Коммерциялық банктерде жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен ерекшеліктері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

I. Коммерциялық банктерде жеке тұлғаларды несиелеуді

ұйымдастырудың теориялық негіздері мен ерекшеліктрі

1. 1 Жеке тұлғаларды несиелеу және оның мәні мен мазмұны . . . 8

1. 2 Тұтыну несиесінің классификациясы және оның түрлері . . . 13

1. 3 Жеке тұлғаларға несие беру және олардың несиелік қабілетін анықтау . . . 16

II. Екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларды несиелеу

қызметін талдау

2. 1 Жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу бойынша талдау . . . 25

2. 2 ″Қазақстан Халық Банкі″ Акционерлік қоғамында жеке тұлғаларға

несие беру процесін бағалау . . . 41

III. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары . . . 58

Қорытынды . . . 64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66

КІРІСПЕ

Экономика-көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі-банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіру-ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.

Банктік жүй көп фунционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп-айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы-халыққа несие ұсыну.

Сонымен қатар, банктер түрлі жолдармен потенциалды клиенттерді тарту мақсатымен, яғни несие бағдарламалардың түрлерін алмастырып, бірінші салым сомасын төмендету, несие мерзімін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету. Банктер жеке тәуекелдеріне қарамай, өтінішті қарастыру процедурасы мен клиенттерге жеңілдіктер жасауда. Осыған орай, соңғы жылдарда банктің өнімдерін басқару қаржылық нарықта жетекші орын алады.

Бүгінгі таңда бұл диплом жұмысының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Оның өзектілігі, ең біріншіден, мемлекет экономикасының қарқынды дамуы. Ол өз орнымен банк саласының рөлі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген жеке тұлға өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Ал жеке тұлғалар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және тұрыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін несиелер. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз-біріншіден, дұрыс менеджмент, екіншіден-жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, несиелік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.

Диплом жұмысының мақсаты-банктің жеке тұлғаларды несиелеу процесінің жетілдіру жолдарын анықтап, банк жұмысының нәтижесін жоғарылату. Сонымен қатар жеке тұлғаларға неғұрлым оңай жолдармен түрлі мақсаттарға несие беру.

Осы аталған мақсаттардан келіп мына негізгі міндеттер пайда болады:

  1. Жеке тұлғаларды несиелеу нарығын теориялық және тәжірибелік тұстан зерттеп біліп оларды жетілдіру ұсыныстарын жасау.
  2. Жеке тұлғалардың жинақтарын тек оптималды пайдаланылатын несие алушыларға беруді анықтау және инвестициялық процестің тиімділігін анықтау.
  3. Банк тәжірибесі материалдары бойынша, несиенің негізгі түйіні бұзылса, банктің рентабелділігін және жалпы өтімділіктің төмендеуіне алып келеді.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі- ″Қазақстан Халық Банкі″ Акционерлік Қоғамы.

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Жеке тұлғаларды несиелеужәне оның мәні мен мазмұны

Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек.

Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғары сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі туралы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі. Несиелеу мерзімділік- қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бас ресурстар шегінде ұсынулары қажет.

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүргізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. /1/ Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: ″ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы″, ″ Қазақстан Республикасында банктер және банктік қызмет туралы″.

Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизімі келесі элементтерді қарастырады:

-несиелеу объектілері;

-несиеніңжоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;

-қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;

-қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;

-қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т. б. ) ;

-несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтері тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;

-несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.

Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.

Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетін талдау;
  • несиелік келісім-шарт жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау;

Ал, енді сол кезеңдерге жеке-жеке мағынасын ашып, тоқталып өтелік:

1 кезең: Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатн несие туралы негізі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысалы ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына кіретіндер:

1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;

2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;

3) несиеленетін шаралардың рентабельділік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;

4) несиелентін мәмілелерді растайтын келісім шарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатыға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т. с. с. ) ;

5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме) ;

6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;

7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжат;

8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз етіп басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары: ол сұрайтын несиенің мақсаты, омасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілетін баланс құрылымы және басқа да көрсетіледі.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешімін қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

2 кезең: Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті- қарыз алушының аталған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:

1) несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиісті;

2) қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбей, сонымен қатар, келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауға түсіндіріледі;

3) табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шғыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметтерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиіімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

3 кезең: Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу.

Қазіргі несиелеудің басты ерекшеліктері бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарды банк пен қарыз алушы арасындағы келісім шарт шешеді. /12/

Несиелік келісім шарт екі контрагенттің өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

-несиелеу мақсаты және объектісі;

-несиенің мөлшері;

-несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;

-несиені қамтамасыз ету формасы;

-несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;

несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;

-несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.

Несиелік келісімшарттың мазұны келісуші шарттардың өздері анықтайды. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл затына: заттар, бағалы қағздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынандай топтарға бөлінеді:

  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі; тауарлар жәнедайын өнімдер кепілі; валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі; басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; сол банктегі депозиттер кепілі; жылжымайтын мүлік кепілі;
  2. Мүліктік құқықтар кепілі. жалгерлік құқық кепілі; авторлық құқық кепілі; меншікті құқық кепілі; ноу-хау; патент;

4 кезең: Несие беру кезеңі.

Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеудің ұйымдастыру және техникалық шарттары қамтиды.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі-несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі-несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші -белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығыбола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалы, артық сыйақы төлегісі келмейді) . /8/

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

5 кезең: несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау-несиелік операцияның маңызды кезеңі.

Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты. Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:

  1. мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
  2. меншік қаражаттардың жинақтауының және несиеге деген есепайырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
  3. алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
  4. түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
  5. несиенің қайтарылу мерзімін созу;
  6. мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
  7. банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.

Несиелік қарызды қайтару туралы кеінірек төменгі бөлімдерде тоқталамын.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айрысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. /16/

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестірі механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т. б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестілілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының 3 түрлі моделінің бірі қолданылады. Қазақстан Республикасында Халықаралық Валюталық Қордың ұсынысы бойынша уақыт базасының англо-саксон моделі қолданылады (уақыт базаыс 365 күнге тең, ал әрбір айдағы үндердің саны нақты күнтізбе бойынша есептеледі) .

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиентінің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барыындағы тәуекел көзі болып табылады.

  1. Тұтыну несиесінің классификациясы және оның түрлері

Қазақстан Республикасының Банктік қызметі туралы Заңына сәйкес, тұтыну несиесі-қарыз операциялардың бір түрі, мерзімділік, қайтарымдылық қағидасын жүзеге асыратын несие, кеңес директорлары мен акционерлік қоғам бекітеді. /4/

Несие тура және жанама бойынша бөлінеді. Коммерциялық банктер тұтыну несиесін сұраған қарыз алушыға береді (тура) немесе бөлшек саудада тұтынушылардың міндеттемелерін алады. Коммерциялық банктер міндеттемелерді автокөлікті, жиһазды, тоңазытқышты, кір жуғыш машинаны және т. б. дилерлерден сатып алады.

Жанама тұтыну нсиесі операциондық шығындарды жүзеге асырмай-ақ, несие портфелінің көлемін банк өкілділігі жоғарлатады. Тұтыну несиесіне қарағанда, диллерлік қаржылық келісімдерді Коммерциялық банктерден сатып алу арзанырақ түседі.

Сурет-1 Несиелендірудің схемасы

Стандартты

Кепілдендірілген

Саудалық

Сақтандыру

Көзі- автормен құрастырылды

Тұтыну несиесі-халыққа тұрғын үй, көлік құралдарын сатып алу, жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т. б. үшін берілетін несие.

Біздің елімізде халыққа ұсынатын ссуданы тұтыну ссудасы деп атайды. Ұсынылатын ссуданың яғни несиелеу объектісінің мақсатына қарай тұтынудың сипаты анықталады. Тұтыну ссудасына кез келген халыққа ұсынылатын ссуда түрлері, соның ішінде ұзақ мерзімге қолданылатын тұтыну тауарлары ипотекалық ссуда, өте қажетті жағдайларда алынатын ссудаларды жатқызуға болады.

Тұтыну несиесі несиелік мәміленің субъектісіне, мақсатты бағыттылығына, қамтамасыз етілу түрлеріне, үсынылу әдісіне, өтелу мерзімінің тәсіліне және мерзіміне қарай классификацияланады.

  1. Несиелік мәміленің субъектісіне қарай (кредитордың түріне қарай) :банктік несиелік ссуда; сауда ұйымдарымен жеке тұлғаларға ұсынылатын ссудалар; банктік емес несиелік мекемелердің тұтыну несиелері олар:

ломбарттар, прокатқа беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т. б.

  1. жеке тұлғалармен жеке тұтыну ссудасы;
  2. жұмыс істейтін кәсіпорын немесе ұйыммен берілетін тұтыну ссудасы;
  1. Несиені алушылардың түріне қарай:халықтың жіктелуіне қарай; әр түрлі әлеуметтік топтарғатөлеу қабілеттілігі және табыс деңгейіне қарайстуденттерге және т. б.
  2. Мақсатты бағыттылығына қарай ссудалар білімге несие, бағалы қағаздар кепілге қою арқылы несие, ипотекалық несие және мақсатсыз ссудалар; овердрафт, өте қажетті игіліктерге берілетін ссудалар;
  3. Қамтамасыз етілуіне қарай:қамтамасыз етілгенқамтамасыз етілмеген

Қамтамасыз етілуге кепіл, кепіл болушылық, сақтандыру полисі жатқызылады. Тұтыну несиесіне көбінесе банктер кепіл және кепіл болушылықты артық көреді. Кепілге: әр түрлі активтердің түрлері, соның ішінде таурлы материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлік жатады. Бұл несиенің төлем қабілеттілігін бағалай отырып ссуданы уақытында өтей алмаушылыққа деген тәуекелді төмендетеді.

  1. Ссданың ұсынылуына қарайбіртектіқайта қалпына келтіруге болатын

Қайта қалпына келтіруге болатын несиелерге несиелік карта бойынша берілетін несие немесе овердрафт формасында активті-пассивті шоттар бойынша берілетін несиелер жатады.

  1. Тұтыну ссудасын мерзімдік несиелерге несиелік карта бойынша берілетін несие немесе овердрафт формасында активті-пасситі шоттар бойынша берілетін несиелер жатады. қысқа уақыт мерзімді 1 жылға дейін ; орта уақыт мерзімді 3-5 жыл аралығында; ұзақ уақыт мерзімді 3-5 жылдан жоғары;
  2. Ссуданың өтелу әдісіне қарай. бөліп төлеуге берілетін несиелер; бөліп төлеуге берілмейтін несиелер;

Қазақстанда қазіргі кезде тұтыну несиесі сауда ұйымдары арқылы несиелеу өте қарқынды дамуда. Тұтынушылар электро тауарларды, жиһаздарды, құрылыс заттарын, әр түрлі қызмет көрсетулерді және т. б. керекті заттар мен игіліктерді бөліп төлеуге алады. /3/

Берілген тұтыну қызметінің дамыту категориясына және несиелік тәуекелі бойыша банк партнерларының құрылымына байланысты жүзеге асырылады. Коммерциялық банктер тұтынушыларды 4 категорияға бөледі:

А категориясы-банктің клиенттері, банктің жұмысшылары, бекітілген тізім бойынша жалақы жобасының қатысушылары.

АА категориясы-банкте мерзімді салымдары бар клиенттер.

В категориясы-банкте шоттары бар жеке тұлғалар; бекітілген компаниялардың тізім бойынша, ірі қаржылық компаниялардағы жалақыны тұрақты алып отырған жұмысшылар;

ВВ категориясы-банкте шоттары жоқ жеке тұлғалар; жалақыны тұрақты алып отырған жұмысшылар; заңды білімі жоқ кәсіпкерлер;

А категориясы:

-жалақының тұрақты болуы;

-компаниямен келісімде болған келісімнің қорытындысы-несие алушының жұмыс берушісі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Банктегі несиелік процестер жайлы
Банктегі несиелік үрдістер
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Заңды тұлғаларды несиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz