Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ЕКІ ЕТІСТІКТЕН БІРІККЕН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мүмкіндікті білдіретін күрделі етістіктер (Yeterlilik fiilleri) ... ... ... ... ... 16
1.2 Тездікті білдіретін күрделі етістіктер (Tezlik fiilleri) ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
1.3 Қимылдың созылыңқылығын білдіретін күрделі етістіктер (Süreklilik fiilleri) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
1.4 Жүзеге аспай қалған іс.әрекетті білдіретін күрделі етістіктер (Yaklaşma fiilleri) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
1.5 Қалау мәнді күрделі етістіктер (İsteklendirme fiilleri) ... ... ... ... ... ... ... ... 23
II КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЖӘРДЕМІМЕН ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2.1 Ет (etmek) көмекші етістігінің жәрдемімен жасалған күрделі етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.2 Бол (olmak) көмекші етістігінің жәрдемімен жасалған күрделі етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3 Қыл (kılmak)көмекші етістігінің жәрдемімен жасалған күрделі етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
III ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРГЕ АУЫСҚАН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР ... ... ... ... .. 49
3.1 Екі сыңарлы күрделі етістікті фразеологизмдер (İki öğeli kalıplaşmış birleşik fiiller) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 51
3.2 Үш сыңарлы күрделі етістікті фразеологизмдер (Üç öğeli kalıplaşmış birleşik fiiller) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 52
3.3 Төрт және одан да көп сыңарлы күрделі етістікті фразеологизмдер (Dört veya daha çok öğeli kalıplaşmış birleşik fiiller) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс қазақ және түрік тілдеріндегі күрделі етістіктерді салыстыра сипаттауға арналған. Түбі бір түркі тектес түрік және қазақ халықтары рухани мәдениетінің арасында мызғымас терең тамырластық бары дау туғызбас ақиқат. Оны біз осы қарастырылып отырған қос тілдегі күрделі етістіктердің ұқсас болып келетіндігінен дәлелдейміз. Аталған түрік және қазақ халықтарының бірлесіп өмір сүрген X ғасырға дейінгі рухани мәдениеті ортақ болып келеді де, одан кейінгі кезеңде ара қашықтықтар алыстап, уақыт өткен сайын әр халықтың мәдени таным түсінігі арасында аса елеулі болмаса да айырмашылық пайда бола бастайды.
Қазақ және түрік тілдерде сөйлемді ұйымдастыратын негізгі тілдік құрал – етістік. Бітіру жұмысында күрделі етістік тұлғаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары сипатталады. Қазақ тіліндегі күрделі етістік тұлғаларының түрік тіліндегі эквиваленттері, тұлғалық және мағыналық ұқсастықтары мен жұмсалу ерекшеліктері жан-жақты сөз болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Аталған екі тілдегі күрделі етістік тақырыбын таңдап алуымыздың негізгі себебі – күрделі етістік формаларының молдығы, атқаратын қызметі мен беретін мағыналарының алуан түрлілігі және етістіктен жасалған тұрақты сөз тіркестерінің астарлы, ауыспалы функцияда жұмсалуы. Тақырып бітіру жұмысы деңгейінде әлі жан-жақты қарастырылмаған.
Зерттеу нысаны. Зерттеудің басты нысаны - екі тілдегі күрделі етістіктер. Қазақ тіліндегі етістіктің күрделі формаларының түрік тіліндегі тұлғалары мен қолданыстары. Қазақ және түрік тілдеріндегі күрделі етістік тұлғаларын салыстыра қарастыру үшін екі тілдегі түрлі стильдерде талданған зерттеулер мен оқулықтар және оқу құралдары негізге алынды. Оның ішінде мынадай тілдік қолданылысына назар аударылды: екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер, көмекші етістіктердің жәрдемімен жасалған күрделі етістіктер және тұрақты тіркестерге ауысқан күрделі етістіктер.
Зерттеудің пәні. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктердің сипаты және олардың түрік тіліндегі лексика-грамматикалық эквиваленттері.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмысты жазу барысында қазақ және түрік тіліне қатысты түсіндірме сөздіктер және қостілді аударма сөздіктер, грамматикалық анықтағыштар, лингвистикалық зерттеу материалдары, етістік тақырыбына жазылған мақалалар, екі тілдің түрлі сипаттағы мәтіндері және айтылған ойымызды дәлелдеу, орнықтыру мақсатында көркем әдебиеттер пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі күрделі етістіктердің аналитикалық модельдерін анықтау, түрік тілімен салыстыру, жұмсалу кезіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау болып табылады.

1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ана тілі», 1992.
2. И.Е.Маманов «Қазіргі қазақ тілі» Етістіктер. А.,1966
3. Т.Н. Сауранбаев «Қазақ тіл білімінің проблемалары» А.,1982
4. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны (әдістемелік құрал). – Алматы, 2003.
5. Исаев С.М. Етістік түбірінің кейбір грамматикалық ерекшеліктері // Қазақстан мектебі – 1987.- №10
6. Zeynep Korkmaz “Türkçede birleşik fiiller ve anlam kaymaları” Türk dili 1998.
7. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Морфология. А., 1974
8. Tahir Necat Gencan “Dilbilgisi” İstanbul, 1982.
9. Tahsin Banguoğlu “Türkçenin grameri” Ankara, 1998.
10. Reşat Nuri Güntekin “Çalıkuşu” Ankara 1999. 42.baskı
11. Şeker portakalı
12. Hekimoğlu İsmail “Minyeli Abdulah” Ankara 1997.
13. Muharem Ergin “Türk dil bilgisi” 21. Baskı İstanbul, 1993.
14. Kaharan Leyla “Türk dili” Ankara, 1997.
15. Сергелдең. Ж. Сәмитұлы, Алматы 1996.
16. En güzel dini hikayeler
17. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967
18. Н.Оралбаева «Қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттарының құрылысы мен мағынасы» А.,1979.
19. М.Әуезов «Абай жолы» I-том. А.,1991.
20. М.Әуезов «Абай жолы» II-том. А.,1991.
21. Алтаева А. Көмекші етістіктің қатысымен туындайтын етістік көріністерінің реңктері: ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы - 1999. – №29.
22. Atasözler. Ankara 1995.
23. А.С.Аманжолов, Ш.Қ.Құрманбаева «Түрікше-қазақша фразеологиялық сөздік» А.,1999.
24. Кенан Коч «Қазақ тіліндегі күрделі етістіктердің қалыптасуы» Кан.дисс. А.,2001.
25. Қарымбаева К. М. Қазақ тіліндегі күрделенген аналитикалық формалардың мағынасы мен қолданысы. Кандидаттық диссертацияның авторефераты – Алматы, 2003.
26. Қазақша- түрікше сөздік. Байниязов А., Байниязова Ж.
27. Масалиева Ж. А. Қазақ тіліндегі толымсыз көмекші етістіктер. Кандидаттық диссертация – Шымкент, 1999.
28. Саденова А. Б. «де» етістігінің синтаксистік тұлғаларды қалыптастыруға қатысуы. Кандидаттық диссертацияның авторефераты – Алматы, 2002.
29. Түрікше-қазақша сөздік. Байниязов А., Байниязова Ж.
30. Türkçe sözlük. Ankara 1998.
31. Ш.Қ. Құрманбаева «Түрік және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдерге салғастырмалы талдау» Кан.дисс. А.,1999.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ЕКІ ЕТІСТІКТЕН БІРІККЕН КҮРДЕЛІ
ЕТІСТІКТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
1.1 Мүмкіндікті білдіретін күрделі етістіктер (Yeterlilik
fiilleri) ... ... ... ... ... 16
1.2 Тездікті білдіретін күрделі етістіктер (Tezlik
fiilleri) ... ... ... ... ... ... .. ... ... 17
1.3 Қимылдың созылыңқылығын білдіретін күрделі етістіктер (Süreklilik
fiilleri) ... ... ... ... ... ... .. ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.4 Жүзеге аспай қалған іс-әрекетті білдіретін күрделі етістіктер (Yaklaşma

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.5 Қалау мәнді күрделі етістіктер (İsteklendirme
fiilleri) ... ... ... ... ... ... .. ... .. 23
II КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЖӘРДЕМІМЕН ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ
ЕТІСТІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
2.1 Ет (etmek) көмекші етістігінің жәрдемімен жасалған күрделі
етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
2.2 Бол (olmak) көмекші етістігінің жәрдемімен жасалған күрделі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
2.3 Қыл (kılmak)көмекші етістігінің жәрдемімен жасалған күрделі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
III ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРГЕ АУЫСҚАН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР ... ... ... ... .. 49
3.1 Екі сыңарлы күрделі етістікті фразеологизмдер (İki öğeli kalıplaşmış
birleşik
fiiller) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51
3.2 Үш сыңарлы күрделі етістікті фразеологизмдер (Üç öğeli kalıplaşmış

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
3.3 Төрт және одан да көп сыңарлы күрделі етістікті фразеологизмдер (Dört
veya daha çok öğeli kalıplaşmış birleşik
fiiller) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс қазақ және түрік тілдеріндегі
күрделі етістіктерді салыстыра сипаттауға арналған. Түбі бір түркі тектес
түрік және қазақ халықтары рухани мәдениетінің арасында мызғымас терең
тамырластық бары дау туғызбас ақиқат. Оны біз осы қарастырылып отырған қос
тілдегі күрделі етістіктердің ұқсас болып келетіндігінен дәлелдейміз.
Аталған түрік және қазақ халықтарының бірлесіп өмір сүрген X ғасырға
дейінгі рухани мәдениеті ортақ болып келеді де, одан кейінгі кезеңде ара
қашықтықтар алыстап, уақыт өткен сайын әр халықтың мәдени таным түсінігі
арасында аса елеулі болмаса да айырмашылық пайда бола бастайды.
Қазақ және түрік тілдерде сөйлемді ұйымдастыратын негізгі тілдік құрал
– етістік. Бітіру жұмысында күрделі етістік тұлғаларының ұқсастықтары мен
айырмашылықтары сипатталады. Қазақ тіліндегі күрделі етістік тұлғаларының
түрік тіліндегі эквиваленттері, тұлғалық және мағыналық ұқсастықтары мен
жұмсалу ерекшеліктері жан-жақты сөз болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Аталған екі тілдегі күрделі етістік
тақырыбын таңдап алуымыздың негізгі себебі – күрделі етістік формаларының
молдығы, атқаратын қызметі мен беретін мағыналарының алуан түрлілігі және
етістіктен жасалған тұрақты сөз тіркестерінің астарлы, ауыспалы функцияда
жұмсалуы. Тақырып бітіру жұмысы деңгейінде әлі жан-жақты қарастырылмаған.
Зерттеу нысаны. Зерттеудің басты нысаны - екі тілдегі күрделі
етістіктер. Қазақ тіліндегі етістіктің күрделі формаларының түрік тіліндегі
тұлғалары мен қолданыстары. Қазақ және түрік тілдеріндегі күрделі етістік
тұлғаларын салыстыра қарастыру үшін екі тілдегі түрлі стильдерде талданған
зерттеулер мен оқулықтар және оқу құралдары негізге алынды. Оның ішінде
мынадай тілдік қолданылысына назар аударылды: екі етістіктен біріккен
күрделі етістіктер, көмекші етістіктердің жәрдемімен жасалған күрделі
етістіктер және тұрақты тіркестерге ауысқан күрделі етістіктер.
Зерттеудің пәні. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктердің сипаты және
олардың түрік тіліндегі лексика-грамматикалық эквиваленттері.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмысты жазу барысында қазақ және түрік
тіліне қатысты түсіндірме сөздіктер және қостілді аударма сөздіктер,
грамматикалық анықтағыштар, лингвистикалық зерттеу материалдары, етістік
тақырыбына жазылған мақалалар, екі тілдің түрлі сипаттағы мәтіндері және
айтылған ойымызды дәлелдеу, орнықтыру мақсатында көркем әдебиеттер
пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі
күрделі етістіктердің аналитикалық модельдерін анықтау, түрік тілімен
салыстыру, жұмсалу кезіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау
болып табылады. Аталған мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысында мынадай
міндеттерді шешу көзделді:
- қазақ тіліндегі күрделі етістік тұлғаларын жіктеу жөніндегі
ғалымдардың пікір қайшылықтарына назар аудару және мүмкін болған
жағдайда өз пікірімізді білдіру;
- қазақ және түрік тілдеріндегі күрделі етістіктердің жұмсалу
ерекшеліктеріне салыстыра талдау жасау, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табу;
- тілдік фактілерге, күрделі етістік тұлғаларының жұмсалуына сүйеніп,
жалғамалы тілдердің типологиялық ерекшеліктерін нақты мысалдармен
байыту, жалпы тіл білімі теориясының дамуына бітіру жұмысы
деңгейінде өз үлесімізді қосу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
- қазақ және түрік тіліндегі жалпы етістіктерге, яғни жұмысты талдау
барысына қатысты лингвистикалық терминдердің бір-бірімен
сәйкестігіне көңіл аудару;
- күрделі етістік формаларының саны мен сапасын, құрамы мен
құрылысын, тұлғалық және мағыналық ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақ және түрік тілдеріндегі күрделі етістіктердің аналитикалық
қызметін айқындау және т.б..
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- Қазақ және түрік тіліндегі күрделі етістіктер және олардың түрлері;
- Есім негізді күрделі етістіктер мен етістік негізді күрделі
етістіктер;
- Көмекші етістіктердің түрлері мен атқаратын қызметі;
- Күрделі етістіктердің жасалуындағы кірме сөздердің алатын орны.
Жұмыстың әдістемелік негіздері. Бітіру жұмысына тіл ғылымының түрлі
зерттеулері мен жаңа бағыттағы ғылыми жұмыстары және олардың қосқан
жаңалықтары негізге алынды. Қарастырылып отырған мәселеге қатысты алыс және
жақын шетел ғалымдарының, әсіресе Мухаррем Ергин, Зейнеп Коркмаз, Кенан
Коч, Тахсин Бангуоглу, Тахир Неджат, Лейла Карахан т.б. лингвист-
түркітанушылардың, сондай-ақ отандық ғалымдардан А. Байтұрсынұлы, Қ.
Жұбанов, Ы. Маманов, А. Ысқақов, М. Оразов,
С. Исаев, Н. Оралбаева т.б. еңбектерінде айтылған тұжырымдар мен ұстанымдар
негізге алынады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста талқыланған
мәселелер түркі тілдерінің салыстырмалы тұрғыдағы зерттеулердің қалыптасуы
мен дамуына өз деңгейінде септігін тигізеді. Студенттердің курстық және
ғылыми жұмыстарына қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны
мен тұжырымдары Қазақстан Рспубликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Ғылым әлемі атты үстіміздегі жылдың 20-21 сәуірінде өткен жас ғалымдар
мен студенттердің халықаралық конференциясында баяндалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тараудан,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын етістіктің
тұлғалары бұрыннан зерттеліп келеді. Қазақ тіл білімінде оның зерттелу
тарихын төл ғалымдырымыз А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А.
Ысқақов, Ы. Маманов, С. Исаев, М. Оразов, Н. Оралбаева, А. Қалыбаева ал
түрік төл ғалымдырынан Мухарем Ергин, Зейнеп Коркмаз, Кенан Коч және т.б.
ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Ғалымдардың көпшілігі сөз
таптарының ішіндегі сөзге байы, күрделісі – етістік екендігін және бұл сөз
табының күрделілігін лексика-семантикалық ерекшелігінен, грамматикалық
категориялардың көптігінен, сөйлемде атқаратын қызметінен, туынды сөз жасау
жүйесінен т.б. қасиеттерінен көруге болатынын айтқан. Өзінің көнелілігімен
де ерекшеленетін бұл сөз табына талай ғалымдар анықтама беріп кеткен.
А.Байтұрсынұлы: Етістік дегеніміз – заттардың еткен-етпеген істерін
көрсететін сөздер, - деп, оның болымды, болымсыз, есімше, көсемше түрлерін
атап көрсетеді [1,23].
И. Е. Маманов: Етістіктер дегеніміз – заттың іс-қимыл процесін, күйін
білдіретін, шаққа, жаққа, райға, етіске, болымды, болымсыз болып түрленіп,
сөйлемді құрастыруда ерекше қызмет атқаратын сөз табы [2,21] десе, Н.
Сауранбаевтың айтуынша Етістік – қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін
түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы[3,8].
Етістік туралы анықтамалар басқа да оқулықтарда, грамматикаға арнап
жазылған еңбектерде беріліп жүр. Солардың ішіндегі Етістік – қимыл, іс-
әрекеттің атауы дегенді С. Исаев қатеге шығарды. Етістік – қимыл, іс-
әрекеттің атауын емес, нақ өзін білдіреді, ал атын етістіктің белгілі бір
формасы (қимыл атауы) білдіреді, -дейді[4,81].
С. Исаев өзінің басқа бір мақаласында: Етістік семантикалық жағынан
тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты
білдіретін сөздер болып табылады, - дейді[5,76].
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және ауқымы
ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның
аса өрісті лексика-семантикалық сипаты мен бай лексика-грамматикалық
формаларымен, синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Түрік тілінде етістіктер “fiil” немесе “eylem” деп аталады. Түрік
тілінде де “fiil” (етістік) сөз таптарының ішіндегі ең күрделі, ең кең
грамматикалық категория. Қазақ тілінде де, түрік тілінде де етістік
морфологиялық құрылымы жағынан үш топқа бөлінеді:
1. Түбір етістіктер (Basit fiiller)
2. Туынды етістіктер (Türemiş fiiller)
3. Күрделі етістіктер (Birleşik fiiller)
Ең алдымен түрік және қазақ тілдеріндегі күрделі етістіктерге берілген
анықтамаларға тоқталайық.
Проф. Зейнеп Коркмаз күрделі етістіктер туралы былай дейді: Күрделі
етістік бір есім сөз бен көмекші етістіктің, екі түрлі етістіктің немесе
бірнеше сөзбен түбір етістіктің бірігуінен пайда болып және бір ғана мағына
беретін етістіктің түрлері [6, 4].
Ал, қазақ тілінде А.Ысқақов: Күрделі етістіктер кемінде екі я онан да
астам компоненттерден құралып сөйлеу тілінде де, жазба тілінде де бірдей
қолданылатын етістіктері мен етістікті тіркестер,- деп анықтама берген.
[7, 25].
Құрамы мен құрылысы жағынан әр түрлі бола тұрса да есімді тіркестер
мен етістікті тіркестердің бәрі де қазақ тіл білімінде де, түрік тілінде де
категория ретінде қаралып, қазақ тілінде күрделі етістік, түрік тілінде
birleşik fiil деген терминмен аталып жүр. Екі тілде де күрделі етістіктер
жан-жақты зерттелген деуге болады. Әрине, түрік тілі мен қазақ тілі туыстас
тіл болғандықтан араларында ұқсастықтардың көп екендігі сөзсіз.
Қазіргі қазақ тілінде дәстүрлі грамматика тұрғысынан бірліктерді
белгілі бір санаққа жатқызу мәселесінде шешімін толық таппаған, әлі де
өзекті болып табылатын даулы мәселелер – күрделі етістіктерді жіктеуде
кездеседі. Қиындық – күрделі етістіктің қалыптасуы мен оның дамуындағы
заңдылықтарға байланысты болып отыр. Жоғарыда атап өткеніміздей күрделі
етістік туралы түркітанушы ғалымдар мен төл ғалымдарымыз А.А. Юлдашев,
Ю.Д.Джанмавов, Е.И. Коркина, А.Н. Баскаков, Э.Коджарова, И.П. Павлов, Н.
Сауранбаев, А. Ысқақ, С. Исаев, Ы. Маманов, Н. Оралбаева, А.Қалыбаева, Б.
Қасым, М. Эргин, Д. Аксан, Кенан Коч және т.б. түрлі пікірлер айтқан.
Ғалымдар күрделі сөздерді жай сөз тіркесінен шыққан деген пікір
айтады. Бұл туралы Ахмеди Ысқақов: күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да
әуел баста жай сөз тіркесінен шыққан. Бұлардың қалыптасуларына әрқилы
синтаксистік амал-тәсілдер негіз болған[7, 237], - дейді. Сонымен қатар
автор егер тіркестегі негізгі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен тең
түскенімен, бір-бірінен жекеленбей, біртұтас мағына құраса, ондай тіркес
күрделі тіркес саналатынын айтып, оған мынадай мысалдар келтіреді: алып
бар, алып қайт, оқып бар, кіріп шық, т.б.
Күрделі етістік жайлы қазақ ғалымдарының пікірлері әртүрлі. Академик
Н. Сауранбаев: Бірнеше етістіктердің, я етістік пен есім сөздердің іс
туралы белгілі ұғымды білдіретін тұрақты тіркесін күрделі етістік дейміз.
Күрделі етістіктегі негізгі ұғымды білдіретін етістік негізгі болады да,
оның келтірінді мағынада айтылып тұрған соңғы сыңары көмекші болады[3, 202-
203], - дейді.
С.Исаев та осындай пікір айтады: Күрделі етістік деген ұғымға негізгі
етістік пен көмекші (лексикалық мағынасынан айрылған) етістіктің тіркесі
және етістіктің белгілі грамматикалық категориясының көрсеткіші бола алатын
түрі ғана жатады деп білеміз. Негізгі етістік көбіне көсемше, есімше және
рай (шартты, қалау) тұлғаларында болып, ал көмекші етістік етістіктің таза
грамматикалық категориясының бірінде (рай, шақ) тұрып қолданылады да,
негізгі етістікке әртүрлі грамматикалық мағына үстейді. Сонымен қатар,
автордың айтуынша негізгі етістік көсемше (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-
қалы,-келі), есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтін, -ар, -ер,-
р, -мақ, -мек, -бақ,-бек, -пақ,-пек), шартты рай (-са, -се) тұлғаларына
көмекші етістіктер және негізгі етістік түбірге –ғы, -гі, -қы, -кі
қосымшаларының тәуелденген формасына кел көмекші етістігі жалғанып, бір
ғана етістіктің орнына жұмсалып, күрделі етістік болады. Мысалы, кетіп
қалды, бармақ болды, кеткелі жатыр, барғым келді т.б.
Ы. Мамановтың айтуы бойынша, күрделі етістік етістіктің барлық
формаларымен түрленіп, ал оның құрамындағы көмекші етістіктер әртүрлі
грамматикалық мағынаны білдіреді. Күрделі етістік көсемше формаларымен
көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі етістіктің бірінші
сыңары – лексикалық мағынаға ие болады да, екінші сыңары – грамматикалық
мағына үстейді. Мысалы, оқып шыққан, келе жатып, келе алмайды, т.б. Қалың
сордың қайғылы елі ұлардай шулап тұр екен (М. Әуезов). Сонымен қатар автор
қазақ тіліндегі етістіктің құрамындағы кез-келген етістік көмекші етістік
бола алмайтындығын айтады.
Сонымен күрделі етістік дегеніміз – бір лексикалық мағына білдіретін,
ең кемі екі сыңардан жасалған, тілде жеке дербес сөздің қызметін атқаратын
лексикалық бірліктер. Күрделі етістіктердің білдіретін мағынасы біртұтас
қимыл ретінде қалыптасқан, бір-біріне сәйкестеніп, ыңғайласып, бір
лексикалық сағына шығады. Мысалы, Ағам тұрып, шайын ішіп болды ма екен,
біліп кел, деп жіберген жолдас жігіті Әлмағанбет жаңа қайтып келген (М.
Әуезов). Жақында Тәмбай мырзаның кіресімен қалаға барып қайтып едім. Бір
жақсы сыбыс естіп келдім (І.Есенберлин).
Күрделі етістіктер бір лексикалық мағынаны білдіретіндіктен, сөйлем
мүшесі болуға қатысады. Мысалы, Кәлен болыс аулына қашып келген жылқышы
жігіттен Еламан Райды кемемен Қазалыға жөнелтіп жібергенін есітті (Ә.
Нұрпейісов). Әзімбай жауап айтпай, үндемей тұрды да,атына мініп кетті
(М.Әуезов). Дайыр түні бойы қашқындарды алып кеткен қайықшыны тосумен болды
(М. Әуезов). Ағаның қарлығашы інісіне, Ақ қанат періште боп ұшып жеткен (М.
Мақатаев).
Етістіктің лексика-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болатын
себебі – ол семантика субъектінің іс әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында,
қоғам өмірінде ұшырасатын адамның ойы мен санасы арқасында туатын неше
алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге
қатысты ұғымдарды түгел қамтиды.
Етістіктің лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі – ол
формалар амал-әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту
сипатын, яғни бағыты, қарқыны тәрізді жайларды бағдарлатады. Бұлардың
үстіне, етістіктен етістік тудыратын, есімнен етістік тудыратын
семантикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі-
нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай
категория екені ашыла түседі. Шынында да, форма байлығы жағынан етістікке
өзге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай саналатын зат
есімнің өзі де тең түсе алмайды. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы
мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексика-грамматикалық
категорияларынан айқын көрінеді. Мысалы: етістіктің өзіне лайық сөз тудыру
жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз
түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу
сипаты сияқты жүйе категориялар – етістік семантика жағынан ең бай
формалары мазмұндары да, түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын
категориялары бар дейді А.С.Ысқақов [7,222-223] Қазақ тілінде
морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі
етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Күрделі етістіктер қазақ тілінде өте көп қолданылатын формалардың бірі
болып саналады. Күрделі етістіктер тарихи құбылыс ретінде пайда болған. О
баста еркін сөз тіркесі ретінде қолданылған. Бірақ уақыт өтумен байланысты
тұлғасы жағынан тұрақталып, мағынасы идиомаланып бір сөз ретінде
қолданылатын болған.
Күрделі етістік сөз ретінде танылуы үшін сөзге байланысты айтылған үш
шартқа толық жауап беруі керек. Олар біріншіден, мағына бірлігі, екіншіден,
тұлғалық тұтастығы, үшіншіден, дыбыстық жағынан бірлігі. Бұлардың алғашқы
екеуі басты жағы да үшіншісі қосалқы, қосымша анықталатын белгі болып
саналады. Құрамындағы негізгі етістіктің қай көсемше формасында тұруына
және оның қандай көмекші етістікпен тіркесуіне байланысты әртүрлі
грамматикалық мағына білдіреді. Түрік тілінде күрделі етістіктерді Тахир
Нежат Генжан үш топқа бөледі.
1. Kurallı birleşik fiiller (Қағидалы күрделі етістіктер)
2. Anlamca kaynaşmış birleşik fiiller (Мағыналары тұтасқан күрделі
етістіктер)
3. Deyim biçiminde öbekleşmiş birleşik fiiller (Тұрақты тіркес
түріндегі күрделі етістіктер)
Kurallı birleşik fiiller (Қағидалы күрделі етістіктер) өз ішінде екі
топқа бөлінеді.
а) Özel birleşik fiiller (Дербес күрделі етістіктер)
b) Yardımcı eylemlerle yapılmış birleşik fiiller (Көмекші етістік арқылы
жасалған күрделі етістіктер)
Özel birleşik fiiller (Дербес күрделі етістіктер) өз ішінде беске
бөлінеді:
1. Yeterlilik fiilleri (Мүмкіндікті білдіретін күрделі етістіктер)
2. Tezlik fiilleri (Тездікті білдіретін күрделі етістіктер)
3. Sürerlilik fiilleri (Қимылдың созылатындығын білдіретін күрделі
етістіктер)
4. İsteklenme fiilleri (Қалау, тілек білдіретін күрделі етістіктер)
5. Yaklaşma fiilleri (Іске аспаған қимылды білдіретін күрделі етістіктер)
[8,310].
Ал Таксин Бангуоғлы Түрік тілінің грамматикасы деген кітабында
күрделі етістіктерді үшке бөліп қарастырады. Таксин Бангуоғлы -e,-i (а,е,и)
көсемшелеріне аяқталған етістіктерге bilmek (білу), vermek (беру), kalmak
(қалу), yazmak (жазу), görmek (көру), gelmek (келу) көмекші етістіктерінің
бірігуі арқылы жасалған күрделі етістіктерді “tasfir fiiller” (суреттеу
етістіктері) деген атпен өз алдына қарастырады. [9, 488-494]. Мысалы: Bu
kadar aceleye ne lüzum var Faride? Birkaç gün daha kalabilirsin. (Осыншама
асығыстың керегі не Фарида? Бірнеше күн тағы қала аласың) [10,87]. Kamran
pantalonuna dikkat etmeden oradaki bir kayanın üstüne oturuverdi. (Камран
шалбарына қарамай анадайдағы тастың үстіне отыра кетті) [10,93]. Kadınlar
derin derin bir birinin yüzüne bakışakaldılar. (Әйелдер ұзақ ұзақ бір-
бірінің жүзіне қарасып қалды) [11,314]. Adamlar hürriyetlerini,rahatlarını
ve emniyetlerini arayagelmişlerdi. (Адамдар бостандықтарын, тыныштықтарын
және сенімдерін іздеп келген еді) [11,314]. Abdullah son otobüsü
kaçırayazdı. (Абдуллаһ соңғы автобустан қалып қоя жаздады) [12,18].
Мухаррем Эргин өзінің Түрік тілі грамматикасы атты еңбегінде күрделі
етістіктерді жеке бөліп көрсетеді. Күрделі етістіктерді екі топқа бөліп
бірінші топқа есімдер мен етістіктердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі
етістіктерді, екінші топқа етістіктер мен етістіктердің бірігуі арқылы
жасалған күрделі етістіктерді жатқызған.
Бірінші топқа: etmek (ету), olmak (болу), bulunmak (болу), yapmak
(жасау) сияқты көмекші етістіктердің зат есімдерге немесе есімшелерге
тіркесуі арқылы жасалған күрделі етістіктер [13,365]. Мысалы: Dünyada en
acıdığım, alay ettiğim insanlar nişanlı kızlardı. (Дүниеде ең жаным ашитын,
мазақ ететін адамдарым, айттырылған қыздар еді) [10,158]. Beni bahçesinde,
çınar ve dut ağaçlarının gölgesinde kabul etti. (Мені бақшасында, шынар
және тұт ағаштарының көлеңкесінде қабылдады) [12,121]. Hatice hanıma
mektubu çabuk göndermesini rica ettim. (Қадиша ханымға хатты тез жіберуін
өтіндім).
Күрделі етістіктердің екінші тобына соңы дауысты дыбысқа біткен
етістіктер, кейде көсемшенің -ı -i, -u, -ü тұлғалары мен “bil-, ver-, gel-
, gör-, dur-, kal-, yaz-, koy-“ сияқты көмекші етістіктердің бірігуі арқылы
жасалатын күрделі етістіктерді жатқызады. Мысал ретінде: gelebilmek (келе
алу), saklayabilmek (сақтай алу), yapadurmak (жасай тұру), alıvermek (ала
салу), donakalmak (қатып қалу), bakakalmak (қарап қалу), yakalayıvermek
(ұстап алу). Siz rahatsız olmayın. Yalnız arada sırada kaleme uğrayıverin.
(Сіз әуре болмаңыз. Тек, анда-анда қалам алуға келе салыңыз). Üçüncü gün
hakikati utana sıkıla teyzeme söylemeye hazırlandığımda yüzük kendiliğinden
çıkıversin mi? (Үшінші күні ақиқатты қысыла қымтырыла апайыма айтуға
дайындалғанымда жүзік өзінен өзі шыға келмесін бе?) O sene mektebi büyük
zorluklarla bitirebildi. (Сол жылы мектепті зор қиындықпен бітіре алды).
Babamdan kaçarken okul müdürü yakalayıverdi. (Әкемнен қашып жүргенде
мектеп директоры ұстап алды). Biraz gözümü açabilsem, Kamran’ın bu
korkusundan istifade eder ufak tefek şantajlarla onu korkutabilirdim.
(Біраз көзімді аша алсам, Камранның бұл қорқынышын пайдаланып, ұсақ түйек
шантаждармен оны қорқыта алатын едім).
Лейла Қарахан Түрік тілінің синтаксисі деген кітабында күрделі
етістіктерді үш топқа бөледі. [14,53].
1. Есім сөз бен көмекші етістіктен құралған күрделі етістіктер.
Мысалы: dost olmak (дос болу), yok etmek (жоқ қылу). Kurtulmak için ya yok
olmalı, ya yok etmeli. (Құтылу үшін не жоқ болу керек, немесе жою керек).
Otelde tanıdıkları içinde en çok sevdiği Edibe Hanım kendisine en yakın
dost olduğu bir genç hanım. (Қонақ үйде таныстарымның ішінде ең жақсы
көретін Едибе ханым өзіне ең жақын дос болған жас әйел) [12,33].
2. Негізгі етістік пен көмекші етістіктен құралған күрделі етістіктер.
Мысалы: koşabilmek (жүгіре алу), yazıvermek (жаза салу), gezip durmak
(қыдыру) т.б. Kısaca durumunu bir parça kağıda yazıverdi. (Жағдайын қысқаша
бір жапырақ қағазға жаза салды) [10,88]. Yirmi sene İstanbul sokaklarını
gezip durdu. (Жиырма жыл Стамбұл көшелерін қыдырып жүрді). Çiroz gibi kuru
renksiz bir çocuk. Ancak okul bahçesine kadar koşabildi. (Кепкен балықтай
арық, өңсіз бір бала, тек мектеп бақшасына дейін жүгіре алды) [12,108].
3. Мағынасы жағынан бір қалыпқа түскен күрделі етістіктер. Мысалы: baş
kaldırmak (бас көтеру), yol vermek (жол беру), şehit düşmek (шейіт болу)
т.б. Biraz sonra Veysel’in arkadaşlarından biri daha şehit düştü. (Біраздан
соң Вейселдің достарынан біреуі тағы шейіт болды) [12,121]. İçimde korkunç
bir düşünce baş kaldırdı. (Ішімде қорқынышты ой бас көтерді) [12,121].
Hayatta epeyce yol almış, çoluk çocuğu karışmış bir münevver olarak sürüden
ayrılmaya korkuyordu. (Өмірде әжептеуір жол алған, бала шаға араласқан
зиялы болып отардан айырылуға қорқатын еді) [12,163]. Осы сияқты түрік
тілінде күрделі етістіктер жайында тілші ғалымдардың еңбектері көптен
кездеседі.
Ал, қазақ тілінде күрделі етістіктерге алғаш көңіл бөлген Т.Н.
Сауранбаев болды. Ол күрделі етістіктерге былай деген: Бірнеше етістіктің,
есім мен етістіктің іс туралы белгілі ұғымды білдіретін тұрақты тіркесін
күрделі етістік дейміз [3,286].
Қазақ тілінде И.Е. Маманов күрделі етістердің құрамындағы негізгі
етістіктердің мағынасына қарай төрт топқа бөледі: Кесімді күрделі етістік,
босаң күрделі етістік, бейімдік күрделі етістік, қалау мәнді күрделі
етістік [2,63].Бұлай топтастырылуда көсемшенің қосымшалары негіз етіп
алынған. Яғни, күрделі етістіктер кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы,
оның бірінші сыңары жетекші етістік көсемшенің белгілі бір формасында
қолданылып, екінші сыңары көмекші етістіктер болады. Осы көсемшелердің –п,-
ып, -іп формасымен жасалған күрделі етістіктерді кесімді күрделі етістіктер
деп атаған. Бұл тіркес іс-әрекеттің тиянақты кесімді түрде біткенін
білдіреді. Мысалы: айтып болу, әкеліп беру, жатып алу, оқып отыру, біліп
шығу, жүгіріп түсу т.б. Ақтеке қатты қамығып, күйініп кетті [15,223].
Асқабылдың ұлы денесінің кез-келген жерінен шап беріп, бүріп алып, аттың
үстінен балаша жұлып алды [15,95]. Белдеуге атын іле салып, үйге кіріп
келді [15,101]. Жүгіре басып, беталды жүріп кетті [15,100].
Көсемшенің –а,-е,-й қосымшалары арқылы жасалған етістік босаң күрделі
етістік деп аталады да, бұл тіркес қимылдың, іс-әрекеттің арнайы емес, жол-
жөнекей, екінші бір іспен байланысты өтетіндігін білдіреді. Мысалы: ала
кел, кіре шық, оқи отыр, ала бар, қарай жүр, отыра кет, келе сал, сұрай сал
т.б.
Гүлсім дауыс шыққан жаққа үдірейе қарап тұра қалды. [15,177]. Таныс
бір кемпір мен келіншек зыр жүгіріп мұның қасынан өте шықты. [15,176].
Киіз үйден жөткірінген дыбысты ести сала алды-артына қарамай қаша жөнелді
[15.176].
Түрік тілінде күрделі етістіктің бұл түрі tezlik fiili деген атпен
белгілі. Tezlik fiili (тездікті білдіретін күрделі етістік) кей жағдайда
іске деген немқұрайлылықты, іс-әрекетін жол-жөнекей жасалғандығын
білдіреді. Мысалы: Gençsiniz, yorulmadan pazara gidip geliverirsiniz.
(Жассыз, шаршамастан базарға барып келк салыңыз). Adapazarı treni kaçta
gelir? Yarın öğreniverin. (Адапазары пойызы қаншада келеді? Ертең біле сал)
[11,313].
-ғалы, -гелі мақсатты көсемше формасы арқылы жасалған бейімді күрделі
етістік іс-қимылдың мақсатын, мезгілін іске асуға бейімділігін білдіреді.
Мысалы: алғалы отыр, жүргелі тұр, келгелі жатыр т.б.
Кешеден бері соғыста шейіт болған Ноғайбай, Зәтелбай қатарлы он шақты
адамды аманатқа жібергелі жатыр екен. [15, 141]. Анау Шәмсиялардың
талшықтап отырған соңғы сиырларын алғалы отыр екен. [15, 397]. Мына бала
қалаға жүргелі тұр. [15, 463].
Күрделі етістіктің мұндай түрі түрік тілінде кездеспейді. Ал, қалау
райының формасы мен -ғым келеді, -ғың келеді, -ғысы келеді жасалған
күрделі етістіктерді қалау мәнді күрделі етістіктер де жеке қарастырған.
Мысалы: көргім келеді, алғым келеді, оқығым келеді, барғысы келеді, мінгісі
келеді т.б. Ажал келмей туған топырақты, туыстарымды соңғы рет көргім
келеді [15, 43]. Гүлсім құшағындағы баланың атын осының алдыңғы түрі
бойынша қойғысы келеді. Осы оқиғадан кейін Қалиманың жүзін көргісі
келмейді. [15, 201].
Түрік тілінде күрделі етістіктің isteklenme fiili (қалау, тілек
білдіретін күрделі етістік) деп аталатын түрі бар: göreceği gelmek,
okşayası gelmek, içesi gelmek. Мысалы: Köpeği elime alıp okşayasım geliyor.
(Итті қолыма алып сипағым кеп тұр) [16, 91]. Yeni gelen gelin hanımı
göreceği gelmiş. (Жаңа түскен келін ханымды көргісі келіпті) [12, 187].
Kapıdaki dilenciye dünden kalan iki-üç kuruş paramı veresim geldi.
(Есіктегі қайыршыға қалған екі үш тиын ақшамды бергім келді). [12, 113].
Қазіргі күнделікті оқулықтарда күрделі етістіктердің құрамына қосып
жүрген, бірақ кіріккен сөздердің қағидасымен толық сәйкес келетін әкел,
апар сияқты сөздер бар. Тарихи жағынан алып қарасақ олар екі түбір
морфемадан құрылған: әкел – алып кел, апар – алып бар, әкет – алып кет,
әпер – алып бер. Әкең шаршап келді. Төргі бөлмеден жастық әкел. [15, 43].
Алла сақтасын, арыстанның ауызына өзіміз апарамыз десеңдерші, - десті
кейбіреулері дабырлап. [15, 43].
Түрік тілінде бұлардың баламасы әкел-getir, әкет-götür. Яғни, бұл
етістіктер түрік тілінде туынды етістіктер (gel get + ir, git göt + ür)
болып саналады.
Қазақ тілінің грамматикасы атты оқулықта күрделі етістіктерді
құрылымына және грамматикалық мағыналарына қарай үшке бөлген [17, 155].
1. Есімдер мен еліктеуіштердің көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы
жасалатын тіркесті түбір етістіктер. Мысалы: жек көру, таң қалу, ер жету,
құр қалу, гүрс ету, тарс ету, шып ету, сарт ету. Гүлсім қостың босағасына
сылқ етіп құлап түсті де ұзақ жылады. [15, 342]. Гүлсімнің жүрегі зу ете
түсті. [15, 183]. Сонан соң оны оқты көзімен ішіп-жеп, күнге шағылысып жарқ-
жұрқ еткен найзасын жүрек тұсынан дәлдеп тұрып кірш еткізіп, шаншып қалды.
[15, 196]. Дәл осы кезде Ақтеке саңқ ете түсті. [15, 126].
Күрделі етістіктердің бұл түрі ешқандай грамматикалық үстеме мағына
білдірмейді де лексикалық бірлік есепті қолданылады. Сондықтан бұл форма
сөз тудыру категориясына жатады.
Түрік тілінде бұлар isim (есім) мен ses taklidi kelimeler (еліктеуіш
сөздерге) көмекші етістіктердің (yardımcı fiiller) тіркесуі арқылы
жасалады. yardım etmek, nefret etmek, namaz kılmak, kul olmak, göç etmek,
cız etmek, vız etmek v.b. Мысалы: Benim başka niyetim de vardı ama, Cenab-ı
Hakk yardım etmedi, diyordu. [10, 310]. (Менің басқа ниетім де бар еді,
Хақ тағала жәрдем бермеді, деді.) İkisi birlikte camide ikindi namazını
kıldılar. [12, 33]. (Екеуі бірге мешітте екінді намазын оқыды.) Bütün gün
onun çan çan etmesinden bıktım. [10, 323]. (Күні бойы оның шаңқ-шаңқ
етуінен жалықтым)
2. Еді көмекші етістігі есімдермен және етістіктермен тіркесіп,
оларға өткен шақтық және модальдық мағына үстемелейді. Еді көмекші
етістігі түрік тілінде idi болып қолданылады. Негізгі етістікке келер шақ
(gelecek zaman) қосымшасы “-acak, -ecek” және айғақсыз өткен шақ (belirsiz
geçmiş zaman eki) қосымшасы “-mış,-miş,-muş,-müş” қосымшасынан кейін “idi”
көмекші етістігі келуі арқылы жасалады. Мысалы: görmüş idi (көріп еді),
gelecek idi (келетін еді), okumuş idi (оқып еді), sevmiş idi (сүйіп еді),
gidecek idi (кететін еді), kırmış idi (сындырып еді).
Қазіргі кезде “idi” көмекші етістігі түрік тілінде етістікпен кіріге
бірігіп қолданылады: yazmıştı (жазып еді), dönecekti (оралатын еді),
ağlamıştı (жылап еді), yıkamıştı (жуып еді), verecekti (беретін еді),
sevmişti (сүйіп еді), gülmüştü (күліп еді). Мысалы: Kalfa, karsının
tutumluluğu sayesinde kutu gibi bir ev yaptırmış, boş zamanlarda
çocuklarının yardımıyla, bunu yeşile boyamıştı.[10, 145]. (Қалпе, әйелінің
үнемшілдігінің арқасында қорап сияқты бір үй салдырып, бос уақытында
балаларының көмегімен бұны жасылға бояп еді). İstanbuldan gelirken çantama
bir alay resim kağıdı ve boya kalem almıştım. [10, 145]. (Стамбұлдан
келгенде сөмкеме бірталай сурет дәптер және бояу қалам салып алған едім).
İzimi keşfetse bile, karşıma çıkmaya yüz, surat bulamayacaktı. [10, 145].
(Ізімді тапса да, алдыма шығуға бет жүзі болмайтын еді).
3. Көсемше формалы етістіктерге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы
жасалатын күрделі етістіктің бұл түрі өзінің құрамы, етістік формалары мен
түрленуі және грамматикалық мағыналары жағынан өз алдына жеке грамматикалық
категория болып табылады.
Күрделі етістік құрамындағы бірінші сыңары көсемшелер лексикалық
мағынаға ие болады да, соңғы сыңары көмекші етістіктер оған грамматикалық
мағына үстейтін көмекші морфема қызметін атқаратын және етістіктің рай,шақ
пен жақ формаларымен түрленетін констуктивтік элемент болып саналады.
Мысалы: кетіп қалу, келе жатса, оқып шыққан, айтып салды т.б.
I ЕКІ ЕТІСТІКТЕН БІРІККЕН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР.
Түрік тілінде екі етістіктің бірігуінен жасалған күрделі етістіктерді
Özel birleşik fiiller (Дербес күрделі етістіктер) деп атайды. Ал қазақ
тілінде негізгі етістік пен көмекші етістік арқылы жасалған етістіктерге
күрделі етістіктер дейді. Түрік тілінде осы екі етістіктен жасалған күрделі
етістіктердің басты ерекшелігі, олар бірігіп жазылады. Ал қазақ тілінде
мұндай күрделі етістіктерді кездестірмейміз.
Екі тілде де күрделі етістік жасауда көсемшелер үлкен қызмет атқарады.
Түрік тілінде көсемшелерді zarf fiil деп атайды. Қазақ тілінде -ып, -іп,
-п, -а, -е, -й қосымшалары арқылы жасалған күрделі етістіктердің негізгі
сыңарларына ал, бар, бер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, түс, таста, жатыр,
жүр, тұр, отыр көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалғандары өте көп.
Мысалы: қағып түсу, жазып алу, келіп кету, алып кету, көріп қалу, жылап
қалу, атып кету, жыртып тастау, жазып отыру т.б.
Қазіргі түркі тілдерінде танылып жүрген етістіктің аналитикалық
формалары түркітануда да түрліше қаралып келді. Оларды жинақтағанда, бұл
тұрғыдан еңбектердің үш түрлі бағытта болғанын көруге болады: 1) етістіктің
аналитикалық формалары күрделі етістік тұрғысынан қаралды; 2) жеке
грамматикалық категориялармен байланысты кейбір аналитикалық форманттар
танылды; 3) сөздің аналитикалық формалары арнайы зерттелді.
Етістіктің аналитикалық формасын күрделі етістіктер қатарында қарау
өте ертеден келе жатыр. Ол барлық түркі тілдерінің грамматикаларынан кең
орын алды. Әсіресе, күрделі, көмекші етістіктерге байланысты еңбектерде ол
ерекше көзге түседі.
Осы теория бойынша күрделі етістік негізгі лексикалық мағыналы сөзбен
көмекші етістіктен тұрады. Негізгі лексикалық мағыналы сөз өзінің
дербестігін сақтайды. Ол егер етістіктен болса, көсемше, есімше тұлғасында
тұрады да, сол көсемше, есімше мағынасында қалады. Оған тіркесетін көмекші
етістіктің де беретін мағынасы өз алдында. Ол көсемше, есімшелерге тіркесу
арқылы өз мағынасын қосады. Мысалы, жәрдем ет, телефон соқ деген сияқты
есім сөзге тіркесетін көмекші етістіктің қосатын мағынасы қандай дербес
болса, айта сал, келе бер, оқи түс, барып кел, келіп кет, кіріп шық сияқты
етістіктер де сол тұрғыдан қаралды.
Тек қана есімнен, етістіктен жасалған күрделі етістіктер деп іштей
бөліп атағанымен, жалпы бәрі де күрделі етістік болып танылды. Сөйтіп
күрделі етістік түркологияда өте кең, жалпы мағынада қолданылды. Құрамы
сырттай екі сөзден тұратын етістіктердің бәрі күрделі етістіктерге енгізіле
берді. Оның құрамындағы етістіктердің мағына салмағы, атқарып тұрған
қызметі басқа-басқа екені көбіне ескерілмеді.
Құрмет ет, сөз ет типтес (есім мен көмекші етістік тіркесі) күрделі
етістіктердегі көмекші етістік есім сөзге қимыл мағынасын қосады, оның
қызметі сөз тудырушы, есімнен етістік жасаушы жұрнақтың қызметімен бірдей.
Мұндағы көмекші етістік сөз жасаушы элементке айналған деген тұрғыда да
қаралды.
Күрделі етістік аталып жүрген кіріп шық, алып кел, келіп кет сияқты
етістіктерді жоғарыда аталған күрделі етістіктермен салыстырғанда, олардан
мүлдем басқаша жағдай байқалады. Егер жоғарыдағы мысалдарда есім сөзге
тіркескен көмекші етістіктер нақты бір қимылдың атын қоспай, жалпы қимыл
мағынасын беріп, етістік жасаушы жұрнақтың ғана мағынасын білдіргені анық
көрінсе, соңғы мысалда күрделі етістіктің екінші сыңары жалпы қимыл
мағынасын білдірмейді, нақты қимыл мағынасын береді. Сөйтіп, бұл күрделі
етістіктер екі қимылдың атынан құралған (кіріп шық, алып кел, келіп кет
типтес) оның құрамындағы компоненттері лексикалық мағынасы жағынан тең,
олардың күрделі етістіктің жалпы мағынасына қосатын үлесі бірдей. Бұлар
алғаш жай тіркес болатын, жиі қолданыла келе, күрделі бір қимылды
білдіретін бір сөзге айналған. Мұндай күрделі етістіктердің мағынасы оның
құрамындағы етістіктердің мағынасының жиынтығы ғана емес. Ол күрделі бір
тұтас қимылдың аты ретінде түсініледі.
Күрделі етістіктердің құрамындағы етістіктердің осындай тең мағыналы
болып келетінін ескеріп, А.К. Алекперов оларды тең компонетті (равноценные)
күрделі етістіктер деп көрсеткен.
Алғашқы қызмет ет (hizmet et) типтес күрделі етістіктердің бір
компонентінің мағынасы мүлдем жоқ болса, екінші типтегі кіріп шық (girip
çık) сияқты күрделі етістіктердің құрамында толық мағыналы сөздер тұр.
Бірінші топтағы етістіктің лексикалық мағынасы бір сөздің негізінде
жасалса, соңғы типке лексикалық мағына екі сөздің негізінде (кіріп щық)
жасалған. Екі типте де лексикалық мағына өзгерген, алғашқы типте есім сөз
қимыл мағынасына ие болып, етістік сияқты түрленеді. Мысалы, қызмет етеміз
(hizmet edeceğiz), қызмет етейік (hizmet edelim), қызмет еткенбіз (hizmet
etmiştik), қызмет етерміз (hizmet ederiz), қызмет етсе(hizmet etse), қызмет
еткіміз келеді (hizmet etmek istiyoruz), қызмет етеміз (hizmet edeceğiz),
қызмет етейік (hizmet edelim), қызмет еткенбіз (hizmet etmiştik), қызмет
етерміз (hizmet ederiz), қызмет етсе(hizmet etse), қызмет еткіміз келеді
(hizmet etmek istiyoruz), т.б.
Күрделі етістікке келтірілген екінші топ құрамындағы компоненттерінің
жеке тұрғандағы ешбірінің мағынасына тура сай келмейтін күрделі қимылдың
аты ретінде тілде қалыптасқаны жоғарыда аталды. Лексикалық мағынаның
өзгеруі жағынан алғанда, бұлардың алғашқысы жұрнақ арқылы жасалған туынды
түбірге ұқсас болса, мұнда тек компоненттері бөлек жазылады.
Зерттеушілер күрделі етістіктерге осылармен қатар, келе бер (geliver),
айта сал (söyleyiver), оқи түс (oku), кетіп қал (gidiver), жүріп отыр
(yürü), келе жатыр (geliyor), жаза cал (yazıver) сияқты етістіктерді де
жатқызады. Күрделі етістік саналып жүрген жоғарыда талданған етістіктермен
бұл топтағы етістіктерді салыстырғанда, олардың арасында өте үлкен
айырмашылық барын көру қиын емес. Бұл топтағы етістіктердің екінші
сыңарларының лексикалық мағынасы жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, оны қызмет ет
сияқты күрделі етістікке ұқсас деуге болады. Бірақ бұлардың соңғы
компоненттерінің атқаратын қызметі, беретін мағыналары басқа-басқа.
Күрделі етістік саналып жүрген соңғы топтағы етістіктердің екінші
компоненттері өзі тіркескен толық мағыналы сөздің лексикалық мағынасын
өзгертпейді. Бұл топтағы етістіктердің алғашқы компоненттері лексикалық
мағынасын сақтайды. Сөйтіп, жоғарыдағы келе бер – келу (gelmek), айта сал –
айту (söylemek), оқи түс – оқу (okumak), кетіп қал – кету (gitmek), жүріп
отыр – жүру (yürümek), келе жатыр – келу (gelmek), жаза сал – жазу
(yazmak), келе бер – келу (gelmek), айта сал – айту (söylemek), оқи түс –
оқу (okumak), кетіп қал – кету (gitmek), жүріп отыр – жүру (yürümek), келе
жатыр – келу (gelmek), жаза сал – жазу (yazmak) мағынасын білдіріп тұрғаны
анық. Бұлардың екінші компоненті сөз тудырушы, өзгертуші жұрнақтың қызметін
атқарып тұрған жоқ, сөз түрлендіруші жұрнақ қызметін атқарады.
Оларды күрделі етістік деп таныған зерттеушілердің өздері де бұл
ерекшелікті көрсетуге мәжбүр болған. Мысалы, А.К. Алекперов мұндай
етістіктерді компоненттері тең емес күрделі етістіктер деп бөледі.
Көпшілік түркітанушылар бұларды күрделі етістік санай отырып, оларды
түр, рай, шақ категорияларының көрсеткіші ретінде де қарайды.
Түрік тілінде негізгі етістіктің соңына -а, -е көсемше жұрнағы (zarf
fiil eki) жалғанып, оған vermek (беру), kalmak (қалу), yazmak (жазу),
gelmek (келу), görmek (көру), durmak (тұру) көмекші етістіктері тіркесуі
арқылы жасалады. Мысалы: söyleyivermek (айтып салу), kaldırabilmek (көтере
алу), bakakalmak (қарап қалу), düşeyazmak (құлай жаздау), söylenegelmek
(айтылып келу), anlatıp durmak (түсіндіріп тұру), hoplayıp durmak (секіріп
тұру), yalvaragörmek (жалбарына көру), bakakalmak (қарап қалу), vermek
(беру), kalmak (қалу), yazmak (жазу), gelmek (келу), görmek (көру), durmak
(тұру) көмекші етістіктері тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: söyleyivermek
(айтып салу), kaldırabilmek (көтере алу), bakakalmak (қарап қалу),
düşeyazmak (құлай жаздау), söylenegelmek (айтылып келу), anlatıp durmak
(түсіндіріп тұру), hoplayıp durmak (секіріп тұру), yalvaragörmek
(жалбарына көру), bakakalmak (қарап қалу).
Бұл формада құрылған күрделі етістіктерде негізгі етістік өзінің
негізгі мағыналық қызметін атқарса, көмекші етістіктер негізгі етістікке
суреттеуші, бейнелеуші жаңа бір мағына ерекшелігін үстемелейді. Күрделі
етістіктің құрамындағы көсемше мағынаға ықпал етпей екі сыңарды
байланыстырып, олардың мағыналарын ұштастыруға қызмет етеді.
Түрік тіліндегі Özel birleşik fiiller (Дербес күрделі етістіктер) өз
ішінде бес топқа бөлінетіндігін жоғарыда айтып өттік. Енді осы күрделі
етістіктерге жеке жеке тоқталып және қазақ тіліндегі баламаларын
қарастырайық.
1.1 Мүмкіндікті білдіретін күрделі етістіктер
(Yeterlik Fiilleri)
Бұл күрделі етістік түрі түрік тілінде -а, -е көсемше формалы негізгі
етістікке “bilmek” (білу) көмекші етістігінің, қазақ тілінде алу көмекші
етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Түрік тілінде “bilmek” (білу) көмекші
етістігі сөздік мағынасын толығымен жоғалтқан. Мысалы: okuyabilmek (оқи
алу), görebilmek (көре алу), anlatabilmek (түсіндіре алу), söyleyebilmek
(айта алу), görebilmek (көре алу), kaldırabilmek (көтере алу), duyabilmek
(ести алу), anlayabilmek (түсіне алу), hoplayıp zıplayabilmek (секіре алу),
oynayabilmek (ойнай алу), yıkayabilmek (жуа алу) т.б.
Күрделі етістіктің бұл түрі істі біреудің орындау мүмкіндігінің бар
немесе жоқ екендігін, күшінің жететіндігін немесе жетпейтіндігін білдіреді.
Verdiğim emaneti bugün yetiştirebildim. [16, 33]. (Берген аманатты бүгін
жеткізе алдым). Bunu söyleyebilmek için iyice incelemek zorundayız. [16,
145]. (Бұны айта алуымыз үшін жақсылап талқылауымыз қажет). Ölüme
hazırlanabilmem için bana yedi sene müsade et der. [12, 39]. (Өлімге
дайындала алуым үшін маған жеті жыл рұқсат бер, -дейді). Orhan bu masayı
kaldırabilir. [11, 311]. (Орхан мына үстелді көтере алады).
Түрік тілінде күрделі етістіктің бұл түрі бір әрекетті қимылды жүзеге
асыруға күші жететіндігін білдірумен қатар, мүмкіндікті білдіру және сұрау
1
Yıllar onu bu hale sokmuş olabilir. [11, 311]. (Жылдар оны осы халге әкелуі
мүмкін). Sen benim gibi dans edebilir misin?(Сен мен сияқты билей аласың
ба?).
Feride küçük çocuklarla üst kattaki odada saklanmış olabilir. [10,14].
(Фериде кішкене балалармен бірге үстінгі қабатта жасырынған болуы мүмкін).
Odamıza girebilir miyiz? [10, 311]. (Бөлмемізге кіруге бола ма?).
Yüreğin dolu sevmek istersin (Жүрек толы сүйгің келеді)
Sevebileceğin kadın yok (S.K.Aksal) (Сүйе алатын әйел жоқ).
Ağaç büyür arkasından koşamam
Kervan yürür peşi sıra gidemem
Yıldır akan uçsam da yetişemem
Hüzün geldi baş köşeye kuruldu
Yoruldu yüreğim yoruldu (B.R. Eyüboğlu).
(Ағаш өсер артынан жүгіре алмаймын)
(Керуен өтер бірге бара алмаймын)
(Жыл да өтіп жатыр ұшсам да жете алмаймын)
(Қасірет келді төрге шығып орнықты)
(Шаршады жүрегім шалдықты).
1.2 Тездікті білдіретін күрделі етістіктер
(Tezlik fiilleri)
Күрделі етістіктің бұл түрі бір істің, қимылдың тиянақты, тез арада
жасалуын білдіреді. Түрік тілінде -ı, -i, -u, -ü (zarf fiil eki) көсемше
жұрнақты негізгі етістікке vermek көмекші етістігінің жалғануы арқылы
жасалса, қазақ тілінде –п,-ып, -іп,-а,-е,-й формаларына аяқталған негізгі
етістікке қал, сал, түс, жібер, таста көмекші етістіктерінің тіркесуі
арқылы жасалады. Мысалы: söyleyivermek (айтып салу), ağlayıvermek (жылап
жіберу), yıkayıvermek (жуа салу), vuruvermek (ұрып жіберу), itivermek
(итеріп қалу), yakıvermek (жағып жіберу), içivermek (ішіп жіберу),
gülüvermek (күліп жіберу). Adapazarı treni kaçta gelir? Yarın öğreniver.
[11, 313]. (Адапазары пойызы қаншада келеді? Ертең біле сал). Sana bin kere
dedim koşma, yavaş git yaramaz! Haydi kalk ağlama, söz dinlesen olmaz mı
biraz? Silkiver üstünü Ahmet, bakıver ağlamasın. [11, 314]. (Саған мың рет
айттым, ақырын жүр, бұзық бала. Кәні тұр, жылама, айтқанды тыңдасаң болмай
ма біраз? Қағып жібер үстін Ахмет, қарай сал жыламасын).
Қазақ тіліндегі қал, сал, таста, жібер және түрік тіліндегі
vermek сөздері көмекші етістік қызметінде жұмсалғанда, олар сөздік
мағынасын бүтіндей жойып, негізгі етістіктерге грамматикалық мағына
үстейтін морфема қызметін атқарады.
Түрік тілінде тездік мағынасын беретін күрделі етістікке тағы бір
мысал “çıkagelmek”. Негізгі етістікке “gelmek” көмекші етістігі тіркесуі
арқылы жасалады. Қазақ тілінде кел көмекші етістігі арқылы жасалады.
Күтпеген уақытта кенеттен келу мағынасын береді. Мысалы: Görürsün,
beklemediğimiz bir anda baban karşımıza çıkagelir. [10, 53]. (Көрде тұр,
күтпеген бір уақытта әкең қарсы алдымызға шыға келеді).
Қазақ тілінде К.М.Қарымбаеваның диссертациясында тездікті білдіретін
күрделі етістіктер былай көрсетілген:
Қимылдың бірінші сатысы қимылдың жасалуының басталуын білдіреді:
-п сала бер: Көшекбайдың іші жылып сала берді бір кезде (Ғ. Мұстафин);
Түрік тілінде жылап сала беру етістігі ağlayıvermek түрінде беріледі.
-п жүре бер: Ондайда бітік көздері күлімдеп, салпы еріні жиырылып, екі езуі
екі қулағына жайылып журе береді (М.Сықақбаев). Алайда жайылып жүре беру
етістігі түрік тілінде тездікті білдіретін мағынасында аударылмайды.
Қимылдың ерекше қарқынмен, күшпен жасалуын білдіреді:
-п кеп жібер: Сол сәтте біреу аузыма үп-үлкен кұртты тығып кеп жіберді
(Ө.Қанахин); Түрік тілінде тығып кеп жіберді етістігі sokuverdi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz