындары шоғырланды. Нәтижесінде ауада түтін, шаң-тозаңдардың
мөлшері артты.
Республикада қола сияқты тусті металдың 100 тоннасын қорытқанда 88
тоннадай күкіртті ангидрид пен 2 тоннадай шаң бөлініп шығады. 100 тонна
қорғасын рудасы қорытылғанда 54 тонна күкіртті газ және 2,5 тоннадай улы
шаң шығады. Ауаны көмір қышқыл газымен ластауда басты кінә машиналар болып
отыр.
Жиырмасыншы ғасырда көмір қышқыл газының ауадағы мөлшері 9%- ке яғни
200 миллиард тоннаға көбейіп отыр. Тек кана адамдардың саны артқаны болмаса
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде үстіміздегі ғасыр ішінде ешқандай
эволюциялық өзгерістер бола койған жоқ. Қазір жер бетіндегі тіршілік етіп
жатқан адамдар жылына атмосферадан 644736 миллиард литр оттегін жұтады да,
ауаға 559640 миллиард литр көмір қышқылын шығарады.
Жер бетінде жылына 2 мкллиард тоннаға жақын отын өндіріліп жағылады
екен. Сол мәлшерде отынды жағуға мын, есе артық оттегі жұмсалған, яғни
бүкіл адамзаттын. дем алуына жұмсалатын оттегінін, мөлшерінен мың есе артық
оттегі жұмсалады екен.
Жер бетінде жылдан жылға адамдардың саны өсіп келе жатыр. Бірақ
ауадағы сутегінің мөлшері соншалықты тек адамдар үшін ғана емес, аса
қарқынмен дамып келе жатқан автотранспорт пен өнеркәсіл: үшін де қажет.
Мысалы, бір адамның жылына дем алуға жұмсайтын оттегінін, мөлшерін
машина бір мың шақырымдай жол жүргенде жұмсайды екен.
Әрине, ластанған ауаның адам қоғамында келтіретін зиянды әрекеті
жоғарыда айтылғандармен шектеліп қоймайды. Белгілі бір физика-географиялық
жағдайда ауаны ластайтын заттар тікелей атмосферада химиялық, реакцияға
ұшырайды. Соның нәтижесінде өзінің қасиеттері жағынан бұрынғыдан анағүрлым
қауіпті жаңа заттар түзіледі. Сейтіп, тікелей атмосферада ететін мұндай
химиялық реакциялар Түтінді тұмандардың пайда болуына алып келеді.
(Смог ағылшынның 5токе — түтін және іод — тұман деген сөздерінен туған).
Лондонда ең қалың түтінді тұман 1952 жылы 3—9 желтоқсанда пайда болды.
Баттан оны былай деп суреттейді: Қалың тұман аспанды біржола қаптап алды.
Көптеген мұржалар түтіні оны улы заттармен толтыра түсті. Қала көрінбейтін
түтінді тұман сондай қалың болды. Осы кезде өліп кеткен 4000 адам қала
үстіне төнген түтінді тұманның құрбаны болды. Бұл улы тұман концентрациясы
5—110 мгм3 күкірттің қос тотығы еді.
Біздің елімізде түтінді тұманның пайда болуы өте сирек кездеседі.
Бірақ мынаны есте сақтаған жөн. Біздің елдің бірқатар қалаларында бұл
зиянды құбылыстың пайда болуына қолайлы физико-географиялық жағдайлар бар.
Әсіресе, ауа қозғалысы, ағымы жоқ тау қазан-шұң-қырларында орналасқан
Алматы, Новокузнецк, Кисловодск қалаларында.
Теміртау қаласында ауаның құрамындағы фенол 2 есе төмендеген, бірақ
синтетикалық каучук заводының айналасында 500—1000 м қашықтықта 12—46 есе
санитарлық мөлшерден артық кездеседі.
Шымкентте ауаның құрамындағы қорғасынның мөлшері артуда, қазір
қорғасын 34—73 есеге дейін, күкіртті газ 4—6 есе санитарлық нормадан артып
отыр. Әрине, бұл құбылыс қорғасын заводынан 500—4500 м қашық-тыққа жиі
таралуда.
Семей қаласында цемент заводының айналасыпда (500—1000 м қашықтықта)
цемент шаңының кебеюі кейінгі жылдары санитарлық мөлшерден 3—4 есе көп. Сол
сияқты Ақмола т. б. қалаларда ауаның құрамындағы керек емес, адамның ден
саулығына әсері тиетін заттардың көбейіп бара жатқандығы байқалып отыр.
Алматы қаласында күйе 1,5 есе, азоттың қосоксиді 6 есеге азайды.
Бірақ тиімді шегі бойынша күйе —14—20 есе, шаң 2—6 есе, азоттың қосоксиді
—3,6 есе артып отыр. Алматының ауа құрамын қазіргі уақытта ластап отырған
негізгі зат көмірқышқыл газы, оның мөлшері белгіленген нормадан 20-30 есе
асып отыр.
Балқаш қаласында таукен металлургия комбинатынан 2000 м қашықтықта
ауаның құрамындағы белгіленген санитарлық шамадан 7—16 есе, күкіртті
ангидрид 10—29 есе асып отыр.
Қорыта айтқанда, өндіріс орындарының ауаның құрамына жіберетін
керексіз улы заттарды шығару мөлшері әлі де белгіленген санитарлық шамадан
ондаған есе артып жатыр.
Жоғарыда айтылған құбылыстардың бәрі, сол өндіріс орындарында белгілі
бір жүйеде тазалау құрылысының әлі де нашар жолға қойылғандығын және
өндіріс қуатының қарқындап дамуына ілесе алмай отырғандығыи көрсетеді.
Оған мынадай мысалдар келтірейік. Тек қана жалғыз Өскеменнің қорғасын-
мырыш комбинаты бір жыл ішінде ауаға 1113 тонна қорғасын, 128 тонна мырыш,
66 тонна күкірт ангидридін шығарады. Титан-магний комбинаты бір тәулік
ішінде 2—3 тоннаға дейін хлорды, ал тәжірибелі қорғасын заводы жылына
500—600 топна күкіртті ауаға жібереді.
Жамбылдың фосфор заводы тәулігіне ауаға 31,3 т аммиак, 2 тоннаға
жақын суперфосфат пен фтор аралас шаңды, 11 тонна құрамында фосфор бар
заттарды атмосфераға шығарып отырады.
Теміртау синтетикалық каучук заводы тәулігіне 256 т шаң, 25 т
көмірқышқыл газын тікелей халықтар тығыз орналасқан аудандардың ауасына
шығарып отырады.
Қарағандының металлургиялық комбинаты ауаға бір тәулік ішінде 78 т
шаң, 9 т көмірқышқыл газын және 1,6 т күкіртті, 6 т газды бөліп шығарады.
Республикамызда небәрі 2291 өнеркәсіп орындары болатын болса, соның
тек 1151-де ғана ұстағыш қондыр-малар бар, бұл бар болғаны 50%-
Ластанған ауакың всімдіктер мен жануарлар дүние-сіне тигізетін әсері.
Өсімдіктер есуіне ең улы әсер ететін күкірт ангидриді, фторсутек, озон,
хлор, қорғасын, сынап, мышьяк және басқа түрлі заттар. Улылығы жағынан
олардың ішінде күкіртті ангидрид бірінші орында тұр. Тіпті аз мөлшерде
шоғырланған күкіртті қосылыстардың үздіксіз әсер етуі өсімдіктердің өсуін
нашарлатады немесе оларға зақым келтіреді. Бұл қосылыстар — қаладағы жасыл
желектін. негізгі жауы. Қарағайлардын, қурап қалған ұшар басы, солғын
тартқан жапырақтар, жапырақ бетіндегі қодыр және қызыл дақтар, үгіліп түсіп
жатқан қылқан жапырақтар — осылардың бәрі ауада күкіртті заттардың
көптігінің белгісі. Өсімдіктің кейбір түрлері болмашы ластанған ауаның
әсерін сезінеді. Мысалы, қылқан жапырақты ағаштар, қарағай, шырша,
балқарағай, самырсын қарағай, жоңышқа, мақта, заңға-қ, темекі күкіртті
ангидридке сезгіш болып келеді.
Ауаның ластануы жануарларға да белгілі бір дәрежеде өз әсерін
тигізеді. Ауада (смог) тұман меи түтіннің пайда болуының салдарынан жаппай
ұй малдарынын, шығынға ұшырағаны белгілі. Құрамында молибден бар ауа үй
малының организмінде мыстың азаюына әкеліп, малдың азыққа деген шабытын
темендеткен. Металлургиялық комбинаттың төңірегінде мыстың артық мөлшері
ірі қара малдар мен қойларға зиянын тигізеді. Жамбыл фосфор заводының
маңайында есімдіктерге сіңген фтор қосылыстары ірі қара малдардың тісін
шамадан тыс есіріп жібереді немесе есірмей үгітіп тастайды. Нәтижесінде
кептеген шаруашылықтарға ірі қара малдарың алып кетуге мәжбүр болды. Адамға
табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен
бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда
ауа тазалығы үшін кұрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада
тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында
ірі-ірі өнеркәсіп орындарында ғаз бен шаң тұтатын үш жүзге жуық улкен
қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен
Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын
лабораториялар көптен құрыла бастады.
Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің
қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар
журіп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды
фильтр-сузгіш Нитрон іске қосылып ауаның құрамың тазалауда улкен үлес
қосуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр кушімен қыздыру
арқылы, ауаға шығатын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға
мүмкіндік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістен шығатын
зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу
арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш
жойылса, оның 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын
террикондар жойылды. Павлодарда — 50, Шынкентте — 7 пеш газбен жағылуға
көшті. Бір сөзбен айтқанда, Алматы қаласын қоспағанда республикамызда
1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында,
автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген
тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталық-тарында
Қазақавтотехникалық қызмет көрсету ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап
қалатын 157 бақылау-реттегіштердің қондырмаларын жасау жобаланды.
Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы
керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардын, денсаулығына зиянын
тигізетін газдардың мөлшері азайды.
Мысалы, Өскеменнін. қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды
шаңдар 54,2% қорғасын—68,6% күкірт ангидриді—17,2% азайды. Балқаш кен-
металлургия комбинатында—41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа
шығатын сынаптың мөлшері 2.5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға
шығатын цемент мөлшері — 10 есе, Өскеменнің титан-магний комбинатында ауаға
шығатын хлордың мөлшері 1,8 есе қыс-картылды.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер
лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі
күйге келтіріп, практикаға беруде.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz