Ауылшаруашылық дақылдарының суға, ауаға, жылуға, қоректік заттарға қоятын талаптары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СУҒА, АУАҒА, ЖЫЛУҒА, ҚОРЕКТІК ЗАТТАРҒА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ

Ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты жоғары өнім алу үшін, оларды мезгілінде қажетті мөлшерде, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз ету керек. Дақылдардың тіршілік жағдайларын білу - олардың өсуі мен өнуін басқару, негізгі және қолайлы жағдай жасау егіншіліктің маңызды міндеті. Бұл факторларға жататындар - жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар.

Өсімдік тұқымының уақытында бөртуі мен бүрін жаруына, көктеуіне, өсімдіктің су мен қоректік заттарды сіңіруіне, органикалық заттардың пайда болуына, өсімдіктің түрлі мүшелерінің қалыптасуына және олардың әрбір өсу кезеңінен ойдағыдай өтуіне жылу өте қажет.

Өсімдік пен қоршаған айналадағы ортаның өзара қарым-қатынасы, әсіресе өсімдіктің өніп, өсуінің мәні мен олардың тіршілік ету факторларын егіншілік пәні арқылы оқып, білуге болады. Өсімдіктердің бірқалыпты өсіп, тіршілік етуі үшін қажетті факторлардың маңызы зор.

Жарыққа қойылатын талаптар. Күн сәулесінің өсімдікке түсу дәрежесі аса маңызды роль атқарады. Хлорофилдің қатысуымен өсімдік күн энергиясын бойына сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энергиясына айналдырады. Сонымен, күн сәулесін сіңіріп, бос оттегін бөліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіндегі тіршіліктің қалыпты дамуына зор үлес қосады. Жарық күші - көмір қышқыл газының ыдырауына, судың булануына жұмсалады. Пайда болған бос оттегі ауаға бөлінеді, ал сутегінің көмір қышқыл газының көміртегіне қосылуынан (углеводтар) көмірсутегілер, белоктар, қышқылдар, витаминдер және басқа органикалық заттар пайда болады.

Жарық өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне әртүрлі әсер етеді.

Өсімдіктің түптену кезеңінде жарық жақсы түссе, алғашқы сабағындағы буын аралығы қысқа, әрі берік болады. Әлсіз және күн жарығы кем, үнемі көлеңкеде өскен өсімдіктердің бірінші буын аралықтары тым ұзарып кетеді де, кейін өсе келе жатып қалады. Өсімдікке жарықтың толық түсуіне арнайы тәсілдер қолданылады. Дақыл тұқымын белгілі бір жиілікте себу, жүйектерді солтүстіктен оңтүстік беткейге қарай орналастыру арқылы өсімдіктерге түсетін жарық шамасы өзгереді. Бойы аласа және жапырақтары көлбей өсетін өсімдіктерді құрылымы тиімсіз өсімдіктер деп атайды, салат, қыша, үрме бұршақ солардың қатарына жатады. Жапырақтары тік, өзі биік болып өсетін күн сәулесін жақсы қабылдайтын өсімдіктер тобына жүгері, басқа дәнді дақылдар мен қант қызылшасы кіреді.

Сонымен фотосинтез процесінің барысында СО 2 сіңіріліп, С 2 бөлініп шығады, ал тыныс алу процесінің нәтижесінде оттегі сіңіріліп, көмір қышқыл газы бөлініп шығады. Тыныс алу кезінде өсімдік жылу бөліп отырады.

Жылуға қойылатын талаптар. Өсімдіктерде фотосинтез басталуы үшін ауаның жылулығы 0°С-ден жоғары болуы қажет. Өсімдік жылулықтың белгілі бір мөлшерімен қамтамасыз етілгенде рана ойдағыдай өсіп, дамиды. Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны минимум, оптимум және максимум деп бөледі. Мұның ішінде өсімдіктерге барынша қолайлысы - оптимум температурасы - 25-35°С шегінде болады. Өсімдіктердің жер бетіндегі және топырақ қабатындағы мүшелерінің өсуіне қажетті оптимум температураның едәуір айырмашылығы болады. Мысалы, зығыр, қара құмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам жәнө пияздың жер бетіндегі (органдары) мүшелері 20-25°С температурада қалыпты өседі, ал олардың тамырының жақсы өсуіне бұдан 8-10°С төмен температура қажет. Өсімдікке қажетті температураны білудің екпе дақылдардың қолайлы себу мерзімін белгілеуге, тұқым себердің алдында арамшөптермен күрес жүргізуге пайдасы тиеді. Егер өсімдіктерге қолайлы (оптималды) температура 20-30°С аралығында фотосинтездің түзілу қарқыны жоғары болса, ал температурасы 40-45°С болған кезінде бұл процесс мүлдем тоқтайды.

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне қарай тыныс алуы жағымсыз температурада да жүреді, оның төменгі шегі - 10°С, ал қыстайтын өсімдіктердің, мәселен, ағаш бүршіктерінің тыныс алуы - 20°, -30°С шамасында да байқалады.

Орталық бойлықтағы ауа райы жағдайында бұрыннан қалыптасқан өсімдіктер, айталық, бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қыша, бұршақ, зығыр және басқалары жылудың төменгі шегінде, яғни 1-ден 5°С кезінде де өсе береді, орташа температурасы 10-12°С шегінде де гүлдеп, піседі. Суыққа төзімділігі сондай - 6-10°С-ге дейінгі суыққа шыдайды. Күздік дақылдар мұнан да төзімді келеді. Суыққа төзімді өсімдіктердің көпшілігі солтүстікке жақындаған сайын дамуын жылдамдата түседі, оларды ұзақ күнді өсімдіктер дейміз .

Жылу сүйгіш өсімдіктерге күріш, жүгері, лобия, тары, қарбыз, қауын, мақта сияқты дақылдары жатады, олардың өсіп-өнуіне 8-15°С, ал гүлденуіне 15-20°С температура керек. Мұндай дақылдар суыққа төзімсіз де, ыстыққа төзімді болады.

Сондықтан да еліміздегі егіншілікте сол аймаққа қалыптасқай өсімдіктерді, сорттарды егіп өсіру ңажет, әрине, бұл реттерде олардары маусымның ұзақтығы мен жылуды қажетсінуі жөнінен алуан түрлі екендігі есте болуы шарт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарда жүргізілген кеп жылдық зерттеулердің нәтижесінде 5°С-дан жоғары жылы күндер саны 204-247-ге дейін, ал осы кездегі жылылық температура қосындысы 3438-4616° жетеді. Бұл көрсеткіштер Қызылорда облысында - 207-212 күн, 3798-3876° жылылық, Оңтүстік Қазақстан облысында - 244-247 күн, 4385-4616° жылылың, Жамбыл облысында - 207-222 күн, 3760-3770° жылылық, Талдықорған облысында - 204--223 күн, 3438-3879° жылылық, Алматы облысында - 212-223 күп, 3674-3867° жылылық. Күн көзінің жылылырын өсімдіктер толық пайдалану үшін оларды жан-жақты ойластырып іріктеп алу қажет.

Суға қойылатын талаптар. Су - табиғатта ең көп таралған, сонымен бірге нағыз ерекше зат. Өсімдік пен топырақ арасында үздіксіз су байланысы болады. Судың өсімдік тіршілігінде әсері сан алуан. Су дегеніміз өсімдікті қоректі ортамен жалғастыратын буын. Өсімдік организміндегі заттардың түзілуіне, ыдырауына әсерін тигізеді. Судың жеткілікті мөлшерде болуы - клеткалардың тарамдары мен тұтас мүшенің тіршілік әрекетінің ең негізгі маңызды шарты. Организмнің құрамында кездесетін мөлшері - жөнінен су бірінші орын алады, барлық тірі организмдердің жалпы салмағының 50-90 процентке дейінгі мөлшерін су құрайды. Өсімдіктердің көбінің жапырақ-тарында 80-90 процент, тамырларында 70-90 процент, тұқымдарында 10-15 процент су кездеседі. Өсімдіктің клеткалары мен тарамдарында судың көп болуы оның организмде атқаратын зор роліне байланысты.

Өсімдіктердің суды буландыруы транспирация деп аталады. Транспирация - өсімдіктердегі су алмасу процесінің негізгі көрсеткішінің бірі. Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су жұмсайды. Өсімдік бойына сіңірген 1000 г судың небары 1-2 грамын ғана пайдаланады, судың қалған 998 граммы өсімдік арқылы өзгермей өтеді. Қатаң ауа райы жағдайында өсімдіктер суды сіңіруден гөрі транспирацияра көп жұмсайды. Соның нәтижесінде су ташпылығы туады. Сондықтан бірқатар жағдайларда өсімдіктердің су шығынын азайту қажет. Транспирация жүрісін қолдан тежеу, өсімдіктің құрғақ зат түзуіне және оның өнімділігін арттыруға қажетті жағдайларды сақтай отырып, суды үнемдеуге мүмніндік береді.

Сумен бірге өсімдік бойына топырақ қабатында еріген қоректік заттар - азот, фосфор, калий, күкірт және басқалары енеді. Осы заттарды игеру үшін де су керек болса, өсімдіктегі тарамдарды салқындату мен қажетті жылылықты сақтауға да су қажет, міне бұл істерді транспирация десе, өсімдіктер өнімінің құрғақ органикалық заттары бірлігін дайындауға жұмсаған су мөлшерін транспирациялық коэффициент дейді. Яғни бұл өсімдіктер жұмсаған су массасының өнімінің құрғақ заты массасына қатынасы болып саналады.

Егістегі дақылдардың транспирациялық коэффициенті олардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады, яғни құрғақ органикалық заттар түзуге тары, жүгері үнемді су жұмсайды, бұлардың орташа транспирациялық коэффициентінің көлемі - 200-300-ден аспайды. Ал күріш, мақта өсімдіктері суды бұлардан көп пайдаланады.

Дақылдардың құрғақшылыққа төзімді түрлері мен сорттары да аз емес. Бұл ерекшелік өсімдіктердің көптеген белгілері мен қасиеттеріне негізделген.

Ауадағы көмір қышқыл газы мен оттегіне қойылатын талаптар. Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсімдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын (көміртегі, оттегі және сутегі) органикалық заттар түзіледі.

Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді.

Өсімдіктердің топырақ үстіндегі вегативтік мүшелерінің жалпы көлемі (сабағы мен жапырағы) оның тамырлар жүйесі көлемінен едәуір көп болады да, ауадан қоректенуі топырақ арқылы қоректенуге қарағанда біршама артық келеді.

Атмосферада көмір қышқыл газының қоры өте аз. Мысалы, 1 гектар жердегі атмосфераның 1 метрлік қабатында небәрі 5-6 кг шамасында көмір қышқыл газы болады, бұл дақылдардың өсіп, дамуына тым жеткіліксіз. Өсімдіктердің ауадан қоректенуі жарық, жылылық, ылғалдылық және қоректік заттар қатысуымен өтетін күрделі процесс болып табылады. Агротехникалық тәсілдер, әсіресе органикалық тыңайтқыштар қолдану арқылы ауаның топырақ бетіне жақын қабатындағы көмір қышқыл газын бір процентке дейін көбейту өсімдіктің тіршілік әрекетін күшейтіп, олардың шығымдылығын арттырады.

Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан қабылдап алып бойына сіңіреді. Олар өздерінде органикалық заттарды топырақтан, күл заттарын тамыр арқылы, ауадан көміртегін жапырақ арқылы түзеді. Өсімдіктердің топырақ қабатынан сіңірген минералдық заттарының көбі өткізгіш сабақтар арқылы жоғарғы органдарына қарай көтеріледі де фотосинтездің өтуін реттейді. Әрине, өсімдіктердің топырақ қабатынан тамырлары арқылы қоректік заттар алып, бойына сіңіруі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Айталық, әрбір дақылдар өзіне неғұрлым жетіспейтін заттарды ең алдымен оптималды мөлшерде алады. Сондықтан әрбір элементтің өсімдіктер өмірінде алатын орнын, топырақта қандай қосылыстар түрінде кездесетінін және өсу жағдайларына байланысты оларды қалай пайдаланатынын, қалайша реттеуге болатындығын білген жөн.

Топырақ қабатындағы қоректік элементтердің біреуінің жетіспеуі-ақ дақылдың өсіп, дамуын күрт нашарлатады, түптеп келгенде олардың өнімдерін төмендетеді.

ӨСІМДІКТІҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚОРЕКТЕНУІ

Өсімдіктердің шіріндіге бай топырақта жақсы өсіп, мол өнім беретіндігін көрсететін сан ғасырлық егіншілік тәжірибесі, қоректенудің шірінділік-гумустық теориясын өмірге келтірді. Алайда фотосинтездің ашылуы мен зерттелуі өсімдік денесінің 95 проценті көмір қышқыл газы мен судан құралатындығын көрсетті. Бұл жағдайда өсімдіктің қалған бір бөлігі неден құралады, оның түрі қандай және ол неден түзіледі деген сұрақ туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ туралы мәлміет
Тіршілік факторлары және қоршаған орта жағдайлары туралы мәліметтер
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Өсімдік тіршілігінің факторлары
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру
Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері
Дәнді дақылдарды стандарттау
Дәнді бұршақ дақылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz