Жергілікті есептеу желілері және олардың ақпараттық жүйесі
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім:
1. Ақпараттық желі ұғымы,түрлері,
типтері және оның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Ақпараттық желінің топологияслар және оның түрлері ... ... ... ... ... 9
1.2 Ақпараттық желілік кабельдер.кабель типтері,
сигналдарды жіберу,желілік адаптердің тақшалары ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Ақпараттық желілік технологиясы және Ethernet желісі ... ... ... ... ... 19
2. Ақпараттық жүйенің тағайындалуы мен мақсаты ... ... ... ... .. .28
2.1 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар және оның
концептуалды сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.2 Ақпарат жүйесін жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
3. Жергілікті есептеу желілерінің
ақпараттық жүйесінің программасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
3.1 Программаның құрылу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
3.2 Программаның қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материялдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелінетін «ақпарыттық экономикаға »ауысу болып отыр.Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда.Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесі мен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялар жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарды дамуын болжайды.Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқаруды қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарды ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ)-Экономикалық объектінің басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ-ақпарратық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп-ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпарратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешенде түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинаудың, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәикес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді-бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса,ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
70-жылдардың басында компьютердің жабдықтарын өндіруде үлкен интегралдық схемалардың пайда болуына байланысты айтарлықтай технологиялық жетістіктер болды.
Олардың құнының салыстырмалы түрде төмендігі және функционалдық мүмкіндіктері мэйнфреймдермен бақталаса алатындай мини-компьютерлердің дүниеге келуіне мүмкіндік жасады.

1. “Ақпараттық желілер” Дүйсебекова К.C.2005.
2. “Ақпараттық жүйелер теориясы” Қ.С.Байшоланова/Алматы:Экономика баспасы,2002 ж.
3. Н.Б.Бралиева,Қ.С.Байшоланова “Экономикадағы ақпарат жүйелері”/Алматы:Экономика баспасы,2001 ж.
4. Фаронов В.В.Delphi 4.Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998г.
5. Абишев С. Компьютерный кабель Деловая неделя 1999г.
6. Архангельский А.Я. «Программирование в Delphi7». Издательство Бином, Москва 2004г.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Қолданбалы информатика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жергілікті есептеу желілері және олардың ақпараттық жүйесі..
Тексерген:
к.э.н,доцент
Биярова
Амангүл Өнербайқызы
Орындаған: Низамова И.
Кощанова
Г.
Мамандығы: ЭАЖ.
Тобы: 403
Алматы2006
Жоспары
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім:
1. Ақпараттық желі ұғымы,түрлері,
типтері және оның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Ақпараттық желінің топологияслар және оның түрлері
... ... ... ... ... 9
1.2 Ақпараттық желілік кабельдер.кабель типтері,
сигналдарды жіберу,желілік адаптердің
тақшалары ... ... ... ... ... ... .. ... 13
1.3 Ақпараттық желілік технологиясы және Ethernet
желісі ... ... ... ... ... 19
2. Ақпараттық жүйенің тағайындалуы мен мақсаты ... ... ... ... .. .28
2.1 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар және оның
концептуалды
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30
2.2 Ақпарат жүйесін
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.36
3. Жергілікті есептеу желілерінің
ақпараттық жүйесінің
программасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .38
3.1 Программаның құрылу
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .38
3.2 Программаның
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..45
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..47
Кіріспе.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материялдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелінетін ақпарыттық экономикаға ауысу болып
отыр.Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін
ақпарат мамандары растауда.Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын қабылдағанын жатқызуға
болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің
даму дәрежесі мен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың
санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі
ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда
жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялар жүйелерге қосу мәселелерін
шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарды дамуын болжайды.Әрине,
бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқаруды қажетті таптырмас
құралына айналады. Қазіргі уақыттарды ақпарат жүйелері есептеу
техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған
ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ)-Экономикалық объектінің басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ-ақпарратық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ)
тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп-ақпараттық жүйе тұрғызу
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпарратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру
техникалық кешенде түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинаудың, өткізіп
беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәикес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді-бұл экономика бағытындағы
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық
жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы
ақпарат жатса,ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған
ақпарат жатады.
70-жылдардың басында компьютердің жабдықтарын өндіруде үлкен
интегралдық схемалардың пайда болуына байланысты айтарлықтай технологиялық
жетістіктер болды.
Олардың құнының салыстырмалы түрде төмендігі және функционалдық
мүмкіндіктері мэйнфреймдермен бақталаса алатындай мини-компьютерлердің
дүниеге келуіне мүмкіндік жасады.
80-жылдардың ортасында жергілікті желілердегі жағдай түбірлі
өзгеріске ұшырай бастады
Компьютерлерді желіге қосудың Ethernet,AreNet,Token Ring.сияқты
стандартты технологиялары бекітілді.Олардың дамуына дербес компьютердің
пайда болуы үлкен әсер етті. Бұл көпшілік өнімдер желіні құру үшін тамаша
элемент болды,бір жағынан, желілік программалық жабдықтың жұмысына
жеткілікті қуаты болса, екіншіден, өзінің есептеу қуатын күрделі есептерді
шешуге, сонымен бірге қымбат сыртқы құрылымдарды және дискілік массивтерді
бөліп пайдалануға арнап біріктіруге сұранып тұрғандай еді.
Жергілікті есептеу желілері(ЖЕЖ) ауқымды желілерге қарағанда
қолданушылардың жұмыс әдістерін ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
Бөлінген ресурстарға ену ыңғайлана түсті, қолданушыға бар ресурстардың
тізімін қарап шығу ғана қалды, олардың аттары мен идентификаторларын есте
сақтаудың қажеті болмады.Алыстағы ресурспен қосылғаннан кейін,қолданушыға
белгілі жеке ресурстар үшін пайдаланылатын бұйрықтарды қоланып жұмыс істей
беруге мүмкіндік туды.
II. Негізгі бөлім:
1. Ақпараттық желі ұғымы,түрлері және оның атқаратын қызметі.
Ақпараттық желі бұл- екі бірнеше және мыңдаған компьютердің ортақ
ресурстарды пайдалана отырып қызмет жасау түрі.
Алып жататын аудан ауқымы бойынша желілер осындай түрлерге
бөлінеді:
-Локальді (жергілікті) желілер
-Аймақтық желілер
-Глобальді (ауқымды) желілер
Локальді желі бұл- бір бөлме немесе ғимараттың ішінде
ұйымдастырылған желілер.Жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге
қосылған өзара жақын орналасқан компьютерлер тобы.
Аймақтық желілер бұл-белгілі бір ауданның қаланың ішінде
ұйымдастырылған желілер.
Глобальді желі бұл- кеңінен таралған,бүкіл әлемдік интернет
желісі.Қазіргі кезде интернет технологиясы негізінде корпоративтік желі
болып табылады. Корпоративтік желілер белгілі бір қызмет саласына
қатысты.Байланыс жолы ретінде модемдерді және алыс байланыс жолдарын
(телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан
компъютерлердің тобы.
Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның аумағындағы,
мысалы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше
компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады.Желі ресурстарды ортақ
пайдалана отырып, интерактивті қосымшалармен жұмыс істеуге
,мысалы,Электрондық пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Компъютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылықтарға қол
жеткізеді,соның ішінде:
-деректерді және сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде
шығындарды төмендетуге;
-қосымшаларды стандарттауға;
-деректерді уақытында алуға;
-тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.
Қазіргі таңда компъютерлік желілер жергілікті есептеу желілерінің
(ЖЕЖ) аумағынан шығып,елдермен континенттерді байланыстыратын ауқымды
компъютерлік желілер дәрежесіне жетті.
Бүгінгі таңда есептеу желілері тез дами түсуде.Сапасы жағынан
жергілікті желілердің кабелъдік жүйесінен кем түспейтін жоғарғы жылдамдықты
байланыс арналарының пайда болуының арқасында жергілікті және ауқымды
желілер арасындағы алшақтық азая түсуде.Ауқымды желілерде ресусрстарға
енуге мүмкіндік беретін ыңғайлы да айқын қызмет түрлері пайда болды.Бұған
мысал ретінде әйгілі ауқымды желі Internet бойынша көрсетілетін қызмет
түрлерін атасақта жеткілікті.
Ауқымды желілерде өзгеріске ұшырай бастады.Компютерлерді қосатын
пассивті кабельдің орнына ол желілерде көптеген түрді коммуникациялық
жабдықтар-коммутаторлар, бағыттауыштар, көмейлер пайда болды. Осындай
жабдықтардың арқасында мыңдаған компьютерлерден тұратын күрделі құрылымды
үлкен корпоративті желілерді құру мүмкіндігі ашылды.Үлкен компьютерлерге
деген қызығушылық қалпына келді.Жүздеген серверлерден тұратын жүйеге
қызмет көрсетудің оңай емес екендігіне көз жеткен соң, олардың орнына
бірнеше үлкен компьютерлерді пайдалану ыңғайлы болатын.Эволюциялық
спиральдің жаңа даму сатысында мэйнфреймдер корпоративті есептеу
желілеріне Ethernet немесе Token Ring-ті, Internet-тің арқасында
желілік стандарт құқығына ие болған хаттамалар стегі TCP IP-ді қолдайтын,
заңды желілік түйіндер түрінде қайтып келе бастады.
Жергілікті және ауқымды желілерге бірдей қатысты тағы бір маңызды
тенденсия пайда болды. Бұрын есептеу желілерінде өңделіп көрмеген дауыс,
видеокескіндер, суреттер түрінде ақпараттар таратылып, өңделе
бастады.Мұның өзі хаттамалар, желілік операциялық жүйелер мен
коммуникациялық жабдықтар жұмыстарына өзгерістер ендіруді талап етті.
Есептеу желілері.
Есептеу желілеріндегі программалық және аппараттық байланыстар
әлсіз, ал байланыстар одан да әлсіз
Компъютерлер арасындағы байланыстар байланыс арналары бойымен
қосылған арнайы сыртқы құрылымдар-желілік адаптерлер арқылы
орнатылады.Әрбір компьютер өзінің жеке операциялық жүйесінің басқаруымен
жұмыс істейді. Желінің компьютерлері арасындағы жұмысты бөлетін қандай да
бір''ортақ''операциялық жүйе мұнда жоқ.Желінің компьютерлері желілік
адаптерлер және байланыс арналары арқылы бір-бірімен хабарламар алмасу
арқылы өзара байланысады.Осы хабарламалардың көмегімен көбінесе компъютер
екіншісінің жергілікті ресурстарын пайдалануға рұқсат сұрайды.Ондай
ресурстар ретінде дискіде сақталған деректер,принтерлер,модемдер,факс-
апараттар сияқты әртүрлі сыртқы құрылымдар болуы мүмкін.Желідегі әрбір
компоненттердің жергілікті ресурстарын қолданушылар арасында бөліп,ортақ
пайдалану-есептеу желілерін құруағы негізгі мақсат.
Ресурстар дегеніміз- деректер, қосымшалар, сыртқы құрылымдар
(дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем және және басқалар)
Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді және бір
принтерді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.
Интерактивті байланыс дегеніміз-нақты уақыт аралығында
хабарламалармен алмасу.
Жергілікті желі-жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге
қосылған өзара жақын(бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан
компьютерлер тобы.
Ауқымды желі- байланыс жолы ретінде модемдерді және алыс байланыс
жолдарын (телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста
орналасқан компьютерлердің тобы .
Желілер типтері.
Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі жәе сервердің
негізіндегі желі.
Сервер –өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы
компьютер.
Бір рангілі желілерде әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер
ретінде де қызмет етеді.Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай
желілер деректер мен сыртқы құрылымдарыды бөлуді жылдам қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталықтанбағандықтан, жетілген,
жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қиын.
Клиенттер- желілік ресурстарды пайдаланылатын компьютерлер.
Беріліс ортасы- компьютерлерді өзара қосу тәсілі.
Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдері ортақ пайдаланылатын
болса, сервердің негізіндегі желіні қолданған тиімді. Желінің қызметінің
байқай отырп, администратор деректерді қорғауды басқара алады.Мұндай желіде
желілік трафиктің көлеміне, сыртқы құрылымдардың мөлшеріне байланысты бір
немесе бірнеше сервер болуы мүмкін. Мысалы, бір желіде принт-сервер,
коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері болуы мүмкін.
Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер
1.Қолданушылар саны оннан аспаса;
2.Қолданушылар өзара жақын орналасқан болса;
3.Деректерді қорғаудың маңызы болмаса;
4.Фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
Сервер негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер
1. Қолданушылар саны көп;
2. Деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса.
Бір рангілі желілер мен сервердің негізіндегі желілерден басқа осы
желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің
негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі
қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.
Компьютер- клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі
ресурстарға қатысуды және сонымен қатар өздерінің қатты дискілерін,
қажетінше деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын OC Microsoft Windows NT
Workstation немесе Windows 98 операциялық жүйелері орындалуы мүмкін.
Eкі негізгі желілер типтерінің сипаттамасы 1-ші кестеде келтірілген
Бір рангілі желі Сервердің негіздегі желі
-Барлық ДК-дің құқықтары Бөлінген (белгіленген)
Негізгі бірдей сервер дегеніміз –сервер
жағдайлар -Әрбір ДК client ретінде деретінде жұмыс істейтін және
және server ретінде де желілік клиенттердің
қызмет етеді. сұраныстарын тез өңдеу үшін
-Әрбір қолданушы өз ДК-нің оңтайландырылған ДК
қандай деректерін желіде Серверлер әр түрлі болып
ортақ пайдалануға болатынынкеледі:
өзі анықтайды. -Файлдар мен баспа серверлері
-Қосымша серверлер
-Пошталы серверлер
-Факс серверлер.
Желідегі ДК-дың саны оннан Бірнеше мың қолданушы. Сервер
Өлшемі аспайды мен желінің ақпараттық
жабдықтауымен жіктеледі.
Құны Қуатты сервердің қажеті
жоқ, сондықтан желінің
құны төмен.
Операцияық Microsoft(98,NT Желінің барлық аппараттық
жүйелер Workstation,Workgroups) ресурстарын орындай алатындай
фирмасының операциялық операциялық жүйе қажет
жүйелерінде бір рангілі (Microsoft Windows NT Server
желіні қоладау орнатылған, 4.0)
сондықтан қоосымша
программалық жабдықтаудың
қажетті жоқ
Басқару -Жүйелік администратор -Орталықтанған , яғни
тағайындалмайды администратор тағайындалады
-Әрбір қолданушы өзінің -Ең болмағанда бір
ДК-ін өзі басқарады администратор қажет
Барлық қолданушылар өз Ресурстар орталықтанып
ресурстарымен басқалармен орналасқан, бұл оларды
Ресурстар бөліседі іздеумен қызмет көрсетуді
тездетеді және көшірмелерін
үнемі алып отырған, сақтауға
мүмкіндік береді.
ДК-ге қойылатынРесурстардың үлкен бөлігі Клиенттік ДК-ге қойылатын
талаптар қожайындікі, қалған бөлігі талаптарды қолданушы өзі
желілік қолданушыға анықтайды(ОЗУ32-64Мб)
ұсынылады
Қорғау Желі қорғанысы төмен, Деректерді жан-жақты,
себебі әрбәр қолданушы өз орталықтандырылған қорғау
анықтайды.
Қолданушыларды Қолданушылардың білім Қолданушыны білім денгейіне
оқыту деңгейлкрі жеткілікті түрдежоғары талап қойылмайды
жоғары
Сервердің ақпараттық жабдықталуы
Жедел есептеу 12-32Мб 64 Мб жоғары
құрылғысы
Процессор 386-дан жоғары Pentium
Желінің атқаратын қызметі-бір фирманың аумағында немесе одан тыс
ресурстарды ортақ пайдалануды және интерактивті байланыс орнатуды
қамтамасыз ету.
Желіге қосылған компъютерлер келесілерді ортақ пайдалана
алады:
-деректер;
-принтер;
-модем;
-басқа құрылғылар.
Деректерді ортақ пайдалануды жаңа тәсілдерінің пайда болуына
байланысты келтірілген тізім үнемі толықтырылып отырады.
Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген
сипаттамасына әсер етеді.Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін
арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір
топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартұды
жеңілдетеді.Эканомикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс
жолдарының ұзындығы минималды болып келетін топологиялпрға таңдау түсетіні
түсінікті.Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
1.1 Ақпараттық желінің топологиясы және оның түрлері
Ақпараттық желінің топологиясы деп-компъютерлердің,кабелъдердің
және желінің басқа да компонентерінің физиқалық орналасуы.Топология
негізінен екі түрге бөлінеді:
-физикалық;
-логикалық.
Физикалық топология бұл-желіде компъютерлердің орналасуының
физикалық түрде орналасуы.
Логикалық топология бұл-желіде компьютерлер арасында ақпараттың
сигналдар түрінде өту жолы.
Физикалық топологияның бірнеше түрі бар:
1.Сақина
2.Жұлдызша.
3.Магистральды.
4.Ячейка.
5.Проводсыз тетік топологиясы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесідей әсер етеді:
-қажетті желілік жабдықтардың құрамына
-желілік жабдықтардың сипаттамасы
-желіні ұлғайту мүмкіндігіне
-желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің
қандай мүмкіндіктері барлығына да түсіну қиын емес.Барлық желілер базалық
үш топология негізінде құрылады:
-шина
-жұлдызша
-сақина
Шина-компьютерлер магистраль бойымен бір-бірімен тізбектей
қосылған.
1.1 сурет. Шина топологиясымен қосылған қарапайым желі.
Шинатопологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі.
Сигналдарды жіберу.Деректер электорлық сигналдар түрінде желінің барлық
компьютерлеріне жіберіледі; Бірақ ақпаратты тек адресат қана
қабылдайды.Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады
Желіні құраушы компьютерлер саны өскен сайын,оның жылдамдығы кеми
түседі.Бұл-желі шапшаңдығына әсер етуші фокторлардың бірі ғана.Одан басқа
да факторлар жеткілікті:
-желідегі компьютерлердің ақпараттық жабдықтарының сипаттамасы
-желідегі компьютерлердің деректерді жіберу жилігі
-жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері
-желілік кабельдің типі
желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.
Шина-пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша
жіберілетін деректерді тыңдайды,бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға
ауысуын қамтамасыз етпейді сондықтан да бір компьютердің істен шығуы
басқалардың жұмысына әсер етпейді.Активті топологияда компьютерлер
сигналдарды қалпына келтіріп,оларды желі бойынша жіберугн қатысады.
1.Сигналды шағылдыру-сигнал, адресатқа жеткеннен кейін өшуге
тиіс, өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағыласыда да басқа компьютерлердің
деректерді жіберу жолын жауып тастайды
2Терминатор –сигналдарды жұтушы.Ол кабельдің кез-келген бос ұшына
жалғанады
Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір компьютер
автономды тәртіпте жұмыс істейді
Кабельді ұзарту:
а) Кабель баррел-коннектордың көмегімен қосылады (бірақ бұл тәсіл
сигналдардың әлсіздігіне соқтырады, сондқтан да байқап қолданған дұрыс.)
б) Кабель репитордың көмегімен қосылады
Жұлдызша-компьютерлер кабель сигменттеріне бір нүктеден
қосылады.
Жұлдызша топологиясымен құрылған қарапайым желі.
Жұлдызша топологиясы-компьютерлер кабнль көмегімен концентратор(hub) деп
аталатын орталық компонентка қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерлерден
концентратор арқылы басқаларына таратылады.
Кемшілігі-үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық
компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады.Бірақ қандай да бір
компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
Сақина-кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға
тұйықталған.
Сақина топологиясы- сигналдар сақина бойымен бір бағытта
жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. Шина пассивті топологиясымен
айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады,яғни
сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді.Сондықтан да егер
бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады
Сақина топологиясында деректер маркердің көмегімен
жіберіледі.Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер
тізбектей жеберіледі.Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы
хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер
құрып,оны желіге қайтарады. Маркердің сақина бойынша қозғалыс жылдамдығы
жарық жылдамдығы пара-пар.
Құрама топология-жұлдызша- шина-шина және жұлдызша
топологияларының қиыстыруы,яғни бірнеше жұлдызша топологиясымен қосылған
желілердің магистралдық сызықты шинамен біріктірілуі
Жұлдызша-сақина топологиясына жұлдызша-шинатопологиясының
айырмашылығы концентраторлар бас концентратордың негізінде жұлдызша
құрайды.
Топологияны таңдау кестесі
Топология Артықшылығы Кемшілігі
Кабельді үнемдейді. Желідегі компьютерлер саны
Беріліс ортасы пайдалану өскен сайын оның жылдамдығы
Шина құны төмен,қарапайым, төмендейді.Кабельдің істен
сенімділігі жоғары.Желіні шығуы көптеген
жеңіл ұзартуға болады қолданушылардың жүмысын
тоқтатады.проблемаларды тез
шешу қиынға түседі.
Желідегі барлық Бір компьютердің істен шығуы
компьютерлердің желіні түгелдей
Сақина үстемдіктері тоқтатады.Проблеммаларды шешу
бірдей.Қолданушылырдың қиынға түседі.Желі
саны желі өнімділігіне конфигирациясын өзгерту үшін
әсер етпейді оның жұмысын тоқтатуға тура
келеді.
Жұлдызша Желіге жаңа компьютерлер Орталық түйіннің істен шығуы
қосу арқыла жаңа желі жұмысын тоқтатады
модификациялауға
болады.Бақылау мен басқару
орталықтандырылған.Бір
компьютердің істен шығуы
желі жұмысына әсер етпейді
Сонымен қысқаша түйін: топология дегеніміз- компютерлердің нақты
физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде
құрылады: шина, жұлдызша, сақина.
Осы топологиялардың қиылысулары арқылы әртүрлі құрама топологиялар, мысалы
жұлдызша-шина алынады.
Шина кең қолданылатын қарапайым топология.Барлық компьютерлер бір
кабель бойымен қосылып сызықтық құрылым құрайды.Сигналдар желінің барлық
компютерлеріне бірдей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель
соңына терминаторларды жалғайды.Деректеді бір уақытта тек бір компьютер
жібере алады.Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы
төмендейді.
Жұлдызша топологиясында әрбір компьютер концентратор деп аталатын
орталық компонентке тікелей жалғанған. Егер орталық компонент істен шықса,
желі жұмысы тоқтайды.
Сигнал немесе маркер әрбір компьютерден өтіп сақина бойымен жүріп
отырады (сағат тілініңбағыты бойынша). Компьютер бос маркерді қабылдағаннан
кейін деректерді желіге жібереді.Қабылдаушы компьютер деректердің
көшірмелері алып, олардың қабылдағандығы жайлы белгі жасайды. Деректер ары
қарай желі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді жойып бос
маркерді желіге қайтарады.Концентратор трафикті бір нүкте орталықтандыру
үшін қажет. Егер концентратор орнатылған желідегі кабель үзілсе, онда ол
бүкіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана әсер етеді.
Концентраторлар желінің ұзартылуына жеңілдетіп, әртүрлі кабельдерді
пайдалануға мүмкіндік береді.
1.2. Ақпараттық желілік кабельдер.кабель типтері,
сигналдарды жіберу,желілік адаптердің тақшалары
Кабельдер типтері
Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы
ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады.Олар компьютерлер арасында
сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады.Кіші және үлкен желілердің
талаптарына сай кабельдердің түрлері көп.Бақытымызға қарай,желілердің
көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:
А) коаксиал кабель
Б) шиыршықталған жұп экрандалған және экрандалмаған
В) оптикалық талшықты кабель
Коаксиал кабель-компьютерлерді желінің басқа машиналарымен қосатын
байланыс арнасын қамтамасыз етеді.Кабельдерді орнату бюарысында оның
ерекшеліктерін ескерген жөн.Ол ережелер ескерілмеген жағдайда түрлі
ыңғайсыздықтар туады.Кабель мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын
алдын ала түсініп алған жөн.Кабель желінің екі түйіннің арасын қосатын
сымның бөлігі.Кабель сегменті дегеніміз- желінің бір ұшын келісіммен
қосатын кабельдердің тобы. Терминаторлар –сегменттің екі шетіне орнатылып,
кабельдің толқындық кедергісін қалыпқа келтіретін резисторлар.
Коаксиал кабельдердің түрлері.Желіге қойылатын нақты талаптарға
сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады (3-кесте)
Жіңішке коаксиал кабель Жуан коаксиал кабель
Диометрі-0,5см.Қолдануға ыңғайлы Диометрі-1см.Қилысуындағы темір
және кез-келген желі үшін жуанырақ .Сигналды 500м қашықтыққа
пайдаланылады. дейін тасымалдай алады.Негізгі
Желілік адаптердің тақшасына могистральді кабель ретінде
тікелей қосылады.Сигналды 180м қолданылады.Арнайы құрылғы трансивер
қашықтыққа дейін өзгеріссіз жеткізе коннектормен (вампирдің тісі) немесе
алады.RG-58 тұқымдастарына DIX коннектормен
жатады(кедергісі 50Ом) Негізгі жабдықталған.Орнату күрделі.Жіңішке
айырмашылығы-мыс темір коаксиал кабельге қарағанда құны
жоғары.
Коаксиал кабельдердің жіктелуі.
Поливинилхлорид (PVC)-көптеген коаксиал кабельдер үшін оқшаулауыш
немесе сыртқы қоршау ретінде қолдалынатын пластик.PVC кабелі жұмсақ болып
келеді, оны бөлменің ашық жерлеріне жүргізуге болады, бірақ жанған кезде
улы заттар бөлінеді.
Пленум- бұл төбе мен шатыр арқалығы арасындағы кішігірім кеңістік,
оны көбінесе ауа тазартқыш ретінде қолданады. Пленумдық кабельдің
оқшаулауыш қабаты мен сыртқы қоршауы отқа төзгіш материалдардан жасалған,
олар жанған кезде түтінді аз бөледі,бірақ құны жоғары және қатты.
Коаксиал кабельдер келесі жағдайларда қолдалынады:
-сөздерді, видео және екілік деректерді тасымалдаушы орта ретінде;
-деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен
кабельдермен салыстырғанда);
-деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін таныс
технология.
Шиыршықталған жұп
Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған
тиімді. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған
және арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады.
Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы
қосылады.Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан
да көп сымдар жұптарынан тұрады.Шиыршықталған оралу кабелдің
кедергігеқарсылығын арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да
болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабель дің екі
түрі кедзеседі: экрандалған шиыршықталған жұп(shielded twisted pair
-STP),экрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair -UTP).
а) Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде
(ЖЕЖ) кең қолдалынады, сегментінің максималды ұзындығы 100 метрді құрайды.
Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады.
Кабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай
шиыршықтарының саны реттеледі. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес
категориясын біріктіретін стандарттар анықталған.
1-категория – дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер
таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.
2-категория – деректерді 4 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын
кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады
3-категория – дерктерді 10 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын
кабель.Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан
тұрады.
4-категория – деректерді 16 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын
кабель.Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
5-категория – деректерді 100 Мбитсек жылдамдықпен жібере алатын
кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
Қиылысқан кедергілер дегеніміз- көршілес сымдардағы
сигналдардың әсерінен туатын электрлік әсерлер.
б) Экрандалған шиыршықталған жұп
STP электрлік кедергілердің әсері аз, сигналдарды жоғарғы жылдамдықпен алыс
қашықтықтарға тарата алады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолдалынады, егер:
қаржы шектеулі болса;
орнатудың жеңілдігі қажет болса.
Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және
оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет юолса,бұл
кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдіңбасқа кабельдерге
қарағанда артықшылығы оның арзандығында.Сонымен қатар оны орнату жеңіл
және қызмет көрсету ыңғайлы.Мұндай кабелььдердің түрін орнату
ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары
телефондікіне ұқсас келеді.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге
қарағанда кемшілігі электромагнитті өрістерді сезгіштігі,соның
салдарынан оларды алыс қашықтықтарға орнату шектеулі.Бірақ бұл жолдағы
жаңа технологиялық жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада
жоятындығына күмән жоқ.
Оптикалық талшықты кабель.
Қорғаушы қабықшамен жабылған бір немесе бірнеше кварцті
талшықтардан тұрады (кейбір жағдайда полимерлі).Талшықтарды қорғауды
қамтамасыз ету үшін қабықша бірнеше қабаттан тұратындай жасалады.
Оптикалық талшықты кабель- ғылымның соңғы жетістіктеріні
бірі.Сигнал оның бойымен жарықтың көмегімен жіберіледі.Цифрлық деректер
оптикалық талшықтардың бойымен өзгерген жарықтық импульстар түрінде
таратылады.Бұл деректер таратудың өте сенімді тәсілі, себебі электрлік
сигналдардың өздері жіберілмейтіндіктен, оларды ашу немесе рұқсатсыз алу
мүмкін емес
Сигналдарды жіберу
Кабель бойымен кодталған сигналдар жіберудің екі технологиясы
қолданылады-таржолақтық беріліс және кеңжолақтық беріліс.
Таржолақтық беріліс. Таржолақтық жүйелер берілгендерді бір жилікті
цифрлік сигналдар түрінде жібереді.Сигналдар дискретті электрлік немесе
жарықтық импульстар түрінде көрсетіледі. Таржолақтық жіберуді қолданатын
желілердегі әрбір құрылым деректерді екі бағытта тасымалдайды, ал кейбіреуі
біруақытта қабылдауға да, жіберуге де қатысуы мүмкін.
Таржолақтық беріліс.Екі бағыттық цифрлік толқының суреті.
Кабель бойымен қозғала отырып, сигнал бірте-бірте өше бастайды,
соның салдарынан өзгеріске үшырауы мүмкін.Егер кабель өте ұзын болса, оның
алыс ұшындағы сигнал танымастай өзгеріс, тіпті жоғалып кетуі мүмкін.
Осындай жағдайды болдырмау үшін, таржолақтық жүйелерде сигналдарды
күшейтетін және оларды қосымша сегменттерге ретрансляциялау арқылы
кабельдің жалпы ұзындығын арттыруға мүмкіндік беретін репиторлар
қолданылады.
Кеңжолақтық беріліс. Кеңжолақтық жүйелер деректерді
жиліктердің қандай да бір интервалын,пайдаланатын аналогтық сигнал түрінде
жібереді.Сигналдар үздіксіз электромагниттік немесе оптикалық сигнал
түрінде жүреді. Мұндай тәсілмен сигналдар физикалық орта арқылы бір бағытта
жіберіледі.
Сымсыз желілер
Кабельдер –компьютерлер арасында деректер алмасудың көпшілік
мақұлдаған ортасы.Дегенмен, бүгінгі таңда бізді физикалық қосылыстардың
қиындықтарынан құтқаратын деректер тасымалдаудың сымсыз технология-
лары пайда болды.Сымсыз орта біздің өмірімізге біртіндеп ене бастады.Бұл
технология толығымен соңына дейін құрылған кезде, өндірушілер құны
төмен,тиімді өнімдерін көптеп ұсына бастайды, мұның өзі ол өнімге деген
сұранысты арттырып, сату көлемінің өсуіне әкеледі.Бұл өз кезегінде сымсыз
ортаның одан әрі өркендеп дамуына әсер етеді.
Сымсыз орта сөз тіркесі желіде сымдардың мүлдем жоқтығын
білдіртіндіктен теріс түсінуге соқтыруы мүмкін.Шындығында олай емес.Әдетте
сымсыз компоненттер беріліс ортасы ретінде кабель қолданылатын желіде
әрекеттеседі. Мұндай әртүрлі компоненттерден тұратын желіні гибридті деп
атайды.
Сымсыз желі идеясы қызығушылық туғызары хақ, себебі:
-жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді ;
-жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге резервті, көшірмені ұйымдастыруға
көмектеседі;
-тездіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді;
-желіні максималдау ұзындығына мыс немесе тіпті оптикалық талшықты
кабельдер арқылы қойылатын шектеуді алуға мүмкіндік береді. Сымсыз
желілерге даусыз артықшылық беретін тағы бір фактор-кабельді орнатудың
қиындығы. Бұл желілер келесі жағдайларда өте пайдалы болуы мүмкін:
-адамдар көп жиналған бөлмелерде (мысалы, кіреберіс бөллме немесе
қабылдау бөлмесі);
-әр жерде жұмыс істейтін адамдар үшін;
-оқшауланған бөлмелерде және ғимараттарда;
-жобасы жиі өзгеретін бөлмелерде;
-кабельдерді жүргізуге болмайтын құрылыстарда(мысалы,тарихи немесе
архитектуралық ескерткіштер).
Технологиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады:
-жергілікті есептеу желілері:
-кеңейтілген есептеу желілері;
-жылдам (тасымалдайтын компоненттер).
Желінің бұл түрлерінің негізгі айырмашылығы жіберу
параметрлерінде.Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері
өздері орнатылған ұйымға тиесілі жіберушілер мен қабылдаушыларды қолданады.
Тасымалданатын компьютерлерде сигналдарды жіберу ортасы ретінде телефон
станциялары,жерсеріктер және т.б. қолдалынады.
Әдеттегі сымсыз желі жіберу ортасы басқа болғанмен, кәдімгі желіге
ұқсас және сол сияқты жұмыс істейді.
Беріліс (жіберу) тәсілдері
Сымсыз жергілікті есептеу желілері деректерді жіберудің төрт
тәсілін пайдаланады:
-инфрақызыл сәулелену;
-лазер;
-тар спектрдегі радио беріліс (бір жиілікті беріліс);
-шашыраңқы спектрдегі беріліс.
Инфрақызыл сәулелену. Барлық инфрақызыл сымсыз желілер деректерді
тасымалдау үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланылады.Мұндай жүйелерде өте
күшті сигналдарды генерациялау қажет,әйтпесе басқа деректер көздерінің
әсері айтарлықтай болады.Инфрақызыл жарық жиіліктің кең диапазонын
қамтитындықтан,бұл тәсіл сигналдарды өте жоғары жылдамдықпен жіберуге
мүмкіндік береді.Инфрақызыл желілер 10 Мбитс жылдамдықта дұрыс жұмыс
істей алады.Деректерді жіберуші мен қабылдаушы аралығында тікелей көру
мүмкін жағдайда ғана жұмыс істейтін желілер бар.Шашыраған инфрақызыл
сәулеленуге негізделген желілер қабырға мен төбеден шағылысып барып,соңында
қабылданушыға барып жететін сигналдарды пайдаланады.Мұндай желілерде тиімді
аймақ30 метрмен шектеледі және беріліс жылдамдығы төмен.
Лазер.Лазерлік технология деректерді жіберушімен қабылдаушы
аралығында тікелей көруді талап етуімен инфрақызылға ұқсас.Егер қандай да
бір себептермен сәуле үзіліп қалса,онда беріліс те тоқталады.
Тар спектрдегі радиоберіліс. Бұл тәсіл бойынша сигналдар жиіліктің
қандай да бір жолағымен беріледі.Бір жиіліктегі берілістегі байланыс
барысында туатын проблемалар болмайды.Бұл- технологияның нағыз сымсыз
желіні құруға мүмкіндік беретін жағдайы.Беріліс жылдамдығы 250 Кбитс,
бірақ деректерді ашық кеңістікте 2 Мбитс жылдамдықпен 3.2 км қашықтыққа
дейін,ал ғимарат ішінде 120 м-ге дейін тасымалдайтын желілер бар.
Жедел желілер.Сымсыз жедел желілерде беріліс ортасы ретінде телефон
жүйелері және қоғамдық қызметтер пайдаланылады.Пакетті радиоқосылыс,ұялы
желілер және жерсерік станйиялары қолдалынады.Байланыстың бұл түрі ыңғайлы
болғанымен,өте баяу.Беріліс жылдамдығы 8 Кбитс пен 28 Кбитс аралығында.
Желілік адаптердің тақшалары
.
Желілік адаптердің тақшалары компьютер мен желілік кабельді қосатын
физикалық интерфейс ретінде қолданылады.Тақшалар желідегі барлық
компьютерлерлер мен серверлердің кеңейту слоттарына қойылады.
Компьютер мен желі арасында физикалық қосылысты қамтамасыз ету үшін
сәйкес раземге немесе портқа тақшалар желілік кабель арқылы жіберуге
даярлау.деректерді басқа компьютерге жіберу. Компьютер мен кабельдік жүйе
аравсындағы деректер ағ\ымдарын басқару.
Деректерді даярлау. Деректерді желіге жібермес бұрын желілік
адаптердің тақшалары оларды компьютерге тұсінікті пішіннен желілік кабель
арқылы жіберуге болатындай түрге келтіруі керек
Компьютердің ішінде деректер шиналар бойымен жіберіледі және
деректер беттері паралель қозғалады.Желілік кабельде деректер биттердің
тізбектелген ағымдары түрінде қозғалуы керек.Сонымен, желілік тақшаның
міндеті паралель деректерді қабылдап, оларды бит бойынша тізбектей жіберуді
ұйымдастыру болып табылады. Бұл процес компьютердің цифрлік деректерін
желілік кабель бойынша жіберілетін электорлық және оптикалық сигналдарға
ауыстыруымен аяқталады.
Деректерді түрлендірумен қатар желілік адаптердің тақшасы өзінің
орны немесе адресін көрсетуге тиіс.Желілік адрестерді ІЕЕЕ комитеті
анықтайды.Бұл комитет жеолілік адаптердің тақшаларын өндірушілердің
әрқайсысы үшін адрестер интервалын бекіткен.Өндірушілер бұл адрестерді
микросхемаларға тігіп қояды Осының арқасында желідегі әрбір тақша, яғни
әрбір компьютер ерекше адреске ие.
Желі бойынша беріліс алдында желілік адаптердің тақшасы
қабылдаушы тақшамен электрондық диолог жүргізеді, бұл диолог барысында
олар төменгі мәселелер жайында келіседі:
-жіберілетін деректер блоктарының максималды ұзындығының өлшемі;
- қабылданғаны жайлы хабарламасыз жіберілетін деректер көлемі;
-деректер блоктарын жіберу интервалдары;
-әрбір тақшаның толып кетпей қабылдай алатын деректер көлемі;
-деректердің беріліс жылдамдығы.
Егер жылдам тақша баяулау тақшамен әсерлесетін болса, олар ортақ
беріліс жылдамдығын анықтаулыры керек. Сондықтан желідегі әрбір тақша
басқаларына өзінің параметрлері жайында хабарлайды және олардан дәл
сондай ақпаратты қабылдайды да соған икемделеді.Барлық детальдар
анықталғаннан кейін тақшалар деректер алмасуды бастайды.
Көбінесе түскен деректерді желілік адаптердің тақшасы жіберіп
үлгермейді,
ондай жағдайда олар уақытша буферге орналастырылады.
Желілік адаптерлер тақшаларының кейбір параметрлерін дұрыс икемдеу
керек. Олардың қатарына: үзу(IRQ) енгізу мен қортындылаудың негізгі
портының адресі және жадтың негізгі адресі жатады
Үзу сұранысының сызықтары дегеніміз-физикалық сызықтар.Үзу сұрынысы
құрылымның оның назарын өзіне аудару үшін процессорға жіберген сигналы
ьолып табылады(оның ағымдағы іс әрекетін тоқтатуға). Мұндай сигнал әдетте
жаңа деректер пайда болғанда немесе қандайда бір операцияны аяқтау
барысында беріледі. 4-кестеде әртүрлі құрылымдар қолданудың енгізу,шығару
порттары және IRQ номерлері келтірілген
4-кесте. Енгізу,шығару порттарын орнату
Құрылымы IRQ Порт
Жүйелік таймер 0
Пернетақта 1
Коммуникациялық порт СОМ1 4 3Ғ8-2ҒҒ
Коммуникациялық порт СОМ2 3 2Ғ8-2ҒҒ
Паралель(принтердің)порт LPT1 7 378-37Ғ
Паралель(принтердің)порт LPT2[XT-ден басқа 5 278-27Ғ
компьютерлерде]
Дискілік бақылауыш(контроллер)ХТ 5 320-32Ғ
Дискілік бақылауыш(контроллер)АТ 14 1Ғ0-1Ғ8
Енгізу мен қортындылаудың негізгі порты компьютер құрылымы мен
орталық процесор аралығында деректер жүретін арнаны анықтайды.Орталық
процесор үшін порт адрес сияқты.Жадтың негізгі адресі желідлік адаптер
тақшасының енгізілген және шығарылған деректер кадрлары үшін буфер ретінде
қолданылатын компьютер жадысының аймағына көрсетеді.
Желілік адаптер тақшасы келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- компьютердің ішкі құрылымына сай болуы (деректер шиналарының
архитектурасы)
- желілік кабельге қосылатын қосқышы болуы
Кең тараған деректер шиналарының архитектураларының типтеріне: ISA
EISA Micro Channel және РСІ жатады.Олардың әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар
- ISA –бұл ІВМ РС компьютерлерінде қолданылатын архитектура .1984-жылы
ІSA 8 разряттан 16-разрятқа дейін кеңейтіледі Compaq және бірнеше
басқа компаниялар EISA шинасын құрғанға жейін бұл дербес
компьютерлер үшін стандартты архитектура болып келді
- ЕISA-б9л стандарт 1980 жылы көрсетілген және ISA үйлесімді 32-
разрядты шинаны ұсынған.Сонымен қатар ол Micro Channel шинасына бар
қосымшва мүмкіндіктерге ие.
- МСА-16 разрядты да,32- разрядты да, шина сияқты жұмыс істейді.Бұл
архитектура электрлік және физикалық жағынпан да ISA шинасымен
үйлеспейді
1.3. Ақпараттық желілік технологиясы және Ethernet желісі
Желілік технология дегеніміз- есептеу желісін құруға жеткілікті
келісілген стандартты хаттамалар тобы және оларды орындайтын программалық-
ақпарттық жабдықтар Жеткілікті эпитеті бұл топтың жұмыс істеуге қабілетті
желі құруға қажетті минималды жабдықтар екендігін білдіреді.Бұл желіні одан
бағыныңқы желіні жеке бөліп алып жетілдіруге болар еді.бұл өз кезегінде
Ethernet стандартынан басқа IP хаттамасын және арнайы комуникациялық
құрылғылар-бағыттауыштарды қолдануды талап етеді.Жетілдірілген желі оның
негізін құраушы Ethernet технологиясының құрылғылырының үстіндегі
қондырмалар арқылы ғана сенімді және жылдам болады. Ethernet стандарты 1980-
жылы қабылданды.Бұл технологияның негізінде құрылған желілер саны қазіргі
таңда бес миллиондай, ал бұл желідегі компьютерлер саны елу миллионнан
астам.
Ethernet бөлінетін деректердің беріліс ортасына кездейсоқ ену
принціпіне негізделген.Бұл орта ретінде жуан немесе жіңішке коакциял
кабель,шиыршықталған жұп, оптикалдық талшық немесе радио толқындар
қолданылады.
Ethernet стандартына электрлік байланыс топологиясы қатаң
негізделген.Компьютерлер бөлінетін ортаға ортақ шина типтік құрылымына
сәйкес қосылады.Уақыт бойынша бөлінетін шинаның көмегімен екі компьютер
өзара деректер алмаса алады.Байланыс жолдарына енуді басқару арнайы
бақылауыштардың, Ethernet-тің желілік адаптрлерінің көмегімен жүзеге
асырылады.Әрбір компьютердің дәлірек айтқанда,әрбір желілік адаптердің
ерекше әдәсі бар. Деректердің берілісі 10МбитіС жылдамдықпен жүзеге
асырылады.Бұл шама Ethernet желісін өткізу қабілетін көрсетеді.
Ethernet желісінің негізгі сипаттамалары
-Дәстүрлі топологиясы сызықтық шина
-Басқа топологиясы жұлдызша-шина
-Беріліс типі тар жолақты
-Ену әдісі CSMACD
-Деректерді жіберу жылдамдыы 10 және100 МбитС
-Кабельдік жүйесі коаксиал UTP жуан және жіңішке.
Кездейсоқ ену әдісінің мәні төмендегіде. Ethernet желісіндегі
компьютер желі бос болғанда ғана,яғни желідегі басқа компьютер осы мезетте
алмасуға қатыспаған жағдайда деректерді жібере алады.Сондықтан Ethernet
технологиясының маңызды бөлігі- ортаның бостығын анықтау процедурасы.
Желінің бостығына көзі жеткен компьютер, берілісті бастайды және
ортаны “басып алады ”.Бір түйіннің бөлінген ортаны жеке пайдалану уақыты
бір кадрді жіберуге қажетті уақытпен шектеледі. Кадр дегеніміз- Ethernet
желісіндегі компьютердің деректер алмасу бірлігі.Кадрдың нақты форматы бар
және деректер өрісімен қатар жіберуші мен қабылдаушының адрестері сияқты
әртүрлі қызметші ақпаратты сақтайды. Ethernet желісінде кадр бөлінген
деректердің беріліс ортсына түскен кезден бастап барлық желілік адаптерлер
бір мезетте ол кадрды қабылдауға кіріседі. Барлығы кадрдың бастапқы
өрістерінің бірінде орналасқан тағайындалған адресті талдайды, егер ол
адрес өз адрестері мен дәл келсе, онда кадр желілік адаптердің ішкі
буферіне жайғастырылады.Сонымен, компьютер- адресат өзіне арналған
деректерді алады.
Кейбір кезде желідегі екі немесе одан да көп компьютер бір мезгілде
желіні бос деп ойлап,деректерді жіберуді бастайтын жағдайлар да болады.
Мұндай жағдайды коллизия деп атайды,ол деректердің дұрыс жіберілуіне
кедергі жасайды.Ethernet стандартында коллизияларды тауып дұрыс өңдеу
алгоритмі қарастырылған. Коллизияныңпайда болу ықтималдылығы желілік
трафиктің қарқындылығына байланысты.
Коллизияны тапқаннан кейін, өз кадрларын жіберуге тырысқан желілік
адаптерлер берілісті тоқтатып, кездейсоқ үзілістен соң берілісті қайтадан
қалпына келтіреді, коллизияны тудырған кадрды қайталап жібереді.
Ethernet жілісінің кең таралуына жол ашқан негізгі артықшылығы-
оның үстемділігіне. Желіні құру үшін әрбір компьютерге бір- бірден желілік
адаптер және коаксиал кабельдің керекті ұзындықты физикалық сегменті болса
жеткілікті. Мұнымен қатар Ethernet желілерінде ортаға енудің, адрестеудің
және деректер берілісінің қарапайым алгоритмдері орындалған. Желі жұмысының
логикасының қарапайымдылығы оның жеңілдетуіне, соған сәйкес желілік
адаптерлер мен олардың драйверлерінің арзандалуна әкеледі.Осыған байланысты
Ethernet желісінің тағы бір тамаша қасиеті- оның жеңіл ұзаруында, яғни
желіге қосымша түйіндерді жеңіл қосуға болатындығында.
Ethernet желісі кабельдер мен топологиялардың әртүрін пайдаланады.
Ethernet желісінің төрт түрлі топологиясын қарастырамыз.
1.1990 жылы 10 Base T шиыршықталған жұбы негізінде Ethernet
желісін құруға арналған 802.3 спецификациясы жарияланды (10- беріліс
жылдамдығы
10 Мбитс, Base –таржолақты,Т- шиыршықталған жұп ). Осындай типті көптеген
желілер жұлдызшаның негізінде құрылады, бірақ сигналдарды жіберу жүйесі
бойынша шинаға ұқсас келеді. Әдетте желінің концентраторы 10Base T
көппортты репитер сияқты қызмет атқарады.Әрбір компьютер кабельдің
концентратор қосылған ұшына бекиді және сымның екі жұбын пайдаланады:
біреуі- қабылдау үшін, екіншісі- жіберу үшін. 10Basе T сегментінің
максималды ұзындығы -100 м. Кабельдің минималды ұзындығы -2,5 м.10Base T
ЖЕЖ 1024 компьютерге қызмет көрсете алады.
2. 10 Base2 (10- беріліс жылдамдығы 10Мбитс, Base –таржолақты, 2-
100 метрден екі есе артық қашықтыққа беріліс).Бұл типті желі жіңішке
коаксиал кабельге негізделген, минималды ұзындығы 1,5 м. Компьютерлердің
максималды саны-30. Жіңішке Ethernet желісі кішігірім жұмыс топтары мен
бөлімдер үшін үнемді болып табылады. Желі ең көп дегенде төрт репитермен
қосылған кабельдің бес сегментінен тұруы мүмкін, бірақ тек үш сегментке
ғана жұмыс станцияларын қосуға болады. Сонымен екі сегмент репитерге
арналады, оларды репитор аралық байланыстар деп атайды. Мұндай конфигурация
5-4-3 ередесімен белгілі.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz