Валюталық қорларды қалыптастырудағы валюталық жүйе мен операциялардың маңызы мен олардың құрамы



Кіріспе

І ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ

1.1 Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы

ІІ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН РЕЗЕРВТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОР

2.1 Валюталық қорлар мен резервтерді қалыптастыру
2.2 Ұлттық қор . орталықтандырылған валюта қоры ретінде
2.3. Валюта нарығы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел аумағында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.
Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар – бұл: меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюатыл құндылықтарды кез-келген тәсілмен елге әкелу немесе әкету; ұлттық валютаға, номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа да құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын «Валюталық қорлар мен резервтерді қалыптастыру және пайдалану» деп алдым. Тақырыптың өзектілігі экономикалық шаруашылықта кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлығы өздерінің қызметтерін іске асыру барысында олардың тұрақты түрде валюта қорларының өсуі, елдің әлемдік экономикада ұлттық валютасының нығайа бастауынын кепілі болып табылады.
Заңдар:
1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
2. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.

Оқулықтар:
3. Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
6. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
7. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
8. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.


Мерзімді басылымдар:
9. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
10. Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2004г.
11. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2006 г. №8. 89стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

І ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ
МАҢЫЗЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ

1. Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері

1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың
құқықтық қамтылуы

ІІ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН РЕЗЕРВТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОР

2.1 Валюталық қорлар мен резервтерді қалыптастыру
2.2 Ұлттық қор – орталықтандырылған валюта қоры ретінде
2.3. Валюта нарығы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл
атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта
түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда
халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені
нығайту үшін бүкіл ел аумағында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған
валюта қорлары құрылады.
Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық
операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық
операциялар – бұл: меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық
құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен
шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты
мәмілелер; валюатыл құндылықтарды кез-келген тәсілмен елге әкелу немесе
әкету; ұлттық валютаға, номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген
бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа да
құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің
арасындағы мәмілелер.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын Валюталық қорлар мен
резервтерді қалыптастыру және пайдалану деп алдым. Тақырыптың өзектілігі
экономикалық шаруашылықта кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің барлығы өздерінің қызметтерін іске асыру барысында олардың
тұрақты түрде валюта қорларының өсуі, елдің әлемдік экономикада ұлттық
валютасының нығайа бастауынын кепілі болып табылады.

І ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ
МАҢЫЗЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ

1.1 Валюта жүйесі: экономикалық мәні мен түрлері

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi ,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық
немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда
болады. 3, 148 б
Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық
келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу формасын бiлдiредi .
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді.
Шаруашылықтың интернационалдануы және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн
интенсивтендiрілуі халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды.
Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың
өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың
кеңесiне әсер еттi. Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының
құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер
немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем
жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық
қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал
және несие жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы
өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк
нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем
құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында,
әдетте, шетел валютасы қолданылады. Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа
интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел
валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта
есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады. 6, 217
б
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың
ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше .
Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны
келесi суреттен көре аламыз. 3, 158 б

Ұлттық және дүниежүхлiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi

Ұлттық валюталық жүйе Дүние жүзлiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта. Резервтк валюталар, халықаралық
есептесу валюталық бiрлiктер .
2. Ұлттық валютаның алмастырылу Валюталрдың өзара алмастырылуы
шарты .
3. Ұлттық валюта паритетi. Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта бағамының режимi Валюталық бағамдар режимiнiң
регламентациясы.
5. Валюталық шектеудiң , валюталық Валюталық шектеудi мемлекет аралық
бақылаудың болуы немесе болмауы . реттеу
6. Елдiң халықаралық валюталық Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi
өтiмдiлiгiн реттеу. мемлекет аралық реттеу.
7. Халықаралық несиелiк айналыс Халықаралық несилiк айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу.құрылыстарды пайдаланудың
ережелерiнiң бiртұтастығы
8. Елдiң халықаралық есеп Халықаралық есеп айырысудың
айырысуларын регламенттеу. негiзгi формаларының бiр
тұтастығы
9. Ұлттық валюталық рынок пен Дүниежүзлiк валюталық рыноктар
алтын рыногiнiң режимi. мен алтын рыноктарының режимi.
10. Елдiң валюталық қатынастарын Мемлекет аралық валюталық реттеудi
басқаратын және реттейтiн үлттық жүзеге асыратын халықаралық
ұйымдар. ұйымдар.

1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың
құқықтық қамтылуы

Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше
болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта
жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес
қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың
14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы
қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан
шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын.
Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп
кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына
тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда
Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды. Ол
заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман талаптарына сай
өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады. 1
Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы Заңына сәйкес
“валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:
1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға
ауысуына байланысты операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел
валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелер;
2) валюталық құндылықтарды кезкелген тәсiлмен Қазақстан
Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
әкету және жөңелту мәмілелері;
3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада
көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа
құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің
арасындағы операциялар. 2
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1. Шетел валютасы;
2. Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем
құралдары;
3. Тазартылған құйма алтын;
4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен
операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген
бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына
бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз,
рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал
қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi. 5, 487 б
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт
импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар
бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және
аудару;
• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар,
мұрагерлiк сомманы, жалаөыны, зейнетақыны, элименттердi және басқа
соммаларды аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын
барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
• инвестицияларды жүзеге асыру;
• интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi
көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған
аударымдар;
• мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге
аударымдар;
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң
мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-
импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар;
• 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
• өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын
жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық
ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
• зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша
халықаралық аударымдар,
• жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша
халықаралық аударымдар. 5, 488 б
Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде шетел валютасымен банктiк
операциялар жүргiзуде ҚР Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi
банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР ұлттық банк валюталық
реттеудi және валюталық бақылауды жүргiзедi.
Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзiндiк белгiлерiне
байланысты жiктеледi:
1. Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
• заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге)
валюталық шот ашу;
• шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
• овердрафт (банктiң жетекшiлерiнiң шешiмiмен ерекше клиенттерге)
несиелерiн беру;
• операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
• кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
• клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер
есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
• экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты
мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп
айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай: 2
• қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын
сату және сатып алу;
• шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын
инкассациялау;
• шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
• ақшалай аккредитивтердi төлеу.
3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
• НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни
корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн
байланысты операциялар;
• ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент-
банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.
4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және
сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi
күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.
ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi
валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi
2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард
операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi
бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн
жасалған контакт. Форварт операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:
2
• Аурайтпен жасалған мәмiле – белгiлi бiр күнге валютамен жабдықтау
шартын бiлдiредi;
• Опционмен жасалатын мәмiле – валютамен жабдықтаудың күнi белгiленбеген
шартын сипаттайды;
СВОП мәмiлесi - бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу сатуға
байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес,
яғни екi қарама-қарсы оперциялардан тұратын банктiк мәмiле. 10
Конверсиондық (айырбас) операциялар – сол елдiң қолма – қол және қолма
қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма- қол және қолма- қолсыз шетел
валюталарын сатып алу және сату мәмiлелерi.
Конверсиондық операцияларды банктiң валюталық позициясын есепке алмай
жүргiзуге болмайды. Валюталық позиция – тиiстi валюталарда активтер
пассивтердi қалыптастыратын ( аяқталмаған операциялар бойынша баланстан тыс
талаптар мен мiндеттемелердi есек алғандағы), шетел валютасындағы қаражат
қалдықтары.
Валюталық позицияның мынадай түрлерi бар: 9
• Ашық валюталық позиция – шетел валюталарындағы қаражаттарды алу
талаптарымен беру мiндеттемелерiн көрсететiн, сандық жағынан активтер
мен пассивтердiң сәйкессiздiгiн қалыптастыратын шетел валюталарындағы
қаражат қалдықтарының айырмасн бiлдiредi.
• Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты
пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелерi активi мен баланстан тыс
талаптарынан сандық жағына асатын ашық валюталық позиция.
• Ұзын ашық валюталық позиция – активi мен баланстан тыс талаптарынан
осы валютадағы пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелердiң сандық
жағынан асатын ашық валюталық позиция.
• Жабық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты
активтер мен пассивтердiң (аяқталмаған опрациялар бойынша баланстан
тыс талаптар мен мiндеттемелердi алғанда сандық жағынан сәйкес
келуiн сипаттайтын валюталық позиция.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша:
• Құжатталған аккредитивпен есеп айырысу операциялары;
• Құжатталған инкоссомен есеп айырысу операциялары;
• Банктiк операиялар бойныша есеп айырысу операциялары.
Құжатталған аккредитив – акккредитивке көрсетiлген құжаттарға қарсы
экспортердың пайдасына өзiнiң бұйырушы клиентерiнiң өтiнiшi бойынша
жасайтын аккредив ашушы банктiң мiндеттемесi.
Құжатталған никассо- эмитент – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген
құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзiне
алған мiндеттемесi.
Банктiк аударым – банктiк аударым жасаушының жасаған тапсырмасы
негiзiнде барлық есеп айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң
шотына есепке алынуын бiлдiредi. 2
6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыруға қарай:
1. Депозиттердi тарту:
• жеке тұлғалардан;
• заңды тұлғалардан оның iшiнде банкаралық депозиттер;
2. Несиелер беру:
• жеке тұлғаларға;
• заңды тұлғаларға;
3. Банкаралық нарықтық несиелердi орналастыру.

ІІ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН РЕЗЕРВТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОР

2.1 Валюталық қорлар мен резервтерді қалыптастыру

Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады.
Ал өз кезегінде қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер және
мемлекеттік органдардан келіп түскен кірістер, олар ұдайы өндіріс үдерісін
ұлғайтуға немесе басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолданылады.
Сондықтан экономиканың тиімді дамуында, экономиканың әр саласында және
қоғамдық басқа да қатынастардың толық қанды дамуында қаржы ресурстарының
рөлі ерекше болып табылады.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы
мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау. 5, 489 б
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория , яғни айрықшалықты
өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен
бірге мақсаты ақша қорлары түіндегі олардың материалдық іске асуын баса
көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді.
Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті
буындарының қаржы ресурстары болып табылады.
Демек қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігі, атап
айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде
жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың
қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім
мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстарының өсуінің басты шарты болып
табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орында таза табыс (пайда, қосылған құнға
салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін
жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар жатады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары
(қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдңіспен қалыптастырылған, белгілі бір
қажеттіліктерді қанағатандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық
органдарыынң немесе шаруашылық жүргізуші субъектісіінң мұндай қаражататрды
жасау мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл
қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының маңызды, босалқы қорларындағы
байланылған қаражаттар. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің
алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың
шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарда шаруашылық жүргізудің
басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық
төлемдері. 5, 33 б
Қаржы ресурстары ұғымындағы екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық жүргізуші практикасында қаржы ресурстарының ұғымы деп
мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі
барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын,
яғни ақша қорларын , несие ресурстарын, ақша қаражаттарының
резервтерін айтады
2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық
құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда
қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің
элементін шығарып тастасақ, онда қаржы ресурстарының ұғымы тікелей
мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелген функцияларды орындау үшін
шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық
табыстың бір бөлігін білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның
ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашыықта іс-
әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы
ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері
негізінде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен
салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. 5, 34 б
Қаржы мен қаржы ресурстары – бара-бар, ұқсас ұғымдар. Қаржы ресурстары
өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын
ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау , бөлу және пайдалану
негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары
заңдылықтарын зерттейді.
Валюталық қорлар немесе ресурстар орталықтандырылған (мемлекеттік)
және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы)
болып екіге бөлінеді.
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналарың есебінен қалыптасады:
• экономиканың мемлекеттік секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың,
компанияларының, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнімін, тауарларын
және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім ақшадан;
• тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі
операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан,
басқа да төлемдерден;
• келісімшарттардың, мәмілелердің, контрактілердің шетелдік қатысушылары
төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдер;
• валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютадан төленген айыппұлдар
мен өсімнен;
• шетел банктеріне және басқа да қаржы ұйымдарына депозиттерді
орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен
активтерді пайдаланғаннан алынған табыстардан;
• шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық қаржы және
мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
• валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден. 5, 489 б
Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады.
Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір
бөлігі жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа биліктің
жергілікті органдары валютаны валюта рыногында сатып ала алады.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмалардың және
ұйымдардың валюта ресрурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен
алынған валюталық түсім-ақша ғана болып табылады. Бұрын валюталық түсім-
ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін
Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға
міндетті болатын.
Экспорттық өнімдер өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және
валютаға мұқтаждары, оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық
органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың
келесі көзі – банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет
көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық
шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті
бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел
банктерінен алынған кредиттері елдің үкіметі кепілдендіре алады. 5, 490
б
Үлестік негіздерде әрекет етіп шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін
(акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы
шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары
есебінен жетуге болады.
Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғары буыны
тарапынан төменгі шаруашылық бөліністерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл
деңгейі валюта қорларын жасау кезінде).
Валюта қорларының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі
мақсаттарына пайдаланылады.
Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
5, 490 б
1) дүниежүзілік рыноктарда жұмыс істейтін
компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлеуетін
нығайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру
немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін
ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін
валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық,
саймандар, материалдар, лицензиялар, ноу-хау сатып
алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі
операциялар жүргізіледі.
3) Валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны
үшән пайыздар өтеу.
4) Мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға
сыртқы рыноктарда операциялар жасауға жәрдемдесу
жөніндегі қызметтері үшін комисссиялық сыйақылар
төлеу.
5) Капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың
қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын
сатып алуға жұмсау;
6) Сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша
келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар.
7) Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық
валютаны сатып алу.
Елiмiздегi машина жасау саласының экспорттағы үлесi бар жоғы 7%.
Өйткенi, экономикаға құйылған инвестицияның 75% шикiзат саласына тиесiлi
болып отыр, яғни өңдеу өнеркәсiбiне қарағанда 4 есе артық. Төмендегi 1-шi
кестеден елiмiздегi өнеркәсiп өнiмдерiнiң экспорттық және импорттық
құрылымын көре аламыз. Яғни, өнеркәсiптiң негiзгi дамуы жер қойнауымыздағы
шикiзат байлығының себебiнен болып отыр. Кестеден көрiп отырғанымыздай 2000
– 2005 жылдары арасында минералды өнiмдердi экспорттау 43,6%-дан 65% -ға
дейiн өссе, ал өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi бар болғаны 7-8% -ды құрап отыр.
Кесте 1
Өнеркәсiп өнiмдерiнiн экспорттау және импорттау құрылымы (%)

Өнiм 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Минералды өнiмдер
экспорт 43,6 43,9 55,2 58,0 61,0 65,0
импорт 16,7 11,3 13,2 14,0 12,0 12,0
Қымбат емес металдар
экспорт 32,5 32,1 25,4 24,0 23,0 20,0
импорт 11,6 9,4 11,2 14,0 11,0 12,0
Өңдеушi өнеркәсiп
өнiмдерi, машина ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Коммерциялық банк операциялары
Коммерциялық банктер туралы
Қаржылық тәуекел
Банктік қызмет көрсету шарты
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Пәндер