Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жайлы


Мазмұны
Кіріспе
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жоба түсінігі, түрлері және оның экономикалық мәні
1. 2 Жобаларды басқару ұғымы және оның экономикалық негіздері
1. 3 Жобаларды басқарудың тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2. 1 Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеніне жалпы сипаттама
2. 2 «Агропродукт Азия» компаниясына жалпы сипаттама және шаруашылық қызметін талдау
3
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Жобаларды басқарудың теориялық негіздері
1. 1. Жоба түсінігі, түрлері және оның экономикалық мәні
Жобаларды басқару қызметтің барлық шеңберінде, яғни бизнес, мәдениет пен өнер, саясат, ғылыми зерттеу және тағы басқа салаларда жүзеге асырылады. Менеджер мамандар үшін жобалық басқару көбінесе инновациялық ойлар туындағанда және клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыру кезінде пайда болады. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жағдайында макродеңгейдегі халық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп қана қоймай, фирмалар мен фермалар деңгейінде өндірісті басқару жүйесін де түбегейлі өзгертті. Сондықтанда нарық жағдайындағы экономиканың көптеген салаларында жобаларды ұйымдастыру, құрастыру және жасалынған жобаларды жүзеге асыру сияқты көптеген жұмыстар іске асырылды. Осыған сәйкес жобалық басқару ұғымын қарастырмастан бұрын ең алдымен «жоба» түсінігін қарастырып өтелік.
Қазіргі таңда жоба түсінігінің көптеген анықтамаларын кездестіруге болады. Жоба-бұл ойластырылатын немесе жоспарланатын белгілі бір нәрсе, мысалы, үлкен кәсіпорын.
Жоба - белгілі бір соңғы нәтижелері бар және талап етілетін мақсаттары бар жоспар. Сонымен қатар қазіргі заман түсінігі бойынша, жоба - бұл біздің өмірімізді өзгертетін нәрсе, яғни тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын реконструкциясы, жаңа ұйымның құрылуы, жаңа техника мен технологиялардың құрылуы, кеме құрылысы, кинофильмнің түсірілуі, аймақтың дамуы - бұның барлығы жоба болып табылады.
Осы уақытқа дейін біз жобаны басқаша түсіндіріп келдік: жоба - бұл құрылыстың немесе конструкцияның құжат түріндегі толтырылған жоспары. Айта кететін бір жайт, бұл жерде осындай тар түсінікке батыста басқаша термин қолданады: «design».
Сонымен қатар, «жоба» терминінің қысқаша түсінігін беруге болады: жоба өзінің негізгі идеясын, оның жүзеге асыру құралдарын және жүзеге асу процесі негізінде алынатын нәтижелерді 1-ші суреттен көруге болады:
1-сурет. Жобаны жүзеге асыру нәтижелері
Жоба - бұл мәселелерді тиімді шешу жүйесі. Жобалардың жіктеудің үлкен саны оның көптүрлілігімен ерекшеленеді. Сондықтанда жобалардың әртүрлі типтерін атап көрсетуге болады. Мысалы, масштабына байланысты:
- Шағын жоба
- Мегажоба
Орындалу мерзіміне байланысты:
- Қысқа мерзімді жобалар
Жобаның сапасына байланысты:
- Ақаусыз жобалар
Ресурстардың шектелгендігіне байланысты:
- Мультижобалар болып бөлінеді.
Сонымен қатар жобалардың келесі түрлері бар:
- Модульді жоба
- Халықаралық (бірлескен ) жоба
- Инвестициялық жоба
Осылардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік. «Инвестициялық жоба» түсінігі екі мағынада қолданылады:
- белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы;
- белгілі бір іс-әрекеттерді жасау үшін қажет ұйымдық-құқықтық және есептік-қаржылық құжаттардың жүйесі.
Инвестициялардың объектісі болып табылады:
- салынып жатқан, қайта жөнделіп жатқан немесе кеңейтіліп салынып жатқан кәсіпорындар, ғимараттар (негізгі қорлар) ;
- федералды, аймақтық немесе басқа да деңгейдегі программалар;
- өндіріс орындарында жаңа өнім өндіру.
Инвестициялар өнім өндірудің толық ғылыми-техникалық және өндірістік циклін ғана қамтып қоймай, сонымен қатар оның элементтерін де қамтиды: ғылыми зерттеулер, жобалық құрастырушылық жұмыстар, өндірісті кеңейту немесе қайта жандандыру, жаңа өндірісті ұйымдастыру және жаңа өнім түрін шығару, утилизация және т. б.
Шағын жобалар масштабы бойынша кішірек болады. Американдық тәжірибе бойынша: капитал салымдары: 10-15 млн. доллар, еңбек шығындары: 40-50 мың адам-сағат.
Шағын жобаларда жоспарлау, оны жүзеге асыру, сонымен қатар жоба командасын құру процедураларында кейбір жеңілдіктер жасалуы мүмкін. Бұндай жобаларға келесідей жеңілдіктер жатқызуға болады:
- жалғыз басқарушыны тағайындау
- жоба командасы мүшелерінің бірін-бірі оңай алмастыра алатындай етіп команданың тиімді ұйымдастырылуы
- жоба графигі формасының максималды жай түрде болуы
- команданың әрбір мүшесінің өзінің міндеттерін және жұмыс көлемін жақсы білуі
- жобаның объектісін іске асыру жұмысын жобаны бастаған инженерлер жүзеге асыруы тиіс.
Мегажобалар - ортақ мақсатқа, бөлінген ресурстарға және орындалуға жіберілген уақытқа біріктірілген көптеген бірімен-бірі байланысты жобалардан тұратын мақсатты бағдарламалар. Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық (экономиканың бірнеше салаларын қамтиды), салалық және аралас.
Мегажобалардың ерекше белгілері:
- құны өте жоғары (1 млрд. доллардан жоғары)
- еңбек сыйымдылығы жоғары - 2 млн. адам-сағат жоспарлауға, 15-20 млн. адам-сағат құрылысқа кетеді
- жобаның жүзеге асу мерзімі 5-7 жыл немесе одан да жоғары
- басқа да мемлекеттердің қатысуы мүмкін
- жобаның жүзеге асыру аймақтарының бір-бірінен алыс орналасуына байланысты инфраструктураға қосымша шығындардың кетуі
- аймақтың экономикалық немесе әлеуметтік ортасына әсерін тигізуі
Қысқа мерзімді жобалар әдетте кәсіпорындарда жаңа өнім түрін шығаруға байланысты жүргізіледі. Бұндай жобаларға мынадай ұсыныстар жасалады:
- басқарудың матрицалық құрылымын енгізу;
- жобаның іске асырылуына толық жауапкершілікті бір бөлімшеге аудару;
- жобаны жасауды бастаған мамандардың оны аяқтауын қамтамасыз ету;
- жұмыс барысында пайда болатын өзгерістерді минимумға әкелу;
- жобаның қатысушыларын, сыртқы серіктестерді ынталандыру жүйесін пайдалану;
- делдалдар санының минималды болуы.
Ақаусыз жобаларда ең негізгі фактор ретінде жоғары сапа пайдаланы- лады. Әдетте ақаусыз жобалардың құны өте жоғары болып келеді және ол жүздеген миллион, тіпті миллиардтаған доллармен есептеледі. Оған мысал ретінде атом электр станциясын алуға болады. Бұндай ерекше типтегі жоба келесі міндеттердің орындалуын талап етеді:
- жобалық-сметалық және құрылыс-монтажды жұмыстарды біріктіретін жобаның жалпы ортақ жоспарының болуы;
- құрылыстың біріктірілген графигі;
- жобаның кемшіліктерін дер кезінде анықтап және оны жоюға болатын арнайы жасалған программаны пайдалану;
- жобаларды басқару жүйесінің максималды икемді түрін пайдалану.
Тапсырыс берушінің ойы бірнеше өзара байланысқан жобаларға қатысты болған жағдайда «мультижоба» термині пайдаланылады.
Мультижоба жаңа ұйымдардың немесе фирмалардың құрылуын немесе олардың өзгерісін қарастырады. Фирманың өндірістік бағдарламасына сәйкс көптеген тапсырыстардың және қызметтердің орындалуы мультижоба болып табылады. Мультижобаның келесідей мысалдарын келтіруге болады:
- бір тапсырыс алушы бірнеше тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындайды;
- бірнеше тапсырыс алушылар бір тапсырыс берушінің объектісінде комплексті жұмыстарды атқарады;
- бірнеше тапсырыс алушы жеке контрактілер бойынша әртүрлі тапсырыс берушілердің жұмыстарын бір территорияда атқарады.
Мультижобаларға альтернатива ретінде моножобалар болады. Моножобаның нақты белгіленген ресурстары, белгілі уақыты анықталады және бұндай жоба бір жобалық командамен жүзеге асырылады /1, 54б/.
Модульді жобалар жобаларды басқарудық тапсырмаларын шешудің жаңа әдіісі болып табылады. Модульді жобаның мәні мынада: болашақ объектінің үлкен бөлігі (кейде - 95%-ке дейін) оның болашақтағы пайдалану орнында емес, басқа жерде - кейде құрылыс алаңынан мыңдаған километр жерде орындалуы мүмкін. Орындалып болғаннан кейін бұл ірі модульдер болашақ пайдалану орнында құрылады. Бұл әдіс өнеркәсіптік объектілер үшін тиімді, себебі кейде олар әлеуметтік инфраструктурасы және өндірісі дамымаған алыс аудандарда құрылуы мүмкін.
Халықаралық жобалар әдетте күрделілігімен және құнының өте жоғары болуымен ерекшеленеді. Мұндай жобалардың спецификасы келесілермен анықталады:
- бұл жобаларға материалдар мен құрал-жабдықтар әлемдік нарықта сатып алынады;
- халықаралық жобалардың дайындық деңгейі ерекше жоғары дәрежеде болуы тиіс;
- ұйымдастыру және басқару қиындығына байланысты бұндай жобалардың дайындық периоды ұзақ болады;
- халықаралық жобаларды ақпараттық қолдау «ішкі» жобаларға қарағанда әрқашанда тиімді болып табылады.
Халықаралық жобалар әдетте серіктестердің бірін-бірі толықтыратын қатынастары мен мүмкіндіктеріне негізделген. Бұл жобалардың есептерін шығаруға кейде біріккен кәсіпорындар құрылуы мүмкін.
Жобаның негізгі түйіні қандай болса да, егер ол орындалмаса онда оның мағынасы жоғалады. Жобаның аяғына дейін орындалып жүзеге асуы өте маңызды. Әр жоба оның жұмыс көлемі мен қиындығына қарамастан, өзінің дамуы барысында белгілі бір кезеңнен өтеді «жоба әзірше жоқ» жағдайдан «жоба енді жоқ» жағдайға өтеді.
Жобаның басы бұл идеяның туындау кезі болуы мүмкін. Іскер адамдар үшін жобаның басталу кезі оның іске асырылу кезінен және оның орындалуы үшін ақша қаражаттарын салған уақытпен байланысты.
Жобаның аяқталуы одан да күрделірек. Жобаның аяқталуы келесілер болып табылады:
- жобаны іске асыру жұмыстарының аяқталуы;
- жобаны орындап жатқан персоналдың басқа жұмысқа ауысуы;
- жобаның алдына қойған мақсаттарға жетуі;
- жобаны қаржыландырудың тоқтатылуы;
- жобаға бастапқы идеядан басқа үлкен өзгерістердің енгізілуі; (модернизация)
- жоба объектілерінің эксплуатациядан шығуы; (ликвидация) .
Жобаның пайда болу кезінен бастап оның ликвидация кезіне дейінгі уақыт аралығы жобаның өмірлік циклі деп аталады. Жобаның басталу уақыты мен оның аяқталуы арасында жоба көптеген этаптардан өтеді, бұл этаптар жобаның фазалары деп аталады. Әрбір фаза әртүрлі деңгейлерге бөлінуі мүмкін (фаза асты, этап асты) және т. б.
Өте ірі жобаларда мысалы, метрополитен құрылысы, мұнай-газ кен орындарын игеру және т. б. ірі жобаларда фазалардың және этаптардың көлемі ұлғаюы мүмкін. Қосымша этаптардың пайдаланылуы тек қана құрылыстың ұзақ мерзімділігіне (10-15 жыл) байланысты емес, сонымен қатар жобаның қатысушылары арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы үшін де пайдаланылады. Жоба негізгі 3 фазаға бөлінеді: инвестиция алдындағы фаза, инвестициялық фаза және эксплуатациялық фаза.
Жобаның жүзеге асыру жұмыстарын ыңғайлырақ қарастыру үшін оларды топтастыруға болады. Екі ірі жұмыс блогын қарастыруға болады: жоба бойынша негізгі қызмет және жобаның қамтамасыз етілуі.
Жоба бойынша негізгі қызметке жататындар:
- инвестиция алдындаға зерттеулер;
- жобаны жоспарлау;
- жобалық-сметалық құжаттарды дайындау;
- саудаласуды өткізу және келісім шартқа қол қою;
- құрылыс-монтажды жұмыстар;
- жобаны тапсыру;
- жобаны іске қосу, өнім шығару;
- құрал-жабдықтарды жөндеу және өндірісті дамыту;
- жобаны жабу.
Жобаның міндетті түрде бір немесе бірнеше мақсаттары болады. Жобаның мақсаттары ретінде тек қана соңғы нәтижені түсініп қоймай сонымен бірге сол нәтижеге жету жолдарын да жобаның мақсаты ретінде түсіну қажет, мысалы, жобада қолданылатын технологиялар, жобаны басқару жүйесі.
Жобаның мақсаттарына жету әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ол әдістерді салыстыру үшін қойылған мақсаттарға жетудің сәттілік критерийлері қажет. Әдетте бағалаудың негізгі критерийлері қатарына мақсатқа жетудің жалпы құны мен мерзімі кіреді. Сонымен бірге жобаның әртүрлі варианттарын қарастырып бағалаған кезде жоспарланған мақсаттар мен сапа негізгі шектеулер болып саналады.
Жобаның қатысушылары - жобаның құрылымының негізгі элементі болып табылады. Жобаның типіне байланысты оны жүзеге асыруға бірнеше ондаған, кейде жүздеген кәсіпорын қатысуы мүмкін.
Негізгі қатысушы - Тапсырыс беруші - жобаның болашақ иесі және пайдаланушысы. Тапсырыс беруші ретінде заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Тапсырыс беруші ретінде жалғыз ұйым немесе бірнеше ұйым бола алады.
Жобаның қатысушысының бірі - инвестор, ол жобаны қаржыландырады. Кейде инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болып табылады. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болып табылмаса, онда инвестор тапсырыс берушімен келісім-шарт жасасады және келісімнің орындалуын қадағалап отырады.
Жобалық-сметалық құжаттарды арнайы мамандандырылған жобалық ұйымдар жасайды, оларды жалпы түрде жобалаушы деп атайды. Осы жұмыстардың барлығына жауапты тұлға - бас жоспарлаушы.
Жобаны материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар - тауар жеткізушілер.
Мердігер- жұмыстардың орындалуының келісім-шартқа сәйкес болуына жауапты заңды тұлға.
Жобаны іске асыруда маңызды орын алатын қатысушы - жобаның меңгерушісі-заңды тұлға болып табылмайды, тапсырыс беруші жобаның менеджеріне осы жобаны басқаруға байланысты барлық билікті береді (мысалы, жобаның қатысушыларының жұмыстарын жоспарлау, бақылау және координациялау) .
Лицензия алушы - заңды немесе жеке тұлға, лицензия немесе «ноу-хау» иеленушісі.
Жоба белгілі бір сыртқы қоршаған ортада туындайды, өмір сүреді және дамиды. Жоба өзінің даму барысында өзгеріссіз қалмайды: жобада жаңа элементтер пайда болып және оның құрамынан кейбір элементтер алынып тасталынуы мүмкін. Барлық жүйе секілді, жоба бірнеше элементтерге бөлінуі мүмкін, сонымен бірге бұл элементтер арасында белгілі бір байланыстар орнатылады. Жобаның қызметін «жоба» және «сыртқы орта» деп бөлу шартты түрде ғана. Оның себептері мынада:
- жоба тұрақты түрде қалыптасқан жүйе болып табылмайды: жобаның жүзеге асырылуы процесінде оның кейбір элементтері орнын алмастыруы мүмкін (жобаның құрамынан сыртқы ортаға және кері) ;
- жобаның кейбір элементтері жоба қрамында және одан тыс пайдаланылуы мүмкін. Оған мысал ретінде мамандарды алуымызға болады. Олар бір мезгілде белгілі бір нақты жобамен және сонымен бірге басқа жұмыспен де айналысуы мүмкін.
Белгілі бір жобаны жүзеге асыруға қатысатын жай қызметкерге оның жұмыс жасайтын объектісі осы жобаның ішінде жатыр ма, әлде сыртында жатыр ма, ол бәрібір. Оған өзінің нақты істейтін жұмысы және оған алатын жалақысы маңызды. Ал жобаның жауапкершілікті орындаушылары мен ұйымдардың жетекшілері үшін бұл өте маңызды мәселе болып табылады.
1. 2 Жобаларды басқару ұғымы және оның экономикалық негіздері
Біздің елімізде жобаны басқарудың мәнін барлығы бірдей жете түсіне бермейді, әдетте жобаны басқаруды бизнес-жоспар құрумен жиі шатастырып жатады. Жобаларды басқару- тиімді және ұтымды басқару әдістерін, нысандарын зерттейтін әлеуметтік -экономикалық жүйелерді басқару теориясының негізгі бөліктерінің бірі. Кең мағынада, жобаларды басқару ғылыми білімдерді, дағдыларды, әдістер мен технологияларды қолдануға және тиімді нәтиже алуға бағытталған кәсіби қызмет түрі. Жобаларды басқару әдістемесі жобаның мақсатын және нәтижесін, сонымен қатар жобаның сапалық, құндық, уақыттық параметрлерін анықтауға, жобаның нақты жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Жобаларды басқару ұғымына мамандар әр түрлі көзқараста болғандықтан бұл түсінік туралы анықтамаларды қарастыруға болады. Жобаларды басқару институты мамандарының көзқарастары бойынша «Жобаларды басқару немесе Project Management (PM) - басқарудың жаңа әдістері мен техникасын пайдалану арқылы, жобаның толық өмірлік циклі процесіндегі материалды және адами ресурстарды басқару және координациялау өнері».
Жоба-менеджерлерінің ағылшын ассоциациясы мүшелері жобалық басқару түсінігіне келесідей анықтама береді :
«Жобаларды басқару - жобаны бекітілген уақытында, белгіленген бюджет шегінде және техникалық спецификациялар мен талаптарға сәйкес бітіру бойынша басқарушылық тапсырма. Жоба-менеджер осы нәтижелерге жетуге жауапты тұлға».
Германиядағы DIN 69901 мамандарының көқарастары бойынша «Жобаларды басқару - бұл басқарушылық мақсаттардың, техникалық ұйымдардың және жобаны жүзеге асыру құралдарының бірлігі».
Жобаларды басқару бойынша бірінші отандық басылымдардың бірі 1992 жылы жарық көрген Шапироның «Жобаларды басқару бойынша түсіндірме сөздігінде «жобаларды басқару» термине келесідей анықтама берілген: «басқарудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы жобаның толық өмірлік циклі процесіндегі материалды және адами ресурстарды басқару және координациялау өнері». В. М. Васильев «Құрылысты басқару мен құйымдастыру. Негізгі түсініктері мен терминдер» атты оқу-анықтамалық әдістемесінде жобаны басқару барлық периодты қамтиды - жобаның мақсатын анықтаудан бастап құрылған объектінің тәжірибелік экплуатациясына дейінгі кезеңді қамтиды деп көрсеткен. Ал «Инвестицияларды басқару» (Шереметтің жалпы редакциясымен, 1998) атты мамандар мен кәсіпкерлерге арналған анықтамалық әдістемеде жобаны басқаруға келесідей анықтама беріледі: «жобаларды басқару - инвестициялық жобаның құрамы және орындалатын жұмыс көлемі, құны, сапасы және қатысушыларды қанағаттандыруы бойынша инвестициялық жобада белгіленген нәтижелерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуді мақсат қоятын басқарудың қазіргі кездегі жаңа әдістер жүйесі мен техникасын пайдалану арқылы жобаның толық өмірлік циклі барысындағы жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау, ынталандыру және бақылау бойынша қызметі».
Өзінің еңбектерінде профессор Х. Решке жобаларды басқаруды былайша анықтайды: «жобаларды басқару - шешім қабылдау, басқару және жоспарлау процестерінің тікелей, кәсібиаралық корпорациясы».
Жоғарыда аталып өткен анықтамалар негізінде «Жобаларды басқару» терминін келесідей қорытындылауға болады: «Жобаларды басқару - жобада қойылған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың жаңа әдістерін пайдалану негізінде материалды-техникалық, қаржылық және адами ресурстарды басқару методологиясы».
Жобаларды басқарудың негізгі ерекшелігі шектелген топ тұлғаларының жобаны орындау жауапкершілігі мен жоспарланған нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
«Жобаларды басқарудың» біздің елімізде өз бетінше ғылым саласы болып дамуының 3 негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
1-кезең 1970 жылдан бастау алады. Бұл кезде жобаны жүзеге асыру процесінде күнтізбелік жоспарлау, жүйелік жоспарлау модельдері және жобадағы жұмыстарды ұйымдастыру әдістері енгізіле бастады.
2-кезең 1980 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде ЭЕМ-да көптеген арнайы қолданбалы бағдарламаларды жасау басталды. Сонымен қатар, стандартты, құрылымдық және ресурстық жоспарлау, ЭЕМ-да иммитациалық модельдеу жүргізілді.
3-кезең 1990 жылдан басталады. Үшінші кезең жоба туралы толық жүйелі ақпарат алу мүмкіндігімен, сонымен қатар, жоба жұмыстарының фазалар бойынша ұйымдастырылуымен және менедменттің теориялық және практикалық негіздерін енгізілуімен ерекшеленді.
Қазіргі таңда жобаны басқару әдістері келесі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді:
- Жобаның мақсаттарын анықтап оларды негіздеуге;
- Жобаның құрылымын анықтауға (жұмыстың негізгі этаптары, мақсаттары) ;
- Қаржыландырудың қажетті көлемін және көздерін анықтауға;
- Атқарушыларды таңдап алуға, яғни тендерлер және конкурстар арқылы;
- Келісімшарттарды дайындауға және келісімшартқа отыруға;
- Жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны жүзеге асыру кестесін құру, қажетті ресурстарды анықтау;
- Жобаның сметасы мен бюджетін есептеу;
- Тәуекелді ескеру және жоспарлау;
- Жобаны жүзеге асыруды ұйымдастыру, оның ішінде жобаның «командасын», яғни жобаны жүзеге асыратын маманды тиімді іріктеу;
- Тиімді бақылау мен реттеуді қамтамасыз ету, сонымен бірге жобаны іске асыру кезінде міндетті түрде болатын өзгерістерді басқару, жобаның тиімді аяқталуын ұйымдастыру;
- Жоба өнімінің сапасын жүйелі басқаруды ұйымдастыру;
- Эксплуатация кезінде құрал-жабдықтарды алмастыру.
Жобаларды басқаруа арналған жүйелердің өте қарқынды даму этапы персоналды компютерлердің пайда болуынан басталады. Басқарушылық жүйелерді пайдаланушылардың тез кеңеюі жобаларды басқару жүйесінің жаңа типін жасауды талап етті. Бұндай жүйенің ең маңызды көрсеткіштернің бірі болып оны пайдаланудың қарапайымдылығы табылады. Жаңа заман талабының басқарушылық жүйелері жобаларды басқарудың әдісі ретінде жасалды. Аталған жүйелер кез келген менеджерге түсінікті болды және алдын-ала дайындықты талап етпеді, сонымен қатар менеджердің жұмысқа тез және оңай кірісіп кетуін қамтамасыз етті. «Time line» жүйесін осындай класқа жатқызуға болады. Осы класс жүйелерінің жаңа версияларын жасаушылар жүйелердің сыртқы қарапайымдылығын сақтай отырып, олардың функционалды мүмкіндіктері мен қуатын кеңейте түсті. Сонымен бірге, кез келген деңгейдегі фирмалардың қалтасы көтерерліктей төмен бағаны сақтап қалды.
Жобаны басқаруда басқару объектісі болып инвестициялық цикл табылады, оны жүзеге асыру барысында инвестициялық салымдарды басқару бойынша, жобалық құжаттаманы жасау және оны өндірістік процесте жүзеге асыру барысын басқару бойынша, ресурстарды сатып алу, сапалы бақылау және т. б. бойынша іс-әрекеттер интеграцияланады.
Жобаларды басқарудың негізгі функциялары:
- Жобаның ресурстармен қамтамасыз етілуін басқару;
- Құнды басқару;
- Уақытты басқару;
- Сапаны басқару;
- Тәуекелді басқару;
- Келісімшарттарды басқару;
- Жоба қатысушыларының ақпараттық байланыстармен қарым-қатынасын басқару;
- Персоналды басқару.
Қазіргі кезде жобаларды басқарудың бірнеше негізгі сызбалары бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz